ҚР – сы банктерінің несие беру операцияларының мәні


Мазмұны
Кіріспе
I тарау
ҚР - сы банктерінің несие беру операцияларының мәні.
1. 1 Несиелеудің мәні және оны ұйымдастыру.
1. 2 ҚР - да банктердің несие беруі және оның қайтарылуы.
1. 3 ҰБ - те жүзеге асырылатын несие операциялары.
II тарау
Несие беруді ұсыну бойынша ҚР ҰБ - тың несие
операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
2. 1 Несие беру бойынша операциялардың есебі.
2. 2 Несиелерді ұсыну бойынша ҰБ операцияларының есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Республиканың Ұлттық Банкінің ең басты мақсаты - экономиканың төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне - шаруашылық субъектілері мен халыққа ие жасаса, Ұлттық Банкте соны жасайды. Оның клиенттері - коммерциялық банктер және де басқа да несиелік мекемелер болды. Осыдан келіп Ұлттық Банкіні «банктердің банкі» деп атайды. Коммерциялық банктер және де жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық Банкіде банктердің және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, олаға қарыздар береді
Ұлттық (Орталық) Банкінің маңызды қызметі - банктердің, жинақ және т. б. несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.
Ұлттық (Орталық) Банк - коммерциялық банктерді және басқа да каржылық-несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетелде орталық банктерді «соңғы сатыдағы несие беруші» деп атайды. Олар -коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын толтыру үшін несиелер береді. Әриине бұл несиелер сауда векселдерімен, мемлекттік бағалы қағаздармен
немесе банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді.
Аукциондық несиелерді енгізу (1993 жылдың аяғында), кезінде көп қолданатын директивті несиелерден айрықша несие ретінде, нақты (нарықтық) пайыз мөлшерлемесін белгілеуге мүмкіндік берді. Астаналық және аймақтық банктер үшін аукциондар бөлек жүргізілді. Кейіннен ауыл шаруашылығы, энергетика сияқты бөлек салалардың қажеттіліктеріне қарай жабық аукциондар іске асырылды. Аукциондарға Ұлттық банкінің белгілеген экономикалық нормативтері және бұрын берілген орталықтандырылған несиелер бойынша шарттарды орындаған банктер ғана жіберіледі. Банктерге берілетін аукциондық несиелер - жұмыс істеп тұрған банкаралық ақшалық нарықтың пайда болуының алдында қолданылатын ақша-несие саясатының уақытша құралы болып табылады.
Банктерге ломбардтық несие беру, тек ақша массасына бақылау міндетінен туындайтын Ұлттық банкінің лимитімен шектеледі. Ломбардтық несиелер банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған, өз активтерінің құрылымында мемлекеттік бағалы қағаздары және олардың кепілдігі бар барлық банктердің резиденттерім тарта алады.
Ломбардтық несиелер бойынша мөлшерлемелер қайта қаржыландыру мөлшерлемесімен жоғары белгіленеді, әдетте, банкаралық нарық мөлшерлемесінен төмен болмайды.
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) беретін саудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың саудальиқ капиталга етуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін саудалық капиталға айналады.
Экономикалық категория ретінде, несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын өтеу және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
I. тарау ҚР - сы банктерінің несие беру операцияларының мәні
1. 1 Несиелеудің мәні және ұйымдастыру
Несие - нарықты экономиканың тіреп ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементі білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кеңдігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді бір жағынан қарағанда бұған негізде бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашыльқта қарыз көбінше ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіреді әр түрлі қатынастарды түсіндіретін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт еткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың 6ір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін саудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың саудалық капиталға етуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін саудалық капиталға айналады.
Несие мен сауданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Сауда - бұл саудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын өтеу және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектлер болып табылады. Қарыз берушілерге банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылык, субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несие алушы және оны қайтаруға міндетті несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ак, азаматтық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөліп, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылған қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келді. Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылған қарыздарды төлеу түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар құрылымын 80%-ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды.
Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
1. Кредиторлар бойынша:
- орталықтандырылған, бюджеттік, банктік, банктік емес қаржылық ұйымдар, коммерциялық, сыртқы;
2. Қарыз алушылар бойынша:
- қаржылық институттарға, үкіметке (Қаржы министрлігі), бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылықұйымдарға несиелер;
- экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға және т. б.
- жеке кәсіпкерлер (заңды тұлға емес қызметті іске асыру) ;
3. Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты
мынадай түрлерін ажыратуға болады:
- қысқа мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
- Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер;
- Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:
- қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепілзатымен;
- сақтандырылған;
- қамтамасыз етілмеген: банкті (сенімді) .
- Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, теңгемен.
- Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, акцепті - рамбурсты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консорциалды, дебетті сальдоны жабу несиесі (овердрафт), лизингті, ломбардты, жеңілдікті, онкольді, тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, форфейтинг.
8. Несиелеудің объектісі бойынша: меншіктік айналым құралдарының жетіспеушілігін толықтыру; материалдық қорлардың жиынтығын; экспортты және импортты тауарларды әкелу және ішкі экономикалық іс-әрекетінің шығындары, жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер, ломбардтың
кепілді-несиелік операциялары, театрлардың табыстары мен шығыстарының арасындағы маусымдық үзілістер; құрделі салымдарды қаржыландыруға; еңбек ақы төлеуге; тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.
Қысқа мерзімді несие - пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалды құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.
Ұзақ мерзімді несиеге мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі қорлардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде осы уақытқа дейін қолданылып келген, кәсіпорындардың, ұйымдардың халықты несиелеу жүйесі енді неғұрлым оңтайлы жүйе болып табылады. Клиент банкке бекітілмейді, өзі қызметін пайдаланғысы келетін несиелік ұйымды өзі таңдайды. Клиент несиелік шотты тек бір банкте емес, бірнеше банктерде ашуға құқылы.
Қалыптасқан несиелік механизм коммерциялық сипатта. Осыған байланысты сауда, экономика мәтіндеріне ерекше көңіл бөлінуде. Тек несиелеу, кәсіпорындардың уақытша ақша ресурстарында деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ несие мекемесінің өтімділігіне негіз беретін артықшылықтар маңызды болып табылады. Бұл клиенттердің депозиттері мен несиелеріне және де банкаралық несиеге де қатысты. Бір қатар коммерциялық банктер аталған несиені сатып алып қана қоймайды, сонымен бірге оны басқа банктерге сатады. Коммерциялық банктің жұмысына талдау жүргізу оның акша қаражатын мобилизациялау мүмкіндігі тек жартылай ғана қолданылатынын көрсетеді. Сонымен бірге ресурстарды сату фактісін және несиелеу жүйесіндегі жалпы "сауда" акцептін сөзсіз оң құбылыс ретінде сипаттауға болады.
Қазіргі несиелеу жүйесіндегі ерекшеліктер олардың ресурстарға тәуелділігіне ғана емес, сондай-ақ ҚР ҰБ белгіленген пруденциялық нормативтерге байланысты. Қазіргі пруденциялық нормативтер тартуға мүмкін қаражаттардың шекті көлемш, ең аз резерв мөлшерін, несие беруінің шекті сомасын, оны ұсыну мерзімін, коммерциялық банк балансының өтімділігіне байланысты несие механизмін жасауды реттейді. Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды белгісі оның шартты негізі болып табылады. Несиелеу бойынша туындайтын сұрақтардың барлығын банк пен қарыз алушы өзара келісіп шешеді. Шартқа сәйкес әрбір жақ белгілі бір міндеттемелерді мойнына алады, шарт жағдайларын сақтауға бақылау жасау үшін белгілі құқықтарға ие болады. Айта кететін жайт, несие шарттары бұрын да жасалған, бірақ олардың экономикалық мәні әлсіз болды. Тек коммерциялық ынта пайда болған кезде, банк пен кәсіпорын арасындағы шарттың бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік шарт қарыз берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін арттыратын күш болып табылады.
Қалыптасқан несие жүйесінің маңызды белгілері - оның несиелеу объектісінен несиелеу субъектісіне өтуі болып табылады. Бұрын қолданылған несиелеу жүйесі несиелеу объектісіне тиімді болған. Тауарлы-материалдық құндылық қорларының, өндірістік шығындардың болуы клиентке несие алуға мүмкіндік береді; несиені қайтару мүмкіншілігі арнайы талданбады, клиент үшін ең басты деп автоматты түрде несиені қайтаруға кепіл беретін жоспар есептелді. Сонымен бірге тауарлы-материалдық құндылықтардың қорын жабатын меншікті қаражат деңгейі ескерілмеді.
Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі жалпы және ерекше қағидаларға негізделінеді, оның ішінде мерзімділігі және қамтамасыз етушілігі, несиенің төлем сипаты ескеріледі. Оның бірқатар құрамдары өзгеріске ұшырады. Өзгерістер негізінен несиенің саралану қағидасына енгізілді. Осыдан бірнеше жылдар бұрын несиелеуге саралау режімі қолданылатын жақсы және жаман жұмыс істейтін кәсіпорындар категориясы болғаны бәрімізге мәлім.
Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы алынған. Қазіргі уақытта қалыптасқан жүйеде несиені уақытында қайтармау тәуекелділігін төмендететін клиенттің несие қабілеттілігі ескеріледі. Ең алғаш рет қарыз алушының төлем қабілетсіздігі анықталған кезде, коммерциялық банк несиелеуші банктің қатысуымен белгіленген әкімшілікке жедел басқаруға беруге, оларды қайта құру және жабу мәселелерін қарастыруға құқықтары пайда болды.
Өзгертулер несиені қамтамасыз ету қағидасына да әсер етті. Тәжірибе бұндай материалдық қамтамасыздық несиені уақытында қайтаруға кепілдік етпейтінін көрсетті. Кәсіпорында несиелеу жүйесінің жаңа белгілері ретінде жоғары деңгейде банк несиесін қайтаруды кепілдендіретін форма түріне өту қарастырылады.
Несиені қайтаруды қамтамасыз ету тұрғысынан әлемдік тәжірибеде кепілдеме құқығы (ипотека, бағалы қағаздар кепілдігі, кепілге салу), кепілдік беру және кепілдеме, жалпы алғанда сақтандыру жүйесі сенімді кепіл құқы болып табылады. Аталған формаларды іске қосатын несие механизмі банкке өзінің тәуелсіздігін күшейтуге мүмкіндік бере отырып, несиелік тәуекелді төмендетуге қол жеткізеді. Кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа қаржы-несиелік қызмет көрсететін ұйымдар шаруашылық құрылымдарын дамытуда маңызды рөл атқарады.
Пайда алу көзқарасы тұрғысынан коммерциялық банктер қызметінің негізгі түрі несие ұсыну болып табылады. Қаражаттың әр түрлі несиелік операцияларға орналастыра отырып, банк басшысы бір мезгілде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандырады әрі өздері де табыс алу көзі деп санайды. Несиелік шарттың өтімділік деңгейінің маңызы бар. Мысалы, банк кейбір жағдайларда ғана басқа институттар мен жеке тұлғаларға несиені қайта бере алады, себебі ақша талаптарының аталған түрінде екінші реттегі нарық жоқ, бұған тұрғын үйді кепілдікке салу түріндегі несие ғана жатпайды.
Сонымен қатар банк басшысы «несиелік қоржын» ішінде ақша қаражатын бөлуді қарастыруы керек, демек бөліп-бөліп төлеу, сауда-өнеркәсіп компаниялары, жылжымайтын мүліктер сияқты несие түрлеріне бөлу. Ондай бөлудің негізі ретінде салыстырмалы несие табысы, әр түрлі шектеулері бар несиелерге сұраныс қарастырылды. Банк қаражаттарын әр түрлі активтер түріне орналастыру әр түрлі заңдар мен реттеуші актілерге байланысты.
«Қаражаттардың жалпы қоры» әдісіне сәйкес орналастырылуына коммерциялық банк басшысы жауап беретін қаражат әр түрлі көздерден түседі, оның ішінде талап еткенге дейінгі салымдар, жинақтық, мерзімдік салымдар және банктің меншікті капиталы жатады. Бұл әдіс негізіне банктердің ресурстарды біріктіруі алынған. Одан кейін жинақ қаражаты сәйкес деп саналатын активтер түрінің арасында бөлінеді. Қаражатты орналастыру құрылымын анықтаудағы бірінші мәселе, алғашқы резерв ретінде қарастырылатын үлестерін белгілеу. Көп жағдайда алғашқы резерв рөлінде «басқа банктердің қарыздары және қолда бар ақшалары» бабына кіретін активтер қарастырылады. Оған басқа коммерциялық банктің қорреспонденттік шотындағы ақша және де инкассолау үрдісіндегі басқа да құжаттар кіреді. Қаражаттарды орналас-тырудағы екінші мәселе, белгілі бір табыс алып келетін «кассалық емес» өтімді активтерді кұру мәселесі. Бұл резервтері жоғары өтімді табысты активтер, олар өз кезегінде жоғалту тәуекелі төмен және ең аз пайызды ұстай отырып қолма-қол ақшаға айнала алады.
Қаражаттардың жалпы қоры әдісі бойынша қаражаттарды орналастырудың үшінші кезеңі - несие қоржыны портфелін құру. Банк бірінші және екінші реттегі резервтер мөлшерін белгілегеннен кейін, ол өз клиенттеріне несие ұсына алады. Бұл банктің табыс әкелетін қызметінің ерекше түрі. Несие банктік активтердің ең маңызды бөлігі, ал несиелер бойынша табыс банктік пайданың ең ірі құрушысы. Несиелік операциялар банктің өте тәуекелді қызметі.
Жалпы банктік несиелік операциялар екі үлкен топқа бөлінеді: яктивті - банк қарыз беруші ретінде шыққанда; пассивті - төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық жағдайында банкке клиенттерден және басқа банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы ретінде шығады. Несиелік опера-цияларды жүзеге асырудың екі негізгі нысаны ажыратылады: несие және депозит. Тиісінше банктің активті және пассивті несиелік операциялары несиелік нысан ретінде де, депозиттік нысан ретінде де жүргізіледі.
Активті несиелік операциялар - біріншіден, клиенттер мен несиелік операцияларды және банкаралық несиені ұсыну операциясынан; екіншіден - басқа банктерде орналасқан депозиттерден тұрады. Пассивтің несиелік операциялары үшінші тұлғаның және жеке тұлғалардың депозиттерінен және банктің банкаралық несие алу несиелік операцияларынан түрады. Аталған сипаттамалардан несиелік және қарыз беру операцияларының, несие мен қарыз арасындағы ерекшелікті көруге болады. Несие - банктің қаражатын ұйымдастыру көзі және оларды салудың әр түрлі нысандарын ұсынатын, несиелік катынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарын қарастыратын кең мағынадағы түсінік. Қарыз болса - нәтижесінде қарыз шотын ашуға болатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысаны. Сонымен бірге, несиелік қатынастар тек банктік несие шеңберінде ғана ұйымдастырылып қоймайды, сондай-ақ кәсіпорын кредитор және қарыз алушы болатын коммерциялық несиелеу ретінде де ұйымдастырылады. Ал олардың арасындағы несиелік қатынас векселмен рәсімделеді. Бұдан әрі коммерциялық несие, банкке векселді кепілге қоя отырып, банктік несиеге айналуы мүмкін. Тікелей банктік несиелеу, яғни кәсіпорынның несиелік қатынасы басында банкпен арақатынасынан басталады, сонымен бірге жанама банктік несиелеу, яғни алдымен кәсіпорындар арасында несиелік қатынас пайда болады, нәтижесінде олар банкке жедел түрде вексель бойынша ақша алу әдісін іздестіру үшін жүгінеді.
Банктегі несиелеу механизмі және несиелік жұмысты ұйымдастыру әрбір банктің несиелік саясаты негізінде дербес анықталады. Клиенттер ашқан несиелік шотта әрбір несиелеу объектісі бойынша қарыз есебі жүргізіледі. Бөлек баланстық шотта бір клиентке берілген ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие есебі жүргізіледі. Несиелік шоттың дебеті бойынша берілген қарыздың сомасы, ал кредиті бойынша оны өтеу көрсетіледі. Несиелік шоттың режімі шартта анықталады: берілген несие қарыз алушының есеп айырысу шотына аударылуы мүмкін.
Сондай-ақ несиені контекорренттік шот ашу арқылы беруге болады. Бұл шотта бір жағынан түсімдер, екінші жағынан несие және төлемдер және де кредиттік пен дебеттік сальдо көрсетіледі. Контокоррент өз кезегінде клиенттің банктегі несиелік есеп айырысу қызметін жүзеге асыратын шот. Контокорренттік шот бойынша банк әрбір қарыз алушы үшін контокорренттік несие көлемін шектейтін лимит белгілейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz