Басқаруды ұйымдастыру және басқару теориясы туралы жалпы ұғым


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1. Ереже
2. Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерi жазбаларын
өзгерту, қалпына келтiру және жою туралы Ереже
3. Нұсқау
4. Басқаруды ұйымдастыру және басқару теориясы туралы жалпы ұғым.
5. Өкім шығару.
Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

Ереже
Ереже– дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық
қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп
аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас
болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшел
Ереже — құбылыстардың тұрақты қатынастарын немесе олардың белгілі бір
заңдылықтарын корсет етін қағидалар; бір і нәрсенің тәртібін анықтайтын
жинақтар, белгілі бір қағидалар жиынтығы, нұсқаулар.

Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерi
жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және жою туралы
Ереже
Азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және жою
туралы

1-Тарау. Азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер,
толықтырулар және түзетулер енгiзу тәртiбi
1. Жеткiлiктi негiздер болғанда азаматтық хал актiлерi
жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу:
1) ұл (қыз) асырап алуға байланысты оның тегi, аты, әкесiнiң аты,
туған жерi мен күнi өзгертiлгенде, сондай-ақ бала (қыз) асырап алушыларды
асырап алынған баланың (қыздың) ата-анасы ретiнде жазғанда;
2) некенi бұзуға немесе некенiң жарамсыз деп тануға байланысты
ерiнiң (зайыбының) тегi өзгертiлгенде;
3) ата-анасының арасындағы некенiң тоқтатылуына немесе некенiң
жарамсыз танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың тегiн өзгерткенде;
4) әке болуды тiркегенде;
5) некеге тұрмаған анадан баланың туылу туралы акт жазбасына
баланың әкесi туралы мәлiметтердi енгiзу туралы өтiнiш түскенде;
6) ұл (қыз) асырап алудың күшiн жою немесе оның күшi жоқ деп
тану, сондай-ақ некенiң күшi жоқ деп тану туралы сот шешiмiне байланысты;
7) баланың туу туралы акт жазбасынан баланың әкесi немесе шешесi
туралы мәлiметтердi алып тастау туралы сот шешiмiне байланысты;
8) тегiн және атын, әкесiнiң атын өзгерткенде;
9) ата-анасының тегi мен әкесiнiң аттарының өзгеруiне байланысты
кәмелетке толмаған баланың тегi мен әкесiнiң аты өзгергенде;
10) азаматтық хал актiлерi жазбаларындағы қателер сот тәртiбiмен
анықталғанда;
11) әке болу туралы сот шешiмiнiң күшi жойылғанда;
12) егер азаматтық хал актiсi жазбасында қосарланған аты немесе
әкесiнiң аты көрсетiлген болса;
13) егер азаматтық хал актiсi жазбасында ата-анасының тегi, аты,
әкесiнiң аты немесе ұлты көрсетiлмесе;
14) егер азаматтық хал актiсi жазбасында қате мәлiметтер
көрсетiлсе;
15) егер баланың туғанын тiркеу кезiнде оған тегi немесе аты ата-
анасының тiлегi ескерiлмей берiлсе;
16) егер баланың оның туу туралы акт жазбасында көрсетiлгеннен
өзге аты болса, мұны оның мүддесi қажет етсе;
17) егер туу туралы акт жазбасында баланың аты толық көрсетiлмесе
(кiшiрейтiлiп, еркелетiп, қысқартылып көрсетiлсе);
18) егер азаматтық хал актiсiн тiркеу кезiнде қателер
(бұрмалаулар, мәлiметтердi немесе жекелеген сөздердi тастап кету)
жiберiлген болса;
19) жынысын өзгертуге байланысты тегi, аты және әкесiнiң
атын түзету қажет болса;
20) ұлттық дәстүрлерге байланысты тегiн, әкесiнiң немесе атасының
атынан туындайтын тектi өзгерткенде;
21) ұлты өзгерген жағдайда жүргiзiледi.
2. Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар
мен түзетулер енгiзу:
1) ұл (қыз) асырап алу туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң
2) кәмелетке толмаған баланың тегiн өзгерту туралы заңды
күшiне енген сот шешiмiнiң
3) әке болуды анықтау туралы акт жазбасының
4) азаматтық хал актiсi жазбасындағы қателердiң анықталғаны
туралы сот шешiмiнiң
5) некенi бұзу туралы, туу туралы акт жазбасынан баланың әкесi
немесе шешесi жөнiндегi мәлiметтердi алып тастау туралы, әке болудың
анықталғандығы туралы бұрын шығарылған сот шешiмiн жою туралы, ұл (қыз)
асырап алудың күшi жоқ деп немесе жарамсыз деп тану; сондай-ақ некенiң күшi
жоқ деп тану туралы сот шешiмiнiң
6) тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту туралы акт жазбасының
7) некеде тұрмаған ананың туу туралы актiлердi тiркеу кiтабына
баланың әкесi туралы мәлiметтер енгiзу жөнiндегi өтiнiшiнiң
8) тегiн ұлттық дәстүрлер бойынша әкесiнiң немесе атасының атынан
туындайтын текке өзгерту туралы өтiнiштiң
9) өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерiндегi аумақтық әдiлет органы
бекiткен аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнiң қорытындысының
10) ұлтын өзгерту туралы әдiлет органдарының анықтамаларының
негiзiнде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысандағы
қорытындыларды АХАЖ органдары 1-тармақтың 12, 13, 14, 17, 18, 19-
тармақшаларында көзделген жағдайларда жасайды.
3. Азаматтық хал актiсi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен
түзетулер енгiзу туралы арыздар берушiнiң тұрғылықты жерiндегi АХАЖ
органына берiледi. Арыз АХАЖ органына түскен күннен бастап бiр ай мерзiмде
қаралуға жатады. Дәлелдi себептер болған жағдайда аумақтық әдiлет органы
АХАЖ бөлiмiнiң бастығы көрсетiлген мерзiмдi әрi кеткенде бiр айдан аспайтын
уақытқа ұзартуы мүмкiн.
4. Баланың тууын тiркегенде балаға ата-аналарының тiлектерi
ескерiлмей тегi немесе аты берiлуiне байланысты, сондай-ақ егер баланың
оның тууы туралы акт жазбасында көрсетiлген нақты атынан басқа аты болса,
ата-аналардың баланың тегiн не атын өзгерту туралы өтiнiштерiн АХАЖ
органдары бала он алты жасқа толғанға дейiн қабылдайды.
5. Қайтыс болған адамдарға қатысты азаматтық хал актiлерi
жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу осы Ереженiң 8-
бөлiмiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
6. Азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар
мен түзетулер енгiзгенде не осы бөлiмнiң Ереженiң 1-тармағының 12, 13, 14,
15, 16, 17, 18, 19-тармақшаларында көзделген жағдайларда оларды енгiзуден
бас тартылғанда, АХАЖ органдары аумақтық әдiлет органдары бекiтетiн
қорытындылар жасайды.
Азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен
түзетулер енгiзуден бас тартылуға сот тәртiбiмен шағым беруге болады.
7. Қорытындылар мен азаматтық хал актiлерi жазбаларына
өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу үшiн негiз болып табылатын
осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген құжаттар тиiстi азаматтық хал
актiсiнiң жазба жасалған жердегi АХАЖ органдарына орындалуға жiберiледi.
Тиiстi жазбалар жасалған жердегi АХАЖ органдары азаматтық хал
актiлерi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзудi құжаттар
түскен күннен бастап он бес күн мерзiмде жүргiзедi. Сонымен бiрге өтiнiш
берушiге берiлетiн немесе арыз берушiнiң тұрғылықты жерiндегi АХАЖ органына
жiберiлетiн азаматтық хал актiсiн тiркеу туралы жаңа куәлiк жазылады.
8. Әскери мiндеттi және әскер қатарына шақырылатындардың
азаматтық хал актiлерi жазбаларына енгiзiлген тегi, аты, әкесiнiң аты,
туған күнi мен жерi туралы өзгертулер туралы АХАЖ органы жетi күндiк
мерзiмде өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер енгiзiлген жердегi аудандық
(қалалық) әскери комиссариатқа хабарлайды.
Азаматтық хал актiлерiне енгiзiлген өзгертулер, толықтырулар мен
түзетулер жөнiнде АХАЖ органы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
белгiлеген нысан бойынша аумақтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджменттің ғылыми салушылардың негізгі бағыттары
Менеджмент туралы түciнiк, оның мазмұны
Менджементтің пайда болуы және оның мәні
Арт - менеджмент тарихы
Менеджменттің пайда болуы
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Менеджмент туралы жалпы түсінік
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
Кибернетика - ғылымның соңғы кездерде қалыптасқан бір жаңа саласы
Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджменттің дамуы
Басқару ғылымыныц мазмұны мен әдісі
Пәндер