Мектеп жасындағы балалардың эмоционалдық даму ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМСТАРЫНЫҢ КОНКУРСЫ
«МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
Түркістан - 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Эмоцияның табиғи шығу жолдары және оның қазіргі кездегі психологиялық көзқарастары . . . 6
1. 2 Мектеп жасындағы балаларда орын алатын эмоционалдық даму ерекшеліктерінің көрініс беру түрлері . . . 15
ІІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ
2. 1 Оқушыларды кері эмоционалдық әсерлерден жеңілдетуде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланудың жолдары . . . 21
2. 2. Мектеп оқушыларының психоэмоционалдық жағдайын диагностикалау және коррекциялау . . . 30
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 40
ҚОСЫМШАЛАР . . . 41
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп оқушыларында кездесетін эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі.
Психология ғылымында психикалық құбылыстарының ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамыту негізгі мәселесі болып қарастырылған [1] .
Бүгінгі таңда аталған мәселе ауқымды да, өзекті мәселе. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» [2] . Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.
Психологияда оқушылардың жас ерекшеліктерімен байланысты орын алатын эмоционалдық үйлеспеушіліктер (А. Адлер, Л. А. Орбели, Г. Селье, Дж. Доллард, Л. Берковитц, С. Розенцвейг, К. Роджерс, К. Юнг, В. Франк, Ф. Перлз, З. Фрейд, Э. Фромм, Л. С. Выготский, Е. Е. Кравцова, Ө. Тлеуқабылұлы, Қ. Жарықбаев, М. Мұқанов, А. А. Нурахунова, В. В. Степанова және т. б. ) көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелінген, олар эмоционалдық жағдайлардың анықтамасы мен сипаттамасын, оның пайда болу себептері мен одан шығудың жолдарын жан-жақты қарастырған.
Ал, К. Леонгард, Л. В. Личко, Р. Д. Шмишек, Б. Дарки және т. б. ғалымдар оқушылардың бойында кездесетін кейбір мінез-құлықтарының шамадан тыс артық дамып кетуі, мазасыздануы, көңіл-күйінің болмауын анықтаған және осы құбылыстардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның түрлерін, зерттеу әдістемелерін анықтаған.
Осы еңбектерді саралай келе, бүгінгі таңдағы мектеп оқушыларының бойындағы эмоционалдық даму ерекшеліктері мен эмоционалдық зорлануына негіз болатын қиындықтар орын алған жағдайда, оларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтау мәселесі аса мән берілуде. Зерттеу мәселесі саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға жасаған талдау қазіргі кезеңде бұл мәселенің әлі де жеткіліксіз қарастырылуы, оқушылардың эмоционалдық даму ерекшеліктері мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қарама-қайшылықтардың болуы зерттеу тақырыбын «Мектеп жасындағы балалардың эмоционалдық даму ерекшеліктері» деп таңдауымызға негіз болды.
Біздің аса маңызды міндетіміз - жас ұрпақта эмоцияны қамқорлықпен қалыптастыру және жетілдіру. Өйткені сезім тәрбиесінсіз жоғары адамгершілікке тәрбиелеу мүмкін емес екенін есте ұстау керек, терең сезімнің адамы еш уақытта моральдық жат әрекеттерге бармайды.
Зерттеу объектісі : мектептегі педагогикалық-психологиялық қызмет.
Зерттеу пәні : педагог-психологтың мектеп оқушыларына қызмет көрсету мазмұны.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: мектеп жасындағы балалардың эмоционалдық даму ерекшеліктерінің сипатын ашып, эмоционалдық зорлануына негіз болатын қиындықтарды анықтап, оларды кері эмоционалдық әсерлерден жеңілдету негізінде психодиагностикалық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыру.
Ғылыми жұмыстың міндеттері: :
- эмоцияның табиғи шығу жолдары мен оның қазіргі кездегі психологиялық көзқарастарын айқындау;
- мектеп жасындағы балаларда орын алатын эмоционалдық даму ерекшеліктерінің көрініс беру түрлері анықтау;
- мектеп жасындағы балалардың шамадан тыс эмоционалдық зорлануына негіз болатын қиындықтарды анықтап, оның даму жағдайын зерттеу.
Ғылыми зерттеу әдістері . Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау арқылы мектеп оқушыларының эмоциясына сипаттама жасау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге «М және Д», Басса-Дарки әдістемесін, пиктограмма, «Әлеуметтік мазасыздану шкаласы» әдістемесі бойынша өлшем жүргізу, балалардың депрессиясын анықтау тестері және басқа әдістемелер көмегімен зерттеу, жиналған мәліметтерді талдау, нәтижелері бойынша психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.
І МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Эмоцияның табиғи шығу жолдары және оның қазіргі кездегі психологиялық көзқарастары
Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады.
«Эмоция» терминінің сөзбе-сөз аудармасы - толғандырамын, күйзелтемін деген мағынаны береді, демек эмоциялар - адамның психикалық қызметінің мейлінше айқын көрінуі болып табылады.
Адамның сезімінен ең алдымен оның өзіне, өзінің жақындарына, достарына, өз Отанына деген барлық көзқарасы айқын аңғарылады. Эмоциялар бейне бір адамның интеллектін, мүдделерін, ізденістерін «сәулелендіретін», «әрлендіретін» секілді. Бүкіл осындай күрделі психикалық құбылыстардың, өзіндік ерекшелігі бар сезімдік толғаныстардың, жинақталған сезімдік реакциялардың бәрі бірігіп эмоциялар деп аталады. Адамдардың күшіне, белсенділігіне ықпал етуіне қарай эмоциялар стеникалық («стенос»- грекше күштілікті білдіреді) және астеникалық (әлсіз) болып бөлінеді [3] .
Стеникалық эмоциялар - қоздыратын, жандандыратын (қуаныш, ашу) эмоциялар, ал астеникалық эмоциялар керісінше, белсенділікті басып, еңсені езе (қорқыныш, сағыныш) әсер етеді. Сондай-ақ жағымды (қуаныш) және жағымсыз (қорқыныш, ашу-ыза) эмоциялар болып та бөлінеді, өйткені сезім- күйі ретінде бұларға ең алдымен қарама-қарсы сипаттамалар (жағымды, жағымсыз) тән. Адам бойындағы жоғары эмоциялық сезімдер әдетте төмен эмоцияларға үстемдік етеді және қажет болғанда басып тастап отырады. Мысалы: өз парызын ұғу сезімі қажетті сәтте қорқыныш эмоциясын басып тастай алады, сөйтіп, адам, егер жағдай талап етсе, өлімге де бас тіге алады.
Эмоциялық дәреже әрбір жастық шақта өзгеріп, барынша күшейіп, ал содан соң біртіндеп әлсірей бастайды. Жасөспірімдерде туатын күйзелістер үлкендерге қарағанда едәуір ұзағырақ болады әрі неғұрлым тереңірек із қалдырады. Мұны жастар тәрбиесіне қатыстылар есте ұстауы қажет. Адам ересек жаста эмоциядан гөрі ақыл-ойға көбірек орын береді [4] .
Әрбір адамның жалпы эмоциялық дәрежесі өз алдына бөлек болатынын ескеру керек. Мұны И. П. Павлов өзінің зерттеулерінде адамдардың жоғары жүйке қызметін көркем және ойшыл типтерге бөлуге болатынын байқады. Көркем типке жататындарда образды ойлау басым болады, олар өте сезімтал келеді, ал ойшыл типтің өкілдеріне абстракты ойлау басым болады, оларда эмоциялық өмір «бәсең» келеді.
Мұндай бөлудің негізінде, И. П. Павловтың айтуынша, ми қабығы мен қабықшаларының қызметіндегі арақатынас жатыр. Мидың эмоциялық орталықтары орналасқан қабықшаларының жетерліктей жоғары белсенділігі кезінде адамдарда образды ойнауы басым болып, жоғары эмоциялық сезім байқалады. Ал ми қабықшалары жеткіліксіз жұмыс істегенде, оны ми қабықтары едәуір «қысып тастаған» кезде адамдардың психикалық қызметіндегі эмоциялық жағы әлсіз естіледі. Түрлі адамдардың эмоциялық белгілеріндегі мұндай көп айырмашылықтардың құпиясы осында.
Өте күрделі психикалық процестердің бірі - сезім. Сезім адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет, сондықтан оның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттіліктеріне сәйкес келу-келмеуіне байланысты пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттіліктердің түрлеріне, жағдайға байланысты сезім көптеген жағымды және жағымсыз түрде өтеді: қуану, шошыну, абыржу, наздану, мазасыздану, зерігу.
Ч. Дарвиннің еңбегінен осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кезде ата-бабалаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін байқатады. Мысалы, қатты ашуланған адам кейде жұдырығын түйіп тістенеді, қабағын түйіп булығады, демін әзер алып, танауы тәңкиіп кетеді, жүрегі тарс-тұрс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығу тарихы бар. Бұл мысалдан жабайы адамдардың өздерінің алдында тұрған жауларымен айқасқа түсейін деп тұрған адамның қабілетін, даярлық белгісін байқауға болады. Ертедегі адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердің алдында денесін соған бейімдеп алып, сонан соң жауымен айқасатын болған. Қазіргі адамдар үшін мұндай көріністер дөрекі, ебдейсіз қимылдар болып табылады. Мұндай ебдейсіз қимылдар мәдениетті адамдар қылығына ешқандай сыйысымсыз сипатта болады. Бұған көбінесе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар бір табан жақын тұрады. Адамдардың сана сезімі өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениетке түседі, үйлесімді бола бастайды [5] .
Сонымен қатар, Н. Н. Ланге физиолог ғалым ретінде ал, У. Джемс психолог маман ретінде, әрқайсысы өзінше зерттеулер жүргізді. Олар адам ағзасында эмоцияның нендей негіздері пайда болып отыратындығын анықтауды міндет етіп қойды. Джемс пен Лангеге дейінгі психологтардың эмоция жайындағы түсініктері мынадай сипатта болған: оның бірінші өлімі сыртқы не ішкі оқиға, қауіпті жағдай төнгенде оны қабылдап, эмоция тудырады, сонан кейін бұл эмоцияны бастан кешіреді (жүректің жиі соғып дүрсілдеуі, бозарып кету, жүйкенің тітіркенуі, тамақтың құрғауы - мұның бәрі қорқудан пайда болатын сезім күйлері) сол тітіркендіргіштерге әсерленуі. Бұрын мұндай күйлерді психологтар мынадай ретпен көрсеткен: қабылдау, сезім, оның сыртқы көрінісі. Ал Джемс пен Ланге мұндай сезім күйлерін бастан кешіруді өзгеше ретпен көрсетеді. Белгілі бір қатерлі оқиғаны қабылдағанда оған әсерлену рефлекторлық түрде органикалық өзгерістерге ұшыратады (Лангенің-көрсетуінше қан тамырларының кеңейіп, таралуы және ішкі орган қызметінің жандана түсуі) . Адам органдары сыртқы қауіптің әсерінен жанданып, оларды қабылдауда біздің бойымызда эмоция пайда болады дейді.
Л. Джеметтің эмоцияның пайда болуы жайындағы ілімі қазіргі кезде түрлі өзгерістерге ұшырап, әрқилы қайшылықтар тудырып отырғаны мәлім. Әдетте, біз жылаймыз, өйткені қайғы-қасіретке ұшыраймыз, денеміз тітіркеніп түршігеді, өйткені қорқамыз, біреуді ұрып-соғамыз, өйткені біз ашулымыз, ал дұрысында былай деп айтқан жөн болар еді: біз қамығамыз, сондықтан жылаймыз біз қорықтық, сондықтан денеміз түршігіп дірілдейміз, біз ашуландық сондықтан ұрып-соқтық. Джеметтің пайымдауынша біз сыртқа шыққан эмоциямызды игере білсек, ол басылады және керісінше: біз ашу-ыза мен шаттық күйге бөленсек, оның, артынша бұл көрініс эмоция болып сыртқа шығады.
Мұндай көзқарастың қалыптасып орнығуына мынадай екі түрлі жайт әсер етеді: бірінші - бұл көзқарас эмоцияны табиғи-ғылымы және биологиялық тұрғыдан негізделді деп санады; екінші - ешкімге керексіз эмоцияның шығу тегін хайуанат дүниесінің тіршілігімен ұштастырылған көзқарастан өзгеше етіп құрылды. Сөйтіп, эмоция жеке басқа тән қасиет ретінде қарастырылды. Біздер адамның басынан кешіретін сезімдерінің бәрі оның ішкі жан дүниесімен және оның жеке басына тән ерекшеліктері өзара тығыз байланысты екенін жақсы білеміз.
Эмоция туралы ілімдегі мұндай көзқарасты А. Адлер мен оның мектебі де қолдады. Олардың арнайы бақылау жүргізіп, эмоция қызметінің мәні тек жануарлар дүниесіндегі истинкті әрекеттерде ғана емес, сондай-ақ ол бір жағынан адамның мінез ерекшеліктерінің қалыптасып отыруына әсер етеді деп санаса, ал екінші жағынан ол сол эмоциялық күйлерді өз басынан кешіріп отырғандығын атап көрсетеді [6] .
А. Фрейд тұңғыш рет эмоцияның биологиялық маңызына сенімсіздікпен қарағаны мәлім. Ол бірқалыпты дамыған бала мен жүйке ауруына ұшыраған баланың эмоцияларын ересек адамдардың тіршілігімен салыстыра отырып зерттеуге писихология мамандардың бәрі де үнемі көңіл аударып отыратындырына көз жеткізді [7] .
Адамның эмоциялық жағдайы оның темпераментімен байланысты екенін, стресс жағдайының адам өмірінде маңызы өте үлкен екеніне қазіргі кезде көбірек көңіл бөлінуде. Оған тоқталардың алдында бұл ауыртпалық туралы түсінік қазақ халқының арасында ежелден болғанына назар аударалық. Өтейбойдақ Тлеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегінде стресс туралы, «Ұшынымдар» - деген тақырыппен, көптеген деректер келтірілген. «Алланың өзіне жазған тиесілі несептік ризығын тергелі адамзатының әрбірінің өмірлеуі біркелкі болмаулығы шарт. Кейде өтерден «Шопан үсті боз торғайға ұйалық» болмақ. Кейде бұл өтерден ойпыл-тойпыл, астан-кестен болып, ел басына лан туылып, қыз қатын, шаңырағы отын болмақ»-деп көрсеткен.
Эмоциялық шокты - «ұшықтық сілейме»-деп Ө. Тлеуқабылұлы былай сипаттайды: « . . . әуелі тұрса тұрған күйі, отырса отырған беті, жатса жатқан қалпы бежірейген күйі қатып қалған тақылетті болмағы шарт. Алыстан айғайлағанды қойып, жанына барғаныңды сезбейді. Тіпті түртсең қозғалып, қарау тақылетті пенделік тіл алысымдық ұштасымдылық көрсетуге шамасы келмек емес, жетпек емес» деп сипаттама берген [8] .
Ө. Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегінде тұлғадағы қандық аңғақтық бейімдер» - деген тақырыппен адам организмінің алты конституциялық түрін ажыратқан: «1) қандық аңғақтық ысқытық бейім; 2) қандық аңғақтық суықтық бейім; 3) қандық аңғақтық қоюлық бейім; 4) қандық аңғақтық буылмалық бейім; 5) қандық аңғақтық уылмалық бейімі (нілсіз бейім деп те атаулық) ». Осы сипаттарды қазіргі тілде келтірентін болсақ, оны былай көрсетуге болады:
- Қаны ыстыққа бейімі. Дене бітімі енгезердей, өңі шиедей қызыл, сабырлы, көп сөйлемейтін, аз күлетін ешкіммен сырласпайтын, сызданып сөйлейтін, ұстамды келеді. Бұндай адамдар Гиппократтың жіктеуі бойынша флегматиктерге жақын.
- Қандық аңғақтық суықтық бейімі. Қараторы өңді, қара толықшалаулық ынтық сөйлемеліктері, менікі ғана жөн деуліктері, білгірлікті біліктілік, көрсетімшіл, «сөйлемділік таласқы кеуде қарағай деулік тақылеттілер» - дегенінен өңі қараторы қара, денесі толықша, сөзшең, менікі ғана жөн дейтін, білгірлігі мен біліктілігін көрсете білетін, өзіне сенімді адамдарды ұғамыз. Бұларды Гиппократтың «сангвиниктеріне» жатқызуға болады.
- Қаны сұйықтыққа бейім. Өң әлпеті әртүрлі, көзі шатынап, терісіне симай әрнәрсеге соқтыққыш, қараптан қарап тұрып ашушаң, басқаның сөзін аңдитын, басынан сөз асырмайтын, кекшіл, болымсыз нәрсе үшін өш алуға бейім, басқа адамды өлтіруге аңсары ауғыш, төбелесуге жақын тұратын, артын ойламайтын адам. Бұл Гиппократтың «холеригіне» жақын.
- Қаны қоюлыққа бейім. Үйден көп ұзақ шықпайтын, үйкүшік, шілденің ыстығында қаңтардың суығындағыдай үстінен киімін тастамайтын, суық тисе жалпағынан түсетін, маңдайы жіпсіп терлесе жадырайтын. Іс-әрекеті аз адамдар. Гиппократтың жіктеуі бойынша меланхоликтерге жақындау келеді.
- Қаны буылмалыққа бейім. Өң-әлпеті әртүрлі түсті болса да, соңынан сұрланыңқы болып, көз жанары солыңқырайды. Әдетте диагноздың тура тұжырым жасау мүмкіншілігі болмаса, көп сезілмейтін, кенеттен талықсып кетіп, ақыл-есінен айырлатын адамдар. Кейбіреулері не болса соған тез ренжиді. Бұдан біз Өтекең бабамыз қояншық дертімен ауыру сипаттамасын беріп отырғанын аңғарамыз.
- Қаны уыттылыққа бейім. Өңі аққудай, көз аңсары солыңқы, кейбірінің өңі тоқтыққан, үп еткен желге ұшып кетердей арық, бет әлпеті жып-жылтыр, кейбіреулерінде өрмекші торлары тәріздес әжімдер байқалады. Қолмен ұстағанда бұлшық еттері болбыр, жүріп-тұруға еріншек, дауысы тым әлсіз. Кейбіреулерінің қан тамырлары қанаса, оны тоқтату тым қиын болып, организмде ауыр бүліністер туындатуына әкеледі. Мұрны қанау, басы ауырғыш, қатты семіру, мәңгүр болып орнынан қозғалмау сияқты белгілерімен көрінетін қанның шіруі мен сөлдің нілсізденуіне бейім. Бұдан біз автордың қуалайтын ауруларға бейімділігі бар адамдарды сипаттап отырғанын ұғамыз [9] .
Абай еңбектерінде адамгершілік сапалардың жетекшілерінің бірін жүрек сезімі деген. Сезім адамның іс-әрекетінде үлкен орын алатындығын көрсете отырып, сезімді жүрек қасиеті, ол адамның өмір сүруінің басты шарты, ол тамырлармен қан жүргізеді, ол жанның тұрағы, мекені, онсыз өмір жоқ деп көрсетеді. Эмоционалдық көңіл күйінің жағдайында адамның бет әлпетінен байқалатын қимылдар мен физиологиялық өзгерістерге үлкен көңіл бөлді. Абай кейбір өлеңдері мен өнеге-үлгі сөздерінде жеке сезімдер құбылыстарына қысқаша түсінік береді.
Қуаныш - адамға сергектік пен күш-қуат беретін жағымды сезімдердің бірі. Ол көбінесе жастыққа тән сезім болып табылады. Адам қартайған сайын, онда жағымсыз сезімдер көбейеді. Алайда адал еңбек ету адамға қашанда қуаныш, бақыт әкеледі.
Күлкі - адам қуанышының айқын көріністерінің бірі болып табылады. Күлкі - адамға қажетті нәрсе, бірақ пайдасыз, орынсыз күлкі зиянды болып табылады. Сондықтан орнымен ғана күлу керек. Күлкі адамның рақаттанып, ләззат алуынан туғанда ғана жақсы күлкі болып табылады.
Қайғы . «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады».
Ашу. Абай ашуды қайратпен байланысты талдайды: «Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл, шәкіртсіз ғалым - тұл» - дейді. Егер ашулы адам айқайлап, дауыс көтеріп, шаптығып кететін болса, оның өндіретіні шамалы болады, қайта ашулы адам үндемей, сазарып отырып алса, міне, сондай адамнан сақтану керек: оның арты жамандыққа соқтықтыруы мүмкін. «Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза қуаты артында болғаны; егерде аузынан қара қан ағызса, домбыт мақтаншақ», - деп жазады.
Ұят . Абай ұяттың екі түрі бар ол надандықтан болатын ұят және абыройға сыйысымсыз іске ұялу деп көрсетеді де, олардың әрқайсысын сипаттап, ұялу бұл адамгершіліктің маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады: ұят адамның табиғатына зиянын тигізеді деп түсіндіреді. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көздің жасын, мұрынның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Осы күнге менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да», деп Абай сезімге бөленгендегі адамның күй-жағдайы ерекше ішкі кернеуге алып баратынын көрсеткен.
Эмоциямен сезімнің қазіргі кезде психологияда пайдаланып жүрген анықтамасын беріп, оның барлық түрлеріне жүйелі түрде сипаттама берген Қ. Жарықбаев. Ол теріс эмоциялардың ішінен қорқыныш, аффект, стресс жағдайлардың сипаттамаларын жасаған. Қ. Жарықбаевтың топтастыруы бойынша эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мысалы, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т. б. осындай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz