Жоғары сынып оқушыларының спортқа қызығушылық бағыттарын қалыптастыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2014 жылғы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болатыны ерекше көрініс тапқан [1] . Сонда ғана, басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндігіміз бар. Бұл деген сөз 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді. Сол себепті жігерлі, намысты, дені сау ұрпақ өсіруіміз керек.
Әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарынан орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық басты мақсаттарының бірі болып саналады[2] . Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған.
Жас жеткіншектерді дене тәрбиесі және спорт арқылы баулу, салауатты өмір салтын құруға үйрету, спорттық жетістіктер арқылы Қазақстанды әлемге таныту қазіргі кездегі маңызды жұмыстардың бірі болып саналады.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында жалпы білім беретін мектептердің спорттық қызметке деген қызығушылығы күрт төмендеді, бұл әрине толық түсінерлік жайт. Біздің ғылыми тәжірибелік зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесі көрсеткендей, бұл құбылыстың негізгі себептеріне мыналарды жатқызуға болады:
- мектеп бюджетіне кіретін қаржы көзінің болмауы. Анкета жүргізілген мектептердің дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің 89, 3 % осылай саяды. Бұл себептерді бағалаудағы елеусіз айырмашылық, яғни спорттық жарыстарға әлі де болса аз көлемде қаражаттың бөлінетіндігінде;
- спорттық жұмыстарды жүргізуге оқытушылардың кәсіби-педагогикалық даярлығының нашарлығы. Сұралған педагогтардың 67% жоғарысы осына дәлелдейді;
- оқушылардың инетеллектуалдық және өнегелік дамуындағы спорттық қызметтің маңызды рөлін білім беру жүйелері мен өкімет билігі органдары басшыларының тиісті деңгейде бағалайды. Бұл жөніндегі соңғы онжылдықтағы білім беру жүйесіндегі барлық жүргізіліп отырылған саясат айтады.
Солай бола тұрса да, тек қоғамдық даму құндылықтарын ғана емес, сонымен бірге жастарды рыноктық қатынас жағдайындағы еңбекке және өмір сүруге даярлау жүйесінде асыра бағалау жүріп жатыр. Рыноктық экономика жағдайында оқытушыларды даярлауда үкімет билігі құрамдарының қатынасы мен кәсіби қызметін өзгертуге қабілетті, кәсіби әсер ететін жағдайларға (коньюнктура) еркін бейімделуге жеке тұлғаның рыноктық қатынасымен қоғам қажеттілігі арасындағы өткір қарама-қайшылық туындады.
Спорттық қызмет - бұл салауатты өмір бейнесін қалыптастырудың негізі, жастарды адамгершілікке, еңбек қызметіне интеллектуалдық және денелерін даярлау, денсаулығын нығайту құралы.
Оңтүстік аймақ экологиялық қатынастағы еліміздің ең қолайсыз аймақтарының біріне жатады. Әсіресе Байқоңырдағы ғарыш айлағының әсерінен атмосфераның газбен улануы, улы сәулелердің бұзылған ауа қабатынан адам ағзаларына тікелей өтуі, тамаққа пайдаланылатын өнімдердегі ағзаға зиянды химикаттардың артық мөлшері, жазғы құрғақ, ылғалсыз ыстық ауа, қысқы суық ызғарлы жел, міне осылардың барлығы оқушы жастар денсаулығын нығайту жайлы күнделікті қамқорлықты талап етеді. Сонымен бірге, денеге қосымша білім беретін мына жүйелер бұзылды: қала, аудан және ауа райы қолайлы таулы аймақтарға орналасқан бұрынғы сауықтыру лагерлері, балалар және жастар ұйымдары, пионерлер мен мектеп оқушыларының сарайлары, оқушылардың спортпен, туризммен, өлкелік және т. б. қызметтермен шұғылданатын әртүрлі үйірмелер мен секциялар.
Қоғамдық құнды қызмет түрлерімен шұғылдануға мүмкіндігі жоқ, жастар өзімен-өзі күйінде қалды. Осыған байланысты өзінің интеллектуалдық және дене мүмкіндіктері мен қоғамдық құнды қызметке қажеттілігін жүзеге асыруға мүмкіндігі болмауымен байланысты басқа да қарама-қашылықтар туындайды.
Дене тәрбиесі мен жеке тұлғаны дамытудағы әртүрлі құбылыстар мен жайттарды (аспектілерді) М. А. Арвисто, К. Ш. Ахияров, С. А. Бронников, Т. К. Исхаков, А. С. Гаязов, Л. П. Исаев, Н. А. Фомин және т. б. ғалымдар зерттеді [3, 4, 5, 6] .
Сонымен бірге, оқушылардың спорттық қызметтегі туындаған мәселелері ғылыми-педагогикалық зерттеулерде кешенді, құндылық тәсілдері тұрғысынан өзінің көрнекті орынын таба келеді. Оқушылардың спорттық қызмет құндылықтарына деген қатынасы нашар зерттелген өзекті мәселе ретінде қалып отыр. Бұл мәселе бойынша М. Я. Виленский, А. П. Внукова өздерінің ғылыми зерттеулерінде қозғалады. Дене мәдениеті құндылықтарынан студенттердің бағдар алуы жайлы мәселені Р. Ф. Кабиров, Л. Х. Магомадова, А. Н. Пиянзин өз еңбектерінде зерттеді [7] . Осындай бейнеде, оқушы жастарды спорттық қызметке тарту қажеттілігі мен бұл туындаған мәселенің теориялық және әдістемелік тұрғыдан жеткіліксіз дәрежедегі ғылыми өңделіп даярлануы арасында тағы бір қарама-қайшылық туындады. Бұл мәселе жоғары сынып оқушыларының спорттық қызмет құндылықтарынан бағдар алуын теориялық тұрғыдан негіздеу және өңдеп, даярлаумен қорытындыланады.
Жоғарыда келтірілген қорытынды ғылыми зерттеудің мына тақырыбын таңдауға мүмкіндік туғызды: « Жоғары сынып оқушыларының спортқа қызығушылық бағыттарын қалыптастыру ».
Тұжырымдалған тақырып пен туындаған мәселелерден келіп, біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың мақсаты, жоғары сынып оқушыларының спортқа қызығушылығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін құндылық топтарын анықтау болып табылады.
Ғылыми зерттеу нысаны - жоғары сынып оқушыларының спорттық қызметін оқудан тыс уақытта жүзеге асыруы болып табылады.
Бұл мәселе бойынша тәжірибелерді және әдебиеттерді алдын ала талдау проблеманы зерттеудің жұмыс жүргізудің ғылыми болжамын (гипотезасын) тұжырымдауға мүмкіндік туғызады: жоғары сынып оқушыларының спортқа қызығушылығын қалыптастыру үшін интеллектуалдық және дене дамуы бірлігін көрсететін танымдық қызмет құндылықтарынан олардың хабардарлығы болуы тиіс: оқушылар жеке тұлғасының дене дамуы мен және экологиялық жағдайымен байланысты валеологиялық құндылықтарда; оқушылардың жеке тұлғалық қатынасында жүріс-тұрыс, мінез-құлық саулығын көрсететін спорттық қызметтің эстетикалық құндылықтарында.
Тақырыпты, мақсаттарды және ғылыми болжамды анықтау проблеманы зерттеудің келесі міндеттерін тұжырымдауға мүмкіндік туғызды:
1. Педагогикалық теория мен практикада қызығушылық проблемаларының өңделіп, дайындалу дәрежесін анықтау;
2. Оқушылардың спортқа қызығушылығын қалыптастыруға әсер ететін құндылықтар жүйесін анықтау және негіздеу;
3. Тәжірибелік-ғылыми зерттеу жолымен оқушылардың спортқа қызығушылығын қалыптастыруда құндылықтардың маңыздылық рөлін тексеру:
- құрылымға жеке тұлғаны ендірумен, құндылықтардың өз орнын сақтауымен, оларды таңдаумен және маңыздылығының артуымен байланысты құндылықтар бағдары;
- бәрінен бұрын қызығушылық жеке тұлға қажеттілігін қанағаттандырудың бастапқы сатысы көрінетін, заттармен және құбылыстармен танысумен байланысты мотивация мен қажеттіліктің көріну формасы ретінде;
- спорттық қызмтеке қызметтік тәсіл. Қызметтің бұл түрі өзінен-өзі қозғалмалы, қызығушылық оған тек қызмет барысында қалыптасуы мүмкін, оның құндылықтары тек қызметке байқалады;
- қозғаушы күш фокторлық тәсілі. Құндылық бағдарын біздер спорттық қызметке қызығушылық дамуының қозағушы күші ретінде қарастырамыз. Өзінен-өзі бұл қозғаушы күш бірінші жағынан таза педагогикалық, яғни педагогикалық басшылықпен байланысты сипатта басқа жағынан оқушылардың жеке тұлғаның құндылықтардан хабардарлық бағыттылығының құрылымдық элементі болып табылып, психологиялық сипатта болады.
Осындай бейнеде, спорттық қызметке қызығушылықты қалыптастырудағы проблеманы зерттеудің негізіне біздер қызмет теориясымен байланысты құндылық бағдары мен құндылық теориясын алдық.
Біздің ғылыми зерттеу жұмыстарымыздың негізгі базасы ОҚО Түркістан қаласының және Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданындағы спорт ұжымдары мен Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-ң Спортклубы мен Спорт және өнер факультетіндегі «Денешынықтыру және спорт» кафедрасы, олардың мектеп оқушыларымен жұмысы, сол сияқты Түркістан қаласындағы №1 А. Байтұрсынов атындағы қазақ орта мектебі мен №15 орыс, қазақ және өзбек аралас мектебі және №14 Оралман орта мектептерінен спорт секцияларына қатысатын 326 оқушы қамтылды.
Зерттеу жұмыстары бірнеше кезеңмен жүрді, яғни олардың әрқайсысында міндеттеріне байланысты өзіне тән зерттеу әдістері қолданылды.
Бірінші ұйымдастыру кезеңінде (2012-2013 ж. ) психологиялық-педагогикалық спорттық әдебиеттер, спорттық қызметтің теориялық-практикалық негіздері зерттелді. Біздер келесі зерттеу әдістеріне сүйендік: құжаттарды оқып, зерттеу, адам баласының тәжірибелік ғана сүйенген эмпиризлдік мәліметтерді, ақиқат болған фактыларды, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастыру әдістерін, спорттық әдебиеті, спорттық қызметтің теориялық және практикалық негіздерін, оны зерттеу әдістерін және спорттық қызметті жүргізу жолдарын жан-жақты талдап қорыттық. Зерттеу барысында оқушылармен, педагогтармен, нұсқаушылармен және жаттықтырушылармен, ата-аналармен сұқбаттасу, анкета жүргізу кең қолданылды.
Бұл кезеңде зерттеудің тақырыбы, мақсаты, міндеттері айқындалды. Біз гипотезалардың (болжамдардың) бірінші вариантын тұжырымдадық, яғни онда зерттеу барысындағы туындайтын өзекті мәселелер нақтыланды.
Екінші зерттеудің базалық, кезеңінде (2012-2013 ж) зерттеу мақсатынан келіп, мақсатты бағыттағы тәжірибелік-эксперимент жұмыстары жүзеге асырылды. Біздер спорттық жұмыстарды дайындау және өткізудің жоспарларын өңдеп, дайындадық.
Бұл кезеңдегі пайдланылған біздің негізгі әдістер мыналар болды: бақылау, анкета, сұқбат жүргізу, оқушыларды практикалық, яғни іс жүзіндегі жүргізілетін қызметке тарту. Әсіресе спортта оқушыларды психологиялық даярлауға үлкен мән берілді.
Зерттеу жұмыстарының үшінші қорытындылау кезеңінде (2013-2014) тәжірибелік эксперимент материалдарды жинақтау және өңдеу жұмыстары жалғастырылды; спорттық қызметке қызығушылығын қалыптастыру бойынша практикаға біздің ұсынымдар өңделіп дайындалды және ендірілді; диссертациялық материалдарды рәсімдеу, материалдарды жариялауға дайындалды. Бұл кезеңдегі зерттеудің басты әдісі мыналар болды: анкеталық сұраунама, матреиалдарды талдау.
Қорғауға келесі ой желілері мен иедялар қойылады:
- жоғары сынып оқушыларының спортқа қызығушылығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін, педагогикалық құндылықтар кешені;
- халыққа білім беру жүйелерін әлеуметтік-экономикалық дамытудың қазіргі заманғы жағдайында оқушылардың спорттық қызметке қызығушылығын қалыптастырудың спецификалық ерекшеліктері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мыналардан тұрады:
- жоғары сынып оқушыларының спортқа қызығушылығын қалыптастыру кезінде педагогикалық құндылықтар кешенін негіздеу және өңдеп дайындауда құндылық бағдары сияқты қозғаушы күш шешуі рөл атқаруы мүмкін.
Бұл кешенге біздер танымдық, валеологиялық және эстетикалық құндылықтардан бағдар алуды жатқызамыз:
- оқушылардың спортқа қызығушылығын қалыптастырудың ерекшеліктері мыналардан тұрады, яғни біріншіден, спорттық қызмет жағдайының кешенді сипатынан; екіншіден, спорттың өзіне, сонымен бірге оның қызығушылығына және қалыптасу жағдайына құндылық көзқарасы; үшіншіден, оқушыларды дене, интеллектуалдық және адамгершілік-эстетикалық даярлауда өзара бөлінбейтін органикалық байланысында.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарының теориялық маңыздылығы спортқа жекелеген жағдайда оқушылардың бір қызмет түріне қызығушылығын қалыптастыруға құндылық көзқарасынан келуін өңдеп, дайындаудан тұрады.
Біздің зерттеу жұмысымыздың парктикалық маңыздылығы мыналарда, яғни жинақталған нәтижелер мен талданған қорытындылар спорттық даярлықпен байланысты қызметтердің басқа түрлеріне төтенше өңделген (экстраполированы) болуы мүмкін. Педагогикалық құндылықтардың өңделіп, дайындалған кешені оқушылардың спортқа қызығушылығын тек қалыптастырып қоймайды, сонымен бірге, оны жандандырады.
Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша өңделіп, дайындалған және басылымдарда жарияланған материалдар, әдістемелік нұсқаулар ОҚО және Қызылорда облысының мектептері мен мектептен тыс мекемелерінде пайдаланылады.
1 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СПОРТҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ғылымдағы қызығушылықтың проблемаларын жете зерттеу
Оқушы жастарды спорттық қызметке тарту проблемасы жеке тұлғаның дене және рухани дамуының маңызды қозғаушы күші болып табылады.
Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен ғылыми болжамдары негізінде бұл тарауда мыналар қарастырылады: қызығушылықтың мәні, оның психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері, спортқа қызығушылықты қалыптастырудың алғы шарттары, спортқа қызығушылықтың қозғаушы күші ретінде құндылық тәсілі.
Зерттеу қисыны (логикасы) басында құштарлықтың мәнін, оның түрлерін және ерекшеліктерін ашуға талап етеді.
Қызығушылықтың жеке тұлғаның ішкі жағдайы ретінде психология зерттейді; қызығушылықтың қалыптасу процесін басқаруды педагогика зерттейді; қызығушылықты әлеуметтік құбылыс ретінде философия мен социология зерттейді. Бұл қызығушылықтың өзекті мәселелерін философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Қоғамдық қызығушылықтың келесі мәселелері әлем философтары мен социологтарының үнемі назар аясында болып келеді.
ХҮІІІ ғасырда Абдеев Р. Ф., Абрамов Н. Т., Абульханова қоғамдық өмірді қызығушылықтың көмегімен түсіндіруге тырысты. Мұнда олардың ұғымы бойынша қоғамдық қызығушылық жеке адамдар қызығушылықтарының қарапайым жиынтығы ретінде қарастырылды [8, 9, 10] .
Гегель, Канттың ізінше, қызығушылықты адамдардың қажеттілігімен байланыстырып, ниет пен сананың мазмұнына қарағанда қызығушылық үлкенірек бір нәрсе деп болжамдайды.
Гегельдің пайымдауынша ықылас, қызығушылықтың мазмұнды жағы, яғни оның қанағаттануы үшін адамның барлық қызметі бағытталатын құштарлық сезімі болып табылады. Қызмет барысында ақиқат (объективті) құмарлыққа (субьективтіге) айналады. Қызығушылықтың нақтылы ақиқат іспен аяқталады. «Ешнәрсе қызығушылықтан тыс іске асырылмайды», - деп тұжырымдайды Гегель.
Қызығушылық проблемалары А. Г. Здравомысловтың, М. А Батурин, Д. А Белухин, И. А Вербаның және т. б. еңбектерінде өз көрінісін тапты [11, 12, 13, 14] .
Қызығушылық туралы қазіргі заманғы философтар мен социологтардың ой тұжырымдары қандай екен?
Қызығушылық, құштарлық - латынның interest деген сөзінен шыққан, яғни ол мағынасы әрекет ету, себебі бар құбылыс (зат) деп аударылады.
А. Г. Здравомыслов қызығушылықты қоғамдық құбылыс ретінде қарастырады.
Қызығушылықтар, қажеттілік сияқты өзіне тән қатынастар түрі, олар өзінен-өзі абстракталы, адамнан, әлеуметтік топтан, сыныптан және басқа қозғаушы күштерден тыс пайда болмайды.
«Қызығушылықтар, қажеттілік сияқты белгілі-бір нысанға бағытталған. Қызығушылықтың нысаны ретінде материалдық және рухани құндылықтар, әлеуметтік институттар мен қоғамдық қатынастар жатады, салт, дәстүрлер мен тәртіптер орнатылады» (77, 74 б. ) .
Әлеуметтік тұрғыдан қызығушылық сол әлеуметтік ортаның іс-әрекетіне және қатынасына әсер ететін қоғамда туындаған қарым-қатынасты, әлеуметтік ортақтықты (табы, ұлты, социумы) тікелей көрсетеді.
Тәжірибелерде талдау көрсеткендей, қызығушылықтың әр салалы қызмет түрлерінде көрінеді. Мұндай қызмет түрлеріне біздер мыналарды жатқыздық: танымдық, оқу, спорттық, экономикалық, саяси, көркемдік, әлеуметтік, рухани, кәсіптік және т. б.
Жоғарыда келтірілген қызмет түрлері өзара мақсаттары мен құралдары, әдістері мен іске асыру үлгілері (формалары), сол сияқты атқаратын қызметтері бойынша айырмаланады.
Сонымен бірге, қызмет түрлерінің барлығы өзара байланысты. Бұл өзара байланыстырушы звено қызығушылық болып табылады.
Педагогика үшін қызығушылықты қалыптастыру, оның ішінде спорттық қызметке танымдық қызығушылықтағы маңыздылығы қызығушылық бір түрінен екінші түріне, бір көріну аясынан, екіншісіне өтеді, яғни қоғамдық өмірдің әртүрлі өрісінде өзара әрекеттестікте жүреді.
Психологиялық тұрғыда қызығушылық рухани, танымдық, көркемдік үлгідегі жеке тұлғалық жағдайы ретінде алға шығады. Бұл қызығушылықтар жеке тұлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас әрекеттестігін көрсетеді.
Өзара қарым-қатынас әрекеттестігінің ішінде, бәрінен бұрын рухани құштарлықтар жеке тұлғаның сәйкес мәдениеті деңгейін сипаттайды.
Қызығушылық, заттармен, құбылыстармен, процестермен танысу үрдісі ретінде Л. С. Выготский, А. Г. Ковалев, К. Платонов, С. Л. Рубинштейн және т. б. психологтармен қарастырылған [15, 16, 17, 18 ] .
Л. С. Выготский қызығушылықты танымдық қызметпен байланысты қарым-қатынас ретінде қарастарады. Оның түсінігінде, қызығушылық, адамның реакциясын бағыттайтын мінез-құлық, іс-әрекеттің қозғаушы күші ретінде алға шығады.
Қызығушылық - бұл қызмет мотиві [15, 40 б] .
С. Л. Рубинштейн қызығушылықты жеке тұлғаның бағыттылығымен байланыстырады. Оның пікірі бойынша қызығушылық таным дүниесіне қатынастың сезімдік өңделуімен қорытындыланады. Қызығушылық жеке тұлғаның ішкі жағдайы ретінде қажеттілікпен себепті байланысты болады. Қызығушылық - адамның дәлелді танымдық қызметін көрсету түрі: қызығушылық - бұл өзінің саналы түрдегі маңыздылығы мен сезіммен қызықтыру мотиві [18, 111 б] .
Затсыз, дүниесіз қызығушылық болмайды, заттың өзінде де қызығушылықтың құндылық қатынастары көрінеді. Қызығушылық, құндылық, сезім бір-бірімен өзара байланысты. Егер қызығушылық дүниесінің құндылық жағы айқын болса, онда қызығушылықтың көзі, пайда болу алғы шарты ретінде сезімдік жағы алға шығады. Құндылық тұрғысынан саналы түрде және сезім тартымдылығымен қамтамасыз етілген қызығушылық бәрінен бұрын жеке тұлғаның назар аударуында, ұғынуында, зердеде ұстауында, ойлауында, бағыттылығында көрінетіндігін С. Л. Рубинштейн атап көрсетті. Бұдан ұғатынымыз қызығушылық психикалық процестерді бағыттайды, адамның танымдық қызметін жандандырады, сәйкес келетін бейімділіктерінің көрінуін қамтамасыз етеді.
С. Л. Рубинштейн қызығушылықтың диалектикалық сипатын белгілей отырып, оның қарама-қайшы мына сапаларының бірлігіне ерекше мән береді: орнықтылық, қозғалмалылық, орнықсыздық.
Психологтарда қызығушылықтың мәнін анықтаудың бірнеше тәсілдері бар:
- В. Г. Иванов, В. Н. Мясищев қызығушылықты әлемге белсенді танымдық қатынас ретінде тұжырымдайды; [19, 20]
- А. Х. Ковалев, қажеттілікті, қызығушылықты қалыптастырудың қайнар көзі деп санайды. Қызығушылық пен қажеттіліктің арасында бір-біріне өтуде көрінетін өзара органикалық байланыс болады: « . . . қызығушылықты мотив немесе жеке тұлғаның нысанға оның өмірлік мәнді күшіне және сезімдік тартымдылығын сайлау қатынасы ретінде анықтауға болады» [21, 141 б] . Қызығушылықтың өзін А. Х. Ковалев, жеке тұлғаның танымдық қызметімен байланыстырады;
- И. П. Павлов, сонымен бірге оның шәкірттері және көптеген психологтар, қызығушылық пайда болу негізін бөлуге қамқорлықтың қайнар көзі шартты рефлекс болып табылады деп санады.
Дәл шартты рефлекстің өзі дағдылардың, әдеттердің, негізін, адамдардың сөз бен ойлау, еңбек және спорттық, оқу, шығармашылық қызметінің дамуын құрайды; Н. Г. Морозова өзара бір-бірімен генетикалық байланыстағы қызығушылықтың мына екі түрін бөліп қарастырады: ауық-ауық және орнықты жеке тұлғалық.
Біздің зерттеуіміз үшін сөзсіз тұрақты қызығушылықтың мәні зор, өйткені ол жеке тұлғаның қызығушылығының спорттық бағыттылығын, оған танымдық-құндылық қатынасын сипаттайды. Н. Г. Морозова объектіден қызметке келетін қызығушылықты мотивациямен байланыстырады [22] . Оның пікірі бойынша қызығушылық - бұл жеке тұлғаның сезімдік-танымдық бағыттылығына өтетін сәйкес жағдай кезіндегі қызмет нысанына тікелей сезімдік-танымдық қатынасы;
- П. Грибанов, қызығушылықты тек қызметтің психологиялық тенденциясын (бағытын) көрсетеді деп санайды. Таным дүниесіне дұрыс қатынасынан қызығушылықтың пайда болуын қамтамасыз етеді [23] . Ол қатынастың өзін жеке тұлғаның қажеттілігін қанағаттандырумен байланыстырады.
Осындай бейнеде, қызығушылық жеке тұлғаның белсенді танымдық белсенділігі ретінде анықталады, яғни мұндағы бас элементі дұрыс сезім болып табылады. Танымдық белсенділік, адам танымы үшін қуанышты сезімде көрінетін заттың сезімдік мәнділігіне байланысты.
Сонымен, психологияда қызығушылық қажеттіліктің көріну формасы ретінде қарастырылады, бәренін бұрын жеке тұлғаның қызметінің мақсатын ұғынуына және ақиқатты бағдарлауына мүмкіндік беретін бағыттылығын қамтамасыз етеді [24, 146 б] .
Психологиялық сөздіктің авторлары қызығушылықты психологиялық тұрғыдан ұғынудың маңызды ерекшеліктерін атап көрсетеді. Оларға қызығушылықтың сезімдік сарында субъективті көрінуі, яғни қызығу нысанына назар аударуда таным процесі жатады. Қызығушылықты қанағаттандыру оның сөнуіне әкелмейді, керісінше танымдық қызметтің барынша жоғары жағдайына сәйкес келетін жаңаларының пайда болуына мүмкіндік туғызады.
Жүргізілген талдау жұмыстары мына төмендегі қорытындыларды тұжырымдауға мүмкіндік жасайды:
- психологияда қызығушылық ақиқат әлеміндегі нысандарға психикалық процестердің сайланған бағыттылық түрінде алға шығады;
- қызығушылық бағыттылық, алдын-ала сезу, нақтылы қызмет етуге талаптану сияқты көрінеді;
- қызығушылық, қанағаттандырылуы, заттармен, құбылыстармен, процестермен танысумен байланысты қажеттілік ретінде алға шығады;
- қызығушылық, сезімде және қызмет мотивтеріне (сарындарына) бағытталған дұрыс қарым-қатынас ретінде көрінеді.
Қызығушылық проблемасы педагогика саласының теоретик және практик мамандарының барлық уақытта назарларында болып келді. Солай болғанымен, қызығушылықтың теориялық негіздемесін бірінші рет И. Гербарт берді. Өмірдің педагогикалық процестері және жеке тұлғаның жан-жақтылығынан келіп, ол қызығушылықтың мөлшерлі көпжақтылығының оқыту туралы қорытындыға келді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz