Теңізшевройл біріккен кәсіпорнының қәзіргі даму жағдайлары



1 "Теңізшевройл"біріккен кәсіпорнының қәзіргі даму жағдайлары.
2 Стратегиясы
Теңіз мұнай кеніші Қазақстан Республикасы, Атырау облысының Жылыой ауданында, Каспий ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Кұлсары қаласынан батысқа қарай 110 км, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Теңіз кешені 1979 жылы ашылды және әлемдегі ең ірі он мұнай кеніштерінің бірі болып саналады.
Көлемі бойынша Қазақстанның табиғи байлыктарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі болып табылатын Теңіз кенішін сөзсіз ел игілігі, мақтанышы деп санауға болады.Жалпы Теңіз кешенінің жер қабатындағы мұнай шамамен 3 млрд т (23,6 млрд баррель),ал ілеспе газ 1800млрд куб(64 трлн куб фут).
Теңіз кенішінің ашылуы мен игерілуі Қазақстанның ірі мұнай шығарушы ел болуына жол ашты.
Кен орнын белсенді игеру және мұнай мен газды өткізу қазіргі кездің өзінде бүкіл елдің ырысын қамтамасыз етуге елеулі үлесін қосуда және болашақта да Қазақстан дамуының кепілі бола бермек.
Теңіз кеніші тек алмағайып көлемімен ғана емес, басқа да көрсеткіштерімен теңдессіз болып табылады-әлемде игеріліп жатқан кен орындарының ішінде мұнай шоғыры өте тереңде жинақталған (коллекторының желегі шамамен 3,810 метр тереңдікте), сонымен қатар кен орны қойнауқаттық қысымы мен температурасының ауытқымалы жоғары деңгейімен, мүнай құрамындағы түрлі ілеспе газдармен ерекшеленеді. Осы көрсеткіштердің бәрі де кен орнын игеруде белгілі қиындыктар туғызады.
Осы кен орнын Қазақстан сырттан елеулі инвестициялар тартпай және сол тектес кеніштерді игерудің шетелдік тәжірибесін пайдаланбай, өз күшімен игере алмайтын еді.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
3.2"Теңізшевройл"біріккен кәсіпорнының қәзіргі даму жағдайлары.

Теңіз мұнай кеніші Қазақстан Республикасы, Атырау облысының Жылыой
ауданында, Каспий ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Кұлсары қаласынан
батысқа қарай 110 км, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде
орналасқан. Теңіз кешені 1979 жылы ашылды және әлемдегі ең ірі он мұнай
кеніштерінің бірі болып саналады.
Көлемі бойынша Қазақстанның табиғи байлыктарының ішіндегі ең
маңыздыларының бірі болып табылатын Теңіз кенішін сөзсіз ел игілігі,
мақтанышы деп санауға болады.Жалпы Теңіз кешенінің жер қабатындағы мұнай
шамамен 3 млрд т (23,6 млрд баррель),ал ілеспе газ 1800млрд куб(64 трлн
куб фут).
Теңіз кенішінің ашылуы мен игерілуі Қазақстанның ірі мұнай шығарушы ел
болуына жол ашты.
Кен орнын белсенді игеру және мұнай мен газды өткізу қазіргі кездің
өзінде бүкіл елдің ырысын қамтамасыз етуге елеулі үлесін қосуда және
болашақта да Қазақстан дамуының кепілі бола бермек.
Теңіз кеніші тек алмағайып көлемімен ғана емес, басқа да
көрсеткіштерімен теңдессіз болып табылады-әлемде игеріліп жатқан кен
орындарының ішінде мұнай шоғыры өте тереңде жинақталған (коллекторының
желегі шамамен 3,810 метр тереңдікте), сонымен қатар кен орны қойнауқаттық
қысымы мен температурасының ауытқымалы жоғары деңгейімен, мүнай құрамындағы
түрлі ілеспе газдармен ерекшеленеді. Осы көрсеткіштердің бәрі де кен орнын
игеруде белгілі қиындыктар туғызады.
Осы кен орнын Қазақстан сырттан елеулі инвестициялар тартпай және сол
тектес кеніштерді игерудің шетелдік тәжірибесін пайдаланбай, өз күшімен
игере алмайтын еді.
1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен әлемдегі ең
ірі мұнай компанияларының бірі болып табылатын Шеврон Оверсиз
корпорациясы Теңіз кенішін игеру мақсатында Теңізшевройл серіктестігін
кұрды.
Бұндай серіктестік кен орнын игеруге қатысты міндеттерді шешу үшін ең
үздік халықаралық технологияларды, ноу-хау және ірі капитал тартуға
мүмкіндік берді.
Серіктестіктің құрылу мақсаты- Атырау облысы территориясындағы әлемдегі
ең ірі Теңіз кен орнын игеру.
Теңізшевройлдың алғашқы табыстары көп кешікпей жаңа инвесторларды
тартты. Қазіргі уақытта ТШО-ның серіктестері-ҚазМұнайГаз,
ШевронТексако, ЕксонМобил және ЛукАрко. Жобаның мерзімі-40 жыл. Кен
орнын игеруге тартылатын инвестиция көлемі 20 миллиард АҚШ долларынан кем
болмайды деп күтілуде.ТШО- геологиялық барлау,кен орнын игеру,мұнай мен
ілеспе өнімдерді өндіру және оларды сату жұмыстарымен айналысатын біріккен
кәсіпорын.ТШО-ның стратегиялық мақсаты – серіктестеріне,Қазақстан
Республикасы мен өз қызметкерлеріне материалдық дәулет жасау және тұрмыс
деңгейін көтеру.ТШО-ның 4 стратегиялық мақсаты бар:
1.Қоршаған ортаны бойынша көшбасшы болу.
2.Қызметкерлердің біліктілігін көтеру.
3.Қазақстан жұртшылығының алдында б
Кәзіргі кезде Теңізшевройл табысты түрде кеңейтілген өндіріс жүргізіп,
әлемнің көптеген елдеріне тауарлық мұнай мен ілеспе өнімдерді (құрғақ және
сүйытылған газ) өткізуде.
Теңізшевройл өз қызметінде дүниежүзілік жоғары талаптарға сай ең озық
технологиялар қолданады, сонымен қатар оларды жетілдіруге өз үлесін қосады.
Жоба территориясына алып Теңіз бен көлемі жағынан одан кішілеу, бірақ
айтарлықтай салмағы бар Королев кен алаңы кіреді. Осынау белгілі екі кен
алаңынан басқа серіктестік территориясында барланбаған тағы бірнеше учаске
бар. Қазақстандагы аса бай кен алаңы қазақстандық үйымдардың, атап
айтқанда, ҚазМұнайГаз, Қазақстан Республикасы министрліктерінің,
Қазақстан ТемірЖолы мен компаниямыздың талантты
қызметкерлерінің тікелей көмегімен әлемдік деңгейдегі жоба дәрежесіне
көтерілді.
Теңізшевройлдың табысы көп кешікпей, жаңадан екі акционерді өзіне
тартты. Алдымен, 1996 жылы Мобил, кейін ЛукАрко 25 және 5 пайызға сәйкес
келетін үлес алды. Сөйтіп табысты жұмыс істеп, өз аяғына нық түрған
кәсіпорынның ірі инвесторлар назарын аударатындығы іс жүзінде дәлелденді.
Бірлескен кәсіпорын он бір жылдан бері Қазақстан халқының жалпы игілігі мен
компания-акционерлерінің мүддесіне сай кәсіпорын қызметінің экономикалық
тиімділігін арттыру үшін Республика үкіметімен өзара түсіністік ахуалында
жемісті еңбек етіп келеді.
Күні бүгін Теңізшевройл серіктестігі қатарына тиісті үлестерімен
-Шеврон Оверсиз Петролеум (50 пайыз), Қазақойл Қазақстан ұлттық мұнай
компаниясы ( 20 пайыз), ЭксонМобил (25 пайыз) және ЛукАрко (5 пайыз)
компаниялары кіреді. Кәсіпорын жылдан жылға технологиялық процестерді
жетілдіре отырып, мұнай өндірісі көлемін үлғайтып келеді. 1993 жылы не бәрі
1 млн. 300 мың тонна мұнай өндіруден бастаған кәсіпорын көрсеткіші 2004
жылы 13,7 млн. тоннаға жетті. Теңізшевройл Қазақстанның мұнай өнеркәсібі
саласы кәсіпорындары арасында аймақтық, тұтас алғанда республиканың
экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда, өндірісті ұйымдастыруда және
экономикалық тиімділікті арттыруда өзгелерге үлгі көрсететін, таңдаулы
кәсіпорын болуды басты мақсат санайды. Теңізшевройл мұнай өнеркәсібі
технологиясы мен еңбекті ұйымдастырудың ең озық жетістіктерін өндіріске
енгізу арқылы дамып келеді.
Күні бүгін кәсіпорында өндіріс қуатын таяудағы 4 жылдарда 24 млн.
тоннаға жеткізуге мүмкіндік беретін екінші буын жобасы(ЕБЖ) зауыты және
Шикі газ айдау(ШГА) жобасын салуға кірісті.
ЕБЖ-бұл жобаға ең жақсы өндірістік технологиялар пайдалынады.Бұл
зауытта жылына 11,2 млн т мұнай және күніне 10,7млн метр ілеспе
газөңделінеді.ШГА-бұл алдыңғы қатарлы технология,енді кен орнынан шыққан
газ бұрынғыдай ауада жанып кетпей,жер асты қабатына кері айдалады,кері
айдалған газ қабат қысымын көтеріп,мұнайдың алынуын жеңілдетеді.Бұл зауытта
жылына 3,8 млн т мұнай және күніне 6,8 млн м ілеспе газ өңделінеді.
Салыстырмалы түрде айтатын болсақ мұнай өндіру көлемі жылына 23 пайызға
көбеюде.Осы жоба аяқталғаннанкейін қоршаған ортаны қорғау технологиясы
жетілдіріліп,факелдегі ілеспе газдың жануы едеәуір қысқарады. Шикі мұнайдың
айтарлықтай көлемін тасымалдауда теміржол маршруттары, теңіз
транспорты,баржелік тасымалы, мұнай құбыры пайдаланылып келеді. 2001
жылдың наурыз айында Каспий Тұрба Құбыры Консорциумы салған Теңіз мұнайын
Қара теңіз терминалына тіке айдайтын
ұзындығы 1500 километрлік жаңа экспорттық Теңіз-Новороссийск тұрба
құбырлары іске қосылды. 2004 жылы осы КТК мұнай құбыры арқылы 13,6 млн
т мұнай Новороссийскке тасымалданды.Жаңа мұнай артериясының Теңіздің
телегей қуатын жүзеге асырудағы маңызы ерекше, өйткені бұған дейін шикізат
тасымалдау бірлескен кәсіпорынның өндірістік қуатының өсуін тежеп келген.
ТШО-ның барлық қызметкерлері және мердігер ұйымдары әрбір жұмыс
орнындағы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін және кәсіпорындағы экологиялық
қауіпсіздіктің сақталу жайын орынды мақтаныш етеді. ТШО-ның 2003 жылдың
ақпанындағы мәліметі бойынша, 3200 адамнан тұратын еңбек ұжымы жұмыс
уақытын жоғалтпай, өндірісте 800 күннен аса қауіпсіз жұмыс істеді. 13
миллион адам-сағаттан тұратын мұнай өнеркәсібі саласындағы әлемдік жетістік
үшін кәсіпорын үжымына Шеврон корпорациясы директорлар кеңесі басқармасы
төрағасының арнайы марапаты тапсырылды. Жыл сайын өндіріс қауіпсіздіғін
сақтаудағы зор жетістіктері үшін әлемдегі таңдаулы мұнай компанияларына
берілетін бұндай сыйлықты ТШО қызметкерлері өздеріне берілген үлкен баға
деп қабылдады.
ТШО-да Қазақстанның табиғат қорғау заңдылығында қаралған талаптар мен
нормалар қатаң сақталады. ТШО-да бірінші кезекте басты назар адамдарды және
қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударылды. Өндірісте және кәсіпшілікте
қауіпсіздікті сақтау мақсатында қолданылып жүрген талаптар халықаралық
нормаларға сай келеді, кей ретте асып түседі. Жыл сайын Теңізшевройл
табиғат қорғау шараларына миллиондаған қаржы жұмсайды.2003 жылы ТШО
Қазақстанның экономикасына 1,5млрд доллар қаржы түсірсе,2004 жылы 240
қазақстандық инвесторды өзіне тартып,Қазақстанэкономикасына роялти,салық
және басқа төлемдер есебінен 2,846 млрд доллары мөлшерінде қаржы түсірді.
Қазақстанның барлық деңгейдегі кәсіпорындары мен ұйымдары бюджетіне
Теңізшевройлдың тікелей төлемдері тұрақты қызметкерлерге жалақы,
жергіліқті кәсіпорындардың үсынған тауарлары мен қызметше есеп айырысу,
теміржол мен тұрба құбыры транспортына қоса мемлекеттік транспорт жүйелерін
пайдаланғаны үшін төленетін тарифтер, Республика бюджетіне төленетін салық
пен роялти, сондай-ақ ТШО-ның негізгі
қаражаты үшін Қазақойлға төлемдер түрінде көрінеді.1993жылдан 2004жылға
дейін аталған төлемдердің жалпы көлемі шамамен 8,8 млрд долларды құрады.
Қазақстан Экономикалық Зерттеу Институтының Стратегиялық жоспарлау мен
Реформа үшін жүргізген тәуелсіз зерттеуінің нәтижесі Республика
экономикасына салынған ТШО қаржысының тиімділігін, яғни ТШО-ның тікелей
инвестициясының әрбір долларының жалпы ішкі өнімге 0,52 доллардан қосымша
әкелетіндігін көрсетті.
ТШО өз қызметкерлерінің алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай тұрғызуда,
олардың тұрмыстық жағдайы мен демалысын ұйымдастыруда Қазақстан мұнай
өнеркәсібі саласындағы тандаулы кәсіпорындардың бірі болып саналады.
Теңізшевройл табысы ең алдымен жоғары мамандандырылған кадрлардың
потенциалдық қуатына, өз ісіне берілген қызметкерлердің біртұтас
командасына байланысты. Кәсіпорын өз қызметкерлерін бағалайды, олардың
мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарайды, әрқайсысының ортақ табысқа
қосқан үлесін ынталандырып отырады. ұлттық кадрлардың ролін ұдайы арттырып
отыру үшін арнайы оқулар мен қызметкерлердің мамандығын жетілдіру шаралары
ұйымдастырылып отырылады.
Бүгінде ТШО штатында 3200-дей қызметкер жұмыс істейді. Кадр саясатын
тиімді жүргізу арқасында жұмысқа кадрларды іріктеп, таңдау Атырау облысы
мен Қазақстанның оған таяу облыстары түрғындары арасында жүреді. Кадр
саясатында ұстанған осындай бағыт нәтижесінде күні бүгін ұлттық кадрлардың
үлес салмағы 81 пайызға жетіп отыр. Бұл көрсеткіш 1993 жылы 50 пайыз
болатын. ТШО-да жүмыс істейтін 200 қазақстандықтан басқа, кәсіпорынның
негізгі өндірісін қамтитын мердігер үйымдарында 5000-нан астам жергілікті
ұлт кадрлары жұмыс істейді, өндірістік қуаттарды одан әрі кеңейту
мақсатындағы күрделі қүрылыс жобаларын жүзеге асыруға байланысты олардың
саны да одан әрі өсе түспек.
Турғындарды жүмыспен қамту саласындағы жобаның тиімділігі мынадан
көрінеді: Теңіз жобасын жүзеге асыру кезеңі аралығында 86000-нан
астам қазақстандық ТШО-ның тапсырысын орындайтын және өнім шығаратын
мердігер ұйымдары мен аралас салаларында жұмыс істейтін болады.
Жаңа типті кәсіпорын ретіндегі ТШО-ның басты міндеттерінің бірі-
тауармен, қызметпен қамтушы және өндіруші отандык кәсіпорындарды іздестіру
және оларды пайдалану. Осы мақсатта 2000 жылдың маусым айында біріккен
басқарма құрылды. Тек 2004 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық
компаниялардың тауарлары мен жабдықтаушы қызмет түрлерін пайдалану көлемі
689 млн. доллар құрады. Импортты алмастыру Мемлекеттіқ бағдарламасын жүзеге
асыру шеңберінде қазақстандық фирмаларды мердігер немесе қамтушы кәсіпорын
ретінде пайдалану бағытында қызу жұмыс жүруде. 2001 жылдың көкек айында
Теңізшевройл Атырау қаласында өнім өндіретін жэне қызмет қөрсететін 156
отандық компанияның қатысуымен кеңес өткізді. Аталмыш басқосу мұнай
кешеніндегі ірі компанияның импортты алмастыру бағытындағы қазіргі және
болашақ саясатын нақтылай түсуге мүмкіндік туғызады, әрі қазақстандық
өндірушілердің салиқалы потенциалын танытты.
Теңізшевройл Атырау облысының әлеуметгік саласын дамытуда елеулі роль
атқарды. ТШО 1993- 2004 жылдар аралығында Теңіз кешеніне жақын орналасқан
аудандардың әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық объектілері жүйесін дамытуды
көздеген Атырау Бонус қоры бағдарламасына 89млн доллар қаржы бөллді. Қор
қаржысына тұрғызылған ірі жобалар қатарында Атырау қаласынан түрғызылған
жылу орталығы, нан зауыты мен аурухана, аудан орталығы Құлсары қаласындағы
су тасқынынан зардап шеккендерге арнап тұрғызылған 20 тұрғын үй, жедел
жәрдем ауруханасы бар. Сондай-ақ Бонус қоры қаржысына бірнеше медициналық
бағдарлама жүзеге асып, емдену мекемелері тиісті жабдықтармен қамтылды.
Аталған бағыттағы жұмыстардың заңды жалғасы 1999 жылы өз жүмысын
бастаған Игілік бағдарламасынан көрініс табуда. Аталған
бағдарламаның жобаларын қаржыландыру шеңберінде 1999 жылы Атырау
қаласындағы орталық көпірді қайта салуға және облыс орталығын
көріктендіруге қаржы бөлінді. 2000 жылы Игілік бағдарламасы қаржысы
есебінен Атырау университетінің қосымша оку корпусы құрылысына, Жайық өзені
жағасын бекіту жұмыстарына, облыс орталығын одан әрі көркейту жұмыстарына 5
миллион доллар бөлінді. 2003 жылы аталған бағдарлама бойынша Теңіз кен
алаңы орналасқан Жылыой ауданына 3 миллион доллар, бұған қоса облыс
орталығына 2,8 миллион доллар бөлінді.
Теңіздегі өндірісті кеңейту жоспарын назарға ала отырып, болашақ үшін
және атыраулықтардың, облыс пен республиканың алдындағы жергілікті
инфрақұрылымды және әлеуметтік саланы дамытуға қатысты көп жылғы
міндеттерімізді негіздеу үшін, Теңізшевройлдың Атыраудағы бас офисі мен
тұрғын үй комплексі құрылысына айтарлықтай қаржы аударылып отыр.
Теңізшевройл бірлескен кәсіпорыны мәдениет мекемелеріне, шығармашылық
рақымдарға, балалар үйіне , мектеп интернаттар мен қарттар үйлеріне,
ауруханаларға, мүгедектер қоғамы мен Жылыой ауданы мен Атырау қаласындағы
аз қамтылған отбасыларына тұрақгы түрде қолдау көрсетіп келеді.
ТШО ұжымы қай жағынан да тендесі жоқ, Қазақстанның табиғи байлықтарының
ішіндегі інжу-маржандарының бірі болып табылатын Теңіз мұнай кенішін игеру
құрметіне ие болды. Өндірістік қызметіміздегі жетістіктеріміз бен ТШО-ның
ел экономикасына қосатын қомақты үлесі баршаға танымал және біз оларды
мақтан етеміз.
Жүртшылықтың ықыласына ие болу және сол құрметке лайықты болу-ТШО-ның
негізгі мақсаттарының бірі.
Мұнай және газ саласында әлемдегі ең нәтижелі және табысты кәсіпорын
болуға талпынып жатқан ТШО-ның алдындағы тұрған
стратегиялық міндеттердің бірі-қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны
қорғау бойынша көшбасшы болу.
Теңізшевройл тек өзінің қызметкерлеріне ғана емес, сонымен бірге
кәсіпорын маңында орналасқан елді мекендердің түрғындарына да қауіпсіз
жұмыс жағдайлары мен олардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуді шын
мәнінде өзінің міндеті деп санайды.
Қоршаған ортаның қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету мақсатында табиғи
ортаның барлық қүрамдас бөліктері- ауа, су, топырақ, өсімдіктер мен
жануарлар әлемі бақылауга алынған.
Атмосфералық ауаны бақылау мәліметтері бойынша, ТШО-ның өндіріс
учаскелеріндегі және жақын маңдағы елді мекендердегі ауаның сапасы әрқашан
тыныс алуға қауіпсіз болатын ауа сапасы үшін белгіленген қазақстандық және
халықаралық санитарлық нормаларға сәйкес және өндіріс қызметі қеңейтілген
кезде нашарламайды.
ТШО-да қызмет атқарып жатқан Жылыой ауданы тұрғындарының еңбекақы
деңгейі-Қазақстан бойынша ең жоғарылардың бірі.
ТШО-ның өндірістік қызметінің жергілікгі экологиялық жүйеге әсер
етуінің жалпы деңгейі қазіргі кезде болмашы деп анықталып отыр.
ТШО -теңдесі жоқ Теңіз кенішіндегі геологиялық барлауды жүргізетін,
мұнай мен газды өндіретін, тазартатын және өткізетін қазақстандық
кэсіпорын. ТШО-Қазақстанның мүнай өнеркәсібінің барлық бағыты бойынша
-атқаратын міндеттері көлемінің үлкендігі жағынан да,өнім шығару көлемі
жағынан да, ел экономикасындағы маңыздылығы жағынан да көшбасшы.
ТШО ұжымы біздің кәсіпорынымыздың жалпы республикалық мұнай көлемінің
33 пайызын өндіре және өткізе отырып, бүкіл Қазақстан экономикасының
дамуына елеулі үлес қосып жатқанын мақтан етеді.
Қазақстан экономикасындағы маңызы бойынша ТШО стратегиялық
кәсіпорындардың бірі болып табылады. Оның табыстары қазіргі кездің өзінде
бүкіл елдің игілігіне оң ықпалын тигізуде және оның болашақтағы өрлеуіне де
салмақты үлесін қоспақ.

1993 жылы (ТШО қүрылған кезде) кәсіпорындағы мұнай өндіру көлемі не
бары 1,492 миллион тоннаны құраған болатын.
Тартылған инвестицияларды тиімді игеру 10 жылдың ішінде өндірістің
бүкіл инфрақұрылымын түбегейлі жаңартуға өндірістік базаны кеңейтуге,
әлемдік деңгейдегі жоғары технологияларды пайдалана отырып, жаңа нысандарды
салу және жаңа жабдықтарды орнату арқылы өндіріс қуатын елеулі түрде
көбейтуге табиғатты қорғау бойынша орасан зор шараларды жүзеге асыруға
мүмкіндік берді.
Өнімділікті қарқынды өсірудің нәтижесінде (орташа алғанда жылына 40
пайыз) ТШО 2004 жылы тәулігіне орташа алғанда 284,4 мың баррель мұнай
өндіре отырып, мұнай өндірудің жылдық көлемін 13,7 миллион тоннаға
жеткізді, сөйтіп, жалпы ұлттық ауқымдағы алып кәсіпорын, еліміздің мұнай
саласында көшбасшы болды. ТШО қызметінің көптеген түрлері ең деген сөзге
лайықты: әлемдегі ең ірі кен орындардың бірі, ең ірі инвесторлар, әлемдегі
ең терең үңғымалар, әлемдегі ең куатты бұрғылау станоктары, әлемдегі ең
қуатты компрессор, жалпы өнімділікті өсірудің әлемдегі ең жоғары қарқыны,
мүнайды теміржол көлігімен жеткізудің әлемдегі ең үлкен көлемі, қоршаған
ортаны бақылайтын кешенді экологиялық мониторингінің ТМД елдері ішіндегі ең
ауқымды және ең озық жүйесі, Қазақстандағы табиғатгы қорғау шараларына
жұмсалатын ең ірі инвестициялар, үздіксіз жүргізілген апатсыз жүмыстың ең
жоғары көрсеткіші, ең озық технологиялар, Қазақстан экономикасына қосылатын
ең қомақты үлес, қайырымдылық пен демеушілікке жұмсалатын ең үлкен жарналар
және т.б.
Жылына 13,7 миллион тоннаға жеткен мұнай өндіру көлемі шекті шама емес,
ТШО өндірісінің дамуы жалғасуда.
Қолайлы жағдайларда 2006 жылы мұнай өндіру көлемін 24,5 миллион тоннаға
дейін, ал таяу онжылдық ішінде 32 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланып
отыр.
Бұл Қазақстанның өз халқының игілігі үшін ірі мұнайлы мемлекетке
айналуын жақьндату жолындағы ТШО-ның қомақты үлесі болады.
Кен орнында өндірілетін шикізаттан ТШО ақтық өнімнің бірнеше түрін
шығарады, бұл ретте ТШО табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қағидасын
сақгай отырып, тапжылмастан қалдықсыз өндіріске ұмтылуда.
ТШО өнімдерінің негізгі түрі-тұрақтандырылған мұнай. Көмірсутек
шикізатының қалған бөлігінен (ілеспе газ) тауарлық газ (кұрғақ табиғи газ
және сүйытылған газдар-пропан мен бутан), сонымен қатар Теңіздің шикі
мұнайының кұрамында өте көп мөлшерде болатын көмірсутектен алынатын
қарапайым күкірт өндіріледі.
Соңғы жылдары жобалануы мен құрылысы ТШО кұрылғаннан кейінгі алғашқы
жылдарда басталған нысандар мен қондырғылар іске қосыла бастады. Дәл осы
нысандардың арқасында ТШО өнімділікті өсіріп қана қоймай, сонымен бірге
өндірілетін барлық өнімнің сапасын халықаралық талаптарға сай жақсартуға
және табиғи ортаға тиетін әсердің деңгейін түбегейлі төмендетуғе қол
жеткізді.
Лицензиялы территориясында басқа да перспективалы учаскелердің
орналасқанына қарамастан Теңіз шын мәнінде алып кен алаңы болып саналады.
Теңіз- әлемдеғі игеріліп жатқан кен аландарының ішіндеғі анағүрлым
тереңдікте жатқан алып кеніш. Сонымен қатар Теңіздің пайдаланып жатқан
өндіріс нысандарының көмегімен көршілес Королев кеніші игерілуде. Королев
кенішіндеғі алғашқы мұнай өндіру 2001 жылдың қараша айында басталды.
2004жыл компания үшін айтарлықтай табыспен аяқталды.Өз тарихында мұнай
өндірудің ең биік нәтижесіне жетіп,ең бастысы өндірілген мұнайдан ауаға
бөлінетін зиянды заттар шығарудың ең аз көрсеткішіне қол жеткізді.2004 жылы
атмосфераға шығарылған зиянды заттар көлемі шамамен 56,240м т,2000жылмен
көрсеткішпен салыстырғанды 35 пайызға аз. 2000 жылы бір тонна ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді инвестицияның есебі
Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда ұзақ мерзімді активтер есебі және аудиті
Қаржылық жобаларды бақылау тобы
Нарықтық экономикаға өту барысында
КОРПОРАТИВТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
Каспий өңірінің экологиялық ахуалы
Қазақстандағы мұнай өндірісі
Қазақстанның нарық экономикасына өту кезеңіндегі жер қойнауы ресурстарын игерудің жағдайы туралы
Нарықтық экономика жағдайында Бизнес-жоспардың тиімділігін анықтау ТШО ЖШС мысалында
Пласттық мұнайдың құрамы
Пәндер