Педагогикалық технологияның мәні мен мазмұны



Педагогикалық технологиялар.
1. Педагогикалық технологияның мәні мен мазмұны.
2. Педагогикалық технологияларды топтастыру.
3. Оқытуда қолданылатын жаңа технологиялар.
Педагогикалық технологияның мәні мен мазмұны
Оқу бағдарламаларында барлық пән бойынша білім мазмұнының әзірше бірінші элементіне үлкен мән берілуде, яғни білімге. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамьпудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басшылық рол берілсе, ал қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғамды гуманизациялау, оқытуды дифференсациялау арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын мәселесі - әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен (іс-әрекет сипаты, жеке интеллектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеуі, жауапкершілігі, өз еркімен ұсыныс тастауы т.б.) бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды, керісінше дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.
Педагогикалык технологияларды топтастыру
Педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру мен демократияландыру негізіндегі технологиялар.
Оған Ш.А.Амонашвили, Е.И. Ильина әдістемелері жатады.
1. Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру мен тиімділігін арттыру педагогикалық технологиялары.
Оған ойын элементтері, проблемалық оқыту, тірек сызбалары, В.Ф.Шаталов және Е.И.Пассовтың коммуникативті әдістемелері кіреді.
2. Оқыту процесін басқару мен ұйымдастыру тиімділігін арттыратын педагогикалық технологиялар.
Оған бағдарламалап оқыту, дифференциялдап оқьпу (Н.К.Гузик, Ж.Қараев, т.б.) топты және ұжымдық оқыту, ақпараттық технологиялар мен т.б. жатады.
3. Оқу материалының дидактикалық құрылымын әдіснамалық тұрғыдан жетілдіретін әдістемелер.
4.Табиғатқа сәйкестендіріп, Халық педагогикасы әдістемелері қолданылатын технологиялар. Мысалы, Л.Н.Толстой. Монтессорк, Абайдың қара сөздері т.б.
5. Баламалы технологиялар, Мысалы Р. Штейнерді, Вальдорф педагогикасы.
Кешенді технологиялар (Бұған көптеген авторлық мектептер кіреді) т.б.
Оқытуда қолданатын жаңа технологиялар
Қазіргі кезде оқыту процесін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың, техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етудің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Соңдықтан осындай жаңартылган педагогикалық технологиялар ішінен өз қажетін тавдап алу — эр мұғалім ушін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс. Оқьгту багдарламалары сызықтық, тармақты, адаптивті, құрама, блоктың және модульді болып бөлінеді.
1. Сызықтық — оқу материалдары блокпен беріліп, бақылау жұмыстарымен кезектестіріліп отырады.
2. Тармақтық — оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда қосымша ақпарат көздерінен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын орындайды.
3. Адаптивті — өзінің меңгеру дәрежесіне қарай жаңа материалдың күрделілік дәрежесін өзі таңдап, сөздіктер мен анықтамаларды (техникалық құралдарды, компьютер, т.б.) қолдана алады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Педагогикалық технологиялар.
1. Педагогикалық технологияның мәні мен мазмұны.
2. Педагогикалық технологияларды топтастыру.
3. Оқытуда қолданылатын жаңа технологиялар.
Педагогикалық технологияның мәні мен мазмұны
Оқу бағдарламаларында барлық пән бойынша білім мазмұнының әзірше
бірінші элементіне үлкен мән берілуде, яғни білімге. Қазіргі қоғамда жүріп
жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамьпудың жаңа жолдарын,
яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап
етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басшылық рол
берілсе, ал қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны
оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғамды гуманизациялау, оқытуды
дифференсациялау арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады. Ал мұғалімнің
негізгі көңіл аударатын мәселесі - әрбір оқушының жеке қызығуы мен
мүмкіндіктерін ашу. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық
параметрлерімен (іс-әрекет сипаты, жеке интеллектуалды дамуы, сөйлеу
мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеуі, жауапкершілігі, өз еркімен ұсыныс
тастауы т.б.) бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды,
керісінше дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады. Оқушылардың өз
нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген
қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау,
қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.
Педагогикалык технологияларды топтастыру
Педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру мен демократияландыру
негізіндегі технологиялар.
Оған Ш.А.Амонашвили, Е.И. Ильина әдістемелері жатады.
1. Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру мен тиімділігін арттыру
педагогикалық технологиялары.
Оған ойын элементтері, проблемалық оқыту, тірек сызбалары,
В.Ф.Шаталов және Е.И.Пассовтың коммуникативті әдістемелері кіреді.
2. Оқыту процесін басқару мен ұйымдастыру тиімділігін арттыратын
педагогикалық технологиялар.
Оған бағдарламалап оқыту, дифференциялдап оқьпу (Н.К.Гузик, Ж.Қараев,
т.б.) топты және ұжымдық оқыту, ақпараттық технологиялар мен т.б. жатады.
3. Оқу материалының дидактикалық құрылымын әдіснамалық тұрғыдан
жетілдіретін әдістемелер.
4.Табиғатқа сәйкестендіріп, Халық педагогикасы әдістемелері
қолданылатын технологиялар. Мысалы, Л.Н.Толстой. Монтессорк, Абайдың қара
сөздері т.б.
5. Баламалы технологиялар, Мысалы Р. Штейнерді, Вальдорф
педагогикасы.
Кешенді технологиялар (Бұған көптеген авторлық мектептер кіреді) т.б.
Оқытуда қолданатын жаңа технологиялар
Қазіргі кезде оқыту процесін жоспарлаудың, қолданудың және
бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың, техникалық ресурстарды білімді
игеру жолында өзара тиімді әрекет етудің негізі ретінде жаңа
педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Соңдықтан осындай
жаңартылган педагогикалық технологиялар ішінен өз қажетін тавдап алу — эр
мұғалім ушін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс. Оқьгту багдарламалары
сызықтық, тармақты, адаптивті, құрама, блоктың және модульді болып
бөлінеді.
1. Сызықтық — оқу материалдары блокпен беріліп, бақылау
жұмыстарымен кезектестіріліп отырады.
2. Тармақтық — оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда
қосымша ақпарат көздерінен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын
орындайды.
3. Адаптивті — өзінің меңгеру дәрежесіне қарай жаңа материалдың
күрделілік дәрежесін өзі таңдап, сөздіктер мен анықтамаларды (техникалық
құралдарды, компьютер, т.б.) қолдана алады.
Модульдік оқьпудың технологиясы туралы түсінік
Модульдік оқудың технологиясы оқьпушыға педагогикалық жүйенің негізін
түсінуге жағдай жасай отырып, оқытудың теориясы мен практикасын өзара
байланыстыруға оны технологиялық деңгейге дейін көтеруге жағдай жасайды.
Модульдік окудың технологиясы мынандай компоненттерден: мотивтік-
мақсаткерлік, маңыздылық, оперативтік-іс-әрекеттілік, бағалы-қорытындылық.
Ұсынылып отырған модульдер — бұл оқу акпараттылығын программалық
жүйесін сақтау болып табылады. Мұның логикалық көкейкестілігі оның
структуралық-құрылымы, модульдің жалпы оқу процесін саналы меңгеруге
тигізетін әсері - оқытудың әдістемелігі болып есептеледі.
Модульдық оқу процесінде - мақсаткерлік негізгі
педагогикалық категория ретінде болашақ нәтиженің, іс-қимылдың,
белгілі қызметтің қортындысы және реттеуші ретінде әсер етеді. З.В.Знак
пен В.И.Бактинскийдің пікірлерінше - мақсаткерлік белгілі бір қызметтің
немесе іс-қимылдың мазмұнын қалыптастырады. Модулъдегі мақсаткерлік жеке
тұлғаның бағалы бағдарламасын сипаттайды және оның белгілі бір нәтижеге
жетуін айқындайды. P.P. Бибрихтің дәлелдеуінше, жеке тұлғаның әрбір
жаңа максаткерлігі — оның мотивациялық бағытын өзгерте отырып, өз алдына
одан да күрделі жаңа күрделі мақсат қоюға, мүмкіндік жасайды -
мұны іс-қимылдың көкейкестілігі дейді.
Сөйтіп, адамның саналы іс-қимылы белгілі бір мақсатқа жетуге
бағытталған. Ал мақсаткерлікті анықтау, оған жету, сол ретте программа
жасау, қажетті құралды таңдау — адам қызметінің оңтайлы қырымен саналады.
Осының барлығының жиынтығы модульде - алгоритмдік мақсаткерлік болып
есептеледі.

Алгоритмдік мақсатқа жетудің негізгі белгілері
1. Мақсаткерлікті таңдау және анықтау және оны іске асыру үшін ұсыну.
Бүл мақсатқа жетудің бірінші компоненті. Сондай-ақ, мұндай іс-қимылдың
ерекшелігіне сәйкес айлалы мақсаткерлікті анықтау.
2. Мақсаткерлікке сәйкес ұсынылған — нәтижеге жетудің жолдарын анықтау, бұл
мақсатқа жетудің екінші компоненті. Алға қойған мақсатқа жетудін жолдарын
анықтау үшін - мына факторларды зерттеу қажет. Ол:
- Мақсаткерліктегі ортаның немесе заттың критерийлік өлшемі және
көрсеткіші.
- Оқу процесінің формасы және қарастырылған әр түрлі әдістемелілігі.
- Оқушылар мен педагогтың біріккен іс-қимылы және қызметі.
3. Күткен нәтижені — қорытындыны анықтау мақсатқа жетудің үшінші
компоненті (бұл оқушылардың мақсатқа жету жолында ұсынылған тәрбиелік
сипатын көрсетеді). Сондай-ақ, нәтижелік, тәрбиелік, үлгерімділік, оқу
сапалылығы, іс-қимылдың оңтайлы дамушылығы, коллективтің
бірлігі, татулығы. Жеке тұлғаның — оқушының ұсынылған мақсатқа жетуге
сәйкес дамуы, тәрбиелілігі, білім алуы. Демек, мақсатқа жету модулі —
мақсат қоя білуге үйретеді. Оцушылардың және студенттердің негізгі мақсаты
— сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етеді.
Мақсатқа сәйкестілік технологиясы — модульдік жүйенің белгілі бір
бөлігі ретінде төмендегіше сипатталады:
1. Мақсаткерліктің иерархиялығы;
2. Мақсаткерліктің оқу-тәрбие құралына бағыныштылығы;
3. Мақсаткерліктің ерекшелігі мен арнаулы қасиеттілігі және бірізділігі;
4. Мақсаткерліктің модификациялық мүмкіндігі. Мақсаткерліктің
иерархиялылығы — мақсатты нақты қоя білушілікке негізделген. Бұл бірнеше
категорияға бөлінген және даму деңгейі өте жоғары. Бұл жүйені
"педагогикалық таксаномия" деп, атайды. В.П.Беспалько, П.Я.Гальперин,
И.Я.Лернер таксономиясы бүгінгі модульдік жүйеде қолданылады.
Модульдік оқу — бұл оқудың мазмұнын жақсартудың, оны ұйымдастырудың құралы
және әдісі. Сондай-ақ, ол теориялық және практикалық білімді қамтамасыз
етудің құрылымдық жүйесі. Модуль — оқу процесінің өзгеруіне байланысты
ұдайы жетілдіріліп және өзгертіліп, түрлендіріліп отырады. Демек, модуль -
жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеудің үлгісі — оқу процесін
түрлендірудің әдістемесі.
Модульдік оқудың маңыздылығы
Модулъдық оқу — тұтас ұдайы дамып отыратын жүйе. Модульдық оқудың
принциптері: жалпы заңдылыққа сүйенеді. Бұл заңдылықтар педагогикалық,
философиялық, психологиялық, социологиялық ғылымның негіздерінде
айқындалған. Демек, ғалым — П.А. Юцявиченнің "Модульдік оқудың теориясы мен
практикасы" атты еңбегіңде модульдық оқудың принциптері де және оның оқьпу
методологиясы жалпы дидактикалық принциптермен тұтасып жатады және сол
негізде қолданады.
Білім беруді ақпараттандырудың даму тарихы.
Білім берудің дамыған өркениетті елдердегі үлгісіне қарап,
мемлекетімізге сай ұлттық сана мен халықтық дәстүр және даму ерекшеліктерін
ескере отырып, оқытудың жаңаша түрлі жүйесінің бағдарламасы қолға алынғаны
— алға қарай талпыныс, бүгінгі күннің талабы.
Білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кезде
біпім берудегі мақсат — жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-
талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
1997 жылдың 16-қыркүйегінде мемлекет басшысы Резиденциясында
Елбасының білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасына қол қойған болатын.
Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің сөзінде бұл бағдарламаның қабылдануын сол кездің
өзінде-ақ біздің еліміздің бюджеті үшін өте қымбат шешім деп атаған еді,
бірақ, сонымен қатар: "Бізге бұдан да өте қымбатқа түседі, егер біз
Қазақстанның келешегі — өскелең ұрпақтың сапалы білімі туралы ойламасақ "
— деп атап көрсетті.
Білім жүйесін ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған
Концепциясы Үкіметтің қаулысымен бекітілді, онда оның негізгі бағыттары
анықталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-
қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.3.1.9-
тармақтарына сәйкес әзірленген және білім беру жүйесін дамытудың 2005 жылга
дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарын айқындайтын "Білім" мемлекеттік
бағдарламасының негізгі міндеттерінде де:
Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің
мемлекеттік жалпыға міндеіті стандарттарын енгізу және одан әрі дамыту,
мамандықтардың мемлекетттк жіктегішін жетілдіру;
Білім беру бағдарламасын жетілдіру жолымен мамандарды даярлаудың
жоғарғы сапасын қамтамасыз ету;
- Студенттерді даярлауда, олардың біліктілігін арттыру мен қайта
даярлауда халықаралық ынтымақгастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен
ғылыми-зерттеулерді жүргізу;
- Оқытудың жаңа ақпаратгық технологияларын енгізу, дистанттық білім
беруді дамыту;
- Академиялық және салалық ғылымды жогары біліммен кезең-кезеңмен
интеграциялау.
Арақашықтықта оқыту - өз бетінше білім алудың бір түрі.
Дистанттық философиялық білімді толығырақ өз еңбектерінде В.Белла,
А.Тоффлера, Р.Ф.Абдеева атап өткен. Қазіргі уақытта дистанттық білім
термині нақты анықталмаған. АҚШ мамандары дистанттық білімді былай
түсіндіреді: білім программасын мынадай технологиялар арқылы жеткізуді атап
көрсетеді, олар кабельдік және спутникті телевидение, видео және аудио
жазбалар, факстар, модемдер, видео конференцияларды оқу орындарынан тыс
жерлерде оқыту.
Сонымен қатар дистанттық білімді екі аспектіде — Қазақстан
Республикасының білім беру системасының бір бөлшегі ретінде және
педагогикалық система ретінде қарастыруға болады.
Халықаралық іс-тәжірибеде білім беру үлгілері.
Оқу орындарында оқьпу күндізгі, сырттай, кешкі оқу сияқты бұрыннан
келе жатқан нысандармен қатар, халықаралық іс-тәжірибедегі білім беру
үлгілері дистанциялық оқыту және экстернат нысандарында жүзеге асырылуы
заңмен бекітілген.
Дистанциялық оқыту дегеніміз - электрондық және телекоммуникациялық
құралдар арқылы білім беру ұйымдарынан алыста орналасқан адамдардың оқу-
танымдық қызметі мен дамуына нысаналы және әдістемелі түрде ұйымдастырылған
басшылық жасау. Қысқаша айтқанда, алыстан білім беру.
Экстернат дегеніміз — ерекше санаттағы адамдарға арналған оқыту
нысандарынын бірі, мұнда олар білім беру ұйымына үнемі бармай-ақ, білім
беру бағдарламаларын өз бетінше меңгереді және қорытынды мемлекеттік
атгестаттауға жіберіледі. Оқуды бітірген соң берілген құжаттар Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде танылуы, сондай-ақ шетелдік білім беру
ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасы аумағында
танылуы тиіс халықаралық шарттар (келісім) негізінде жүзеге асырылады. 2001
жылы Алматыда екі күнге созылған Қазақстан Республикасындағы ара
қашықтықтан білім беру тәжірибе сараптамалары мен даму келешегі атты
халықаралық ғылыми-тәжірибелік маслихат болып өтті.
Қысқаша айтқанда, ара қашыктықтан білім берудің тиімді жақтары да
жеткілікті. Бұл әдіс жоғарғы оқу орындарындагы студенттер үшін өте қажет.
Мысалы, студенттер жоғары білім алу үшін бір қаладан екінші қалаға, бір
мемлекеттен екінші мемлекетке қатынамай-ақ тұрғылықты мекендерінде оқуларын
жалғастыра береді. Білім берудің мұндай түрі қазір Европа елдерінде кеңінен
пайдаланылуда.
Ара қашықтық (дистанциялық) оқу жүйесінің тиімді жері әлемнің кез
келген нүктесінен білім алуына болады. Интернет арқылы тапсырмалар алып,
дипломды да интернет арқылы қорғауына болады. Бұл барып оқығаннан
тиімдірек, әрі арзанырақ.
Ақпараттық технологиялардың мазмұны
Бірлесіп оқудың басты идеясы - білімді бірлесіп игеру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық технологиялар жүйесі
Оқытудың қазіргі технологиялары
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
Ұжымдық танымдық әрекет негізіндегі тәсіл
Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама
. Қазіргі ғылыми әдебиеттегі педагогикалық технология түсінігі
Оқыту технологиясын жаппай ендіру
Әлемдік пеагогикалық тәжірибеде
Қазіргі педагогикалық технология. Дәрістер
Мұғалім және оның педагогикалық процесті ұйымдастырудағы рөлі - копия
Пәндер