Іле Алатауының кіші алматы шатқалындағы көрікті жерлер


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалындағы көрікті жерлер

Іле Алатауының көрікті жерлерін зерттеу күрделі іс. Физикалық географияның негізгі зерттеу нышаны - географиялық қабық.

Географиялық қабық - атмосфера, гидросфера, және литосфераның тоғысып, біріне-бірі әсер етуінің және бірімен бірінің зат алмасуының нәтижесінде түзілген жердің ерекше қабығы. Біздің ата-бабаларымыздың осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын Кіші Алматы шатқалы басталар жерге Жетісудың астанасын тұрғызуы бекер емес. Ең әсем, ең көрікті аймақ ретінде адамзатты өз әсерімен таңқалдырған жерлердің бірі болған.

Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалы толып жатқан құздардан, сай-жыралардан, өзектерден құрылады. Осылардың ішіндегі мәдени ландшафтар - Горельник, Шымбұлақ, Мыңжылқы шатқалдары. Шатқалың негізгі бөлігі бүкіл дүние жүзіне мәлім Медеу спорт кешені арқылы Шымбұлақ шаңғы базасы, биік таудағы Мыңжылқы метеорология станциясы және Тұйықсу мұзартын қамтиды.

Кіші Алматы шатқалы неғұрылым толық игерілген. Алматы қаласының шығыс жақ жартысы осы ауданның тауларында сел тасқынынан ыққан кезде қалыптасқан төкпелі өршіктерде орналасқан.

Шатқалдың басталар жерінде қаланың басты даңғылдары Абай мен Достықтың қиылысында, қаланың ең әсем ауданы орныққан. Тамаша сұлу «Қазақстан» зәулім қонақ үйі, Республика сарайы, Көктөбе тауына апаратын сым арқанды аспалы жол, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа орнатылған асқақ ескерткіш осында. Осы арадан, теңіз деңгейінен 870 метр биіктен, шатқалға қарай Достық даңғылымен көп қабатты үйлерді, әдемі «Алатау» қонақ үйі орналасқан. Көптеген бау-бақшаларға сәтті жанасқан жазғы жайлауларды, оқшау үйлерді бойлай тас жол өрлейді. Айналаның бәрі жап-жасыл, егін суаратын жеткілікті су, жұмсақ климат, таза ауа қалыптасқан. Сондықтан тау етегіндегі қаланың бұл ауданы адамның өмірі, тынығуы үшін неғұрылым қолайлы, жайлы мәдени ландшафтар аймағы болып табылады.

Қаладан шығысымен жақсы жасалған әдемі, кең автомагистарльдің екі жағын бойлай сансыз көп бау-бақша, санаторийлер, демалыс үйлері, жер бедеріне сәтті үйлескен кафе, ресторандар тізілген.

Қаланың оңтүстік шетінен үш шақырым қашықтықта теңіз деңгейінен 1000 м биікте, сол жақта жақсы жиһаздалған кафе тұр. Оң жаққа қарай негізгі автомагистральді тамаша тас жол Каменское плато, Қазақ жеміс-жүзім өсіру жөніндегі ғылыми-зерттеу институты мен обсерватория бағытына қарай бұрылады. Сәл жоғарырақтағы Кіші Алматы өзенінің үстінде темір бетоннан салынған әсем көпір тұр. Көпірден жоғарырақта дөңесті «сөрелер» белдеуі жолды екі жағынан қоршайды, 4 км жолдан кейін 1200 м биікте өзенде оң жақ жағасында қайың тоғайының шетінде теректер арасына ертегідей сұлу, ұшты найзалы «Жайлау» мейрамханасы орналасқан. Онымен қатар қайың тоғайына өту үшін дарбаза тұрпаттас жалғыз аяқ көпір салынған. Оны тоғайдан батысқа таман қайыңнан, теректен, алма, долана, өрік ағаштарынан құралған қалың қою, орман қаптай өскен өте тік жарқабақты бөктер басталады. Салыстырмалы шамамен алғанда бұл орманның орналасқан жері онша биік емес. Іле Алатауының батыс және шығыс бөліктерінде осындай биікте, тіпті көлеңкелі бөктерде де Азияның тек өзіне ғана қуаң далалық шөп тектес өсімдіктер өседі.

«Жайлау» мейрамханасының шығыс жағындағы ұзақ қапталда бау-бақшалар, демалыс үйлері мен санаторийлер, ойдым-ойдым жабайы алма, өрік ағаштары, тау жолдарын бойлай өскен мырза теректер көрінеді. Тауға қарай жоғары өрлей берудің өзі барған сайын қиындап, бөктер тіктеу бола бастайды.

Ұзындығы 20-23 м емендердің кейбіреулерінің ұшар басындағы бұтақтары қурай бастаған; бұл - топырақты ұдайы нығыздай бергендіктен қурап, түскен жапырақтарды жинап алғандықтың салдары. Әлде де болса жағдайды түзеп алуға әбден мүмкіндік бар. Өйткені емендер біршама жас, олар небәрі 60-80 жаста ғана. Бұл үшін қурап түскен жапырақтарды қайта көшіру қажет немесе ағаштардың бөрікбастарының, желектерінің шеткі тұсынан кішігірім шұқыршалар қазып, жапырақтарды көміп тастау керек.

Бұдан әрі жол қайың тоғайың бойлай көсіліп, айырыққа шығып (биіктігі 1300м) тура Медеуге, солға қарай республикаға әйгілі демалыс үйімен «Алатау» санаторийіне, оңға және төмен қарай қала маңындағы орман шаруашылығының кеңсесіне апарады. Бұлақтың батыс жағында, өзеннің арғы бетіндегі қапталда бау-бақша тұнып тұр.

Одан жоғарырақта өзеннің кең алабында негізгі көрініс аясы енді жабайы өсімдіктерге көшеді. Кей жерлерде жаңа сорттармен асылдандырылған Сиверс жабайы алма ағаштарының қалың нулары, жабайы өрік, долана ағаштары, талдар, теректер өзен алабының, бөктерлердің төменгі бөліктерін безендіріп тұр, жоғарырақта солтүстік, солтүстік шығыс және солтүстік батыс беткейлер көлеңкелі бөліктерінде өсетін шыршалар орналасқан тау терек тоғайларынан тұратын жапырақты ормандар белдеуі басталады. Бұлақ ауданында 1330 м биікте сары каштан топырақ тәріздес балшықтардан құралған «сөрелер белдеуі» Іле Алатауынан негізгі тасты аумағына ауысады. Бұл ауысу шекарасы айқын көрінеді: сары топырақтан құралған қапталда таутерек тоғайы, белуардан келетін қалың шөп өсіп тұр, ал солармен қатарласа жалаңаш жартастар мен тастар арасында өріктің жалғыз-жарым ағаштары кездеседі.

Ілгері жоғарылаған сайын жол тік биікке көтеріле береді, бірақ өзеннің алабы әлі де әжептәуір жалпақ, ал орман өскен бөктерлер онша жарқабақты емес.

Жазда жайлы, жағымды таудың жеңіл самалы ыстықта жанға рақат қоңыр салқын леп әкеледі, ал қыста таулардың осы биік беткейінде әрдайым ауа мейлінше таза, айқын ашық күн көзі нұр себелейді. Қалаға қарағанда бірнеше градус жылырақта, мұнда әрбір 100 метр биікке өрлеген сайын қыста ауаның температурасы жоғарылығымен ерекшеленеді.

Алматы өзеніндегі көпірдің ар жағында батысқа қарай батареялы құзартында теңіз деңгейіне 1500-1580 м биікте «Мерей» демалыс үйімен қатар биік таудағы жайлауға баратын тау шаңғы соқпағы көктемнің аяғына дейін жатады.

Шаңғы жолы биік таудағы біршама тегістеу сырт жазығына апарады да, шатқал кеңейе түседі. Көз алдыңа биік таудағы атақты мұз айдыны жоғары классты қонақ үйі бар «Медеу» спорт кешенінің тартымды да әсерлі бейнесі ашылады. Спорт кешені теңіз деңгейінен 1700-1750 м биікте орналасқан, одан сәл жоғарырақта шатқалды атақты сел тоқтатар платинаның биіктігі200 метрден астам, оның қыр арқасында 1900 биікте жалпақ тас жол салынған. Сол жолдан қарасаңыз, шатқалдан төмен қарай керемет көрініс ашылды, мұнда жер бедеріне, тау өсімдіктеріне сәтті үйлескен өзгеше бір жеңіл пішінде инженерлік ғимараттар жарасымдылығымен көз тартады. Мұз айдынының бетіне төгуге керекті суды жинайтын дөңгелек тұндырғыш та, мұз айдынды спорт стадионы да, су бассейні бар Медеу қыстауы да асфальтталған автомобиль жолдарының тарам-тарам жерлері де бәрі осында. Осының бәрі тастары, шалғындары, таутерек, жабайы жеміс ағаштарының тоғайлары, тіп-тік бойшаң сындарлы шыршалары, бау-бақшалары, қайың, қарағай тоғайлары бар мәдени көркем көріністер, бір-бірімен әсем кезектесіп, жарасымды ұштасқан, тау бөктерлерінің кең байтақ аясында орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласында қысқы олимпияда өткізу мүмкіндігі
Қазақстанның көрікті жерлерінің - туризм саласындағы сапа менеджмент жүйесінің ерекшіліктері
Қайыңды көлі
Іле алатауының ландшафтарына физикалық географиялық сипаттама
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Қазақcтан Реcпубликаcының белcенді туризм cалаcы мен оcы бағытта қызмет жаcайтын кәcіпорындар (Іле-Алатау мемлекеттік табиғи ұлттық cаябағы мысалында)
АЛАКӨЛ көлінің емдеу қасиеттері
Ерекше қорғауға алынған территориялар жайында
Қонақ үй шипажайлары
Іле-Балқаш аймағының су ресурстарын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz