Көру қабілеті бұзылған балаларға жалпы сипаттама



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

I Тарау. Көру қабілеті бұзылған балаларға жалпы сипаттама.

1.1Көру қабілеті бұзылған балалар жайлы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.9
1.2 Көру қабілетінің бұзылуы кезіендегі дербестік және оның даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.11
1.3 Әлеуметтік . психологиялық реабилитация және көру қабілеті бүлінген балалардың тұлғалық қалыптасу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.17


II Тарау. Мектеп жасындағы көру қабілеті бұзылған балаға арнайы білім беру жүйесі және тәрбиелеу ерекшелігі.

2.1 Тифлопедагогика саласындағы ғылыми білімдердің пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.19
2.2 Көру қабілеті бұзылған балаларға білім берудегі дидактиканың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.23
2.3. Соқыр мен көру қабілеті төмен балалардағы көрермендік қабылдаудың дамуы мен оқу процесінде пайдалануы ... ... ... ..24.26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27.28

Пайдалынған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29.30

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31.33
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Кәзіргі таңда көру қабілеті бұзылған балалар күн санап артуда.Сол балдарды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін зерттейтін ғылым тифлопедагогика. Тифлопедагогика – дефектологияның түзету педагогикасы.Ол арнайы педагогиканың саласы болып табылады. Арнайы педагогика, қалыпты педагогика жағдайда, әдісімен құралдардың көмегімен, оқытуда қиын және мүмкін емес, яғни оқытуда арнайы әдістерді талап ететін физиологиялық, психологиялық дамында ауытқуы бар баланы оқытудың арнайы теориясымен тәжірибесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасындағы көру қабілеті бұзылған балаға арнайы білім беру жүйесі,тәрбиелеу және оның ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Осы аталған мәселе бойынша шетелдік, отандық әдебиеттерге терең теориялық мәлімет жасау.
2. Мектеп жасындағы балаларға берілетін арнайы білім жүйесі.

Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Арнаулы мектепке дейінгі және мектеп мекемелер желісінің орнауы мен даму барысында ғалымдар мен тәжірибешілер балалардың дамуында ауытқуларды коррекциялаумен профилактика жасаудың, табудың принциптерін, әдістерін және тәсілдерін жасап шығарғанын, мектеп жасындағы балаларды коррекциялық оқыту мен тәрбиелеуді зерттеу.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы: Мектеп жасындағы балаларды тексерудің обьективті және субьективті әдістері арасындағы тәрбие қағидалары мен заңдылықтарының ерекшелігін, бақылауға арналған әдістемелік көмекші құрал ретінде қолдана алады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен,қосымшадан тұрады.
Жұмыстың көлемі - бет.
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Кәзіргі таңда көру қабілеті бұзылған балалар күн санап артуда.Сол балдарды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін зерттейтін ғылым тифлопедагогика. Тифлопедагогика – дефектологияның түзету педагогикасы.Ол арнайы педагогиканың саласы болып табылады. Арнайы педагогика, қалыпты педагогика жағдайда, әдісімен құралдардың көмегімен, оқытуда қиын және мүмкін емес, яғни оқытуда арнайы әдістерді талап ететін физиологиялық, психологиялық дамында ауытқуы бар баланы оқытудың арнайы теориясымен тәжірибесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасындағы көру қабілеті бұзылған балаға арнайы білім беру жүйесі,тәрбиелеу және оның ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Осы аталған мәселе бойынша шетелдік, отандық әдебиеттерге терең теориялық мәлімет жасау.
2. Мектеп жасындағы балаларға берілетін арнайы білім жүйесі.

Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Арнаулы мектепке дейінгі және мектеп мекемелер желісінің орнауы мен даму барысында ғалымдар мен тәжірибешілер балалардың дамуында ауытқуларды коррекциялаумен профилактика жасаудың, табудың принциптерін, әдістерін және тәсілдерін жасап шығарғанын, мектеп жасындағы балаларды коррекциялық оқыту мен тәрбиелеуді зерттеу.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы: Мектеп жасындағы балаларды тексерудің обьективті және субьективті әдістері арасындағы тәрбие қағидалары мен заңдылықтарының ерекшелігін, бақылауға арналған әдістемелік көмекші құрал ретінде қолдана алады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен,қосымшадан тұрады.
Жұмыстың көлемі - бет.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .4

I Тарау. Көру қабілеті бұзылған балаларға жалпы сипаттама.

1.1Көру қабілеті бұзылған балалар жайлы ұғым
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...5-9
1.2 Көру қабілетінің бұзылуы кезіендегі дербестік және оның даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...10-11
1.3 Әлеуметтік – психологиялық реабилитация және көру қабілеті бүлінген
балалардың тұлғалық қалыптасу
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..12-17

II Тарау. Мектеп жасындағы көру қабілеті бұзылған балаға арнайы білім
беру жүйесі және тәрбиелеу ерекшелігі.

2.1 Тифлопедагогика саласындағы ғылыми білімдердің пайда болу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .18-19
2.2 Көру қабілеті бұзылған балаларға білім берудегі дидактиканың негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 20-23
2.3. Соқыр мен көру қабілеті төмен балалардағы көрермендік қабылдаудың
дамуы мен оқу процесінде пайдалануы ... ... ... ..24-26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...27-28

Пайдалынған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .29-30

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..31-33

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Кәзіргі таңда көру қабілеті
бұзылған балалар күн санап артуда.Сол балдарды оқыту және тәрбиелеу
ерекшеліктерін зерттейтін ғылым тифлопедагогика. Тифлопедагогика –
дефектологияның түзету педагогикасы.Ол арнайы педагогиканың саласы
болып табылады. Арнайы педагогика, қалыпты педагогика жағдайда,
әдісімен құралдардың көмегімен, оқытуда қиын және мүмкін емес,
яғни оқытуда арнайы әдістерді талап ететін физиологиялық,
психологиялық дамында ауытқуы бар баланы оқытудың арнайы
теориясымен тәжірибесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасындағы көру қабілеті
бұзылған балаға арнайы білім беру жүйесі,тәрбиелеу және оның
ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Осы аталған мәселе бойынша
шетелдік, отандық әдебиеттерге
терең теориялық мәлімет жасау.
2. Мектеп жасындағы балаларға
берілетін арнайы білім жүйесі.

Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Арнаулы мектепке дейінгі
және мектеп мекемелер желісінің орнауы мен даму барысында ғалымдар
мен тәжірибешілер балалардың дамуында ауытқуларды коррекциялаумен
профилактика жасаудың, табудың принциптерін, әдістерін және
тәсілдерін жасап шығарғанын, мектеп жасындағы балаларды коррекциялық
оқыту мен тәрбиелеуді зерттеу.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы: Мектеп жасындағы
балаларды тексерудің обьективті және субьективті әдістері арасындағы
тәрбие қағидалары мен заңдылықтарының ерекшелігін, бақылауға арналған
әдістемелік көмекші құрал ретінде қолдана алады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен,қосымшадан тұрады.
Жұмыстың көлемі - бет.

I Тарау. Көру қабілеті бұзылған балаларға жалпы сипаттама.

1. Көру қабілеті бұзылған балалар жайлы ұғым.

Көру - бұл адам мен жануарлардың күрделі нервтірецепторлы жүйеін,
көру анализаторлары арқылы іске асыратын оптикалық қабылдау.Көру арқылы
адам қоршаған орта туралы көп мөлшерде хабарлар алады.Заттардың түсі,
пішіні, үлкендігі, олардың бірігіп орналасуы және өзара арақашықтығын адам
көру арқылы біледі.
Көру анализаторы, басқа анализаторлар сияқты үш негізгі бөлімнен
тұрады: перифериялық (көз), өткізгіш (көру нерві, көру және қабық асты
нервтің құрылымдары) және орталық (бас миы қабығының желке бөлігіндегі ми
жасушалары) (5 сурет). Берілген анализаторлардың қызметі қабылдаудың және
көру талдауының түршігуін қамтамасыз етеді. Көріп қабылдауға тән
ерекшеліктер: дистанттік, шапшаңдық, қоршаған өмірге шолудың жинақтылығы
және бір мезгілділігі. Көру анализаторының шеткі бөлімі, басқаша айтқанда,
жарықты сезгіш рецепторлар бас сүйегінің ойығы – көз шарасына орналасқан
көру мүшесінің немесе көздің ішінде болады.Оның сыртқы шетінде жас бездері
болады.Олар көзді құрғап кетуден сақтандыратын сұйықтық бөліп шығарады. Көз
алмасының қабырғасы үш – сыртқы, ортаңғы және ішкі қабықтан тұрады. Өте
тығыз сыртқы қабықақ қабық деп аталады, ол алдыңғы жағында мөлдір
мүйізді қабыққы айналады.Ал қабықтың астыңғы жағында көптеген қан
тамырлары торлап жатқан тамырлы қабық жатады. Оның түрі өзгерген алдыңғы
бөлігі көз алмасының ішінде шеңбері білікше секілденіп шығып тұратын
кірпікшелі денені сондай –ақ мүйізді қабықтың сытқы жағына орналасқан нұрлы
қабықты түзеді. Нұрлы қабықта көптеген пигменттер болады, көздің түсі осы
пигменттерге байланысты.Бұл қабықтың ортасында дөңгелек тесік –қарашық
болады. Жарық сәулелері қарашық арқылы көз ішіне өтеді.
Ішкі қабық тор қабықдеп аталады.оның тамырлары қабықпен шектесіп
жатқан сыртқы қабаты пигмент клеткаларынан тұрады. Олардың астыңғы жағында
жарық сезгіш рецепторлар, ол одан әрі– көптеген нерв жасушалары жатады.
Тор қабықтан жинала келе, көру нервін түзетін нерв жасушалары.
Тор қабықтың көру нерві шығатын жері соқыр дақ деп аталады. Онда
жарық сезгіш клеткалар мүлде болмайды. Сондықтан бізбейнесі соқыр даққа
түскен заттарды көре алмаймыз. Соқыр дақты қарапайым тәжірибенің жәрдемімен
анықтауға болады.
Көрудің бұзылу себептері: туа біткен және пайда болғандар.
Көрудің туа біткен бұзылуының этиологиясы:
- патогендік агенттердің эмбрионалды даму кезеңіндегі әсері
(токсоплазмоз және басқа жұқплы, қабыну процестері, зат алмасудың
бұзылуы);
- тұқымқуалаушылықтың әсер етуі көздің аномалды дамуына әкеліп соғады
– а) микрофтальм – көз құрлымының дөрекі өзгеруі, көрудің едәуір
төмендеуі және бір немесе екі көз көлемінің кішіреюі; б) анофтальм –
туа біткен көзсіздік; в) катаракта – шыны тәрізді көздің мөлдір
денесінің бұлдырауы.
- көздің туа біткен аурулары - көздің тор қабығының пигментті
дистрофиясы (дегенерация), көру аймағының кішірейіп оның толық
жойылуы ерекшелігі және астигматизм – аномалды рефракция, яғни
көздің икемделу қасиетінің бұзылуы.
- туа біткен зарарсыз ми ісіктері.
Жүре пайда болған аномалдар туа біткендерге қарағанда аз
таралған. Бұл халыққа көрсетілген емді – профилактикалық көмектің
жақсарғанына және денсаулық ақтаудың жетістіктеріне байланысты. Жүре
пайда болған аномалдылықтың этиологиясы:
- бала көзінің ауыр зақымдануы, өкпе ауруы, мерез, трахома, шешек көз
ауруларының әсерінен;
- көзге және миға қан құйылу, туу кезіндегі бас жарақаттары, көз және
мидың түрліше жарақаттарынсыз зақымдануы (бастың соғылуы немесе
жарақаты);
- көздің жарақаттануы;
- глаукома – көз ұлпаларының өзгеруі және көз іші қысымының
көтерілуімен байланысы ауыр дәрежелі ауру;
- көру нервісінің атрофиясы;
- орталық нерв жүйесінің ауруы (менингит, менингоэнцефалит);
- организмнің жалпы аурулардан кейін асқындауы, инфекция;
- алыстан және жақыннан көрмеушілік;
Көрмей қалған балалар. Оларға ерте қалыптасқан көріп елестеудің
сақталуы тән. Неғұрлым кеш көрмей қалған бала және неғұрлым оның есінде
бұрынғы көріп елестетудің іздері сақталса, соғұрлым заттың бейнесі жеңіл
құралады немесе ауызша суреттің негізінде пайдаболады. Осындай баланың
қалыпты ойлау қызметі сақталған анализаторларға сүйенеді. Олардың көруі
бастаушы анализатор болып қалады. Бірақ, олардың көріп қабылдауы тек
жартылай сақталған, сондықтан толығымен құнды емес болады. Ол жоғары
баяулығымен, шолудың тарлығымен, дәлдіктің төмендеуімен ерекшеленеді.
Соңында олардың көру қорының әсері шектелген болып шығады, сандық
көрсеткіші мөлшерден төмен, ал елестетулер түрліше сапаға ие: олар азырақ
анық және ашық, қалыпты көретіндерге қарағанда, ал кейде бұрмаланған.
Орын толтыру, яғни компенсация процестері көбіне қалдық көрудің
сақталуына байланысты. Компенсаторлық мүмкіндіктердің дамуына естудің үлкен
мәні бар. Соқырға қажетті хабарларды дене сезімі де береді. Л.С. Выготский
соқырларда заттарды арақашықтықтан сезуге жағдай туғызатын алтыншы
сезімінің болатынын атап көрсеткен. Сөз соқырлық компенсацияның маңызды
ролін атқарады. Шартты белгілер жүйесін қолдану, Брайльдің бедерлі жүйесі
бойынша соқырларды оқыту мен жазуға үйретуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе
бедерлі – нүктелі әріпті енгізеді, мұндағы әр әріп дөңес нүктеден тұрады.
Бұл нүктелердің түрліше амалдары белгілердің санын білуге мүмкіндік береді,
алфавиттің барлық әріптерін, сандарын т.б.-ды жеткілікті белгілеу үшін.
Нашар көретін балалар соқыр балаларға қарағанда көп топ құрайды –
бұл – 0,05–тен 0,4-ке дейінгі қарапайым түзету амалын қолдануда жақсы
көретін көзде өткір көретін балалар. Егер нашар көретін баланың жарық
сезгіштігі бұзылса, онда қабылданатын реңнің жарықтық ерекшелігі
төмендейді. Алыстан немесе жақыннан көрудің бірден айқындалуынан, нашар
көруші кейбір заттың сыртқы ерекшелігіне қажет белгілердің нашар
бейнеленгенін көре алмайды. Оларда кеңістікке бейімделу жиі байқалады.
Нашар көретін балалар мінезінің түрлі ерекшеліктерімен ашушаңдығымен,
тұйықтығымен, мінезінің кейбір жағымсыз белгілерімен ерекшеленеді. Бұл
кемшіліктер оқудағы, ойындағы, құрдастарымен араласу барысындағы қиындықтар
мен сәтсіздіктерді түсіндіреді. Көру жұмысы кезінде мұндай балалар тез
жолығады, оны дамыту мен қорғау шараларының болмауы көрудің одан әрі
нашарлауына әкеп соғады. Көрудің жалығуы ақыл-ой және физикалық іскеліктің
төмендеуіне әкеледі.
Соқыр балалардың сөйлеу қызметі. Коррекциялық шаралардың арасында
көрудің қалдық көріністерін дамытуды стимуляциялау үлкен орын алады.
Кемістік емес сақталған функцияларды сақтауға қажетті көмек көрсету қажет.
Соқыр балалардың танып білу сферасы жағынан сипаттама.
Сезінуі – баяу, аз, жеткіліксіз. Көру көріністері бұзылған –баяу сөздерді
есте сақтау. Талдауда, синтездеуде, салыстыруда қиыншылықтар – теріс
қорытындылар және тұжырымдық – заттық тәжірибелік дағдының
жеткіліксіздігі.
Соқыр балалардың эмоционалдық – жігерлі сферасы жағынан сипаттама.
Көңіл – күйдің төмен болуы, астеник аутизация тенденциясын– қарым -
қатынасқа қиыншылықтар, өз ішкі әлеміне гиперкомпенсаторлы (ену). Бұл
жағдайлардың қалыптасуын бала тәрбиесіндегі бағытты күшейтеді, бұл қатты
көңілбөлу, жеке тұлғалық, әлеуметтік дағдылардың тежелуіне ықпал етеді.
Маман-дәрігерлердің қарауынсыз нашар көрушінің жалпы мектепте оқуын
жалғастыра білуі, қалыптасқан үлгермеушілік, педагогикалық салақтыққа және
көрудің әрі қарай бұзылуына әкеп соғады. Мұндай жағдайдағы бала арнайы
режимді қажет етеді, жалғастырылған ақыл-ой және физикалық салмақтарды,
жылдам қозғалу және секіру, басты еңкейту және т.б.-ды қоспағанда. Арнайы
маңызды балалартобын көруі бұзылған балалар құрайды, оларға жеке көмек
көрсетілген жағдайда жалпы мектепте оқи алады.

1.2. Көру қабілетінің бұзылуы кезіндегі дербестік және оның
даму ерекшеліктері.
Біріншілік және екіншілік дефектілер және олардың психикалық
дамудың барысына әсері жайлы Л.С.Выготскийдің ұсыныстары көру қабілетінің
бұзылуы кезіңде жеке тұлғаның қалыптасуын бақылау кезінде ашық дәлелдеу
тапты. Көрудің терең бұзылуы тұлғаның құрлымының түрлі компоненттеріне әсер
етеді. Тұлғаның бір бейнелеуі мен сапалары көрудің дефектіне едәуір
дәрежеде, ал қалғаны аз мөлшерде дамудың сыртқы жағымсыз шартымен
бейнелетіндіктен, тифлопсихологияның тарихында зағиптың тұлғалығына түрлі
көзқарастар қалыптасты.
Осыған орай Ф.ИШоев зағиптықтың тұлғалылыққа әсерін ғана жоққа
шығарып қана қоймай, сондай-ақ тифлопсихологияны қажетсіз ғылым деп
есептеді, себебі зағип жанның психикасы көретін адамның психикасынан
ерекшеленбейді. Л.С.Выготсий де кейде арқа сүйейтін жоғарғы компенсация
жайлы Арлердің теориясы арқылы дәлелденгендей , көрудің бұзылуы тұлғаның
дамуына оң әсер етеді. Осы теорияға арқа сүйейтін тифлопедагогикалы Б.И
Коваленко да ұстанған.
Түрлі категориядағы аномальды балалардың эксперименталдық
психологиялық зерттеулері көрсеткендей, біріншілік эффект, оның
спецификасына байланысты сәбидің психикасында түрлі екіншілік өзгерістер
тудырады.
Ж.И. Шиф атап өткендей, аномальды дамудың барлық жағдайлары үшін
жалпылығы болып сандарлар дефектімен бұзылатын жинақтығы тұтастай алғандағы
аномальды сәбидің тұлғалығының дамуындағы өзгерістерге білінетіндегі
табылады.
В.И. Лубовскийде дефекттің барлық аномальды балалар үшін жалпы болып
саналатын дамудың маңызды заңдылығы ретінде тұлғаның дамуына әсерін атап
өтті.
Мәскеулік дефектологтардың позциясына қарсы шыға отырып А.И. Зотов
олардың дәлелдемелерін жоққа шығаруға тырысты, оның пайымдауынша
психикалық процестер мен тұлғалықтардың дамуы мен көрудің бұзылуы арасында
тікелей байланыс бар. Ол (1981) психикалық құбылыстардың үш тобын ажыратып
берді, олар әсер ету дәрежесімен бір-бірінен ерекшеленеді.
Психикалық құбылыстардың біріншітобы көу патологиясынан
тәуелділіктің болмауымен ерекшеленеді.
Екінші тобы жетістіктер деңгейінің көру патологиясына
тәуелсіздігімен және арнаулы деңгейдегі жетістіктер процесінің өзінің
көрудің өткірлігі мен ауру сипатына дифференциалдық байланыстылығымен
сипатталады.
Психикалық құбылыстардың үшінші тобы көру дефектіне тікелей
байланыстылықпен бейнеленеді; оларға көрулік анализаторды перифериялық және
өтпелік бөліктерінің бүлінуімен шарттасқан жеке көру құбылыстары жатады.

Осы тақырыпты дамыта отырып А.Г. Литвак тұлға құрамына кіретін
психикалық түзілімдерді үш тобы немесе блогын нақтылады. Олар:
1) психикалық процестер;
2) психикалық жай – күйлер;
3) тұлғаның психикалық қасиеттері.
Бұл кезде дефектінің тереңдігі, оның пайда болу уақыты мен сезіну,
қабылдау және ойлау секілді перцептивтік процестер арасында тікелей
байланыс бар екені байқалады.
Тұлға құрлымының алғашқы блогы-ойлау, сөйлеу секілді психикалық
процестердің қалыптауы – көрудің бұзылуына негізгі байланыста, себебі
кампенсаторлық процестердің дамуы есебінн олар норма деңгейіне дейін
дамиды.
Тұлғаның бағыттылығы әлеуметтік табиғатқа ие болуына қарамастан,
автор атап өткендей, оның қажеттілік пен қызығушылықтар секілді оның
компоненттерінің кейбіреулері көрудің бұзылуының әсеріне ұшырайды және олар
қалыптасуы көрудің күйіне тәуелді.
Осыған орай, зағиптың және әлсіз көрушілік секілді көру қабілетінің
терең бүлінуі тұлғаны қоса алғанда адамның бүкіл психикасының қалыптасуын
едәуір ықпал етеді. Бірақ бұл әсер көррециялық ықпалдармен және отбасы,
снымен бірге тәрбиелеу мекемелеріндегі даму жағдайларымен нивелирленеді.
Физикалық кемшіліктері бар балалардың тұлғалық қасиеттері мектепке дейіңгі
жасөспірімдік периодтарда едәуір өзгерістерге кезігеді.
Көру қабілеті бүлінген балалар мектепке дейінгі жаста бір қалыпты
көретін өз құрдастары арасында өзінің ерекшелігін сезіне бастайды, ал
жасөспірімдік жаста өзінің физикалық дамымағандығына зардап шегеді.

3. Әлеуметтік-психологиялық реабилитация және көру қабілеті бүлінген
балалардың тұлғалық қалыптасу мәселелері.
Көруі нашарлардың тұлғалық қалыптасуы мәселелері көру бойынша
мүгедектердің әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық реабилитациясының
тәжірибесінің мәселелерімен ажырамайды. Әлеуметтік реабилитацияның теориясы
мен тәжірибесінде келесі принцип қалыптасқан: зағиптың реаблитациясы - бұл
ең алдымен оның тұлға ретіндегі реабилитациясы.
Алайда Д.Э. Урлакис атап өткендей, зағиптар мен әлсіз көретіндердің
тұлғалық қалыптасуы мен әлеуметтігін тікелей зерттейтін зерттеулер аз.
Авторлар көбінесе көру бойынша ересек мүгедектердің реабилитациясының түрлі
аспектілеріне талдау жасайды.
Осыған байланысты, А.Н.Силкиннің еңбегі қызығушылық
тудырады.(1983), онда жалпы және әлеуметтік психологияның позициясынан
әлеуметтік – психологиялық реабилитацияның бағдарламасын ғылыми
негізберіледі.
Әлеуметтік – психологиялық реабилитация туа зағип және көрудің
жоғалуы нәтижесінде бұзылған есейе келе көрмей қалған адамның тұлғалық және
тұтастай адекваттық жүріс-тұрысы процестерінің психикалық функцияларының
қалпына келуі ретінде қарастырылады, ол психологиялық құрамдар және
әдістермен жүзеге асады.
Негізінен үш аспектінің бөлуге болады: 1) тұлғаның заттық әлемге
бейімделеді; 2) тұлғаның әлеуметтік ортаға бейімделеді; 3) тұлғаның жеке
менге бейімделуі.
Бірінші жағдайда мобильділік, жекелік, сенімділікке жету туралы сөз
қозғалуға, көзі көрмейтін адамға жеке өміріне қажетті ұстанымдардың
қалыптасуымен және қайта қалпына келуімен байланысқан реабилитацияның
операциясы іскерлік жағы білінеді.
Екінші аспект көруі нашар адамның өзінің әлеуметтік айналасына
әсерімен байланысты. Адаптацияның үшінші аспекті өзінің қоғамдағы күйін
бағалаумен, өз дефектісіне қатынасымен, өзінің менін уайымдауымен тікелей
байланысты. Тұтастай алғанда көру жағынан мүгедектің реаблитациясы тұлғалық
жоспары тұлғаның ішкі өзін-өзі реттеуінің құрылуының мәселесі ретінде
шығады.
Т.С. Шалагинаның мәліметтері бойынша зағиптардың еңбекке
қабілеттілігін арттыру мектебінің 50 оқушылары – бұл зағип балаларға
арналған мектептердің түлектері. Олар кеңістікте орментирленуге нашар
үйретілген, таяақшаны қолдануға ұялады. Т.С. Шалагинаның пайымдауынша, бұл
адамдардың жеке өмірге деген даярсыздығының себебі шынайы өмірлік
мәселелерімен оқшауланған зағип балаларға арналған мектеп –
интернаттардағы оқыту жүйесі болып табылады. Сонымен бірге жасөспірімдердің
психосенсуалдық дамуы бұзылады, бұл балалар мен қыздардың тәрбиесінің
нивемирлеуші тенцияларымен тікелей байланысты.
Туа біткен зағиптыққа ие ШВТС оқушыларының контингентін зерттеу
көрсеткендей, МНРІ адаптациялық тұлғасының сауалнамасының көмегімен
психологиялық адаптацияның түрлі дәрежесіне ие тұлғалардың екі тобын бөлуге
болады: 1) жақсы психологиялық бейімделгіштікке ие адамдар; 2) нашар
психологиялық бейімделгіштікке ие адамдар.
Екі топ та көптеген жағдайларды психологиялық адаптацияның
жетістіктерін анықтайтын арнаулы тұлғалық сипаттамаларымен ерекшеленеді.
Бірінші топқа келесі сипаттамалық қасиеттерге ие тұлғалар жатады:
жоғарға көңіл күй сөйлеу қабілеті қуанышты. Әдетте олар өз мүмкіндіктері
мен күштігірек жоғары бағалайды бұл құрлымда эмоционалдық қозғалғыштығы
тез факторының ие тұлғаның түрі. Мұндай адамдар әлеуметтік ортадағы
өзгерістерге адекватты және иілімді реакцияласады. Олар сөзге сараң емес,
өзгелерге жәрдем беруге әрқашан даяр. Сонымен бірге олардың тұлғалық
құрлымында регидтілік секілді компонет болады. Бұл обектінің арнаулы
тұрақтылығында бейнеленеді. Бұл тұлғалар жүріс тұрысынан реңжігіштік
сипаты, жоғары психологиялық сенгіштік қасиеті байқауға болады.
Екінші топ, адаптацияланбаған немесе аз бейімделгендер ретінде
сипатталады. Бұл психологиялық реабинтацияға қол жеткізбеген тұлғалар.
Олар өз күштерімен шешуге берілмейтін ішкі дискомфорт пен конфлект
күйінде өмір сүреді. Олар бірінші жоспарда уайымдау мен жүріс-тұрыс пен
бағынбайтын факторлар тұрады. Мұндай адамдар үшін негізгісі – сыртқы
жағдайлар арқылы туындайтын қорқыныш сезімі. Бұл адамдар әдетте ұялшақ ,
тұйықталған болып келеді. Олар өз күштерімен мүмкіндіктеріне, өзіне
деген сенімсіздік жиі байқалады.
Г.Пуочяускене (1988) атап өткеніндей, бұл ішкі каузольдық
атрибуцияның нәтижесі болып табылады, ал субьектінің өз іскерлігіндей
жетістіктер мен сәтсіздіктерге қатынасымен ерекшеленеді. Г.Пуочяускеннің
пайымдауынша ішкі каузалдік атрибуцияның дамуы реадаптация процесінің
оңтайлы өтуін қамтамасыз ететін шешуші фактор болып табылады. Ішкі
каузальдік атрубуцияның ұсынылған пайымы мен образының арнаулы құрлымдары
мен және тартылыс деңгейі секілді тұлғалық түзілімдермен тығыз байланысты.
Көру бойынша мүгедектердің пихологиялық реабилитациясының соңғы
мақсаты адам баласы өз көру ақауын өз сапаларының бірі ретінде қабылдау
кезіндегі психологиялық күйге қол жеткізуі болып табылады.
Мұндай күйге тек мүгедек пен арнаулыпсихологиялық жұмыс жүргізгенде
ғана, сонымен бірге оған әлеуметтік орта жағынан адекваттық қатынаспен
қарағанды яғни адамдардың кеңауқымының арнаулы психологиялық қолдауы
кезінде ғана қол жеткізуге болады.
Көруі нашар адам мен негізіне көретін адамдардан тұратын социялдық
қоғам арсындағы өзара қарым-қатынас мәселелері өте өзекті және өз шешімін
таппай жүрген сауалдардың бірі болып табылады.
Осыған байланысты В.П. Гуданис (1995) көретіндердің зағипқа
қатынасын әлеуметтік реабилитацияның негізгі мәселесі ретінде қарастырады.
Көретіндер қауымында зағип – бұл тағдыр тәлкегіне түскен, көмекке зәру
адам деген пікір қалыптасқан. В.П. Гуданистің пікірінше, зағиптардың мұндай
қабылдауы олардың қоғамдағы оқшаулануымен байланысты. Ересек зағиптар
қауымының УПП желісімен біріккен балалар арнаулы оқу – тәрбиелік мекемелер
жүйесінде тәрбиеленеді. Зағиптар мен көрегендердің тұлға аралық қабылдау
қабілетінің ерекшеліктеріне В. Петренко мен В.Валивилайте (1988) зерттеу
болатын. Зағиптардың көрегендер жайлы және көрегендердің зағиптар жайлы
пікірлері. Осгудтың симантикалық дифференциялы әдісімен зерттелген еді.
Атап көрсетілгендей, зағиптың көрегендер мен стереотипті қабылдауы және
зағиптар көрегендерден күтетін бағалаулар мен стереотипті қабылдауы
арасында байланыс бар. Көрегендерге қарағанда, зағиптар үшін альтрузим
категориясы өте маңызды екені анықталды.
Зағиптардың көрегендерге және өзіне деген қатынасы жөніндегі
әлеуметтік қағидаларды зерттеуді А. Суславичиюс жүргізген болатын (1988).
Атап өтілгендей көрегендер мен зағиптардың қағидалары түрліше болып
шықты. Осыған сәйкес көрегендер арасынан әлеуметтік қағидалардың үш түрін
ажыратуға болады:
1) зағиптарды игнорирлеудің әлеуметтік қағидасы, олармен жүздесуден
аулақ болу;
2) көрегендер өз қатынасында зағиптарды аяушылық сезімі мен қарайды
дегеннен шығатын псевдо оқтайлы қағида.
Осыдан шыға отырып көрегендер зағиптарға талаптарын төмендетеді, өйтпесе
соңғыларының белсенділігінің шектелуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл әдетте
ата-аналар қарым-қатынасынан жиі байқалады. Псевдо оңтайлы қағиданың өзге
жағдайда байқалуы көрегендердің зағиптың тұрған кезінде оны аяй бастауы,
оның дефект жайлы сұрастыра бастауы болатын тактілік емес қатынасы болып
табылады.
3) өзінде зағиптың реалдық мүмкіндіктерін дұрыс бағалауды, оның
қабілеттіліктерін дамыту жағдайларымен өмірде белгілі бір
мақсаттарға қол жеткізуге оңтайлы жағдай тудыруды қалыптастыруды
қамтитын адекваттық әлеуметтік қағида.
Зағиптардың көрегендерге деген қарым – қатынасы бойынша қағидаларды
да үш типке ажыратуға болады:
1) тәуелділіктің әлеуметтік қағидасы, яғни зағиптың пайымдауынша
көрегендер зағиптарға көмектесіп ол үшін көптеген нәрселерді жасауы
тиіс;
2) көрегендердің бойын аулақ ұстау қағидасы, өзімен мұндас, жандармен
қарым-қатынаста болу;
3) адекваттық, әлеуметтік қағида.
Сонымен бірге атап өтілгендей, көру қабілеті бұзылған тұлғалардың
өзіне деген қатынасы бойынша қағидасының өзіндік ерекшеліктері бар. Ең
алдымен бұл өз сыртқы келбетіне баға берумен байланысты. Бұл кезде дәл осы
факторды зағиптардың өз-өзіне баға беруі олар қолданатын критерийге
байланысты. Өз сыртқы келбетің бағалау өзіне деген интегративтік
бағалаудың бір бөлігі болып табылады. Нәтижелеріне А. Суславичюс арқа
сүйейтін, зағиптардың өз-өздері баға беру жөніндегі Д.Джервистің
зерттеулері көрсеткендей зағиыптар өзіне баға беру шкаласындағы ең оңтайлы
және ең теріс мәндерге жатқызуға қабілетті.
Т.Руппонен атап өткендей, өз-өзіне баға берудегі өзгерістер өз
күйіне деген бейімделгіштікпен. Сондай-ақ өз даму процесінде туа біткен
зағип балалар бір шама психологиялық кризистерді баста кешіретіндігімен
байланысты.
Т.Руппоненің пайымдауынша бұл кризис әсіресе жасөспірімдік шақта
қатты толғандырады. Т, Маявскийдің мәліметтері дәлел бола алады, ал ол атап
өткендендей жасөспірімдік жастағы балалар өз көру қабілетінде ақау барын
ұғына бастайды.
Зағиптар мен көрегендердің әлеуметтік қағидаларының сәйкес
келмеуінің жоғары атап өтілген факторлары, зағиптардың өз-өзіне баға беру
ерекшеліктері өте өзекті мәселе – зағиптың әлеуметтік тұлға аралық
қатынастар жүйесінде күйі сияқты мәселені алға қояады. Р. Банзевиченнің
зерттеулері көрсеткендей, зағиптықтан туындаған қарым-қатынасқа түсу
қабілетінің бұзылуы едәуір теріс уайымдаушылықты тудыратын стресогенді
фактор болып табылады. Зағиптардың көрегендер мен сөздік байланысқа
түсуінің әсіресе қиындауы зағиптардың жеткіліксіз психологиялық
компетенциясының салдарынан болады.
Зағиптардың әлеуметтік психологияның реабилитациясының түрлі
аспектілерін қарастыруды аяқтай отырып айта кеерлік бір жайт, тіпті барлық
дерлік зерттеушілер көру қабілетті бүлінген мүгедектердің тұлғалық
өзгерістеріне тұлғалық қалыптасуына назар аударады. Шынында да әлеуметтік
реабилитацияның жетістігі балалардың және өмірге қадам басуы кезінде
қандай тұлғалық қасиеттері қалыптасатындығына байланысты.
Жоғарыда келтірілген зерттеушілер көрсеткендей тұлғаның жеке
қасиеттері жайлы емес, тұлғаның қатынастарының тұтастық жүйесі жайлы сөз
қозғаған жөн. Ол қамтиды:
1) өзі жайлы пайымдау, өзінің ақауына қатынасы өзге адамдарға деген
қатынас;
2) өмірдегі белгілі бір мақсаттарға, өткен өмір мен болашаққа деген
өмір құндылықтарына деген қатынас;
3) тікелей әлеуметтік қоғамға өзге жынысты адамға деген қарым-қатынас.
Негізгі тұлғалық құрылымдардың өз образының тұлғаның бағыттылығының
және уақытша перспективасының өзгелерге деген қарым-қатынасының қалыптасуы
– бала тұлғасының басты және негізгі жағдайының кең ауқымда әлеуметтік
тәжірибелерді игеру үшін мүмкіндіктердің болуынсыз мүмкін емес деп
есептеледі. Мұндай тәжірибені алу сәбидің ересек адам мен кең ауқымды
камуникабельдік өзара қарым –қатынас жасауы кезінде ғана мүмкін болады.
Ересектермен кейін өз құрдастарымен өзара қарым-қатынасқа түсе отырып, сәби
саң қилы тәжірибеге ие болады, ол тұлғаның қарым-қатынысының
дифференцияалдық жүйесінің қалыптасуына әкеп соқтырады.
Зағип және нашар көретін баланың тұлғалық сапаларының отбасында
дамуындағы қарым-қатынатар түрлі типтерінің әсерін Г. А. Буткин мен С.М.
Хором жетік зерттеген болатын.
Баланың дамуына арналған жағымды және жағымсыз жаайттар тудыратын
отбасындағы өзара қарым-қатынастардың мүмкін болатын типтерін балада
қажетсіз тұлғалық қасиеттер тудыратын отбасы ішілік қатынастарда туындайтын
үш вариантты қарастырамыз. Өкінішке орай, қарым-қатынастардың мұндай
типтері жиі кездесіп жатады.
1. Ерекше психолого – педагогикалық проблеманы зағип баланы шамадан
тыс қорғаныштау атмосферада тәрбиелеу тудырады. Отбасының ересек мүшелері
оны ештенеге үйретпейді, азғана күш жұмсаудан сақтайды. Оны қандай да бір
тәуелділіктен қорғаштай отырып, баланы есіртіп жібереді. Шамадан тыс
қамқорлық тым аса махаббаттың көрсетуімен, мадақтау мен баланың
мүмкіндіктерін аса бағалаумен бірге жүреді.
Кішкене бала ата-анасы тарапынан қаттылықтың жоқтығын, олардың ол
үшін қорқынышын көре отырып деспотқа айналады.
Өзара қарым – қатынастардың мұндай мінез құлқында басқарушы рольде
зағип баланың қажеттіліктерін саналы ескеруші ата –аналар емес, өз мүдесін
алға қояатын бала болады. Зағипқа деген талаптылық пен қатар жүрмейтін
мейірімділік пен жұмсақтық өзінің жауапкершіліктері болуы қажет балалар
еңбекке деген құлшынысын қалыптастырмайды. Бала еркетотай, эгоист, болашақ
өмірге мүлдем даяр емес мақұлыққа айналады. Онда таза қажеттілікті
психология қалыптасады, еңбек сүйгіштік, өзіндік иницатива немесе
жауапкершілік сезімі секілдітұлғаның қасиеттер тәрбиеленбейді.
2. Ата – аналарының балаға деген деспоттық қатынасы.
Қарым –қатынастың мұндай варианты едәуір дәрежеде ережеге орай ата
– анлардың бірінің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталады. Ата – аналар
бірінші орынға қаталдықты қояды. Мұнда бұйрықтар мен талаптардағы қатан
иілімсіздік басты орындаболады, және ешқандайда да төтенше жағдайлар
оларды әлсірете алмайды. Сенімсіздік, намысына тию –мұндай отбасы
өміріндегі әдеттегі стиль. Қысым көрсету, жазалау тәжірибесі баланы әрдайым
қатандықта ұстайды. Балаға деген санасыз қаталдық көрсету жауаптық реакция
ретінде, жалпылық сезімімен жалғандықты тудырады. Ересектің мүдесіне бағына
отырып бала оған деген жеп көрініш сезімі пайда болады, және егер өзін
жазаламайтындығын сезінсе бағынбаушылыққа көше бастайды. өзгелер
тұйықталып, армандау мен қиалдауға беріледі. Авторитарлық ата – аналар
эмоционалдық кереңдікпен зардап шегеді.
3. Зағип балаға деген отбасы мүшелері мен ата – аналардың жалпы
эмоционалдық жатсыну мінез құлқын көрсету олардың арасында өзара
түсінушіліктің аластауына әкеп соқтарды.
Мұндай отбасында өскен зағип бала өз ішкі әлемінде тұйықталып,
қызығушылық мінез бен өмір сүреді, ол өз әлеміне ата-анасының араласуын
жақтырмайды. Ондай балада отбасы мүшелерімен де, өзге адамдармен де қарым –
қатынас жасу қажеттігі қалыптаспайды.
Интернат – мектепте ұзақ өмір сүрген балалардың оқу кезіндегі өмірі
шекетелген қарым – қатынас жасау жағдайында өтеді.
Ересектер мен балалардың мұндай жағдайларда қарым – қатынас жасауы
жеке вариатциалаушы эмоционалды емес, көп жағдайларда формальдық
принциптерден құралады.
Мұның барлығыда жасөспірімдердің тұлға ретінде қалыптасуына
ықпалын тигізбей қоймайды.
Көру қабілеті бұзылған ересек оқушылармен жасөспірімдердің тұлғалық
терең құрлымдарын зерттеу жобалық әдістемелер бойынша жүргізіледі.
Аяқталмаған ұсыныстар әдістемелеу Дешбо-Рубинштейннің өз-өзіне баға беру
әдістемесі тартылысар деңгейін анықтау әдістемесі қолданылады.
Көруі нашар ересек оқушылар есте сақтау жөніндегі тапсырмаларды
жақсы орындап, жалпы білімді талап ететін тапсырмаларды шешуде едәуір
қиындықтарға ұшырап жатты. Бұл көруі нашар оқушылардың кітаптардағы,
журналдардағы радио бондар ақпаратты қолдана алмайтындығын өз жадынан
қажетті материалдыв таба алмайтындығын дәлелдейді. Бұрын атап өтілгендей
көруі нашар оқушылардың тартылыс деңгейі бір қалыпты жақсы көретін
оқушыларға қарағанда бір шама төмен. Егер де көрегендердің тандауларының
жоғарғы саны максималды қиын тапсырмалар зонасында болса, зағиптарда ол
төмен күрделілік зонасында жатады. Бұл олардың өз мүмкіндіктеріне
сенбейтіндіктерін, жағымсыз тұлғалық дамуды дәлелдейді.
Зағип жасөспірімдер үшін тұлғалық маңыздылыр болып құрдастары мен
қарым – қатынастар, жақын ересек адамдар мен қарым-қатынастар, өз ақауына
деген қарым – қатынастар болып табылады.

II Тарау. Мектеп жасындағы көру қабілеті бұзылған балаға арнайы білім
беру жүйесі және тәрбиелеу ерекшелігі.

2.1.Тифлопедагогика саласындағы ғылыми білімдердің пайда болу
тарихы.

Көруінде әртүрлі бұзылыстары бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеу
әдістерін қарастыратын дефектология саласы.
Көзі көрмейтіндерге арналған ең алғашқы оқу-орнын
тифлопедагогикалық негізін қалаушы Француз педагогы Гаюи Парижде
ашты. Шетелдерде XVIII – XIXғғ Көзі көрмейтіндерге арналған мектептер
Ұлыбританияда, Австрияда, Германияда, АҚШ-та құрылды. Бұл оқу
орындарында көзі көрмейтіндер жазуға, оқуға, есептеуге және музыкаға
оқытылды.
XIX ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соқырлардың зейінінің ерекшелігі
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ҰСЫНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Көмекші мектептегі маметикалық білімді тексеру
Нашар көретін балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Мүмкіншілігі шектеулі балалардың отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Дефектология негіздері
Көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушылар
Көру қабілеті бұзылған балалар
Кіші мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясы
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
Пәндер