Тырысқақтың тарихы және жұғу жолдары


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім.

  1. Тырысқақтың тарихы және жұғу жолдары.
  2. Аурудың белгілері.
  3. Тырысқақты емдеу жолдары.

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тырысқақ - тез жұғатын ауру, іштің өтуімен, құсықтың келуімен, су - электролит алмасуының бұзылуымен, гиповолемикалық әлсіреудің дамуымен, жіңішке ішектің улануымен сипатталады. Карантиндік жұқпалыларға жатады. Қоздырғышы - тырысқақ витрианы.

Тырысқақтың қоздырғыштары жылы уақытта және ылғалдың аздығына төзімі төмен. Тырысқақ ауруы көбіне Үнді елінде, оның Ганга және Брахмапутры өзендерінің бойында, Индонезия, Пәкістан елдерінде жиі байқалады. Аурудың адамға жұғуы тек асқазан арқылы Асқазанның қышқыл бөктінен өтіп, вибрион жіңішке ішекке түсіп, қарқынды түрде өсіп өнеді, оған ішектің ішіндегі сілтілі орта және белоктың ажырауының нәтижесінде пайда болған негізгі өнім пептонның бар болуы зор әсер еткені. Вибриондар жіңішке ішектің кілегейлі қабығының үстінде, не болмаса сол ішектің саңылауында орналасады.

Вибрионның қарқынды өсіп өнуімен бірге үлкен санды улар (токеин) шығарады және де олардың өніп жарылыуымен де (эндотоксин) жалғасады. Сырқырама тәулігіне 10 және одан асатын есеге жиілейді, ағыл - тегіл тер шығады, жүрек айнымайды, іш ауырады, құсық жиі келеді. Іштің қатты өтуімен құсықтың қатты келеуі тез (бірнеше сағаттың бойында) қатты шөлікпеге алып келеді. Бұлшық ет қатты әлсірейді, шөлдетеді, ауыз құрғайды, құрысу пайда болады, кіші дәреттің бөлінуі азаяды, тері мен кілегейлі қабық құрғақ тамыр соғысы жиілейді, күре тамыр қысымы төмендейді.

Тырысқақтан сақтануға вакционы, антибиотиктерді және басқа да дәрі - дәрмектепді қолданады. Ауру жедел емханаға жеткізілуі тиіс.

Тырысқақ басталған, қатынаста болған адамдар 5 тәулікке дейін оқушауланады, дәрігерлік бақылаудан өтеді, су қомалары, көздері сатарлық күзетке қабылады, су залалсыздандыырлады, тамақ өндірісі, дүкендер, адамдар көп жиналатын жерлерге санитарлық бақылау бақылау жасалынады.

1. Тырысқақтың тарихы және жұғу жолдары.

Тырысқақ - аса қауіпті ішек ауруы. Тырысқақ - асқазан - ішек қабынуы ауыр түрде өсуімен сипатталалынатын, оған қоса су - электролит алмасуын бұзатын және ағзаны құрғататын жедел жұқпалы ауру. тез арада тұрғындардың көлемді мөлшерін зақымдандыратын қабілеттілігімен тырысқақ ауруын аса қауіпті ауруларға жатқызады.

Карантиндік жұқпалыларға жатады. Қоздырғышы - тырысқақ вабрионы.

Тарихы. Тырысқақ адамзатқа сансыз апаттар әкелетін аурудың есебіне жатады. Тырысқақ ауруының бұрынғы және қазіргі отаны Үндістан және Бангладеш елдерінің Ганг және Брахмапутра өзендері ағысының төменгі жағалаулары.

Жалпы тырысқақ ауруы Үндістанда ертеден белгілі болған. Тарихта Александр Македонский әскерлерімен бірқатар жерлерді жаулап алып, Үндігі таянғанда, онда адамдар арасында тырысқақ ауруныың көп таралғанын есітіп, кейін оралғаны жөнінде деректер бар. Біздің елде тырысқақ ауруы 1 925 жылы мүлде жойылған.

Тырысқақ қоздырғышы. 1884 жылы алғаш рет тырысқақ қозжырғышын неміс ғалымы Роберт Кох тапқан болатын. Ол Египеттегі осы тырысқақа ауруынан өлген адамдардың нәжістерінен микробты бөліп алып зерттеген.

Тырысқақ микробының пішіні кәдімгі үтір тәріздес вибрио - латынша тырысқақа үтірі аталып кеткен - Vibriocomma.

Тырысқақ үтіршесі қозғалтып, шеттерінде жіпшілері бар, спора да, капсула да түзбейді. Көбінесе екі - екіден «S» пішіндес болып орналасады. Ол ауа бар жерде + 16 0 - дом + 40 0 С аралығында өніп өседі. Тым қолайлысы +37 0 С. Ортада аз ғана мөлшерде қышқыл болса, ол өніп өсе алмайды. Яғни адамның асқазанының қышқылы жоғары болса, ол адам тырысқақпен ауырмайды. Тырысқақтың вибрионы асқазанға түсісімен қышқылдың жерінен өліп қалады.

Жұғу жолдары. Жұқтыру көзі тек адам болып табылады. Тырысқақпен ауырған адам немесе вибрион сіңіруші) . тырысқақтың анық көрінген клиникалық аясына ұшыраған ауру тәулік бойында сыртқы ортаға 10-30 литр сұйық зат бөледі, олардың 1 миллиметрінде 10 жуық вибрион болады.

Тырысқақтың негізгі берілу жолы су болып табылады. Зақымдану тырысқақ жұқтырушы суды ішу кезінде, оны көкөнгіс пен жемісті жуу үшін пайдаланған уақытта, шомылған кезде өтеді. Тырысқақтың тамақтан асқынуы әдетте жұқтырғыш тағамдарды ішкен адамдардың шектеулі шеңбері арасында пайда болады. Қоздырғыштардың тырысқаққа ұшыраған аурудан бөлінетін сұйықтар арқылы оның қолымен берілуінің мәні шамалы. Сыртқы ортада атап айтқанда тамақ өнімдерінде вибриондар 2-5 күн өмір сүреді, күн сәулесі түскен қызғанақтар мен қарбыздарда вибриондар 8 сағаттан соң өледі. Вибриондар канализация суы ағызылатын ашық затта ұзақ өмір сүреді. тырысқақатың таралуына шыбындар да ықпал етуі мүмкін.

Тырысқақ вибриондарының шығарған уларының жалпы әсерінен күрделі клникалық белгілерінің жинағының өсуіне әкеледі. олар орталық және вегативтік нерв жүйелерінің, асқазан - ішек жолдарының және де бауыр, бүйрек, бүйрек бездерінің тағы басқа мүшелерінің зақымдануына байланысты болады.

Тырысқақтың қоздырғыштары ару адамның бойынан құсықпен, үлкен дәретпен көптеп шығады. Содан соң шыбындардың, басқа да таратқыштармен тарап кетуі мүмкін.

2. Аурудың белгілері

Ауру белігілері. Жасырын кезеңінің ұзатығы бернеше сағаттан 5 тәулікке дейін. Әдеттегі жағдайларда тарысқақтың өсуін бірнеше сатыға бөледі, олар аурудың клиникалық белгілерін анықтауға мүмкіншілік береді.

Тырысқақ белгілерінің топтастырылуы.

  1. Тырысқақ жіңішке ішек қабынуы.
  2. Тырысқақ ішек - асқазан қабынуы.
  3. Тырысқақ алгиді.

Ауру жедел басталады. Бірінші сатыда жіңішке ішектің қабыну құбылыстарымен сипатталынады. Кенетен дәретке отырғыш келеді. Түнде жиіленеді, ағыл - тегіл мол нәжістердің шығуыменен жалғасады. Дәретке отыру жиіленіп, бірінші күндері 3-10 ретке дейін жетеді, тіл құрғақтанады, іш жиырылады, ішектің құрылдауы жиіленеді, ішекті қолмен басқанда судың жалпылы естіледі. Бірінші сатының ұзақтылығы 1-2 тәулік. Тырысқақтың жеңіл түрі.

Егер ауру үдейе түссе, екінші саты өседі - тырысқақтың ішек - асқазанның қабынуы басталады. Дәретке отырудың жиіленуі мен (бір тәулік 20 ретке дейін) көп реттен, молынан құсу басталады. Құсу басында құсықта тамақтың қалдықтары болса, кейін аз сиқтыланып, өтпен аралас болады. Іш өтуі тоқталмайды, ұзаққа созылуына байланысты көп сұйықтар шығып, құрғатылу үдейе түседі. Сұйықтар құсықпенен шығуы 7 литрге дейін, ал дәретке отыруыменен 30 литрге дейін жетеді. Сұйықпен бірге көптеген тұздар да шығып кетеді. Ауру адам шөлдейді. Тырысқақта ішек - асқазанның қабынуы аурудың өте ауыр түрі болып есептелінеді. Осы сатының ұзақтылығы 36-48 сағат.

Тырысқақ алгиді - аурудың өте ауыр түрі. Өткен сатыдағы ауру белгілерінің үдеюімен сипатталынады. Аурудың жағдайы өте ауыр күрделенеді. дененің тырысуы көп мүшелерді қамти бастайды, әсіресе аяқтан басқа, іш еттерін, кеуденің, мойынның, солардың әсерінен азапты ықылық өседі. Осы сатыда өлім - жітім 80-90 пайызға жетеді. Алгид сатысының ұзақтылығы бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін.

Іш өту аурудың бастапқы, сипаттамасы белгісі болып табылады. Кенеттен пайда болады, әуелі де ағыл - тегіл, жиі бөлінген қара тер қорытылмаған ас бөлшектері бар нәжістік сипатта болады, бұдан кейін балықтың немесе шикі қырылған картоптың иісі шығып, сұйық, мақта тәрізді көбік жүретін күйге енеді (күріш қайнатпасының түріндей) . Сырқаттың тәбеті нашарлайды, шөл мен бұлшық еттің әлсіздігі деңдейді. Дененің температурасы әдетте қалыпты деңгейде қалады. Тамыр соғысы жиілейді, тіл құрғайды, іш тартылғанмен айырмайды.

Ауру 1-3 тәуліктің ішінде басталады. Алғашқы көрінуі әр түрлі болады: жеңіл іш өтуден тез арада адам өліміне алып келеді. Алғашқы іш өту тез арада жиілеп, сұйықтанады, аурудың ыстығы көтеріліп, құсады, денеде ылғал азайып, құрысып - тырысып қалады (судорги), емделмеген кезде адам өледі.

Тырысқақтың ауыр жағдайында күрт құрғаушылық 12 сағаттың бойында дамуы мүмкін, жағдай күрт нашарлайды, көздің алмасы тітіркенеді, дене температурасы 35 градусқа дейін төмендейді, тері ұстаған кезде салқын, демікпе пайда болды, емделмеген жағдайда ес жоғалады, талма мен тұншықпа жайлайды.

3. Тырысқақты емдеу жолдары

Емдеу. Тырысқаққа шалдыққандарды емдеу су электролит алмасуын қалпына келтіру болып табылады, және ол кешенді болуға тиіс. Тырысқақ ауруларының терапиясы емдеу басталғанға дейін жоғалған сұйық пен тұз шығынын толтыруды көздейді. Өкпелік түрі кезінде ішке, ал ауыр түрі кезінде 3-5 күн бойында көктамырдың ішіне антибиотиктерапия жүргізеді. 10, 3-0, 5 г тетрациклин, 6 сағаттан соң сигмамицин) және 5 күннің бойында 6 сағат 0, 5 г левомицитин енгізеді. Антибиотиктерді ішке құсық тоқтағаннан кейін береді. Дзинтоксикациялық, симптоматикалық қңалту терепиясы.

Ерітінділердің мөлшерін ауру тер шығарғанда, құсқанда, кіші дәрет шығарғанда жоғалтқан деңгейде енгізу қажет және сонымен қатар ересек адамның тыныс алумен жоғалтқандары және тері арқылы шыққан 1-1, 5 л сұйық есептеледі. Бұл үшін барлық бөлінетін сұйықтың жиыны мен өлшенуін ұйымдастырады. Бір тәуліктің бойында 10-15 л ерітінді егізуге келеді.

Тырысқақты емдеу аурудың өсіп дамуының ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. арудың бірінші сағатынан бастап емдеу жұмыстарын жүргізген өте тиімді құрғатылу және тұздардың жетіспеу дәрежелерінің есебін агықтаудан емдеу табыстары көбінше байланысты болады.

Диета: сүтті тағамдар, қырналған және бүркегіш тағамдар, сусынды көбірек ішу, витаминдер.

Алдын алу. Эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырудың негізгі мақсаттары болған ауруды таратпау және оны тез жою, тағыда сырттан да келтірмеу болып табылады. Күмәнданған барлық ауруларды ауруханаға жатқызу, үйме үй аралап аурудың бастапқы кезін анықтап тиісті жұмыстарын жүргізу қажет. Тырысқақ және де басқа ішек ауруларының таралуына жол бермеу санитарлық - гигиеналық шаралардың маңызы зор. Оларға жататыны су көздерін, су қоймаларын және өзендерді қорғау, жер көлемін тазалау, алдыру және өзендерді қорғау, жер көлемін тазалау, алдыру және қоқыстарды залалсыздандыру, шыбындармен күресу, сауда, көпшілікті тамақтанудыру мекемелерінде санитарлық - эпидемиялық режимді қатаң сақтау болып табылады. Сол сияқты бақылау бекеттері теміржол, автокөліктерінде әуе көліктетніде қойылады. Тырысқақпен ауырғандарды ертерек және белсенді анықтау, оқшаулау және емханаға жатқызу, вибрионның бар жоғын анықтау және оны оқшаулау. Санитарлық - карантиндік шараларды ұйымдастыру. ошақтағы дезинфекция мен дезинсекция, тамақтануға сумен жабдықтауға медициналық бақылауды күшейту. Арнайы сақтандыру үшін тырысқақ вакциналы қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Аса қауIптI (карантиндIк) жұқпалы ауру
Аса қауіпті аурулар және бактериологиялық қарулар
Тырысқақ. Әлемдегі жағдай және алдын алу шаралары
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу
Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы
Жұқпалы аурулар
Ел аумағына карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекциялардың келуі мен таралуының санитарлық қорғаудағы нормативтік құқықтық құжаттар
Жедел ішек инфекцияларын алдын- алу
Балалар жұқпалы ауруларына кіріспе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz