Орталық Азия


Жоспар
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Орталық Азия -аумағы
- Орталық Азия көлдері мен климаттары
- Балқаш көлі
Пайдаланылған әдебиеттер
Орталық Азия -аумағы
Орталық Азия - Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Оның батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытайалып жатыр. Аумағы 6 млн. км 2 . Жер бедері қиыршық тасты және құмды шөгінділермен жабылған әр түрлі биіктіктегі жазықтар мен оларды қоршай орналасқан биік тау жоталарынан тұрады. Геоморфологиялық ерекшелігіне қарай Орталық Азия батыстан шығысқа қарай созыла орналасқан 3 орографиялық белдеуден тұрады. Солтүстік таулы белдеу құрамына Сарыарқа, Моңғол Алтайы, Хангай, Хэнтэй тау жоталары, тау аралығында орналасқан Жоңғар жазығы, Ұрыңқай, Ебінұр, т. б. ірі көлдердің қазаншұңқырлары кіреді. Орта белдеуге Тянь-Шань тауы және биіктігі 1000 - 2000 м болатын көтеріңкі жазықтарда жатқан Гоби, Алашань, Бейшань және Тарим ойысындағы Такла-Макан шөлдері кіреді. Биік Орталық Азия құрамына орташа биіктігі 4000 - 5000 м-ге жететін Памир, Куньлунь, Гиндукуш, Қарақорым, Тибет, Гандисышан тауларынан тұратын биік тау жүйелері жатады. Кен байлықтарынан: Сарыарқада мыс, молибден, вольфрам, көмір; Куньлунь тауларында нефрит; Тибет, Куньлунь, Наньшань, Хангай тауларында шашыранды алтын, темір кені, мұнай, қалайы, молибден, вольфрам; Хэнтэй тауларында бирюза, топаз; Жоңғар жазығында, Тарим, Цайдам, Турфан ойыстарында мұнайдың, тас көмір, ас тұзы мен глаубер тұзының мол қорлары бар.
Орталық Азия көлдері мен климаттары
Қыста жоғары, жазда төмен қысымның ықпалында болуына, мұхиттарданөте қашық орналасуына, тау жоталарымен қоршалып оқшаулануына байланысты климаты . Аймақтың басым бөлігінде жылдық ауа температурасының айырмасы500С-қадейін жетеді. Қаңтардың орташа температурасы-10 - 250С, шілдеде солтүстік пен орталық бөлікте20 - 250С, Тибет таулы қыратында100С. Аймақтың3/4 бөлігіндежылдық жауын-шашын мөлш. 100 - 200 мм, тау жоталарында300 - 500 мм, оңтүстік-шығысында муссонның ықпалымен1000 мм-денартық жауын-шашын түседі. Жылдық ммшамасында. Тау жүйелерінің көпшілігіндемұз басутаралған. Мұз басудың аса ірі орталықтары:Қарақорым (Сиачен мұздығы, ұзындығы 72 км), Тянь-Шань (Оңтүстік Інілшек мұздығы, ұз. 57 км), Моңғол Алтайы (Потанин мұздығы, ұзындығы 20 км) таулары. Ірі өзендері Хуанхэ, Янцзы, Меконг, Салуин, Брахмапутра, Инд, Ертіс, Селенга, Амур мұхит алабына жатса, Тарим, Іле Эдзин-Гол өзендері тұйық көлдерге құяды, құмға сіңіп кетеді. Орталық Азияның солтүстігі (Моңғолия мен Жоңғар жазығында) мен оңтүстігінде (Тибетте) көлдер көп орналасқан. Ірі тұзды көлдері: Кукунор (аумағы 4200 км2), Убсу-Нур (аумағы 3350 км2), Балқаш (17, 7 мың км2) ; тұщы көлдері: Хубсугул (аум. 2620 км2), Хар-Ус-Нур (аум. 1486 км2), Зайсан (1, 79 мың км2), Бақырашкөл (аумағы1380 км2), Далайнор (аумағы 1100 км2) . Орталық Азияға ландшафттән. Солтүстік-шығысында ылғал мөлшерінің артуына қарайдала және орманды далабелдемі тараған. Шөлдіңсұр топырағы, сортаң топырақ, тақыр кездеседі, тұйық тұзды көлдер айналасында құрғақшылық әсерінен қалыптасқан кең алқапты сорлартараған. тау беткейлеріндетаудың қоңыр орман топырағы, Гоби шұраттары (оазис) мен жер асты су көздері шығатын тау алды бөктерлерінде таудың шалғынды қара топырағы, тұрақты ағыны бар өзен аңғарларында шалғынды топырақтүрлері қалыптасқан. Аймақтың солтүстігінде далалық өсімдіктер (селеу, жусан, ши), тау жоталарының солтүстік беткейлеріндетаулы-тайгалық(Моңғолия тауларында балқарағай, Куньлунь мен Тянь-Шань тауларында шырша, арша) орман кездеседі, биік бөлігінде субальпі және альпі шалғыны өседі. Өзен аңғарларындаевфрат көктерегі, жиде, шырғанақ, тобылғы, қамыс, т. б. өсімдіктер қалың тоғай құрайды. Жануарлар дүниесінентұяқты жануарлар, кемірушілер мен құстар өте көп. Тұяқты ірі жануарларданТибетте қодас, Жоңғар жазығында екі өркешті түйе, Гобиде - Пржевальский жылқысыжабайы түрінде сақталып қалған. Жыртқыштардангималай аюы, барыс, сілеусін, қасқыр, т. б. тіршілік етеді. Орта Азия аумағын көптеген халықтар мекендейді. Аймақтың батысында түркі халықтары (қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар, т. б. ) солтүстігінде моңғол халықтары(халкалар, ойраттар, буряттар), Тибет, Наньшань, Кукунор маңында тибеттіктер шоғырланған; аймақтың барлық бөлігінде дерлік қытай халқы басым. “Орта Азия”ұғымын география тарихынаXIX ғасырдың аяғынданеміс ғалымыА. Гумбольденгізді.
Балқаш көлі
Балқаш -Қазақстанныңоңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөніненКаспий, Аралтеңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағандыоблыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 - 22 мың км2, ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 - 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 - 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78, 2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15, 1%), Лепсі (5, 4%), Ақсу (0, 43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатынАягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т. б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы - суы біртіндеп тартылған кезде болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері:Басарал, Тасарал. Балқаш туралыалғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі. Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысыСемен Ремезов1695 жылы«Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары»(«Чертежи всех сибирских городов и земель») атты атласында Балқашты«Теңіз»деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырдаКлапроттың(1836) және швед картографыИоганн Ренаттың(Жоңғарияныңкартасын жасаған) карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен(1877) менАлександр Гумбольдтың(1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т. б. ) ат салысты. Қазақтыңұлы ғалымыШоқан зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 - 90 жылдары ххҚазақстан Ғылым академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ххгидрометеорологияъъ ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т. б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады. Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура -15 - 170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 - 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4, 5 - 4, 8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында - солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым - шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері үш метрден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзені салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш - жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқанСарыесік түбегіБалқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3, 5 кмҰзынаралбұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0, 5 - 1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 - 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Балқашфаунағабай. Көл түбіндемоллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz