Экологиялық жағдайлар


Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.

5. Жер асты суларын пайдалану.

6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттеулін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адам-зат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұррпақтың болашақ алдындағы борышы.

5. 11. Балқаштың экологиялық ахуалы

Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш -Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501 мың км 2 , үзындығы -605 км, ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бүл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзен-дерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа қүяды.

Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орна-ласқандыктан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа кұймайды.

Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректеқдіріп отырған Шелек өзені

Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м 3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге қүюын тоқтатты.

Іле - Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен теменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле - Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалпытасқан тепе-теңдік заңын бүзды.

Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле - Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шүрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауарайы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.

Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық темендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуыда.

Іле - Балқаш экожүйесіннің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.

Іле - Балқаш алабы ит түмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, андар мен қүстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1, 5 млн-ға жуық бүлғын терісі дайындалатын болса, қазір бүл шаруашылық жойылған.

Іле бойында және кел жағасындағы тіршілік ететін қүстардың түрлері др азайып кеткен. "Қызыл кітапқа" енген аққу, бірқазан, көк-қүтан, т. б. қүстар қазір өте сирек кездеседі.

Іле - Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бүл өңірде Шарын тау езені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші қүм атты табиғат туындысы, Алтынемел үлттық саябағы, Кербүлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бүл аймақта 3 млн. астам халық түрады. Ең ірі қалалары - Алматы, Талдықорған, Жаркент.

Бүл еңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы "Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы" атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:

1. Іле езені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу. 2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру. 3. Акдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту. 4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.

Балқаш көлін күткару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазакстанды ғана емес Еуразияны да бүрын-сонды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.

5. 12. Каспийдің экологиялық ахуалы

Каспий теңізі - жер шарындағы бірден-бір түйық су айдыны. Оның көлемі - 380 мың км 2 . Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-35 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысы субтропикалық климатты қүрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан түрады.

Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мүнда "Қызыл кітапқа" енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Түйық су айдыны болғандықтан мүндағы организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің қүнды байлықтарының бірі - бекіре түқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре түқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін мактанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасынын көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мүнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді.

Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде бальіқтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл қүстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3, 5 млн. қүстар қьодап калса, ал жыл қүстарының саны 10-12 млн-ға жетеді.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының күбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге қүятын барлық судың 80 %-ын қүрайды. Сондыктан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабүғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердің бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бүзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығыекенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жатқызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге қүятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 %-ға, ал Теректен 60 %-ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, тсңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қара-бұғазкөлді теңізден белу үшін үзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бегет салынғанбүғаздың суы небәрі 3-ақ жьшдың ішінде кеуіп кстіп, айналасына теңіз түзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің-түбінен түз өндірушілерге қиындық туды, түздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабүғазкөл елімізде түз өндіретін бірден-бір ірі Қарабүғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978жылдан бастап теңіз. дейгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мекендер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орын-дарысу астында қалды. Барлық ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екенідігі дәлелденді.

Каспий теңізінің көтерілуі оның маңьюдағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы - экологиялық жағдайлар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Халықтың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Азаматтық қорғаныс құрамалары
Биоресурстанудың экологиялық аспектілері
Қазіргі заманда қалыптасқан экологиялық жағдайлар
Экологиялық фактор туралы
Атмосфера, гидросфера және литосфераның ластануы
Физикалық география-қоршаған ортадағы табиғаттың құрамдас бөліктерін зерттейді
География – экология – қоршаған орта
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz