Математикада оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды дидактикалық ойындар негізінде қарастырудың маңыздылығы



Зерттеудің көкейкестілігі:
I. Білім, білік және дағдыны бекіту кезінде оқушылардың іс.әрекетін ұйымдастырудың теориялық мәселелері.
1.1. Оқушылардың іс.әрекетін ұйымдастырудың әдістері мен формалары.
1.2. Білім, білік және дағды туралы ұғым және оның мәні.
II. Білім, білік және дағдыны бекіту кезінде оқушылардың іс.әрекетін ұйымдастырудың әдістемелік негізі.
2.1. Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың іс.әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдары.
2.2. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың түрлері.
Қорытынды
Математика пәні оқушылардың білім, білік, дағдысын дамытуда ерекше роль атқаратын пәндердің бірі болғандықтан, осы пән арқылы оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамытуға тырысады. Оқушылардың өзіндік жұмыстардың ізденісті – зерттеу түрлерін ұйымдастыру үшін және дамытушы оқытуға арналған тапсырмаларды қолдану мақсатында С. Волкова, Н.Н.Столяровалардың 1-ші, 2-ші, 3-ші сыныптарға арналған «Математикалық тапсырмалар дәптерін» қазақ тіліне аударып, ықшамдап және дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептер құрастырылған, әр сыныпқа, әр оқушыға арналған жинақтарды қарастырады. Соның нәтижесінде оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген белсенділігін дамытуды жүзеге асырады.
Математиканы оқыту әдістерін мұғалім мен шәкірттің оқып үйрену кезіндегі қызмет, әрекет айырмашылықтарына қарай екі түрге бөлуге болады. 1. Оқыту әдістері (мұғалім әрекеті). Бұған ақпараттық және оқушының басқару әдістері жатады.
2. Оқу әдісі (шәкірт әрекеті). Бұған оқу материалын тану, білу әдістері жатады. Бұл жіктеуде екінші топтағы әдістерге баса көңіл бөлінеді, өйткені олар арқылы оқу процесінің мақсаты болып табылатын оқу материалдарын игеру қамтамасыз етіледі. Математиканы оқып үйренудің әдістері деп оқушылардың өздерінің математика жөніндегі белсенді, дербес тану әрекетін іске асыру, ұйымдастыру тәсілдерін айтады. Бұл әдістер математиканы үйренудің ғылыми және оқу әдістері болып екіге бөлінеді. Біріншісі математиканы ғылым ретінде зерттеп білуге құрал болады. Екіншісі орта мектеп математика педагогикасында математиканы оқытуды күшейту үшін арнайы жасалынған әдістер болып табылады. Олар эвристикалық әдіс, модельдер арқылы үйрету әдісі, бағдармалық оқыту әдісі т.б.
Үйрену мен үйрету, оқу мен оқыту егіз жүретін үрдістер. Сондықтан да математика дидактикасында үйрету әдістері мен формаларына үлкен орын беріледі. Оқыту әдістері деп оқүшыларға математикалық білім, білік және дағдылардың белгілі бір жүйесін беру тәсілдерін айтады.
Оқушыларды белгілі бір үлгі бойынша әрекет үйрету немесе оларға өте күрделі өздігінше меңгеруге қиын түсетін оқу материалын өту кезінде оқыту әдістерінің көмегі зор болады.
Оқыту әдістеріне мұғалімнің кеңесі, әңгімесі, дәрістері, түсіндіру жаттығу ретіндегі өзіндік жұмысты басқару, шәкірттің оқу әдебиеті мен жұмысына әсер етуі т.б. жатады.
Математиканы оқыту формасы деп – оқу процесін ұйымдастыру тәсілдері түсіндіріледі. Олар ең әуелі сынып-сабақ, сынып-топ, зертханалық және практикалық жалпы формалар. Басқа формалар ішінен оқытудың проблемалық формасын, оқытудың даралаған формасын, техникалық құрал жабдықты кеңінен қолдану жағдайында өтетін оқу формасын т.б. бөліп айтуға болады.
Педагогикалық аса маңызды қағидаларының бірі мынадай: Әріп үйрену әдісіне белгілі бір үйрену әдісі сәйкес келуі қажет. Былайша айтқанда әрбір оқыту және оқу әдістері арасында белгілі бір ара қатынас сақталуы тиіс. Алайда практика жүзінде оқыту әдісін үйрену және үйрету әдістерінен ажырату мүмкін бола бермейді және оларды бөлудің керегі жоқ.
Математика оқыту процесінде белгілі бір әдісті оқыту формасын жемісті түрде пайдалану үшін мұғалім осы әдісті жетік білу қажет. Мұның мәнісі мынада:
а) Бұл әдістің мәнін түсініп, оны оқытудың әр түрлі нақты жағдайларында қолдана білу қажет;
ә) Оқыту процесінде әрбір әдістің жиі кездесетін формаларын білу керек;
б) Бұл әдістің байқалатын, кездесетін жақсы және теріс жақтарын білу керек.
в)Осы әдіс арқылы мектеп математика курсындағы қандай мәселені оқу қолайлы болатынын алдын-ала біліп отыру керек.
г) Оқу материалын үйрену процесінде оқушыларды осы әдіспен (басқа емес) жұмыс істеуге үйрете білу қажет.
Математика пәнінің қарастыратын обьектісінің табиғат заңдарымен байланыста болуы, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың зор мүмкіндіктерін туғызып, олардың жоғарғы деңгейдегі іс-әрекеттерін қажет етеді. Осы жерде оқушының танымдық сұранысын туғызатын, оның іс-әрекетінің шығармашылық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін математикалық есептерді мазмұнына, шығару тәсіліне, функциясына, қиындық дәрежесіне қарай классификациялау мәселесінің негізгі жағын есепті шығарушы оқушының іс-әрекетінің сипатына қарай шығармашылық және жаттығу есептері болып бөлінеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Тарих-педагогика факультеті

Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: МАТЕМАТИКАДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ
ОЙЫНДАР НЕГІЗІНДЕ ҚАРАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Ғылыми жетекші, аға оқытушы Даулетбекова Бағила

Орындаған: ППМ-711 тобының
студенті Оразбаева Ж.

Түркістан -2009
Зерттеудің көкейкестілігі:
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті
қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен
міндеттерін құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын
айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады. Н.
Назарбаев Қазақстан халқына жолдануында айтып өткендей “әлемдік білім
кеңістігінетолығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге
көтеруді талап ететінін, жоғарғы сатылы білімді азамат қалыптастыру”
көзделінген еді. Білімнің негізі бастауышта қаланатыны барша халыққа мәлім.
Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стартында:
“бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың
иесі, оқу әрекетінің субьектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы
тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын
қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала”- деп қарау міндеті анықталған.
Білім мазмұнына деген мұндай жаңаша көзқарас ең алдымен білім, білік,
дағдыларды меңгерудің негізі ретінде оқушы дамуы мен тәжірибесін қамтамасыз
ету міндеттерін шешуді көздейді. Басты кезекте бастауыш сынып оқушыларының
игеруге қажетті білім, білік, дағдылар жүйесін бекіту кезінде оқушылардың
іс-әрекетін ұйымдастырудың рөлі ерекше.
Зерттеу мақсаты:
Мектеп оқушыларына математикалық білім беруді білім, білік, дағдыны
қалыптастыру және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра отырып нәтижелі білім
сапасын қалыптастыру.
Зерттеу обьектісі:
Бастауыш мектепте білім беру процесін жетілдірудегі “математика”
пәнінің орны.
Зерттеу міндеті:
1. Математика сабағында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық
негіздерін зерттеу.
2. Математикада оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды дидактикалық ойындар
негізінде қарастырудың маңыздылығын ашу.
3. Ұстаздың іс-тәжірибеде білім, білік және дағдыны бекіту негізінде оқу
процесін ұйымдастыру.
Зерттеу пәні:
Білім, білік, дағдыны бекітуде оқу процесін ұйымдастырудың
маңыздылығы.
Зерттеу әдісі:
Баяндау, түсіндіру, салыстыру, талдау, жинақтау, қорыту.

Зерттеу көздері:
Курстық жұмыс жазу барысында қажетті материалдарды “Бастауыш мектеп,
Қазақстан мектебі” атты журналдардан және “Жаңа буын оқулықтары бойынша
математиканы оқыту әдістемесі” атты кітаптан жинақтадым.
Зерттеу құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды бөлімнен және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық білім беру жүйесін дамытудың мақсаты мен міндеті, білім,
білік, дағды жүйесін зерттеу және ұйымдастыру жайлы жазылған.
Негізгі бөлімде білім, білік және дағдыларды бекіту кезінде
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық мәселелері және
практикалық жолдары жайлы жазылған.
Қорытынды бөлімінде, алдыңғы бөлімдерде талдау жасалынған
мәліметтерге жалпы қорытынды жасалынған.
Пайдаланылған әдебиеттер бөлімінде, әдебиеттердің тізімі, мақала
авторлар, жарық көрген кезеңдері, пайдаланылған беттері жайлы баяндалған.

I. Білім, білік және дағдыны бекіту кезінде оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастырудың теориялық мәселелері.

1.1. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістері мен формалары.

Математика пәні оқушылардың білім, білік, дағдысын дамытуда ерекше
роль атқаратын пәндердің бірі болғандықтан, осы пән арқылы оқушылардың ой-
өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамытуға тырысады. Оқушылардың өзіндік
жұмыстардың ізденісті – зерттеу түрлерін ұйымдастыру үшін және дамытушы
оқытуға арналған тапсырмаларды қолдану мақсатында С. Волкова,
Н.Н.Столяровалардың 1-ші, 2-ші, 3-ші сыныптарға арналған Математикалық
тапсырмалар дәптерін қазақ тіліне аударып, ықшамдап және дидактикалық
ұлттық ойындар мен логикалық есептер құрастырылған, әр сыныпқа, әр оқушыға
арналған жинақтарды қарастырады. Соның нәтижесінде оқушылардың танымдық
қызығуларын, оқуға деген белсенділігін дамытуды жүзеге асырады.
Математиканы оқыту әдістерін мұғалім мен шәкірттің оқып үйрену
кезіндегі қызмет, әрекет айырмашылықтарына қарай екі түрге бөлуге болады.
1. Оқыту әдістері (мұғалім әрекеті). Бұған ақпараттық және оқушының басқару
әдістері жатады.
2. Оқу әдісі (шәкірт әрекеті). Бұған оқу материалын тану, білу әдістері
жатады. Бұл жіктеуде екінші топтағы әдістерге баса көңіл бөлінеді, өйткені
олар арқылы оқу процесінің мақсаты болып табылатын оқу материалдарын игеру
қамтамасыз етіледі. Математиканы оқып үйренудің әдістері деп оқушылардың
өздерінің математика жөніндегі белсенді, дербес тану әрекетін іске асыру,
ұйымдастыру тәсілдерін айтады. Бұл әдістер математиканы үйренудің ғылыми
және оқу әдістері болып екіге бөлінеді. Біріншісі математиканы ғылым
ретінде зерттеп білуге құрал болады. Екіншісі орта мектеп математика
педагогикасында математиканы оқытуды күшейту үшін арнайы жасалынған әдістер
болып табылады. Олар эвристикалық әдіс, модельдер арқылы үйрету әдісі,
бағдармалық оқыту әдісі т.б.
Үйрену мен үйрету, оқу мен оқыту егіз жүретін үрдістер. Сондықтан да
математика дидактикасында үйрету әдістері мен формаларына үлкен орын
беріледі. Оқыту әдістері деп оқүшыларға математикалық білім, білік және
дағдылардың белгілі бір жүйесін беру тәсілдерін айтады.
Оқушыларды белгілі бір үлгі бойынша әрекет үйрету немесе оларға өте
күрделі өздігінше меңгеруге қиын түсетін оқу материалын өту кезінде оқыту
әдістерінің көмегі зор болады.
Оқыту әдістеріне мұғалімнің кеңесі, әңгімесі, дәрістері, түсіндіру
жаттығу ретіндегі өзіндік жұмысты басқару, шәкірттің оқу әдебиеті мен
жұмысына әсер етуі т.б. жатады.
Математиканы оқыту формасы деп – оқу процесін ұйымдастыру тәсілдері
түсіндіріледі. Олар ең әуелі сынып-сабақ, сынып-топ, зертханалық және
практикалық жалпы формалар. Басқа формалар ішінен оқытудың проблемалық
формасын, оқытудың даралаған формасын, техникалық құрал жабдықты кеңінен
қолдану жағдайында өтетін оқу формасын т.б. бөліп айтуға болады.
Педагогикалық аса маңызды қағидаларының бірі мынадай: Әріп үйрену
әдісіне белгілі бір үйрену әдісі сәйкес келуі қажет. Былайша айтқанда әрбір
оқыту және оқу әдістері арасында белгілі бір ара қатынас сақталуы тиіс.
Алайда практика жүзінде оқыту әдісін үйрену және үйрету әдістерінен ажырату
мүмкін бола бермейді және оларды бөлудің керегі жоқ.
Математика оқыту процесінде белгілі бір әдісті оқыту формасын жемісті
түрде пайдалану үшін мұғалім осы әдісті жетік білу қажет. Мұның мәнісі
мынада:
а) Бұл әдістің мәнін түсініп, оны оқытудың әр түрлі нақты жағдайларында
қолдана білу қажет;
ә) Оқыту процесінде әрбір әдістің жиі кездесетін формаларын білу керек;
б) Бұл әдістің байқалатын, кездесетін жақсы және теріс жақтарын білу керек.

в)Осы әдіс арқылы мектеп математика курсындағы қандай мәселені оқу қолайлы
болатынын алдын-ала біліп отыру керек.
г) Оқу материалын үйрену процесінде оқушыларды осы әдіспен (басқа емес)
жұмыс істеуге үйрете білу қажет.
Математика пәнінің қарастыратын обьектісінің табиғат заңдарымен
байланыста болуы, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың зор
мүмкіндіктерін туғызып, олардың жоғарғы деңгейдегі іс-әрекеттерін қажет
етеді. Осы жерде оқушының танымдық сұранысын туғызатын, оның іс-әрекетінің
шығармашылық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін математикалық есептерді
мазмұнына, шығару тәсіліне, функциясына, қиындық дәрежесіне қарай
классификациялау мәселесінің негізгі жағын есепті шығарушы оқушының іс-
әрекетінің сипатына қарай шығармашылық және жаттығу есептері болып
бөлінеді.
Есеп шығару балаларда математикалық ұғымдарды қалыптастыруды олардың
бағдарлама анықтап берген теориялық білімді игеруі өте маңызды. Ал,
шығармашылық есептердің мәнінде жасырын жатқан заңдылықтарды ұғыну
мақсатындағы оқушының танымдық ізденістегі іс-әрекеті оның қарапайым өзгеше
шығармашылық сипатымен ерекшеленеді. Шығармашылық есептер оқушы санасында
білімнің логикалық құрылымын ғана емес, ақыл-ой қызметінің эвристикалық
тәсілдерін де қалыптастырады. Оқушының шығармашылық есепті шығаруы мен оның
мүмкін нәтижелерін алудағы сұранысы оның шығармашылық іс-әрекет талпынысын
туғызады. Математикалық есептерді шығаруда оқушының сұранысы есепті
шығаруға қойылатын талаптар арқылы тудырылады. Мұнда шығармашылық
есептердің қарапайым есептерден айырмашылығы – оқушының есепті шығарудағы
іс-әрекеттің тек сыртқы талаптармен ғана шектеліп қалмауын ескеру керек.
Басқаша айтқанда, оқушының тек есепті шығаруға бағытталған іс-әрекеті
шығармашылық есептердің мазмұнында жасырын жатқан заңдылықтарды ұғынуға
ұмтылдыратын іс-әрекетке айналуы жүзеге асуы керек. Шығармашылық есептерді
шығаруда осындай тұрғыда қарастыру оқушылардың потенциялдық мүмкіндіктерін
ашып, оңай ой қызметінің шектеусіз қозғалыста болуына мүмкіндік туқызады.
Математика пәнін оқытудың өн бойында жүзеге асыруға болатындай
мүмкіндіктер өте көп.
Мектеп курсында логика пән ретінде өтілмейді. Логикалық білім мен
дағдыларды қалыптастыруда барлық сабақтардың үлнсі бар, олардың ішінде
математика сабағының ара салмағы үлкен.
Логика дұрыс ойлаудың заңдары мен жүйелі де дәлелді түрде пайымдауға
қойылатын талаптар туралы ғылым. Анықтама, дәлелдеме, пайымдау, жіктеп
саралау сияқты т.б. логикалық амалдарын әрбір оқушы өзінің ойлау қызметінде
қолданып отырады. Оқушы анықтамаларды жаттап, теоремаларды дәлелдей отырып,
дәлелдеу мен бекерлеудің мәні, түрлері оларды қалай дұрыс қолдану туралы
әдетте біле бермейді.
Негізгі логикалық терминдер болып, табылатын және, немесе, егер
болса, онда, емес, сонда, тек сонда ғана т.б. арқылы құрастырылған
сөйлемдердің мағынасын түсінуге бағытталған жұмыстарды мақсатты
жүргізбейінше мекткп оқушыларының математикалық тілін жетілдіруге
болмайтындығын айта келіп, Дж. Икрамов теориялық материалдарды игеруге
ғана емес, әр түрлі жаттығулар орындау барысында да негізгі логикалық
терминдерді мектеп оқушыларының саналы түрде қолдана білу дағдыларының
қалыптасуы, олардың өз ойларын дәл айтуы күнделікті қолдану тіліміздегі
кездесетін көп мағыналық пен түсініксіздерді болдырмауға мүмкіндік береді
деп көрсетеді.
Оқыту практикасы көрсетіп отырғандай логикалық білім беруді бастауыш
сыныптан бастау қажет. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуды, логикалық
байланыстардың мағынасын түсіндіруге бастауыш сынып математикасында
мүмкіншіліктер өте көп. Оқушыларды сандар мен есептеулерге байланысты
жаттығулардан басқа логикалық жаттығуларды да шығарған жөн екендігіне баса
назар аудару тиіс. Есеп жауабы бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Есептің
бұл түрі мұғалімнен де, оқушыдан да аңғарымпаз болуды талап етеді.
Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге сүйенеді. Сондықтан қысқа есептей салу,
көрнекілікпен астарластыру болуы ықтимал. Мұндай есептер логикалық ойлауға,
қиялдауға, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Арнайы формула қолдануға келмейтін, әрқайсысына өзінше талдау жасауды
қажетсінетін есептерді- логикалық есептер дейміз. Мысалы мынадай логикалық
есептер әрбір оқушының логикалық ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады.
1. Төрт қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады,
Аяқ нешеу, бас нешеу?
Жауабын кім табады? (8 аяқ, 4 бас)
2. Шанаға қосарланып жегілген үш аттың неше көз, неше құлағы бар?
(6 көз, 6 құлағы)
3. Төрт бұрышта 4- күшік отыр. Әр күшіктің алдында 3- күшіктен отыр.

Барлығы бөлменің ішінде неше күшік отыр? (4 күшік)
4. Түлкі мен тырна достасып аюдың туған күніне келеді. Олар 3 бөліктен 3
дәмді бәліш жейді. Туған күнде қанша бәліш желінді? (9
бәліш).
5. Аңның екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяғы бар.
Аңның барлығы неше аяғы бар (4 аяғы бар).
6. Тік төртбұрыштың бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш шығады?
(5 бұрыш).
Матеметикадан бастауыш сыныпта өтілетін, бірақ қиын шығарылатын
есептермен тапқырлықты талап ететін шығармашылық, логикалық есептер
араласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушының жас шамасына шақталып,
оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін, математикалық құлшынысын
арттыратындай, түсіндіруі жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болғаны жөн.

1.2. Білім, білік және дағды туралы ұғым және оның мәні.

Математиканы оқыту процесінде белгілі бір ұғымдарды енгізудің
кіріспесі маңызды орын алады. Сабақтастықты жүзеге асыру ұғымының немесе
тақырыптың елеулі бөлімдерін айырып алуға және оларды жеке бөлімдер мен оны
үйренудің арасындағы тиісті байланыстарды орнатуға көмектеседі. Бастауыш
сыныптарда мактематиканы оқытуда оқушының өмір тіршілігіне және мектептің
келесі буынында оқуын жалғастыру ұшін қажетті білім, білік және дағдыларды
қалыптастыру міндеті көзделеді.
Бастауыш білім мазмұны бір сарындылықты орынсыз қайталауды болдырмай
сабақтаса дамуды қамтамасыз етеді, себебі оқушылардың дайын болуына орай
білім толықтыра және кеңейте түсуді екі бағытта, яғни ауқымды ұлғайту және
жоғары өрлеу мүмкін болатындай сызықты сатылы және блокты-модульді құрамда
түзілген. Сонымен бірге, бастауыш білім мазмұнында негізгі мектепте алгебра
мен геометрияның жүйелі курсын оқып үйренуге қажетті даярлықтың
практикалық негізін құрайтын алгебра мен геометрияның қарастырудың мүмкін
жолдарының бірін ұсынады. Мұнда алгебралық және геометриялық қарапайым
түсініктер мен ұғымдарды, практикалық білік пен дағдыларды қалыптастыру
көзделген.
Білім – шындық танудың тәжірибеде тексерілген нәтижесі, адам ойында
оның дәл бейнеленуі; түсініктер, заңдар, принциптер, пікірлер түрінде
көрінеді. Олар эмперикалық-тәжірибеден, нақты істеп шығарылған, теориялық-
заңды байланыстардың және қатынастардың бейнеленуі түрінде болуы.
Педагогикада ғылым деректерін, түсініктерін, заңдарын, теорияларын түсіну,
есте сақтау және қайта жаңғырту, игерілген білімдер толықтығымен,
жүйелілігімен, мағыналы ұғынылуымен және шындығымен ерекшеленеді.
Білік – игерілген білімдерден өмірлік тәжірибе негізінде орындалуы
тез, дәл, саналы теориялық және тәжірибелік әрекеттерге даярлығы. Білік
дағдыны емес өзгертілген жағдайларда да жаттығулар жолымен әрекеттерді
орындаудың мүмкіндігін жасайды.
Дағды – автоматтандырылған деңгейге жеткен әрекет, көп қайталау
жолымен қалыптасады. Оқыту барысында дағдыларды жасау қажет, әсіресе жалпы
оқулық мәнді, пәнаралық , ауызша және жазбаша сөйлеу, есеп шығару, есептеу,
өлшеу т.с.с.
Мектеппен байланысты педагогика саласынан орындалатын ғылыми-зерттеу
жұмыстарының басым көпшілігі педагогикалық эксперимент жүргізумен аяқталады
және оған екі түрлі оқушылар тобы қарастырылады. Бұл топтарды
эксперименттік және бақылаудағы топтар деп атау қалыптасқан. Эксперименттік
топтың қатысуымен зерттеу жұмысының қағидалары, болжамы, құндылығы, ғылыми
жаңалығы, тиімділігі және т.б. тексеруден өткізіледі. Бұл топтағы
оқушылардың үлгерімі бақылаудағы топтың үлгерімімен салыстырылады. Бірақ,
бақылау тобындағы оқушылардың көпшілік жағдайда немен шұғылданатыны тасада,
көмескі күйде қала береді немесе олар мен сабақ дәстүрлі әдіспен
жүргізіледі деп атап өту орын алған. Ал, егер эксперимент оқушылармен
мектепте өтілмейтін материалдарды саралауға арналса ше? Осы мәселенің
қаншалықты орынды екендігі және шындыққа үйлеспейтіндігіне алғашқылардың
бірі болып И.Хаймзон күмәнданған еді. Өкінішке орай, содан бері осы салада
біраз жұмыстар жүргізілгенімен, педагогикадағы бұл сарын сол қалпында
сақталып келеді. Сабақтың тиімділігі және оқушының зерделік еңбегінің
өнімділігін көтеру мақсатымен экспериментті жүргізу барысында дамыта
оқытудың жетілдірілген қағидалары жетекшілікке алынды. Бұл қағидалар
төмендегідей тұжырымдалды:
- Оқу үрдісі оқушыны материалды игеруге ынталандыра түсетіндей болып
ұйымдастырылса;
- Оқыту барысында оқушыға берілетін бүгінгі тапсырма кешегіге қарағанда
қиындау болып, оны қосымша ізденуге жетелесе;
- Әрбір тапсырма еңбектену барысында оқушыны аз болса да, жеңіске
жетелейтіндей, қол жеткен табысқа мақтанатындай болып берілсе;
- Оқушының еңбегі орындау нәтижесі үшін емес, орындау тәсілін шешкені
үшін бағаланса;
- Оқушының білімді игерудегі табысын қатарындағы құрдасымен емес, өзінің
бұған дейінгі деңгейімен салыстыру арқылы бағаланса;
- Пікір сайысына қатысу, шығармашылық бағыттағы баяндама жасау,
конструкторлық тапсырмалар орындау арқылы сыртқы білім оқушының ішкі
біліміне тасымалдану шаралары ескерілсе, сонда ғана оқыту ісі дамымалы
болмақ. Оқушыға дамыта оқыту арқылы білім берудің бұған дейін
қолданыста болып келген ұстанымдарымен салыстырғанда, осы жұмысты
орындау барысында жетілдірілген дамыта оқыту әдісінің көптеген
ерекшеліктері бар. Бұл әдістің әр түрлі құраушылары мен негізгі
бастаулары және олардың мағынасы диаграммадан анық көрінеді. Дамыта
оқытудың бастауларына жүгіну нәтижесінде мектепте көптеген
жетістіктерге қол жеткізеді.
Дамыта оқыту технологиясы- сабақта.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен Дамыта оқыту технологиясы
басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар Дамыта оқыту технологиясына
негізделе жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі Дамыта оқыту
технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық
меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
Бағалау-мотивациялық кезең.
Бұл кезең- оқу міндеттерін қою кезеңі. Дәстүрлі педагогикалық үй
тапсырмасын тексеру барысының орнына алынған бұл кезең іштей екі құрылымға
бөлінеді.
1. Оқушылардың білімдерін бір деңгейге алып келу. Оқушыларды жаңадан
түсіндірілетін тақырыпқа логикалық бірізділікпен алып бару үшін, өткен
сабақтың материалымен тығыз байланыстыра отырып жаңа тақырыпты игеруіне
қажетті тірек білімдердің барлығы актуандырылады. Оқушылардың барлығын
бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін мұғалім алдын-ала оқушылардың
түсіндіретін, толықтыратын, бірдей мәреге жеткізетін тетік сұрақтар мен
тапсырмалар даярлайды.
2. Оқу міндеттерін айқындау.
Оқушыларға мазмұндық жағынан тізбектеле құралған легі арқылы мұғалім
оқушылардың өздеріне оқу міндеттерін анықтауға басшылық жасайды. Соның
негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа қарай бет бұруына жағдай жасайдыдағы,
жаңа тақырыпты танып мотивациясын қарайды.
Негізінде осы құрылым арқылы 1 кезеңде 7-8 тапсырма орындалады. Соның
ең соңғысында оқушыға сұрақ қойылады немесе тәжірибе көрсетіледі. Оқушы
неге таң қалады? Өйткені, оқушыға соңғы тапсырма мүлде таныс емес,
шындығында бұл сұрақ өткеннен туындап тұрады. Ал мұғалім өткен мен әлі
өтілмеген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ қою арқылы оқушылар үшін
проблемалық ситуация туғызады.
Проблемалық ситуация туғызу сабақтың ең күрделі де маңызды бөлшегі
болып табылатындықтан, бұл сәттің айқын өтілуіне үлкен мән бере қарау
керек. Өйткені, басты тетік осы проблемалық жагдай туғызуда жатыр. Жаңа
тақырыптың сәтті меңгертілуі осы түйінделген проблемалық ситуацияның қалай
және қандай мазмұнда жасалғандығына тікелей байланысты.
Оқушылардың білетін біліміне сүйене отырып жетекші сұрақтар мен
тапсырмалар арқылы біртіндеп, тереңдей берген проблемалық ситуация туғызу
сәтін мұғалім тұтас көрініс ретінде оқушыларға сезіндіруі керек.
Оқушылардың осы сәтті сезінуі мұғалімге олардың таңғалысымен, кез болған
проблеманы шеше алмаған қиналысымен танылады.
Күнделікті сабақ барысында өте жиі қолдануға тура келетін кеңістік туралы
әр алуан түсініктермен танысады.
Қарапайым түсініктер тақырыбында: Заттарды әр түрлі белгілеріне
(түсі, өлшемі, пішіні) қарй салыстыру (бірдей, әртүрлі дөңгелек, үшбұрыш,
шаршы), ұзындықты өлшеу, кеңістік туралы, қозғалыс бағыты, уақыт аралығы
туралы түсінік, сызықтар (түзу, қисық сызық, тұйықталған қисық сызық,
тұйықталмаған қисық сызық) нүкте, сәуле, бұрыш, кесінді және сызу,
кесіндінің ұзындығын өлшеу (сантиметр), фигураны бөліктерге бөлу және
құрастыру қарастырылған.
Бастауыш сатыда геометриялық материалдарды оқып-үйренудегі басты
назар үшбұрыштың дербес түрлерінің (тең бүйірлі, тең қабырғалы) тік
бұрыштың (шаршының) ауданын, тік бұрышты параллельпипедтің (текшенің)
көлемін табуда қолданылатын қорытындыларды тұжырымдауға көңіл аударылды. (3-
4) сыныптарда. Ал, периметр, аудан және көлем туралы осы білімдер санды
өрнектерді және құрамында бір ғана әріп болатын өрнектерді құру, оқу,
түрлнендіру, олардың мәндерін есептеп табуға қатысты білік пен дағдыларды
қалыптастыруда сабақтаса пәрменді және дәйекті түрде қолданылады.
Бұл алгебра мен геометрия элементтері және арифметикалық
материалдардың табиғи бірлігін, өзара сабақтастықты жүзеге асырудың
мейлінше тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Бастауыш сатыдағы Математика пәнінің білім мазмұнында теріс емес
бүтін сандардың арифметикасы толық қарастырылды. Олар: теріс емес бүтін
сандардың ауызша және жазбаша нумерациясыҮ аса маңызды шамалар және өлшем
бірліктері, жай есептердің негізгі түрлері және оларды шешу т.б.
Бастауыш білім бағдарламасының ерекшелігі мектепте теріс емес бүтін
сандардың арифметикасын оқытып үйретуді толық аяқтау болып отыр. Мұнда: Он
көлеміндегі сандар. Жүз көлеміндегі сандар. Мың көлеміндегі сандар
тақырыптары. Миллиард көлеміндегі натурал сандар және нол саны біртіндеп
кеңейтіле және дамытпалы түрде қарастырылады.
Бастауыш сатыдағы Математика пәні білім мазмұнында (ұзындық, масса,
сыйымдылық, уақыт, аудан, көлем, жылдамдық) шамалар және оларды өлшеуді
оқытып үйретудің ондық есептеу жуйесі мен өлшеудің метрлік жүйесі
қарастырылған, сан және шаманың үлесі туралы ұғымдар берілген. Оқыту
процесінде қандай да бір ұғымды қалыптастыру қиындық туғызған жағдайда ғана
кіріспе курс енгізіледі. Кіріспе курсқа тән ерекшелік – оның
қарапайымдылығы.
Шаманың атау бірліктері сандар облысының кеңейтілуіне сәйкес енгізілген.
Сандар мен орындалатын және шамалармен жүргізілетін арифметикалық амалдар
қатар қарастырылады. 3-4 сыныптардың білім мазмұнындағы мәтін есептер
қарастырылған, яғни онда бастауыш сатыдағы өтілген қозғалысқа, бағаға
байланысты, масса т.б. ұғымдар сыныптың есептерінде дамытылып,
сабақтастығын табады. Мысалы: 1-4 сыныптарда алгебра саласы бойынша өрнек,
санды өрнек, санды теңдік және теңсіздік, санды өрнектің мәні, әріпті
өрнек, әріпті өрнектің мәні, әріптің әрбір мәніне өрнектің де бір ғана
мәнінің сәйкес болатыны, қарапайым теңдеулер және оларды шешу тәсілдері,
құрылымы күрделі теңдеулер және оларды шешу тәсілдері, алгебралық тәсілмен,
яғни теңдеу құру арқылы есептер шығару және т.б. тақырыптарын негізгі
мектептің (5-6 сыныптар) теңдеулерді шешу, бір белгісізді сызықтық теңдеу
тақырыптарын өткенде одан әрі дамытып, сабақтастырады.
Алгебра элементтерінің ішінде дидактикалық тұрғыдан алғанда маңыздысы
теңдеу жайында түсінік беру және оны шешудің тәсілдерін оқытып үйрету,
сондай-ақ есепті алгебралық тәсілмен (теңдеудің көмегімен) шешудің мән-
мағынасын ашу. Теңдеуді шешудің алдымен сынап көру, яғни таңдап (іріктеп)
алу тәсілі. Содан кейін тура санды теңдіктің немесе өзара кері амалдардың
қасиеттеріңе негізделген тәсілдері енгізіледі. Әр алуан жаттығуларды (жай
есептер шығару, ойлаған сакнды табу т.б.) орындауда теңдеулер құрылады, ал
теңдеудің көмегімен есептің шешу тәсілінің мән-мағынасы және ерекшелігі екі
амалмен шығаратын есепті қарастыру барысында ашылады.
Бастауыш білім мазмұнында сандар облысы кеңейген сайын сан мәні
күрделене түсетін а+5, а-3, 7-а, 7+а, а*2, а2, 5*а, а3 сияқты әріпті
өрнектердің қарапайым түрлері ғана, әріпті өрнектер және олардың мәндері
қарастырылған.
Негізгі мектептің білім мазмұнында (5-6) өрнектерді қарапайым
түрлендіру: жақшаны ашу, ұқсас қосылғыштарды біріктіру тақырыптарын өткенде
одан әрі сабақтасып отырады.
Бастауыш білім мазмұны негізгі мектептегі (5-6 сыныптар) білім
мазмұнымен сабақтасып жүйелі түрде дамытылып отырады. Бұл оқу сапасын
жетілдіруге айтарлықтай ықпал етеді.

II. Білім, білік және дағдыны бекіту кезінде оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастырудың әдістемелік негізі.

2.1. Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастырудың тиімді жолдары.

Дидактикалық ойындар – балалардың математикалық білім, білік
дағдыларын арттырудың құралдары болып табылады.
Математика сабақтарында ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойынды
сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасын
оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойынды сабақтың арасында
қолданса, онда оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанды ұмыттырып,
ерік- жігерін дамыту мақсатын көздейді.
Ойын сабақтың соңында болса, тақырыпты бекіту несол сабақтан алған
білімді жинақтау мақсатында пайдалынылады. Ойын оқушылардың оқуға деген
ынтасын арттырудың маңызды құралы. Сондықтан да бастауыш сынып оқушылары
сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар
оқушылардың жас ерекшіліктеріне қарай күрделеніп отырады. Яғни алты
жасарлармен ойналатын ойынның макзмұны жеңіл болады, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Математика пәнін оқытуда батауыш мектептің оқу үдерісінде тиімді оқытудың әдістерін таңдап алу және ендіру
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындардың жіктелуі
Дидактикалық ойындар-кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру құралы
Математикалық мазмұн ұғымы
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі
Пәндер