Қарапайымдылар типі. Тамыраяқтылар және талшықтылар класының, жалпы сипаттамасы, жіктелуі, практикалық маңызы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Қарапайымдылар типі. Тамыраяқтылар және талшықтылар класының, жалпы сипаттамасы, жіктелуі, практикалық маңызы.

Мақсаты: қарапайымдылар типінің өкілдерінің жіктелуін және ортақ белгілерін, олардың практикалық маңызын оқу.

Дәріс жоспары:

1. Талшықты қарапайымдылар.

2. Тамыраяқты қарапайымдылар.

3. Сәулелі қарапйымдылар.

Дәріс тезистері

Қарапайымдылар типі - Ргоtozoa

Қарапайымдылар - денесі бір жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ағзалар, қызметгік жағынан ол біртұтас, дербес ағза болып саналады. Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір ғана жасушаның ішінде ас қорыту, тыныс алу, зат алмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән белгілер үздіксіз жүріп жатады. Жасуша пішіні әртүрлі, тұрақты (кірпікшелі кебісше) немесе тұрақсыз (амеба) болады. Қарапайымдылардың денесі өте кішкентай: 3 мкм-ден 160 мкм аралығында болады. Ол сыртқы мембранадан, цитоплазмадан, ядродан және органоидтардан тұрады. Сыртқы мембрананың құрылысы жасушалардың мембранасына ұқсас; цитоплазмасы 2 қабатқа бөлінген - сыртқы қабаты - эктоплазма, тығыздау, біркелкі және мөлдір, ал ішкі қабаты - эндоплазма, түйіршікті және сұйықтау болып келеді. Эндоплазмада жалпы қызмет атқаратын органоидтары болады: митохондриялар, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені т. с. с. Сонымен қатар, қарапайымдыларда ерекше қызмет атқаратын органоидтарда кездеседі. Оларға қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, қорғаныстық т. с. с. органоидтары жатады.

Қарапайымдылардың қозғалу органоиды болып жалғанаяқтары, талшықтары, кірпікшелері саналынады.

Қарапайымдардың қоректену тәсілі автотрофты (фотосинтез) гетеротрофты (фагоцитоз, пиноцитоз) болады. Ас қорыту органоиды болып ас қорыту вакуольдері, зәр шығару органоиды - жиырылғыш вакуольдер саналынады; ал кейбіреулерінде ерекше тесікшелер - қылаулатқыштар кездеседі.

Қарапайымдылар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі жасушаның жай 2-ге бөлінуі аркылы, не жасушаның көптеп бөлінуі (шизогония) арқылы жүруі мүмкін (ядросының бөлінуі - митоз, одан кейін ұзынан немесе көлденең цитокинез) . Жынысты көбеюі копуляция (талшықтылар) . не коньюгация (инфузория), күйінде кездеседі.

Ортаның қолайсыз жағдайында циста (тығыз қабық) түзіледі. Бұл кезде олар қозғалуын тоқтатып, қалың қабықпен қапталып, тыныштық күйіне көшеді. Олардың зат алмасуы мүлдем тоқталады. Кейбір жағдайда циста таралу қызметін атқарады. Қолайлы жағдай туса олар қайтадан тіршілігін әрі қарай жалғастыра береді

Қарапайымдардың 7-ға таяу түрі бар. Олар табиғатта кең таралған және мұхиттарда, теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда . еркін және паразиттік тіршілік ететін түрлері кездеседі. Табиғатта топырақ, бор түзуге қатысады, адамдар мен жануарларда әр түрлі зілді ауруларды (малярия, лишманиоз) қоздыруы мүмін.

Қарапайымдылар қозғалу тәсілі мен көбею ерекшеліктеріне байланысты 7 класқа бөлінеді. Біз көбінесе солардың 4 класын қарастырамыз. Олар:

1. Саркодиналар, (тамыраяқтылар) класы (Sarcodinа) ;

2. Талшықтылар класы (Ғ1аqе11аtа) ;

3. Споралылар класы (Sроrоzоа) ;

4. Инфузориялар (кірпікшелілер класы (. Jnfusогіа) .

Тамыраяқтылар класы - Sarcodina. Бұл кластың өкілдері өте қарапайым. Олардың денесінің пішіні тұрақты емес. Олар жалғанаяқтары арқылы қозғалады. Тұщы суларда, топырақта, теңізде мекендейді. Биогеоценозда консумент және редуцент қызметін атқарады. Кейбір тамыраяқтылар комменсалды және паразитті өмір сүруге бейімделеген.

Амеба Amoebina отрядының өкілдерінің медициналық маңызы бар. Паразиттік амебалар негізінен адамның ас қорыту жүйесінде мекендейді. Кейбір еркін өмір сүретін топырақта және лай суда мекендейтін тамыраяқтылар, адамның организміне түскенде ауыр ауру шақыруы мүмкін, кейде өліммен аяқталады.

Талшықтылар класы - Flagellata. Талшықтылардың денесі цитоплазмалық мембранадан басқа дене пішінінің тұрақтылығын қамтамассыз ететін, арнайы қабықша - пелликула мен қапталған. Эктоплазманың жіп тәрізді өсіндісі қозғалу органелласы бір немесе бірнеше талшықтары бар. Талшықтың ішіне қысым ақуыздарының фибрильдері кіреді. Кейбір талшықтыларды ундулиярлық мембрана бар. Талшық ундулиярлы мембрананы - толқын тәрізді қозғалысқа келтіреді. Талшықтың негізгі энергетикалық қызмет атқаратын органелла кинетосомамен байланысты. Талшықтылар қатарында жасушаның ішіне енетін тығыз салмақ түрінде аксостиль - тірек органелласы бар. Талшықтылардың әртүрлі паразитті түрлері адамның әртүрлі мүшелерінде мекендейді. Олардың даму циклі әртүрлі.

Амеба отряды - Атоеbiпа

Адам денесінде амебаның бірнеше түрлері кездеседі, олардың ішінен маңыздысы - қантышқақ (дизентерия) амебасы (Еntamoeba histolytica)

Дизентерия амебасы - Еntamoeba histolytica адамдардың зілді ауруы -амебиаз ауруының қоздырушысы болып табылады. Ол адамның тоқ ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ол барлық жерлерде, әсіресе климаты ыстық болып келетін жерлерде, кездеседі.

Бұлар тек адам паразиті болып табылады. Оның тіршілік циклінде мынадай формалары кездеседі: циста, ұсақ вегатативтік формасы (formamagna), ірі вегетативтік формасы (formaminuta) және ұлпалық формасы.

Инвазиялық сатысы болып 4 ядролы циста саналады. Ол лас қол арқылы, не жуылмаған жеміс-жидектерді жегенде адамға жұғады. Адам ішегіңде циста қабығы еріп 4 ядролы амебаға айналады. 4 ядролы амеба тез бөлініп 4 бір ядролы ұсақ вегетативтік формасы (7-15 мкм) (formaminuta) түзіледі. Ұсақ вегетативтік амеба тоқ ішекте бактериялармен қоректеніп, ұзақ уақыт зиянсыз тіршілік етеді. Тоқ ішектің төменгі бөлімдеріне өтіп ол цистаға айналады да нәжіспен сыртқа шығарылады.

Ішектің амеба аркылы зақымдануы салдарынан ұсақ вегетативтік формаға (forma minuta) ірі вегетативтік формаға (forma magna) айналады. Оның өлшемі ірілеу 30-40 мкм және ядро кұрылысы ерекше болып келеді. Олар эритроциттермен қоректенеді, сондыктан оларды эритрофагтар деп атайды.

Ішек қабырғасының ұлпасында көбеюші амебалар (ұлпалық формасы) ішек қуысына өтуі мүмкін. Олардың кұрылысы және көлемі ірі вегетативтік формаға ұқсас болады, бірақ олар эритроциттермен қоректене алмайды.

Емдеу немесе ағзаның қорғаныстық реакциясының күшеюі нәтижесінде ірі вегетативтік форма қайтадан ұсақ вегетативтік формаға өтіп цистаға айналады.

Кейбір адамдарда ұсақ вегетативтік форма еш уақытта да ірі вегетативтік формаға айналмайды. Ондай адамдарды циста тасымалдаушылар деп атайды. Олар өздері ауырмайды, бірақ басқа адамдар үшін өте қауіпті, себебі басқа адамдардың зақымдану кезінің бірі болып табылады. Циста тасымалдаушы 1 тәулікте 600 млн цисталарды боліп шығарады. Оларды дер кезінде тауып емдеу қажет.

Амебиаздың жұғуының жалғыз көзі болып адам саналады. Нәжіспен бөлініп шыққан цисталар топырақты, суларды ластайды, бау-бақшаларға жетіп жеміс-жидектерді ластайды. Ластанған жеміс жидектерді жумай жеген кезде амеба цистасы адамға жұғады. Олардың механикалық таратушылары болып шыбындар, тарақандар саналады.

Клиникалық сипаты. Негізгі белгілері (симптомдары) ішектің қансырап тұратын жарасы, қан мен сілемей араласқан сұйық үлкен дәреттің жиі келуі болып табылатын зілді ауруды қоздырады. Дұрыс емделмесе 40% жағдайда дүние салуға алып келеді.

Лабораториялық анықтау. Нәжісті микроскопиялык зерттеу арқылы жүргізіледі. Аурудың зілді кезінде үлкен дәретте эритроциттерді жұтқан ірі вегетативтік формасын, ал созылмалы ауру кезінде не циста тасымалдаушыларда 4 ядролы цисталарды іздейді.

Алдын алу шаралары ретінде жеміс-жидектерді жуып жеу, қайнаған суды ғана ішу, тамақтану алдында, дәрет алғаннан кейін, қолды сабындап жуу, яғни жеке тазалықты сақтау болып табылады механикалық тасымалдаушыларды (шыбындар, тарақандар) жою және санитарлық ағартушылық жұмыс (үгіт-насихат) жүргізу әдістерін атауға болады.

Адамның ас қорыту жолында дизентерия амебасымен қатар басқа да патогенді емес амебалар кездеседі. Ол - ішек амебасы (Entamoeba coli), ауыз амебасы (Entamoeba dingivalis) . Олар адам денсаулығына зиянсыз болып табылады.

Алғашқы монадалылар отряды.

Лейшмания туысы -Leishтапіа.

Лейшмания трипоносомалылар тұқымдасына жатады. Бұл тұқымдастың ерекше белгісі ретінде даму циклінде, қоршаған орта ерекшеліктеріне қарай, бірнеше морфологиялық формалары бар:

  1. жалпақ, таспа тәрізді денесі болады, оның ортасында сопақша ядро орналасқан. Талшық денесінің артқы жағынан, ядродан кейіндеу, басталады, желпуші перде жаксы жетілген.
  2. талшығы денесінің ортасынан, ядродан ілгерілеу, басталады: желпуші перде қысқа болып келеді.

3. Лептомонадалық формасының талшығы денесінің алдыңғы жағының жиегінен басталады, желпуші перде дамымаған.

4. Лейшманиялық (немесе жасуша ішілік) формасынын денесі домалақ, ядросы ірі, талшык мүлдем дамымаған не өте нашар дамыған, оның тек базаль денесі ғана болады.

5. Метациклдік формасы критидиалдық формаға ұқсас, бірақ талшықтың еркін болігі дамымаған.

Лейшмания туысының өкілдерінде 2 морфологиялық форма кездеседі: лептомонадалық және лейшманиялык.

Тіршілік циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Лейшманиялық нысаны адамдарда және омыртқалыларда паразиттік тіршілік етеді; лептомонадалык формасы - таратушы насекомдарда кездеседі. Лейшмания тудыратын ауруды лейшманиоздар деп атайды, ол табиғи-ошактық, трансмиссивтік аурулар қатарына жатады.

Лейшманиялар екі түрге бөлінеді:

  1. дерматотропты (теріні закымдайды)
  2. висцеротропты (ішкі мүшелерді зақымдайды)

Висцералді лейшманиозды қоздырушы - Leishтапіа donovai . Ол бауыр, көкбауыр, сүйек кемігі жасушаларында, лимфа түйінінде, тері астындағы ретикулоэндөтелиалды жасушаларда кездеседі.

Ол Жерорта теңізі елдерінде, Азия, тропикалык Африка, Оңтүстік Америка, Орта Азия, Кавказ елдерінде таралған.

Даму циклі. Бұлардың резервуарлары болып адамдар және әр түрлі сүтқоректілер (иттер, шиебөрілер) саналынады. Таратушылары болып ұсақ қансорғыш насекомдар-бәкене шыбындар есептелінеді. Лейшмания бәкене шыбынның ас қорыту жолына еніп сілекей безіне өтеді. Ондай шіркей адамды шақса лейшманияның лептомонадалы түрін жұқтырады. Олар қан, лимфа аркылы таралып ішкі мүшелер жасушаларына өтіп лейшманиялык формаға айналады да көбейеді. Бір жасушадағы паразиттер саны 100-200-ге дейін жетуі мүмкін. Олар жасушаны бұзып жаңа жасушаларға өтіп өтырады.

Патогендік әсері. Көкбауыр және бауыр мөлшері үлкейіп өседі. Ағзада қаназдылық, әлсіздену, жүдеу процестері байқалады. Ауру зілді түрде не созылмалы түрде жүруі мүмкін. Дұрыс емделмесе өлімге алып келеді. Бұл аурумен негізінен балалар жиі ауырады.

Лабораториялық анықтау - төс сүйегі кемігінің жағындысын микроскоп арқылы зерттеп, паразиттің лейшманиялық түрін табу болып саналады.

Алдын алу шарлары: жеке шаралар - бәкене шыбындардан сақтану; қоғамдық шаралар - табиғи резервуарларды жою; санитариялық-ағартушылық жұмыстар жүргізу, ауруларды емдеу т. с. с.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайымдылардың клетка құрылысын, көбею жолдарын, систематикасын табиғаттағы маңызын зерттеу
Споровиктер және инфузориялар. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Тамыраяқтылар және талшықтылар
Қарапайымдылардың систематикасы
Бір клеткалы жәндіктердің тіршілік ортасы
Класс. Талшықтылар - mastigophora
“Зоология” курсының кіріспесі
Бір клеткалылар патшалық тармағы
Қарапайымдылар
Бір клеткалылар патшалық тармағы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz