PR-дың даму тарихы,АҚШ тәжірибесі



Жұртшылықпен байланыс өз дамуында ең алдымен батыс қоғамындағы әлеуметтік құрылыстың күрделенуімен қатысты болған бірнеше кезеңнен өтті. Осындай төрт кезең атап өтіледі.ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап жарнама моделі, біржақты байланыспен ерекшеленеді. Қазір бұл модель сирек қолданылады.ХХ ғасырдан басында-қоғамдық ақпарат моделі. Оған ақпараттың қоғамда белгілі бір ұйымның мақсат-мүддесіне орай таралуы, хабарламаның обьективтілігне баса көңіл бөлінуі тән. Бірақ бұл модель де коммуникация процесінің біржақтылығымен айырмаланады.1920 жылдан бастап екіжақты ассиметриялық модель пайда болды. Бұл модельге аудиторияның ұстанымдарын кейіннен өзгерту мақсатында зерттеп білу тән. Алғашқы екі модельмен салыстырғанда әсер ету обьектісінің мінез-құлқы мен ішкі жай-күйі көбірек назарға алынады. Бірақ, мұнда манипуляторлық, насихаттық сарындар басым болды. Ол қоғамның саяси және экономикалық салаларында қолданылды, қазіргі таңда тауар және қызметтер өндірісіне қатысты тәжірибенің 15-20%-ын құрайды.XX ғасырдың орта тұсынан бастап екіжақты симметриялы модель қолданылып келеді.Әсер ету объектісімен өзара түсіністік пен әріптестік,объектінің мүдделерін барынша ескеру,этикалық қырдың басым рөлі,насихаттан,жалғандық пен алдап-арбаудан бас тарту оның ең басты принциптері болып табылады.Сарапшылардың бағалауынша болашақ-осы модельдікі.
Заманымыздың айшықты белгілерінің бірі ретінде жұртшылықпен байланыс қалыптасып,дамудың белесті жолдарынан өтті.Оның қаз тұруы XIXғасырмен тұспа-тұс келеді. PR терминін АҚШ-тың үшінші президенті Т.Джеферсон алғаш рет қолданды деген әңгіме бар. Американың алтыншы президенті Э.Джексон да журналистер қауымының қызметіне жиі жүгінгені белгілі. Сол тұста (1830-шы жылдары) бұл атаусөз «ортақ игілікке бағытталған әрекет» деген ұғымды білдірген. Сондай-ақ осы PR терминін америкалық Д.Идон 1882 жылы енгізді деген де сөз бар.Қызметтерді тұтынушылардың пікірін зерттеп білу жөніндегі қам-қарекеттің алғашқы мысалдары 1883 жылдың үлесіне тиеді. «Белл телефон компани» фирмасының директоры Т.Вайль кәсіпорынның жергілікті бөлімшелеріне қызметтер сапасы мен баға саясатын ой елегінен өткізу жөнінде тапсырма берген. Бұл фирма ХХ ғасырдың басында-ақ өзіне тиімсіз заңнамаға қарсы бағытталған газет материалдарының топтамасын ұйымдастыру науқанын өткізген. 1911 жылы британ вигтерінің серкесі Д.Ллойд-Джордж ұлттық сақтандыру заңына қоғамдық қолдау көрсету жөнінде науқан жүргізген. Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде В.Вильсон әкімшілігі жанында кәсіби газетші Дж. Крилдің ұсынысы бойынша насихаттық комитет (тарихқа «Крил комитеті» деген атпен енген) құрылған. «Крил комитетінің» көптеген қызметкерлері соғыстан кейін жарнама саласына ауысқан. Насихат саласындағы кәсіпқойлардың жарнама және жұртшылықпен байланыс саласына «жылыстауы» Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де байқалған.
Кәсіпкерлер тобының жұртшылыққа деген көзқарасының өзгеруін кей зерттеушілер «алғашқы пиаршы» А.Л.Лидің (1877-1934 жж.) қызметімен байланыстырады. Мамандығы журналист А.Ли 1914 жылы үлкен Рокфеллердің баспасөз хатшысы болған. Сол кезеңде бизнес пен кәсіподақтардың, қаржы-саясат олигархиясының және солшыл либерал зиялылардың қарым-қатынастары ушығып тұр еді. А.Ли газет жарияланымдарының, фотосуреттер мен кинороликтердің көмегімен өзінің «кейіпкер-басшысының» қайырымдылықтан қаржы аямайтын үлкен әулет иесі ретіндегі бейнесін жасай алған. Ал, шындығында Рокфеллердің жұртшылықа деген көзқарасы өз әріптестерінің пікірінен соншалық алысқа ұзамайтын.Либералдық ұстанымдарға берік А.Ли жекеменшік кәсіпкерлердің жақтаушысы болатын,бірақ солшыл көзқарастағы өзге әріптестерінен бір өзгешелігі-ол жұртшылық алдында үлкен бизнестің жағымды имиджін жасауға ұмтылды.Мәселен,Дж.Рокфеллерге баспасөөз атташесі болып келерден бұрын А.Ли көмір компаниясы басшылығы жанындағы жұртшылықпен байланыс маманынң атқарымдарын орындады.Ереуіл алдындағы ахуалда ол газетшілерді жанжалды шынайы көрсетуге ,жұртшылықты кәсіподақтарға,сондай-ақ жұмыс берушілерге объективті көзқарас танытуға үндеді,осылайша шиеленістің ширығуын бәсеңдетуге тырысты.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
PR-дың даму тарихы,АҚШ тәжірибесі.

1.PR-дың даму тарихы,АҚШ тәжірибесі.
Жұртшылықпен байланыс өз дамуында ең алдымен батыс қоғамындағы әлеуметтік құрылыстың күрделенуімен қатысты болған бірнеше кезеңнен өтті. Осындай төрт кезең атап өтіледі.ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап жарнама моделі, біржақты байланыспен ерекшеленеді. Қазір бұл модель сирек қолданылады.ХХ ғасырдан басында-қоғамдық ақпарат моделі. Оған ақпараттың қоғамда белгілі бір ұйымның мақсат-мүддесіне орай таралуы, хабарламаның обьективтілігне баса көңіл бөлінуі тән. Бірақ бұл модель де коммуникация процесінің біржақтылығымен айырмаланады.1920 жылдан бастап екіжақты ассиметриялық модель пайда болды. Бұл модельге аудиторияның ұстанымдарын кейіннен өзгерту мақсатында зерттеп білу тән. Алғашқы екі модельмен салыстырғанда әсер ету обьектісінің мінез-құлқы мен ішкі жай-күйі көбірек назарға алынады. Бірақ, мұнда манипуляторлық, насихаттық сарындар басым болды. Ол қоғамның саяси және экономикалық салаларында қолданылды, қазіргі таңда тауар және қызметтер өндірісіне қатысты тәжірибенің 15-20%-ын құрайды.XX ғасырдың орта тұсынан бастап екіжақты симметриялы модель қолданылып келеді.Әсер ету объектісімен өзара түсіністік пен әріптестік,объектінің мүдделерін барынша ескеру,этикалық қырдың басым рөлі,насихаттан,жалғандық пен алдап-арбаудан бас тарту оның ең басты принциптері болып табылады.Сарапшылардың бағалауынша болашақ-осы модельдікі.
Заманымыздың айшықты белгілерінің бірі ретінде жұртшылықпен байланыс қалыптасып,дамудың белесті жолдарынан өтті.Оның қаз тұруы XIXғасырмен тұспа-тұс келеді. PR терминін АҚШ-тың үшінші президенті Т.Джеферсон алғаш рет қолданды деген әңгіме бар. Американың алтыншы президенті Э.Джексон да журналистер қауымының қызметіне жиі жүгінгені белгілі. Сол тұста (1830-шы жылдары) бұл атаусөз ортақ игілікке бағытталған әрекет деген ұғымды білдірген. Сондай-ақ осы PR терминін америкалық Д.Идон 1882 жылы енгізді деген де сөз бар.Қызметтерді тұтынушылардың пікірін зерттеп білу жөніндегі қам-қарекеттің алғашқы мысалдары 1883 жылдың үлесіне тиеді. Белл телефон компани фирмасының директоры Т.Вайль кәсіпорынның жергілікті бөлімшелеріне қызметтер сапасы мен баға саясатын ой елегінен өткізу жөнінде тапсырма берген. Бұл фирма ХХ ғасырдың басында-ақ өзіне тиімсіз заңнамаға қарсы бағытталған газет материалдарының топтамасын ұйымдастыру науқанын өткізген. 1911 жылы британ вигтерінің серкесі Д.Ллойд-Джордж ұлттық сақтандыру заңына қоғамдық қолдау көрсету жөнінде науқан жүргізген. Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде В.Вильсон әкімшілігі жанында кәсіби газетші Дж. Крилдің ұсынысы бойынша насихаттық комитет (тарихқа Крил комитеті деген атпен енген) құрылған. Крил комитетінің көптеген қызметкерлері соғыстан кейін жарнама саласына ауысқан. Насихат саласындағы кәсіпқойлардың жарнама және жұртшылықпен байланыс саласына жылыстауы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де байқалған.
Кәсіпкерлер тобының жұртшылыққа деген көзқарасының өзгеруін кей зерттеушілер алғашқы пиаршы А.Л.Лидің (1877-1934 жж.) қызметімен байланыстырады. Мамандығы журналист А.Ли 1914 жылы үлкен Рокфеллердің баспасөз хатшысы болған. Сол кезеңде бизнес пен кәсіподақтардың, қаржы-саясат олигархиясының және солшыл либерал зиялылардың қарым-қатынастары ушығып тұр еді. А.Ли газет жарияланымдарының, фотосуреттер мен кинороликтердің көмегімен өзінің кейіпкер-басшысының қайырымдылықтан қаржы аямайтын үлкен әулет иесі ретіндегі бейнесін жасай алған. Ал, шындығында Рокфеллердің жұртшылықа деген көзқарасы өз әріптестерінің пікірінен соншалық алысқа ұзамайтын.Либералдық ұстанымдарға берік А.Ли жекеменшік кәсіпкерлердің жақтаушысы болатын,бірақ солшыл көзқарастағы өзге әріптестерінен бір өзгешелігі-ол жұртшылық алдында үлкен бизнестің жағымды имиджін жасауға ұмтылды.Мәселен,Дж.Рокфеллерге баспасөөз атташесі болып келерден бұрын А.Ли көмір компаниясы басшылығы жанындағы жұртшылықпен байланыс маманынң атқарымдарын орындады.Ереуіл алдындағы ахуалда ол газетшілерді жанжалды шынайы көрсетуге ,жұртшылықты кәсіподақтарға,сондай-ақ жұмыс берушілерге объективті көзқарас танытуға үндеді,осылайша шиеленістің ширығуын бәсеңдетуге тырысты.Осы тұста ол теміржол фирмаларының паблиситиімен,яғни жағымды бейнесін жасаумен айналысты.Теміржол апаттары жөніндегі желбуаз қауесет енді-енді дамып келе жатқан көліктің келешегіне кесе-көлденең тұрған еді.Газет редакцияларында осы түйткілді объективті тұрғыдан қарауға қол жеткізген А.Ли жұртшылықты теміржол апатына ұшырау қаупі Нью-Йорк қаласында мырзалар мінген тарантастың немесе сол кезде ілуде бір кездесетін автомобильдің астына түсу ықтималдығынан аспайтынына сендіре алды.А.Лидің күш-жігері арқылы идеалистік деп атауға тұрарлық PR моделі өмірге келді. Жүз жылдай бұрын оның қисыны тым қарапайым-тын, түптеп келгенде Ақиқат, тағы да ақиқат, ақиқаттан бөлек еш нәрсе де емес деген ұстанымға саятын[111-14 бет].1906жылы Айви Ледбеттеру Ли өзінің тарихи Ұстанымдар туралы Декларациясын таратты :
Бұл құпия пресс-бюро емес.Біздің барлық жұмысымыз ашық түрде жүргізіледі.Біздің мақсатымыз-жаңалық беру.Бірақ бұл да жарнама агенттігі емес.Егер де сіз өзіңіздің өандай да бір материалыңыз сіздің жарнама бөліміңізге лайықтырақ деп тапсаңыз,оны пайдаланбаңыз.Біздің материалдарымыз дәл.Жарияланатын сұрақтардың әрқайсысынан қосымша ақпарат алуға болады,біз кез келген редакторға атап өтілген фактілердің әрқайсысының дәлдігін жеке тексеруіне қуана-қуана көмектесеміз.Ә дегеннен-ақ редактор мақала авторы жөнінде керекті мәліметті ала алады.Бір сөзбен айтқанда,біздің мақсатымыз- ашық және еркін түрде,іскер топтар мен әлеуметтік институттар атынан АҚШ қоғамы мен баспасөзіне қоғамға қызықты және құнды заманауи және дәл ақпаратты ұсыну. Корпорациялар мен әлеуметтік институттар мәні жоғалып кететін ақпараттардың көп көлемін таратады.Бірақ та осыған қарамастан қоғам үшін ақпаратты алу мекемелер үшін оны тарату қалай маңызды болса,соншалықты дәрежеде.Мен тек қана дәлдігін өзім кез келген адамға тексеруге қуана-қуана келісетін ақпаратты ғана таратамын[2].
Ал бүгінде, қазіргі заманғы әлеуметтің ерекшелігіне сәйкес сыпайы PR технологиялар қоғамдық өмірдің қайсыбір саласы бойынша обьективті түсінік беретін репрезентативті (салиқалы) ақпарат жиынтығын ұсынады. Жұртшылықпен байланыстың кез келген идеалистік моделінің ортақ белгілері мыналар болып табылады:
- имидж жұртшылықпен байланыстың нысаны туралы обьективті, жағымды ақпарат жиынтығы ретінде қарастырылады;
- обьективтілік пен шынайылық негізге алынады;
- комуникация жұртшылық келісіміне, әлеуметтік қатынастардың үйлесімділігіне бағытталады.
1902 жылы Чикаго Эдисон компани қызметкері С.Инсалл ақпараттық-жарнамалық мақсатта электрлендірілген коттедж салып, 1909 жылы кино түсірімді жұртшылықпен байланыс мақсаттарына тұңғыш рет пайдаланды. 1904 жылы екі американ жоғары оқу орынында -Пенсильвания және Висконсин университеттерінде жұртшылықпен байланыс жөніндегі бюролар құрылды. Автоиндустрия серкесі Форд моторз 1908 жылдан бастап фирмаішілік газет шығарып, 1912 жылдан бастап тұтынушыларға сұрау салып келеді.[114 бет]
XX ғасырдың 30-жылдарының басында АҚШ-тың Демократиялық партиясында PR бойынша кеңесші қызметі пайда болды, дәл осы қызмет Республикалық партияда 1936 жылы туған.Осы кезеңде Пиар менеджменттің тәуелсіз функциясы болып бөлініп,АҚШ-тың ірі компанияларының сұраныстарына ие бола бастады. Сондай-ақ осы кезеңде саяси компанияларды жүргізу бойынша алғашқы мамандар пайда бола бастады.
1945-1965 жылдар-АҚШ-тағы бум пиар жылдары болып табылады.Пиар менеджменттегі тәуелсіз бағыт ретінде түбегейлі бөлініп,жедел қарқынмен дами бастайды.Университеттер Пиар бойынша бакалавр мамандарын шығара бастайды.1965 жылы Пиар саласындағы қызметкерлердің саны 100 мыңнан асып жығылса,2000 жылы тек қана АҚШ-тың өзінде 200 мың адам болған.
Пиар бүгін де даму үстінде.Қазіргі таңда АҚШ-та қоғаммен байланыс саласында 2000-ға жуық компания жұмыс атқарады.[2]
Екіжақты жұртшылықпен байланыс моделінің пайда болуына АҚШ ақпарат агенттігі қоғамдық ақпарат комитетінің қызметі көп септігін тигізді.Комитеттің жұмысында қолданылған әдістер мен техника қоғамдық ақпарат моделі үшін біртекті болғанымен,Агенттік қызметкерлерінің жұртшылық иланатын және естігісі келетін материал негізінде ақпарат әзірлеуі маңызды болып саналады.Комитет ағымдағы ақпаратты әрдайым мұқият реттейтін және оның эмоциялық деңгейде қабыл алынуы үшін кәдімгідей күш-жігер жұмсайтын.Жұртшылықты иландырудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданған жаңа буын өкілдеріне де осы комитет қолдау көрсеткен.Кейіннен бұл әдістер әлеуметтік-психологиялық ғылымға негіз қалады.Жас мамандар арасынан австриялық көрнекті психолог З.Фрейдтің жиені,зерттеуші әрі практик Э.Бернейзді атап өтуге тұрады,оның еңбектері жұртшылықпен байланыстың екіжақты моделіне жақсы мысал бола алады.Әлеуметтік-психологиялық әдістерді жұртшылықпен байланыста қолдану идеясы нақ осы Э.Бернейзге тиесілі.Сондықтан да жұртшылықпен байланыстың әлеуметтік қызметтің дербес түрі ретінде өз алдына жеке отау тігуі Бернейздің есімінен байланыстыралады.А.Ли сияқты Э.Бернейз де коммуникация нәтижесінде қалыптастырылып ,қол жеткізілген жұртшылық көзқарасы кез келген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдегі бизнес Паблик рилейшнз мәнін жетік түсінбей, оның рынокты табысты игерудегі маңызын ескере алмай отыр дейді мамандар
PR-дың қалыптасу тарихы және дамуы
«TSC Group» корпорациясының даму тарихы және бүгіні
Сайлау науқанында саяси маркетинг пен PR-тің қолдану тәжірибесі
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын pr-технологиялар туралы
PR (паблик рилейшнз – қоғаммен байланыс) рыногінің дамуы
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR - технологиялар
Қоғаммен байланыс қызметінің мәні
Бұқарамен байланыс
Бұқарамен байланыстың дербес кәсіби мамандық ретінде қалыптасуы және дамуы
Пәндер