Бұқаралық мәдениеттің қоғамдағы ролі


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Бұқаралық мәдениеттің қоғамдағы ролі

Қазіргі қоғамда үш дәстүр - бұқаралық қоғам, бұқаралық мәдениет және бұқаралық медиа үстем етіп отыр. Бұқаралық дәстүр мен қоғамдық қозғалыс күшіне енген дәуірде БАҚ-тың рөлі мен оның даму бағдары қандай болмақ? Өркениетті елдерде мынандай ақпараттық заңдылық айқындалуда: 1. Бұқаралық ақпараттың саны да, оның атқаратын қызметтері де көбеюде; 2. Оның ұғымдары мен ұстанымдары туралы түсініктер мен көзқарастар сала-салада ауқымдалуда; 3. Информация мен коммуникативті қызметтердің адам мен қоғамның әр жағына әсер етер сапалық көрсеткіштері де өсуде. Информациялық дәуірдің және оның коммуникативті сипаттамасының ерекшеліктері қарқындауда. Бүгінгі таңда информацияны екі деңгейде - әлеуметтік-мәдени жаңғырудың және әлеуметтік субъектілердің арақатынасының жүйелі тәсілі ретінде қабылдау қалыптасқан. Ал бұқаралық медиа саясаттың қуатты құралына, идеологияның кең таралған көрсеткішіне, әлеуметтік-мәдени практиканың жалпылама түріне айналуда. Қысқасы, ол адам іс-әрекеті мен өркениеттің барлық саласында шешуші стратегиялық факторға айналуда. Батыста тіпті «информацияны кім иемденсе, билік сонда» (3. Ж. -Ф. Лиотар) деген пікірде кең таралған. Тегін айтылмаған сөз.
Себебі БАҚ адамның өмірлік кеңістігінің қалыптасуына ықпалын арттыруда. Ал кезкелген адам қазіргі БАҚ-ң ықпалын күн санап тереңірек әрі саралап сезінуде. Сезімталдық қос заңдылықты айқындауда: 1. Адамның ұнату қабілеті жаңғырған, күшейген және кеңейген сайын БАҚ жүйесінің реттеуші және бақылаушы рөлі шектелінуде; 2. ¬Өзінің ішкі дүниесін ұйымдастыратын, үйлестіретін, ұстайтын адам ақпараттың шашыранды ықпалына ұрына бермейді. Содан әр әлеуметтік орта мен идеялық жүйеде басқа коммуникативті-мәдени жағдайдың қалыптасуы, сыртқы насихаттық ықпалдың күшеюі аңғарылады. Осыдан ХХ ғ. ортасында Г. Лассуэл: «бұқаралық коммуникацияның негізгі функциясы - ортаны бақылау, қоғамның түрлі бөліктерін реттеу және әлеуметтік-мәдени мұраны жеткізу» деген тоқтамды ұсынды (1) .
Ұсынысқа халықаралық деңгейдегі ұлттық бірлестіктің және қоғамдық ұйымдасудың қарқынын жеделдету, өлкелік бетбұрыстардың адамдық өзгерістерін қалыптастыру және бағалау қажеттілігі себеп болды. Осы бағытта БАҚ-ң атқарар қызметі қыруар. Әсіресе жаһандану сарынында, әлемдік дағдарыс иірімінде БАҚ-а деген талап күшеюде. Халық а) қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы объективті мәліметтерді дер кезінде есіткісі келеді; ә) БАҚ-н ендігі адресті кеңістікте жүйелі әрі тиімді қызмет етуін күтуде. Тіпті ақпарат жүйесіне, оның басты ұғымдары мен қағидаларына деген субъективті (қауымдастық, қоғамдық, партиялық, тіпті индивидуальды) көзқарастар мен талғамдар кең таралуда, әрқалай өрбуде.
Байланыстың қазіргі жаңа құралдары әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтардың мәдени құндылықтарын жан-жақты және жедел айырбастауға нақты мүмкіндіктерді кеңейтуде. Информациялық айырбастың салдары әрқалай. Байыбына барсақ, информациялық айырбас а) жеке адамның дүниеге деген өзіңдік түсінігің басқа дәуір мен халықтардың тәжірибесі арқылы тыңайтады; ә) индивид пен бұқаралық топтардың мәдени кескінін қалыптастырудың мүмкіндігін кеңейтеді; б) қоғамдық дамудың заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік тудырады, көмектеседі.
Информациялық жүйеде БАҚ функциясының жалпы сипатқа ие болып жатқаны, осы басты үш негізге орайлас екенін социологтар орынды атап өтуде. Социологтардың «бұқаралық қоғам теориясы» деген тұжырымдамасында билік институты мен бұқаралық коммуникацияның өзара тәуелділігіне және өзара байланысына ерекше мән берілуде. Әйтседе бұл теория үстем күштердің саяси және экономикалық мүддесіне қызмет ететінін де ескерелік.
БАҚ туралы қазіргі түсінік қандай? Оның қызметінде қандай бағыттар басымдық етуде? Бұқаралық ақпараттық құрал (БАҚ немесе бұқаралық-медиа) дегеніміз а) бұқараның мінез-құлқы үлгілерін іріктейтін және шектейтін, соған иландыратын күш; ә) сөздік, бейнелік және музыкалық информацияны жаппай көбейтетін, әрдайым тарататын, ақпаратқа жалпылама бұқаралық сипат енгізетін ұйымдық-техникалық комплекс. Негізінде, БАҚ-тың қоғамға қажетті көпжақтылы идеологиялық міндетті атқарудағы әрі рухы жоғары идеяны уағыздаудағы рөлі жетілуде. БАҚ-ң әлеуметтік-психологиялық сипаты ендігі еселеуде. Оның қоғамдық қарым-қатынаста атқаратын саяси-әлеуметтік рөлі де алуан. Бүгінде БАҚ ағартушылық, насихаттық, ұйымдастырушылық, топтастыру жұмыстарын атқарып келеді. Оған құлағымыз да, көзіміз де үйренгендей. Әйтседе ақпараттық жұмыстың қоғамдық маңызы мен әлеуметтік жауапкершілігі қатар жетілмеуде. Осы қос өлшем бірдей, тең ұсталғанда, оны мәдениеттің маңызды бөлімі деп әрі әлеуметтік күштің күнделікті тиімділігі мен маңызын арттыранына күмәнданбаймыз. Содан БАҚ қоғамдық күшті жұмылдыратын, біріктіретін, шабыттандыратын әлеуметтік қуат деген түсінік күш алуда.
БАҚ-тың идеологиялық бағдарын жаңғырту - ұзақ та күрделі процесс. Жаңғырту үрдісі әлемдік және өлкелік өгерістерден туындайды. Көзқарасты жаңғырту күшпен немесе жарлықпен орнығатын жай емес. Ол көптеген мамандардың қалыптасуын және халықтың құндылық бағдарының қайта толастауын қажет етеді. Тарихи қажеттілік аясында әлеуметтік практикаға негізделген азаматтық идеологияны қалыптастыру және технологиялық коммуникацияның идеялық негізін толықтыру абзал.
Қазақстандағы тәуелсіздікке талпыныс БАҚ қызметін жаңа деңгейге көтерді. БАҚ қызметінің заңды, пайдалы, тиянақты, нәтижелі болуы жаңа кезең өлшемдерін құрастыруда. Жүйелі БАҚ арқылы халықтың түрлі топтарының пікірлері мен көңіл-күйлерін біліп жатамыз. Билік БАҚ арқылы қоғамдық пікірге ықпал ете отырып, бұқараның көңіл-күйін аулайды, қажет дегенде оны өз саясатына икемдейді. Ал БАҚ-ң қызметін реттеу немесе көтермелеу, ақпараттық қызметтің жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету - мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеттеріне жатады. Бүгінгі таңда «БАҚ-ң қоғамдағы, экономика мен бизнестегі күштерді теңестірудегі қызметі артуда. Газеттерді жеке тұлғалар мен корпорациялар иемденсе де, баспаның бостандығы халыққа қызмет етуі керек». (2) . Мұндай іргелі тұғырнама басты постулаттарға сүйенеді. Олар:
- сөз еркіндігі, БАҚ тәуелсіздігі мен басылым еркіндігі - азаматтық қоғамның негізі;
- БАҚ өз қоғамы мен мемлекетінің игілігіне қызмет етуі керек;
- информациялық кеңістік өзін-өзі реттейтін негізде болуы шарт;
- информациялық басқару - этносаралық қатынастарға тиімді ықпал ететін құрал. Осы тектес түбегейлі постулаттарды сақтамаған немесе орындамаған кезде, қоғамда ақпараттық қақтығыс немесе әлеуметтік-психологиялық шиеленіс күшеймек. Содан БАҚ қызметі бүлінеді (3) .
Байланыстың оң, өтімді бастамаларын қолдап қана қоймай, олардың жүйесін нығайту және жүзеге асыру - күштілер мен күшеймекшілердің көкейін кернейтін жай. Ол үшін а) ақпарат саласында жоғары сапалық көрсеткіштер мен құрылымдық деңгейлерге қол жеткізу, ә) әрбір хабардағы мәліметтің пайдалы, әсерлі, дәлелді болуына ерекше назар аудару, б) осы бағыттағы тәжірибеге іс-шараны шоғырландыру шарт. Мұның өзі көп олқылықтан арылудың, биік мақсатқа жетудің кепілдігі.
Қоғамдық талғамның таралуы және оның өтімділігі ақпараттық ықпалдастық пен бостандыққа қатысты. БАҚ аясындағы интеграциялық процесс пен ынтымақтасудың құқықтық базасы жетілмей бұқаралық мәдениет пен масс-медианың өзара байланысы жүйеленбек, ақпараттық ықпалдастық жемісті бола бермек. Ақпарат бостандығы туралы заң әлемдік қауымдастық деңгейінде қолдау табуы тегін емес. ХХ1 ғ. бұл заңды 70 ел қабылдаса, соған тектес заң 50 елде жасалынуда. БАҚ-қа деген сұраныс жанжақты өсуде және әлеуметтік мағынаға иемденуде. Себебі заң:
• БАҚ адам құқығы мен бостандығын ашық жақтайды;
• Ақпаратты дәл және жедел жеткізуге кепілдік;
• Мамандардың кәсібін, олардың қызмет түрлерін жоспарлау, болжау тәжірибелерін реттейді;
• Шекаралас мемлекеттермен мәдениаралық келісімді шешім табуға және азаматтардың құқығын кеңейтуге негіз салады;
• Ұлтаралық және дінаралық қақтығыстарды, қан төгісті тоқтатады;
• Жаңа медиатехнологиялар мен мультмедиялық жобаларды зерттеуге мамандардың күш-қабілетін шоғырландыруға ұйытқы болады;
• Көршілес елдермен гуманитарлық ынтымақты дамыту бағдарын толықтырады. Мұндай бетбұрыстар мен бастамалар халықтардың бірлестігін арттырады, түрлі бағыттардағы қоғамдық бірлестіктерді қалыптастырады (4) .
Ақпаратқа ашық ену оған деген қажеттілікті тездетеді. Идеологиялық қажеттіліктің өсуі, а) көп білгеніміз артық деген мәліметті, ә) қабылдауды жеделдетуді, б) ақпараттың маңыздылығы мен құндылығын арттыруды қалыптастырады. Бір қарағанға ұстанымы әрқалай үрдіс. Осы тұрғыдан идеологияның тез таралуы, біржағы, сыртқы, мемлекеттік реттеуді қиындатады, біржағы, басқару саласының мамандануы мен саяси пікірталастардың кәсіптенуін қажет етеді. Осыдан ақпаратты қабылдаудың жолы қайшылыққа толы. Оның ырқында, біржағы, жеке ерекшелікке деген талап өспек, біржағы, шығармашылыққа деген қабілеттің көлемі мен өмірлік таңдаудың мәнісін түсінбек талпыныс ырық алады.
2011 жылғы араб елдеріндегі қоғамдық наразылық пен революциялық қарсылықтың дүмпуіне БАҚ-ң тигізген ықпалы зор болды деушілер аз емес. Әлеуметтік байланыс осы даулы оқиғалардың бір қыры мен жылғасы болғаны даусыз. Бұқаралық ақпарат, интернет әлеуметтік наразылықты қоздырды. Халық та, билік те қазіргі техникалық құрал-саймандарды нақты жағдайда өз пайдасына қолдануға тырысты. Жаңа технология көпшілік пен билік қолында алуан қызметін көрсетті. Ақпарат тетіктері біреуді адастырды, енді бірін тез табыстырды. Медиатехнология көпшілікті қайсыбір оқиғаның төңірегіне топтастыруға, сүйтіп наразылықты, үндеуді үдетуге ұйытқы болды. Биліктегілер де түрлі уәдесімен халықты адастырып бақты. Қиын қыстауда көпшілік кімнің соңына ерерін, олардан нені күтуге болатынын білместен, бірде аңырап, бірде шулап оңды-солды толқыған күйлері аз болмады. Олқылыққа жол беру көпшілік ой-пікіріне көлденең үрлеушілікті үдетті, ауытқушылардың мінез-құлқын күзеушілікті қолдап күшейтті.
Осыдан БАҚ араб елдеріндегі революцияның қайнар көзі болды деген біржақты кесіп айту орынсыз. Наразылықтың бастауы - монархиялық билікке деген қарсылықта, әл-ауқаттағы тапшылықта, жұмыссыздықтан атылып шыққан қоғамдық ағымда екенін қалай ұмытуға болады. Адам еңсесі мен еркіндігін басатын, жастар құқығын аяқ асты ететін бұл жайсыздық араб халықтары үшін жаңалық емес. Саяси-әлеуметтік қайшылықтардың нақты да терең себептері болмаса, оған нақты қауымдастық топтары қатыспаса, бұл елдерде төңкеріс орын алмаған болар еді. Сырт көздер БАҚ арқылы осы шерулердің деңгейі мен салдарын, оған кімдердің, қандай күштердің, қай жерде, қай уақытта қатысқандарын дер кезінді есітіп білуге мүмкіндік алды. Бұл - негізгі шындық, бұлжымас фактілер. Ал информациялық жүйені реттеу арқылы БАҚ саясатын жетілдіру, қоғамдық пікірді қалыптастыру мүмкіндігі артқаны да рас.
Қоғамдық қақтығыстың шындығынан туындайтын түйін қандай? Жауапты мемлекеттік құрылым мен БАҚ-ң идеологиялық қызметін модернизациялау барысында табамыз. Мәліметтерді алу, іріктеу, топтастыру, түсіндіру және тарату информациялық процестің негізгі сатылары болып табылады. Электрондық телекоммуникация іске асқасын бұқаралық коммуникация әлеуметтік-мәдени институттардың қызметін игере бастады. Бірақ БАҚ адамдардың жастық, ұлттық, демографиялық және басқа да әлеуметтік ерекшеліктерінің айырмашылығын айқындай бермейді. коммуникация жүйесі әлі де болса қоғамды рухани-адамгершілік тұрғысынан топтастырудың құралына жарай бермейді. Коммуникациялық құралдарды бір жүйеге келтірмей информациялық хаос жойылмайды, қайта қозады.
Бұқаралық коммуникацияның құралдары глобальды информациялық ресурс екенін, сондықтан ол құқықтық кеңістіктен тыс болмау керектігін дұрыс ұғыну абзал. Мемлекет пен БАҚ қарым-қатынасы әрдайым идеологиялық саясаттың жаңа кезеңіне сүйенеді. Өйткені бұқаралық коммуникация аясында:
- адамның индивидуалды бастауы мен тұлғалық қасиеттері ерекшелігінен арылады;
- қызметтің эмоционалды-интуитивті басымдығы оның парасаттық, теориялық жақтарынан артады;
- адамның интеллектуалды қабілеті бұқаралық психология деңгейіне құлдырайды, ал соңғы логикалық дәйектілікке мұқтаж емес;
- жеке бастың жауапкершілігіне деген талап төмендейді. Ешкімде индивидуальді жауапкершілікті мойнына алмай, барлық кінә мен күнәні жүйеге, «жоғарыға» тағады.
Жалпы алғанда, БАҚ хабарды тарату аясында ғана емес, қоғамды өзекті мәселе төңірегіне топтастырудағы өз қызметін еселеуде. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайту азаматтық қоғамның, демократиялық қүндылықтардың, ұлттық ұстанымдардың қалыптасуына байланысты десек, осы тың да тартымды кеңістікті игеруде ақпараттық агенттіктің атқарар қызметі және жауапкершілігі қыруар. Соңғы кезде ақпараттық кеңістік шексіз кеңеюде әрі тез жіктелуде деп жиі айтылады. Ақпараттың өз адресаттары мен ортасы іріктелуде. Иә, ақпаратты дүние құбылмалы, аумалы-төкпелі күйге ұшырауда. Осындай ішкі тұрақсыздықта сөз еркіндігін қалай бағалауымыз, қоғамның ақпараттық бағдарын қалай қабылдап, түсіндіруіміз керек? Сұрақ ашық, тек әр ортаның жауабы тұрар тасып.
Еліміздің әрбір азаматы белгілі бір ақпараттың не белсенді төрешісі, не бей-жай оқырманы, көрермені, әрі оның тасымалдаушысы, қолдаушысы екенін өздері ұғады ма? БАҚ әрбір адамды қоғамдағы құндылықтармен, тәртіппен және біліммен таныстыра отырып, тұлғаны қалыптастыруға және қоғамдық өмірді жаңғыртуға ықпал ете алады. Ықпалды арттыру - ақпаратты таратуды дұрыстау. Ол үшін а) ресми органдар мен БАҚ-тың ішкі әлеуетін жандандыру, ә) байырдан қанға сіңген әдеттен, олқылықтан арылу, б) қоғамдағы теріс қылықтар мен адамдар санасындағы сыңаржақ көзқарастармен күресу керек. БАҚ ескілікке де, сыртқы қысымға да қарсы тұратын құрал-сайман. Ал басқалардың ақпараттық қысымына төтеп беру үшін үгіт-насихаттың құралдық түсіндірмесін тиімді пайдалана білу орынды. Түптеп келгенде, бұқаралық медиа адамдық өлшемді, адам құқығын сақтауды, демократиялық басқару мен төзімділікті жетілдіру мәселелерінің түрлі арқау-астарларын талқылауға қатысады.
Оң өзгерістерден, БАҚ-ң қоғамға етер қызметінің басымдығын аңғарамыз. Ал қоғамның ақпаратты кеңінен пайдалануы осы ойымызға уәж. Ақпаратқа сұраныс жасайтын, негізінде, мемлекет. БАҚ көпшіліктің түрлі ой-пікірлерін жеткізе отырып, оның өзіне маңызды әлеуметтік қызмет етеді. Сондықтан сапалы, дәйекті ақпаратқа деген сұраныс қоғам тарапынан жоғары болуы заңды.
БАҚ-тың бағыт-бағдарын ғылыми, идеологиялық тұрғыдан айқындау және құқықтық тұрғыдан ұйымдастыру тек кәсіби мамандардың ғана емес, біртіндеп қоғамдық күштің ортақ ісіне айналуда. Ақпараттық кеңістік күн санап кеңеюде. Өйткені: а) информацияға жетекші күштердің мүдделері субъектке, дара сипатқа айналуда, ал қоғамның құндылығында объективті сипат басым түсуде; ә) азаматтардың саяси көзқарастарының түрленуі саяси күштердің ара салмағының өзгеруіне ұшыратады, содан қоғамдық сананың траекториясы өзгеруі ықтимал; б) қоғамдық әрекеттердің топтасуы олардың жетекші күштерінің қарым-қатынасын арттырады. Осыған орай қазақстандықтар БАҚ-ан өмірге өтімді жедел хабарды, мәліметтерді күтеді.
Иә, Қазақстанның 16 млн халқына 150-ден артық телеканалдар және 200-ге жуық радио түрлі мәліметті үйіп-төгіп таратуда. Батысқа еліктеушілік айқын да басым көрініс алуда. Солай бола тұрса да, батыстық ақпараттың көркемдігі мен ғылыми жетістіктерін жоғары деңгейде арнайы талдап, сараптап жатқан ақпараттық мекеме немесе ғылыми орталықтың барын есіткен емеспіз. Тиіп-қашты үгіт-насихат жұмыстары күш көрсету, кісі өлтіру, секс, нашақорлық, ішкілікке салыну, терроризм және т. б. антидемократиялық, антигуманистік қылықтарды қоздырмаса, оған тосқауыл бола алмауда. Бұл жайды сезінбейтін азамат жоқтың қасы. Әлсіздік пен жүгенсіздік тек жанды түршіктіреді, көңілді суытады. Адамға деген немкетерлік қысым мен сезім күтпеген жайда инстинкт қараңғысындағы қытымырлық пен қатігездікке жол аша береді. Содан антикейіпкерлер біртіндеп көзді де, ерікті де жаулап алуда. Антикейіпкерлердің мінезі де, сөзі де бүліндіргіш қылығына сай дөрекі, жаныңа жат. Керікейіпкердің ниеті жаман, құлқыны қауіпті. Ондай көңілі соқырлар: қоғамға жат, теріс қылықтардың шырмауынан шыға алмайды; адамгершіл құндылықтарды, ұлттық дәсүр-салтты аяқ асты етеді, ойланбай күйретеді; тіл байлығынан жұрдай. Зұлымдыққа, күш көрсетуге, өшпенділікке жүгінетіндер - адамның өзінің де, халықтың да ашық жауы. Мұндай әлеуметтік былықтарды идеялық қарусыздандыру әрі іштей іріту демей, не деуге болады? Ұлтының адамгершілік саулығын ойламайтындар, оған қамқорлық жасамайтындар -керікейіпкерлер, бүгінгі қастандар, ұлттың нағыз жауы.
Ақпараттық аядағы осындай келеңсіздіктен арылу және күрделі өзгерістерді дұрыс қалыптастыру үшін күрделі интеллектуалды және коммуникациялық жүйеге кәсіби бағытталған жұмыстар жүргізілуі керек. Жасампаздығы мен жарастығы айқын мақсаткер әрекеттер қанымызға сыйса, одан ақпараттық жұмыс жандана түспек.
Ұлттың ақпараттық капиталын, ақпараттық ресурсын жасау - қазақстандық тәжірибенің кұндылығын қалыптастыруда. Қазақстан этникалық, діни, дәстүр-салттық әртүрлігімен ерекше. Бізге осындай әртүрлілікті біріктіретін бастама және мәдениет керек. Бастама деп отырғанымыз ақпараттық саясатты, мәдениет пен білімді үйлестіру. Ол үшін қоғамдағы келістікті нығайтатын ақпараттың жағымды жүйесін жасау, ағымын реттеу әбден орынды. Жағымды жүйе неден басталады, арқау немесе қолдау табады? 1. Әрбір редакция еліміздің экономикасы, саясаты және мәдениеті туралы жауапкершілігін арттыруы. 2. Қарама-қарсы көзқарастар мен пікірталаста шындыққа жетуді, шындықты көрсетуді басты және ортақ міндет ретінде қабылдау. 3. Ұлттық құндылықтар мен дәстүрге деген сенімге күдік салмай, оны нығайтуға тікелей араласу керек. (5) .
Ақпараттық жүйе ұлттың қайта өрлеуінің бірден-бір өтімді және тиесілі құралы. Мемлекет БАҚ-ң жұмысын жандандыруға араласуда. Нәтиже әрдайым көңілдегідей бола бермейді. Оның кейбір себептеріне тоқталық. Мемлекет қызметкерлерін әлі де бұрынғыдай мемлекеттің бұқаралық саясатының негізі ретінде қабылдамай, олардың жаңарған ой-пікірлері назардан тыс қалып қоюда. Оған өлкелік газеттердің жергілікті әкімдердің немесе құрылтайшылардың жеке құралына (кейде тіпті қолшоқпарына) айналғандығы кесірін тигізуде. Ондай басылымдарда шешілмеген проблемалар, жергілікті коррупция немесе қолында билігі барлардың дөрекі қылықтары туралы ұсыныстар, сындар жоқтың қасында. Қала берсе журналистика коммерцияның түрлі ықпалына ұшырауда. Қазір мемлекеттік емес БАҚ жеткілікті. Онда істейтін журналистер ведомстволық, партиялық және т. б. арнайы сұраныстарды ақша үшін орындауға бейімделген (мәжбүр) . Материалды стимул журналистердің шығармашылық шеберлігін жетілдіруге ырық бермейді. Сұраныспен жазылған шикілі де жүйкені жүйкелетер материалдар қаптамаса да әзірге кемитін емес. Редакторлар менеджермен жарнама іздеушілерге айналды. Елеңдеген, жалтақтаған редакцияның тұлғалық дамудың интелектуалды және рухани жақтарын терең талдауға құлқыны бармайды, қайсы бірінің шамасы да жетпейді.
Байыптай түссек, БАҚ дегеніміз ақпарат, мәлімет, хабарды әрқалай пайдаланатын түрлі технологиямен жұмыс істеу, межені информациялық тұрғыдан қамтамасыз ететін құрал-сайман екеніне көзіміз жетуде. Оның басты құрамдас элементтері - ғылыми білімге, білімнің тиімділігі мен қауымдық тобына икемделінген информациялық және коммуникативті технологиялар. Жаңа технология арқылы республикамыздағы ақпарат құралдары қазақстандық қалың жұрттың қоғамдық сана-сезімі мен татулыққа деген сұранысын арттыруы тиіс, Қазақстан сөз бен БАҚ-тың еркіндігін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етіп келе жатқан демократиялық іс-шараларымен әлемге танылуда. БАҚ қызметінің заңдық негізін нығайту жұмыстарына үкіметтік емес көптеген қоғамдық ұйымдар тартылуда.
БАҚ-ың идеологиялық қызметтерін жаңарту және сол іс-әрекеттерді топтастыру үрдісіне тікелей араласуы - бұқаралық ықпалдың әлеуетін әлдендірумен үйлес. Міндет қандай? 1. Ақпараттағы мәтіндер мен мағыналарды дұрыс жеткізуді қамтамасыз ету. 2. Мағлұматтардың қоғамдық дамудың қазіргі талаптары мен бағыттарына қайшы келмеуін қадағалау. Мұның өзі жаңа мәденн кеңістікке талпыныс. Оның мән-мағынасын білгіміз келгенде осы ізденіске деген ықылас, әлемдік және аймақтық тәжірибені сыни тұрғыдан сараптауға деген талпыныс анағұрлым артады. Ықыласты талпынысты ақпараттық ынтымақтастық пен этносаралық келісім мүдделеріне бағындыра білсек, онда сөзіміз өтімді, ісіміз ілгерілей бермек. Осындай маңызды мәселелер бойынша құқық қорғау ұйымдары белгілі бір ортақ келісімге келе алмаса, онда олар парламентке тікелей шыға алатын тетік жұмыс істемеуде.
Олқылықтың орнын толтыру үшін оң, озат өзгерістер енгізу абзал. Соның бірі - мемлекеттік қолдауды кеңейту. Қолдаудың түрлері жалқы емес. Соның тетіктісі мемлекеттік қызметкерлердің ұлттық жаңаруға белсене, аянбай араласуынан басталмақ. Кейде осы мемлекет қызметкерлері өздерін қаншалықты патриотпын, еліміздің белді азаматы ретінде сезінеді деген күдікті ойлар естен кетпейді. Оның себептері табыла береді. Мысалыға, министрлердің 95%, әкімдердің 87, 5%, сенаторлардың 85%, мәжіліс депутаттарының 78, 5% қазақтар екен. Биліктің осы құрылымында

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдағы газеттің рөлі
Жастардың қазіргі қоғамымыздағы саяси және әлеуметтік орны
Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің рөлі
Әлеуметтану бойынша дәрістер
Демократия жайлы
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Ұлттық құқықтық мәдениеттің қалыптасуы
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы
Жаңа медиа және ақпараттық мәдениет
Жаһандану процесінің Қазақстандағы саяси мәдениетке тигізетін әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz