Жаһандық мәселерді шешудегі халықаралық ынтымақтастық



Кіріспе бөлім;
Негізгі бөлім:
А) жаһандық мәселерді шешудегі халықаралық ынтымақтастықтың мақсаты;
Б) жаһандық мәселерді шешудегі халықаралық ынтымақтастықтың міндеті;
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері БҰҰ және оның арнайы мекемелер жұмысына белсенді қатысуда. Бұл ынытмақтастық мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы ұжымдық қауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастық арқылы бейбітшілікті сақтау мақсатымен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1945 жылдың 26 маусымында 51 мемлекет қатысуымен құрылды. 66 жыл өтккеннен кейін мүше мемлекеттердің саны 193 жетті.
Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:
-бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
-Ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;
-халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;
-осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.
БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жаһандық мәселерді шешудегі халықаралық
ынтымақтастық

Жоспар

Кіріспе бөлім;

Негізгі бөлім:

А) жаһандық мәселерді шешудегі халықаралық ынтымақтастықтың мақсаты;

Б) жаһандық мәселерді шешудегі халықаралық ынтымақтастықтың міндеті;

Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер.

Жаһандық мәселерді шешудегі халықаралық ынтымақтастық

Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері БҰҰ және оның арнайы мекемелер
жұмысына белсенді қатысуда. Бұл ынытмақтастық мемлекетіміздің сыртқы
саясатының басым бағыттарының бірі. Осы бағыттың негізгі мақсаты
халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы
стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен
орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-
қатынастарды үйлестіруді көздейді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы ұжымдық қауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастық
арқылы бейбітшілікті сақтау мақсатымен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
1945 жылдың 26 маусымында 51 мемлекет қатысуымен құрылды. 66 жыл өтккеннен
кейін мүше мемлекеттердің саны 193 жетті.

Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:

-бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;

-Ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;

-халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру
мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;

-осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы
болу.

БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің
барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе
жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен
ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.

БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік
пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау
секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен
қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы
күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.

Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің
өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау,
қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу,
босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша
жүйелі жұмыс атқаруда.

БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау.
Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және
ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді.
Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі
кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан
қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі
жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін
салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен
Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас
Ассамблеясының 46-сессиясында 46224 резолюцияға сәйкес Ұйымның жаңа мүшесі
болды.

1992 жылғы күзде БҰҰ Бас Ассамблеясының 47- сессиясына Қазақстан БҰҰ –ға
мүше мемлекет ретінде алғаш қазақстандық делегация қатысты. Бұл сессияда
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев халықаралық саясат
жөнінде сөз сөйледі.

1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі
ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба
білді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдан 2011 жылға дейін 10 рет Нью-
Йорктағы БҰҰ штаб-пәтеріне сапармен барды және БҰҰ Бас Ассамблеясының
жұмысына қатысты.

БҰҰ шеңберінде әртүрлі жылдарда Қазақстанның негізгі халықаралық
басымдықтары мыналар болып табылады:

- Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК),

- БҰҰ қамқорлығымен орта-азиялық бітімгерлік батальонын (Ортазбат) құру;

- бір қосу бір формуласы бойынша БҰҰ бітімгерлік күштері қорын
қалыптастыру: әр мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен 1% пайызын
аударады, сөйтіп жыл сайын өз аударымдарын 1% пайызға ұлғайтады;

- Орталық Азияның экономикалары үшін БҰҰ Арнайы Бағдарламасын (СПЕКА)
құру;

- Семей және Аралдың экологиялық апатының аймақтарын бейімдеу;

- Жаһандық энерго-экологиялық стратегияны және Жасыл Көпір әріптестік
бағдарламаны жетілдіру;

- Энергожеткізілімдер тұрақтылығының Еуразиялық пактісін қабылдау және
жетілдіру;

- 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы әрекеттердің Халықаралық күні деп
жариялау.

БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ-да қарастырылатын мәселелердің
барлық кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескеру алу негізінде
жасалады. Бұл ретте, Ұйыммен қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау,
экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықтық прогрессивті
дамуы, адам құқығын сақтау салаларында, терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа
және есірткі бизнесіне қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға
ерекше көңіл бөлінеді.

ҚР және БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды тармақтары БҰҰ бас
хатшылары Пан Ги Мунның 2010 жылғы 6-7 сәуірде және Кофи Аннанның 2002
жылғы 17-18 қазандағы Қазақстанға ресми сапарлары болды. Сонымен бірге,
Пан Ги Мун БҰҰ басшысы ретінде 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астана қаласында
өткен ЕҚЫҰ саммитінде Ұйым атынан өкілдік етті.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Семей сынақ полигонын территорясына келуі
маңызды оқиға болды. Семей полигонында Пан Ги Мун сөз сөлегенде өзге
мемлекеттерге қазақ елінің үлгі болар істері көп және ҚР Президенті
Н.Назарбаев ядролық қарудан бас тартып, полигонды жабу шешімі оның ерекше
көшбасшылық қасиеттінің белгісі екенін айтты.

Қазақстан БҰҰ мүше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның шетеелдермен байланысы. елдер арасындағы ынтымақтастық
Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі
Негізгі мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды дамыту
Дипломатиялық қызметтің қалыптасуы
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Демократиялық мемлекеттің құрылыс формасы мен режим
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Экологиялық мәселелерді шешудегі шетелдік тәжірибе
Қазақстан – Америка стратегиялық әріптестігі
Пәндер