Ортақ меншік құқығы жайлы



1 Ортақ меншік ұғымы, оның түрлері мен пайда болу негіздері
2 Ортақ үлесті меншік құқығы
3 Ортақ бірлескен меншік
Мүлік меншік құқығында бір немесе бірнеше адамда бола алады. Белгілі бір мүліктің меншік құқығында тиесілі бола алатын субъектілерінің (тұлғаларының) санына қарай бұл құқық бірсубъектілік және көпсубъектілік болып бөлінеді. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады делінген АК-ның 209-бабының 1-тармағында. Сонымен,заңдық мағынада ортақ меншік екі немесе одан да көп тұлғаларға меншік құқығында тиесілі мүлікті білдіреді. Бұл тұлғалар АК-да меншікке қатысушылар,ал құқық ғылымында және оқулық әдебиеттерде ортақтас меншік иелері деп аталады.
Көпсубъектілік ортақ меншіктің субъективтік құқығының ерекшелігін көрсетеді. Бұл ерекшелік Ак-да өзінше ортақ меншік құқығы институтын бөліп алуға әкелді (АК-ның 11-тарауы).АК-ның ортақ нормалар ретінде көрініс табатын бір субъектілік құқық нормалары ортақ меншік құқығын да реттейді. Әрине, ол ортақ меншік туралы арнайы құқықтардан алшақ кетпейтін шамада реттейді.
Ортақ меншікті АК екі түрге: үлесті меншікке және бірлескен меншікке бөледі (209-баптың 2-тармағы. Үлесті меншікте мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы белгілі бір үлесімен ортақ меншікте болады, ал бірлескен меншікте ондай үлестер анықталмайды. Егер заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса,мүлікке ортақ меншік үлесті болып табылады.
Үлесті және бірлескен меншіктің қатысушылары бірінен бірі едәуір бөлек болып келеді. Үлесті меншіктің қатысушылары азаматтық құқықтың заңнамада көзделген кез келген субъектілері және олар кез келген жиынтықта болуы мүмкін. Бірлескен меншіктің қатысушылары тек жеке тұлғалар ғана болады, олар көбіне бірімен бірі туыстық қатынаста болады.
Бірлескен меншік заң құжатарында тікелей көзделген жағдайда ғана белгіленеді.
Ортақ бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен, ал ондай келісімге олар өзара қол жеткізе алмаған жағдайда, сот шешімімен бірлескен меншіктегі ортақ мүлікке ортақ үлесті меншік белгіленеді. Ортақ үлесті меншікті оған қатысушылардың келісімі бойынша немесе сот шешімі бойынша бірлескен меншікке айналдыру заңда көзделмеген.
Түріне қарамастан, ортақ меншік барлық оның қатысушыларының меншігі болып саналады, сондықтан ол көпсубъектілік меншік. Ортақ меншік құқығындағы меншік иелері арасында белгілі бір заттың жеке басы, мұндай заттардың жиынтығы немесе тұтас мүліктік кешен (мысалы, құқық объектісі ретіндегі кәсіпорын) түріндегі бөлінбеген объект болады. Сонымен ортақ меншіктің қатысушылары әрқайсы өзінше, басқаларынан бөлек,ортақ меншіктегі мүлікке түгелдей де, оның бөлек заттарына, бөліктері мен үлестеріне де меншік иесі бола алмайды.
Затқа ортақ меншікті заттың өз меншік иесі бар әрбір бөдшегіне меншік құқығынан ажырата алу керек. Мысалы, көппәтерлі үйде пәтерлердің әрқайсының және тұрғын емес жайлардың өз меншік иелері болуы мүмкін,ал ортақ меншік туындамайды. Бірақ, пәтерлердің барлық меншік иелерінің ортақ меншігі пәтерлерді бір бүтінге тұрғын үйге біріктіретін үйдің бөлшектері. Жылжымайтын мүлікке мұндай меншік,яғни жылжымайтын мүліктің жекелеген бөлігі азаматтардың немесе заңды тұлғалардың дара меншігінде,ал қалған бөліктері олардың үлестік меншік құқығында болса,ол кондоминиум деп аталады(АК-ның 209-бабының 6-тармағы).
Ортақ меншік ұғымы кең ауқымды ортақ мүлік ұғымының негізгі түрі. Соңғы ұғым тек ортақ меншікті ғана емес, сонымен қатар ортақ заттық және міндеттемелік мүліктік құқықтарды да қамтиды. Сондықтан, ортақ меншік құқығын, ортақ мүлікке құқықтың түрі ретінде, басқа ортақ заттық және міндет-темелік құқықтардан айыру қажет. Ортақ заттық құқықтың неғұрлым заң жүзінде реттелген түрі-ортақ жер пайдалану құқығы. Бұл құқық, егер заңды түрде азаматтық айналымда жүрген болса, өзінің сипаты жағынан меншік құқығына жақын. Ортақ жер пайдалану құқығы,ортақ меншік құқығы сияқты үлестік және бірлескен болуы мүмкін. Басқа ортақ заттық құқықтар, мысалы, ортақ шаруашылық жүргізу құқығы немесе ортақ оралымды басқару құқығы, заң тұрғысынан онша реттелмеген, бірақ ондай құқықтардың болуын заң жоққа шығармайды. Мысалы, екі немесе бірнеше мемлекеттік кәсіпорындардың ортақ шаруашылық жүргізу құқығында осы кәсіпорындардың қаражатына тұрғызылған үй болуы мүмкін. Ортақ заттық құқықтар туралы заңнамада ол қылықтар болса ортақ меншік туралы азаматтық заңнаманың ұқсас қалыптарына жүгінуге болады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ортақ меншік құқығы
 02.02.2012  aslan

СкачатьЖүктеу

Ортақ меншік ұғымы, оның түрлері мен пайда болу негіздері
Мүлік меншік құқығында бір немесе бірнеше адамда бола алады. Белгілі бір
мүліктің меншік құқығында тиесілі бола алатын субъектілерінің
(тұлғаларының) санына қарай бұл құқық бірсубъектілік және көпсубъектілік
болып бөлінеді. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ
меншік құқығымен тиесілі болады делінген АК-ның 209-бабының 1-
тармағында. Сонымен,заңдық мағынада ортақ меншік екі немесе одан да көп
тұлғаларға меншік құқығында тиесілі мүлікті білдіреді. Бұл тұлғалар АК-да
меншікке қатысушылар,ал құқық ғылымында және оқулық әдебиеттерде ортақтас
меншік иелері деп аталады.

Көпсубъектілік ортақ меншіктің субъективтік құқығының ерекшелігін
көрсетеді. Бұл ерекшелік Ак-да өзінше ортақ меншік құқығы институтын бөліп
алуға әкелді (АК-ның 11-тарауы).АК-ның ортақ нормалар ретінде көрініс
табатын бір субъектілік құқық нормалары ортақ меншік құқығын да
реттейді. Әрине, ол ортақ меншік туралы арнайы құқықтардан алшақ кетпейтін
шамада реттейді.
Ортақ меншікті АК екі түрге: үлесті меншікке және бірлескен меншікке бөледі
(209-баптың 2-тармағы. Үлесті меншікте мүлік меншік иелерінің әрқайсысының
меншік құқығындағы белгілі бір үлесімен ортақ меншікте болады, ал бірлескен
меншікте ондай үлестер анықталмайды. Егер заң актілерінде өзгедей
белгіленбеген болса,мүлікке ортақ меншік үлесті болып табылады.

Үлесті және бірлескен меншіктің қатысушылары бірінен бірі едәуір бөлек
болып келеді. Үлесті меншіктің қатысушылары азаматтық құқықтың заңнамада
көзделген кез келген субъектілері және олар кез келген жиынтықта болуы
мүмкін. Бірлескен меншіктің қатысушылары тек жеке тұлғалар ғана болады,
олар көбіне бірімен бірі туыстық қатынаста болады.

Бірлескен меншік заң құжатарында тікелей көзделген жағдайда ғана
белгіленеді.

Ортақ бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен, ал ондай келісімге
олар өзара қол жеткізе алмаған жағдайда, сот шешімімен бірлескен меншіктегі
ортақ мүлікке ортақ үлесті меншік белгіленеді. Ортақ үлесті меншікті оған
қатысушылардың келісімі бойынша немесе сот шешімі бойынша бірлескен
меншікке айналдыру заңда көзделмеген.

Түріне қарамастан, ортақ меншік барлық оның қатысушыларының меншігі болып
саналады, сондықтан ол көпсубъектілік меншік. Ортақ меншік құқығындағы
меншік иелері арасында белгілі бір заттың жеке басы, мұндай заттардың
жиынтығы немесе тұтас мүліктік кешен (мысалы, құқық объектісі ретіндегі 
кәсіпорын) түріндегі бөлінбеген объект болады. Сонымен ортақ меншіктің
қатысушылары әрқайсы өзінше, басқаларынан бөлек,ортақ меншіктегі мүлікке
түгелдей де, оның бөлек заттарына, бөліктері мен үлестеріне де меншік иесі
бола алмайды.

Затқа ортақ меншікті заттың өз меншік иесі бар әрбір бөдшегіне меншік
құқығынан ажырата алу керек. Мысалы, көппәтерлі үйде пәтерлердің әрқайсының
және тұрғын емес жайлардың өз меншік иелері болуы мүмкін,ал ортақ меншік
туындамайды. Бірақ, пәтерлердің барлық меншік иелерінің ортақ меншігі
пәтерлерді бір бүтінге тұрғын үйге біріктіретін үйдің
бөлшектері. Жылжымайтын мүлікке мұндай меншік,яғни жылжымайтын мүліктің
жекелеген бөлігі азаматтардың немесе заңды тұлғалардың дара меншігінде,ал
қалған бөліктері олардың үлестік меншік құқығында болса,ол кондоминиум деп
аталады(АК-ның 209-бабының 6-тармағы).

Ортақ меншік ұғымы кең ауқымды ортақ мүлік ұғымының негізгі түрі. Соңғы
ұғым тек ортақ меншікті ғана емес, сонымен қатар ортақ заттық және
міндеттемелік мүліктік құқықтарды да қамтиды. Сондықтан, ортақ меншік
құқығын, ортақ мүлікке құқықтың түрі ретінде, басқа ортақ заттық және
міндет-темелік құқықтардан айыру қажет. Ортақ заттық құқықтың неғұрлым заң
жүзінде реттелген түрі-ортақ жер пайдалану құқығы. Бұл құқық, егер заңды
түрде азаматтық айналымда жүрген болса, өзінің сипаты жағынан меншік
құқығына жақын. Ортақ жер пайдалану құқығы,ортақ меншік құқығы сияқты
үлестік және бірлескен болуы мүмкін. Басқа ортақ заттық құқықтар, мысалы,
ортақ шаруашылық жүргізу құқығы немесе ортақ оралымды басқару құқығы, заң
тұрғысынан онша реттелмеген, бірақ ондай құқықтардың болуын заң
жоққа шығармайды. Мысалы, екі немесе бірнеше мемлекеттік кәсіпорындардың
ортақ шаруашылық жүргізу құқығында осы кәсіпорындардың қаражатына
тұрғызылған үй болуы мүмкін. Ортақ заттық құқықтар туралы заңнамада
ол қылықтар болса ортақ меншік туралы азаматтық заңнаманың ұқсас
қалыптарына жүгінуге болады.

Ортақ үлесті меншік құқығы
Ортақ үлесті меншік құқығында оның әрбір қатысушысының белгілі бір үлесі
болады.Бұл ортақ мүліктегі немесе оның құнындағы үлес емес, дәп ортақ
меншік құқығындағы үлес.Бұл үлес ортақ үлесті меншіктің барлық басқа
қатысушыларының үлестеріне қатысты бөлшекпен өлшенеді,мысалы, үлесті
меншіктің барлық ортақ құқығына қатысты ¼, ½,35, т.с.с.Сонымен, ортақ
мүлік үлесті меншіктің қатысушылары арасында бөлінбейді,ортақ мү-ліктің
құнындағы үлес бөлініп алынбайды.

Қатысушылардың ортақ меншік құқығындағы үлестері тең де,тең емес те болуы
мұмкін.АК үлестердің теңдік презумпциясына сүйенеді.Егер заң құ-жаттарында
немесе үлесті меншіктің барлық қатысушыларының келісімде-рінде өзгеше
көзделмеген болса,олар тең (АК-ның 210-бабының 1-тармағы).

Қатысушылардың ортақ меншік құқығындағы үлесін үлесті меншіктегі
қатысушылардың өздері емес,заң актілері немесе осы құжаттарда белгіленген
тәртіпте үшінші жақ анықтайтын жағдайлар көп емес.Мысалы,әрбір ортақтас
меншік иесінің кондоминиумдағы ортақ мүлікке құқығындағы үлесі бөлек (жеке)
меншіктегі тұрғын жайдың пайдалы алаңының немесе тұрғын емес жайдағы
алаңның тұтастай үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады. Өсиет бойынша
мұраға қалдырғанда өсиет қалдырушы өсиетке қалдыратын жылжымайтын мүлікке
мұрагерді анықтауға құқылы.

Үлесті меншік құқығындағы үлестердің мөлшері,көбіне,оның қатысушы-ларының
өзара келісімімен анықталады.Бұл ретте үлесті меншіктің қатысу- шылары
ортақ мүлікті құру мен көбейтуге қосқан салымдарына қарай қаты- сушылардың
үлестерін анықтаудың және өзгертудің тәртібін белгілеуі мүм-кін(АК-ның 210-
бабының 2-тармағы).Сонымен,кейбір жағдайлардан басқа реттерде,үлесті меншік
құқығындағы үлестер мөлшері меншік иелерінің ор-тақ мүлікті құруға және
көбейтуге қосқан салымдарының көлеміне тікелей байланысты.Үлесті меншік
жақсарғанда да оның қатысушыларының құқығы тиісінше анықталады.

Ортақ үлесті меншік құқығы өзіне АК-да меншік құқығы үшін көзделген барлық
құқық өкілеттіктерін,яғни иемдену,пайдалану және билік ету құ- қықтарын
қамтиды.Бірақ,үлесті меншік құқығындағы бұл құқық өкілеттік- терін жүзеге
асырудың өз ерекшеліктері бар.Осы ерекшеліктерді АК-да қалай берілсе,сол
ретімен қарастырайық,ал ол мүлікке билік етуден басталады.Бұл жерде АК
ортақ үлесті меншіктегі мүлікке билік етуді үлесті меншік құқы-ғындағы
үлеске билік етуден бөліп қарайды.

Үлесті меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысушыларының келісуімен
жүзеге асырылады (АК-ның 212-бабының 1-тармағы).

Ортақ үлесті меншікке билік ету оның қатысушыларының бірауыздылық
принциптеріне негізделген.Үлесті меншіктегі мүлікті оның қатысушылары
сатуы,сыйға тартуы немесе басқадай билік жасауы үшін,меншік құқығында-ғы
әрбір адамның үлесінің мөлшеріне қарамай,олардың барлығының келісі- мін
алуы тиіс.

Үлесті меншіктің қатысушыларының оған билік етуге келісімі,бірлескен
меншіктің қатысушыларының осындай келісіміне қарағанда,алдын ала бол-
жамданбайды,ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығының пайда болу негіздері және тоқтатылуы
Меншік құқығы жайлы жалпы ережелер
Тұрғын үйді жалдау шарты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Азаматтық құқық түсінігі
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Жеке пәтерлерде пәтерлерді жалға беру
Меншік құқығы
Жалға алушы кәмелетке толғкан отбасы мүшелерінің келісімімен кез келген уақытта жалдау шартын бұзуға құқылы
Ортақ бірлескен меншік
Пәндер