Дәрілік өсімдіктер туралы зерттеулер жүйесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

1. Дәрілік өсімдіктер туралы зерттеулер жүйесі

1. 1 Дәрілік өсімдіктерді алғаш зерттеушілер

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасына ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру-сырқауларды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің әрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін әр түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыттың өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн көзінен олардың дәрілік қасиеті жойылатындығы анықталып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген. Осы себептен шумерліктер кейбір өсімдіктерді түнде жинау керек екендігін ұсынған. Вавилондықтар мен ассириялықтар сол шумерліктер көрсеткен өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау әдісін, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте түскен. Ассирия мемлекетінде дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақ та болған. Египеттіктер олардан үйреніп, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін кеңінен анықтай отырып алоэ, анис, мендуана, жалбыз т. б. өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан. Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп-өсіру мен айналысқан. Олар дәрілік өсімдіктерді көбейту мақсатында шетелдерге арнайы экспедициялар ұйымдастырып отырған. Түңғыш рет осы дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық әсеріне қарай іш өткізетін, құстыратын, қақырық түсуін жеңілдететін топтарға бөлген.

Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды. Дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда Греция елі біраз роль атқарған. Греция дәрігері Гиппократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам түрін жазып, оларды ауруларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми түрғыдан түсінік берген. Ал, Грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің «Дәрілік заттар» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүз түрінің қолдану жолдарын жазған.

Рим дәрігерлері бұл өсімдіктерді ауруларды емдеуге пайдалану жайындағы деректерді осы Греция ғалымдарының мәліметтерінен алған. Дегенмен Рим дәрігерлерінің емдік қасиеті бар өсімдіктердің санын көбейтуге тигізген әсері де өте зор. Үлкен Плинийдің айтуы бойынша, римдіктер дәрілік өсімдіктердің көп.

Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа әрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған.

Фармаколог Ли Ши-Чжень он алтыншы ғасырда өзінің жиырма жекті жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, елу екі томдық дәрігерлік еңбегін шығарған. Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің екі мыңға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан дәрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатындығы туралы көптеген мәліметтер берілген.

Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер араб елінің дәрігерлеріне де үлкен әсерін тигізген. Бұдан тоғыз жүз жыл бұрын араб фармакологы Бируни «Китаб - ас - сайдана» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүзге жуық түрін жазған.

Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уақыттан басталған. Иван Грозный тұсында дәрілік өсімдіктерді пайдалану үшін тұңғыш дәріхана ашылып, осы бағытта мамандар дайындауға, керекті оқулықтар жазып шығаруға көп көңіл бөлінген. Петр I кезінде Петербург қаласында дәрілік бау-бақша ұйымдастырылған. Сол мезгілден бастап дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау, кептіру жұмыстары қолға алынды. Арнайы экспедициялар құрылып, табиғаттан дәрілік өсімдіктерді жинай бастаған. Осы уақытта жергілікті жерде өсетін көптеген өсімдіктерді (кенедән, адыраспан т. б. ) плантацияларда өсіру шаралары жасалған.

Совет үкіметі құрылғаннан кейін, 1921 жылы «О сборе и культуре лекарственных растений» деген арнайы декрет жарияланып, дәрігерлік мекемелерге дәрілік өсімдіктер өндіру жұмысын жақсарту міндеттелді. Бұл жұмысты әрі қарай күшейту жұмысында 1925 жылы ССРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті дәрілік өсімдіктерді пайдалануға арналған Бүкілодақтық кеңес өткізген. 1931 жылы дәрілік өсімдіктерді пайдалануға ғылыми негіз беру үшін Бүкілодақтық дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылған. Осындай маңызды шаралардың іске асырылуы арқасында дәрілік өсімдіктердің кең түрде денсаулық сақтау ісіне пайдаланылуы ғылыми тұрғыдан қаралып, дұрыс жолға қойыла бастады.

Қазіргі кезде жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді жинаумен дәрі жасап шығару өндірісін толық қамтамасыз ету мүмкін емес екендігін ескере отырып, олардың өнім көлемін жоғарылату үшін арнайы шаруашылықтарда дәрілік өсімдіктер егілетін плантацияларда құрылды. Украинада, Қазақстан мен Молдовада, Грузияда, Белоруссияда, Латвия республикасында осындай совхоздар ұйымдастырылды.

1. 2 Өз өлкеміздегі дәрілік өсімдіктер

Қазақстанның дәрілік өсімдіктері - Республиканың ұлттық байлығы. Қазір де емдік мақсатта қолдану жөнінде 5500-ден астам дәрілік шөптер бар. Бұлар медицинада және де аурудың алдын алу үшін кеңіне пайдаланады.

Мысалы үшін: Ақбас жусан, Ақтікен, Асқабақ, Жалжапырақты зиягүл, Дермене, Долана, Ермен, Жалбыз, Жөке, Қырықбуын, Қырыққұлақ, Інжугүл, Мия, Өгейшөп, Алоэ, Итжидек, Итшоған, Қалақай, Шалфей және осы Шымкент облысында өсірілетін дәрілік өсімдік Валериана, Қарағай, Қаражидек, Жусан, Адыраспан және т. б өсімдіктер бар.

Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды далалы, таулы аймақтардан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл берген.

Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.

Әбу-Насыр әл-Фараби, Әбу-Әли ибн Сина, Беруни, Әл-Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген т. б ғалымдар халық медиинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануға зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады.

Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктерде жатады. Сондай-ақ, біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады.

Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген.

Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ерітінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі-дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.

Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда.

Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор.

Өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі, шәйірі және тұқымынан дәрі-дәрмек жасалады.

Денсаулығымыз мықты болу үшін мысқылдап кіріп, батпандап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға үлес қосамыз. Дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар, табиғат байлығын қорғауға да ат салысады.

Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игіліктеріне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді.

Дәрілік өсімдіктер медициналық препараттардың негізі болып саналады. Бүгінгі таңда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес бүкіл халықтық іске айналып отыр.

Сондықтан дәрілік өсімдіктерді тани білу, жинау, дәрі жасап пайдалана білу керек. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа болады.

Сондай-ақ Қазақстанда өсіп-өндірілетін бау-бақша дақылдарына тоқталы өтетін болсақ, олар:

Асқабақ - кәдімгі, өзіміз бақшада өсіретін бір жылдық үй өсімдігі.

Асқабақ дәнінде 50% май, 27, 4 азоттық заттар, 11, 0 қант, крахмал, 14, 8 клечатка болады. Осымен қатар көптеген қышқыл глицеридтер бар. Ал асқабақтың өзінде 4-11% қант, С, В витаминдері, каротин болады. Дәрілік мақсатқа ішек құрттарымен күресу үшін асқабақтың дәні пайдаланылады.

Аскөк - биіктігі 40-120 сантиметрлік біржылдық өсімдік. Дәрілікке дәні пайдаланылады. Онда эфир майы, С витамині, каротин, флавоноидтар бар. Аскөк ішек жиырылуына, қақырық әсері бар.

Жүгері - биіктігі 1-2, 5 метрлік ірі сабақты ұзынша келген жапырағы бар кәдімгі өзіміз егетін ауыл шаруашылық дақылы. К витамині бар. Бүйрек пен зәр қабында тас пайда болғанда ішуге қолданылады. Холецистит, холангит, гепатит ауруларын емдеуге де қолданылады.

Алмұрт - еліміздің жылы жерлерінде өседі. Соның ішінде, оңтүстік республикаларда өсірілген алмұрт жемісінің сапасы өте жоғары болады. Оның құрамында қанттың фруктоза, глюкоза, сахароза түр-түрлері болады. Алмұрт жемісі зәрде тас пайда болғанда зәрді айдауға өте әсерлі.

Апельсин - жемісінің құрамында қанттар (10 процент), минералды заттар: (кальций, калий, фосфор), лимон қышқылы, пектин заттары, фитонцидтер бар. Бұлардан басқа апельсинде аксорбин қышқылы (65мг/100г), В, А, I витаминдері болады. Апельсин жемісі ас қорытуды және тамаққа тәбетті жақсартады. Да фрутоза, глюкоза, сахароза қанттары және алма, лимон, аскорбин қышқылдары, пектиндер, илік заттары, микроэлементтер бар.

Айва - жемісінің құрамында фруктоза, глюкоза, сахароза қанттары мен алма, лимон, аскорбин қышқылдары, пектиндер, илік заттары микроэлементтер бар. Айваны ішек-асқазан ауырғанда, ішектен қан кеткенде, зәр айдауға, салқын тигенді емдеуге пайдаланады.

Алша - жемісінің құрамында қант болады (фруктоза, глюкоза, сахароза), аскорбин қышқылы, А провитамині, алма, лимон қышқылы, пектин, азот, илік заттары және минералдық заттар болады. Организмді витамин және басқа заттармен қамтамасыз етуге пайдаланады.
Ананас - жемісінің құрамында қанттар (көбінесе сахароза) болады. Ананас бүйрек ауруларын, құрқұлақты емдеуге пайдалы.

Алма - еліміздің көптеген жерлерінде өседі. Жеміс құрамында қант, клетчатка, пектин, органикалық қышқылдар, эфир майы, илік заттар, аскорбин қышқылы, В, Р витамині, минералды тұздар (марганец, калий, натрий, кальций), фитонцидтер болады. Ішек - асқазан, өт жолдарын емдеуге де тиімді.

Арахис немесе жержаңғақ - жаңғағының дәнінде 60 процентке дейін май, белок (25 процент), қант, клечатка, пуриндер, сапониндер В, Е витаминдері, биотин болады. Арахис жаңғағын экссудативтік диатезбек ауырған балаларға береді.

Банан - жемісінің құрамында қант (көбінесе сахароза), крахмал, белок, клечатка, эфир майы, алма қышқылы, ферменттер, пектин заттары, калий тұзы, аскорбин қышқылы мен В 2 РР, Е витаминдері, А провитамині бар. Өте дәмді, нәрлі. Бүйрек, бауыр ауруларына да шипалы.

Анар - жемісінің құрамында көбіне глюкоза, лимон қышқылы (9 процент), С витамині болады. Жеміс шырынының салқын тиіп жөтелгенде, ішек-асқазан ауырғанда, безгек болғанда шипалық қасиеті бар.

Грейпфрут - жемісінің құрамында лимон қышқылы, ащы нарингин гликозиді, пектин мен бояу заттары, қант, эфир майы, минералды заттар, микроэлементтер бар. Бұл өсімдік жемісі ас қорыту жұмысын жақсартып, тамаққа тәбет арттырады.

Картоп - құрамында В, В 2 , В 6 , Д, РР, К, Е витаминдері, аскорбин қышқылы, каротиноидтар т. б. бар. Картоп адам организмін витаминдермен қамтамасыз ететін өсімдіктердің бірі. Жүрек - қан тамыры, асқазан-ішек аурулары мен зат алмасу бұзылғанда диеталдық тағам ретінде пайдалы.

Күнбағыс - қазіргі кезде елімізде өсімдік майы алынатын негізгі өсімдіктердің бірі. Дәнінде май 47 процентке дейін жетеді. Белок пен углеводқа да өте бай. Өт жолдары, бронхитты, пневманияны емдеуге пайдалы.

Қарақат - қызыл қарақаттың жидегінде қант, органикалық қышқылдар, минералдық тұздар, аскорбин қышқылы, Р витамині, пектин және илік заттары бар.

Лимон - бұларда аскорбин қышқылы, А, В, Д витаминдері, пектин заттары, микроэлементтер бар. Лимон ішек-асқазан ауруларын, организмде зат алмасуын реттеуге, баспа мен фарингитті емдеуге әсерлі.

Мандарин - жеміс құрамында 10-12 процент қант, органикалық қышқылдар, пектин заттары, минералды тұздар, гликозидтер, эфир майы, В тобындағы витаминдер, А провитамині, аскорбин қышқылы болады. Фитонцидтердің көптігі арқасында мандарин жемісі әр түрлі микробтармен күресуге әсерлі, ас қорыту жұмысын реттеуге көмектеседі.

Өрік - жемісі дәмі және қоректілігі өте күшті. Құрамында 26 проценттей қант, органикалық қышқылдар (лимон, алма), аскорбин қышқылы, В, Р витаминдері, А провитамині өте көп мөлшерде болады. Өрік жемісінің қант толықтыратын әсері бар.

Шие - жидегінің құрамында органикалық қышқылдар (лимон, алма қышқылдары), илік заттары, каротин, аскорбин қышқылы, В, РР витаминдері бар және минералды заттарға бай. Шиенің жидегі тамаққа тәбет арттырады және жалпы организмді әлдендіруге әсерін тигізеді.

Шабдалы - құрамында қант, органикалық қышқылдар, эфир майы, калий, темір, аскорбин қышқылы, В тобындағы витаминде, каротин бар. Шабдалы жемісінің зәр айдауға, ас қорытуды, жүрек жұмысын жақсартуға, салқын тигенде емдеуге пайдалы әсері бар.

Жусан - биіктігі бір метрге жететін өзіне тән иісі бар, сұр түсті көпжылдық шөп. Сабағы тік өседі де бас жағы бұтақтанады. Жапырақтары уақ, кезектесіп орналасқан, бет жағы жасыл түсті, төменгі жағын сұр түсті түктер басқан. Гүлдер де уақ, сабақ басына бірнеше себеттер құрып өседі. Шілде-тамыз айларында гүлдейді.

Еліміздің Еуропалық бөлігінде, Батыс Сібір, Қазақстан, Орта Азия жерлерінде көп тараған. Шөлейт жайылымда, шабындық жерлерде өседі.

Жусанның дәрілік қасиеті бар. Оның шөбінде абсинтин, анабситин, гликозиттері, эфир майлары, С витамині, илік заттары бар. Жусан шөбінің тұнбасы көбіне ас қорыту жұмысын жақсартуға, тамақ ішуге ынталантыруға қолданылады.

Экстракт жасау үшін кептіріліп, уақталған шөпті ыдысқа салып үстіне 40 проценттік спирт құяды. Өсімдік пен спирт мөлшері 1:5 болу керек. Бұл экстракт 7-14 күн сақталады. Осы экстракты күніне үш мезгіл тамақтан жарты сағат бұрын 15 тамшыдан ішеді. Ауыз шаюға керекті тұнба су қосып жасалады. Бір ас қасық өсімдіктің үстіне бір стакан қайнаған ыстық су құйып біраз ұстау керек. Осылай дайындалған тұнбаны ауыз шаюға 2-3 күндей-ақ пайдалануға болады. Тұнба жасаудың тағы бір жолы бар. Бір шәй қасық уақталған жусан шөбін екі стакан қайнаған су құйып, кәдімгі шәй сияқты қайнатып содан кейін 20 минут тұндырып, дәкемен сүзеді. Осы тұнбаны күніне үш мезгіл тамақтан жарты сағат бұрын стаканның % бөлігін ішеді.

Жұпаргүл - биіктігі 30-90 сантиметр тарамданып, жайыла өсетін көп жылдық хош иісті шөп. Сабағы төрт қырлы, түб жағы бұтақталып тік өседі. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, ұзындығы 2-4 сантиметр. Гүлдері солғын қызыл түсті, сабақтарының басында топтанып орналасқан. Шілде-қыркүйек айларында гүлдейді.

Еліміздің Қиыр Шығысынан басқа жерлердің бәрінде кездеседі. Соның ішінде Қазақстанда кең тараған, шабындық жерлерде, тоғайдың ашық алаңдарында, кішігірім арасында өседі.

Дәрілікке жұпаргүлдің шөбі пайдаланылады. Онда эфир майы, тимол, карвокрол, сесклитерпендер, аскорбин қышқылы бар. Бұл өсімдік гастритті, созылмалы бронхитті, бронхоэктазамен ауырғанда қақырық түсіруді жеңілдетуге қолданады. Емге керекті тұнбаны төмендегідей жолмен жасайды: кептіріліп уақталған екі ас қасық шөпті ыдысқа салып, үстіне бір стакан ыссы су құйып, бетін жауып 15-20 минут тұндырып сүзеді. Осылай жасалған тұнбаны жылы күйінде тамақтанар алдында 15-20 минут бұрын жарты стаканнан күніне 3-4 мезгіл ішу керек.

Жұмыршақ - биіктігі 20-50 сантиметрдей, сабағы тік өсетін бір жылдық шөп. Жапырақтары сабақ түбінде дөнгелек сияқты өседі. Гүлдері уақ ақ түсті. Дән, қорапшасы үшбұрышты болады. Сәуір айынан бастап күзге дейін гүлдей береді. Мамыр - шілде айларында гүлдейді. Жемісі екі дәнді ұзынша келген қоңыр түсті.

Еліміздің барлық жерінде, соның ішінде Қазақстанда да көп тараған. Дәрілікке бұл өсімдіктің шөбі пайдаланылады. Онда бурсин алкалоиды, лимон, алма қышқылдары, К витамині, эфир майы және илік заттары бар. Асқазаннан, жатырдан қан кеткенде тоқтату үшін, осы өсімдіктің тұнбасын пайдаланады. Осымен қатар бауыр, бүйрек, қуық ауырғанда да қолданады.

Адыраспан - көпжылдық, иісі жағымсыз өсімдік. Сабақтары көп бұтақты. Жапырақтары кезектесе орналасқан. Бұтақтарының басында ақ түсті немесе сары гүлдері болады. Дәндері үш ұялы қорап ішінде. Маусым-шілде айларында гүлдейді.

Еліміздің (ТМД) көп жерлерінде, соның ішінде Орта Азияда Қазақстан территориясында таралған. Жайылымда, далада, үй айналасында өседі. Дәрілікке адыраспанның шөбі пайдаланылады. Онда төрт проценттей алколойд бар. Халық арасында адыраспанды ревматизмді емдеуге пайдаланады. Ол үшін 100 г адыраспан шөбін беті жабылатын ыдысқа салып, үстіне 10 литр су құйып, 15-20 минут қайнатып, салқындағаннан кейін сүзіп, 37-38 С температурада ваннаға құяды. Ауру адам әрбір екі күн сайын 10-15 минуттан осылай әзірленген ваннаға түсу керек. Емделу мөлшері 10 ванна. Керекті тұнба әр қабылдауға жаңадан дайындалғаны жөн.

Аморфа - биіктігі 1-2 метрлік көпжылдық бұта өсімдігі. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, ұзындығы 9-17 сантиметр. Гүлдері уақ, гүл сабағы ұзын.

Еліміздің оңтүстік аудандарында өседі. Қазіргі кезде парктерде, бақтарда өсіріледі.

Дәрілікке дәнінен алынған аморфин гликозиді пайдаланылады. Негізінен невроз, жүрек неврозын емдеуге қолданылады.

Дәріханаларда бұл өсімдіктен жасалған фрутицин препараты дайын күйінде сатылады.

Бұл препаратты 0, 05грамдық таблетка түрінде, күніне 2-3 мезгіл тамақ алдында (бір таблеткадан) қабылдайды.

Қарағай - кәдімгі өзіміз білетін қылқанды, биіктігі 30 метрге жететін ағаш. Қабығы қызыл-қоңыр тілімденген. Мамыр-маусым айларында гүлдейді.

Еліміздің барлық жерінде, соның ішінде Қазақстан территориясында да кездеседі. Көбіне құмды жерлерде, өзен жағалауларында, таулы етектерде өседі.

Дәрілікке қабыгы пайдаланылады. Қарағайдың әсіресе жас қылқандары С, К витаминдеріне және каротинге өте бай келеді. Сондықтан одан арнайы тұнба жасап ішуге болады. Ол үшін 30 г жас қылқанды салқын сумен жуып, тазалап үстіне бір стакан ыссы су құйып, бетін жауып суы бар ыдысқа қойып, 20 минут қайнатады. Содан кейін дәмін аздап өзгерту үшін қант қосады. Күнделікті ішуге тұнбаны жаңадан дайындап отыру керек.

Қарағай бүршігінің тұнбасын жоғары тыныс жолдарын емдеуге пайдаланады. Ол үшін 10 г бүршікті ыдысқа салып, үстіне бір стакан қайнаған ыссы су құйып, тұндырады. Осы тұнбаны бір күнде ішеді.

Қарағай қылқандарынан витаминді сусын жасаудың тағы бір түрі бар. 50 г жас қылқанды езіп, үстіне екі стакан қайнаған ыссы су құйып, екі сағат қараңғы жерде тұндырады. Тұнып болғаннан кейін дәкемен сүзіп, аздап сірке қышқылын тамызып қант қосу керек. Бұл тұнбаны жаңа күйінде бірден ішу керек. Көп тұрса витамині азаяды. Бір стакан қарағай қылқандарынан жасалған тұнбада лимон шырыны мен салыстырғанда витамин мөлшері 5 есе артық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Altheae officinalis L (Дәрілік жалбызтікен) өсімдігі вегетативитік мүшелерінің онтоморфозгенезі
Дәрілік өсімдіктердің түрлері
Зерттеу нысанасы Lamiaceae тұқымдасы Melissa туысының дәрілік мелисса бағалы дәрілік түрі
Дәрілік өсімдіктердің биологиясы
Тарбағатай жотасы
Дәрілік өсімдіктердің кездесетін жерлері
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу
Шыны майлар мен майға ұқсас заттар
Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер
Lamiaceae тұқымдасының құнды дәрілік түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz