Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Қоздырғыш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
Нутталиоз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Дауасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Өзіндік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34

Аннотация
Бұл курстық жұмыста кіріспе, осы пән туралы қысқаша мәліметтер, анықтамалар, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер мен өзіндік жұмыс қарастырылған.
Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде осы тақырып және пән туралы қысқаша қорытынды жазылған.
Негізгі бөлімде осы пән туралы мәліметтер, анықтамалар, тақырыпқа сай мәселелер қарастырылған.
Өзіндік жұмыс бөлімінде қолданылған әдебиеттер және қорытынды т.б. мәліметтер берілген.
Қысқартылған сөздер
мл – миллилитр
% - пайыз
мг – миллиграмм
РНК – Рибонуклеин қышқылы
ДНК – Дезоксирибон қышқылы
млн – миллион
т.б. – тағы басқа.
Анықтама
Гельминтоскопия – гельминттердің бунақтарын табу.
Гельминтовооскопия – гельминт жұмыртқаларын іздеу.
Гельминтоларвоскопия – балаңқұрттарын ажырату.
Симбиоз – бірлесіп ұзақ уақыт тіршілік етуге бейімделу.
Облигад – міндетті.
Унипотент – бір ғана мүмкіндік.
Полипотент – көп мүмкіндік.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Абуладзе К.И. и др. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. М.: «Колос», 1982,1990.
2. Абуладзе К.И. и др. Практикум по диагностике инвазионных болезней сельскохозяйственных животных. М.: «Колос», 1984.
3. Демидов Н.В., Потемкина В.А. Справочник по терапии и профилактике гельминтозов животных. М: «Колос», 1980.
4. Дьяконов Л.П., Орлов И.В. и др. Паразитарные болезни сельскохозяйственных животных. М.: Агропромиздат, 1985.
5. Кадыров Н.Т. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. Астана, 2000.
6. Ананьев П.К. и др. Профилактика и лечение заразных болезней сельскохозяйственных животных, Алма-Ата: «Кайнар», 1988.
7. Бауер О.И. Болезни прудовых рыб. М.: «Колос», 1981.
8. Балашов Ю.С. Кровососущие клещи - переносчики болезней человека и животных. Л., «Наука», 1967.
9. Галузо И.Г. Токсоплазмоз животных. Алма-Ата, «Наука», 1965.
10. Геллер И.Ю. Эхинококкоз. М., «Медицина», 1989.
11. Гробов О.Ф. и др. Болезни и вредители пчел. М., ВО «Агропромиздат», 1989.

Бұл курстық жұмыста кіріспе, осы пән туралы қысқаша мәліметтер,
анықтамалар, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер мен
өзіндік жұмыс қарастырылған.
Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде осы тақырып және пән туралы қысқаша
қорытынды жазылған.
Негізгі бөлімде осы пән туралы мәліметтер, анықтамалар, тақырыпқа сай
мәселелер қарастырылған.
Өзіндік жұмыс бөлімінде қолданылған әдебиеттер және қорытынды т.б.
мәліметтер берілген.
Қысқартылған сөздер
мл – миллилитр
% - пайыз
мг – миллиграмм
РНК – Рибонуклеин қышқылы
ДНК – Дезоксирибон қышқылы
млн – миллион
т.б. – тағы басқа.
Анықтама
Гельминтоскопия – гельминттердің бунақтарын табу.
Гельминтовооскопия – гельминт жұмыртқаларын іздеу.
Гельминтоларвоскопия – балаңқұрттарын ажырату.
Симбиоз – бірлесіп ұзақ уақыт тіршілік етуге бейімделу.
Облигад – міндетті.
Унипотент – бір ғана мүмкіндік.
Полипотент – көп мүмкіндік.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
Жылқының нуттолиозы мен
көксидиозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
Қоздырғыш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
Нутталиоз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
Дауасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
Өзіндік
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 33
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 34
Кіріспе
Қарапайымдылар өз алдына бірторшадан құрылған денелер, олар бірімен
бірі бөлінбейтін байланыста болатын ядро және цитоплазмадан тұрады.
Ядро торша өмірінде екі қызмет атқарады: генетикалық және
метаболтикалық. Ол цитоплазманың айрықша жерінде орналасқан Ядро сыртынан
қабықшамен қоршалған, ішінде ядро шырыны (нуклеплазма), хроматин және кіші
ядросы бар (нуклеолдар). Ядро қабықшасы екі жарғақшадан тұрады, онда
ядролық цитоплазмалық алмасуды қамтамасыз ететін жүйе орналасқан. Қабықшада
азықтық заттарды сіңіретін саңлаулар бар. Ядро ішін толтыратын шырын түссіз
заттан құралған. Оның құрамында әртүрлі белоктар, нуклепротеидтер,
гликопротеидтер және ядро ферменттері енеді. Хроматин белоктан және нуклеин
қышқылдары, оның ең бастысы ДНК – дан құралған. Түрі торлы не түйіршік
тәрізді. Бөлінген уақытта хроматин жіпшелері хромосомалар түзейді.
Ядрошықтар торша ішіндегі ең тығыз құрылым. Олар торша ішінде бір не
бірнеше және көлемі мен пішіні торшаның физиологиялық жағдайына байланысты.
Ядрошықтардың химиялық құрылымында РНК басымдау болғаны анық болды.
Цитоплазма торша құрамының бір бөлігі, сұйық не қоймалжың зат, сырты
цитоплазмалық қабықшамен (пелликула) жабылған. Цитоплазма ішінде бірқатар
органеллалар бар (органоидтар), олар: цитоплазма торы (ретикулум),
рибосомдар, митохондриялар, лизосомдар, табақша жиынтық (Гольджи аппараты)
және қарапайымдыларға ғана тән т.б. органоидтар (немесе мүшесымақтар).
Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы
Протозоология (Protozoa типі) – денесі бірторшалы қарапайымдар туралы
ғылым. Малдәрігерлік протозооология – жануарлар денесінде өмір сүріп,
протозооз ауруларын тудыратын бірторшалыларды зерттейді. Оның мақсаты:
паразиттің дене құрылысын, өсіп – дамуын зерттеп, паразиттің түрін және
жануарларға жұғу жолдарын анықтау. Протозоология, қоздырғыштың мал
организміне зиянды әсерін (патогендік әсері), ауруды анықтау тәсілдерін,
арнайы және патогендік ем, сондай – ақ оның дауалау әдістерін зерттейді.
Бірторшалы қарапайымдыларды өте ұсақ болғандықтан алғашқыда
микробиология ғылымы зерттеді. Кейінірек XIX және XX ғ. басында
қарапайымдылар өз алдына протозоология пәні ретінде бөлініп шықты. Осы
жылдары бір шама тамаша жаңалықтар ашылып, олар патогенді (зиянды)
қарапайымдылар туралы ілімнің дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Трипаносомоздар, безгек, пироплазмидоздар, эймериоздар және т.б. аурулардың
қоздырғыштары анықталды.
Медициналық және мал дәрігерлік саласында жүргізілген
протозоологиялық зерттеулер сан қилы протозойлық аурулардың көптеген
елдерде адам және мал індетін тудыратын қоздырғыштары анықталды. Мысалы,
Индияда сурра ауруы көп таралған. 1880 ж. Эванс деген мал дәрігері осы
аурудың этиологиясын ашып, оның қоздырғышы трипанозома екендігін анықтады.
1885 ж. Брус Африка континентінде үй хайуанаттарының трипаносомасын
суреттеді. 1881 ж. Бабеш Румынияда ірі қара малдың қанды сідік деп
аталатын ауруының қоздырғышын ашты.
1889 ж. Смит және Кильборн ірі қара мал қанынан пироплазмаларды
тауып, Америкада кездесетін техас қызбасын Piroplasma bigeminium деген қан
паразиті қоздыратынын дәлелдеді. 1893 ж. осы ғалымдар пироплазмаларды ауру
малдан сау малға жайылым кенелері тасымалдайтынын анықтады. Бұл бірторшалы
қарапайымдылардың адам мен мал ауру қоздырғыштары болатындығы туралы жаңа
түсінік еді.
1891 ж. орыс ғалымы Д.Л. Романовскийдің қарапайымдыларды бояудың
ерекше әдісін тауып, протозоологияның қарыштап дамуына әсерін тигізді.
И.И. Мечников пен Д.Л. Романовскийдің адамның безгек ауруын
қарапайымдылар қоздыратынын дәлелдеуі, протозоология ғылымының дамуына
орасан зор әсер етті. Адам мен малдың протозойлық ауруларын емдеу тарапында
П. Эрлих пен Д.Л. Романовскийдің дәрі – дәрмектің ауру қоздырғыштарына әсер
ету механизмі туралы еңбектерінің айтарлықтай маңызы болды. И.И.
Мечниковтың иммунитет туралы еңбектері де осыған икемдеді.
Ресейде протозоология ғылымының дамуына белгілі зерттеушілер В.Я.
Даниловский, Е.П. Джунковский, И.М. Лус, Е.И. Марциновский, В.Л. Якимов,
А.В. Белицер, А.А. Марков, И.В. Абрамов және т.б. айтарлықтай үлес қосты.
1898 ж. А.И. Качинский Ресейде ірі қара малдың пироплазмозының қоздырғышын
алғаш суреттеді. 1903 ж. Е.П. Джунковский мен И.М. Лус Закавказьеде ірі
қара малдың тейлериоз ауруын анықтады. 1906 ж. А.В. Белицер мен Е.И.
Марциновский Рязаньда жылқы пироплазмозын тапты.
1913 ж. В.Л. Якимов Түркістанға экспедиция басқарып келіп, онда
трипанозомоздарды, лейшманиозды, пироплазмоздарды жан – жақты зерттеді,
ауру тасымалдайтын кенелерді жинап, олардың фаунасын анықтады. Жиырмасыншы
жылдары В.Л. Якимов Сантк – Петербургте протозойлық ауруларды зерттейтін
ірі ғылым орталығын құрды. Өз қызметтестерімен бірлесе отырып, ол
пироплазмидтер, тейлериялар және эймериялардың жаңа түрлерін ашады. Оның
қатысуымен ауыл шаруашылық жануарларының протозойлық ауруларымен іс жүзінде
күрес мәселелері де шешіле бастаған.
Сонымен бір мезгілде Мәскеуде екінші ғылым орталығы құрылып,
алғашқыда оны А.В. Белицер, кейінірек А.А Марков басқарады. Онда жылқы,
түйе және ірі қара малдың протозой аурулары зерттеле бастады.
Протозоология ғылымы Қазақстанда 1926 – 30 жылдардан бастап дами
бастады. Сол жылдары А.А. Целищевтің басқаруымен жылқының, ірі және ұсақ
тұяқтылардың пироплазмилоз қоздырғыштарының түр құрамы зерттелінді.
Пироплазмидоздардың таралу жағдайы анықталды. Осы ауруларды емдеуге,
сақтандыруға арналған дәрілер сынаудан өткізіліп, олардың тиімділігі
анықталды. Кейінірек 1950 жылдары профессор Н.П. Орловтың басшылығымен
пироплазмоздарды емдеудің теориялық негіздемелері берілді.

Цитоплазмалық тор тармақталған өте ұсақ түтікшелер көпіршіктер
жүйесінен құралып, қарапайымдылардың өмірінде маңызды қызмет атқарады. Ол
цитоплазмада циркуляциялық ағынды қамтамасыз етеді, құрамында көптеген
фермент болғандықтан зат алмасуына қатысады. Рибосомдар белок түзілу
орталығы ретикулуммен тығыз байланысты. Митохондриялар – торшаның маңызды
органоидтарының бірі – сопақша, созылған не таяқша пішінді болады. Олар
күрделі фермент жүйесін түзеп, зат алмасу және тотығу, қайта құру
процестеріне қатысады. Лизосомдарда өте ұсақ қалташықтар ішіндегі
ферменттері тірі материяны ыдыратуға қабілетті болғандықтан, торша ішіндегі
ас қорыту жүйесі іспеттес. Цитоплазманың ең айрықша дамыған бөлігі
табақшалар жиынтығы, олар екі қабат жарғақшадан және көптеген көпіршік
тәрізді вакуолдерден құралып, ядро маңына орналасады. Бұл органелланың
басты қызмті секрет шығару, цитоплазма ішіндегі тасымалдайтын заттарды
жинақтап біріктіру.
Қарапайымдылардың қозғалысы негізінен үш түрлі қабат жарғақшамен
жабылған, олар цитоплазма ішіне тереңдеп, қарапайымдылардың дене ішінде
қалташық түзейді. Кірпікшелер және бишіктер өзегінде фибрилдер мен
жіпшелердің жиынтығы бар. Олардың сыңар екеуі ортасында, жұпталған тоғызы
шетіне орналасып, аксонема түзейді. Көптеген бишікті қарапайымдыларда
толқын тәрізденіп қозғалатын жарғақ болады, ол цитоплазмадан өрбіген өте
жұқа қатпар (қозғалуға қатысады). Жалған аяқтары көмегімен қозғалу
амебаларға тән, мұндайда бір орыннан екінші орынға олардың цитоплазмасы
ауысып отырады (амеба тәрізді қозғалу).
Иесінің торшасы ішінде өмір сүретін споровиктер сырғып қозғалады,
оған пелликула астындағы талшықтардың әсер етуі мүмкін. Трихомонадаларға
жататын бишіктілерде ерекше тіректі өзегі немесе аксостиль болады. Клетка
ішінде өмір сүретін споровиктерде, денесінің алдыңғы жағында апикальді
жиынтық (кешен) орналасқан, оның құрамына үш жарғақты пеликулла (қабықша),
астындағы микротүтікшелер, полярлық сақиналар, роптриялар, микронемдер және
коноид енеді. Алдыңғы шетімен коноид полярлық сақинаға тіреледі. Денесінің
алдыңғы жағында цитоплазмалық жарғақ паразит тіршілігінің кейбір кезеңінде
полярлық бөрік (тақия тәрізді) дегенді түзеді, оның ішіне қарай, иесінің
торшасына ену процесінде, коноид жақындайды. Коноид, ішіне қарай
роптриялардың (жұпты органеллалар) алдыңғы ұшы өтеді, олар денесінің
алдыңғы үштен бір бөлігіне орналасқан, ерекше қолба тәрізді құрылымдар.
Роптриялар протеин ыдыратқыш ферменттерге толы, олар паразит иесінің
торшаларына енуіне ықпал етеді. Коноидты паразиттің торшаға енуге
икемделген құрылымы деп қарауға болады (Эймериялар, токсоплазмалар,
саркоцисталар және т.б.).
Қарапайымдылардың қоректенуі арнаулы цитостом органеллалары арқылы
фагоцитоз және пиноцитоз жолдарымен жүзеге асырылады. Электрондық –
микроскопиялық зерттеулер арқылы, азық бөлшектерінің және оныі ірі
молекулаларының торша ішіне эндопиноцитоз арқылы енетіні анықталды. Егер
азық бөлшектері әжептеуір үлкен, пішінді болса, оны фагоцитозға жатқызамыз,
егер азық бөлшектері сұйықтықтың тамшысындай болса, оны пиноцитоз деп
білеміз (грекше pino - ішу). Мұндайда цитоплазма ішке қарай еніп, ол жер
шұңқырланады, кейін тереңдейді, шұңқырдың шеттері қосылады да, цитоплазмада
вакуоль – қуыс пайда болады.
Көптеген карапайымдыларда пиноцитоз көпіршіктерін кейде ас қорыту
вакуольдері деп атайды да, олар цитостом (инфузорияларда) және микросаңлау
немесе ультрацитостом (споровиктерде) арқылы қалыптасады. Қорытылып
болғаннан кейін қоректік заттар торша ішінде цитоплазмалық тордың көмегімен
тасымалданады. Қорытылмаған бөлшектер сыртқа шығарылып тасталады. Эритроцит
ішіндегі паразиттер (мысалы, безгек плазмодийі және пироплазмалар)
цитоплазма бөлшектерін қоршап алу арқылы қоректенеді, осылайша
қарапайымдылар өзінің дамуына керекті белоктарды және т.б. заттарды алып
отырады.
Қалыптағыдай тіршілігі үшін қарапайымдылар көп мөлшерде
микроэлементтерді, витаминдерді, әртүрлі белоктады және тағы басқа азық
бөлшектерін керек ететіндігін, қарапайымдыларды қоректік орталарда
өсіргенде еске алу қажет.
Қарапайымдылардың тыныс алуы аэробты және анаэробты жағдайда өтеді.
Басқа организмдер тәрізді, қарапайымдыларға да тітіркену қасиеті тән.
Тітіркендіргіш ретінде қоршаған ортаның өзгерген химиялық, механикалық,
ыстық – суықтық және т.б. әсері болуы мүмкін. Қарапайымдылардың негізгі
реакцияларын таксис немесе тропизм деп атайды. Сондықтан қарапайымдылардың
химиялық тітіркендіргіштерге берген жауап реакциясын хемотаксис деп атап,
ыстық – суық тітіркендіргішіне берген жауабы – термотаксис және т.т. Әрбір
таксис оң не сол түрінде болады.
Көптеген Protozoa тіршілікке қолайсыз жағдайларда өз денесінің
сыртынан ерекше қабықша циста түзейді. Бұл құбылысты қабықша түзу (циста
түзу) деп атайды. Кейбір споровиктерде циста түзу міндетті түрде сақталып,
олардың өсіп – даму айналымында бір саты болып орын алған (кокцидиидтер);
ішек тоғышарлары қоршаған сыртқы ортаға түскенде циста түзу, олардың
қолайсыз жағдайларда, аман сақталып қалуын және иесіне қайта енуін
қамтамасыз етеді. Мысалы, балантидияларда цистаның ыдырауы иесінің ас
қорыту энзимдері әсерінен болады.
Қарапайымдылардың кэбеюі жыныссыз (агамдық) немесе жыныстық жолмен
болады. Жыныссыз көбею төмендегіше іске асады:
а) екіге бөліну арқылы (монотомия) – қарапайымдылардың денесі
біркелкі тең болып екі ұрпаққа бөлінеді. Ең алдымен ядросы, сонан соң
цитоплазмасы бөлінеді. Бөліну алдында қоректену және өсу сатысы болады.
Мұндай бөліну амебаларда, бишіктілерде, тіршілігінің кейбір сатысында
споровиктердің кейбір өкілдерінде өтеді;
ә) бүртіктену арқылы – дененің тең бөлінбеуі – ірі аналық торшадан
бүртіктеніп бір немесе бірнеше ұрпақ бөлінеді. Мұндай көбею бишіктілерде,
кейбір пироплазмидтерде байқалады;
б) эндодиогения арқылы – аналық торшаның ішінде екі ұрпақ торша пайда
болады. Жай екіге бөлінуден айырмашылығы, ұрпақ торшалар біраз уақыт аналық
торша қабығының ішінде болады. Соңынан аналық торшаның сыртқы мембранасы
ұрпақ торшалардың сыртын жабады (токсоплазма);
в) көпке бөліну арқылы (синтомия), мұндайда ядросы бірнешеге бөлініп,
қарапайымдылар уақытша көп ядролы болады. Мұнан жаңа ядролардың маңынан
цитоплазма бейімделіп, органеллалар түзіледі де, соңынан көпке бөлініп,
көптеп жаңа организмдер пайда болады. Егер бөліну нәтижесінде жыныссыз
ұрпақтар пайда болса, оларды меронт (шизонт) деп атап, мұндай көбеюді
мерогогния (шизогония) деп атайды. Мерогония нәтижесіндепайад болған жаңа
қарапайымдыларды мерозит деп атайды. Егер көбею нәтижесінде еркек немесе
ұрғашы түрлері пайда болса, онда көп ядролы торшалар гамонт деп аталады да,
мұндай көбеюді – гаметогония деп атайды. Гаметогония нәтижесінде пайда
болған түрлерін – гамета деп, микрогаметтер (еркек жынысты) және
макрогаметтер (ұрғашы жынысты) деп екіге бөлінеді. Егер көпке бөліну
жынысты процестен кейін болса, онда көп ядролы торшаны споронт деп атап, ал
мұндай көбеюді спорогония деп атайды.
Көбеюдің жынысты түрінде ұрықтану копуляция не коньгация арқылы іске
асады. Копуляция кезінде екі басқа жынысты қарапайымдылар (гаметтер)
сырттай бір – біріне ұқсас (изогаметтер) немесе бір – біріне мүлде
ұқсамайтын (анизогаметтер) қосылғаннан кейін зитоа түзейді. Бұл құбылыс
ядролардың қосылуымен аяқталады, оның нәтижесінде зигота ішінде қос
табиғатты ядро пайда болып, яғни оның ішінде хромосомдар саны екі есе көп
болады.
Коньюгация арқылы жыныстық жолмен көбейгенде, қарапайымдылар біржола
қосылып кетпей, тек қана уақытша жақындасып, ядро бөлшектерімен және
цитоплазмамен айырбас жасасып, қайта айырылысады да, өз бетімен өмір сүре
бастайды. Коньюгация – Ciliata тобының өкілдерінде ғана байқалады.
Копулъция және коньюгация жыныс процестеріне жатады, бірақ бұларда
қарапайымдылар көбеймейді, олардың саны өзгеріссіз қалады.
Қарапайымдылардың саны тек қана көбеюдің жыныссыз түрінен ғана өзгеріп, ол
жынысты процеспен кезектесіп отыруы шарт.
Қарапайымдылардың құрылысы мен өсіп – дамуы туралы жаңа деректерге
сүйенен отырып, токсономия жөніндегі Халықаралық комитет 1980 ж. оларды
Protozoa тобына жатқызуды ұсынды. Соңғылар 7 типке бөлінеді. Біз олардың
мал аурулары қоздырғыштарына жататын 3 типін ғана көрсетеміз: 1)
Sarcomastigophora типі, тип тармағы Mastigophora – бишіктілер, 2)
Apicomplexa типі – оның өкілдерінің денесінің алдыңғы жағында апикальді
жиынтығы бар, 3) Ciliophora – кірпіктілер типі. Сондай – ақ малдәрігерлік
протозоологияда қазіргі кезде риккетсия тәрізді организмдерге жататын –
спирохеттер мен анаплазмалар да қаралады.
Малдың протозойлық ауруларының патогенезі толық зерттелмеген. Ол мал
(макроорганизм) мен қоздырғыштың (микроорганизм) бір – біріне қарым –
қатынасынан туады; сондай – ақ мал организмінің жауап әсерін табиғи және
кейін пайда болған төзімділігін иммундық қорғау механизмдерінің нерв жүйесі
арқылы реттелуін және мүшелердің физиологиялық қызметін ескеру қажет.
Қоздырғыш
Қоздырғыштың организмге әсер дәрежесі ең алдымен оның патогенділігіне
байланысты (ауру қоздырғыштық қабілеті). Әдетте қарапайымдылардың бір түрі
малдың белгілі бір түріне ғана патогенді болады, бірақ қарапайымдылардың
кейбір түрлері, малдың бірнеше түріне жұғуы мүмкін. Мысалы, токсоплазмалар,
көптеген мал мен құс түрлеріне жұғады.
Әрбір патогенді қарапайымдыларда өзіне тән вируленттік (уыттылық)
қасиеті бар, ол өзгеріп отырады. Оны физикалық немесе биологиялық
факторлармен төмендетуге болады. Суықтық пен әсер етіп, кейбір мал
пироплазмоздары қоздырғыштарының вирулентті қасиетін уақытша азайтуға
болады. Төзімділігі күшті малға жұқтыру арқылы да қоздырғыштың
вируленттілігін төмендетуге болады. Қоздырғышты бір малдан екінші малға
жұқтырып (пассаж), кейде оның вируленттілігін арттыруға болады.
Қоздырғыштың вируленттік қасиетінің өзгеруі, олардың кейбір кенелерде
өсіп – дамуында байқалған. Мысалы: Hyalomma plumbeum кенелерінен жұққан
ауруға қарағанда, Dermacentor кенелері тасымалдайтын нутталиялар жылқы
нутталиозының ауыр түрін қоздырады. Рентген сәулесімен әсер еткенде кейбір
қарапайымдылардың күші бәсеңдейді. Мұның өзі иондық сәуленің
вируленттілікке әсерін тигізетінін дәлелдейді. Бірақ төмендеген вируленттік
қасиет басқа малға жұққанда немесе денеде өсіп - өнгенде ешбір сақталмайды.
Вируленттік қасиеттің сақталмауы, бұл құбылыстың ұрпақ қуаламауында болуы
мүмкін.
Патогенді қарапайымдылардың вируленттік қасиеті көп қырлы және
инвазияланған организмде ол әр түрлі байқалады. Оның уыттылығы қызбамен,
жүйке құбылыстарымен, шеткі қан тамырларының қанталауымен байқалады. Бірақ
осы уақытқа дейін патогенді қоздырғыштарда қандай да болса уыт болатындығы
туралы ешбір анық деректер жоқ. Бірақ патогенді қоздырғыштар организмге
өзіне тән әсерін тигізеді, ол – аурудың арнайы белгілері ретінде байқалуы.
Торша ішінің паразиттері, мысалы пироплазмдар эритроциттер ішінде тез
көбейіп, оларды ыдыратады. Ыдыраған эритроциттер ішіндегі гемоглобиннің бір
бөлігі биллирубинге айналып, ал оның басым көпшілігі бүйрек арқылы
шығарылғандықтан гемоглобинурия пайда болады.
Басқа торша ішіндегі паразиттер, мысалы, эймериялар (кокцидиялар)
ішектің эпителий торшаларын зақымдайды. Бұл паразиттер пиноцитоз арқылы
қоректенеді, олар торшаның цитоплазмасын зақымдап, оны ыдыратады. Егер
зақымдаған эймериялардың саны көп болса, ішектің кілегей қабығы көптеген
жерінде ыдырап, оның қабырғасындағы ас қорыту бұзылады, қан тамырлары
қансырап, организмге патогенді ұсақ организмдер енеді, ішектегі мұндай
өзгерістер, өзіне тән белгілері бар ауру қоздырады (энтерит жәнк колит).
Пироплазмоздардағыдай, эймериоз ауруларында қызба болмайдй, ол эймерия
организмінде және олардан бөлінген заттарда уытты заттардың болмауын
көрсетеді.
Протозойлық аурулар қоздырғыштарының малға жұқпауы, олардағы табиғи
(туа пайда болған) немесе жүре пайда болған иммунитетке байланысты.
Табиғи иммунитет (туа пайда болған) организмнің биологиялық
ерекшеліктеріне байланысты, әдетте ол малдың (иенің) түр белгісіне
байланысты. Организмнің патогендік әсеріне қарсы тұру қабілеті малдың
жасына, тұқымына, табиғи төзімділігіне және тұрған жағдайына байланысты
(азықтандыру, күтімі мен қоршаған ортаның ыстық, суықтығы).
Табиғи иммунитеттің қоздырғыштарға ешбір шексіз (абсолютті) немесе
шек қойылатын түрлері болады.
Шексіз иммунитеті бар малға организмнің ауруға төзімділігі төмендеген
кезде де кейбір қоздырғыштар дарымайды. Мысалы: жылқыға ірі қара малдың
тейлероз қоздырғышы жұқпайды. Мұның себебі жылқыда, ірі қараның тейлероз
қоздырғышына қарсы, шексіз иммунитеті бар. Шек қойылатын иммунитет, малдың
табиғи төзімділігінен асып, ауру жұқтырғанда байқалады. Мысалы, ересек
тышқандарға жылқы мен иттің пироплазмалары дарымайды, ал тышқанның
балаларына жоғарыдағы қоздырғыштар (жұғады) жұққыш келеді. Яғни, мал
пироплазмидаларына қарсы тышқандарда шек қойылатын иммуниттет бар.
Жүре (туа) пайда болған иммунитет протозойлық аурулардың түріне қарай
залалсыз (стерильді) және залалды (стерильсіз) немесе премуниция болып
екіге бөлінеді. Организмде қоздырғыштардың жойылуымен бірге премуниция да
тоқталады.
Қоздырғыштың бейімді организмге енуі инвазиялық процестің және
иммунитет дамуының басы болады. Инвазиялық процесс және организмді қорғау
тетіктерінің қоздырғышқа жауап реакциялары, инвазияланған мал организмі мен
қоздырғыштың өзара қарым – қатынасынан туады. Инвазияланған организмде
қоздырғыштың өмір тіршілігі басылған жағдайда мал сауығып кетеді немесе
қоздырғыш қисапсыз дамып, мал өлімге шалдығады. Инвазияланған организмде
паразиттің өмір тіршілігін басу ең алдымен орталық жүйке жүйесінің
қатысуымен және оның қорғаныс тетіктері мен мүшелердің физиологиялық
қызметін дамытуы, инвазиядан сауығып кетуді қамтамасыз етеді. Керісінше,
егер патогенді паразиттің әсерінен орталық жүйке жүйесі күйзелсе, бұл
мүшелердің физиологиялық қызметін бұзады, қорғаныс механизмдерін әлсіретіп,
ауру малды өлімге ұшыратады.
Протозойлық ауруларда жүре пайда болған иммунитет бір – бірімен тығыз
байланысты торшалы және сұйықтық (гумморальді) факторлармен шартталады.
Антигендерді жұту және антиденелердің түзілуіне фагоцитарлық торшалардың
маңызы бар. Сондай – ақ түзілген антиденелер фагоцитозды күшейтеді.
Енесінің құрсағында жатқан төл көптеген патогенді қарапайымдылардан
қорғаулы, себебі зақымданбаған шудан паразит өте алмайды. Шу арқылы
антиденелер де өте алмайды (олар тек ит пен қой ұрығына ене алады).
Гуморальдік факторлар, әдетте болмайды, себебі глобулиндер туғаннан кейінгі
кезеңде әлі өндірілмейді немесе қанға өте аз мөлшерде түседі.
Иммуноглобулиндер төл организмінде 4 апталық жасынан бастап өндіріле
бастайды. Бірақ, туғаннан кейінгі дәуірде төлде фагоцитарлық қабілет айқын
байқалады. Бұл дәуірде жас төл организімін протозойлық аурулардың
қоздырғыштарынан қорғауға, ене сүті және уызбен келген фагоциттер мен
антиденелер қатысады. Әр мал түрінді бұл қорғаныстың дәрежесі әртүрлі
болады. Мысалы, күшіктер пироплазмалардың жұғуына өте сезімтал, ал бұзаулар
ересек малға қарағанда, бабезиидтерге өте төзімді. Ал құс балапандарында
алғашқы кездерде гуморальді факторлар инвазия қоздырғыштарына қарсы
айтарлықтай болмайды, ал фагоцитоз активті түрде байқалады.
Протозойлық аурулардың қоздырғыштарынан қорғауда, организмдегі торша
жүйесінің атқаратын маңызы өте зор, себебі ол торша иммунитетінің дамуына
әсерін тигізеді.
Протозойлық ауруларда да иммунитет бактериалды және вирусты
инфекциялардағыдай болып дамиды. Малдың протозойлық ауруларында да арнайы
комплимент байлағыш антиденелер, аглютининдер, преципитиндер және басқа да
антиденелердің барлығы анықталған.
Бірақ, осы күнге дейін инвазияланған малдың қанынан серотерапия үшін
қолдануға болатын антиденелері бар қан сарысуы табылған жоқ.
Протозойлық ауруларда ұлпалық, гумаральдік және горондық жүйелерінің
күшін жинақтауы арқасында инвазияланған организм сауығып, залалсыз және
залалды иммунитет пайда болады. Трипаносомдарға қарсы залалсыз иммунитет
сүт қоректілерде болатыны дәлелденген. Көптеген протозойлық ауруларға қарсы
малда залалды (стерильсіз) иммунитет болады. Бұл иммунитет аурудың қайталап
жұғуынан сақтағанымен, кейбір жағдайларда ішек паразитттері мал нәжісі және
трансмиссивті аурулар тасымалдаушылары арқылы да қоршаған ортаға тарап,
аурудың етек жаюына себеп болады.
Протозойлық ауруларда болатын премуницияның мерзімі бірдей емес.
Паразиттің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz