Қоғамға жат мінез-құлық - саналы түрдегі ниет пен мақсат көрінісі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Қоғамға жат мінез-құлық - саналы түрдегі ниет пен мақсат көрінісі

Жоғарыда анықталғандай, ниет ерік процесінде маңызды рөл атқарады, ол арқылы әрекет жүзеге асады. Бірақ адам мінез-құлқындағы ниеттің рөлі мұнымен шектелмейді. Онымен ерік еркіндігі мен әкекеттерді таңдау тікелей байланысты болады.

Адамның мінез-құлқы әрқашан да еркін және таңдаулы болады. Егер де адам ынталану әрекеті деген принциппен қылық көрсетіп, әрекет ететін болса, онда ниеттену проблемасының ешқандай да мәні болмас еді. Атап айтқанда таңдаулылық, яғни объективтік мән-жайларға байланысты мүмкіндік өзінің тілек етулеріне сәйкес өзінің мінез-құлқын анықтайды және мінез-құлықты дәлелдеу проблемасын бірінші кезекке қояды. Екінші жағынан, мінез-құлықтың дәлелденуі - ерік білдірудің аса маңызды шарты.

Жалпы алғанда мінез-құлықты және атап айтқанда құқыққа қарсы мінез-құлықты таңдап алушылықтың шекарасы екі ұдай факторлармен: объективтік және субъективтік факторлармен, ортамен және жеке адаммен, сыртқы мән-жайлармен және ішкі жағдайлармен анықталады. Және де осы факторлар бір-бірімен қоса-қабат, оқшау әрекет етпейді, қайта өзара әрекетте әрі өзара шартты түрде қатысады.

Мінез-құлықты таңдап алушылық дегеніміз еркіндіктің пайда болуының нысаны, демек, оның ерекшілігі олардың нақты мазмұнындағы еркіндік пен қажеттілік ара қатынасының диалектикасына байланысты болады.

Еркіндік пен қажеттілік диалектикалық түсінігі тұрғысынан алғанда адам нақты болмыстың талаптарына, қоғамның даму заңдылықтарына сәйкес қажеттілікті ұғына отырып, өзінің әрекеттерінің қоғамдық мәнін түсіне, істі біле отырып қаншалықты әрекет ететін болса, адамның әрекеті де соншалықты еркін болады. Өзінің мінез-құлқын білімсіздікке, кездейсоқ мән-жайларға негіздейтін адам еркін әрекет жасай алмайды. «Надан ерікті болмайды, - деп жазды Гегель, - өйткені одан жоғары және сырт тұрған әлем қарсы тұрады, ол соған тәуелді болады, және де осы әлемді өзі үшін жаратқан жоқ, сондықтан да онда өз үйіндегідей өзін сөзіне алмайды».

Диалектикалық-материалистік тұрғыда гносеологиялық аспект еркіндіктің болуын шектей алмайды. Еркіндік жеке адамның ізденімпаздық бастауын, серпінді мазмұнын білдіруге тиіс. Ізгілік пен қаскүнемдікті ұғыну жет кіліксіз болады, олардың арасынан таңдау жасау мүмкіндігіне ие болу керек. Еркіндік мейлінше әр түрлі нысандарда көрінуі, оның әр алуан мазмұны болуы мүмкін. Оның нысандары олардың нақты көріністеріндегі объективтік және субъективтік жағдайлардың ара қатынасымен анықталады. Біздің зерттеуіміздің мөселесіне қатысты, яғни қылмыстық заңда ол адамның еркін білдіре алатын және ол үшін мейлінше қалайтын мінез-құлықты таңдап алудың объективтік мән-жайлармен байланысты мүмкіндігі ретінде қатысады. Бірдей емес шешімнің, әр алуан ерік білдірудің мүмкіндігіне жол беретін объективтік жағдайлар қаншалықты болса, мінез-құлықты таңдап алу мен оның дәлелденуі соншалықты болады. Егер объективтік жағдайлар мінез-құлықтың баламалы түрде қалыптасуын жоққа шығаратын болса, онда адамның құқыққа қарсы жасаған әрекеті үшін жауапкершілік туралы мәселе мәнінен айрылады. Мінез-құлықтың баламасынан тыс ерік те, еркіндік те, жауапкершілік те бола алмайды. Адам ерік білдіру бостандығынан айыратын дене күші, зорлық және басқа да жағдайлардың әсерімен, жасаған әрекеттері үшін жауапты бола алмайды.

Объективтік жағдайлар ерік білдіруді, заңды мінез-құлықты елеулі түрде шектеуі мүмкін. Ал бұл жағдайды қылмыстың ниетін сипаттау көзінде, адам жасаған қоғамдық қауіпті әрекеттерді бағалау көзінде ескермеуге болмайды. Қылмыстық құқықта бұл жағдайға кінәні, қылмыстық жауапкершілікті анықтаған және жазаны қолданған кезде зор маңыз беріледі. Ал бұл мән-жай аса қажеттілік институтын анықтаудың, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін көптеген мән-жайлардың сипаттамасы негізіне жатады.

Мінез-құлықты таңдауға объективтік мән-жайлардың әсері шешуші дәрежеде осы мән-жайлардың адам мінез - құлқының жалпы бағдарына қаншалықты сәйкес болуына, олардың қаншалықты қайшылықты болуына және ерік білдіру еркіндігін шектеуіне байланысты болады. Жағдай неғұрлым мейлінше қайшылықты, әр түрлі шешімнің мүмкіндігіне жол беретін мән-жайлар неғұрлым көп болған сайын, мінез-құлықты таңдау соғұрлым күрделірек, қоғамдық-қауіпті әрекеттер себептілігінде кездейсоқтық соғұрлым көбірек маңыз алады. Кейбір жағдайларда объективтік мән-жайлар белгілі бір дәрежеде ниетті және мінез-құлықты таңдауды «телуі» мүмкін. Қылмыстық құқықта кенеттен пайда болатын күшті жан күйзелісі күйінде, қажетті қорғану шектерінен асып кету және басқа реттер көзінде жасалатын қылмыстардың мейлінше айқын көрініс беретін жағдайлары осыларды мезеттейді.

Алайда объективтік жағадйлар, сыртқы орта қалай болғанда да айқын көрінбесін және қандай да қайшылықты сипатқа ие болмасын, олар өздігінен субъективтік жағдайларсыз адамның мінез-құлқын ешқашан да анықтай алмайды. Өзара себептілік байланыстылық - бұл қызметті жүзеге асыру барысындағы объективтік және субъективтік жағдайлардың өзара әрекетінің екіұдай процессі. Еркін мінез-құлықтың шегі елеулі дәрежеде жеке адамның субъективтік жағдайларына, жеке-дара қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты болады. Сыртқы мән-жайлар мінез-құлықты біржақты анықтамайды. Адам мінез-құлықты ерікті түрде таңдап алады, соның өзінде объективтік мүмкіндіктерін, сондай-ақ өзінің жеке пиғылына қарай лайықтап таңдап алады. «Мән-жайлар мен ниеттер адамның өзі осыған жол беруіне қарай адамға ұстемдік етеді». Атап айтқанда еркін мінез-құлық шекараларының ұлғаюы немесе тарылуы, осы талаптармен қайшылықтарда болатын адамның мораль мен құқықтың талаптарын немесе өзінің жеке ұмтылыстарын ұстануы осы субъективтік жағдайларға байланысты болады. Бұл тұрғысында мінез-құлық ниеттерінің елеулі рөлі болады. Бұдан бұрын атап көрсеткендй, әрбір адамның өмірі мен қызметі процесінде өзінің жеке басына тән, әдетте өзінің мінез-құлқын бағындыратын қажеттіліктердің, елігулері мен мүдделерінің өзіндік жүйесі қалыптасады. Олардың қоғамға жат мінез-құлқын өзгертудегі маңызы бірдей болмайды. Адам қайсыбір қажеттіліктер мен мүдделерін шексіз дамытуы, оларға басқа, өзі үшін мәні кемшін елігулерге қалыптан тыс ұлғаю сипатъш беруі мүмкін: сөз жоқ, қалыптан тыс ұлғаймалы қажеттіліктер мен мүдделер басқа қажеттіліктер мен мүдделерге өктемдік жасайтын және тиісті объективтік жағдайларда қылықты таңдауда шешуші рөл атақаратын болады. Біз өмірде қажеттіліктері мен мүдделерінің жүйесі, олардың күштері мен жеке басының маңызы бірдей болатын екі адамды таба алмаймыз. Сондықтан нақты адам мінез-құлқындағы ниеттің рөлін бағалаған кезде белгілі бір пиғыл етулердің тек сипатын ғана емес, сонымен бірге негізінен олардың жеке адамның ниеттілік құрылымында атқаратын рөлін де ойға алуымыз керек.

Кез келген іс-әрекетте, оның ішінде қылмыс жасаған кезде адам тек қана қандай да бір ниетті ойға алмайды. Әдетте мінез-құлықты таңдау көптеген ниет етулермен, және де олары әр түрлі жоспар мен деңгейде, имандылық-әдептік бағалау тұрғысында бірдей емес және жеке адам үшін бірдей емес маңызы болатын пиғылдармен қоса жүреді. Осы психологиялық күрделі процестің барысында «жақтайтынын да» және «қарсыларын да» салыстыру жүріп жатады және ниет анықталады, осы ниеттің пайдасына әрекет етуге шешім қабылданады.

Адамның қайсыбір елігуі қаншалықты күшті көрінгенмен де, олар оның мінез-құлқын біржақты анықтай алмайды. Тіпті осы елігулері инстинкт (түйсіну) (мысалы, жыныстық елігу) сипатын алған күнде де, олар сана мен еріктен тыс әрекет жасамайды.

Адамның мінез-құлқын таңдап алуы оның бойында қалыптасқан мінезі мен күшін ғана емес, сонымен бірге бірінші кезекте мінез-құлықтың жеке бағдарламасына, еріктің қасиеттері мен ерекшеліктеріне, әсерлі сезім жай-күйіне, сондай-ақ басқа да жеке-дара белгілеріне байланысты болады. Адамның мінез-құлқында сана мен еріктің маңызы ерекше.

Мінез-құлық нұсқаларын таңдаумен байланысты ерік процесі тек ниет етулердің себептерін ұғынуды ғана емес, сонымен бірге масатты, яғни адам ұмтылатын тікелей нәтижелерді түсінуді, сондай-ақ оның мінез-құлқын туғызатын басқа да салдарларын ұғынуды көздейді. Мінез-құлық қоғамдық қатынастардың жүйесінде орнығатындақтан, бұл процесте әрекеттің әлеуметтік мәні мен әлеуметтік маңыздылығын ұғынуы, атап айтқанда осы мінез-құлықтың құқықтық және имандылық ұстанымдармен қаншалықты үйлесуін, оның айыптауға тұратын мінез-құлық екенін, ол басқа адамдардың мүдделерін бұзатынын және т. т. мойындауы бірінші кезекті маңызға ие болады. Әңгіме жалпы құқық бұзушылықтар, атап айтқанда қоғамдық қауіпті әрекеттер туралы болса, онда жасалған қылмыстың әлеуметтік мәні сипаттамасында жасалған әрекеттердің бейморалдығы мен заңға қарсы сипатының себептік байланыстылығы зор маңызға ие болады.

Құқықты білу, сөз жоқ, заңды түрдегі таңдау мүмкіндігін айтарлықтай жеңілдетеді. Заң - баршаға тиісті оң мінез-құлықтың жинағы. Ол қоғамдық дамудың мүдделерін білдіреді, қоғам өмір сүруінің белгілі бір кезеңінде қоғам алдында тұрған мңндеттерді шешуге жәрдемдеседі. Ал, егер адам заң талаптарын ұғынатын болса және ұғына, осы талаптарды ұстана отырып әрекет жасайтын болса, онда біз ол заңды мінез-құлықты еркін таңдай алады, мәселенің қоғамдық мәні қажеттілігін түсіне отырып, істі біліп әрекет етеді деп айта аламыз.

Алайда құқықты білу оны сақтау мен орындаудың кепілі бола алмайды. Сот тәжірибесі көрсеткендей, қылмыс, әсіресе ауыр қылмыс жасайтын адамдар, әдетте, өздері жасайтын әрекеттерінің қоғамдық қауіпі мен құқыққа қарсы екенін ұғынады. Алайда бұл жағдай олардың мінез-құлқындағы тежеуші факторлар болып табылмайды. Бұл арада, сірә, жалпы құқықты білуі емес, сонымен бірге құқыққа әлеуметтік құндылық ретінде көзқарас, атап айтқанда, осы көзқарас жеке адамның ішкі дүниесіне, оның мінез-құлқының өмірлік бағдарламасына енуі, парыз парқын ұғынуы маңызды болады. Осыған байланысты біз құқықтық тәрбиедегі кемшіліктің себептік байлыстылық маңызын артық көретін криминалистердің айқындамаларымен келісе қоймаймыз. Сананың құқықтық залалдығы, құқықтық шалағайлық қылмыс жасаудың шешуші факторлары ретінде танылады. Соған қарамастан қылмыс жасаған адам әрекетін құқықтық бағалауға қатысты бейхабар болуы негізінен психологиялық қорғанудың өзіндік нысаны болып табылады.

Бұл фактордың маңызы кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы істерде арта түседі, мұның өзі жасөспірімдердің санасын және еркін дамытумен байланысты болады, алайда бұл жағдайда да аталған фактордың рөлі әдетте тым асыра көрсетіледі. Кәмелетке толмағандар негізінен қылмыстардың үш тобын жасайды: олар- мүліктік (ұрлық, тонау, қарақшылық), жеке адамға қарсы қылмыс пен бұзақылық. Жалпы қағида бойынша, қылмыстық жасқа жеткен кәмелетке толмаған адам осы әрекеттердің қоғамдық қауіпі мен заңға қарсы сипатын ұғынады. Құқық талаптарын білу немесе білмеудің өзінде себептік байланыстылықтың үлкен маңызы болмайды, ол қылмыстар жасау жағдайларының бірі ретінде қатысуы мүмкін. Соңғысы, алайда құқықтық тәрбиенің алдын алудың және оны ескертудің әсері болмайды деген сөз емес. Құқықтық тәрбиенің міндеті, егер адам заң талаптарымен жанжалға түскен болса, осы кезде болатын қолайсыз салдарларды көрсетуге келіп саймайды. Оның негізгі мақсаты- қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі құқықтың әлеуметтік құндылығын көрсету. Сондықтан жалпы тәрбие ісінде және атап айтқанда құқықтык тәрбиеде үлгіге емес, қайта міндеттің түріне бағдар ұстау керек.

Қоғамдық қауіпті әрекет жасайтын адамдар тарапынан құқықтық талаптарға келеңсіз көзқарас негізінен имандылық-әдептік сананың залалдығына, моралдық құндылықтар мен бағалауларды теріс түсінуге байланысты болады.

Демократиялық және құқықтық қоғам жағдайларында имандылықтың іштей күрт ыдырауының себебі болатын қарама-қайшылықтар жоқ. Қоғамда имандылық-әдептік талаптар барлық халық үшін ортақ болып табылады. Осы моралдық-әдептік талаптардың жалпыға ортақтығы мораль мен құқықтың бірлігіне байланысты. Бірақ та имандылықтың белгілі ыдырауының сақталуы мүмкін: жекелеген адамдардың және тіпті адамдар тобының моралдық көзқарасы қоғамда ұстем болатын идеялармен, моральдық талаптармен үйлес келмеуі мүмкін.

Осы алшақтықтың аса айқын көрінісі қоғамдық қауіпті әрекеттер жасайтын адамдардың мінез-құлықтарында пайда болады. Мысальі, құқық бұзушы кәмелетке толмағандар арасында кеңінен тараған теріс бағытттағы топтар арасында жолдастықты, достықты, қаһармандықты, ерлікті, рұқсат етілген мен рұқсат етілмегенді, тәртіптілік пен адалдықты және т. т. теріс ұғыну жиі ретте орын алып келеді. Осы санаттарды ұғынудағы ауытқулар бірнеше рет сотталғандар, рецидивистер (қайталап қылмыс жасағандар) арасында бұдан да көбірек ұшырасады. Әлбетте, бұл жеке адамның дамуына, оның бойында еліктеулердің, жеке басының ұстанымдарының, еркінің қалыптасуына әсер етпей қоймайды. Бұл жағдай, өз кезегінде, жасалған әрекетті құқықтық және имандылық бағалаудағы алшақтыққа да себебін тигізеді. Сөйтіп, имандылық-әдептік тәрбиедегі залалдықтың құқықтық залалдыққа қарағанда мейлінше елеулі салдарлары болады, өйткені ол жеке адамның және оның мінез-құлқының қалыптасуына барынша тікелей ықпал етеді.

Жоғарыда былай деп көрсетілді: кез келген мінез-құлық сияқты қоғамдық қауіпті әрекет объективтік және субъективтік факторлардың, жеке адамның және ортаның, табиғат пен әлеуметтіәк ортаның күрделі өзара әрекеттерінің нөтижесі ретінде қатысады. Бұл орайда мынаны атап көрсету маңызды: бұл өзара әрекет тек нақты мінез-құлық деңгейінде ғана емес, сонымен бірге жеке адамның қалыптасу деңгейінде де жүзеге асырылады. Және де криминологиядық тұрғыда объективтік және субъективтік, биологиялық және әлеуметтік өзара әрекет атап айтқанда жеке адамның қалыптасу деңгейінде аса зор маңызға ие болады. Бұл фактінің қоғамға жат мінез-құлықтың себептерін, сондай-ақ оның табиғатын, сонымен бірге ниеттіліктің әлеуметтік-психологиялық мәнін түсіну үшін үлкен методологиялық маңызы бар.

Қоғамдық болмыс жағдайларында қылмыс жасауға итермелеудің басты негізгі себептер жоқ. . Тұрмыстағы, экономикадағы, санадағы, күнделікті өмірдегі орын алатын қайшылықтар қоғамға жат мінез-құлықтың анықтаушы рөлін қаншалықты атқаратын болса, олар жеке адаммен, осы қайшылықтардың көрінісі болып табылатын оның ерекшеліктерімен соншалықты өзара әрекет етеді. Басқаша айтқанда, ниеттер мен міңез-құлық нысандарын таңдап алуда объективтік мән-жайлар емес, қайта жеке адамның өзі, оның жеке-дара қасиеттері мен ерекшеліктері шешуші фактор болады. Жеке адам қоғамда орын алған қайшылықтар диалектикасын өзінше білдіреді. Тіпті сыртқы мән-жайлардың өзі жеке адамға ұстемдік ететін жағдайларда, осы мән-жайлар (мысалы, жәбірленушінің кенеттен пайда болатын, заңға қарсы әрекеттерімен туындайтын күшті жан күйзелісі күйінде) жеке адамға «телінеді» тіпті осы жағдайлардың өзінде жеке адамның ерекшеліктерінің мінез-құлықты таңдап алуда шешуші маңызы болады.


Үшінші тарау ҚЫЛМЫСТЫҢ НИЕТІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСКЕРДІҢ ТҰЛҒАСЫ

§ 1. Жеке тұлғаның әлеуметтік және биологиялық жәйттары және оның мінез-құлық пен байланысы

Ниет жеке адаммен және оның ерекшеліктерімен, елігулерімен және мүдделерімен тікелей байланысты болады. Адам қандай болса, оның ниеттері де сондай деп айтуға болады. Ниеттерде адамның қандай да бір жеке белгісі емес, қайта белгілі бір мағынада адамның бүкіл болмысы, оған тән сипатты қасиеттері мен ерекшеліктері көрінеді. Сондықтан адамның қайсыбір ниетке неліктен артықшылық беретінін. оның неліктен қайсыбір жағдайларда бір ниет етуді, басқа жағдайларда өзгеше ниет етулерді таңдап алатынын, жалпы ниеттілік процесінің қалай жүретінін және осы процесте жеке адам ерекшеліктерінің қандай рөл атқаратынын түсіну үшін - жеке адамды зерттемей тұрып, оның бүкіл мән-мазмұны мен құрылымы мәселесін шешуге болмайды.

Жеке тұлға - әлеуметтік, нақты тарихи ұғым және осы мағынасында таптық, өзеріп тұратын ұғым. Жалпы тұлға деген жоқ, қайта нақты әлеуметтік жағдайларымен анықталатын шын мәніндегі жеке тұлға бар. «Адамның мәні дегеніміз, -деп жазды К. Маркс, - жекелеген дара адамға тән абстракт емес, өзінің шын мәнінде ол - барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Жеке тұлғаны маркстік түсінік тұрғысынан бағалауға, оның ой-мақсаттары мен қылықтарын анықтауға мәні жағынан, нақты-тарихи тұрғыдан, жеке адамнның қоғамдағы, мемлекеттегі жағдайын белгілейтін жағдайларды ескере отырып келу керек. .

Жеке тұлға оның ой-мақсаттары мен қылықтары нақты тұрмыспен анықталады. Адам өзінің алдына белгілі бір мақсатқа сәйкес келмейтін әрекеттер мен мән-жайларды ойлап табатыны сияқты нақты болмыстағы негізі жоқ мақсаттарды қоя алмайды. Осы бір жәйттың адам мінез-құлқының себептері мен мақсаттарын ұғыну үшін бірінші дәрежелі маңызы бар.

Жеке адамды және оның мінез-құлқын анықтауды жадағай, атап айтқанда жеке адамға, оның себептері мен қылықтарына сыртқы жағдайлардың тікелей әсер етуі мағынасында ғана ұғынбаған жөн.

К. Маркстің Фейербах туралы алтыншы тезисінде айтылған негізгі идея қоғамдық қатынастардың жеке адамның ішкі ойлау дүниесіне жатуына келіп саяды. Әрбір жеке адам оның құрылымына жататын қоғамдық қатынастардың сипаты тұрғысынан жеке-дара, өзіндік болмысында және қайталанбайтын тұлға болады. Біз екі адамның өмірінен өзінің қоғамдық борышын, жауапкершілік сезімін, әділеттілікті бүтіндей бір деп ұғынатын адамды таба алмаған болар едік. Атап айтқанда жеке адамның ішкі құрылымына жататын қоғамдық қатынастардың ерекшелігі оған сипатты әлеуметтік мән, серпінділік пен ерекше қайталанбайтын сипат береді.

Әлеуметтік себептілік байланыстылық процесінде жеке адам объект ретінде де, субъект ретінде де қатысады. Адам - әлеуметтік ортаның өнімі, сонымен бірге - жеке адамның дамуының, оның қажеттіліктері, елігулері мен мүдделері қалыптасуының негізі.

Жеке адамның проблемасы мен мінез-құлқының себептілік байланыстылығы, егер де жеке адам мен оның мінез-құлқы тек болмыстың болуымен, ол өмір сүріп әрекет етуіне тура келетін қоғамдық қатынастар жүйесімен ғана анқталатын болса, онда соншалықты күрделі болып табылмас та еді. Жеке адам тек қазіргі ғана емес, сонымен бірге өткендегі жағдайлармен де байланысты болады. Әрбір жаңа ұрпақ өзінен бұрынғы ұрпақтардың тәжірибесінде тәрбиеленеді, үздіксіз тарихи процесс осымен де анықталады. «Ұрпақтардың ауысуы дегеніміз, - дейді Гегель, - мәңгіліктің тынысы». Бұдан бұрынғы ұрпақтардың тәжірибесі болмаса, адамның ілгерілеуі де болмас еді.

Дағдылар, дәстүрлер, ескінің сақыншақтары нақты болмыспен өзара әрекетте бола отырып, жеке адамның қалыптасуы мен оның мінез-құлқына орасан зор ықпал етеді. Әсіресе бұл адамның психикасында, ниеттердің, атап айтқанда қылмыстық маңызы бар, мысалы, пайдакүнемдік, кекшілдік, қызғаншақтық және басқа да негіздердегі қылмыстар ниеттерінің мазмұны мен сипатынан айқын көрінеді.

Жеке тұлға тек өткендегі өзінде бар жағдайлармен және тәжірибемен ғана емес, сонымен бірге болашақтағы жағдайлармен және тәжірибемен де қалыптасады. Қылық қазіргіні ұғынуды, сондай-ақ болашақты болжай алуды да білдіреді. Бұл қағиданың жеке адамды түсінуде және оның мінез-құлқын негіздеуде де қағидатты маңызы бар. Өкінішке қарай, ол жеке адамның қылмыстық мінездемесінде және мінез-құлықтың қоғамға жат себептерін түсіндіруде барлық уақытта ескеріле бермейді.

Жеке тұлға әлеуметтік жағдайлармен, сондай-ақ биологиялық мәнімен де анықталады. Жеке адамның бойындағы әлеуметтік және биологиялық жағдайлардың ара қатынасы туралы және мінез-құлықтың анықтамасы туралы мәселенің адамның мінез-құлқы мен оның табиғатын дәлелдеу сипаттамасы үшін қағидатты маңызы бар. Бұл қылмыскердің жеке мінездемесіндегі және қоғамға жат мінез-құлық себептерін түсінудегі ең қиын мәселелердің бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық ниет ұғымы
Кәмелетке толмағаңдардың қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері
Жыныстық қылмыстар
Қылмыскер тұлғасының ұғымы
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түрлері
Қылмыскердің жеке тұлғасы
Кінә дәрежесі ұғымын зерттеу
Қылмыстың түсінігі және белгілері
Криминология пәнінен контактік дәрістер
Қылмыстылық және оның негізгі сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz