Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І ОНОМАСТИКА ЖҮЙЕСІНІҢ ЗЕТТЕУ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 2 ОНОМАСТИКАНЫҢ СИПАТЫ

1. 3 ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІКТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ

1. 4 ҰЛТ ТАНЫМЫНЫҢ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕР ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ТІЛДІК КӨРІНІСІ

ІІ ЭТНОМӘДЕНИ КЕҢІСТІКТІҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 ТОПОНИМДІК АҚПАРАТ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

2. 2 ТОПОНИМДІК КЕҢІСТІКТІҢ МӘДЕНИ ҚҰРЫЛЫМЫ

2. 3 ТОПОНИМДІК АТАЛЫМНЫҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК СИПАТЫ

2. 4 ҚАЗАҚ ТОПОНИМИЯСЫНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қазақ ономастикасының алғашқы даму кезеңінде қазақ тіліндегі жалқы есімдер тілдік тұрғыдан зерттеліп, қазақ онимдерінің этимологиясы, лексика-семантикалық топтары, мағынасы, топонимикалық жүйелердің регионалдық ерекшеліктері айқындалды. Қазіргі кезеңдегі тіл білімі ғылымының дамуы антропоцентристік бағытта жүргізіліп жатқан зерттеулермен сипатталады.

Антропоцентристік парадигма тілді санамен байланысты қарастырады: тілдік таным процестеріне, тілдік тұлғаға, яғни тілді адам арқылы анықтауға осы бағыт басты назар аударады. Этностың ұлттық таным әлемін өз бойына сіңірген қазақ тіліндегі жалқы есімдерді жаңа ғылыми парадигмаға сәйкес зерттеу қазақ ономастикасының алдына соны мақсаттар, міндеттер, маңызды ұғымдар мен зерттеу тәсілдерін қойып, ономастиканың бұрын соңды болмаған метатілдік теориялық негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әлемді тіл арқылы танудағы жалқы есімдердің орны мен маңызын ескерсек, ономастикалық тілдік бірліктердің ментальді-когнитивтік сипаттарын айқындай қазақ тіл білімінің қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Ұлттық мәдениеттегі, жалпы лингвофилософиядағы, тілдегі адам феномені ХХІ ғ. тек лингвистер мен өзге де гуманитарлық ғылымдар өкілдерінің үлесінде қалмай, өнер, жаратылыстану ғылымдары, информатика т. б. көптеген пәндер тоғысында зерттелуде. Адамның биологиялық түр ретінде антропологиялық, нәсілдік, мәдени, интеллектілік, сана, таным, ойлау, қоршаған ортаны түйсіну ерекшеліктері, тілі, діні, іс-әрекеттері, бүкіл тыныс-тіршілігін жүйелі, жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін когнитивтік ғылым, қазіргі кезде жетекші орынды иемденді деуге болады. Әлемдік ғылым дамуының қазіргі кезеңінде қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар саласы кешенді сипатта өрбуде. Заманауи технологиялардың жеделдете дамуы да адамзат тарихындағы бұрынғы парадигмалармен салыстырғанда жаңа жоғары сападағы әдіс-тәсілдердің, жан-жақты кешенділіктің қажеттілігін туындатады. Адамзат танымының көкжиегі кеңейе түсіп монопәндік аядағы зерттеулер көптеген өзге ғылымдардың зерттеу инструментарийлері мен дерек-ақпараттарын қолдану интеграциялану арқылы пәнаралық, полипәндік сипатқа ие болып отыр. Сондықтан қазіргі кезеңнің ғылыми терминологиялық аппаратында пәнаралық, полипәндік, кешенділік ұғымдары өзекті позицияға ие.

Әлемдік және отандық лингвистиканың қазіргі кезеңде жаңаша антропоцентристік парадигмада зерттелуі ономастикалық материалдың кешенді сипатта, пәнаралық байланыста қарастырылу қажеттілігін растап қана қоймай, күшейтіп, күрделендіре түсетіндігінің куәсі болып отырмыз. Осымен байланысты, ономастиканы, оның ішінде топонимиканы когнитивтік аспектіде қарастыру жаңа мүмкіндіктермен тың деректерге жол ашады. Бұл, өз кезегінде, топонимикадағы бұрынғы теориялық парадигманың осы күнге дейін қол жеткізілген табыстарын жоққа шығармай, оны жаңа ғылыми парадигмада толықтыра, жетілдіре түседі.

Когнитивтік лингвистиканың түпкі мақсаты - адам санасының тереңде жатқан менталдық құрылымдарды зерттеу, салыстыру, интерпретациялау арқылы тілдік, лингвокогнитологиялық заңдылықтарды көрсетіп қана қоймай, ұлтқа, адамзатқа тән адами құндылықтар жүйесін айқындау. Нәтижесінде ұлттың, адамзаттың биологиялық түр болып, ұлт болып сақталып қалу үшін тек адами құндылықтарды айқындап тізбектеу үшін ғана емес, оның ар жағында қоғамдық, тұлғааралық қатынастарды, халықтар, ұлттар арасындағы қатынастарды үйлесімді ету, гуманизациялау, өзара түсіністік тудыру, рухани, мәдени интеграциялауға қол жеткізілмек.

Топонимдік жүйенің онтологиялық болмысын оның менталды табиғатынан бөлек қарастыруға болмайды, өйткені онтологиялық болмыс менталдық жүйе арқылы іске асады, біз оның онтологиялық қалпын қатар танып жатамыз. Тіл онтологиясы (тіл, тілдік жүйе, мәтін, сөйлеу әрекеті) барлығы да бірден нәтиже, себеп болып табылатын менталдық болмыспен тұтас күйде болады. Когнитивтік талдаудың сүйенетін басты негізі топонимдердің адамның тілдік санасында репрезенттелуі, миымен қабылданып, санада өңделуі.

Алайда қазақ ономастикасында жаңа бағыт бойынша атқарылған жұмыстар ұлттық ономастиканың лингвокогнитивтік, психолингвистикалық, этнокогнитивтік проблемаларын толық шешіп берді деуге ертерек. Топонимдік бірліктерді ұлттық когнитивтік базаның өзегінен орын алатын аксиологиялық-танымдық маңызы зор элемент ретінде қарастыру, осымен байланысты халықтың топонимдік білімдерін репрезенттеу проблемалары кешенді полипәндік тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ ономастикасында онимдік бірліктердің прецеденттілік сипаты, мәдени кодтар арқылы репрезенттелу проблемалары, аталым теориясы, оның ішінде метафоралық аталым проблемалары ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерделене қоймағандығынан туындайды. Қазіргі қазақ тіл білімінде аталым теориясында аталым механизмі, аталым негізіндегі тілдік, когнитивтік механизмдер қабылдау, категориялау, субкатегориялау, яғни ақиқат болмыстың жеке фрагменттерін бір-бірімен салыстыру, сәйкесетін нақты аталым белгісін таңдап, таңбалаумен аяқталатын процедуралық ойшаралармен түсіндіріліп келеді. Сол аталым үдерісі қабылдаудан бұрын, қабылдау сәтінде, одан кейінгі - психоменталды деңгейде, нейролингвистикалық деңгейде қалай өтеді, когнитивтік әрекеттердің сипаты қандай, олар қандай тізбек құрайды - деген сауалдарға жауап іздеу қажеттілігі де жұмысымыздың өзектілігін айқындай түседі. Қазақ ономастикасында метафоралық номинация проблемасының әлі күнге қолға алынбай келе жатқандығы да диссертациялық зерттеудің негізгі проблемалары санатынан орын алады. Сонымен қатар бұрын қолға алынбаған ономастикалық, оның ішінде ұлттық топонимдік концептінің когнитивтік құрылымын модельдеу мәселесі, ұлттық топонимикон мен ұлттық сананың шарттылығы, өзара байланысының мәдени парадигмада қарастырылып келуі, алайда топонимдік бірліктер мен деректердің этнобірегейлік, ұлттық бірегейлік маркерлері, оларды айқындаушы тілдік таңба ретінде осы жұмыс шеңберінде алғаш рет проблема ретінде қойылуы Зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түседі.

Қазақ ономастикасы тарихындағы екінші кезеңде жалқы есімдердің этнолингвистикалық, лингвомәдени сипаттары, көркем мәтіндердегі қызметі, кумулятивтік функциялары зерделене бастады. Бүгінгі таңда қарқындап дамып келе жатқан когнитивтік лингвистика тұрғысынан қазақ онимиясын бағамдай келсек, жалқы есімдердің тек тілдік сипаттарын қарастыру жеткіліксіз болып көрінеді. Жалқы есімдердің бойындағы рухани және материалдық мәдениетті ұлттың танымдық тәжірибесімен сабақтастыра отырып, ментальді-когнитивтік түрде таңбаланғанын қарастырумен ерекшеленеді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, ұлттық мүддеге негізделген таным мен түсінікті жеке ономастикалық бірліктер арқылы айшықтап суреттейтін дүниенің тілдік бейнесін кең когнитивтік арнада, тұтастықта зертеудің мәні зор. Қазақ тіліндегі ономастикалық жүйе тілдік құрылым ретінде өзіне тән концептуалдық жүйеге де сәйкес келеді. Осындай сәйкестікке орай қоршаған болмысты ментальді түрде сипаттайтын ономастикалық концептілер «тіл-сана-ұлт» ауқымында жинақталған таным тәжірибесін мейлінше нақтылайды.

Қазақ жалқы есімдерінің табиғатын, сипатын, қызметін «тіл-сана-ұлт» үштік тұтастықта жан-жақты қарастыру бүгінгі таңда қазақ ономастикасының өзекті мәселесі болып саналады, себебі қазақ этносының танымдық, когнитивтік болмысы қазақ ономастикасының материалдары негізінде әлі зерттелмеген. Мәдени, рухани мәнділік пен құндылыққа ие жалқы есімдерді қазақ этносының ішкі және айнала қоршаған болмысы туралы ғасырдан ғасырға жинақталған білім тәжірибелерінің, қоры ретінде арнайы зерттеу аса қажет деп тілеміз. Когнитивтік лингвистика мен лингвоканцептология арналарында қарастырылған жалық есімдер ұлттық рухани әлемді суреттейтін, терең мағыналық этномәдени мазмұнға ие мәдениет кеңістігінің ерекше құрылымы екеін көрсету, сондай-ақ диссертацияда қарастырылатын мәселелер мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес келетіндігі тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеу нысаны. Қазақ топонимдері мен жалқы есімдерінің халықтық географиялық атауларда, аңыздарда, батырлық эпостарда, көркем шығармалардағы тілдік көріністері, халық танымында орын алған ментальді-когнитивтік, концептілік құрылымдарына сәйкес тілдік көріністері. Ұлттық топонимдік кеңістікті құрылымдайтын концептілер мен тілдік бірліктер алынды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындаушы құрылымдар ретіндегі орнын анықтау, ұлттық когнитивтік базадағы және оның өзегіндегі құрылымдық элементі - топонимдік кеңістіктегі қазақ халқының жер-су атаулары жөніндегі білімдері мен түсініктерін жүйелеу.

Осы мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді: Зерттеуге тиянақ болатын теориялық, әдістемелік қағидалардщы айқындау және негіздеу; ономастикалық тілдік бірліктердің когнитивтік, лингвомәдени, семиотикалық аспектілерін көрсету, ономастикалық концептілердің негізгі ерекшеліктерін анықтау, қазақ ономастикалық концептілер жиынтығындағы ономастикалық бірліктерге сипаттама жасау;

Ономастикалық конецептілердің лингвомәдени, әлеуметтік таңбалар ретінде семиотикалық қасиеттеріне назар аудару, қазақ топонимдерінің мәдениетаралық қарым-қатынас жасау барысында ішкі таным (репрезентация) ерекшеліктерін айқындау, дүниенің ономастикалық бейнесіндегі фрагменттер түрінде берілген антропонимиялық, топонимиялық, мифонимиялық көріністерді нақты дәйектеу, қазақ ономастикалық концептілердегі көшпелі, отырықшы мәдениет типтерінің көрінісіне этномәдени сипаттама беру.

Қазақ топонимдерінің топонимиялық аңыздарда, фольклорда, көркем мәтіндердегі қолданылу ерекшеліктері негізінде жүйесін зерттеу, ұлттық топонимдік кеңістіктің категориалды аймақтарын, идеографиялық мазмұнын айқындау, топонимдік ақпараттардың жіктемесін жасау, қазақ тіліндегі топонимдік бірліктерді ұлттық мәдени кодтың репрезентанттары ретінде қарастыру, ұлттық онимдердің прецеденттілік деңгейлерін, негізгі айырымдық белгілерін айқындау, топонимдік номинацияның лингвокогнитивтік негіздері мен психолингвистикалық механизмдерін анықтау, қазақ топонимдеріндегі түр-түс атрибуттарының терминдік атаулармен тіркесу жиілігін және репрезенттелу ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеудің ғылымилығы мен жаңашылдығы. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер алғаш рет когнитивтік лингвистика мен лингвоконцептология тұрғысынан арнайы зерттелді, ономастикалық концептіге когнитивтік категория ретінде сипаттама берілді, қазақ оноастикалық концептілік өрісінің құрылымы мен сипаты айқындалды, қазақ жалқы есімдерін концептілік жүйе түріндегі зерттеудің когнитивтік, лингвомәдени, семиотикалық аспектілері қарастырылды, ономастикалық концептілердің лингвомәдени, таңбалық қасиеттеріне байланысты түрлі ментальді қабаттары анықталды.

Зерттеу барысында когнитивтік ономастика теориясының негіздеріне қатысты теориялық тұжырымдар жасалды, зерттеудің барысы мен нәтижесі ретінде когнитивтік ономастиканы дәйектеп дәлелдейтін ономастикалық лингвоконцептология негіздері анықталды, ғылыми негізде тұжырымдалды.

Ұлттық топонимдік кеңістіктегі атаулар когнитивтік базаның халықтың топонимдік білімдер жүйесін құраушы, сақтаушы, таратушы элементі ретінде кешенді сипатта қарастырылды, қазақ ономастикасында топонимдік ақпарат түрлерінің жіктемесі жасалды, қазақ онимдік атауларының прецеденттілік мәртебесі, олардың тілдік, танымдық әлеуетін білдіретін параметрлер мен белгілер айқындалды.

Қазақ тілі топонимиконы мен ұлттық сана байланысы атаулар жүйесінің ұлттық бірегейлік көрсеткіші ретінде қарастырылды, отаршылдық, тоталитарлық мазмұндағы топонимдерде орын алған бұрмалаулардың түрлі тілдік деңгейлердегі фонетикалық бұрмалаулар, орфографиялық бұрмалаулар, семантикалық ауытқуға әкелетін бұрмалаулар, сөзжасамдық бұрмалаулар типтері сипатталды.

Зерттеу материалдары. Қазақ жалқы есімдерінің когнитивтік, лингвомәдени, семиотикалық аспектілерін ономастикалық лингво-концептология мен когнитивтік ономастика арналарында қарастыру үшін ақын-жыраулардың шығармаларынан, ауыз әдебиеті үлгілерінен, қазақ шежірелерінен, қазақ халық композиторлары әндерінен, көркем әдебиеттерден, Мемлекеттік ономастикалық комиссияның құжаттары мен шешімдерінен, мерзімді баспасөзден, ғылыми дереккөздерде жиі қолданылатын жалқы мен жалпы атауларға қатысты тілдік деректер пайдаланылды. Зерттеу барысында негізгі дереккөздер ретінде ең алдымен, лингвистикалық деректемелер алынды. Лингвистикалық, топонимдік, энциклопедиялық сөздіктер, анықтамалықтар мен ғылыми-көпшілік әдебиеттер, фразеологиялық сөздіктер, Қазақ әдеби тілінің сөздігі, Қазақ тілінің сөздігі. Сонымен қатар тарихи дерекнамалар, анықтамалықтары пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Қазақ тіліндегі ономастикалық жүйе осы зерттеуде қазақ когнитивтік ономастикасы мен ономастикалық лингвоконцептология арналарынада зерделеніп, соған сәйкес теорилық тұжырымдар жасалды. Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар когнитивтік лингвистика, жалпы лингвоконцептология, салыстырмалы лингвоконцептология, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, ономастикалық семиотика ғылыми пәндерінің нысанасындағы өзекті мәселелерді айқындауға және теориялық тұрғыдан ары қарай дамытуға жәрдемін тигізеді. Соның нәтижесінде қазақ топонимдерінің қолданыстық және әлеуметтік маңыздылығы сөйлеушілердің тілдік санасы мен этнотілдік қауымның әлеуметтік-тарихи танымы арқылы зерделенеді.

Қазақ тіл білімінің жалпы аталым теориясын, оның ішінде ономастикалық, метафоралық аталым теориясының әрі қарай қалыптасуына, дамуына, ғылыми-эмпирикалық базасының кеңеюіне өз дәрежесінде ықпал ете алады. Лингвокогнитивтік, лингвоконцептуалдық зерттеулердің метааспектологиясы мен ұлттық концепті құрылымын модельдеудің әдістемесін жетілдіре түсуге өзіндік үлесін қосады. Алынған нәтижелер келешекте қазақ тіл білімінде лингвоконцептология, этнокогнитология, лингвогеография т. б. сынды жаңадан бедерлене бастаған салалардың теориялық негіздерін айқындауға септігін тигізеді.

Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді ұлттық топонимдік концептосфераны құрылымдауда және ұлттық мәдени кеңістіктің базалық концептуарийін жасауда қолдануға болады. Зерттеу жұмысының негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдарын жоғары оқу орындарында когнитивтік ономастика, когнитивтік лингвистика, аталым теориясы, психолингвистика, биолингвистика салаларынан дәрістер оқуда, арнайы семинарлар мен курстар жүргізуде, оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда пайдалануға болады. Зерттеудің нәтижелері, теориялық тұжырымдары мен қағидалары қазақ ономастикасы жөніндегі зерттеулерде жаңа деңгейдегі пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді. Зерттеу тұжырымдары мен нәтижелерін жаңа ғылыми пән - когнитивтік ономастика мен ономастикалық теориялық және практикалық мәселелерін әрі қарай зерттеуде, оқытуда монографиялар, жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарын дайындауда, сонымен бірге ономастика, топонимика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, әлеуметтік лингвистика пәндері бойынша өткізілетін арнайы курстар мен семинарларда қолдануға болады.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында таза лингвистикалық зерттеу әдістерімен қатар өзге ғылымдардың зерттеу тәсілдері де қолданылды, олар: сипаттама жасау, жүйелеп салғастыру, түйіндеу, жіктеу, концептілік талдау, компоненттік талдау әдістері. Сонымен бірге концептінің когнитивтік матрицасын модельдеу барысында концепт фреймдеріндегі топонимдік, мәдени ақпараттар мен деректерді мәтінді талдау әдіс-тәсілдері, статистикалық-жиілік әдістері қолданылды.

Зерттеуде қолданылған сипаттама жасау, жүйелеу, бақылау, салғастыру, түйіндеу, жіктеу, талдау әдістері, талданатын материалдың когнитивтік - лингвистикалық, , , семиотикалық сипаттамалар беруге көмектесті.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы . Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен нәтижелері бойынша «Қазақ ономастикасын зерттеудің жаңа бағыттары мен ерекшеліктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Тараз, 2011ж) мақала жарық көрді.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Когнитивтік ономастика тұрғысынан зерттеліп отырған қазақ жалқы есімдерінде ұлттың ұжымдық тәжірибесі, дүниетанымы, шаруашылығы, тіршілігі, рухани және материалдық мәдениеті ономастикалық концептілер түрінде жинақталды.

Тілдік сананың лингвоментальді құрылымы ретінде тілдік жүйеде объективтендіріліп, жалқы есімдер қалпында вербалданады, қазақ тіліндегі жалқы есімдер дүниенің тілдік бейнесінде лингвомәдени бірліктер ретін де ұлттың мәдени ерекшеліктерін, мәнділіктерін, құндылықтарын айқындайды. Қазақ онимдері тіл мен мәдениеттің өзара байланысын; көшпелі, отырықшы мәдениет типтерінің көрінісін лингвоментальді (ономастикалық концептілер) кеңістігінде таңбалайды.

Қазақ онимдері өздерінің кумулятивтік қызметі негізінде суггестиялық сипатта өзекті мәдени концептілердің ментальді құрылымдарын құрайды. Ономастикалық концептілер өз кезегінде дүниенің ұлттық ономастикалық бейнесін сомдайды. Жалқы есімдер өздерінің таңбалық қасиетінің негізінде өз бойына этномәдени ақпараттарды жинақтаған лингвомәдени таңба, ал кейбір онимдердің әлеуметтік ақпарлары ментальді құрылымдарына сіңіп әлеуметтік таңба ретінде танылады.

Қазақ ұлттық таным кеңістігінде концептілер жиынтығы шеңберінде этномәдени мазмұнды «адам», «табиғат», «кеңістік», «жануар», «өсімдік» сынды іргелі концептілер және солардан өрбіген түртұрпаттық «әйел», «еркек», «мерген», «батыр», «тазша», «кенже бала», «су», «жер», «тау», «бәйтерек», «жайылым» т. б. концептілер жіктеледі. Ономастикалық концептілік өрісте басқа да көптеген концептілер арқылы дүниенің ономастикалық бейнесі өз көрінісін табады. Кеңестік ономастикалық концептінің түрлі ментальді қабаттары тілдік сананың белгілі бір көріністерін, дүниенің тілдік бейнесін сипаттайтын қазақ халқының тіршілігі, дүниетанымы, рухани әлеміне қатысты топонимдер арқылы беріледі.

Жалқы есімдердің семиотикалық, яғни таңбалық табиғатына байланысты «жануар» концептісінің түрлі деңгейлеріндегі лингвоментальді құрылымдар этнологиялық, тілдік, мифологиялық аспектілерде өз көріністерін сақтаған, дүниенің ономастикалық ұлттық бейнесі - ономастикалық концептілердің жүйелі де кешенді жиынтығы және ұлт танымының жалқы есімдер деңгейіндегі тілдік көрінісі болып табылады. Тілдік көркем мәтіндердегі ономастикалық концептілердің қолданысы, вербалдануы мәтіннің дискурстық сипаттарына байлансты және дискурсты құрылымдайтын маңызды құрал болып табылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы . Жұмыс кіріспе, 2 тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ОНОМАСТИКА ЖҮЙЕСІНІҢ ЗЕТТЕУ АСПЕКТІЛЕРІ

Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары қорғалған, ономастиканы жаңа антропоцентристік парадигмада зерттеу, аталым теориясының негіздерін зерделеуге қатысты мынадай еңбектерді атауға болады: Г. Б. Мадиеваның «Имя собственное в контексте познания» (2005), Б. М. Тілеубердиевтің «Қазақ ономастикасының негіздері» (2006), Қ. Ж. Айдарбекованың «Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық аспектісі» (2009) атты докторлық диссертациялары. Бұл жұмыстарда қазақ ономастикасы мен терминологиялық аталым теориясының бірқатар іргелі проблемалары қарастырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Г. Мадиева Қазақстан ономастикалық ғылымында қалыптасқан ғылыми-теориялық пайымдауларды жүйелеп, реттестіріп, зерттеу аспектілеріне жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, зерттеуші алғашқы болып қазіргі ономастикалық жүйенің метадиалектісі мен концептуалды-терминологиялық аппаратын, қазіргі Қазақстанның ономастикалық кеңістігіндегі онимдік бірліктерді леммалау проблемасын алғаш рет зерделеп, жүйелеп, тереңдете қарастыру арқылы, бірқатар тың теориялық нәтижелерге қол жеткізді.

Б. Тілеубердиев қазақ жалқы есімдерінің номинативтік қызметіндегі аспектілерді, жалқы есімдердің семиотикалық қырларын қарастырып, ономастикалық концептіні «кеңістік», «адам», «жан-жануарлар», «өсімдіктер» сынды әмбебап концептілер құрылымында қарастырып, олардың концептуалдану ерекшеліктерін айқындап берді. Сондай-ақ зерттеуші өз жұмысында алғаш рет ғаламның ұлттық ономастикалық бейнесін мифонимиялық, антропонимиялық, топонимиялық тұрғыдан сипаттап, белгілеп, бедерлеп берді деуге болады.

Ономастикалық бірліктер аса күрделі тілдік таңба болғандықтан оларды дәстүрлі тілдік зерттеу тұрғысынан ғана қарастыру жеткіліксіз болады, себебі жалқы есімдердің мазмұны көптеген сыртқы факторлармен байланысты болып келеді де адам санасында тілдік және тілдік емес білімдер жүйесін құрайды: ұлттың, халықтың тәжірибесін, қоғамдағы адамдардың бір-бірімен байланысын, шаруашылығын, рухани, материалдық мәдениетін т. б. концептілік білім кешенінде өз бойына жинақтайды. Сол себепті жалқы есімдер антропоцентристік бағытта қарқындап дамып келе жатқан когнитивтік лингвистиканың жаңа саласы ретіндегі когнитивтік ономастика, ономастикалық лингвоконцептология арнасында зерттелуі тиіс.

1. 1 КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАДАҒЫ ДҮНИЕНІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ

Әлемдік және отандық тіл білімінің қазіргі таңдағы дамуы лингвистикалық зерттеулердің антропоцентристік бағытталуымен сипатталады, тілді ішкі жүйелік талдаудан антропоцентристік талдауға көшу ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы тіл білімінің есте қаларлықтай ерекшеліктерінің бірі болып табылады, өйткені тілдік құбылыстарды зерттеуде лингвистика адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы дыбыс, сөз құрамы және грамматикалық тәсіл жүйесімен шектеліп қала алмайды.

В. А. Маслованың пікірінше: «Абай және тіл» когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселесіне айналып отыр. «Когнитивтік лингвистика лингвистикалық зерттеулердің шеңберін кеңейте түсетін қазіргі антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды» [1, 9] .

Антропоцентристік парагдима өз шеңберінде этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология тәрізді жаңа бағыттарға жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы 2зерттеулер ең алдымен қабылдау (восприятие), ойлау (мышление), тіл (язык), есте сақтау (память), әрекет ету (действие) тәрізді адамның когнитивтік құрылымына ерекше мән беріп, ден қоя бастады.

Когнитивтік лингвистика - адамның танымы мен білімі, дүниені қабылдау және ұғыну механизмі туралы ғылым. Когнитивизм - адамның ойлау әрекетін тереңінен танытатын, трансформациялауда маңызды рөл атқаратын таңбалар жүйесі ретінде қарастырылатын лингвистикалқ бағыт» [2, 53] .

Когнитивтік лингвистика когнитивтік құрылымдарды қарастырумен қатар адам санасында тілдік және тілдік емес ақпараттарды игеру, өңдеу, қолдану тәрізді әрекетттердің жүзеге асуын қарастырады. Сондай-ақ тілдік таңба арқылы қодқа салынған ақпараттарды ашу немес ақпараттарды кодқа салу тәрізді әрекеттер когнитивтік лингвистиканың құзыретіне жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемнің тілдік бейнесі – ағылшын және қазақ антропонимдерінде
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Ономастика
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Қазақ антропонимдерін зерттеудегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
Қазақ эпостарының лингвомәдениеттанымдық, лингвокогнитивтік тұрғыда зерттелу жайттары
Балалар әдебиеті тілінің когнитивтік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz