Мұғалімдердің кәсіптік бағытын қалыптастыру мәселелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

А.Батырова
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІПТІК БАҒЫТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

В данной статье рассматриваются современные проблемы профессиональной
подготовки учителей.

The modern problems of teachers’ professional training are considered
in the article.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген
жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы жалпы және кәсіби білім беретін
мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар педагогикалық үрдіске жүйелі
өзгерістер енгізеді. Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары күрделеніп, оқу
ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары және
педагогикалық әсер етудің объектісі - оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы
факторлардың барлығы мұғалімнің педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін
жоғарылатады. Оқу үрдісі жаңаруының басты шарты – кез келген педагогикалық
жүйенің тұлғасы болып табылатын мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін
арттыру.
Педагог-мамандар белгілі бір пән мұғалімі ретінде ғана танылмай, ол
қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырушы, үлкенді-кішілі ұжым басқарушысы, оқу-
тәрбие ісін жетілдіруші, қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар тұлға деп
қаралғаны жөн.
Осы тұрғыдан қарағанда педагог тек бала жетектеуші ғана емес, педагог-
гуманистік сапа кешенін түзетін өнер иесі. Ал ондай сапаның болмауы кәсіби
іс-әрекеттің тиімді орындалуын болдыра алмайды. Мұндай сапаларға педагогтің
кері адамгершілік тұрпаты, жоғары теориялық және әлеуметтік ойлау қабілеті,
өмірге оң көзқарасы, адамдардың гуманистік қуатына сенімі жатады. Осы
мағынада педагог рухани азамат болуы тиіс [1].
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы –
оның кәсіби шеберлігі мен білімінің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Қазіргі педагогтардың жұмыстарында мұғалімдерді кәсіби даярлау үрдісінің
психологиялық-педагогикалық негіздері, педагогикалық мамандықтың мәні,
ерекшеліктері, функциялары, мұғалім әрекетінің профессиограммасы
зерттеледі.
Мұғалімдерге кәсіптік бағыт берудің теориялық негізін жасап, оның
ерекшелігін айқындау үшін танысып, талдаған педагогикалық еңбектердің және
жоғары білім беруге арналған оқу жоспарларының мазмұнын тұжырымдау
барысында байқағанымыз, мұғалімдер дайындауға қойылатын талап негізінен
мамандық бойынша оқытылатын пәндердің мазмұнын меңгеруге бағытталады. Әрбір
жеке пәндердің әдістемесін меңгеру арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі
артады.
Сондықтан да маман даярлау мәселесіне кешенді қарау ұсынылады. Болашақ
маман әр жеке пәннің әдістемесін ғана емес, бүкіл педагогикалық жүйенің
мақсатын, міндетін, мазмұнын, негізін, түрін, оқытудың жаңа әдістерін және
тәрбие жүйесін біртұтас қабылдап меңгеруге тиіс. Педагогикалық үрдісте
мұғалімнің іс-әрекеті мен кәсіби шеберлігіне бағыт беру сабақтастықта
жүзеге асатын жағдайда ғана болашақ мамандарды өз дәрежесінде дайындау
жүзеге аспақ [2].
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі мұғалімдердің кәсіби шеберлігі
мәселесін күрделендіріп отыр. Өйткені дәл қазіргі таңда оқушылардың жалпы
және рухани мәдениетін мұғалім анықтайды. Көптеген шығарылымдарда
педагогикалық шеберлікке берілетін анықтама бойынша мұғалім өз жағынан
балаларды сүюге, тәрбиелеу және білім беруін барлық уақытта жоғары деңгейде
жаңалап отыруға тиіс. Педагог - өз ісінің шебері. Бұл дегеніміз жоғары
мәдениетті, өз пәнін терең білетін, өзіне тиісті ғылым және мәдениет
салаларымен жақсы таныс, психологиялық мәселелерін тәжірибелік түрде
талдай білетін, тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін терең меңгерген маман.
Осылайша, педагогикалық шеберліктің маңыздылығын кәсіби әрекеттерді
ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуші жекелік қасиеттердің
жиынтығы деп көрсетеді. Бұл қасиеттерге оқытушы әрекетінің гуманистік
бағытталуы, кәсіби білімі, педагогикалық ерекшеліктері және педагогикалық
техникасы жатады.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі – маманның соңғы қол жеткізетін
дайындық деңгейі. Ол өмірлік тәжірибелер негізінде қалыптасып жүзеге
асырылатын үрдіс.

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

Батырова А. Мұғалімдердің кәсіптік бағытын қалыптастыру мәселелері

Мұғалім мамандарын дайындауда, ең алдымен қойылатын талап – мектеп
бітірушінің мамандық түріне қызығушылығының, ынта-ықыласының болуы. Бұл әрі
шарт ретінде қарастырылуы тиіс. Себебі, жоғары оқу орындарын бітірген
болашақ педагогтар өз мамандық сапасы бойынша қызмет етпей басқа салаға
ауысуы көптеп орын алады. Сол себепті де мектеп қабырғасынан бастап
педагогикалық қызметке кәсіптік бағдар жұмыстарының жүргізілуі, кәсіптік
жарамдылықты, үйлесімділікті анықтауға бағдарланған жұмыстардың
ұйымдастырылуы үлкен мәселе.
Мұғалімнің кәсіби білімі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің кәсіптік бейімделудің психологиялық ерекшеліктері
Инновациялық педагогикалық әлеуетті дамыту
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
Педагогика пәнінен дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Болашақ Мұғалімдердің Оқу-Тәрбие Үдерісінде Ізгілік Қасиеттерін Қалыптастыру
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
Бағдарлама төлкұжаты
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Пәндер