Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты



ЖОСПАР

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Инвестицияның мән.мағынасы, түрлері және қайнар көздері ... ... .5
1.2 Инвестициялық саясатты тиімді жүргізудің экономикалық маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
КЛИМАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2.1 Елiмiздiң инвестициялық жағдайы, мәселелерi және шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Шетелдік инвестициялар, оларды тиімді пайдалану саясаты (мұнай өнеркәсібі негізінде) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
КIРIСПЕ

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Тарихта қандай мемлекет болмасын бүгінгі таңда халықаралық инвестициялық істесуге барады және шетелдік инвестицияларды тартуға ынталы болып келеді. Өйткені экономикалық заңдылық бойынша өздігімен тұйықталған экономика ешқашан тиімді экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайды.
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Осындай бәсекеге қабiлеттi ұлттық тұрақты экономиканы қалыптастырудың негiзi экономиканың тиiмдi саясаттар мен стратегияларды жүргiзiп, оны iске асыруына байланысты. Осы экономикалық саясаттардың iшiнде инвестициялық саясатының орны айтарлықтай болып табылады. Өйткенi негiзгi капиталды инвестициялауда қаржылық және өнеркәсiптiк корпорациялар, инвестициялық және осының негiзiнде өндiрiске тiкелей инвестиция тартуды жүзеге асырады. Ал өз кезегiнде инвестиция экономиканың тиiмдi дамуының қайнар көзi болып табылады. Сонымен қатар, экономикадағы инвестицияларды ұтымды пайдалану, оларды өнеркәсiптiң өңдеушi саласына тартуда, отандық инвестициялардың көлемiн арттыруда, шетелге инвестиция шығаруда отандық корпорациялардың инвестициялық саясатының маңыздылығы жоғары екендiгi белгiлi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгiнгi таңда елiмiз үшiн маңызды болып отырған “Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi еліміз өз инвестициялық саясатын тиiмдi жүргiзiп оны экономикада iске асыра бiлсе, онда елiмiз алдағы уақытта экономиканың шикiзат бағытынан қол үзiп, дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсер едi.
Қазақстан Республикасының инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғасырдың әлеуметтiк – экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi. Ал осы инновациялы өндiрiстi дамыту үшiн ең бiрiншi инвестициялық қолдау көрсету қажеттiгi туындайды.

Осылайша мен, курстық жұмысты орындау барысында алдыма келесiдей мақсаттар мен мiндеттер ұсынамын:
• Инвестицияның экономикалық мәнiн және оның экономиканың тиiмдi дамуындағы қажеттiлiгiн аанықтау;
• Инвестициялық саясаттың iске асу заңдылықтарын және оған әсер ететiн факторларды қарастыру;
• Осы инвестициялық саясатты iске асырудағы корпорациялырдың инвестициялық iс-әрекетiнiң маңыздылығын көрсету;
• Шетелдік инвестицияларды ұлттық экономикада тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажеттіліктері.
• Қазақстандағы қазіргі инвестициялық жағдайдың мәселелері мен даму барысына тоқталу;
• Елiмiздiң мұнай және газ саласы бойынша қызмет етiп отырған корпорациялардың инвестициялық саясатының қажет болып отырған негiзгi бағыттарын ұсыну болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Шарп У. Александр Г. Бейли Дж. Инвестиции – М: Инфра, 1998 г.
2. Оспанов М.Т. Иностранный капитал и инвестиции. – Алматы: 1997 г.
3. Хусанов Б.Д. Прямые иностранные инвестиции: глобальные и региональные тенденции 90-х годов. // Известия. Серия обественных наук, 2003, №3.
4. С.И. Шушкина «Инвестиционный проектирование» практические руководства по обоснованию инвест. проект – Москва, - 1995 г.
5. Экономика: Учебник / Под ред. А.С.Булатова. – М., 1995, гл. 12.
6. Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общей ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. - М., 1997.
7. Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург – 2001г.
8. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
9. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – СПб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
10. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
11. Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында”. Қазақстан халқына Жолдауы, Алматы: атамұра, 2005. – 48бет.
12. Статистический ежегодник. Алматы. – 2006г. №5.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. Инвестицияның мән-мағынасы, түрлері және қайнар көздері ... ... .5
2. Инвестициялық саясатты тиімді жүргізудің экономикалық маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .7

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
КЛИМАТЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..13

1. Елiмiздiң инвестициялық жағдайы, мәселелерi және шешу
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 13
2. Шетелдік инвестициялар, оларды тиімді пайдалану саясаты (мұнай
өнеркәсібі негізінде)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .20

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

КIРIСПЕ

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай
отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға
тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған
жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық,
әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына
Жолдауында ерекше атап өттi.
Тарихта қандай мемлекет болмасын бүгінгі таңда халықаралық
инвестициялық істесуге барады және шетелдік инвестицияларды тартуға ынталы
болып келеді. Өйткені экономикалық заңдылық бойынша өздігімен тұйықталған
экономика ешқашан тиімді экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайды.
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай
отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға
тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған
жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық,
әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына
Жолдауында ерекше атап өттi.
Осындай бәсекеге қабiлеттi ұлттық тұрақты экономиканы қалыптастырудың
негiзi экономиканың тиiмдi саясаттар мен стратегияларды жүргiзiп, оны iске
асыруына байланысты. Осы экономикалық саясаттардың iшiнде инвестициялық
саясатының орны айтарлықтай болып табылады. Өйткенi негiзгi капиталды
инвестициялауда қаржылық және өнеркәсiптiк корпорациялар, инвестициялық
және осының негiзiнде өндiрiске тiкелей инвестиция тартуды жүзеге асырады.
Ал өз кезегiнде инвестиция экономиканың тиiмдi дамуының қайнар көзi болып
табылады. Сонымен қатар, экономикадағы инвестицияларды ұтымды пайдалану,
оларды өнеркәсiптiң өңдеушi саласына тартуда, отандық инвестициялардың
көлемiн арттыруда, шетелге инвестиция шығаруда отандық корпорациялардың
инвестициялық саясатының маңыздылығы жоғары екендiгi белгiлi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгiнгi таңда елiмiз үшiн
маңызды болып отырған “Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты” деп
алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi еліміз өз инвестициялық саясатын тиiмдi
жүргiзiп оны экономикада iске асыра бiлсе, онда елiмiз алдағы уақытта
экономиканың шикiзат бағытынан қол үзiп, дамудың индустриялы-инновациялы
жолына түсер едi.
Қазақстан Республикасының инновациялық мәселелерге қызығуы XXI
ғасырдың әлеуметтiк – экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық
дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни
өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық
қызмет ең қажеттiсi. Ал осы инновациялы өндiрiстi дамыту үшiн ең бiрiншi
инвестициялық қолдау көрсету қажеттiгi туындайды.

Осылайша мен, курстық жұмысты орындау барысында алдыма келесiдей
мақсаттар мен мiндеттер ұсынамын:
• Инвестицияның экономикалық мәнiн және оның экономиканың тиiмдi
дамуындағы қажеттiлiгiн аанықтау;
• Инвестициялық саясаттың iске асу заңдылықтарын және оған әсер ететiн
факторларды қарастыру;
• Осы инвестициялық саясатты iске асырудағы корпорациялырдың
инвестициялық iс-әрекетiнiң маңыздылығын көрсету;
• Шетелдік инвестицияларды ұлттық экономикада тиімді пайдалануды
қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажеттіліктері.
• Қазақстандағы қазіргі инвестициялық жағдайдың мәселелері мен даму
барысына тоқталу;
• Елiмiздiң мұнай және газ саласы бойынша қызмет етiп отырған
корпорациялардың инвестициялық саясатының қажет болып отырған негiзгi
бағыттарын ұсыну болып табылады.

I ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛI

1.1 Инвестицияның мән-мағынасы, түрлері және қайнар көздері

Инвестиция дегенiмiз табыс табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметке
салынған мүлiктiк және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрi.
Инвестициялық қызметтiң негiзгi мақсаты кәсiпкерлiк табыс табыс пен пайыз
алу болып табылады.
Инвестицияның экономиканың тиімді және тұрақты дамуындағы маңыздылығы
жоғары. Инвестиция негізінде бос капиталдардың, мемлекеттік қаржылардың
және шетелтік капиталдардың экономикалық шаруашылықтың қаржыға мұқтаж болып
отырған салаларға капитал ағымдары орын алады. Бұл әсіресе ұлттық маңызы
бар өнеркәсіп және өндіріс түрлерін дамыту үшін қажетті. Сонымен қатар
инвестициялық саясат жүргізуде шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану,
оларды активті инвестицияларға бағыттау мәселесінің орны ерекше.
Жалпы коммерциялық практикада инвестицияның келесi үш түрiн көрсетуге
болады:
• Физикалық активтегi инвестициялар;
• Ақшалай активтегi инвестициялар;
• Материалдық емес активтегi инвестициялар.
Бағалы қағаздар арқылы жүргiзiлетiн инвестицияларды портфельдi
инвестициялар деп атайды. Қаржылық инвестицияларға – акционерлiк
кәсiпорындар немесе мемлекет шығарған акциялар, облигациялар және басқа да
бағалы қағаздар, банктiк депозиттерге салымдар жатады.
Ал физикалық активтегi инвестициялар нақты инвестициялар болып
табылады. Нақты инвестициялар бұл өндiрiстiк капиталға ( құрылыс, машина
және құрал-жабдықтар, ақпарат тарту, байланыс) салынған капиталдық
салымдар. Бұлардың барлығы экономикада қозғалмайтын мүлiктермен байланысты.

Сыртқы инвестициялар тiкелей және портфельдi болып бөлiнедi. Тiкелей
немесе тура инвестициялар кәсiпорынды басқаруға қатысуға құқықтар бередi,
ал портфельдi инвестицияларда мұндай құқықтар болмайды.
Инвестициялар сондай-ақ пассивтi және активтi инвестициялар болып
бөлiнедi:
Пассивтi инвестициялар - кәсiпорынның ескiрген құрылғыларын жаңарту
және қызметкерлер мен жұмысшыларды даярлау мақсатында жұмсалатын
инвестициялар.
Активтi инвестициялар – кәсiпорынның бәсеке қабiлеттiлiгiн,
технологиялық деңгейін, инновациялық жаңашылдықтарға, осы заманғы талаптар
мен стандарттарға сай негізде арттыру мақсатында салынған инвестициялар.
Инвестициялық жобалау – бұл техникалық комплекстегi документтердi
талдау, яғни техника-экономикалық негiздегi ( сызбалар, түсiндiрме
жазбалар, инвестициялық жобаның және т.б. материалдардың бизнес-планы).
Инвестициялық жобалаудың негiзгi бөлiгi инвестициялық жобаның құнын
анықтайтын смета құру болып табылады. Кәсiпорын жобасы техникалық,
құрылыстық және экономикалық бөлiмдерден тұрады.
Инвестиция объектiлерi болып жаңа инновациялық өнiм немесе қызмет
түрiн өндiруге бағытталған құрылыс орындары, техникалық қайта жабдықталушы
және өндiрiс көлемiн кеңейтушi кәсiпорындар, ғимараттар, негiзгi қорлар
жатады. Инвестиция объектiлерi жобаның көлемiне қарай келесiдей
ерекшеленуi мүмкiн: коммерциялық, әлеуеттiк, экономикалық, мемлекеттiк
маңызы бар салалар, инновациялық және т.б. Сондай-ақ циклдық сипатына қарай
өнiмдi өндiруге толық қатысу немесе жекелеген жобалық-конструкторлық
жұмыстарға қатысу.
Инвестиция – экономикалық стратегияның маңызды элементі. Өйткені
қазіргі экономика жүйесін дамыту кезеңінде ішкі қаржылындыру көздерінің
мүмкіндіктері жетіспеуде, сондықтан да сыртқы капиталды тарту және оны
тиімді пайдалану мәселелері өте маңызды орын алуда.
Жалпы экономикада инвестиция қалыптасуының негізгі қайнар көздеріне
келесі қаржылар мен капиталдарды жатқызуға болады:
• Экономикадағы бос қаражаттар;
• Ұлттық банк немесе екінші деңгейдегі банктердің шығарған қарыз
түріндегі бағалы қағаздары;
• Кәсіпорындардың акция шығару арқылы қаржы тартуы;
• Мемлекеттен арнайы берілетін немесе жеңілдікті инвестициялар;
• Халықтың әр түрлі салымдары;
• Банктердің ұзақ мерзімді несиелері;
• Шетелдік инвестициялар.
Тікелей шетел инвестициялары қазіргі уақытта жаһанданып жатқан
экономиканың өндірістік негізі – халықаралық өндіріс жүйесін дамыту.
Халықаралық инвестициялаудың әлемнің жалпы дамуындағы маңыздылығы оның
капиталдардың жинақталған елдерден осы капиталға мұқтаж болып елдерге
ағылуы болып табылады. Ал осының нәтижесінде әлемдік қоғамның тұрақты әрі
біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі.
Әлемде салымдарының көлемі бойынша ең ірі 100 трансұлттық компаниялар
өндірісі дамыған елдерде орналасып, олардың шетелдерге инвестиция
салымдарының көлемі 1,4 трлн доллардай бағаланып отыр. Осы аталған
компаниялар негізінен АҚШ, Жапония, Германия және Оңтүстік Корея елдері
жатады. Осы компаниялардың стратегиясы тікелей шетел инвестицияларының өсе
түсуін мақсат етеді. Әлемдегі осы алашқы 100 компанияның үлесі 42%-ды
құрайды. Бұл трансұлттық компаниялардың негізгі бөлігі экономикасы дамыған
елдерге тәуелді, ал дамушы елден шыққан трансұлттық компаниялар Оңтүстік
Кореяның Дэу, Сингапурдың Крейтив технолджи (компютерлік мультимедиялық
рыноктың 60%-ын құрайды) компаниялары жатады.
Соңғы 10-20 жылда шетелдік инвестициялардың басым бөлігі қазіргі жаңа
индустриялы елдер аталып кеткен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне бағытталды.
Осындай шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану және оларға қолайлы орта
қалыптастыруда шетелдік инвестициялардың алатын орны ерекше болды. Жоғарыда
атап өткен қазіргі шетелге инвестиция шығарушы елдер қатарына кіріп отырған
Оңтүстік Корея Республикасының өзі кезінде ұлттық экономикасын шетелдік
инвестициялар арқылы дамытқан болатын. 1992 жылы осы аталған елдер қатарына
кіретін Қытай ең көп шетел инвестицияларын қабылдаушы ел болды. Осының
негізінде Азиялық инвестициялық бумға Қытай экономикасы үлкен әсер етті.

1.2 Инвестициялық саясатты тиімді жүргізудің экономикалық маңыздылығы

Инвестициялық саясат және инвестициялық жоба ұғымдапы тікелей
байланысты:
• Бiрiншi – белгiлi бiр нәтижелерге жету мақсатында және қандай да бiр
қызметтi iске асыруға бағытталған iс-шаралар, әрекеттер жиынтығы;
• Екiншi – қандай да бiр қызметтi iске асыруға негiзделген ұйымдық-
құқықтық және қаржы-есептiк документтер жүйесi.
Жобаны әзiрлеудiң және iске асырудың кезеңдерi:
• Инвестициялық ойды қалыптастыру;
• Инвестициялық мүмкiншiлiктердi зерттеу мен талдау;
• Құрылыстың, реконструкцияның, объектiнiң техникалық қайта
жабдықталуының техника-экономикалық негiздемесi;
• Келiсiм-шарт документтерiн дайындау;
• Жобалық документтердi дайындау;
• Құрылыстық-монтаждық жұмыстар;
• Объектiнi эксплуатациялау, экономикалық көрсеткiштерге талдау жүргiзу.
Инвестициялық ойды қалыптастыру келесi жағдайларды қарастырады:
• Ойды таңдау және алдын-ала дәлелдеу;
• Техникалық шешiмнiң инновациялық, патенттiк және экологиялық талдауы (
техника объектiлерi, ресурстар, қызметтер ), яғни жобаны iске асыруға
кедергi болатын ұйымдардың жағдайын ескеру;
• Сертификациялық қажеттiлiктердiң орындалуын мiндеттi түрде тексеру;
• Инвестициялық идеяның ұлттық, аймақтық және салалық басымдықтарын
алдын-ала көрсету;
• Жобаны iске асыруға мүмкiншiлiгi бар кәсiпорынды, ұйымды алдын-ала
iрiктеу;
• Реципиенттiң ақпараттық меморандумын дайындау.
Әлемдік тәжірибеде кәсіпорынның дамуының негізін бизнес-жоспар құрап
және ол кәсіпорынның жобалық дамуын көрсетеді. Егер жоба инвестициялық
қатынастарға байланысты болса, онда бұндай жоба инвестициялық жобалар деп
аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жаңа жобасы қаржы көздерін
шоғырландырумен байланысты болады.
Экономикада жобалардың екі түрі болады:
• Тактикалық;
• Стратегиялық;
Тактикалық жобалар әдетте шығарылған өнім көлемінің өзгеруімен, өнім
сапасының өсуімен, жабдықталудың жаңаруымен байланысты болады.
Стратегиялық жобалар – меншік нысанының өзгеруін немесе өндірістің
түбегейлі өзгеруімен байланысты болады.
Жалпы инвестициялық саясатты іске асырғанда жобалар жобалық кезеңдер
арқылы іске асады. Оларға:
1. Жобаны формулировкалау. Бұл кезеңде кәсіпорынның ағымдағы жағдайы және
дамуының неғұрлым маңызды салаларын талдайды. Бұл таңдаудың негізі
көбінесе бизнес-ойлар түрінде болады. Егер бірнеше тиімді бизнес-ойлар
бар болған кезде, кәсіпорын тиімді шешім қабылдауда келесі кезеңге
өтеді;
2. Жобаны дайындау. Бұл кезеңде нақты шешім қабылдау үшін жобаны барлық
жағынан: коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық,
институционалдық талдау қажет. Бұл кезеңде маңызды шара болып жобаның
жекелеген есептерін шешуге қажетті ақпараттарды табу және жинақтау;
3. Жобаны экспертизиялау. Жобаны іске асырудан бұрынғы оны жүйеленген
сынақтан өткізу инвестициялық жобаның өміршеңдігінің кепілі болып
саналады. Егер жоба стратегиялық инвестициялар арқылы қаржыланған
болса, онда инвестордың өзі жобаға экспертиза жүргізеді. Ол сынақты
консалтингтік фирмалар арқылы жасауы мүмкін.
4. Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-ойдың нақты дамып, іске асуымен
сипатталады. Мұнда кәсіпорынның инвестициялық жобасының нақты қызмет
етуі жобаны іске асыруға қажетті қызметтер және инвестордың қалауын
қамтамасыз етуді көздейді.
5. Иинестициялық жобаның нәтижесін бағағалау. Бұл кезең инвестициялық
жобаның іске асып, аяқталғанымен көрініс табады. Яғни мұнда
инвестициялық салымдар мен оның нақты орындалғандығының, жалпы
инвестициялық тиімділігін бағалау жүргізіледі.
Инвестициялық саясатта жобалардың түрлері олардың қандай мақсаттарға
байланысты салынып, қызмет етуіне байланысты.
1. Ескірген өндірісті немесе құрал-жабдықтарды жаңартуға бағытталған
инвестициялық жобалар. Масштабы өзгеріссіз деп есептеледі.
Инвестициялық жобаның бұл түрі бойынша күрделі, әрі ұзақ мерзімді
зерттеулерді қажет етеді.
2. Өндірістік технологияны немесе құрылғыларды ауыстыру, яғни ағымдағы
өндірістік шығындарды азайту мақсатында көрінеді.
3. Өндірісті кеңейту немесе қызмет көрсету рыногын кеңейтуге байланысты
инвестициялық жобалар. Ол үшін өте күрделі шешімді және рынокты толық
зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар, өндіріс өсуімен қатар бірге
өсетін шығын мен пайданың өсу үлесін анықтау.
4. Жаңа өнім шығаруға немесе қызмет көрсетуге байланысты инвестициялық
жобалар.
5. Экологиялық сипаттағы жобалар. Инвестициялық жобалауда экологиялық
талдау маңызды элеменгт болып табылады. Егер инвестициялық жоба
экологиялық негізде қызмет етсе, ол қоршаған ортаны ластау арқылы
қосымша шығындарды қажет етеді. Мұнда екі сұрақ туындайды: біріншісі,
бағасы арзан, бірақ қоршаған ортаны ластайтын технологиялармен қызмет
ету; екіншісі, бағасы қымбат және тиімді, экономикалық таза
технологияны қолдану болып табылады.
Инвестициялық саясатты құра бастау мен оны iске асыру мерзiмiн
инвестициялық цикл деп атайды. Инвестициялық цикл үш кезеңнен тұрады:
• Инвестициялауға дейiнгi кезең – алдын ала зерттеулер мен инвестициялық
жобаны қолдануға шешiм қабылдағанға дейiнгi мерзiм;
• Инвестициялық кезең – нақты түрде өндiрiске немесе қызмет көрсету
саласына, құрылысқа инвестиция жұмсау;
• Өндiрiстiк кезең – кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң ұдайы өндiрiс
мерзiм уақыты аралығы.
Осы кезеңдердiң әрқайсысының периодтары мен жекелеген мақсаттары бар.
Инвестициялау алдындағы кезеңде инвестор және инвестиция тартушы
кәсiпорындар алдын ала әр түрлi зерттеулер жүргiзiп, тиiмдi варианттарды
қарастырады. Бұл жағдайды келесi схемадан көруге болады:
Инвестиция объектiлерi болып жаңа инновациялық өнiм немесе қызмет
түрiн өндiруге бағытталған құрылыс орындары, техникалық қайта жабдықталушы
және өндiрiс көлемiн кеңейтушi кәсiпорындар, ғимараттар, негiзгi қорлар
жатады. Инвестиция объектiлерi жобаның көлемiне қарай келесiдей
ерекшеленуi мүмкiн: коммерциялық, әлеуеттiк, экономикалық, мемлекеттiк
маңызы бар салалар, инновациялық және т.б. Сондай-ақ циклдық сипатына қарай
өнiмдi өндiруге толық қатысу немесе жекелеген жобалық-конструкторлық
жұмыстарға қатысу.

Сурет-1 – Инвестициялық саясаттың жүзеге асу кезеңдерi

Сондықтан да инвестициялық саясаттың негiзгi мақсаты болып ғылыми-
техникалық прогрестiң жаңа жетiстiктерiн, техникалық дамудың жаңа
сатыларына алып шығатын және өте тиiмдi өнеркәсiп салаларын зрттеу мен оны
iске асыру болып табылады. Инвестицияның қарқынды мөлшерi әсiресе негiзгi
өндiрiс құрал-жабдықтарының 80% ескiрген, өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi сан-
алуан болып келетiн Қазақстан Республикасы үшiн маңызы ерекше.
Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы
қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Ал ол үшiн даму
жағынан артта қалған және дамушы елдерге тән, шығындық өндiрiске алып
келетiн шикiзаттық экономикадан тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз
ететiн жоғары индустриялы-техникалық өндiрiстi қамтамасыз етiп, бәсекеге
қабiлеттi тауарлар мен қызметтер өндiруiмiз керек. Ол үшiн елiмiз
экономикасына көп мөлшерде инвестиция тартылып және олар тиiмдi салаларға
жұмсалуы тиiс. Ұлттық экономика үшiн тиiмдi болып келетiн өңдеушi салаларға
шетелдiк иныесторлар қаржы салуға ынталы емес, себебi олар үшiн
инвестицияны салып, одан жылдам пайда түсiретiн шикiзаттық өндiрiстер
тиiмдi болып отыр.
Қ.Р-ның Статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды
инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк
инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм
шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң
шикiзатымыз болып отыр. Бүгiнде шетел инвестицияларының 80% шикiзаттық
өндiрiске салынуда.
Инвестициялық стратегия ұзақ мерзiмдi кезеңдегi жоспарланған
инвестициялардың және шетелдік инвестициялардың тұрақты дамуын, оларды
тартудың және шығарудың тиiмдi жолдарын көрсету, жалпы болашақтағы
инвестициялық бағдарларды айқындайды. Ал осы инвестициялық стратегияның
iске асуы үшiн кәсiпорын белгiлi мерзiм аралықтарында және рынок
құрылымының өзгерiсiнде инвестициялық саясаттарды iске асырады. Осы
инвестициялық саясаттарды iске асырғанда келесi қағидаларды ескеру қажет:
• Қарастырылып отырған шараларды экономикалық, ғылыми-техникалық,
экологиялық және әлеуметтiк тиiмдiлiктерiн максималдау;
• Шетелдік капитал салымдарынан түсiп отыратын ұсыныстарды тиiмдi
инвестициялау;
• Пайдалы емес жобаларды iске асырғанда ақша ресурстарын тиiмдi
пайдалану;
• Шетелдік инвестицияның тиiмдiлiгiн арттыруда мемлекеттiк қолдауларды
қажет ету;
• Шетел инвесторларыннан несие және қарыз алуда белгiлi бiр
жеңiлдiктерге ие болу;
• Инвестициялық тәуекелдiлiктердi минималдауды қамтамасыз ету және
инвестициялық ортадағы бәсекелiктi ескеру;
• Шетелдік инвестицияларды сақтандыру және коммерциялық
тәуекелдiлiктерге кепiлдеме берiлу жағдайлары.
Талданған инвестициялық саясаттың жағдайын сипаттағанда инвестициялық
жобаның техника-экономикалық негiздемесiн қалыптастыру болып табылады. Осы
техника-экономикалық негiзiн талдағанда оған барлық акционерлер,
несиелеушiлер және шетелдік инвесторлар қатысады.
Талданған инвестициялық саясаттың жағдайын сипаттағанда инвестициялық
жобаның техника-экономикалық негiздемесiн қалыптастыру болып табылады. Осы
корпорацияның техника-экономикалық негiзiн талдағанда оған барлық
акционерлер, несиелеушiлер және тағы басқа қатысушы тұлғалар қатысады.
Инвестициялық саясаттың негiздемесiн талдағанда келесi iшкi және
сыртқы факторларды ескеру керек:
• өндiрiлетiн өнiмнiң көлемiн, номенклатурасын және сапасын талдау;
• мерзiм бойынша инвестиция негiзiнде iске қосылатын өндiрiстiң жалпы
шығындарын және капитал салымдарын, сондай-ақ осы жобаға балама
жобаларды қатар қарастыру;
• ағымдағы эксплуатациялық шығындар;
• ақысы төленiп, әлi құрылмаған құрылғыларды қолдану тиiмдiлiгi
мүмкiншiлiгiн ескеру;
• негiзгi және материалды емес активтердiң амортизациялық шегерiмдерiн
ескеру;
• корпорацияның есеп саясаты бойынша салық төлемдерiн минималдау
шаралары.
Корпорация инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн ең бiрiншi
корпорацияның инвестициялық шешемiн қабылдайды. Ал өз кезегiнде
корпорацияның инвестициялық шешемi оның қаржылық шешiмiмен тығыз байланыста
болады. Оны келесi суреттерден көре аламыз:

Сурет-2 – Корпорацияның инвестициялық шешiм қабылдауындағы
қарастыратын құралдар
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТЫ

1. Елiмiздiң инвестициялық жағдайы, мәселелерi және шешу жолдары

Қазақстан Республикасының бүгiнгi әлемнiң экономикалық шаруашылығы
күннен-күнге күрделене түскен таңдағы мемлекет ретiндегi орны оның рыноктық
қатынастағы дамушы ел деп танылуы болып табылады. Рыноктық қатынастардың
дамуы ұлттық экономикамыздың елiмiз өз егемендiгiн алғаннан бастап осы
уақытқа дейiн даму үстiнде. Рыноктық қатынастардың тиiмдi қызмет етуi
барлық қоғамдағы шаруашылық қызметтердiң тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз
етiп отырады.
Инвестициялық дағдарыс Қазақстанда Республикасында инвестициялық
қызметтiң дереу тоқталуымен белең алды. 1991-1996 жылдар аралығында негiзгi
капиталға инвестиция тарту тұрақты түрде кемiп отырды. Осы аралықта негiзгi
капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемi 10 есе кемiдi. Осылайша
елiмiзге инвестиция ағымы азаюымен қатар жоғарыда көргенiмiздей
экономикалық өсуде дағдарысқа ұшырады. Жалпы экономикада өндiрiстер
құлдырап, көбiсi банкротқа ұшырады. Сондай-ақ бұрынғы құралдардың жаппай
тозуы басталды. Осының салдарынан әлеуметтiк салада жұмыссыздық күннен-
күнге өсе бастады.
Қазақстан Республикасының егемендігін алған жылдардан кейінгі жаппай
өндірістік құлдырау кезінде еліміз экономикасының инвестицияларға деген
мұқтаждығы өте жоғары болды. Ол жылдары отандық инвестициялардың әлі де
болса тиімді дамымауына байланысты еліміз сол жылдардан бастап елдегі
тиімді ресурстық жағдайларды ескере отырып, шетелдік инвестициялардың
келуіне оңтайлы жағдайлар жасай бастады. Осы кездерде шетелдік
инвестициялардың басым бөлігі шикізаттық салаларға ағыла бастады және
оларға шектен тыс еркіндіктер берілді. Оның зардабын Қазсқатан Республикасы
бүгінгі таңда түсіне бастағанымен, шаралар қолдануға әлсіздік танытып отыр.
Оған мысал ретінде ұлтымыздың шикізат өндіруші басты орындары бей-
берекет, сырапсыз қызмет етуде, сонымен қатар ірі, маңызды кәсіпорындарымыз
Петро Казахстан, КазахМыс шетелдердің қолына оп-оңай өтіп кетуде. Оның
барлығы кезіндегі инвестициялық дағдарысты жылдардың кемшілігінің
зардаптары болып табылады.
Ал басқа шетелдерде шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану және
ұлттық экономиканың жағдайын ескеру, экономикалық қауіпсіздікті бірінші
орынға қояды көре аламыз. Оған мысал ретінде Оңтүстік Корея елінің шетелдік
инвестиция жағдайын атап өтсек болады.
Соғыстан кейiнгi жылдары Оңтүстiк Корея елiнiң табиғи ресурстары
азайып, халықтың өмiр сүруiнiң деңгейi төмендеп, ұшқыр инфляция етек жайып,
ауылшаруашылығы құлдыраған болатын.
Осы тұрақсыздықты шешуде Корей Республикасы экономикалық реформаларды
1962 жылдан бастап 5 жылдық экономикалық даму жоспары бойынша жүргiзiп
отырды. Бұл жоспарлар шетел инвестицияларының көптеп келуiне жағдай жасауға
бағытталды.
Шетел инвестицияларының басым көпшiлiгi алғашқы жылдары жеңiл
өнеркәсiпке салынды. Кореяның дамуына ерекше серпiн берген 60-80-шi
жылдардағы инвестициялардың көптеп ағылуы болып табылады. Ол
инвестициялардың 46 млрд. доллары, оның iшiнде 39,2 млрд. (88%) сыртқы
қарыздар негiзiнде көрiнiс тапты. Шетелдiң мемлекеттiк несиелерi белгiлi
бiр жеңiлдiктер мен жағдайлар негiзiнде берiлдi.
Бұл несиелердiң басым бөлiгi отын-энергетикалық комплекс
объектiлерiнiң, темiр жол немесе автомобиль жолдарын, метро, тұрғын үй
секторы, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мен бiлiм беру салаларына
салынды. Жеке кәсiпкерлiкке несиелердi көп мөлшерде беру кәсiпкерлердiң
экономикалық активтi қызмет етуiне себепшi болды.
Капиталды салымдардың басым бөлiгi өңдеушi өнеркәсiпке және өндiрiстiк
инфрақұрылымға жұмсалды. Бұл салалардың барлығы дерлiктей жеке компаниялар
негiзiнде қызмет еттi.
Оңтүстiк Корея Республикасының экономиканы қайта құрудың 1-шi
кезеңiнде жеңiлдiктi несиелердiң орны ерекше болды. Осы несиелер арқылы
елдiң қажеттi деген салаларын жоғары деңгейде дамыту көзделдi. Шетел
инвестициялары арқылы құрылған бiрiккен кәсiпорындар 50%-дық жарғылық
негiзде жұмыс iстедi.
Қаржы Министрлiгi шетел инвестцияларына ешбiр қарсы болмады, егер олар
келесi талаптарға жауап бере алса:
• Шетел салымдары шектеу қойылған салаларға бағытталмауы керек (темiр
жол, байланыс, суқоймалары, ойын бизнестерi, радио және баспа iсi);
• Шетел капиталы 50%-дық жарғылық қордан аспауы керек (егер кәсiпорын
60%-дан жоғары өндiрiстiк өнiмдер экспортқа шығаратын болса);
• Шетел инвесторы елдегi салық жеңiлдiктерi туралы шараларға өздiгiнен
араласапауы қажет.
Шетел капиталдарының нақты ағылуы арнайы еркiн экономикалық
аймақтардың болуымен көрiнiс табады. Қазiргi уақытта Кореяда 30-дан астам
арнайы өндiрiстiк аймақтар бар, яғни онда 500 мың жұмысшылар мен
қызметкерлер еңбек етедi.
Кореяда 80-шi жылдары шетел инвестициялары түбiрлi өзгерiске ұшырады.
Елдегi капиталдың жинақталған көздерi керiсiнше инвестицияларды сыртқа
шығару керектiгiн дәлелдедi. Осыдан бастап Корей Республикасы өз
инвестицияларын сыртқа шығара бастады. Бүгiнде елiмiздiң сырттан келетiн
капиталдардың бiраз бөлiгi осы елдiң инвестициялары екенi бәрiмiзге
белгiлi.
Мемлекетiмiз осы мәселеге тiкелей араласа бастады. Ол экономикаға
инвестиция тартуды ынталандыру саясатын жүргiздi, шетлдiң тура
инвестициялар келуiне ынғайлы жағдайлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
Елдің инвестициялық климаты және оған әсер ететін факторлар
Инвестиция-жедел экономикалық даму факторы ретінде
Қазақстан республикасындағы аймақтарының экономикалық әлеуеті
Қазақстан Республикасының инвестициялары
Инвестициялық қызметті ұйымдастыру
Инвестицияның теориялық даму ерекшеліктері
Инвестиция туралы
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты талдау
Маңғыстау облысының экономикалық потенциалы
Пәндер