Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу санитариялық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары



1. Жалпы ережелер
2. Санитариялық.эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс.шараларды ұйымдастыру және жүргізу
3. Эпидемиологиялық тексеруді ұйымдастыру
4. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емге жатқызу
5. Жіті ішек инфекцияларымен ауырып тұрған адамдарды диспансерлеу
Осы «Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитариялық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) жіті ішек инфекцияларының алдын алу және аурудың деңгейін төмендету жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және емдеу-диагностикалау іс-шараларын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) бактериятасымалдаушылық – аурудың клиникалық белгілерінсіз инфекциялық (паразитарлық) аурулардың қоздырғыштарын адам немесе жануар организмінде сақтаумен және қоршаған ортаға бөлумен сипатталатын инфекциялық процестің түрі;
2) декреттелген контингент – айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру үшін барынша үлкен қауіп төндіретін қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар;
3) дизентерия – көбінесе тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын Shigella текті микробынан туындайтын инфекциялық ауру. Клиникалық ауру интоксикация мен түйіліп ауыру синдромының болуымен сипатталады;
4) дисбактериоз – ішек жұмысының ауытқуынан, фермент шығару қабілетінің бұзылуынан, антибиотиктерді ұзақ қабылдау нәтижесінде созылмалы аурулардың нәтижесінде туындайтын ішек микрофлорасы құрамының бұзылуы;
5) иерсиниоз – интоксикация белгілерімен және асқазан-ішек жолдары, бауыр, буындар, кейде басқа органдардың зақымдануымен сипатталатын антропоноздар тобындағы жіті инфекциялық ауру;
6) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғышының организмге түскен сәтінен бастап аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанға дейінгі уақыт үзіндісі;
7) реконвалесцент – аурудан айығу сатысындағы науқас адам;
8) ротавирустық инфекция – асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен сипатталатын жіті вирустық ауру.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу санитариялық-эпидемиологиялық
ережесі мен нормалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың алдын алу
жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды
ұйымдастыру және жүргізу санитариялық-эпидемиологиялық ережесі мен
нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) жіті ішек инфекцияларының алдын алу
және аурудың деңгейін төмендету жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы
(профилактикалық) және емдеу-диагностикалау іс-шараларын жүргізу тәртібін
айқындайды.
2. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар
пайдаланылды:
1) бактериятасымалдаушылық – аурудың клиникалық белгілерінсіз
инфекциялық (паразитарлық) аурулардың қоздырғыштарын адам немесе жануар
организмінде сақтаумен және қоршаған ортаға бөлумен сипатталатын
инфекциялық процестің түрі;
2) декреттелген контингент – айналасындағыларға инфекциялық және
паразиттік ауруларды жұқтыру үшін барынша үлкен қауіп төндіретін қызмет
көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар;
3) дизентерия – көбінесе тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын
Shigella текті микробынан туындайтын инфекциялық ауру. Клиникалық ауру
интоксикация мен түйіліп ауыру синдромының болуымен сипатталады;
4) дисбактериоз – ішек жұмысының ауытқуынан, фермент шығару
қабілетінің бұзылуынан, антибиотиктерді ұзақ қабылдау нәтижесінде созылмалы
аурулардың нәтижесінде туындайтын ішек микрофлорасы құрамының бұзылуы;
5) иерсиниоз – интоксикация белгілерімен және асқазан-ішек жолдары,
бауыр, буындар, кейде басқа органдардың зақымдануымен сипатталатын
антропоноздар тобындағы жіті инфекциялық ауру;
6) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғышының организмге түскен
сәтінен бастап аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанға дейінгі уақыт
үзіндісі;
7) реконвалесцент – аурудан айығу сатысындағы науқас адам;
8) ротавирустық инфекция – асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен
сипатталатын жіті вирустық ауру.

2. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды
ұйымдастыру және жүргізу

3. Жіті ішек инфекциялық ауруларын эпидемиологиялық қадағалау мынадай
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтиды:
1) жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықты ретроспективті
эпидемиологиялық талдау профилактикалық іс-шаралардың тізбесін, көлемін,
жүргізу мерзімін негіздеу, ұзақ мерзімге арналған мақсатты бағдарламаны
жоспарлау мақсатында жүргізіледі. Жіті ішек диареялық инфекциялардың
құрылымын нозологиялық түрлер бойынша зерделеу, қауіпті топтарды анықтау
үшін халықтың кейбір жас ерекшелік, әлеуметтік, кәсіби топтарында және
жекелеген ұжымдарда аурудың деңгейін бағалау қажет.
Аурудың жылдық динамикасын талдау кезінде оның маусымдық көтерілуінің
басталу мерзімін дұрыс айқындау, олардың мүмкін себептерін анықтау керек,
ол үшін олардың басталуының табиғи және әлеуметтік жағдайларын талдау
керек.
Аурудың эпидемиологиялық өршуі кезеңінде, эпидемияның типіне,
қоздырғыштың берілу факторларына қарай топтастырады, тамақтану және сумен
қамтамасыз ету ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөле отырып, олардың дамуына
жиі мүмкіндік жасайтын неғұрлым жиі эпидемиялық факторларды анықтайды;
2) жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықты жедел эпидемиологиялық
талдау басталған аурудың өрбуін уақтылы анықтау, оның себептерін анықтау
және эпидемияға қарсы жедел іс-шараларды жүргізу үшін жасалады.
Ағымдық сырқаттанушылықты күн сайынғы, апта сайынғы бойынша, өсу
қорытындысымен салыстыру, осы аумаққа тән аурудың бақылау деңгейімен
салыстыру жүргізіледі.
4. Ауруханаішілік ауруларды болдырмау үшін мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қызмет органдары психоневрологиялық диспансерлерде,
балалар үйлерінде, нәрестелер үйлерінде, қарттар және мүгедектер үйлерінде,
балалар стационарларында санитариялық эпидемияға қарсы режімнің сақталуын
мемлекеттік қадағалау жүргізіледі.
5. Ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды және күдіктілерді
анықтауды меншік нысанына қарамастан барлық денсаулық сақтау мекемелерінің
медицина қызметкерлері амбулаториялық қабылдау, үйге бару, медициналық
қарау, ауруханаға жатқызу және басқа да емдеу ұйымдарына бару кезінде
жүргізеді. Диагноз аурудың клиникалық пайда болуы, зертханалық зерттеулер
деректері, эпидемиологиялық анамнез негізінде қойылады.
6. Халықтың мына санаттарына ішек тобына бір реттік зертханалық зерттеу
жүргізіледі:
1) медициналық ұйымдарға қаралған кезде жіті ішек инфекцияларының
инвазивті түрімен ауыратын науқастар және осы ауруға күдіктілер;
2) декреттелген контингент ішінен ішек инфекциясымен ауыратын науқаспен
қатынаста болатын (байланыста) адамдар;
3) стационарға түсу кезінде психиатриялық стационарлардың пациенттері;
4) мектеп-интернаттарға, балалар үйлері мен нәрестелер үйлеріне алуға
ресімдеу кезінде балалар;
5) қарттар үйіне алуға ресімдеу кезінде жасы ұлғайған адамдар;
6) ішек инфекциясымен ауырып жазылған реконвалесценттер.
7. Қоздырғышты сәйкестендіру және ошақтың көлемдерін белгілеу
мақсатында тізбесін дәрігер-эпидемиолог айқындайтын зертханалық зерттеулер
жүргізіледі.

3. Эпидемиологиялық тексеруді ұйымдастыру

8. Мына ошақтарда эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі:
1) қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, сумен қамтамасыз ету
объектілірінің, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметкерлері, сондай-
ақ азық-түліктер өндіру, сақтау және сатумен байланысты кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жіті ішек инфекцияларымен ауырған
кезде;
2) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына, балалар үйлеріне, мектеп
интернаттарына баратын балалар ауырған кезде;
3) психикалық-неврологиялық стационарлардың, балалар үйлерінің,
нәрестелер үйлерінің, қарттар үйлерінің қызметкерлері ауырған кезде;
4) бір инкубациялық кезең ішінде бір ошақта үш және одан да көп
сырқаттану жағдайлары тіркелген кезде.
9. Аурудың бақылау деңгейі артуы кезінде пәтерлік ошақтарды
тексерудің қажеттілігін эпидемиологиялық жағдайды, алдын ала жасалынған
талдау материалдарын ескере отырып, тиісті аумақтың Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері айқындайды.
10. Ошақтарды эпидемиологиялық тексеру кезінде тамақ азық-түлігінің,
судың сынамаларын, зертханалық тексеру үшін жұғындылар жинау жүргізіледі.

4. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емге жатқызу

11. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емге жатқызу
клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
12. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емге жатқызудың
клиникалық көрсеткіштері:
1) екі айлыққа дейінгі балалардағы аурудың барлық түрлері;
2) баланың жасына қарамастан қатты сусыздандыратын ауру түрлері;
3) қосымша патологиялы созылмалы аурудың түрі;
4) әртүрлі деңгейдегі қатты сусыздандыратын созылмалы іш өту;
5) дизентерияның созылмалы түрлері (асқынған жағдайда).
13. Жіті ішек инфекциясымен ауыратын науқастарды емге жатқызудың
эпидемиологиялық көрсеткіштері:
1) науқастың тұрғылықты жері бойынша қажетті эпидемияға қарсы режімді
сақтау мүмкіндігі болмағанда (әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар,
жатақхана, казармалар, коммуналдық пәтерлер);
2) медициналық ұйымдарындағы, мектеп-интернаттардағы, балалар
үйлеріндегі, нәрестелер үйлеріндегі, санаторийлардағы, қарттар және
мүгедектер үйлеріндегі, жазғы сауықтыру мекемелеріндегі, демалыс
үйлеріндегі ауру жағдайлары.
14. Дизентерия және басқа да жіті диареялық инфекциялардан жазылған
реконвалесценттерді ауруханадан шығару толық клиникалық сауыққаннан кейін
жүргізіледі.
Дизентерия және басқа жіті диареялық инфекциялардан жазылған
реконвалесценттерді бір реттік бактериологиялық тексеру амбулаториялық
жағдайда емханадан шыққанынан кейін 7 күн ішінде, бірақ антибиотик
терапиясын аяқтағаннан кейін 2 күннен соң жүргізіледі.

5. Жіті ішек инфекцияларымен ауырып тұрған адамдарды диспансерлеу

15. Жіті дизентериядан сауыққаннан кейін диспансерлік бақылауға
мыналар жатады:
1) қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, тамақ өнеркәсібі
объектілерінің қызметкерлері;
2) балалар үйлерінің, нәрестелер үйлерінің, мектеп-интернаттарының
балалары;
3) психикалық-неврологиялық диспансерлердің, балалар үйлерінің,
нәрестелер үйлерінің, қарттар және мүгедектер үйлерінің қызметкерлері.
16. Диспансерлік бақылау 1 айдың ішінде жүргізіледі, оның соңында бір
реттік бактериологиялық тексеру жүргізу міндетті.
17. Дәрігерге бару жиілігі клиникалық көрсеткіші бойынша айқындалады.
18. Диспансерлік бақылауды тұратын мекен-жайы бойынша участкелік
дәрігер (немесе отбасы дәрігері) немесе инфекциялық аурулар кабинетінің
дәрігері жүзеге асырады.
19. Ауру қайталанған жағдайда немесе зертханалық тексерудің
қорытындысы оң болғанда дизентериямен ауырып тұрған адамдар қайта емдеуден
өтеді. Емдеу аяқталғаннан кейін 3 ай бойы, ай сайын зертханалық тексеру
жүргізіледі. Бактерия тасымалдаушылықпен ауыратын адамдар 3 айдан астам
жалғастырады, дизентерияның созылмалы түрімен ауыратын науқастар ретінде
емделеді.
20. Декреттелген контингенттің ішінен адамдар мамандығы бойынша
жұмысқа клиникалық-бактериологиялық тексерулер нәтижелері расталып, толық
сауыққан соң ғана жіберіледі. Бұл адамдар дизентерияның созылмалы түрі
кезінде қоғамдық тамақтанумен байланысы жоқ жұмыстарға ауыстырылады.
21. Дизентерияның созылмалы түрімен ауыратын адамдар бір жыл бойы
диспансерлік бақылауда тұрады. Бұл адамдарға бактериологиялық тексеруді
және дәрігерлік қарауды дәрігер-инфекционист ай сайын жүргізеді.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 442 бұйрығына
2-қосымша

Сальмонеллезбен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі санитариялық-
эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
санитариялық-эпидемиологиялық

ережесі мен нормалары

1.Жалпы ережелер

1. Осы Сальмонеллезбен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру
және жүргізу санитариялық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалар (бұдан
әрі - санитарлық ереже) сальмонеллезбен сырқаттанушылықтың алдын алу және
аурудың деңгейін төмендету жөніндегі санитарлық-эпидемияға қарсы
(профилактикалық) және емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізу тәртібін
айқындайды.

2. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар
пайдаланылды:
1) сальмонеллез – Еntеrobacteriaceae тегіне Salmonella тобына
жататын қоздырғыштардың нәжіс-ауыз қуысы арқылы берілетін полиэтиологиялық
жіті инфекциялық аурулардың тобы, олар белгілері білінбейтін
бактериятасымалдаушылықтан бастап, ауыр септикалық түрлеріне дейін болатын
клиникалық пайда болуының көптүрлілігімен сипатталады. Көбінесе жіті
гастроэнтерит түрінде өтеді;
2) субөнімдер – мал сою және ет қақтау кезінде алынатын тамақ азық-
түлігінің өндірістік атауы (бауыр, тіл, бүйрек, ми және кесек еттен басқа
тағы басқалар);
3) тауар көршілестігі - шикі және дайын өнiмдердi бiрге сақтауды және
өткізуді, олардың ластануын және тауардың сапасына әсер ететiн бөгде
иiстердiң сiңуiн болдырмайтын жағдайлар.

2. Азық-түлік саудасы, қоғамдық тамақтану объектілерінде
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды
ұйымдастыру және жүргізу

3. Сауда объектілерінде өнімді қабылдау, оларды тасымалдау, сақтау
және өткізу мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:

1) өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжатынсыз азық –
түліктерді, сондай-ақ ветеринариялық куәлігі жоқ малдың шикізат өнімдерін
қабылдауға жол берілмейді;
2) тамақ өнімдерінің қаптамасында шығарылу уақыты мен жарамдылық
мерзімі бар таңбасы болады;
3) тез бұзылатын тағам өнімдері үшін ілеспе құжатында өнімнің
шығарылған күні мен сағаты көрсетіледі;
4) құс еті бөлшектелген немесе жартылай бөлшектенген күйде түседі;
5) тауарларды қоймаларда сақтау, оларды сауда залында орналастыру және
реттеп қою кезінде дүкен қызметкерлері тауар көршілестігі ережесін, сақтау
мерзімдері мен жағдайларын қатаң сақтайды;
6) тез бұзылатын азық-түліктерді қабылдау, сақтау және өткізу дұрыс
жұмыс істейтін тоңазытқыш жабдығы бар дүкендерде ғана жүргізіледі;
7) өлшеп оралған еттің қаптамасының жағдайы, заттаңбасында
көрсетілген еттің түрінің, сұрпының сәйкестігі тексеріледі;
8) субөнімдер қабылдау алдында түрлеріне қарай сұрыпталады;
9) жартылай фабрикаттардың сапасы түсіне және иісіне, пішініне,
ұнтаққа түгел аунатылғанына, қаптамасының жағдайына қарап тексеріледі;
10) ыдысқа салынған және заттаңбасында көрсетілген жартылай
фабрикаттардың шығарылу уақыты мен сағаты тексеріледі;
11) аспаздық өнімдердің сапасы өнімдердің пішініне, сыртқы түріне,
олардың дайындық дәрежесіне, ыдысына дұрыс салынуына қарап айқындалады;
12) азық-түлік дүкендері мен аспаздық дүкендерде шикізат өнімдерін
(еттер, құстар, балықтар, теңіз өнімдері, көкөністер және олардан жасалған
жартылай фабрикаттар) орналастыру гастрономиялық, аспаздық және пайдалануға
дайын өнімдерден бөлек (бөлек сөрелерде) жүргізіледі;
13) тауарларды сатуға дайындауды сатушылар немесе осыған арнайы
бөлінген адамдар жүргізеді;
14) кремі бар кондитерлік өнімдерді арнайы дүкендерде, бөлімдерде,
дүкендердің секцияларында оларда осы тауарларға арналған тоңазытқышы бар
болғанда қоймалар үй-жайларында және сауда залында өткізуге жол беріледі;
15) шикі жұмыртқаларды тек шикі өнімді сататын бөлімдерге ғана
орналастыруға жол беріледі;
16) қауызы бұзылған (жарылған), ішіндегі қабықшасы және қауызынан
бөлінген (аққан), сондай-ақ қауызында қан мен саңғырық жағылған
жұмыртқаларды сатуға жол берілмейді;
17) жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін өткізу және сақтау мерзімі қатаң
сақталады.
4. Қоғамдық тамақтану объектілерінде мынадай талаптар сақталады:
1) шикі және дайын азық-түліктерді бөлшектеу үшін қатты ағаштардан
жасалған (емен, шамшат, шетен, қайың) кедір-бұдырсыз, тегіс сүрленген
арнайы белгіленген бөлшектеу үстелдері және бөлшектейтін тақтайшалар
бөлінуі керек;
2) тез бұзылатын азық-түліктерді сақтау үшін тоңазытқыш қондырғылары
болуы қажет;
3) салқын көзі болмаған жағдайда қоғамдық тамақтану объектілерінде
тез бұзылатын азық-түлікті сатуға жол берілмейді;
4) шикі азық-түліктерді немесе жартылай дайындалған өнімдерді дайын
өнімдермен бірге сақтауға, сондай-ақ үй-жайларда азық-түліктерді
ыдыстарымен, арбалармен, шаруашылық материалдармен және азық-түлікке
жатпайтын басқа тауарлармен бірге сақтауға жол берілмейді;
5) мұздатылған ет жарты ұша күйінде немесе төрттен бір бөлік ретінде
қалыпта ілінген күйінде арнайы үй-жайларда 0-ден 8º-ге дейін температураны
аздап көтере отырып немесе ет цехтарындағы үстелдерде бөлме
температурасында жібітіледі;
6) етті майда бөліктер түрінде, сондай-ақ суда немесе оттың жанында
дефростациялауға (жібітуге) жол берілмейді;
7) ет ұшалықта, жарты және ұшаның төрттен бір бөлігін ұсақтап шаппас
бұрын тазалайды, етті іледі және ағынды суда щеткамен жуады. Қан ұйыған,
таңба салынған, жарақаттанған жерлері мұқият кесіп алынады;
8) жұмыс аяқталғаннан кейін щеткалар жуғыш заттың ерітіндісімен
жуылады, шайылады және үстіне қайнаған су құйылады;
9) қоғамдық тамақтану ұйымдарында аспаздық өнімдерді дайындау кезінде
етті, балықты, көкөністерді өңдеудің, салқын астарды дайындаудың және тамақ
пісірудің өндірістік процесінің ағымы сақталады;
10) өндірісте пайдаланылатын жұмыртқалар қауызы сынбаған таза, сапасы
2-ші санаттан төмен болмауы тиіс;
11) кремді дайындау үшін тек қауызы жарылмаған және ластанбаған
диеталық тауық жұмыртқалары пайдаланылады;
12) кремді дайындау үшін миражды жұмыртқаларды, инфекциялық аурулар
тұрғысынан қолайсыз шаруашылықтардың жұмыртқаларын пайдалануға, сондай-ақ
жұмыртқаның орнына меланж пайдалануға жол берілмейді;
13) кәсіпорындарда технологиялық процесс барысында орналасуы тиіс,
шикі және дайын өнімнің ағымымен кездесу мүмкіндігін болдырмайтын және бір-
бірімен байланысуға ыңғайлы жұмыртқаларды сақтайтын және қабынан босататын
үй-жайы, жұмыртқаларды жуатын және дезинфекциялайтын үй-жайы, жұмыртқалық
масса алуға арналған үй-жайы бар жұмыртқа жарғыш бөлмесі болуы қажет;
14) крем дайындау үшін 2-6ºС-ден жоғары емес температура кезінде
жұмыртқалық массаны сақтау мерзімі 8 сағаттан, ал пісірілетін жартылай
фабрикаттарды дайындау үшін 24 сағаттан аспауы керек;
15) өндірісте тоңазытқыш камерасына салғанға дейін дайын өнімдер 2
сағаттан асырмай сақталады;
16) кремдер, пирожныйлар және торттар 8ºС жоғары емес температурада
сақталады;
17) дайындалатын тамақтардың саны ұйымдардың сату-өткізу мүмкіндігіне
сәйкес болуы тиіс;
18) тамақ өткізу шамасына сәйкес тиісті топтамамен дайындалады;
19) басқа қоғамдық тамақтану ұйымдарын және сауда желісін қамтамасыз
ету үшін жартылай фабрикаттарды тек жартылай өнімдерді сақтауға арналған
тоңазытқыш камералары, жартылай фабрикат цехының ыдысын жуатын бөлмесі бар,
экспедициялы, арнайы жабдығы бар ұйымдарда ғана дайындауға жол беріледі;
20) қоғамдық тамақтану ұйымдарында ет турамасы қажетіне қарай
дайындалады;
21) камераларда немесе шкафтарда салқын болмаса, ет турамасын және
еттің жартылай фабрикаттарын сақтауға жол берілмейді.

3. Ауруханаға жатқызу, сальмонеллезбен ауырып тұрған адамдарды
диспансерлік бақылау және сальмонеллез ошақтарында эпидемияға
қарсы іс-шаралар жүргізу

5. Халықтың мына санаты:
1) стационарға келіп түсетін екі жасқа дейінгі балалар;
2) стационарға емге жатқызылған науқас баланы күтетін ересектер;
3) емханаға түскен кезінде немесе оның алдында үш апта бойына ішек
қызметінің бұзылуы болған босанатын әйелдер, босанған әйелдер;
4) диагнозына қарамастан, стационарда болу кезінде ішек қызметінің
бұзылуы пайда болған барлық науқастар;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
декреттелген контингент;
6) сальмонеллездің ошағында инфекцияның көзі болып есептелетін
декреттелген контингенттің ішінен эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша
тексеру қажет адамдар сальмонеллезге міндетті бактериологиялық тексерілуге
жатады.
6. Сальмонеллезбен ауыратын науқастарды емге жатқызу клиникалық және
эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
7. Реконвалесценттерді емханадан шығару клиникалық жазылғаннан және
нәжістің бактериологиялық зерттеуінің бір реттік теріс қорытындысынан соң
ғана жүргізіледі. Зерттеу емдеу аяқталғаннан кейін үш күннен кейін
жүргізіледі.
8. Диспансерлік бақылауға ауырып жазылғаннан кейін тек декреттелген
контингент ғана алынады.
9. Аурудан ауырып тұрған адамдарды диспансерлік бақылауды тұрғылықты
жері бойынша инфекциялық аурулар кабинетінің дәрігері немесе участкелік
(отбасылық) дәрігер жүзеге асырады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы
Ел аумағына карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекциялардың келуі мен таралуының санитарлық қорғаудағы нормативтік құқықтық құжаттар
Паразиттік жұқпалар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
Аса қауіпті инфекциялық ауру қоздырғыштары тараған кезде халықтың іс-әрекеті
Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
Эпидемиологиялық зерттеу әдісі
Соvid-19 инфекциясының алдын алу шараларын ұйымдастырудағы мейіргердің рөлі
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Пәндер