Қазақстанның жетекші би ансамбльдері: тарихы, репертуары және халықаралық жетістіктері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАНЫМАЛ

БИ ҰЖЫМДАРЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамблі балеттің жеке бишілерінің ұжымы ретінде "Алматының жас балеті" деген атпен 1967 жылы 1 тамыз-да құрылды. Бұл ұжым тек Қазақстандағы ғана емес, бұкіл Кеңес-тер Одағындағы хореографиялық миниатюралардың тұңғыш кәсіби ансамблі еді. Ұжымның күні бүгінге дейінгі тұрақты жетекшісі Қазқстанның халық әртісі Б. Аюханов Балет труппасы негізінен Алматы хореографиялық. училищесінің түлектерімен толықты-рылып отырады. Репертуар әрбір әртістін шығармашылық ерекше-лігіне қарай жасалады да, ұдайы жаңартылып тұрады. Ансамбль репертуарында - классикалық мұра. ұлттық, сондай-ақ қазіргі заманғы бір және екі актілі балеттер: "Қыз Жібек", музыкасын жазған Е, Брусиловский; "Гамлет", музыкасын жазған А. П. Иса-кова; М. Ж. Равельдің "Болеросы", П. И, Чайковскийдің "Евгений Онегии" операсы, Т. М. Қажығалиевтің "'Керуені" және т. б. концертгікномерлер: "Мәнгі қозғалыс" (музыкасы Н. Паганинидікі), Сүгірдің "Аққуы", Д. Шостаковичтщ 4-ші симфониясының музыкасына жазылған "Қылмыс пен жаза" қойылымдары. Соңғы он жылдықта "Алматының жас балеті" жаңа спектакльдер қойды, олар: "Махаббат қасіреті" ("Қозы-Көрпеш -Баян сұлу" аңызының желісі бойынша), "Саломея", "Эдит Пиаф -Францияның жан дүниесі", "Бірінші фортепианолық концерт", "Аққу көлі" жөне т. б. Классикалық би ансамблінің труппасындағы бишілер: Қазақ-стан Республикасының еңбек сіңірген әртістері С. И. Тихонов, ГМихалева, Р. Мусин, балет әртістерінің Халықаралық конкурсьшың жүлдегері С. Кокшинова (Пермь, 1992), балет шеберлері -И. Рыбина, А. Тұрғынбаева. Ансамбль әлемдік және ұлттық хорео графияны игеру бойынша үлксн жұмыстар жүргізіп келеді. Ансамбльдің жанынан балаларға арналған би студиясы ашылды, онда ұжымның жетекші әртістері дәріс береді. Ансамблъ әлемнің көптеген елдерінде Қазақстанның балет онерін пaш етті (Болгария, Венгрия, Батыс Берлин, Индия, Иордания, Ирак, Италия, Канада, Куба, Марокко, Польша, Сирия, Түркия, Швеция) . 1998 жылы ұжымға жоғары категория берілді: ол Қазақстан Республикасыньщ Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамблі атанды. Ұжым Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1971)

болды.

Қазақтың мемлекеттік эстрадалың-жастар "Гулдер" ансамблін 1969 жылы дарынды және бірегей балетмейстер Д. Д. Қияқова Қазақ КСР халық әртісі Г. Ғалиевамен бірге құрды. Ұжым өз енерімен Еуропаның, Азияның, Американың көптеген елдерін тәнті етіп, сан қайтара лауреат атағына ие болып, аса ірі фестивалъдер мен конкурстарда жеңімпаз атанды.

Ансамбльдің өзегі - эстрада студиясының хореографиялық бөлімін бітірген бірінші түлектерден ұйымдастырылған хореогра-фиялық топ. Олар қазақтың халықтық және эстрадалық билерін, шығыс билерін, сондай-ақ дүние жүзі халықтарының билерін орындайды. Бас балетмейстер 1969 жылы қойған "Алтын домбы-ра" биі қазақтың тұңғыш эстрадалық биі болды және ол кейінңен Қазақстанның хореографиялық өнерінің алтын қорына кірді. Осы би "Гүлдер" ансамблінің өзіндік түсаукесері болды. Ансамбльдіц басты жеке бишілерінің бірі Д. Қияқованың шәкірті Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Талпақова. 70-ші жылдардың басында ол

Софияда өткен жастар мен студенттердің IX Дүниежүзілік фестиваліндегі халық билері шеберлерінің конкурсында екінші орынды иеленді.

Республиканың бірегей майталман ұжымының бағдарламасына рок пен фолыслордың, халық классикасы мен эстраданың симбиозы, шоу-балет кіреді. Қазақ және әлемдік музыкалық мелоетың үйлесімді қиюласуы мен интерпретациясы - өзгеше ревю жасайды. Ұжымның осындай керкемдік сапасының болуы ұзақ жылдар бойы ансамбльді түрлі елдер мен құрлықтар көрермен-дерінің қошеметіне бөлеп келеді. "Гүлдер" ансамблінің шығарма-шылық мұраты -жаңалықты, өзгешеәсемдікті, өзіндікерекшелікті ұдайы ізденіп отыру. Ансамбльдің барлық әртістері орындау мәдениетінің хас шеберлігін шыңдай түсуге үмтылады.

Қазақ ліемлекеттік "Алтынай" халың биі ансамблі Алматы облыстық филармониясының жанынан 1985 жылы қүрылды. Ұжымның негізін қалаушы - өнертанушы, этнограф Ө. Жәнібеков. Ұжымның көркемдік жетекшісі - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ә. Ысмайылов.

Билердің қойылымын жасау үшін балетмейстерлер - РСФСР еңбек сіңірген қызметкері, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайрат-кері О. В. Голушкевич, Қазақстан Республикасының халық әртісі Д. Т. Әбиіров, Қазақстанның халық әртісі Ш. Жиенқұлова және Қазақстанның халық суретшісі, фольклорлық хореографияның білгірі Ә. Ысмайыловтар шақырылды. Ансамбль құрамында -Алматы хореографиялық училищесінің түлектері. Билердің музыкалық арқаулары - халықтың күйлері, әуендері, әндері. Музыкамен сүйемелдеуді халық аспаптары оркестрі орындайды. Ансамбль репертуарында рәсімдік, ғұрыптық, тұрмыс-салттық, лирикалық, ойын-сауықтық билер; ұжым қазақ билерімен қатар орыс, неміс, украин, корей және ұйғыр халықтарының билерін де билейді. Аймақтардың этнографияльтқ ерекшеліктерін ескеру арқылы билерді көркем безендіру үшін лайықты киім-кешектер мен бүйымдар мүқияттаңдалды. Бельгиядағы фольклорлықбидің халықаралық фестивалінде (1989 ж. ) "Алтынай" ансамблі ұлттық ұжымдар арасында бірінші орынға ие болды.

Қазақстан Республикасыныц еңбек сіңірген Мемлекеттік "Салтанат" би ансамблі 1955 жылы Қазақ КСР-інің халық әртісі

және Украин КСР-інің еңбек сіңірген әртісі Лидия Демьяновна Чернышеваның жетекшілігімен Қазақ КСР-інің ән-би ансамблі қүрылды. Бірінші куннен бастап осы ұжым турлі фестивальдермен конкурстарға қатысып, жастар мен студенттердің Бүкілодақтық фестивалінің жеңімпазы және Дүниежүзілік фестивалінің лауреаты атанды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бокс тарихы, ережелері және Қазақстанның халықаралық жетістіктері
Қазақ боксының тарихы мен халықаралық жетістіктері
Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі мен халықаралық жетістіктері
Би-Би-Си Дүниежүзілік қызметінің тарихы мен Қазақ қызметінің халықаралық хабар таратудағы ерекшеліктері
Қазақстанның ЮНЕСКО-мен ынтымақтастығы: тарихы, бағдарламалары және жетістіктері
Тәуелсіздік тарихы мен ұлттық бірлік: Қазақстанның жетістіктері мен даму стратегиялары
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысу тарихы және жетістіктері
Қазақстанның мұнай-газ саласы: Аджип ҚКО, ҚазТрансОйл, ӨзенМұнайГаз және Би Джи компанияларының даму тарихы мен экономикалық рөлі
Би-Би-Сидің телехабар таратудың тарихы, дамуы мен редакциялық объективтілігі
Халықаралық ұйымдар: даму тарихы, түрлері және Қазақстанның қатысуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz