Өркениет және ұлттық тәрбие


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Қазақ-түрік университеті

«Тарих және Жалпы педегогика» факультеті

«Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасы

Студенттердің ғылыми-теориялық конференциясы

ТАҚЫРЫБЫ: « Өркениет және ұлттық тәрбие ».

Ғылыми жетекшісі:

Аға-оқытушы Ашықбаева Г.

Ізденуші: Худайбергенова А

Тобы: ЖМА-813.

Түркістан 2009ж

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т. б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн. Қазақ мәдениеті -ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс -тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы -халықтың мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан. Ал, ұлттық тәрбие мәселесі - адамзат тарихынан өнбойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және тағы басқа қасиеттерді жатқызамыз.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Қалың елім Қазағым" атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазады: "Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылыдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзентті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…
Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарыда қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып ұлттық қасиеттерге айналады. Оқушының ұлттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі т. б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.
Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге (халық педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрлерінен құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйренуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адамдық қасиетерін қалыптастырып, кісілік сана сапасын арттырады. Ал ұлттық салт - дәстүрлер игі әдеттердің әдеп-ғұрыпқа ( әдепті іс-әрекетке) айналып, одан әдеп (ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүр (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі) дәстүрден салт (дәстүрдің ұлттық санаға сіңіп, сөзсіз қолданыста болуы) қалыптасқанын көрсетіп жеке тұлғаның ұлттық мәдени қасиеттерін қалыптастырады. Мысалы, қазақ халқының меймандостық дәстүрі әуелі игі әдет болған, одан көп қолданысқа әдет-ғұрыпқа айналған, әдет-ғұрып ұлттық қолданыста әдепке ( ұлттық мәдени көрніске) айналып, ол ұлт өкілдерінің сөзсіз орындауында дәстүр деп аталады, ал дәстүр ұлттық заңдылыққа айналып, ол ұлт өкілдерінің сөзсіз орындауында дәстүр деп аталады, ал дәстүр ұлттық заңдылыққа айналып, ол салт болады. Салттың ұлттық санадағы көрнісі салт-сана деп аталады. Қазақ халқының аса бай ұлттық әдебиеті, қайрымды, әдепті салт-дәстүрлері оның этностық (ұлттық) ерекшеліктерін көрсетеді де, ол жеке тұлғалардың ұлттық қасиетерін қалыптастырады.
Оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеуде белгілі әлемдік, отандық ғалымдарымыздың еңбектеріне тоқталып, сараптап өтсек.
Белгілі педагог К. Д. Ушинский “Халықтың (этностың) тәжірибесінде педагог та жоқ, педагогика да жоқ” дейді. Ал, Аристотель “Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз“ деп қарастырды.
Отандық ғалымдарымыздың бірі Қ. Б. Жарықбаев “Еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері-қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын. Өйткені, қазақ этносының бүкіл тыныс-тіршілігінде, от басындағы әдеп-ғұрып пен салт-санасында кең байтақ өлкемізде мекендеген басқа халықтар мінездерінің нышандары көрніс беріп жүр. Бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей, бұрын жылқы мінезді болып, енді қой мінезді болған жуас, намыссыз халық емеспіз” - тұжырымдайды.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу - міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса ондай тұлға ұлт алдында “мәңгүрт”, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.
Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. “Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек” -деген екен.
Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектеп ішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі - тәрбиеге, өскен ораға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы - тал бесік” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, “Ұстазға қарап шәкірт өсер” деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ.
Қазіргі таңда тәлімгер ұстаз оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып табылады. Оған негізінен мынандай үш түрлі басты міндет жүктеледі:
- тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;
- сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;
- мектеппен отбасының байланысын жасау;
Тәлімгер ұстаздың жұмысы қиын, жауапты, өте күрделі. Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпен қарап, барлық күш-жігерін салмаса, оны талапқа сай орындау қиын. Қазір оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттеу т. б. мәліметтерді әр кезде біліп отыру, тестік әдісті қолдану мектептерде орын ала бастады. Әсіресе баланың даму барысын есепке алу, биімділігін, қызығушылықтарын, сабаққа деген көзқарасын т. б. кейбір объективтік көрсеткіштерді назардан тыс қолдануға болмайды. Мектептің жүрегі мұғалім болса, сыныппен жұмыс жүргізетін сынып жетекшісі. Ойымызды тұжырымдай келе оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы қалыптастырып, ғылыми тұрғыда дәлелдеп дамыту біздің тікелей парымыз.

Н. К. Крупская енбектерінің педагогика құндылықтарындағы орны

Педагогика ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан ірі ғалым-педагог Н. К. Крупская. Ол Ұлы Қазан төңкерісінен кейін А. В. Луночарский М. Н. Покровский сияқты халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлерімен бірге қызмет істей отырып, педагогика ғылымын дамытуда татымды еңбек етті. «На путях к новой школе» журналының беттерінде маңызды педагогикалық мәселелерді үнемі жариялаумен қатар, оны әлеуметтік-педагогикалық ойлардың органына айналдырды.

Н. К. Крупская еңбектері оның 10 томдық томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Ол педагогика ғылымының барлық салаларына көңіл бөлді. Әсіресе, ересек адамдар арасындағы сауатсыздықты жою, мектепке дейінгі тәрбие, үйелмен тәрбиесі, политехникалық білім, балалар ұжымының рөлі, оқу-шылардың өзін-өзі басқарушылығы, мінезқұлық, еңбек эстетикалық тәрбие мә-селелерін ерекше тзерттеп, құнды педагогикалық мұра қалдырды. Бұл Н. К. Крупскаяның 20-жылдан астам істеген қызметінің нәтижесі. Оның басты еңбектері: «Халыққа білім беру және деморатия», «Семья және мектеп», «Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселе» т. б.

Н. К. Крупская эмиграцияда жүрген кезінде «Халыққа білім беру және демократия» (1915 ж. ) деген ірі педагогикалық еңбегін жазды. Бұл кітапта оқуды өнімді еңбекпен ұштастырып жүргізу туралы демократиялық көзқарастарға талдау жасалынды, келешек қоғам мектебінің негізгі ерекшеліктері сипатталады.

Педагогикалық тақырыптарға жазылған бірсыпыра құнды еңбектер педа-гогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізді. Олар: «Советская педагогика за десят леть (1917-1927) », авторы А. П. Пункевич, А. Г. Калашниковтың редакция-сымен дайындалған үш томдық «Педагогикалық энциклопедия» (1927-1928) ; И. А. Каировтың (Москва, 1939) және П. Н. Груздеваның (Ленинград, 1940) редак-циясымен жазылған педагогика оқулықтары т. б.

Қазақстанда ағартушылық идеяны көтерген көтергендердің бірі- Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы. Шоқанның өзіндік педагогикалық көзқарастары болды. Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу мектеп ісін ғылыми негізінде құрып, оқу-білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеушілер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді. Оның еңбектерінде білім жалпы халыққа ортақ болсын деген озық идея басым. Шоқанның ағартушы-ғалым, демлкрат ретінде көздеген ой-пікірі, негізгі мақсаты-халқына кайткенде де білім беру, оқыту, оны дүние тануға жетелеу, сондай-ақ бұл мәселелерді реформа арқылы іске асыру еді.

Қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы Ыбырай Алтынсарин. Алтынсариннің демократиялық- ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқа-растарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, олдарға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады.

Мұны қазақ жерінде екі сыныпты қазақ-орыс мектебінің, тұңғыш мұғалімдер мектебінің (1888ж) ашылуынан, орыс-қазақ мектептерге арнап «Қазақ хрестоматиясы» (1889ж. ) «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (1889 ж. ) кітаптарының жарық көруінен байқаймыз.

Ы. Алтынсарин қазақ жастарының кәсіптік мамандық алуына жол ашты. Торғайда қолөнер, Қостанайда ауыл шаруашылығы үчилищелері, Ырғызда қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашылуына зор ықпал жасады. Кейінірек қыздар училищелері өмірге келді.

Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаев тың поэтикалық шағырмалары мен «ғақлия» сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақықатын түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылымен, жан құмарымен алынатындығы, жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбиеге шақыруы-оның педагогикалық көзқарасының дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен терең қабісіп жататындығының айғағы. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана - «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ», «Пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды.

Қазіргі күні Абай ұрығын сепкен оқу, өнер-білім, адамгершілік, әдеп, мораль мәселелері егеменді еліміздің рухани қазынасына айналып отыр.

«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болуды» көксеген ағартушы-педагог Сұлтанмахмұт Төрайғыров артына педагогикалық ой-пікірдің өшпес мұрасын қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде ол қоғамдағы әділетсіздікті,

теңсіздікті көре біліп, бұларды оқу-ағарту, тәрбие мен жөгндеуге болады

деген пікірді насихаттап, ағартушы-демократ деңгейіне көтерілді.

Сұлтанмахмұт халықты, жастарды дүнитану оқуына, өнеркәсіп үйренуіне, мәдениетке жетуге, өнерлі, прогресшіл елдерден үлгі алуға, ілгері өрлеуге, басқа елдермен теңесуге шақырды. Өмірді өзгертуші, адам мінезін қалыптастырушы ұлы күш саналы тәрбие деп түйіндеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет және өркениет аясындағы ұлттық тәрбие
Тарихи теориялардағы психологиялық мәдениет ұғымы
Адам мәдениет субъектісі
Мәдениеттау ғылымы
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынасы
Дәстүрлі қазақ мәдениеті. XVIII ғ. орта түсі мен XX ғ бас кезенінің қазақ мәдениеті
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ (ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ЭТИКА-ЭСТЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ)
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Қазақ халқының математикалық ертегілерін сабақта қолдану
Адам және мәдениет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz