Қазақстан партиялары



1 НҰР ОТАН» Халықтық.Демократиялық партиясы
2 Қазақстанның "АЗАТ" Демократиялық партиясы
3 "Руханият» партиясы
4 Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы
5 Қазақстанның «Ауыл» социал.демократиялық партиясы
6 Жалпыұлттық социал.демократиялық партиясы (ЖСДП)
7 «Әділет» демократиялық партиясы
8 Қазақстанның патроиоттар партиясы
9 Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы
10 Қазақстан коммунистік партиясы
Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Төрағаның бірінші орынбасары – Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.

«Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар.

Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие.

2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
НҰР ОТАН Халықтық-Демократиялық партиясы

Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Төрағаның бірінші орынбасары – Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы. Отан
республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12
ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.

Нұр Отан партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында,
Астана және Алматы қалаларында бар.

Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және
саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін
көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты
сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан
Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың
отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты
мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте Нұр Отан парламенттік көпшілікке ие.

2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Нұр Отан 88,41%
дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат
сайланды.

Қазақстанның "АЗАТ" Демократиялық партиясы

Төраға - Әбілов Болат Мұқышұлы.

Партия АҚ ЖОЛ ҚДП-ның бөлінуі нәтижесінде 2005 жылғы 29 сәуірде құрылған
және 2006 жылғы 17 наурызда Нағыз АҚ ЖОЛ атауымен тіркелген. Мүшелерінің
саны 97 157 адамды құрайды. Партияның барлық облыстарда, Астана және Алматы
қалаларында өз филиалдары бар.

АЗАТ - орташа таптың партиясы. Партияның мақсаттары – демократиялық,
зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет пен ашық қоғам құру. Тәуелсіз,
гүлденуші, демократиялық, еркін Қазақстан құру үшін азаматтардың күш-
жігерін шоғырландыру.

2007 жылғы 23 маусымда Нағыз АҚ ЖОЛ ҚДП-ның III съезінде Жалпыұлттық
социал-демократиялық партияға қосылу туралы шешім қабылданды.

2007 жылғы 20 қазанда Нағыз АҚ ЖОЛ ҚДП-ның IV съезінде Нағыз АҚ ЖОЛ
ҚДП-ның III съезінде бұрын қабылданған ЖСДП-ға қосылу туралы қаулысының
күшін жою туралы шешім қабылданды. 2008 жылғы 29 ақпанда IV съездің екінші
отырысында Нағыз АҚ ЖОЛ партиясын АЗАТ ҚДП деп қайта атау туралы шешім
қабылданды, осы атаумен ол 2008 жылғы 11 сәуірде қайта тіркелді.

Мекен-жайы: Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 58.
Телефон: +7 (7272) 66 49 39; +7 (7272) 66 36 40
Факс: +7 (7272) 66 36 43
Веб-сайт: www.azat-party.info
e-mail: nast_akjol@mail.ru

Руханият партиясы

Партия төрайымы – Серікжан Есенгосұлы Мамбеталин. 2010 жылғы 16 наурыздан
бастап партияның атауы "Партия зеленых Руханият" деп тағайындалды.

Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың
адамды құрайды.

Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында
бар.

Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді
шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы
Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,44% дауыс жинап, үшінші
шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ.

2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Руханият партиясы
0,37% дауыс жинады.

Мекен-жайы: Алматы қ., Тимирязев, 15б,
тел.: +7 (727) 393 98 53, 54, 55
email: info@greens.kz
сайт: www.greens.kz

Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы

Бірінші хатшысы – Владислав Борисович Косарев.

2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде
партия сапы 90 мың адам құрады.

Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың
жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген.

2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс
алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ.

2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29% дауыс
жинады.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 712; Алматы қ., Гоголь к.,
86; Қарағанды қ., Әлиханов к., 14 Б, 16 бөлме
Тел.факс: +7 (7172) 31 55 30; +7 (7272) 50 72 62; +7 (7112) 49 34 39
e-mail: knpk@rambler.ru
сайт: http:knpk.kz

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП)

Партия төрағасы - Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай.

Төрағаның орынбасары - Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006 жылғы
10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Партия мүшелерінің
саны – 140 мың адам.

Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің
бөлімшелерін ашқан. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз алдына
демократиялық, құқықтық әлеуметтік мемлекет қалыптастыру, инновациялық
экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қояды.

2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Жалпыұлттық социал-
демократиялық партиясы 4,54% дауыс жинады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 58
Телефон: +7 (7272) 66 36 406 +7 (7272) 66 36 42
Факс: +7 (7272) 66 36 43
e-mail: ocdp@mail.ru

Қазақстанның Ауыл социал-демократиялық партиясы

Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев.

Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында
Руханият партиясы
Қазақстан Республикасының саяси және қоғамдық партиялары
Саяси партиялардың қоғамда алатын орны
Қазақстанның саяси партияларының президенттiк сайлауға қатысы бар ма?
Демократиялық мемлекет идеясы
Саяси партиялар туралы ақпарат
Қазақстандағы саяси партиялардың бірігуі
Қазіргі Қазақстанның саяси партиялары
Қазақстанның саяси партиялары
Пәндер