Несиенің мәні және функциялары
Кіріспе:
Несиенің мәні және функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
I бөлім:
1.1 Құн қозғалысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Несиенің экономикалық категориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3 Несиенің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
II бөлім:
2.1 Несиенің формалары және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Несиенің фукциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.3 Қарыз пайызының экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды:
Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара қатынаста
қарыз пайызы пайыздық мөлшерлеме түрінде болады ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатылырының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. әрбір саты - өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағыныға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар – ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы – алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ – кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғаласының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Осылайшы, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процесінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидуумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.
Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және бір – бірімен өзара әрекетте болады; өндіріс осы бөліктермен анықтала алады. Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен өндіріс те өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлануымен, қала мен ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен т.б. Несие үлестіруімен байланысты, бірақ ол үлстіру қатынасын білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдай тән: 1 – үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидуум өндірілген өнімге қатысады; 2 – ол қоғамның келіп шығатын көз ретінде анықталады.
Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидуумға үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге индивидуумнан шығатын кез ретінде анықталады. Үластіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын қатынастарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді. Алдағы көрсеткеніміздей үлестіру саласында тек өнімді үлестіру ғана жүзеге асады, өнім ұдайы өндіріс процесінде қатысты несие пассивті дегенді білдіреді, керісінше, ол олардың жылдамдатуына көмектеседі. Несиенің ұдайы өндіріс процесіне бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында субъектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған уақытша босаған құн мен басқа субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттелігі арасында қарама – қайшылық пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде болады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер.
«Ақша айналысы және несие» оқу құралы, Издат – маркет
2004 жылы Мақыш С. Б.
«Ақша несие банктер» оқулық, Сейтқасымов Ғ. С.
Алматы экономика 2001 жыл.
«Ақша несие банктер валюталық қатынастар»
Алматы экономика 2004 жыл Көшенов Б. А.
«Банк ісі» оқу құралы, Алматы Қазақ Университеті
2004 жыл. Мақыш С. Б. Ильясов А. Ә.
«Бағалы қағаздар нарығы туралы»
Қазақстан Республикасының заңы (06.08.03).

Несиенің мәні және
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..2
I бөлім:
1.1 Құн
қозғалысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Несиенің экономикалық
категориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3 Несиенің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 9
II бөлім:
2.1 Несиенің формалары және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Несиенің
фукциялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 17
2.3 Қарыз пайызының экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қорытынды:
Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара қатынаста
қарыз пайызы пайыздық мөлшерлеме түрінде
болады ... ... ... ... ... ... ... . ... .20
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 21
Несиенің мәні және функциялары
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола
отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі
материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы
ретінде, оның әр түрлі сатылырының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. әрбір саты
- өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағыныға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар – ақша
қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен
қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы
несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. өндірісте
несиелік қатынас жүргізілмейді. өндірістік процеске несиелік қатынастардың
тек бірінші жағы – алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз
алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ – кредитор өндірістік процестің
сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің
субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан
несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға
болмайды.
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын
қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды,
өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс
процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге
бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғаласының келесі сатылары береді.
Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның
сыртындағы қатынастар болып табылады.
Осылайшы, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік
қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының
мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процесінде
өндірістің белгілі бір мағынасы бар.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидуумдардың қолдарына тиместен
бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін
акт, өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.
Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және
бір – бірімен өзара әрекетте болады; өндіріс осы бөліктермен анықтала
алады. Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі
өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен
өндіріс те өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлануымен, қала мен ауыл
арасындағы әр түрлі үлестірумен т.б. Несие үлестіруімен байланысты, бірақ
ол үлстіру қатынасын білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдай тән: 1 –
үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидуум өндірілген өнімге
қатысады; 2 – ол қоғамның келіп шығатын көз ретінде анықталады.
Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидуумға
үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі бір өнімдерге
қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп
қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге индивидуумнан шығатын кез ретінде
анықталады. Үластіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған
айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде
қалыптасатын қатынастарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді. Алдағы
көрсеткеніміздей үлестіру саласында тек өнімді үлестіру ғана жүзеге асады,
өнім ұдайы өндіріс процесінде қатысты несие пассивті дегенді білдіреді,
керісінше, ол олардың жылдамдатуына көмектеседі. Несиенің ұдайы өндіріс
процесіне бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы өндіріс
субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында
субъектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған уақытша босаған құн мен басқа
субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттелігі арасында қарама – қайшылық
пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс
пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің
дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде
болады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің
формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
Құн қозғалысы
Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас
процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу –
сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысының ерекше
формасы және сатып алу – сату мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы
сипатталуы мүмкін. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: сатып
алу – сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз
мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылды. Сатушы
тұтыну құны ретінде тауарды шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнымен
және ақшаның тұтыну құнын жүзеге асырады. Бұған керісінше сатып алушы
айырбас құны ретінде ақшаны иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын
және тауардың бағасын өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының
ауысуы жүреді.
Осылайша екі жақты полярлы қарама - қайшылықтың жанды процесі енді
қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде тауарды
өзінен шаттетеді бірақ оның бағасын бастапқыда тек идеалды түрде ғана
белгілейді. Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайды ол баға тек
кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі. Несие ақшаның төлем құралы
функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының
кейінге қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу – сатудан дербес, сапалық
жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмілесін сатып
алу – ату мімілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.
Айырбастың екі контрагентінің бірегей келісімі ретінде алынған сатып
алу – сату мәмілесі олардың арасында кездейсоқ, өткінші байланысты жүзеге
асырады. А тауарды В - ға береді және одан ақша алады. Олардың
арасында тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы мерзімінде
ғана орнатылады. Тұтастай алғандағы сатып алу – сату мәмілесі барлық
қоғамда барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор қызметін атқарады,
бірақ бұл мәміле өзінің жекелеген көріністерінде кездейсоқ, өткінші
байланысты жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті жеке алынғаны да, басқа
осындай мәмілелермен немесе экономикалық қатынастың басқа формаларымен
байланыстан тыс мәміленің контрагенттері арасында ұзаққа созылған
қатынасқа көшеді. Өзара ынтымақ, мақсаттың бірлігі пайда болады.
Сатып алу – сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының қозғалысы жүреді, ал
құн мәмілесі контрагенттерінің қолында қалады. Қарыз мәмілесі кезінде
тұтыну құнының ғана қозғалысы жүріп қоймайды. Біз жай тауар туралы, тап
осындай тауар туралы, айтқанда сатып алушы қолында бірдей құн қалады,
бірақ әртүрлі формада; сауда мәмілесіне дейін де және одан кейін де
олардың қолында иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде ол тауар
формасында, басқасында ақшалай формада болады. Қарыз кезінде ақшалай
капиталист бұл мәміледе құнды беретін жалғыз тұлға болып табылады; бірақ
ол оны артынан оның қайтып келуі арқасында ғана сақтайды. Қарыз кезінде
тек бір тарап қана құнды алады, өйткені оны бір тарап қана береді.
Сатып алу – сату мәміласі кезінде меншік қозғалысы жүреді. А тауарды
В - ға сатады. Бұл мәміленің нәтижесінде тауарға меншік А - дан В -
ға өтеді. Ал қарыз мәмілесі кезінде меншік қарыз берушіде сақталады: А
В - ға қарыз береді. Бұл мәміле нәтижесінде құн А - дан тауар В - ға
орын ауыстырады, бірақ бұл мәміленің объектісіне меншік А - да
сақталады. Осылайша, сатып алу – сату мәмілесі меншіктің оны пайдалануымен
айыру мүмкіндігіне негізделген. Сатып алу – сату мәмілесі кезінде меншік
және иелену сәйкес келеді, қарыз мәмілесі кезінде меншік иеленуден
бөлектенеді. Сатып алу – сату мәмілесі кезінде ақша айналысы құралы
ретінде қызмет етсе, ал қарыз актісінде олар оны аяқтайды. Сатып алу –
сату мәмілесінде сатушы ақшаның көмегімен қандай да бір қажеттілігін
қанағаттандыру үшін тауарын ақшаға айналдырады, ал қарыз актісінде ақша
құн формасы ретінде мәміле мақсаты болады. Ақша қарыз мәмілесінде сатып
алу – сату актісіне қарағанда, басқа қызмет атқаратыны несиенің мәнін
анықтау үшін үлкен маңызы бар. Ақша белгілі бір экономикалық
байланыстардың заттық көрінісі болып табылады және олар өздерінің әрбір
қызметтерінде бұл байланыстардың әр түрлі типтерін бейнелеп көрсетеді.
Осыдан келіп, қарызды тауар айналысының формасы деп түсінетін болсақ, онда
несиенің қарыз мәмілесі ретіндегі анықтамасын осы формаға ұқсас, яғни
өндірістік байланыстың белгілі бір типі деуге болады.
Несиенің экономикалық категориясы
Несиенің экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде
көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз
мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды;
оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе
жүзеге асу формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар
сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән.
Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды,
жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды
ұқсастығы олардың бір атауымен – несие - бекітіледі, бірақ әр түрлі
дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге,
мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де
ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы
жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де
бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретіеде
алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып
табылады. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, туврлы
өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар
шаруашылығының шеңберінде диалектикалық дамушы ұбылыс ретінде де
қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әртүрлі сатыларының несиелік
қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан қолға өтуі қарыз келсімі арқылы
жүзеге асатын әртүрлі обьектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланылатын халық
шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрінен бұрын
қоғамдық өмірде несие деп аталатындарын іріктелініп алынады; Сонан соң бұл
құбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден,
олардың барлығына тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің тек осы
іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп
аталынатын әлеуметтік байланыстар: әртүрлі тарихи кезеңдерде тауар
шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде дамыған нарықтық шаруашылық
дәуірінде де бар болды.
Қарыз мәмлесі ретінде несиені екі көзқарасты қарастыруға болады:
біріншіден, оның техникалық – заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден,
әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе
онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын
белгілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір біріне бөлінгісіз, олар өзара
байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз
мәмлесінің экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастың белгілі бір
формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес,
өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.
Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза
техникалық тұрғыда машина өндірісінің макро экономикалық орта параметріне
анағұрлым бейімделуін оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі
тұрғысынан қарастыруына болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін оның
әлеуметтік жағынан да қарастыруын, яғни машина өндірісі негізінде пайда
болатын және дамитын өндірістік байланыстардың формалары мен типтері
тұрғысынан, бұл бір жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны
анықтады. Бірінші жағдайда – біз машина өндірісін техникалық –
экономикалық категория, ал екінші жағдайда – экономикалық категория
ретінде қарастырамыз.
Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық –
заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процесін жүзеге асыратын
мәмленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие
олардың алдындатехникалық немесе құқықтық категория ретінде танылады.
Несиені құбылыстардың экономикалық мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан
қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында экономикалық ғылым
категориясы ретінде қабылданады.
Несие теориясы оны техникалық – заңдылық категория ретінде емес
қоғамдық – экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның
формальды - заңдылық белгілері жағынан оқып - білудің несиелік мәмлені тек
меншіктің қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі ретінде түсіну
үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік
мәмленің ерекше техникалық – заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.
Осылайша, несие - өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық
категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи
категория екеуін атап өту керек. Ол өндірістік күштердік тек белгілі бір
дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар – жалпы тарихи
категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи
негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.
Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек
натуралды формасы және құны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады.
Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар бола алады.
Біріншіден, олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болды;
екіншіден қандай да бір заттар бір біріне тауарретіндегі қатынаста болу
үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті, өз меншігіндегі
тауарды иелігінен шығара отырып басқа тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар
меншік иелері ретінде бір біріне қарама қарсы тұрулары қажет.
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы
жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда
болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері,
экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға
ретінде бір біріне қарама қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.
Қолдан қолға тауарлардың қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы,
қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негіз болып
табылатын. Осыған байланысты бір маманның мынандай пікірін атап өту артық
болмайды: бірте бірте айырбас саудаға айналды; саудамен арнайы
айналысатын адамдардың жаңа тобы – көпестер пайда болды; жылдың белгілі
бір уақытында көпестер мен сатып алушылар кездесетін ерекше орындар пайда
болды, жәрмеңкелер, яғни уақытша нарықтар құрылды. Көпестермен,
жәрмеңкелермен, жалпы саудамен бірге алғашқы несие пайда болды. Ірі сауда
жүргізетін адам үшін алған тауарлардың төлем мерзімі мен сатып алу
төлемінің мерзімі сәйкес келмеген жағдайлар болады. Егер саудагер тауарын
сатудан бұрын оны сатып алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие
алуға деген қажеттілік, яғни бұл адамға қарыз беру мүмкіндігіне деген
сенім пайда болады.
Несие қарыз мәмлесі ретінде қай ежелгі әлемде де, орта ғасырлық
қолөнер, крепостнойлық шаруашылыққа да және несиелікқатынастар құн
қозғалысы кезіндегі өндіріс уақыты мен құн айналысы уақыты арасындағы,
оның ақша формасында шоттарда уақытша тұрып қалуы мен оларды тауар
өндірісінде пайдалану қажеттілігі арасындағы қарама қайшылықтарды шешудің
табиғи процесі ретінде пайда болды.
Біріншіден, қоғам босатылған ресурстардың бекерге боғарылуын
болдырмауға, екіншіден, ұдайы өндірістің үздіксіз жүзеге асуына мүдделі
болады.
Өндіріс уақыты мен айналыс уақыты арасындағы сәйкес келушілік, құндық
субстанциясы бар жиынтық ұлттық өнім қозғалысына да қатысты. Босатылған
ресурстар жиынтық ұлттық өнім құнының барлық бөліктерінің – С, V және
М - өнімдері болуы мүмкін.
Мысалы, жалпы экономика көлемінде өндірістік процесінде жұмсалған
өндірі құралдарын қалпына келтіру қоры бірден жұмсалмайды: амортизациялық
аударымдар жинақталады, бос ресурстар өз қозғалысында тоқтап қалған және
өнімді пайдалануды талап ететін құндар түрінде тұрып қалады. Ұдайы
өндірістің обьективті процестеріне байланысты құн өндірісте толығымен
қатыспайтын V - да да осындай көрініс байқалады, оның кейбір бөлігі
уақытша пайдаланылмайды және ақшалай формада банктегі шоттарда тұрып
қалады. Әрине, бұл қоғамдық өнім құнының уақытша босатылған бөлігі несиеге
негізделіп жинақталады, қарыз ақша түрінде өз қозғалысын жалғастырады.
Мұнан басқа М түрінде жаңадан жасалған құнның бөлігі де несие арқылы
қайта бөлу сферасына тартылуы, несие қозғалысына құндық сипат беруі
мүмкін.
Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдардың (негізгі және
айналым) шеңбер айналымы және айналымы несиенің обьективті қажеттілігін
толық түрде түсіндіре алмайтынын атап өту керек. Уақыт бойынша капиталдық
шеңбер айналымы мен айналымының кеңестік те бірқалыпты еместігі тек
қаражаттардың бір буында босатылуы және басқа буында оларға қажеттіліктің
бар болу фактін сипаттайды. Демек, тауар шаруашылығында капиталдардың
шеңбер айгалымы және айналымында несиелік қатынастардың пайда болу
мүмкіндігі қаланған.
Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар
кем дегенде екеу: 1 – несиелік мәмілеге қатысушылар – кредитор және қарыз
алушы – экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің
орындалуна материалдық кепілдік беретін заңды дербес субьектілер ретінде
болулары керек. Несиелік қатынасқа түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін
нарық заңдары және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге
асырулары қажет; 2 – несие қажеттілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші
мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет болып табылады. Несиелік иәміле
жасалуы үшін оның қатысушылары өзара ықлас білдірулері қажет. Экономикалық
қатынастар бәрінен бұрын мүдделер ретінде көрінеді. Бұл мүдделер соңында
өндірістік қатынастың қатысушыларының еркімен реттелетін қандай да бір
субъективті нәрсе емес. Әрекетті тудыратын кез келген мүдде бәрінен бұрын
объективті процестерге, өзара мүдделілікті болдырмай қоймайтын нақты
жағдайларға сүйенеді. Несиелік қатынастар, бір жағынан, кредитор мен қарыз
алушының арасынада ақшалай қаражаттарды қарызға беру: екінші жағынан,
оларды алу кезінде мүдделілік пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Осылайша, несие капиталдардың шеңбер айналымы және айналымында белгілі бір
жағдайларда несиелік қатынастардың пайда болуы мүмкіндігі шындыққа
айналғанда қажет болады.
Несиелік қатынастардың субъектілері өзара мүдделерге негізделген
экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бір қалыптылығымен сипатталады,
біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік
категориясы көбінесе обьектіні тереңдей тану дәрежесін, яғни оның мәнін,
заңдылығын ашып ақиқат өмірдің ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын
жалпылама қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.
Несиенің құрылымы
Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас
жүйенің эламенті ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін
сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттелігі
туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының
заңдылықтарын қарастырып көрейік.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік
қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты,
өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу
объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын
элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз
беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының
қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.
Сатып алу – сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың
ақшалай эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік
бермейді. Сатып алушы тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі
мүмкін. Бір тауар иеленуші қолма – қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның
өкілі немесе болашақтағы ақшаның өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып
алады. Сатушы – қарыз беруші, ал сатып алушы – борышқор болады. Кредитор
және қарыз алушы бір полюсте эквивалент мерзімінің ұзартылуы, ал
басқасында оның төленуі жүзеге асатын жағдайлардың барлығына қатысады.
Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болды.
Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық
қауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болған. Өсімқор –
саудагер, көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан
бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан өтті. Кредитор ретінде храмдар,
қоғамдағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің едәуір байлықтарын
жинақтайтын шаруашылық пен тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше
банкирлік үйлер болды.
Кредитор – несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін
кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері
өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарылымдылық негізінде ұдайы
өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады.
Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор – банк қарызды тек өз меншігіндегі
ресурстар есебінен ғана емес оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар
есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналатыру арқылы
жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер
басқа барлық кредиторлардың өкілі болды. Банктер ұжымдық кредиторлар
ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын
ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір
жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға
беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларды
қарыз алушыға береді.
Тауардың жіберілу факті, алайда, жүк жіберушіні кредитор етпейді.
Тауарды жөнелту мен сатудан түсетін түсімнің арасындағы уақыт бойынша
үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл үшін тауарды қоюшы
эквивалент төленуінің кейінге қалдырылуына рұқсат берілуі керек. Мына
жағдайды ескерте кетейік: кредиторды сатып алу – сату, тауарды жіберу мен
оны төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факты тудырмайды, оны төлемнің
кейінге қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі бір уақыт
өткеннен кейін шешетін қосымша келісім тудырады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс
беруші тұлға болды. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз
алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік
келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң
қатынастарға әкеп соғады. Уақыт бойынша капиталдық шеңбер айналымы мен
айналымының кеңестік те бірқалыпты еместігі тек қаражаттардың бір буында
босатылуы және басқа буында оларға қажеттіліктің бар болу фактін
сипаттайды. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің
мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс
процесінің барысына байланысты.
Қарыз алушы – несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы – бір –
біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш – міндетті жалпы
сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор
туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша
ресурстарға деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар болды.
Бастапқыда олар өз еңбектерімен күн көруші ұсақ шаруалар,
қолөнершілерболған еді. Ақша белгілі бір экономикалық байланыстардың
заттық көрінісі болып табылады және олар өздерінің әрбір қызметтерінде бұл
байланыстардың әр түрлі типтерін бейнелеп көрсетеді. Өсімқорлық несиенің
бар болуының басқа формасы – ақсүйектердің көбінесе жер иелеріне ақшалай
қарызды беру. Банктердің құрылуымен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің
өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан
айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие.
Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып
табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; Екіншіден, қарыз алушы
қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да
пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай – ақ айырбас фазасы
кезінде де қарызды ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған
қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті
түрде есеп айырысуымен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдаы өндіріс
процесін өркендете түсу керек. Төртіншіден, қарыз алушы уақытша
пайдалануғы алынған құнды ғана қайтарып қоймай сонымен қатар қарыз пайызын
да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын
орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді
болуы қарызға алынған қаражыттарды ұтымды пайдалануға, қарыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz