Несие түрлері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

І Бөлім. Несие жүйесі . . . 4

  1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы . . . 4
  2. Несиелеу объектілері мен субъектілері . . . 8

ІІ Бөлім. Несие түрлері . . . 11

2. 1 Банктік несие және оның экономикалық мағынасы . . . 11

2. 2 Банктік несие беру процесі және несиені қайтару кезеңі . . . 13

2. 3. Несиелік механизм және несиелік процесс . . . 18

ІІІ Бөлім. Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары. 22

3. 1. Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері . . . 24

Қорытынды . . . 27

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуінен бірлі шаруашылық ұйымдары ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру, несиелеу жүйесінің құрылымы тән. Несиелеу операцияларының құқықтық-ұйымдастыру формаларының жүзеге асырылуынан, несиелеудің формалары мен әдістерінің және несиелеу қатынастарының, ұйымдастыру құрылымының өзгеруінен несиелеу жүйесінің жұмыс істеу механизмі әрқашан өзгеріп отырады.

Несиелік жүйелерді жүзеге асыру 1987 жылдан басталды. Несие жүйесінің құрылымын ұйымдастырғанда банк рөлінің жоғарылауы, олардың халық шаруашылығының дамуына оңтайлы әсері, несиенің әрекет ететін “экономикалық тұтқаға” айналуы алдын ала көзделген еді. Гүлдендірудің басты мақсаты банктерді шаруашылыққа жақындату болды. Қайта ұйымдастыру белгілі дәрежеде банктердің жұмысын жақсартты. Бірақ бұл жағдайды түбірімен өзгерте алмады, себебі ол шын мәнінде экономикалық қатынастардан тыс болды. Түп негізінде несиелік қатынастар өзгерген жоқ: жартылай автоматты түрде несиелеу жалғастырылды, несиелік ресурстарды әкімшілік әдістермен бөлу сақталды, банктік жүйенің монополистік құрылымы жойылған жоқ, тек ведомстволық принципке сәйкес маманданған банктердің әсер етуші салаларының бөлінуі байқалды. Бұл олардың арасындағы бәсекелестіктің болдырмауына жол берді.

Банктік реформаның екінші сатысында тек банк құрылымы қайта ұйымдастырылып қана қоймай, несие қатынастар механизмі мен несиелеу қызметтерінің әдістерінде терең өзгерістер орын алды. Нәтижесінде Қазақстанда заңды түрде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты:

I-деңгейде - Қазақстанның Ұлттық Банкі;

II-деңгейде - коммерциалық банктер және басқа да жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын несие-қаражат ұымдары.

Курстық жұмыс үш үлкен бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өзінің орны ерекше. Несиенің дәл әрі нақты талданып, несиелеу кезеңдері көрсетілген. Несиелік механизм туралы да аз жазылған жоқ. Банктің несие беру процессі, банктің несиесі және де оның экономикалық мағынасы ауқымды түрде жазылды. Үшінші бөлімде әлемдегі банктің несие жүйесін мысал ретінде жаздым.

І Бөлім. Несие жүйесі

  1. Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы

Нарықтық экономикада несие - банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезеқте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.

Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т. б.

АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес саласын банк саласының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн. доллар соммасында бағаланған.

Американдық шаруашылықта пайдалынатын ақшалай капиталдың орта есеппен ¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд. долларды құрады.

Несие жуйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлм айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.

Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бір-біріне қарыз беру барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алкшы субьект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексальді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парқты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субьектілеріне- шаруашылық жүргізуші субьектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мпзмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.

Несиелік қатынастар мен несие фрмаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынада несие жүйесі ұғымын құрайды.

Ал несие жүйесі тар мағынасында - бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және бақа да ұаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.

Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын - несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік жәңе банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандырылған несие-қаржы мекемелері.

Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:

  • Орталық (эмиссиялық) банк;
  • Коммерциялық банктер;
  • Мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т. б) .

Қазақстан республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) несиелік профелі.

Банктердің несиелері әкономиканы тұрақтандыруда ең маңызды фактор болып табылады. Сондықтан да, қазіргі таңда банктік несие формасының рөлі арта түседі. Сонымен 1-кестеде берілген екінші деңгейдегі банктердің несиелік портфелі құрылымына экономиканың салалары бойынша соңғы үш жылдағы берген несиелеріне талдау жасайық.

Экономика салалары бойынша берген екінші деңгейдегі банк несиелері*.

1-кесте

Экономика салалары: Экономика салалары
01. ’011997:

01. ’01

1997

01. ’011998:

01. ’01

1998

01. ’011999:

01. ’01

1999

1998/97өсуі (+; -):

1998/97

өсуі (+; -)

1999/98өсуі (+; -):

1999/98

өсуі (+; -)

Экономика салалары: барлығы
01. ’011997: 48040. 4
01. ’011998: 80478. 7
01. ’011999: 85709. 2
1998/97өсуі (+; -): 1. 2
1999/98өсуі (+; -): 1. 4
Экономика салалары: Соның ішінде:қысқа мерзімді несие
01. ’011997: 31718. 2
01. ’011998: 41124. 4
01. ’011999: 50557. 5
1998/97өсуі (+; -): 1. 3
1999/98өсуі (+; -): -1. 2
Экономика салалары: өнеркәсіп
01. ’011997: 8841. 3
01. ’011998: 13735
01. ’011999: 11907. 1
1998/97өсуі (+; -): 1. 6
1999/98өсуі (+; -): -1. 2
Экономика салалары: Ауыл шаруашылығы
01. ’011997: 1449. 7
01. ’011998: 11604. 8
01. ’011999: 35551. 2
1998/97өсуі (+; -): 8
1999/98өсуі (+; -): -3. 3
Экономика салалары: Құрылыс
01. ’011997: 1299. 5
01. ’011998: 1789. 2
01. ’011999: 1558. 9
1998/97өсуі (+; -): 1. 4
1999/98өсуі (+; -): -1. 1
Экономика салалары: Көлік
01. ’011997: 615. 5
01. ’011998: 41. 2
01. ’011999: 1569. 9
1998/97өсуі (+; -): -15
1999/98өсуі (+; -): 38. 1
Экономика салалары: Байланыс
01. ’011997: 38. 5
01. ’011998: 1058. 4
01. ’011999: 750. 9
1998/97өсуі (+; -): 27. 5
1999/98өсуі (+; -): 1. 4
Экономика салалары: Сауда
01. ’011997: 5691. 8
01. ’011998: 10035. 3
01. ’011999: 17927
1998/97өсуі (+; -): 1. 8
1999/98өсуі (+; -): 1. 8
Экономика салалары: Басқалары
01. ’011997: 13781. 9
01. ’011998: 12861
01. ’011999: 13293. 2
1998/97өсуі (+; -): -1. 1
1999/98өсуі (+; -): 1
Экономика салалары: Орта және ұзақ мерзімді несие
01. ’011997: 16331, 2
01. ’011998: 19354, 3
01. ’011999: 35151, 7
1998/97өсуі (+; -): 1, 2
1999/98өсуі (+; -): 1, 8
Экономика салалары: Өнеркәсіп
01. ’011997: 7974, 3
01. ’011998: 9591, 2
01. ’011999: 9840, 8
1998/97өсуі (+; -): 1, 2
1999/98өсуі (+; -): 1
Экономика салалары: Ауыл шаруашылығы
01. ’011997: 1272, 1
01. ’011998: 2187, 7
01. ’011999: 5491, 3
1998/97өсуі (+; -): 1, 7
1999/98өсуі (+; -): 2, 5
Экономика салалары: Құрылыс
01. ’011997: 1117, 3
01. ’011998: 480
01. ’011999: 400, 7
1998/97өсуі (+; -): -2, 3
1999/98өсуі (+; -): -1, 2
Экономика салалары: Көлік
01. ’011997: 392, 4
01. ’011998: 2231, 7
01. ’011999: 3119, 8
1998/97өсуі (+; -): 5, 6
1999/98өсуі (+; -): 1, 4
Экономика салалары: Байланыс
01. ’011997: 54, 4
01. ’011998: 441
01. ’011999: 639, 1
1998/97өсуі (+; -): 8, 1
1999/98өсуі (+; -): 1, 4
Экономика салалары: Сауда
01. ’011997: 2, 3
01. ’011998: 650, 8
01. ’011999: 4232
1998/97өсуі (+; -): 282, 9
1999/98өсуі (+; -): 6, 5
Экономика салалары: Басқалары
01. ’011997: 5518, 4
01. ’011998: 3771, 9
01. ’011999: 11428
1998/97өсуі (+; -): -1, 5
1999/98өсуі (+; -): 3

Мақыш “Коммерциялық Банктер операциялары” С. Б Мақыш - Алматы, Қазақ Униерситеті 2002ж-120бет.

*- ҚР Ұлттық банктің статистикалық бюллетен

**- Мерзімі өткен ссудаларды есепке алғанда.

Келтірілген 1-кесте мәліметтеріне қарап, банктердің экономика салалары бойынша берілген несиелердің жалпы сомасы 1997 жылдың басында 48049, 4 млн теңгені құраса, ал 1998 жылдың басына бұл сома 1, 2 есе артып, 60478, 7 млн теңгеге жетеді. Жыл бойынша банк несиелерінің көлемі 1, 4 есе ұлғайып, 1999 жылдың қаңтар айына - 85709, 2 млн теңгені құрайды.

Берілген несиелердің мерзіміне қарай үлесін анықтасақ, қысқа мерзімді несиелер:01. 01. 97 жылы - 66%-ды(31718, 2 млн т), 01. 01. 98жылы - 68%(41124, 4 млн т) және 01. 01. 97жылы - 59% (50557, 5 млн т) құрайды. Қысқа мерзімді несиелер көлемі соңғы жылы азайғандығын көреміз.

Сондай-ақ орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне: 01. 01. 97жылы-34%(16531, 2 млн т), 01. 01. 98ж - 32%(19354, 3 млн т) және 01. 01. 99ж - 41%-ды(35151, 7 млн т) тиеді. Орта және ұзақ мерзімді несиелердің соңғы жылдардағы динамикасы олардың өсіп отырғандығын көрсетеді.

2-кесте

Н Е С И Е Ж Ү Й Е С І:

Н Е С И Е Ж Ү Й Е С І

:
Иерархия деңгі: Иерархия деңгі
Мекеме аты: Мекеме аты
Бөлімшелер аттары: Бөлімшелер аттары
Мекеменің қызметі: Мекеменің қызметі
Н Е С И Е Ж Ү Й Е С І: Банк жүйесі
: I
Иерархия деңгі: Ұлттық банк
Мекеме аты:

Орталық аппарат

Ұлттық банктің облыстық басқармалары

Бөлімшелер аттары:

1. ақша айналысын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуы.

2. Үкіметке несие-есеп айырысу қызметін көрсету.

3. Алтын-валюта резервін басқару.

4. Ақша-несиелік реттеу

Н Е С И Е Ж Ү Й Е С І: II
:

1. ЕДБ

2. Маман-данған банктер

Иерархия деңгі:

Орталық аппарт.

Филиалдары.

Өкілдік.

Еншілес банкі.

Бөлімшелері

Мекеме аты:

Клиенттерге несие-есеп айырысу қызметін кешенді түрде көрсету.

Банк көрсететін қызметтің жекелеген түріне ғана маманданған

Н Е С И Е Ж Ү Й Е С І:

Пара-

банк жүйесі

: III
Иерархия деңгі: Маман-данды-рылған арнайы несие-қаржы мекеме-лері
Мекеме аты:

Орталық аппараты.

Филиалдары.

Өкілдік.

Бөлімшелер аттары: Маманданған несие-есеп айырысу және қаржылық қызмет көрсету.
Н Е С И Е Ж Ү Й Е С І: IV
: Пошта-жинақ мекеме-лері
Иерархия деңгі:

Орталық аппарат (ААҚ Қазпошта) .

Бөлімшелері

Мекеме аты: Халыққа несие-есеп айырысу қызметін көрсету, ұсақ салымдарды тарту

Мақыш “Коммерциялық Банктер операциялары” С. Б Мақыш - Алматы, Қазақ Униерситеті 2002ж-30бет.

Кесте-3

Екінші деңгейлі банктердің несиелері*

жылдың соңында млн т

:
1991**: 1991**
1992**: 1992**
1993: 1993
1994: 1994
1995: 1995
1996: 1996
: Кредиттер, барлығы
1991**: 57095
1992**: 987672
1993: 14564
1994: 44683
1995: 42985
1996: 60953
: Қысқа мерзімді
1991**: 50033
1992**: 953422
1993: 13879
1994: 42733
1995: 38819
1996: 41387
: Орта мерзімді
1991**:
1992**:
1993:
1994:
1995:
1996: 16769
: Ұзақ мерзімді
1991**: 7062
1992**: 34250
1993: 986
1994: 1950
1995: 4166
1996: 2797

*- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің көрсеткіштері бойынша

**- млн теңге

:
1997: 1997
1998: 1998
1999: 1999
2000: 2000
2001: 2001
01. 07. 2002: 01. 07. 2002
: Барлығы
1997: 71702
1998: 93442
1999: 148830
2000: 276218
2001: 489817
01. 07. 2002: 552121
: Қысқа мерзімді
1997: 51208
1998: 57927
1999: 75426
2000: 143195
2001: 241135
01. 07. 2002: 248438
: Орта мерзімді
1997: 15313
1998: 26978
1999: 37194
2000: 71592
2001: 136112
01. 07. 2002: 159507
: Ұзақ мерзімді
1997: 5180
1998: 8537
1999: 36210
2000: 61430
2001: 112569
01. 07. 2002: 144177

Информационно-аналитический сборник. Қазақстан 91-2001. Сұлтанбеков 408бет.

1. 2 Несиелеу объектілері мен субъектілері

Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыда несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынастар субъектілері деп атауға болады. Несие берушіге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық) , банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады.

Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдаланылған заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.

Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, сатып алады. Жартылай өнімдер, азық - түліктер және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады.

Ұзақ мерзімді несиелеу объектісіне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • өндіріс объектісінің құрылысы;
  • өндіріс объектісін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;
  • техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
  • жаңа өнімді шығаруды ұйымдастыру.

Несиелеу принциптері негізінен несиелік процесс, яғни банктік несиенің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижесіндегі және т. б. анықталады.

Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері 2 топқа бөлінеді:

І - топқа. Жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:

  • несиенің мақсаттылығы;
  • несиенің дифференциалдығы.

ІІ - топқа. Несиенің мәнін бейнелейтін принциптер.

  • Несиенің мерзімділігі;
  • Несиенің қайтарымдылығы;
  • Несиенің төлемділігі;
  • Несиенің қамтамасыз етілуі.

Несиені қамтамасыз етудің келесі бір жолы - несиені сақтандыру.

Несие әдістері - несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорынның қаражат айналысының шеңберіне қатынасу тәсілдері.

Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің 2 әдісі қолданылған:

  1. қалдық бойынша
  2. айналым бойынша

Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы (яғни, несиені беру және қайтару) несиелнетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болып келеді. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы - материалды құндылықтар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар т. б. ), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Мұндай несие әдісіне компенсациялық сипатта болады, өйткені, компенсациялық несие жай несиелік шоттар бойынша беріледі. Сондай-ақ бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге асырылады.

Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен, яғни олардық түсу және жұмсалуына байланысты анықталады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болады, себебі несиенің берілуі тікелей төлемдегі қатысты және ең бастысы, заемдық қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылады. Айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиенің көмегімен жүргізіліп, арнайы несие шарттары бойынша беріліп отырған. Бұл жерде несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен банктік несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.

Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:

  • айналым бойынша несиелеу әдісі;
  • қалдық бойынша несиелеу әдісі;
  • айналым - қалдықтық.

Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналысындағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективті қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады.

Қалдық бойынша несиелеу барысында несиенің несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтары мен өзара байланыс. Қалдық бойынша несиелерді несиелеу объектісін кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелерде несиелеу объектісі толығымен қамтылады.

Айналым және қалдық бойынша несиенің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдық тық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде, несие деген қажеттіліктің туындалуына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие туарлы-материалды құндылықтарды кепілге ала отырып, шығындар айналыстың бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде несие клиенттің банкалдындағы мерзімді міндеттері негізінде өтеледі. Несие берудің мұндай формасын несие желіні ашу деп атайды.

Несиелік желі - келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде қарыз алушыға несие беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің алдыңғы міндеттемесі. Жаңартылған несиелік желі әдісінің сыртқы көрінісі жағынан отандық, яғни ірі объектінің айналым бойынша несиелеу әдісіне көбірек ұқсастығы да болады.

ІІ Бөлім. Несие түрлері

2. 1 Банктік несие және оның экономикадағы рөлі

Банктік несиенің рөлі оның экономикадағы мемлекеттегі және халықтағы қолданыс нәтижелерімен және оларды әдістерімен ерекшеленеді. Әдістері туралы айтатын болсақ, олар әдетте қаражаттың ақылы ұсынылуымен кредиттің қайтарылымын белгілі дәрежеде шартталады. Бұл несие операциясының қатысушыларының жауап кершілігі мен қызығушылығын арттырады, олардың қарыз қаражат (немесе мақсатқа сай) қолдануына себеп болады.

Несиелік қатынастарға қаражатты пайдаланғаны үшін төлеген құнына қоса қаражаттың қолданылатын қаражат мөлшері мен оларды пайдалану уақытын үнемдеудің қызығушылығын арттырады.

Берілген несиелік қатынастардың ерекшелігі бюджеттік қаржыландырудың суммсының кемуінде материалдық қызығушылықтың, оларды пайдалану мүлдем жоқ болатын қайтарылмайтын бюджеттік қаржыландырумен теңестіргенде байқалады.

Белгіленген ерекшеліктер, әсіресе, қайтарылымдығы, жеделдігі және ақылығы ресурстардың үнемдеуінде несиенің маңызын арттырыды.

Несиені пайдалану нәтижелері маңызды және алуан түрлі қаражаттың қайтарылуы үшін қолданылатын несие өндіріс процесіне тауарды өткізу мен тұтымына және ақша айналымының салаына ықпал етеді.

Несиенің рөлі коммерциялық, банктік, мемлекеттік тұтыну және ипотекалық несиелерде пайда болатын несиелік қатынастардың алуан түрлерін іске асыру нәтижесінде анықталады. Әр бағыттағы несиенің әсері неисиелік қатынастардың қандай да бір түрі басты, яғни доминантты орынды алады.

Несиелік қатынастардың жүйесінде несиелеу операцияларын орындау үшін қаражатты тарту өте маңызды. Бірақта ондай әрекет әр түрлі несиелік қатынастар үшін бірдей емес. Мысалы, коммерциялық несие қолданғанда несие алушының басқа жақтан қаражат тарту керегі жоқ. Өткізіліп жатқан тауардың төлеу мерзімін ұзарту үшін қарыз қаражатты ұсыну кезінде несие алушының ресурстары қолданылады. Бұл несие алушының қаржы салымын компенсациялау үшін банктік несиені қолдануды жоққа шығармайды. Банктердің бұндай іс-әрекеті маңызды, себебі тартылған қаражаттың бар болуы қаражат меншіктенушілері оларды тауарды сатып алу үшін жұмсамағанын білдіреді. Басқаша айтқанда, банктік несиені қолдану - нәтижесінде материалдық ресурстарды қайта бөлуге әкеліп соғады. Бұндай нәтиже банктік несиені қолдану - шаруашылықтағы материалды ресурстарды қайта бөлудегі мәнінде мінездеді:

Негізінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мемлекеттік, тұтынушы және жылжымайтын мүлікті залогқа және тұрғын үй сияқты мүлікті құруда ипотекалық несиені қолдану кезінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мүмкін болады.

Бұның бәрі несиенің материалдық ресурстарды қайта бөлу кезінде өте маңызды екенін дәлелдейді. Бірақтан бұл ресурстарды орынды пайдалану дәрежесіне жететін несиелік қатынастарды керек етеді.

Сонымен қатар, несиенің рөлі тауарды өндіру мен өткізудің үздіксіздігінде көрініс табады. Кәсіпорынның уақытша ақшалай түсім мен шығындардың жүйелі түрде сәйкес келмеуінен қажетті тауарлы - материалдардың құндылықтарды сатып алуға, қаражаттың жетіспеушілігі қызмет көрсетуді төлеу және осының салдарынан тауарды өндіру мен өткізу процессінің үздіксіздігінің бұзылуы мүмкін. Қарыз қаражаттарын беру уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіру процесі, сонымен қатар оның үздіксіздігі мен жылдамдатуына кедергі әсерін тигізіп отыратын, қарыз алушыларда қаражаттың үздіксіз қайталанып тұратын “құйылымы” мен “шегіну” игеріледі.

Несие өндірістің мерзімділігі мен өнімнің белгілі түрлерін өткізумен шартталған қаражатта уақытша қажеттілігін қанағаттандыруда үлкен роль атқарады. Қарыз қаражаттарын пайдалану мерзімдік қосалқылардың пайда болуына және кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық мерзімдік салаларының мерзімдік шығындарды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Ең маңыздысы несиені пайдалану кезінде кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне ғана қолайлы жағдайда жасалып қоймай, ресурстарды экономикада пайдалану үшін де жағдай жасалады, себебі бұл кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысын (әрекетін) өзінің қаражатының менималды көлемінің жұмсалуымен іске асыра алады және резервтердің азаюы, соның ішінде ақшалы бөлігін де санағанда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің формалары мен түрлері туралы
Несие ақшаларының түрлері және несие формалары
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Қысқа мерзімді несие
Несие қатнастарының заңдылықтары
Несиенің формалары және түрлері
Несиенің қызметтері және оның экономикадағы маңызы
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Қазақстан Республикасы несие жүйесінің дамуы мен перспективасы
Ақша – несие саясатының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz