Діни бірлестіктердің ұғымы мен маңызы


1. Діни бірлестіктердің ұғымы мен маңызы.
109 бап. Діни бірлестік.
1. Рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде, заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі деп танылады.
3. Республикадан тыс жерлерде басқару орталықтары бар Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер әділет органдарында тіркеуге жатады. Басқару орталықтарының жарғылары (ережелері), егер олар Қақастан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, осындай діни бірлестіктер жарғыларының (ережелерінің) негізіне алынуы мүмкін.
9. Діни бірлестіктер өз қаражаты есебінен сатып алған немесе өздері құрған азаматтар, ұйымдар жылу ретінде берген немесе мемлекет берген және заң құжаттарына қайшы келмейтін басқа да негіздер бойынша сатып алынған мүлікке меншік құқығы болады.
10. Діни бірлестіктерге қатысушылардың (мүшелерінің) осы ұйымға өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар діни бірлестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал діни бірлестік өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
11. Діни бірлестіктің құқықтық жағдайының ерекшеліктері осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заң құжаттарына сәйкес белгіленеді.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ғибадат үйi (ғимараты) - құдайға құлшылық етуге, дұға оқу мен дiни жиналыстарға, тәу етуге (мiнәжат етуге) арналған объект;
2) миссионерлiк қызмет - өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын дiни бiрлестiктердiң жарғылық ережелерiнде жоқ дiни сенiмдi дiни ағартушылық қызмет арқылы уағыздау және тарату;
3) дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi мемлекеттiк орган.
Біреу білер, біреу білмес, білгендердің өзі жете мән бермейтін, мән бергеннің өзінде де ертеңгі күні өзінен - өзі реттеліп кететіндігіне иланғаннан басқа ешқандай қауқар танытпай келе жатқан бүгінгі күннің ең өзекті басты мәселелерінің бірі - дін. Иә, өзге өркениетті елдерге тән діни сенім бостандығы бұл күнде бізге де жат емес.
Діни сенім бостандығы. Ол қандай бостандық? Діни сенім - саналық күш, саналық қуат. Ал сол сана діни сенімге тәуелді болса, ол қалайша бостан болмақ? Конституция бойынша біздегі ең басты құндылық - адам.
Біз ұдайы үлгі тұтатын жетекші өркениетті елдер адам санасын өздері қалауындағы дінге тәуелді етуге милиардтаған қаржыны бекерден - бекер шашып отырған жоқ. «Шашып» дегенді сөз ретіне қарай қолдандық. Болмаса . . . Иә. «Бекерлен - бекер мал шашпақ» өзге ұлыс үрдісінде әу бастан болған емес. Алайда сол «бекерден - бекер шашылған мал» бұл күнде өз жемісін бере бастады. Біз қажетсіз санаған әлгі «бостан сана» қазіргі кезде өз қалауын жасаған.
Рас, түр - түсінде айырмашылық бола қоймас, бірақ олардың жан - дүниесі ешқашан қазақ бола алмайды. Себебі, тіл, діл, дін - тұтас ұғым. Осы үш таған ұлтты құрайды. Сондықтан шындықтың бетіне тура қарағымыз келсе, әлгі жарты милионды діни сенім бостандығының жемісі емес, қасіреті деп білгеніміз жөн.
Жоғарыда айттық. Тіл, діл, дін - тұтас ұғым. Осы тұтас ұғым ұлттық өлшем.
Рас, қазақ аруақ шақырады. Аруақ - қазақтың болмысы, ал - ислам діни сенімі. Қазақтың күші де, қуаты да, рухы да сонда. Тұтастықта. Қазақ - адамды ардақ тұтқан. Бізге ата - бабаларымыздан мирасқа мешіт емес, күнбезді кесенелер қалған. Қазақстан Арыстанбапқа түнейтіні, Қожа Ахметке тілейтіні сондықтан. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дегенді де қазақ айтқан. Себебі, ия Алла кешіреді, ал аруақ кешірмейді. Бұл баз біреулер байбалам салатындай Аллаға серік қосу емес. Білгенге бұл - қазақтың діни ұстанымының негізі. Расында адамның адамға жасаған қиянатын Алла кешпейді. Оны кешу - кешпеу қиянат көрушінің құзырында. Жалпы кімде болсын оқу - білім арқылы Алланы тану мен жаратылыстық болмысы арқылы түзілген әлмисақтан мұсылман ұлыстық ғұрыптың аражігін ажыратып алмай, біздің сеніміміз бен ғибадатымыз мәнін ұшғынбайды. «Қазақ әу бастан діндар болмаған» дегенді халық жадында сіңіргісі келіп жүргендер д солар. Олар ұлт пен ұлт арасындағы осы жаратылыстық айырмашылыққа әсте мән бермей, бәрін көзге көрініп тұрған формалық өлшем арқылы таразылағысы келеді. Біздің ала тақиялыларды өзімізге қарағанда діндар көретініміө сондықтан. Осы негізсіз жалған дәйектемеге сенгендіктен. Адамның Аллаға деген ішкі сенімі (ол сенім біз жоғарыда айтқандай оқу - білім арқылы кемелденеді, бірақ қалыптаспайды) әлгі «діндарлардан» биік тұрғандықтан, ол өзін төмендеткісі келмейді. Бар гәп осында. Біздің олардың өздері түгілі медреседен тәлім алған ұстаздарының айтқандарына да бас шұлғи бермейтініміз сондықтан. Ал, ол бізге танымдық түйсікті, білімді берген кім? Әрине Алла. Бірақ бұл деген бізге исламдық парыздары орындамасақ та болады деген сөз емес. Гәп - қалай орындауда. Ал, ол қалай орындалады? Біздің ата - бабаларымыз мың жылдан бері қалай орныдалып келсе, бізде солай орындаймыз. Дәстүрлі дін дегеніміз сол. Ал оны қайта жаңғыртатын, бүгінгі күнімізге үйлестіретін - Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы. Сондықтан Республикамыз аумағында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құзырынан тыс ислам діні насихаттайтын бірде - бір діни мекеме тіркелмеуі тиіс. Бұл жерде заңдылық тұрғыда көлденең тартылатын діни сенім бостандығы - мемлекет мүддесінен қымбат емес. Ал діни басқарма құзырынан тыс жұмыс жасағысы келетін діни бірлестіктер қазақ мүддесін ойлайды дегенге илану - мемлекет іргетасына кезі келгенде жарылатын бомбаны қалап жібергенмен бірдей. Біз «кезі келгенде жарылатын» деп қазақы бейқамдықпен бүгінгі күні шындығына жете мән бермегендей болып отырмыз. Болмаса Қазақстан мұсылмандары мен оның Діни басқармасына қауіп төндіретін күштердің ашық бой көрсете бастағанына біраз болды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. ҚР Конституциясы. Алматы. «Жеті жарғы», 1999 - 424 бет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz