Астана – еліміздің жүрегі


Астана - еліміздің жүрегі
Қазақстан Республикасының елордасы - Астана 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс казак әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 жылы Ақмола қала мәртебесін алды.
1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километрді алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді және келешегі зор.
Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Астана бесінші сағат белдеуінде тұр. Жергілікті уақыттың нөлдік меридианға қатысы жазда +06. 00, қыста +07. 00 сағат бойынша есептеледі.
1991 жыл. Күні кешегі алып империяның ондаған ұлттары дағдарыс үстінде. Миллиондаған халық абыржулы. Үш славян елі - Ресей, Украина, Белорусь - өзгелерден оқшауланғандай мінез танытты. Бір шаңырақтың астында өмір сүріп, достықтың туын тіккен халықтар арасына жік түсу қаупі туды. Осындай аумалы-төкпелі заманда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев бұрынғы Кеңес Одағының 11 республикасы басшыларын Алматыға жинап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының іргетасын қалады. Күні кешеге дейін тату-тәтті өмір сүріп келген ондаған ұлттың өкілдерін мәмілеге шақырды.
1993 жыл. Қазақстанда қиын жағдай қалыптасты. Ресей елімізді рубль аймағынан шығарып тастады. Бірақ Қазақстан сасқан жоқ. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы күндердің күнінде осындай жағдайдың болатынын алдын ала болжап, қазақтың ұлттық валютасын - төл теңгесін айналымға әлдеқашан дайындап қойған еді. Ал теңгеміз қазір ТМД аумағындағы ең тұрақты валютаның бірінен саналады.
Алматы. 1994 жыл. 6 шілде. Бұрынғы Жоғарғы Кеңестің ғимараты. Депутаттар Президент Н. Ә. Назарбаевтың әдеттегі батыл шешімдерінің және бірінің куәсі болды. Ол - астананы Алматыдан ел орталығына көшіру идеясы. Бұл айтулы тарихи оқиғаны Елбасы жуырда жарық көрген «Еуразия жүрегінде» атты кітабында былайша суреттейді: «1994 жылғы 6 шілдеде Парламент сессиясының жалпы отырысында астананы Алматыдан республиканың орталық өңірі Ақмолаға көшірудің қажеттілігін қисындық және мән-жайлық тұрғыдан негіздеп сөз сөйлегенім әлі күнге анық жадымда… Депутаттарға жаңа астананы таңдау 32 өлшем бойынша жүргенін тәптіштеп айтып бердім…Жаңа астананы таңдаудың барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққанына тоқталдым… барлық тартысты жағдайдан кейін депутаттар мемлекеттік істе даурықпаға және шеткері қалаға көшу мәселесінде жеке бастың мүддесіне орын жоқ екендігін көрсетіп, мемлекеттік қайраткерліктерін танытты… Жоғарғы Кеңестің Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына ауыстыру туралы ұсынысына келісім берілсін», деп қабылдаған шешімі залда жарияланды.
Бұл - Президент Н. Назарбаев тұңғыш рет 1992 жылы көтерген стратегиялық шешім еді. Жоғарғы Кеңестің елорданы көшіру туралы шешімі елдің аса маңызды оқиғалары хронологиясында 1994 жылғы 6 шілде болып белгіленді.
1998 жылғы 6 мамырға дейін Ақмола деп аталған Астана, Президенттің Жарлығымен 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы деп жарияланды.
1998 жылғы 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы - Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1999 жылы Астанаға ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» деген наградасы берілді. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3, 5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238, 6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.
Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.
1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар.
Мұнан кейінгі жылдары да жұртшылық Елбасының істің көзін тауып, қиыннан қиыстыра білетін талай тамаша қасиетінің куәсі болды.
Елорданың жаңа әкімшілік орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Пекин-Палас» бизнес-орталығының құрылысына дайындық жұмыстары басталды. .
Тағы 10 нысан - жанар-жағармай құю стансасы, «Capital Forum» Ынтымақтастық және даму халықаралық орталығы, 6 қабатты медиа-орталық, сауда-демалыс кешені, халықаралық сауда орталығы, т. б. нысандар құрылысқа рұқсат алу және жобалау кезеңінде тұр.
2005 жылдың басынан бері барлығы 15 нысан тіркелді, оның ішінде 3 әкімшілік ғимарат, әлеуметтік мақсаттағы 4 нысан, 4 тұрғын үй, 4 инженерлік, көлік инфрақұрылымдары бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz