ТаразЭнергоОрталыққа насостың өнімділігін басқаратын СЭН-ге энергоблоктарды, тартпаның айналу жиілігін өзгерту жолдары арқылы енгізу ұсыныстарын өңдеу


Мазмұны
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі өнеркәсіп кәсіпорындарының даму негізі болып жалпы инфроқұрылымдағы барлық субъектілерге тұрақты тәуелді болуы табылады. Өндірістік-шаруашылық қызметте кәсіпорын әрқашан шикізат тасымалдаушылармен тікелей және жанама қарым-қатынасқа түседі, сонымен қатар дайын өнім тұтынушылармен және бәсекелестермен де қарым-қатынаста болады. Кез-келген кәсіпорын мақсатынан шыға, өз тұтынушысын жасау, нарықта өзінің жағдайын тұрақтандыруға тырысады, осыдан кәсіпорын басқада кәсіпорын жағдайын төмендетеді. Барлық сферадағы өндірістік кәсіпорындар бұрынғыдай, негізінде, әрқашан өздерінің жеке мәселелерімен жалғыз қалады.
Әрине, бұндай жағдайда олардың қызметін қажет емес сілкулерден қорғау мүмкін емес. Сондықтан, кәсіпорынның қызметін сыртқы ортаның кері әсерінен қорғау мәселелері туындайды, сонымен қатар түрлі қауіптерді тез құрту немесе кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізбейтін қазіргі кездегі жағдайға бейімделу. Осы сұрақтарды шешу өзімен бірге кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін ұсынады. Бұл түсініктің мағынасы өзіне тұрақты бәсекелестікті және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін шаралар жүйесін қосады.
Сонымен бірге кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының шегін анықтау нарықтық жағдайда экономикалық мәселенің маңызды бөлігі, өйткені жеткіліксіз қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның өндірісті дамытуда құралдарының жоқ болуына, төлем қабілетсіздігіне және соңғы кезекте банкротқа ұшырауына әкелу мүмкін, ал «артық» тұрақтылық артық қорлармен кәсіпорын шығындарына ауыртпалық салып, дамуға кедергі келтіреді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Яғни осы мәселеге менің дипломдық жұмысым арналады.
Бүгінгі экономикамыздың даму шағында мемлекет басшысы барлық экономика салаларынд энергоүнемдеу бойынша кең масштабты жұмыс жасау керек екендігін мақсат етіп отыр. ҚР Президентінің Қазақстан халқына 2008 жылғы Жолдауында Үкіметке өз күштерін энергоүнемдеу және экологиялық таза технологияларды енгізуге жұмсау тапсырылды. Энергоүнемдеудің мақсаты мен мүддесі - бұл энергетикалық ресурстарды тиімді қолдануды жоғарлату.
Бүгінгі даму кезінде Қазақстан әлемдік энергетикалық нарықта энергетикалық ресурстарды экспорттаушылардың қатарында тұр, сондықтан өз қызметін экономиканың мына секторында келесі стратегиялық бағыттарымен жоспарлау керек:
1. Әлемдік нарыққа мұнай-газ проектілеріне әлемдік мұнай монополияларын, шетелдік іскерлер шеңберін, ірі инвестицияларды тарту арқылы шығару.
2. Әлемдік мемлекеттер қауымдастығының Қазақстанға энергетикалық шикізат тасымалдаушы ретінде қызуғышылығын тудыруды жоғарлату үшін барлық жағдайды жасау
3. Шетел капиталын мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз еті үшін тарту.
4. Мемлекеттің электроэнергетикалық және жылумен қамтамасыз ету энергетика салаларын дамыту, яғни энергоүнемдеу, энерготиімділік және энергоқауіпсіздікті әлемнің жетекші мемлекеттер қауымдастығының деңгейіне дейін жеткізу.
Экономиканың өскелең қажеттіліктерін қамтамасыз ететін елдің энергетикалық әлеуетін арттырудың:
Міндеттері:
1. Жинақтағыш қуаттар мен электр желілік объектілерді жаңғырту және озық дамыту.
2. Атом энергетикасының негіздерін жасау.
3. Энергияның жаңартылатын көздерін дамыту.
4. Энергия үнемдейтін технологияларға көшуді ынталандыру.
Шешу жолдары:
Елдің электр энергиясына деген өскелең қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қазіргі электр станцияларын қайта жаңарту және кеңейту әрі жаңаларын салу жөніндегі бірқатар жобаларды іске асыруға кірісуді жоспарланады.
Қазақстанның оңтүстігін энергиямен жабдықтау мәселелерін шешу мақсатында «Самұрық» холдингі жаңа ірі жылу электр станциясын салудың әр түрлі нұсқаларын қарастыратын болады.
Үкімет шектес мемлекеттермен кешенді энергетикалық жүйе құру мәселелерін зерделейтін болады.
Энергетикалық қуаттарды дамыту мен қалпына келтірудің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін шаралар кешені әзірленетін болады.
Республиканың жинақтағыш қуаттарын ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыру кезінде энергия теңгеріміне жаңартылатын энергия көздерін тартуға ерекше назар аударылатын болады. Ең алдымен, бұл - су энергетикасы, жел энергиясы мен күн энергиясын пайдалану. Осыған байланысты елдің әрбір өңірінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану әлеуетін анықтау жөніндегі мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізілетін болады. Энергетиканың осы секторына инвестицияларды ынталандыру шаралары әзірленетін болады.
Энергияны тиімді пайдалануды ынталандыруға, сондай-ақ энергетика саласына ғылымды қажетсінетін энергия үнемдеу технологияларын және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін енгізу тетіктерін әзірлеуге бағытталған энергия үнемдеу туралы заң жобасының жаңа редакциясы әзірленетін болады.
Нәтижелері:
2009 жылы электр энергиясын өндіру шамамен 84 млрд. кВт/сағатты, көмір өндіру 96 млн. тоннаны құрайды.
Электр энергетикасында «Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің ЖВЖ-500 кВ екінші желісін, «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін және Қандыағаш ҚЖЭС салу жөніндегі жұмыс аяқталатын болады.
Ұлттық энергетика желісін жаңғырту аяқталатын болады
Ал облысымызға келетін болсақ, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы облыстық мәслихаттың сессияларында бекітілген 30 аймақтық бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылуда.
Өнеркәсіп кәсіпорындары бірінші жартыжылдықта 61, 1 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 11, 1 пайызға артық.
2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда химия, металлургия, тамақ, электр энергиясы, мұнай өнімдері, дайын металл бұйымдары, баспа ісі, ағаш бұйымдары өндірісінде өндіріс көлемдері өсті.
Әрине, электр энергиясын өндіретін «Таразэнергоорталық» АҚ-да өз үлесін көптеп қосып отыр. Дипломдық жұмысымның объектісі АҚ «Таразэнергоорталық» болып табылады. Оның қызметіне: өнім шығару, жылу және электр энергиясын беру және іске асыру, ол жылу энергияны іске асыраттын және өндіру саласында монополист болып табылады, яғни Тараз қаласы бойынша негізгі жылу тасымалдаушысы. Дипломдық жұмысымда «ТаразЭнергоОрталық» АҚ-ның соңғы 3 жылғы бухгалтерлік балансы, 1-Ө нысаны «Кәсіпорынның өнім өндіру туралы есебі», 1-Е нысаны «Негізгі жұмыс топтары бойынша қызметкерлердің орташа жылдық саны және жалақы қоры туралы деректер», кәсіпорынның өнімінің өзіндік құнының калькуляциясы қолданылды.
1. Кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін арттыру жолдары
1. 1 Кәсіпорын мен кәсіпорынның басқару-ұйымдастыру құрылымы туралы негізгі түсініктер
Әр - түрлі белгілеріне байланысты кәсіпкерлік іс - әрекеттері келесі түрлерге жіктелінеді:
а) іс - әрекеттерінің түрлеріне байланысты;
б) жекешелендіру формалары бойынша;
в) жекеменшілер сандарына байланысты;
г) ұйымдастыру - құқықтың түрлеріне байланысты;
д) ұйымдастыру - экономикалық формаларына байланысты;
е) жұмысшыларды жалға алу дәрежелеріне байланысты.
Жоғарыдағы айтылған түрлерінің кейбіреуін қарастырайық:
1) Кәсіпорындар өз іс - әрекеттерінің түрлеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- өндірістік кәсіпорындар;
- коммерциялық кәсіпорындар;
- қаржылық кәсіпорындар;
- консультативті кәсіпорындар;
- сақтандыру кәсіпорындары.
2) Кәсіпорындар өздерінің жекешелендіру формалары бойынша, яғни мүліктері-жекеменшілікті, мемлекеттік және - муницикальдық (селолық, қалалық, аймақтық) сонымен қатар қоғамдық бірлестіктерде (ұйымдарында) болуы мүмкін.
3) Жекеменшілер сандарына байланысты кәсіпкерлік іс-әрекеттер - жеке кәсіпорындар немесе ұжымдық кәсіпорындары болуы мүмкін.
Кәсіпорындар жеке болған жағдайда оның барлық мүліктері бір ғана жеке тұлғаның қарамағында болады, ал ұжымдық кәсіпорында, барлық мүлік бірнеше субъектілердің қарамағында болуы мүмкін. Әр субъектілердің қосу үлесіне байланысты меншікті мүліктер екі түрде кездеседі:
а) - үлесті меншік;
б) бірлесті немесе ортақ меншік.
Жалпы барлық кәсіпкерлік формаларды жеке-жеке қарастырсақ, онда оларды төменгі екі топқа бөлуге болады:
I) ұйымдастыру-экономикалық формалары бойынша және ұйымдастыру-құқықтық формалары бойынша:
Бірінші топқа - «ұйымдастыру-экономикалық формалары» бойынша кәсіпкерлікке төменгілерді жатқызуға болады: 1) -концерналарды, 2) - ассоциацияларды, 3) - консорциумдарды, 4) синдикаттарды, 5) картельдерді және 6) - қаржы-өнеркәсіпті топтарды. Енді әр-қайсына түсініктеме берейік:
1) Концерналар дегеніміз - бұл көпсалалы акционерлік қоғамдарды айтамыз. Әр-түрлі кіші-кірім компаниялардың контрольды пакет акцияларына еге болуына мүмкіндігі бар кәсіпорындар. Басқа сөзбен айтқанда, концерн - бұл басты (головной) қоғам, ал - әр түрлі кіші-шағын компаниялар, соның филиалдары болып келеді. Сонымен қатар шағын компаниялар немесе филиалдар басқа елде орналасқан шағын компаниялардың пакет акцияларынада еге бола алады.
2) Ассоциация дегеніміз- бұл жеңіл формадағы өз бетінше, өз еркімен ұйымдасқан экономикалық кәсіпорындарды айтамыз. Ассоциация құрамына, көбіне бір белгілі аймақтарда орналасқан бір бағытта мамандандырылған кәсіпорындар мен мекемелердің кіруін айтамыз. Ассоциацияның ұйымдастыруының негізгі мақсаты - барлық кәсіпорындардың ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешуінде.
3) Консорциум дегеніміз - бұл күрделі қаржы операцияларын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған ұйымдарды айтамыз. Бұндай ұйымға кірген кәсіпкерлердің өз қаржы құралдарын күрделі жобаға жұмсауына мүмкіндігі бар. Бұндай салымдардың тәуекелге бел-байлау дәрежесі төмен, өйткені жауапкершілік бір адамға емес, ал ұйым мүшесіндей барлық кәсіпкерліктер мойына алады.
4) Синдикат дегеніміз, бір салада еңбек етіп жүрген кәсіпкерлердің өнімдерінің өнімін қамтамасыз етуді ұйымдастырып отыратын ұйымдарды айтамыз. Бұндай әркеттер кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік әрекеттердің болмауына мүмкіндік береді.
5) Картель дегеніміз - бұл бір салада әрекет етіп жүрген кәсіпкерлердің жалпы өндіріс көлеміндегі өнімдерін бағаны белгілеу және оны тұтынушыларға жеткізуге дейінгі мәселелер бойынша келісімге келуді білдіреді.
6) Қаржы-өнеркәсіптік тобы дегеніміз, өнеркәсіптік, несие беруші (банктік), сақтандыру және сауда капиталдарын біріктіретін ұйымдарды айтамыз.
II) Келесі кәсіпорындардың ұйымдастыру-құқықтық формаларына төменгі кәсіпорындарды жатқызамыз:
I II III
Сурет 1- Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық формасы
I - шаруашылық серіктестіктері мен қоғамдарға келесі кәсіпорындарды жатқызуға болады:
1. 1 - толық серіктестерді;
1. 2 - жауапкершілігі шектеулі серіктестерді;
1. 3 - қосымша шектеуліктері бар адамдар;
1. 4 - акционерлік қоғамдар (ашық және жабық АҚ)
1. 5 - күрделі кәсіпорындарға тәуелді шаруашылық қоғамдар;
1. 6 - өндірістік кооперативтері;
II - мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындарға төменгілерді жатқызуға болады:
2. 1 - шаруашылық жүргізуге құқы бар унитарлы немесе бірыңғай кәсіпорындар;
2. 2 - оперативті басқаруға құқы бар унитарлы немесе бірыңғай кәсіпорындар.
III - Коммерциялық емес ұйымдарға төменгілерді жатқызуға болады:
3. 1 - қоғамдық және дін ұйымдары мен бірлестіктерді;
3. 2 - әр түрлі қорларды (зейнет-ақы қоры, ана мен баланы әлеуметтік қорғау қоры және т. б. ) .
3. 3 - заңды тұлғалардың ұйымдарын, одақтарын.
1. Кәсіпорындардың ойдағыдай қызметтерін (іс -әрекеттерін) жүргізу үшін, ең қажетті мәселелердің бірі - бұл өздерінің өндірістік және ұйымдастыру құрылымдарын тиімді де және ұтымды жасау алулары керек.
Кәсіпорындар құрылымы дегеніміз - кәсіпорынның дұрыс қызмет істеуіне және дамуына әсер ететін бір - бірімен тығыз байланыста болатын элементтердің жиынтығын айтамыз. Әуелі өндірісті дұрыс жүргізу үшін кәсіпорындар, ұтымды өндіріс процесін тізбектеп қалыптастырып алулары қажет.
Өндірістік құрылым дегеніміз - кәсіпорындарды өнімді өндіру процесінде тікелей қатысатын цехтардың, бөлімдердің, қызмет орындарының және т. б. элементтерінің бір құрамда болып, бір - бірімен байланыста болатындығын сипаттайтын мағына. Өндірістік құрылым кәсіпорындардың негізгі экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді де, сонымен қатар кәсіпорын бөлімдеріндегі еңбектің бөлінуін сипаттайды (бірінші көрсеткіштерді атап кетуге болады) .
- өнімнің сапасын
- еңбек өнімділігінің өсімшесін
- өндіріс шығындарының көлемін
- кәсіпорын қорларының қолдануының тиімділігін
Өндіріс құрылымының негізгі элементтері болып кәсіпорынның цехы, бөлімдері және жұмысшылар орнын айтуға болады. Цех дегеніміз - кәсіпорындағы негізгі құрылым болып есептелінеді - мұнда өндірістік функциялар орындалады. Цехтар екі топқа бөлінеді:
1. негізгі
2. қосымша
Негізгі бөлімге төмендегілерді жатқызуға болады:
- дайындық (заготовительные)
- өңдеу (обрабатывающий)
- жинақтау (сборные)
Қосымша бөлімге төмендегілерді жатқызуға болады:
- ремонттау
- (энергиямен қамтамасыз ету)
Өндірісті ұйымдастыру кездегі басты звено болып - жұмысшылардың орнын айтамыз. Әрбір кәсіпорынның жұмысының корытындысы көбіне жұмысшылар орнының ұйымының жағдайына байланысты, сонымен қатар жұмыс уақытының жұмысшылар үшін ұтымды, ыңғайлы болуына байланысты.
Өндіріс құрылымы тұрақты болуы мүмкін емес, техника мен технологияның, өндіріс, еңбек және кәсіпорынның басқаруының ұйымдастыруы өзгерген сайын, өзгеріп отырады. Өндіріс құрылымының өзгеруіне әсер ететін факторлерге төмендегілерді жатқызуға болады:
- кәсіпорынның кәсіптік саласын
- өнім түрін және оны дайындау әдісін
- өндірісті мамандандыру деңгейі
- өнімді өндіруге қолданылатын құрал - жабдықтардың, шикізатпен материалдардың ерекшеліктері
2. Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы. Ұйымдастыру құрылымы деп - кәсіпорындағы барлық жұмысшының бөлімдер бойынша байланыста болып бөлінетіндігін айтамыз. Ұйымдастыру құрылымының бірнеше типтері кездеседі.
- сызықтық
- функционалдық
- сызықты функционалды
- дивизиональды
- бейімделу
Сызықтық құрылым дегеніміз - әр бөлімнің басында бір басшы болып барлық функцияны басқаруды өз билігіне алатындығын білдіретін құрылым. Бұл құрылымның мәні басшы шешімі тізбекпен «жоғарыдан - төмен» орындалуы міндетті. Бұл құрылым көбіне шағын кәсіпорындарда қолданылады.
Функционалды құрылым дегеніміз - көбіне күрделі кәсіпорындарда әр түрлі функция орындау кезінде қолданылады.
Сызықтық функциональды құрылым дегеніміз - көбіне өндірістік және басқару шешімдірін орындау кезінде қолайлы. Сонымен қатар жоғарыдағы екі құрылымдағы кемшіліктерді жою кезінде қолданылады. Нарық жағдайында көп кәсіпорындар осы құрылымды жиі қолданады.
Девизионды құрылымның мәні - кәсіпорындар өздерінің өндірісін, өңдеуін, өтімін (өз өнімдеріне) қарасты мәселелеріне байланысты шешімдеріне жауап тауып отыратындығын білдіретін құрылым. Соңғы жылдары көптеген кәсіпорындар сыртқы фактордың жиі өзгеруіне байланысты икемді ұйымдастыру құрылымын қолдануды көздейді, мұндай құрылымды «бейімделу» құрылым деп аталады., өйткені сыртқы ортаның және кәсіпорынның өз қажеттілігіне байланысты ұйымдастыру құрылымының түрін өзгертіп отыруын айтамыз. Соңғы кезде бейімделу құрылымының екі типі кездеседі:
1. жобалау
2. матрицалық
Жобалау құрылымы дегеніміз - уақытша басқару органдарын айтамыз, олар нақтылы міндеттерді шешу үшін топ жинауды білдіреді. Ал сол күрделі (жоба) жұмыс бекіткеннен кейін бұл топ қайтадан таралып кетеді.
Матрицальды құрылым дегеніміз - бір жобаны орындауға іріктелген мүшелер. Сол топтың жетекшісіне тікелей бағынатындығы бір жағынан және екінші жағынан тұрақты жұмысының жетекшісіне бағынуын айтамыз. Қандай басқару құрылымын таңдау үшін әуелі кәсіпорынның мақсатына байланысты болады.
3. Кәсіпорынның инфрақұрылымы. Кәсіпорынның инфрақұрылымы дегеніміз - негізгі өндірісті қамтамасыз етіп отыратын бөлімдерді айтамыз. Кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес инфрақұрылымы болып бөлінеді:
Өндірістік инфрақұрылымы - бұл өндіріс процесінің тиімді, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отырады.
Кәсіпорынның өндірістік емес инфрақұрылымы дегеніміз - жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын қамтамсыз етіп отыратындығын айтамыз. (Бұларға коммуналдық жағдайын, балабақша, денсаулық жөндеу, емханаларды, санатория, демалу орталықтарын, спорт комплекстерін, тамақтану орталығы, оқу орталықтары және т. б. )
Өндірістік емес инфрақұрылымы кәсіпорын ұжымы үшін өте маңызды орындары болып есептелінеді, өйткені жұмысшылардың көңіл-күйі жақсы болған жағдайда ғана өндіріс процесі ойдағыдай жүруі мүмкін, сонда ғана кәсіпорын сапалы өнім шығарып тұтынушылар көңілінен шығатын өнімді өндіруге ұмтылады.
1. 2 Кәсіпорынның өндірістік қызметін жоспарлаудың негізгі бағыттары
Кәсіпорынның алдына қойылған мақсатқа жету жолында реттілігі схема бойынша орындалатын жұмыстарды - жоспар деп атайды, ал кәсіпорынның мүмкіншілігін қолдана отырып мақсатты әрекеттердің орындалуын іс жүзіне енгізу үшін жаңа жолдар мен әдістерді оптимизациялау үзздіксіз процесте орындалу - бұл жоспарлану деп аталады.
Әрбір кәсіпкер, әр-дайым ізденісте болып ең-тиімді жолдарды тауып отыруы тиісті, яғни (өндірістік өнімнің көлемін, өнімнің сату бағасының оптималды деңгейін, несие алу мен инвестицияны тарту) мәселелері бойына оптималды шешім қабылдап отыруы тиісті.
Іс-әрекетті жоспарлап отыру төменгідей ұтымды әрекеттерінің болуына мүмкіндік береді.
1) кәсіпкерге жұмысының болашағын ойлауына;
2) өндірістегі ізденіс пен әрекеттерінің бір бағытқа бұруына ықпал етеді;
3) іс-әрекетті қадалау үшін бір қатар көрсеткіш жүйесін қалыптасуына;
4) нарықтағы өзгерістерге ыңғайлануына;
5) негізгі қызмет ететін еңбекшілердің міндеттерінің өзара байланыстылығына.
Сонымен сыртқы ортаның жиі өзгеруімен қатар фирманың ішкі ортасының өзгеруіне байланысты жоспардың алдын-ала (өңделініп) жасалынып және сол өзгерістерге сай жоспарғада өзгеріс еңгізіліп отырылуы тиісті. Жоспарды өзгертіп отыру мүмкіншілігі қажетті бейімделіну мен байланыстырылып отыру қажет.
Бейімделу дегеніміз - кәсіпорынның өзгеріліп отырған жағдайларға икемделінуін айтамыз - бұл жоспарланудың өзекті мәселелері болып есептелінеді.
Жоспарды бір нақты адамдар мен жасалынатын болғандығынан, ол адамдардың білімінң және жоспарды жетік білуінің және олардың ұйымдастыру.
Жоспарлау басқару функцияларының ең бастысы болып табылады. Шетелдік мамандардың анықтауы бойынша фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлау жүйесінде шешім қабылдау фирманың тиімді жұмыс істеуін және болашақта дамуын қамтамасыз етеді. 20-шы жылдары ірі концерндер фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлауға аса зор көңіл бөлді. Бұл кезеңде ірі монополистік бірлестіктер бірыңғай жоспарсыз өмір сүре алмай қалды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де мұндай қажеттілік одан әрі қатты сезіле бастады. Мұның негізгі себебі ғылым мен техника жаңалықтарына және басқа да проблемаларға тығыз байланысты болады. Ғылыми-техникалық процесс кезеңінде өндірістің қаулап дами бастағандықтан, электрондық есептеуіш машиналардың пайда болуы фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлауға үлкен өзгерістер енгізе бастады. Электронды-техникалық машинамен бірге жаңаша математикалық әдістер қолданыла бастады. Мұның бәрің жоспарлауды жоғары деңгейге көтереді. Шетелдік кәсіпорындар өз жұмыстарын жоспарлау үшін арнаулы машиналар, техникалар, ақпараттар қолданады. Қазіргі кезеңде ірі өндірістік кәсіпорындар өз жұмыстарын ұзақ мерзімге жоспарлайтын болды. Фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлаудың мәні оның негізгімақсаттарымен анықталады:
- өзгертулер мен анықсыздықты болдырмау;
- негізгі міндеттерге ерекше назар аудару;
- экономикалық тиімділікке жету және бақылауды күшейту;
Әрине, қандай бір жақсы жасалған жоспар болса да оның құрамында түсініксіз элементтер мен қателіктер болуы мүмкін.
Сондықтан жоспар өндірістік жағдайларға икемді болуы қажет. Жоспардың икемді болуы күтілмеген жағдайлардағы жоғалтулар мен кері факторлардың әсерін төмендетеді. Бейімділік қағидасы деп жоспардың бағытын өндірістік жағдайларға байланысты өзгерте алу мүмкіндігін айтады. Мұндай жағдайда тәуекелдікке байланысты шығындар да аз болады. Икемділік қағидасы белгілі бір оның шектеріне байланысты жүзеге асырылады:
1) жоспарға толық сенімділік болмай шешім қабылдау көзжұмбайлылық деп атауға болады;
2) жоспар өте қымбат болса шығындарды азайту үшін икемді жоспарға өтуді қамтамасыз етуге болады;
3) жоспарды орындау кезінде оның икемді болуы көп қиыншылықтарға әкеліп соғатын болса, онда икемділік қағидасы өз мағынасын жояды;
Өндірісте кездесетін өзгерістерге жоспарға түзетулер мен молықтырулар енгізіледі.
Жоспардың ұтымды варианттарын анықтау қағидасы үш бағытта жүргізіледі:
1) күрделі қаржының ең тиімді варианттарын анықтау, перспективалы жоспардың негізгі көрсеткішіне күрделі қаржының құрылымы мен көлемі жататын жағдайда;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz