«Арай» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

I. «Арай» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы

  1. «Арай» ЖШС-нің даму тарихы мен басқару құрылымы.
  2. Кәсіпорынның ұйымдастыру-техникалық дамуы.
  3. «Арай» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері (2007-2008 ж. ж. ) .

ІІ. «Арай» ЖШС-нің шаруашылық қызметін талдау.

2. 1. “Арай” ЖШС-нің өнім мен қызмет көрсетудің өтімі және өндірісінің жоспарын талдау.

2. 2. Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау.

2. 3. «Арай» ЖШС-нің негізгі өндіріс қорларын тиімді пайдалануын талдау

2. 4. Кәсіпорынның өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын анықтау

Қорытынды

Колданылған негізгі әдебиеттер


І. «Арай» ЖШС-нің технико-экономикалыө сипаттамасы.

Есеп беру жұмысының бұл бөлімінде кәсіпорынның даму тарихы мен басқару құрылымын және негізгі қызметінің бағытын сипаттау, сонымен қатар кәсіпорынның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерінің соңғы екі жылғы (2007-2008 ж. ж. ) өзгерістеріне талдау жүргізуін қарастырамыз.

  1. «Арай» ЖШС-нің даму тарихы мен басқару құрылымы.

«Арай» ЖШС-нің құрылған уақыты 1994 жыл, осы жылы жеке меншігіне көшірілген болатын: орналасқан жері Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі № 109 үй.

Бұл кәсіпорындарында жұмыс істейтін қызметкерлерінің саны 12-15 адамнан аспайды, негізгі кәсібі аяқ-киім тігумен, аяқ-киім жөндеумен және бос бөлмелерін жалға берумен айналысады.

Кәсіпорынның қысқаша тарихына көңіл бөлсек «Арай» фабрикасы кожкомбинат базасында 1945ж. құрылған. 1963 жылы бұл кәсіпорын кожкомбинаттан бөлініп, өз-алдына аяқ-киім жөндейтін және аяқ-киім тігумен айналысатын фабрика болды. 1997 жылы бұл фабрика «Арай» ЖШС-сі аталуын алып Жамбыл облысындағы әділет үйінде тіркелді. Оның қарамағында 0, 25 га жері бар.

«Арай» фабрикасы аяқ-киім өнімдерін шығарумен қатар оны өткізумен айналысатын. Оның ассортиментінде: қысқы ұнты, етік, ерлерге және әйелдерге арналған етіктер, қысқа етіктер, керзі ерлер етіктері мен қатар балаларға арналған жазғы аяқ-киімдері бар болатын тауар ассортиментін тігуден басқа 2007 жылға дейін «Арай» ЖШС-сі бір-қатар қызметтердіде көрсетумен айналысқан:

  • шаштараз; зергерлік цехы; киім-тігу шеберханасы; чехол мен төсеніш тігумен; автотұрақ; теле-радио-шеберханасы; бос бөлмелерін жалға берумен.

Соңғы жылдары «Арай» ЖШС-рі өздерінің көрсететін қызметтерін кеңейтумен айналасуд. Халыққа көрсететін қызметтері, ескі аяқ-киімдерінің табанын жаңарту, жоғарғы қоныштарын өзгертіп тігу, қоныштарының аттарын жаңарту, замок салып аяқ-киімінің дизайнын қазіргі заманға сай етіп жаңартумен жұғылданып отыратын.

Соңғы жылдары, 2007 жылдың басынан бұл кәсіпорындарында бес аяқ-киімді жөндеумен айналыатын цех, сонымен қатар бос (480 м 2 ) бөлімдерін «Темір-банк» АҚ-нажалға беруді ұйғарып отыр, әр бір шаршы метрін 1 мың тг-ден және автотұрақ орындары да бар.

Кәсіпорынның жалпы басқаруы бас директорына жүктеледі. Директорінің міндеті жалпы өндіріс қорлары мен материалдық және қаржы қорларын сонымен қатар еңбекшілерінің жұмыс орнын жақсартуына жауапты. Кәсіпорынның техникалық басқарылуы және техникалық жабдықтарына жаңалық еңгізуі мен өндіріс жоспарының материалдарымен қамтамасыз етіліп отыруына жауапты. Бұл қызметкердің міндеті жылдық және кварталдық экономикалық жоспарларды жоспарлап болашақта халыққа қажетті қызметтерді жоспарға еңгізіп отыру.

Бухгалтерлік бөлімінде еңбекшілердің еңбек ақысын есептеп, бухгалтерлік баланстарын жасап және материалдық құндылық қорларын есепке алып жылдық есеп жасап отыратын бір бухгалтер атқарады.

Кәсіпорын әкімшіліктері өндірістік тапсырмаларын орындау үшін «Жамбылкожобувь» ААҚ-мен, Алматы қаласындағы орналасқан Крючкова зауытымен, сонымен қатар тәуелсіз мемлекеттерінің басқада қалаларымен келісім шартқа отырған.

«Арай» ЖШС-нің басты мамандануы болып, балалар, ерлер, әйелдер аяқ-киімін тігу болып табылатын. Облыс тұрғындарының ойынан шығатын аяқ-киім тігумен, аяқ-киім тігуге қажетті материалдарды қабылдау, оның өлшемін алу, дайын аяқ-киімді тұтынушыларға қайтару, сонымен қатар басқа тұтынушыларға қажетті қызметпен айналысу.

Тұрғындарға қызмет көрсетілетін аяқ-киім жөндеу қызметі 3 (үш) топқа бөлінетін: 1 - аяқ-киім жөндеу және оны бұрыңғы қалпына келтіру бойынша жұмыс істеу; 2 - аяқ-киімін тігу кезде жаңарту әдісін қолдану; 3 - бұл қызмет көрсету түрі аяқ-киімнің эксплуатациялық ерекшеліктерін жоғарлату бойынша жүргізілетін шараларды қарастыру. Аяқ-киім жөндеу: кіші, орташа және ірі болып келеді.

Кәсіпорынның жалпы жұмыс істейтін еңбекшілер саны басында айтып кеткендей 12-15 адамнан аспайды, ал оның екеуі басшылар болып есептелінеді.

Директор
Бас бухгалтер
Негізгі жұмысшылар
Қосалқы жұмысшылар
  1. Кәсіпорынның ұйымдастыру-техникалық дамуы.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қуаттылығы 45-50% автоматизацияланған және механизацияланған. Цех ішіндегі өнімдерді тасымалдау жұмыстарының деңгейі әліде төмен деңгейде.

Бұл кәсіпорында өндірістік ғимараттарының тапшылығынан, көптеген жұмыстар қолымен орындалады, әлі механизациялау деңгейі төмендеу болуына байланысты, қаржы-қаражаттарының жетімсіздігіне байланысты барлығы бірігіп еңбек өнімділігіне көп әсер етеді. Кәсіпорнында қолмен орындалаын жұмыстар басымды болып тұрған. Сондықтан, заказ қабылдау, киім-тігу және тапсырыс берушілерге дайын өнімді тапсыру әрекеттерінде қолмен орындалаып жүрген. Кәсіпорнында көпшілік орындалатын операциялар қолмен орындалуын талап етеді. Еңбектің қозғалыс уақыты өнімді дайындағанға дейінгі әрекеттер өндірістің автоматизациялауы мен механизациялауына тікелей байланыста.

«Арай» ЖШС-сі - бұл көпсалалы өндірісімен айналысып жүруіне байланысты кәсіпорын болғандығынан, әр-түрлі мамандарға өндірістік циклінің бағыттары да әр-түрлі болған болатын.

Арай ЖШС-нде соңғы жылдары бес аяқ-киім жөндейтін шеберхана бар, әсіресе өндіріс циклысының жәй болуына байланысты. Тез арада жөндеуге алынған аяқ-киімдердің өндіріс циклі, үш кезеңнен тұрады:1) - тауарды аяқ-киімді қабылдау; 2) - аяқ-киімді жөндеу; 3) - аяқ-киімді егесіне қайтару.

Бір айта кететін жағдай, кәсіпорнында өздеріне қатысты жұмыстарды орындау үшін нормамен көрсетілген уақытқа сәйкес болмайды, өйткені, 10-15 минутты жұмысты бастау үшін, әр-бір жұмысшы өзінің жұмыс орнын дайындауға жұмсайды. Сонан соң жұмыс орындалу үшін қажетті құралсаймандардың дайындығын тексеріп, оларды дайындауға және басқада жұмыс орнындағы процестерді бір тексеру үшін тағыда 10 минуттай уақыт керек. Келесі процесс машинаны іске қосу үшін, инеге жіпті өткізіп, жұмыстың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және 15 минут қажет.

Соңғы жылдары «Арай» ЖШС-де барлық машиналар моральды тозуына байланысты, оларды іске қосуға біраз уақыт керек.

«Арай» ЖШС-ң әр-түрлі жұмысшылар категориясының еңбек ақысын төлеу жүйесн қарастырамыз. Бұл кәсіпорнында еңбек ақысын төлеуді ұйымдастыруы бригадалық форма бойынша жүргізіледі.

Ал, аяқ-киімдерін жөндеу шеберханалары арендалық жүйеге көшкенін байқаймыз. Еңбек ақыны төлеу келісім шарт арқылы жүргізіледі. Сонымен, кәсіпорынның пайда көлемі өндіріс шығындарының қосындысынан анықталады, шикізат пен материалға кеткен бағаға байланысты, жалпы цехтарындағы шаруашылық шығындарынада байланысты және әлеуметтік сақтандыруға кеткен төлемдерден және келісі шарт бойынша төленетін еңбек ақысы мен кезекті демалысқа төленетін құннан есептелінеді. Әр-бір жұмысшылардың еңбегіне төленетін еңбек ақы, еңбекшілердің еңбектегі қосатын үлес салмағын есептеу коэффициенті ескеру принципы бойынша жүргізіледі. Еңбекшілердің еңбек ақысы бухгалтерияда есептелінеді. Бұл кәсіпорнында қазіргі заманға сай етіп тігуге қажетті құрал-саймандарының жетіспеушілі байқалады. Жұмыстың көпшілігі ескі әдіспен орындалып отырады, бұндай жағдайлар еңбекшілердің еңбек өнімділігін төмендеуіне әсер етеді, ал тиімді еңбек нормаларды еңгізу өндіріс шығындарының көлемін жоғарлатады.

Осы жоғарыдағы қызметтерді орындаудан түскен түсім, жалпы кәсіпорынның шығынын өтеуге мүмкіндік етпеген, бұл біріншіден, екіншіден барлық көрсетіп жүрген қызметтердің орналасқан орындары, машина-жабдықтары моральды тозуына байланысты «Арай» ЖШС-сі соңғы жылдары, яғни 2007 ж басынан барлық бос бөлімдерін жалға беріп отыруды жөн көрген. Ал бос бөлмелерді жалға алып отырған кәсіпкерлерге, өз орындарын өздері ремонт жасап отыруын талап етіп, әр-бір шаршы метрлеріне 1 мың тг-ден ай-сайын алып отырып, ағымдағы қысқа және ұзақ мерзімді қарыздарын өтеп отыруды ұйғарып отыр.

  1. «Арай» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері

(2007-2008 ж. ж. )

Талдау” деген термин грек тілінен аударғанда «бөлу» немесе «бөлшектеу» деген мағнаны білдіреді. Мысалы, кәсіпорынның еңбек ресурстық мәнін түсіну үшін, еңбекшілердің құрамын білу, олардың құрамына кіретін жұмысшылар категориясын, олардың санын және оларға әсер ететін факторларды білу, сонымен қатар оларды нәтижелі қолдануына не себеп етеді деген жағдайларды анықтау керек. Сонымен не құрлым жұмысшылардың әрбір категориясына әсер ететін факторларды қарастыру және оны білу жалпы еңбек ресурстарын дұрыс басқаруына және оларды тиімді пайдалануына мүмкіндік береді. Бір айта кететін нәрсе табиғаттың әсері мен қоғамдағы өмірдің өзгеруі талдау көмегімен шешіле бермейді. Тәжірибе жүзінде талдаудың басқада әдістері мен тәсілдері кездесіп отырады. Сонымен талдау деп кең көлемде қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді білім тану үшін оларды бөлшектеп зерттеу керек екендігін білдіреді.

Тәжірибе жүзінде талдаудың түрлері кездеседі: физикалық, химиялық, математикалық, статистикалық және экономикалық және т. б. Олар объектілерімен, мақсаттарымен және зерттеу әдістерімен ерекшеленіп кездеседі.

Оның ішінде экономикалық талдау келесі түрлерде кездеседі:

  • салалық белгілерімен (өнеркәсіптік талдау, ауылшаруашылық, құрылыс және көлік және т. б. ) орындалу басқару органдары бойынша талдау (технико-экономикалық талдау, қаржы-экономикалық, маркетингтік талдау, экономико-статистикалық талдау және т. б. ) объектілерді зерттеу әдістері бойынша келесі түрде кездеседі (салыстырмалы талдау, факторлы талдау, экспресс талдау, экономико-математикалық талдау, функционалды-құндылық талдау) ; субъектілеріне байланысты ішкі тлдау және сыртқы талдау; зерттеу объектілерінің қамтуына байланысты (кешенді және тематикалық талдау) болып:

Шаруашылықтың іс-әрекеттерді жан-жақты кешенді талдау - бұл кәсіпорынның қорытынды нәтижесінде әсер ететін негізгі факторларды өлшемдеу мен қатар қорытындылау, жоспардың орындалуын бағалау мен қатар қадағалау; қажетті ақпараттардың құжатты негіздеу, бұлар талдау әдістерінің негізгісін құрай отырып, олардың алдына қойылатын талаптарын анықтайды.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетін зерттеу және талдау жұмысы жалпы экономикалық көрсеткіштер жүйесін іріктеуді талап етеді. Өндірістік-шаруашылық талдау жұмысын жүргізу кезде тек құндылық көрсеткіштерді ғана қолдана қоймай нақтылы, шартты-натуралды және еңбек көрсеткіштерінде қолданып отырады. Өндірістік-шаруашылық іс-әрекеттерін талдау кезде қолданылатын әдістемелік қолданулар әртүрлі болуы мүмкін, ал іріктеу үшін талдау алдына қойылатын мақсаты мен міндеттеріне байланысты іріктелінеді.

Қажетті ақпараттарды аналитикалық өндеу кезінде кеңінен қолданатындар:

салыстырмалы; - топтастырылу; - детальдау; - элиминировалау; - экономико-математикалық талдау; - баланыстық ұштастыру және т. б.

Талдау жүргізу кезінде салыстырмалы түрлерінің төменгілері қолданылады:

а) есеп беру мен жоспарлы көрсеткіштері өткен жылғы мен есеп беру жылғы көрсеткіштері қарастырылады;

б) нақты шығындары мен нормативті мөлшердегі шығын көлемдері;

в) кәсіпорын жұмыстарының технико-экономикалық көрсеткіштері ұқсас құрылысы бөлімдерінің көрсеткіштерімен;

г) кәсіпорындарының жетістіктері басқа саладағы кәсіпорындарымен салыстыру.

Кәсіпорынның іс-әрекеттерінің нәтижелі жұмыс істеуін бағалау үшін оның соңғы үш жылдағы негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруіне көңіл бөлу қажетті. Сондықтан, соңғы екі жылдағы қызмет нәтижесін төменгі 1 кестеде қарастырамыз.

Кесте 1- «Арай» ЖШС-ң негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері (2007-2008 ж. ж. )

р/с
Көрсеткіш аталуы
өлшем бірлігі
Жылдар

Абсол. ауыт.

(+, -)

Өсу қарқындылығы (%)
2007
2008
р/с: 1
Көрсеткіш аталуы: Жылдық кіріс қосындысы: оның ішінде:
өлшем бірлігі: мың тг
Жылдар: 9858
Абсол. ауыт.(+, -): 11637
Өсу қарқындылығы (%): +1779
118, 05
р/с:
Көрсеткіш аталуы: - автотұрақ қызметін көрсетуден түскен кіріс
өлшем бірлігі: мың тг
Жылдар: 1127
Абсол. ауыт.(+, -): 1377
Өсу қарқындылығы (%): +250
122, 18
р/с:
Көрсеткіш аталуы: -бос бөлмелерді жалға беруден түскен кіріс
өлшем бірлігі: мың тг
Жылдар: 8731
Абсол. ауыт.(+, -): 10242
Өсу қарқындылығы (%): +1511
117, 31
р/с:
Көрсеткіш аталуы: -басқа қызметтен түскен кіріс
өлшем бірлігі: мың тг
Жылдар: -
Абсол. ауыт.(+, -): 18
Өсу қарқындылығы (%): +18
-

1 кестенің жалғасы

2
Барлық еңбекшілердің саны, оның ішінде:
адам
12
13
+1
108, 33
2:
Барлық еңбекшілердің саны, оның ішінде:: -негізгі жұмысшылар саны
адам: адам
12: 10
13: 11
+1: +1
108, 33: 110, 00
2: 3
Барлық еңбекшілердің саны, оның ішінде:: Еңбекшілердің еңбек ақы қоры, оның ішінде:
адам: мың тг
12: 5378
13: 5856
+1: +478
108, 33: 108, 89
2:
Барлық еңбекшілердің саны, оның ішінде:: -негізгі жұмысшылардың еңбек ақы қоры
адам: мың тг
12: 3138
13: 3586
+1: +448
108, 33: 114, 28
2: 4
Барлық еңбекшілердің саны, оның ішінде:: Еңбекшінің орта жылдық еңбек ақысы
адам: мың тг
12: 448, 2
13: 450, 5
+1: +2, 3
108, 33: 100, 51
2: 5
Барлық еңбекшілердің саны, оның ішінде:: Негізгі жұмысшылардың орта жылдық еңбек ақысы
адам: мың тг
12: 313, 8
13: 326, 0
+1: +12, 2
108, 33: 103, 89
2: 6
Барлық еңбекшілердің саны, оның ішінде:: Бір еңбекшінің еңбек өнімділігі
адам: мың тг
12: 821, 5
13: 895, 2
+1: +73, 7
108, 33: 108, 97
2: 7
Барлық еңбекшілердің саны, оның ішінде:: Бір жұмысшының еңбек өнімділігі
адам: мың тг
12: 985, 8
13: 1057, 9
+1: +72, 1
108, 33: 107, 31
2: 8
Барлық еңбекшілердің саны, оның ішінде:: Қызметті көрсету бойынша кеткен жалпы шығын
адам: мың тг
12: 14709
13: 10963
+1: -3746
108, 33: 74, 53
2: 9
Барлық еңбекшілердің саны, оның ішінде:: Жалпы кіріс
адам: мың тг
12: -4851
13: 674
+1: +5525
108, 33: 113, 89

«Арай» ЖШС-ің соңғы екі жылдағы көрсеткіштеріне көңіл бөлсек, онда жылдық кіріс қосындысы есеп жылында (2008 ж. ) 11637 мың тг құраса, ал базистық жылда бұл көрсеткіш 9858 мың тг құрап отыр, яғни бұл көрсеткіш 1779 мың тг ұлғайып, пайыздық мөлшері 18, 05% жоғарлап отыр. Автотұрақ қызметінен түскен кіріс көлемі екі жылды салыстырғанда 250 мың тг көбейген, яғни 22, 18%-ке, ал бос бөлімдерді жалға беруден түскен кіріс көлемі есеп беру жылда, базистік жылға қарағанда 1511 мың тг көбейіп 17, 31%жоғарлаған, басқа қызметтен түскен кіріс көлемі тек 2008 жылы 18 мың тг құрап отыр. Кәсіпорында жұмыс істейтін еңбекшілер саны 2007 жылы-12 адам, ал 2008 ж-13 адам құрап отыр, я5ни 8, 33% өскен, ал негізгі жұмысшылар саны 10 адамнан 2007 ж. 11 адамға -2008ж өскен. Еңбекшілердің бір адамға көбеюі еңбек ақы қорынында көбеюіне әсер етіп отыр, есеп беру жылы бұл көрсеткіш 5856 мың тг-ге дейін өскен, сөйтіп 8, 89% өсіп отыр. Еңбекшіердің ортажылдық еңбек ақысы 448, 2 мың тг-ден 450, 5мың тг-ге өсім 2, 3 мың тг жоғарлаған. Ал, бір жұмысшының еңбек өнімділігі 985, 8 мың тг-ден 1057, 9мың тг жоғарлаған. Ал, жалпы қызметті көрсетуге кеткен шығын көлемі керісінше 2007 жылы 14709 мың тг құраса, есеп беру жылы 10963 мың тг құрап (-3746) мың тг-ге төмендеп отырғанын байқаймыз. Сонымен, жалпы кіріс көлемі 2007 жылы (-4851) мың тг-ге тең болса, ал есеп беру жылы (+674) мың тг болып отыр, сөйтіп 13, 89% өсіп отырғанын байқауға болады. Кәсіпорынның ортажылдық негізгі қорларының құны 6491 мың тг-ден 7971 мың тг өскен, бұл көрсеткіш кәсіпорында 1480 мың тг қажетті құраолдарын алуына байланыты болып отыр. Ал, қорқайтарымынының 2007 жылға қарағанда 2008 жылы (0, 06) тг-ге төмендеген себебі, негізгі қор қайтарымының орта жылдық құны жалпы жылдық кіріс қосындысына қарағанда тезірек көбейгені болып табылады. «Арай» ЖШС-нің салықтан кейінгі таза кіріс көлемі 5499 мың тг құрап, базистық жылға қарағанда 10%-ке -өскенін байқаймыз.

2. “Арай” ЖШС-нің шаруашылық қызметін талдау

Есеп беру жұмысының бұл бөлімінде кәсіпорынның қызметтерінің өндіру барысын және одан түскен түсім көлемінің ауытқуын талдауын, сонымен қатар қызметтің бағасының өзгеруіне өнімдердің және қызметтердің өндіру көлемінің әсер етілуін талдауын және еңбек ресурсын талдау мен қатар кәсіпорынды еңбек ресурсыларымен қамтамасыз ету жағдайын, олардың құрамы мен еңбек уақытын пайдалануы және еңбек ақы қорын әр-бір категориялар бойынша талдауын.

Кәсіпорынның негізгі қорларын, мүліктерін пайдалануын талдаумен қатар олардың көлемінің өзгеруін және оларды тиімді пайдалану коэффициенттерін анықтау жолдарын қарастыру.

Соңында “Арай” ЖШС-нің қызмет көрсетуге кеткен шығындарды талдау және жалпы кіріс пен таза табыс көлемдерін талдау мен қатар кәсіпорынның қаржы жағдайын талдап, оның төлем қабілеттілігін анықтап және ликвидтік коэффициентінің есебін жүргіземіз.

2. 1. “Арай” ЖШС-нің көрсететін қызметінің өтімін талдау.

Кәсіпорындардың өндіретін өнім көлемдері мен өткізілу өнімдері өзара байланысты көрсеткіштер болып есептелінеді. Әрбір кәсіпорынның өнімдерді өндіру үшін өндірістік мүмкіншілігі шектеулі болғанымен, ал өнімге деген сұраным көлемдері шектеулі болмайды, бұл жағдайда кәсіпорынның бастапқы міндеттері болып өнімдерінің өндірілу көлемі қаншама болмақ деген мәселе бастапқы болып анықталады. Нарықтағы бәсекелес күштерінің күшеюіне байланысты бір жағынан, ал екінші жағынан нарықтың алуан-түрлі тауар өнімдерімен қамтамасыз етілуімен кәсіпорындарының өндіріс бағдарламаларының өнделуінің негізін құрайтын жағдай бұл өндірілген өнімнің қаншама көлемі сатылуы мүмкіндігінен анықталады. Сондықтан кәсіпорындар қаншама тауар өнімі және тауарлардың қандай түрлері өтілуі мүмкіндігін анықтап алғаннан кейін сол бағдарламаның орындалуын көзделгені дұрыс. Бұл көрсеткіштерді талдау кезінде кәсіпорынның негізгі міндеттеріне төменгілерді жатқызуға болады:

  • жоспарланған бағдарламаның орындалу дәрежесін бағалау, сонсын өндірілген өнім көлемі мен өткізілген өнім көлемдерінің динамикасын талдау;
  • жоғарыдағы көрсеткіштердің өзгеруіне факторлардың әсерін анықтау;
  • өндірілген өнім көлемін және олардың өткізілуіне жоғарлатыға шаруашылықтық мүмкіншілігін анықтау;
  • егерде, шаруашылықтың өнім көлемін жоғарлатуға мүмкіндігі бар болған жағдайда оны іс-жүзіне еңгізу шараларын қарастыру.

Жоғарыдағы міндеттерді орындаған жағдайда, кәсіпорынның қорытынды нәтижесін (пайдалығын, кірістілігін, рентабельділігі деңгейін, қаржылық тұрақтылығын) сипаттайтын көрсеткіштерінің жоғарлауына көп мүмкіндік береді. Кәсіпорынның өнім көлемін талдауы жалпы тауарлы немесе сату көлемінің динамикасынан басталады, қызметтің базистік және тізбектің өсу қарқындылығының есебінен, бұл көрсеткіштерді 2 кестеде көрсетеміз.

Кесте 2 - “Арай” ЖШС-нің көрсететін қызметінің динамикасы

р/с
Жылдар
өлшем бірлігі
Салыстырмалы бағадағы кіріс көлемі
өсу қарқыны
базистік
тізбектеу
р/с: 1
Жылдар: 2
өлшем бірлігі: 3
Салыстырмалы бағадағы кіріс көлемі: 4
өсу қарқыны: 5
6
р/с: 1
Жылдар: 2006
өлшем бірлігі: мың тг
Салыстырмалы бағадағы кіріс көлемі: 5704
өсу қарқыны: 100
100
р/с: 2
Жылдар: 2007
өлшем бірлігі: мың тг
Салыстырмалы бағадағы кіріс көлемі: 9858
өсу қарқыны: 172, 83
172, 83
р/с: 3
Жылдар: 2008
өлшем бірлігі: мың тг
Салыстырмалы бағадағы кіріс көлемі: 11637
өсу қарқыны: 204, 01
118, 05

Екінші кестенің мәліметі бойынша кәсіпорынның көрсеткен қызметтерінің көлемін келесі формула арқылы анықтаймыз:

сонымен кәсіпорындағы қызметтен түскен кіріс көлемдерінің өсу қарқындылығы 42, 79% құрап отыр. Бұл кәсіпорынның қызметтен түскен кіріс көлемі 2006 жылы 5704 мың тг, 2007 жылы -9858 мың тг, ал 2008 жыл 11637 мың тг құрап отыр, бұндай өзгерістердің себебі, қазіргі уақытта көптеген жаңадан ашылып жатқан шағын кәсіпорындары, бос бөлімдерді жалға алуды әдет етіп келеді, сондықтан, бұл кәсіпорынның ұсынып отырған қызметтері сұраныс көңілінен шығып отыр деуге болады. Төменгі кестеде «Арай» ЖШС-ң жылдық кіріс қосындысын құрамы мен құрылымын талдауды қарастырамыз.

Кесте 3 -«Арай» ЖШС-нің кіріс қосындысының құрамы мен құрылымын талдау.

р/с
Көрсеткіш аталуы
өлшем бірлігі
Жылдар

Абсол. ауыт.

(+, -)

Өсу қарқындылығы (%)
2007
2008
р/с: 1
Көрсеткіш аталуы: Кәсіпорынның негізгі қызметінен түскен кіріс көлемі оның ішінде:
өлшем бірлігі: мың тг
Жылдар: 9858
Абсол. ауыт.(+, -): 11637
Өсу қарқындылығы (%): +1779
118, 05
р/с: 1. 1
Көрсеткіш аталуы: - автотұрақ қызметінен түскен кіріс
өлшем бірлігі: мың тг
Жылдар: 1127
Абсол. ауыт.(+, -): 1377
Өсу қарқындылығы (%): +250
122, 18

3 кестенің жалғасы

1. 2
-бос бөлімдерді жалға беруден түскен кіріс
мың тг
8731
10242
+1511
117, 31
1. 2: 1. 3
-бос бөлімдерді жалға беруден түскен кіріс: -басқа қызметтерден түскен кіріс көлемі
мың тг: мың тг
8731: -
10242: 18
+1511: +18
117, 31: -
1. 2: 2
-бос бөлімдерді жалға беруден түскен кіріс: Тұтас кірісінің негізгі элементтерінің үлес салмағы
мың тг: %
8731: 100
10242: 100
+1511: -
117, 31: 100
1. 2: 2. 1
-бос бөлімдерді жалға беруден түскен кіріс: - автотұрақ қызметінен түскен кіріс
мың тг: %
8731: 11, 43
10242: 11, 83
+1511: +0, 40
117, 31: 103, 50
1. 2: 2. 2
-бос бөлімдерді жалға беруден түскен кіріс: -бос бөлімдерді жалға беруден түскен кіріс
мың тг: %
8731: 88, 57
10242: 88, 02
+1511: -0, 55
117, 31: 99, 38
1. 2: 2. 3
-бос бөлімдерді жалға беруден түскен кіріс: -басқа қызметтерден түскен кіріс
мың тг: %
8731: -
10242: 0, 15
+1511: +0, 15
117, 31: -
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұрғышы ЖШС
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының персоналмен жұмысын басқару бөлімшесі
Маңғыстаумұнайгаз АҚ- ның ішкі шаруашылық жоспарлау басқармасы
Нарық жағдайында агроөнеркәсiп саласында майлы дақылдар iшкi кешенiн қалыптастыру және дамыту (Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркісібі мысалында)
Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Негізгі құралдарды жалдаудың есебі
«МаңғыстауМұнайГаз» акционерлік қоғамы
Алматылифт ЖШС- нің шаруашылық – өндірістік қызметіне баға беру
Жаңа техниканы енгізу тиімділігі
АЙВЕНГО ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz