Имам матуриди ақидасы
1 Ол өмір сүрген орта
2 Ұлы ұстаз ұлағаты
3 Мұсылман сенімінің қос қанаты
4 Матуриди әйелзатын кемсітпейді
5 Матуриди ерекшеліктері
6 Хақтың заты мен сипаты
2 Ұлы ұстаз ұлағаты
3 Мұсылман сенімінің қос қанаты
4 Матуриди әйелзатын кемсітпейді
5 Матуриди ерекшеліктері
6 Хақтың заты мен сипаты
Әбу Мансұр ибн Мұхаммед әл-Ханафи ас-Самарқанди әл-Матуриди (870-944) Самарқанд маңындағы шағын Матурид қаласында дүниеге келді. Фикһ (құқық) теориясын Самарқандағы ханафиттік құқықтанушылардан үйренді. Кейін, өзі осында фикһ пен каламнан (сенім мәселесі) дәріс берді. Әл-Матуридидің каламдық көзқарастары алғашқыда тек Мәуреннаһрға ғана тарады («Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы. 110 бет).
Оның өмір сүрген уақытында Муғтазила мәзһабының басынан бағы тайып, халықтың қаһарына ұшырап, күйрей бастаған болатын. Мәуреннаһр өлкесі фикһ пен хадис ғалымдарының пікірталас алаңы еді. Пікірталас көбіне ханафи мен шафии мәзһабының өкілдерінің арасында өрбитін. Пікірталастардың қызықты өтетіні соншалықты, басынан небір қайғы арылмаған адамдар факиһтердің (мұсылман заңгерлері) пікір таластыруын келіп тыңдағанда, білімін көтеріп, рухани ләззатқа бөленетін. Муғтазила өкілдері және факиһтер мен хадисшілер де ұдайы каламдық мәселелер бойынша өзара тартысқа түсетін. Имам Матуриди жас шағында осындай әрбір мәселеге ақылмен екшейтін пікірталасы дамыған ортада өсіп ержетті.

http://haq.abai.kz/post/imam-maturidi-aқidasy
Имам Матуриди ақидасы
Әл-Матуридидің каламдық көзқарастары алғашқыда тек Мәуреннаһрға ғана тарады
(Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы. 110 бет).
Ол өмір сүрген орта
Әбу Мансұр ибн Мұхаммед әл-Ханафи ас-Самарқанди әл-Матуриди (870-944)
Самарқанд маңындағы шағын Матурид қаласында дүниеге келді. Фикһ (құқық)
теориясын Самарқандағы ханафиттік құқықтанушылардан үйренді. Кейін, өзі
осында фикһ пен каламнан (сенім мәселесі) дәріс берді. Әл-Матуридидің
каламдық көзқарастары алғашқыда тек Мәуреннаһрға ғана тарады (Қазақ
энциклопедиясы Бас редакциясы. 110 бет).
Оның өмір сүрген уақытында Муғтазила мәзһабының басынан бағы тайып,
халықтың қаһарына ұшырап, күйрей бастаған болатын. Мәуреннаһр өлкесі фикһ
пен хадис ғалымдарының пікірталас алаңы еді. Пікірталас көбіне ханафи мен
шафии мәзһабының өкілдерінің арасында өрбитін. Пікірталастардың қызықты
өтетіні соншалықты, басынан небір қайғы арылмаған адамдар факиһтердің
(мұсылман заңгерлері) пікір таластыруын келіп тыңдағанда, білімін көтеріп,
рухани ләззатқа бөленетін. Муғтазила өкілдері және факиһтер мен хадисшілер
де ұдайы каламдық мәселелер бойынша өзара тартысқа түсетін. Имам Матуриди
жас шағында осындай әрбір мәселеге ақылмен екшейтін пікірталасы дамыған
ортада өсіп ержетті.
Ұлы ұстаз ұлағаты
Имам Матуриди фикһтық мәселелер бойынша ханафи мәзһабын ұстанды. Сондай-
ақ, фикһтық мәселелермен бірге сенімдік тақырыптарда да шығармалар жазды.
Имам Матуриди калам (сенім) ілімін жетік меңгергендіктен, фикһтық мәселелер
бойынша өзімен сөз таластырған факиһтер мен хадисшілерге, фиқһпен бірге
каламды да айтып састыратын. Оның каламдық әдісінің имам Әшғари әдісінен
едәуір айырмашылығы бар еді. Десекте, оның каламдық тұрғыдағы көптеген
пікірлері Әшғари мәзһабымен біте қайнасып кеткен-ді.
Ирак факиһтерінің көшбасшысы болған имам Ағзамның бұл шығармалардағы
көзқарастарын имам Матуридидің сенімдік тұрғыдағы көзқарастарымен
салыстырып көрсек, бірізділікті байқау қиын емес. Осы себептен де,
зерттеушілер екі ғұламаны бір-бірінен ажыратып жатпайды. Имам Ағзам мен
имам Матуридидің көзқарастарын салыстырғанда қайсы пікір кімдікі екендігін
ажырату қиын. Осы тұрғыда, зерттеушілер имам Матуриди өз шығармаларында
имам Ағзамның мынандай кітаптарын қолданғандығын анықтаған: әл-Фыкһул-
әкбар, әл-Фыкһул-әбсат, Рисалату Әбу Ханифа ила Осман әл-Ветти,
Ваиету Әбу Ханифа ли-тилмизихи Юсуб б. Халид әс-Семти.
Имам Матуриди бұл кітаптарды ұстаздары Әбу Насыр Ахмад ибн Аббас әл-Бейади,
Ахмад ибн Ысқақ әл-Жүржани және Насыр ибн Яхия әл-Балхиден үйренгендігін,
олар болса Әбу Сүлеймен Мұса әл-Жүржаниден үйренгендігін, әл-Жүржани
ұстазы Мұхаммед ибн әш-Шайбаниден үйренгенін айтқан.
Зерттеуші Захид әл-Кәусари Ишаратул-Мерам атты шығармасының кіріспесінде
былай дейді: Мәуреннаһр өлкесі бидағат пен бұзықтықтан алыс бір өлке еді.
Мұндағылар сүннетті берік ұстанатын. Бұл жерлерде хадистер ұрпақтан ұрпаққа
мұра ретінде қалдырылатын. Алайда, имам Матуриди деген ғалым шығып, ол
әрбір мәселеге өзінше дәлелдер келтіре бастады. Ол, шариғатты негізге ала
отырып, ақылмен де үкім беретін.
Осы шығарманың тағы бір жерінде имам Матуриди туралы мынандай пікір
айтылады: Матуриди бұл шығармаларды (имам Ағзамның еңбектерін) өзінің
еңбектерінде нақты дәлелдер келтірумен және жеке-жеке бөліп қарастырып
түсіндірме жасаған.
Захид әл-Кәусаридің пікірінен біз имам Матуридидің имам Ағзамның сенімдік
көзқарастарын терең зерттеп, оның ізбасары болғандығын ұға аламыз.
Имам Матуриди ден қоя зерттеген сенім мәселелеріне арнайы шығармалар жазды.
Олардың кейбіріне тоқталайық: Китабу тәуили-Құран, Китабу меһазиш-
шерай, Китабул-жәдел, Китабул-усул фи усулид-дин, Китабул-мекалат фил-
калам, Китабүт-тәухид, Редду әуайлил-әдилле лил-Каби, Редду теһзибил-
жәдел лил-Каби, Китабу редди усулил-хамсе, Редду китабил-Имаме, әр-
Ред алел-Карамита.
Мұсылман сенімінің қос қанаты
Имам Матуриди ақиқатты тануда барынша тиімді ойлауды мақсат етті, ақылмен
шешіп қолдануда асыра сілтеушілікке ұрынбай, ақыл мен қисынды орнықты
пайдалануымен ерекшеленеді. Ал, имам Әшғари мен оның мәзһабы нақлға (Құран
мен сүннетке) көп мән беруімен өзгешеленеді. Осыған қарай, Матуридиді
Муғтазила мен Әшғари мәзһабының арасындағы мәзһаб деуге болады.
Имам Матуридидің ақылға жүгінуін шариғат шеңберінің негізінде деп ұққан
жөн. Осы тұрғыда, ол ақылмен ақиқатты іздеуге жүрексініп, тек Құран мен
сүннеттен ақиқатты іздеген салафи өкілдерімен пікірталастырды. Имам
Матуриди салафи өкілдеріне қарсы екендігін Китабут-тәуһид атты
шығармасында былай жеткізеді: Ақылды терістеушілік шайтанның азғыруы болып
табылады. Себебі, ақылды теріске шығарған адам, одан басқа ештеңеге жүгіне
алмақ емес. Бұл біздің ақылға деген мұқтаждығымыздың дәлелі бола алады.
Аллаһ тағала құлдарын ақылмен әрекет етуге шақырады. Ақиқатты ақылмен
іздеуге әмір етіп, ғибрат алуды ұсынады. Бұл ақылдың негізгі қайнар-
көздердің бірі екендігіне дәлел .
Имам Матуриди ақылды дәлел келтірудің дербес қайнаркөзі деп бағалағанмен,
ақыл жете алмайтын жәйттер де бар деп білді. Бірақ, оның бұл түсінігінен
тек нақлға мән беретін салафи өкілдері секілді ақылдың дәрежесін тым
төмендеткен жоқ. Керісінше, ол ақылмен әрекет ету барысында ақиқат
арнасынан ауытқып кетпеуге барынша мән берді. Имам Матуриди бұл тұрғыдағы
пікірін былайша сабақтайды: Кімде-кім нақлмен бірге ықтиятты болуды
терістесе, сондай-ақ, құпия ілімді (мутәшаббих) кемшілігі бар ақылмен
анықтағысы келсе, онда ол адам ақылға оның көтере алмайтын жүгін артқан
болып, зұлымдық жасаған болып табылады (Пр. Др. Мұхаммед Ебу Зехра,
Исламда саяси, итикади, фыкһи мәзһабтар тарихы 183-187 беттер).
Имам Матуруди сенім мәселеcін ақыл немесе қисынмен талдауды жақтағандықтан,
ханафи мәзһабының өзге өкілдері де бұл мәселеде имам Матурудидің
көзқарастарынан бөлек өзіндік пікір білдіретін. Мысалы: ханафи мәзһабындағы
атақты жеті қазының (әл-кудатус-себа) бірі саналатын имам Дабусидің
(өлген жылы 4301039) сенім мәселесін имам Матурудиден өзгеше көзқарасы
болатын.
Насстардың негізінде ақылмен әрекет етуді үндеген имам Матуриди өзінің
Құран-Кәрімге жасаған түсіндірмелерінде (тәпсір) бұл тәсілді өмірлік
ұстаным етті. Десекте, имам Матуриди Құран-Кәрімге түсіндірме жасағанда,
мутәшаббих (мағынасы құпия) аяттарға махкем (мағынасы анық) аяттардың
негізінде жорамал (тәуил) жасады. Оның пікірінше, егер, мүміннің ақылы
тәуил жасауға күші жетпесе, ол мәселені Аллаһқа қалдырған жөн. Имам
Матуриди мүмкіндігінше Құран-Кәрім аяттарының мәнін ашуға тырысты. Себебі,
Құран-Кәрім аяттарында қарама-қайшылық жоқ болатын. Бұл туралы қасиетті
Кітапта: Егер, Құран Аллаһтан басқаға тиесілі болса, онда көп қарама-
қайшылық болар еді (Ниса сүресі, 82-аят) деп бұйырылады.
Имам Матуридің мутәшаббих аяттарға түсіндірме жасауы, салафилердің
ұстанымына қайшы болғанмен, бұл сол дәуірдің қажеттілігі еді. Себебі, Ислам
қанатын кеңге жайған сайын, ескі діндер мен мәдениеттердің ықпалына ұшырай
бастады. Ислам ғұламалары мутәшәббих (құпия) аяттарға түсіндірме
жасамағанымен, дүбәра сенімдегі кейбір дүмше ғалымдар исламдағы мутәшаббих
негіздерге долбар айта бастады. Олардың теріс пікірлерінен исламды арашалау
үшін, имам Матуриди мұсылмандық негіздерге қайшы емес тұрпатта мутәшаббих
аяттарға жорамал жасап, халық сенімі бұзылмауына алдын алып отырды.
Матуриди әйелзатын кемсітпейді
Атақты Тафтазани өзінің Шерхул-акайд атты шығармасында имам Әшғари мен
имам Матуридидің сенімдік көзқарастарында елу жеті айырмашылықтың бар
екенін көрсетеді (Тафтазани, Шерхул акайд, 40-44 беттер). Дегенмен, екі
ғұламаның да сенімдік ұстанымы ортадоксальді мұсылмандық сенімді құрайды.
Қос ғұламаның сенімдік көзқарасындағы мұншама көп ерекшелікке қарап,
зерттеушілер екі мәзһабтың арасында үлкен айырмашылықтар бар екен деп түйін
жасауы ғажап емес. Әсіресе, имам Матуридидің кейбір пікірлері Муғтазала
сенімін еске түсіретін еді. Десекте, екі ғұлама да өз пікірлеріне Құран-
Кәрім және ақыл мен қисын тұрғысынан нақты дәлелдер келтіре алған. Мысалы:
Имам Матуридидің пікірінше пайғамбардың ер кісі болуы міндетті. Ал, имам
Әшғаридің көзқарасынша пайғамбар әйелзатынан да келеді деп білді. Имам
Матуриди өзінің пікіріне Құран-Кәрімнен мынандай дәлел келтірді: (Мұхаммед
( с.ғ.с.) сенен бұрын да өздеріне уаһи етіп, еркектерді ғана жібердік.
Егер, білмесеңдер кітап иелерінен сұраңдар (Нахыл сүресі, 43-аят; Сенен
бұрында кенттердің халқынан өздеріне уаһи етіп, еркектерді ғана жібердік
(Жүсіп сүресі, 109-аят). Сенен бұрын да өздеріне уаһи етіп, еркектерді
ғана жіберген едік (Әнбия сүресі, 21-аят).
Имам Матуриди осы үш аятты негізге ала отырып, пайғамбарлар тек қана еркек
кіндіктен келеді деп білді. Сондай-ақ, оның пікірінше халиф, әкім, әмірші,
қолбасшы, қазы да әйел кісіден болғаны дұрыс емес. Себебі, әйелдің
нәзіктігі бұл міндетті көтере алмайды. Бірақ, әйел адамның мүфти болуы
мүмкін деді.
Имам Әшғари де өзінің әйелзатынан пайғамбар келуі мүмкін деген пікіріне
Құран-Кәрімнен мынандай дәлелдерді келтірді: Біз Мұсаның анасына уаһи
еттік (Таһа сүресі, 38-аят ). Мұсаның анасына: Оны еміз де оған бір
нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да,
күйінбе де ! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан етеміз
деп уаһи еттік (Қасас, 7-аят).
Бұл аяттар әйелзатына да Аллаһтан уаһидің түскенін білдіреді. Себебі,
уаһидің келуі, пайғамбарлықтың белгілерінің бірі саналады,- деді. Сонымен
бірге, имам Әшғаридің пікірінше, әйел адам мүфти, әкім және дін уағызшысы
бола алады. Себебі, әмр бил-мағруф уа нахи анил-мүнкар (жақсылыққа
шақырып, жаманшылықтан тыю) олардың да парызы. Имам Әшғари осы пікірінің
негізінде Мәриям, Әсия, Сара, Ажар, Хабба және Мұсаның (ғ.с.) анасын
пайғамбар болуы ықтимал деп пайымдады.
Имам Матуриди әшғариттердің жоғарыдағы келтірген дәлелдеріне келіскісі
келмеді. Имам Матуридидің пікірінше Мұсаның (ғ.с.) анасына аят түсірдік
деген уаһи сол кездегі көзі тірі Шұғайып (ғ.с.) пайғамбарға жіберіліп, ол
уаһиді Мұсаның (ғ.с.) анасына жеткізуі тиіс болды мағынасында деп
түсіндірді. Сонымен бірге, бұл аятты Мәриям анамызға түскен иллаһи хабар
секілді деп ұққан жөн. Бұл туралы Құран-Кәрімде: Сонда олардың бер жағынан
шымылдық ұстап қойған еді. Сондай-ақ, оған рухымызды (Жәбірәйілді (ғ.с.)
жібердік те ол, оған толық адам бейнесінде көрінді (Мәриям сүресі, 17-
аят) деп бұйырылады. Яғни, жаңа бір пайғамбарды өмірге әкелу үшін оның
анасына періште жіберген секілді, жоғарыдағы Мұсаның (ғ.с.) анасына уаһи
жібердік деген аятта Мұсаның (с.ғ.) анасына бір періште жіберген болуы
мүмкін деп білді.
Имам Әшғари де матуридиттердің мұндай пікіріне қарсы уәж айтты. Оның
пікірінше жоғарыдағы аят бойынша Мәриям анамызға Жәбірәйіл (ғ.с.) періште
жіберілген болса, Ол тек пайғамбарларға уаһи түсіретін періште болып
табылады. Демек, онда Мәриям анамызды да пайғамбар деп тану керек деген
пікірде (Тафтазани, Шерхул Акайд 44-46 беттер).
Белгілі дінтанушы Омар Насихи Билмен өз шығармаларының бірінде: Имам
Әшғари мен имам Матуридидің арасында анау айтқандай бір айырмашылық жоқ,
олар сахабалар мен табиғиндердің (сахабаларды көргендер) жолындағы мәзһаб
саналады. Екеуінің арасында кейбір пікір ерекшеліктері болғанмен, негізінен
екеуі ақли сунна мәзһабтарына жатады. Бүгінде мұсылмандардың басым
көпшілігі имам Әшғари мен Матуриди сенімдерін ұстанады (Омер Насухи
Билмен, Большая Исламская энциклопедия),- дейді.
Матуриди ерекшеліктері
Тафтазанидің имам Матуриди мен имам Әшғаридің көзқарастарында елуден астам
келіспеушілік (айырмашылық) бар деп білетіндігін жоғарыда баяндадық. Ал,
профессор Мұхаммед Әбу Зехра екі ғұламаның арасындағы қайшылықтарды былайша
жіктейді:
а) Имам Матуриди: Аллаһты тануда ақыл маңызды рөл атқарады деп біледі.
Әрине, ол Аллаһты тануда иллаһи ілімді (Құран мен сүннет) жоққа шығармайды.
Десекте, Аллаһ адамдардың өзін ақылмен тануын бұйырған. Бұл туралы Құран-
Кәрімде: Күдіксіз көктер мен жердің жаратылуында, адам баласының пайдалы
нәрселермен теңізде жүрген кемеде және Аллаһтың көктен жаңбыр жаудырып, жер
өлгеннен кейін онымен жандандырудың әрі онда әртүрлі хайуанды таратуында,
көк пен жердің арасындағы бағынышты бұлтты басқаруында, әлбетте, ойлаған
елге (Аллаһтың барлығына, бірлігіне) белгілер бар (Бақара сүресі, 164-
аят) деп, ақылмен ізденудің маңыздылығын баяндаған. Яғни, еліктеушілік және
мәжбүрліктен гөрі Аллаһты ақылмен саналы түрде тану, иманымыздың
шынайылығын көрсетеді.
Имам Матуриди Аллаһты тануда ақыл маңызды рөл атқарады деп есептегенмен,
исламдағы көптеген үкімдердің сырын ұғынуға тек ақылдың күші жетпейтінін
мойындайды. Мұндай жағдайда, Аллаһтың жәрдеміне сүйене отырып, үкімдердің
мәнін ұғынуға тура келеді деп пайымдайды.
ә) Имам Матуриди болмыстағы кейбір нәрселердің бойында жамандықтың (кувһ-
зат) болғанын және ақылды кейбір нәрселердегі жақсы мен жаманды айыра алады
деп түсінді. Осы орайда ол ақылды былай деп жіктеді: 1. Жақсыны пайымдай
алатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz