М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы



1 Мұқағалиды ң «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
2 «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының көркемдік шешімі
3 Эпилог
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаев - қазақ тарихындағы ең оқырман көп, қалың басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын Қазақ жырының құдыреты.
Фариза Оңғарсынова

Мұқағали Мақатаевтың бүгінде бүкіл хылықтың сүйіспеншілігіне бөленгенін, сүйікті ақынына айналғанын бәрімізде мойындасьақ керек. Оның өлеңдерін ықыласпен оқымаған, сөздеріне жазылған әндерін ынтыға тыңдамаған иісі қазақта ешкім жоқ болар, сірә.
Мұқағалиды ң «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы халықты ң наным сенімін, әдет – ғұрпын жаныңмен ұғып, санаңа сіңіруді мақсат еткен туынды. Оны халықтың ұлттық саны жанымен түсінген азаматқа арнап жазғандай.
Халықты сыйламасаң, қарғысқа ұшырайсың, бақытсыз ғұмыр кешесің деген мұратты ақын жарқырата жазып, көкейге қондыра білген.
Адамдардың өзара қарым- қатынасы, байланысы , қайшылықтары жек көру, жақсы көру әр характердің, типтің жасалу тарихы сияқты сюжетті поэмаға қойылатын негізгі шарттар М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын да бар. Поэма сюжеттік шағын оқиға, бір ғана детальды ң маңында өрбітіп, ақын кейіпкер характері қимылы. Әрекетін суреттей отырып адамзат ұғымы мен оның өмірдегі орыны жайын да терең философиялық түйіндер жасайды.
1. Қ. Алпысбаев «Поэма және сюжет»
2. Қуанышбай Құрманғали «Қоңыр күз күмбері»
3. Б.Кәрібаева «Қара өлең және лирика»
4. Сәбетқазы Ақатаев «Тереңнен тартқан тамырлар»
5. Төлеген Тоқбергенов «Ай мүйіз»
6. М.Мақатаев «Аманат»
7. М.Мақатаев «Өмір дастан» (таңдамалыөлеңдер мен поэмалар).

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
М.Мақатаев Аққулар ұйықтағанда поэмасы
Мұқағали Мақатаев - қазақ тарихындағы ең
оқырман көп, қалың басты жанашыры
болған суреткер. Ол ең алдымен ақын
Қазақ жырының құдыреты.
Фариза Оңғарсынова

Мұқағали Мақатаевтың бүгінде бүкіл хылықтың
сүйіспеншілігіне бөленгенін, сүйікті ақынына айналғанын
бәрімізде мойындасьақ керек. Оның өлеңдерін ықыласпен оқымаған,
сөздеріне жазылған әндерін ынтыға тыңдамаған иісі
қазақта ешкім жоқ болар, сірә.
Мұқағалиды ң Аққулар ұйықтағанда поэмасы халықты ң наным
сенімін, әдет – ғұрпын жаныңмен ұғып, санаңа сіңіруді мақсат
еткен туынды. Оны халықтың ұлттық саны жанымен түсінген
азаматқа арнап жазғандай.
Халықты сыйламасаң, қарғысқа ұшырайсың, бақытсыз ғұмыр
кешесің деген мұратты ақын жарқырата жазып, көкейге қондыра
білген.
Адамдардың өзара қарым- қатынасы, байланысы , қайшылықтары
жек көру, жақсы көру әр характердің, типтің жасалу
тарихы сияқты сюжетті поэмаға қойылатын негізгі шарттар
М.Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасын да бар. Поэма
сюжеттік шағын оқиға, бір ғана детальды ң маңында өрбітіп,
ақын кейіпкер характері қимылы. Әрекетін суреттей отырып
адамзат ұғымы мен оның өмірдегі орыны жайын да терең
философиялық түйіндер жасайды.
Поэмаға заңғар таулар арасындағы киелі құс аққулар
мекен еткен қасиетті көл Жетімкөл басында болған трагедия
арқау болған. Аққулар ұйықтағанда поэмасындағы авторды ң
айтиа йын деп отырғаны аққуды ату арқылы оның киесіне
жолығу емес, керісінше өз перзенті үшін жан ұшыру,
санаға әбден сіңіп қасиетті ұғымға да қарсы шығу.
Өкініш пен үміттің қайғы мен дертттің арасындағы ана
жүрегінің қарс айырылуы, нағыз психологиялық жан күйзелін
берудегі деталь.
Тау басында орнаған таста тұнған жаңбырдың тамшысындай
мөлдір кеседей көл жалғыздықтан жабылып, жәудіреп жатыр. Оны
аты-Жетімкөл.
М.Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда атты поэмасы осындай
сырлы суреттен басталыды. Поэманы оқи бастағаннан – ақ
көз алдыңа ақ төсінде аққу аялап, әсемдікті әлдилеп
жатқан көл келеді.
Сондай сәттегі көл суреті былайша бейнеленеді:
Қанатынан аққудың балапандап,
Ән ұшатын сымпылдап таң атарда
Сүйінші бер дегендей бір толықсып,
Сыбырлайтын – Жетімкөл Алатауға
Тына қалып бұлбұл да жаңа – талда
Қарайтұғын айдынға, ақ отауға.
Қаймағы бұзылмаған сұлу суреті. Кейелі тіл, образбен ойлау,
теңеумен сөйлеу, сыодырап келген келісім әдемі әсер
береді. Ақынның тілі айшықты, бедерлі, ойы анық, бояуы
қанық. Көзге сйғанмен сөзге сыймайтын көркем көріністі
жеріне жеткізе шебер берген. Құдіретті қалам туғызған
Жетімкөл жанардың жауын алып, жасанып, сұлулығына
сұқтандырады. Мұнда ақынның ару аққуға ғана емес, ата
дәстүріне, сұлулыққа деген сүйіспеншілігі жатыр. Азаматтың туған
табиғат алдындағы перзенттік парызы деген бірегей
көзқарасы жатыр.
Жар дегенде жалғызымның жаны қыл ұшында жатқан ана сәтін
сақтап қалу үшін жанталасуда,
Бала жатыр төсекте күйіп – жанып
Баласының ана отыр күйін бағып
Осындай шарасыз шақта, азалы анаға тәуіп келіп: Аққуым баланы
аластаңдар деп кетеді. Дәрменсіз ана екі оттың ортасында
қалады. Ақын кейіпкер жақын жегідей жеген шарасыз сәтті,
психологиялық тебіреністі ширықтыра суреттеген. Бірақ
сұлулыққа, қасиетті қастерлеуге деген сезімді аналық сезім
жеңеді де, оқырманда амалсыз, абайсыз аққуға оқ
атып алады. Жетім аққуынан, ана баласынан айрылады.
Аққуды атпау - атадан балаға жалғасып жеткен жақсы
жоралғы; жарасымды дәстүр ғана емес, адамгершілік асыл қасиет
заңы, сұлулықты сүйе білуді бағалай білудің үздік үлгісі.
Аққуға оқ ату – күллі қасиетке оқ ату. Халық түсінігіндегі
аққу- қасиетті құс, киелі ұғым. Сондықтан оған суық қару
оқтамаған, оқтатпаған. Әңгіме әлдеқандай ырымды емес, ұнасымды
ұғымда. Қасиетті қастерлеп, сұлулықты сақтай білуде. Біздіңше,
поэмада автордың айтқысы келген екі бірдей сабақтас
идея бар. Оның бірі – қасиетке оқ атпау; тәтті тыныштық
шырқын бұзбау. Яғни адамгершілік пен ізгілікті дәріптеп,
уағыздау болса, екіншісі – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа
жанашыр, қомқор болу. Түйіп айтқанда, сұлулықты сүю, сақтау
қасиетті.
Поэмада осы идеялық мақсатты автор әке мен ананың ішкі
психологиялық қақтығысы, жан күйзелісі арқылы берген.
Ауру меңдеген нәресте Жан шырқырап аласұрған ана. Тәуіп
шалдың айтқанын орындамаса сәбиін ажалдан арашалап қалар
басқа амалы таусылған. Бар үмітін соңғы амалы
таусылған. Бар үмітін соңғы шарадан күтіп, бұл қияметті
орындауды зайыбына жүктейді.
Әке халі де мүшкіл. Бала дерті жанын қанша қинағанмен,
киелі құс аққуға да қол көтергісі келмейді. Қарапайым адамға
тән жан тазалығын, қатыгездікке жаны ауыратын ізгі сезімі
байқалады. Бала үшін ана жаны отқа түсуге де дайын.
Сондықтан киелі де, қасиетті де перзент жолын құрбан еткен
ол:
Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?
Топан су басып жетсін қалғандарын
Перзент сұрап, несіне армандадың
Құрысын онсыз сенің жалған бағың?
Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі! –
деп, жүрегін сыздатқан ауыр сезімнің жетегімен атқа қонады.
Көл жағасына келген ана табиғатың, табиғат еркесі аққудың
ғажайып сұлулығына елтіп, бір сәтте басқа дүниені ұмытып
дағдарып қалады.
Сұлулық әлеміне оқ атуға ананың дәті бармайды. Бірақ
ажал аузында жатқан үйіндіге жалғыз ұлы есіне түскенде
ана-көңіл көз алдындағы кілең әппақ түске бөленген көрікті
әлем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Мақатаев поэмаларының идеялық- көркемдік ерекшелігі
Мұқағали Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Мұқағали поэзиясын мектепте оқыту жолдары
Оқушыларға поэманы оқыту
XІХ ғасырдың әдебиеттің ерекшелігі
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ САЛАСЫ
Мұқағали поэзиясын оқыту әдістемесі
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесіндегі символдың атқаратын қызметін саралауда жекелеген ақындар шығармаларындағы символдың өзіндік ерекшеліктерін зерделеу
Пәндер