Фаст-фуд туралы қызықты фактілер



1 Фаст.фуд
2 Удты қалай шектеуге болады?
3 Ұрпақтың әлжуаздығына фастфуд кінәлі
4 «Мак».тың саудасы қызып тұр
5 Тамақтану пирамидалары
Жексенбінің жайдары күнінде оқырмандармен қауышқанымызға шын жүректен қуаныштымыз.
Осы күні фаст-фуд тағамдары өмірімізді әбден жаулап, аттап басқан әр қадамымызда алдымыздан шығатын болды. Осы орайда оқырмандарға қызық болар деген ниетпен осы туралы кейбір фактілепді ұсынамыз.
• Америкада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет Макдональдс ресторанына барады.
• Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллирд долларға өсті.
• Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторнадарға жол тартты.
• Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Песпи-Кола сатылымда жоқтың қасы.
• Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды.
• АҚШ-тың өзінде фаст-фуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді.
• Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты.
• Макдональдс Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады.
• Макдональдс ресторандары ашылар тұста желі иелері сатып алушылардың ресторанда ұзақ уақыт отыруын қаламағандықтан, бөлмеге ыңғайсыз орындықтар қойып, ойын-сауық автоматтарының болмауына барынша көңіл бөлген.
• Ғалымдардың айтуынша, гамбургер жасау үшін пайдаланылатын еттің түрлері Альйгеймер ауруының тууына себепші болады.
• Автокөлік жүргізушілеріне қызмет көрсететін фаст-фуд дүкені алғаш рет 1919 жылы Калифорнияда A&W Root Beer деген атпен ашылды.
• 1990 жылы Макдональдстағы фри картофельдерін пісіруге сиыр майы қолданылатыны белгілі болғаннан кейін Мумбайдағы вегетериян үндістер желінің барлық дүкендеріне шабуыл жасап, қиратқан екен.
• Фри карофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғанығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді.
• Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептеді.
• Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Фаст-фуд туралы қызықты фактілер

Жексенбінің жайдары күнінде оқырмандармен қауышқанымызға шын жүректен қуаныштымыз.
Осы күні фаст-фуд тағамдары өмірімізді әбден жаулап, аттап басқан әр қадамымызда алдымыздан шығатын болды. Осы орайда оқырмандарға қызық болар деген ниетпен осы туралы кейбір фактілепді ұсынамыз.
* Америкада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет Макдональдс ресторанына барады.
* Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллирд долларға өсті.
* Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторнадарға жол тартты.
* Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Песпи-Кола сатылымда жоқтың қасы.
* Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды.
* АҚШ-тың өзінде фаст-фуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді.
* Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты.
* Макдональдс Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады.
* Макдональдс ресторандары ашылар тұста желі иелері сатып алушылардың ресторанда ұзақ уақыт отыруын қаламағандықтан, бөлмеге ыңғайсыз орындықтар қойып, ойын-сауық автоматтарының болмауына барынша көңіл бөлген.
* Ғалымдардың айтуынша, гамбургер жасау үшін пайдаланылатын еттің түрлері Альйгеймер ауруының тууына себепші болады.
* Автокөлік жүргізушілеріне қызмет көрсететін фаст-фуд дүкені алғаш рет 1919 жылы Калифорнияда A&W Root Beer деген атпен ашылды.
* 1990 жылы Макдональдстағы фри картофельдерін пісіруге сиыр майы қолданылатыны белгілі болғаннан кейін Мумбайдағы вегетериян үндістер желінің барлық дүкендеріне шабуыл жасап, қиратқан екен.
* Фри карофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғанығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді.
* Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептеді.
* Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.

удты қалай шектеуге болады?
0 1139

Биылғы жылдың басында Оңтүстік Кореяда фастфудты теледидар арқылы жарнамалауға тыйым салынды. Осылайша Денсаулық сақтау министрлігі балалар арасындағы семіздікке тосқауыл қоюды көздепті. Сөйтіп, ақпаннан бастап кешкі сағат 19.00-ге дейін гамбургер, пицца, шоколад және өзге де тәттілер, тіпті балмұздақ та жарнамаланбайтын болды. Бұл - фастфудқа қарсы екінші шабуыл. Оған дейін мектептердің жанында қоқыс тағам мен газдалған сусындарды сатуды шектеген еді. Өйткені қазір бұл елде әрбір бесінші бала семіздіктің зардабын тартып отырған көрінеді.

Ұрпақтың әлжуаздығына фастфуд кінәлі

Бізде де дұрыс тамақтану мәселесі оқтын-оқтын көтеріліп жүр. Оған себеп - жұрттың, әсіресе балалар мен жастардың фастфудқа ден қоюы. Өткен аптада Мәжіліс депутаты М.Айсинаның фастфудтық жүйелерді оған қойылатын талаптарды күшейту арқылы ғана реттеуге болады деп мәселе көтергені мәлім.

Депутаттың айтуынша, елімізде сапалы тамақпен қамтамасыз ету заңнамалық тұрғыда өте қатаң реттелген, бірақ ол қалай орындалып жатыр, мәселе сонда. ҚР Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңының 13-ші бабына сәйкес, балалардың тамақтануы арнайы мақсаттағы өнімдерге жатады. Әйтсе де, бізде әлі күнге дейін бала тамағын дайындайтын комбинат жоқ. Барлығы шетелден әкелінеді. Ал не әкелініп жатыр, ол жағы беймәлім.

Сондықтан біз қазір әлжуаз ұрпақ өсіріп отырмыз деп қынжылады халық қалаулысы. Айта кету керек, мектеп оқушыларын сапалы тамақпен қамтамасыз ету мәселесін депутаттар бұрыннан көтеріп жүр. Нәтиже де бар. Бүгінгі күні республика бойынша барлық мектептердің асханаларынан жылдам дайындалатын тағамдар (фастфуд) алып тасталды. Сонымен бірге Алматы, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының жалпы білім беру мекемелері 1 мен 4-ші сынып аралығындағы оқушыларды (олардың әлеуметтік жағдайына байланыссыз) толығымен ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Бұл қатарға биылғы оқу жылында Астана қаласының мектептері де қосылмақ.

Еске түсірсек, бұрындары Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы фастфуд деген бәленің беделін төмендету үшін бірқатар ұсыныстар енгізген еді. Ол - өндірушілер үшін қосымша салық енгізу және 6.00 мен 21.00 арасында осындай өнімдерді теледидар арқылы жарнамалауға тыйым салу. Осы орталықтың директоры Сәуле Диқанбаеваның пікірінше, қосымша салықтың енгізілуі фастфуд өнімдерінің бағасын өсіреді. Соның нәтижесінде тұтынушылардың көбі одан бас тартуға мәжбүр болмақ. Алайда өзге мамандар мұндай пікірмен келіспейді. Өйткені жылдам әзірленетін тағамдардың қымбаттауы тұтынушының қалтасын қағатыны сөзсіз. Ал олардың басым көпшілігі - орта табысты және тұрмысы төмен жандар.

Мәліметке жүгінсек, жергілікті фастфуд нарығындағы табыстың жылдық көлемі шамамен 100 млн долларды құрайды. Оның 40 пайызы - Алматы, 17 пайызы Астананың үлесінде. Алайда осы уақытқа дейін елімізде жылдам тамақтану тобына қандай тағамдардың жатқызылатыны белгіленбеген, яғни нақты тізім жоқ. Мәселен, көшедегі дүңгіршектерде әзірленетін самса, дөнер, тіпті бауырсақ фастфуд өнімі ме? Жалпы фастфуд деген не?

Айта кету керек, денсаулыққа зиянды тағамдарға қосымша салық енгізу идеясы басқа елдерде де оқтын-оқтын көтеріледі. Мәселен, Тайваньда өткен жылғы желтоқсанда денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен осы салық тәжірибеге енгізілді. Фастфудтың отаны саналатын АҚШ-та қосымша салық туралы әңгіме бірнеше жылдан бері айтылып жүр. 2008 жылы француздар тым майлы немесе тым тұзды асқа қосымша құн салығын төрт есеге көбейтуді ұсынған болатын.

Алайда шектеу көбейген сайын тұтынушы біткен ерегескендей-ақ дәл осы ылдым-жылдым әзірленетін тамаққа тәбеті ауа түскен.

Неге болса да байыппен қарайтын ағылшындардың өзі фастфудқа мойын бұра бастапты. Мәселен McDonald's Ұлыбританияда сауда көлемінің көтерілгенін жариялады.

Бізде болса, фастфуд нарығы соншалықты дами қойған жоқ. Мамандардың пікірінше, оған жергілікті тұрғындардың менталитеті жол бермейді. Өйткені біздің адамдар үшін ол жылдам тамақтану емес, демалу үшін баратын орын. Әсіресе, балалардың әуестігі ерекше. Еліміздегі фастфуд нарығының шағын әрі шашыраңқы болуы ірі ойыншыларды үркітетін көрінеді. Қазір ішкі нарықта сырттан келген Burger House, King Burger и MC Burger үстемдік құрып отыр.

Ал аты әлемге мәшһүр Макдональдс компаниясының елімізге келмеген себебі, оның франчайзы қымбат, нақты айтқанда Алматыда енгізу үшін 950 мың доллар төленуі тиіс көрінеді. Оған қоса, ет өндіретін, картоп және өзге де көкөністі өсіретін өз фермасы болуы қажет, сондай-ақ сапа, қызмет, баға, орама ыдысты жою жұмыстары компания стандартына сай болуы тиіс. Сондықтан осы кезге дейін сатып алушы табылған жоқ.

Мак-тың саудасы қызып тұр

Фастфуд - сөзбе-сөз аударғанда жылдам дайындалатын ас. Асықпай тамақтануға уақыты жоқ адамдар үшін өте қолайлы. Ол туралы сөз қозғасақ, алдымен Макдональдс ойға оралады. Алайда көшедегі шауырма, хот-дог сияқты азыққа қоса, жүгіріп жүріп ауызға салатын чипс сияқты ұсақ-түйек те, тіпті газдалған сусын да -- фастфуд.

Айымкүл ӘЛИЕВА, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы тәртіптік факторлардың алдын алу бөлімінің жетекшісі:

-- 2007 жылы Бас тазалық дәрігерінің қаулысымен фастфуд өнімдерін, энергетикалық сусындарды мектеп аумағынан 100 метр қашықтыққа дейін сатуға тыйым салынған болатын. Алайда мектеп жанындағы дүкендерде олар қайтсе де сатылады. Сондықтан мұндай тағамдардың саудасын шектеу қажет. Әрине, түрлі қытырлақ, чипс, кириешкалар әбден зерттелген әрі елге әкелініп қойғаннан кейін біз мұндай тағамдардың саудасына мүлдем тыйым сала алмаймыз.

Оның үстіне еліміз де Батыстың стиліне көбірек оңтайландырылған. Алайда денсаулыққа келтіретін зиянын да естен шығармау керек. Мәселен, қытырлақты газдалған сумен қосып жесе, асқазан жарасына шалдығуы әбден мүмкін және ағзадағы кальцийді шайып, ол остеопорозға (сүйектің морт сынғыштығы) әкеледі. Батысша тамақтанудың нәтижесі 20-30 жасқа келгенде семіздікке әкеп соқтыратыны дәлелденді. Сондай-ақ түрлі самса, шаурма сататын нүктелерді де шектеуіміз қажет.

Ондағы өнімдердің қалай даярланатыны көпке белгілі - ешқандай тазалық талаптары орындалмайды. Бұл енді, негізінен, тазалық-індет бақылау қызметінің міндеті. Құрамында бояуы, консерванты көп, майлы, тұзды тағамдардың ағзаны ластағаннан басқа еш пайдасы жоқ. Сондықтан әрбір отбасында баланы дұрыс тамақтандыруға дағдыландырған жөн. Тамақтану мәдениеті отбасынан басталып, мектепте жалғасын табуы тиіс. Ресейде, мәселен, фастфуд жарнамасына тыйым салынды. Бізде осы жарнама мәселесі қолға алынуы қажет. Өйткені дені сау ұрпақ - біздің келешегіміз.

Тажал та5ам

Біз газетіміздің өткен санында Фаст фуд тағамдарының адам ағзасына тигізетін зияны туралы сөз қозғағанбыз. Бүгін де сол тақырып аясындағы әңгімені жалғастырып, Алексейдің тәжірибенің келесі аптасында қандай күй кешкені жайлы және біздің күнделікті пайдаланып жүрген ет, сүт өнімдерінің, тағы басқа азық-түлік түрлерінің қалай өңделіп, тұтынушыға жететіні жөнінде әңгіме өрбітпекпіз.
Өз ағзасында ұнамсыз өзгерістер біліне бастағанын байқаса да Алексей тәжірибені тоқтатпауға бел байлады. Ол тым күйгелек болып кетті, әріптестерімен тіл табысу да қиындай бастады. Басы қатты ауырып, жоғары қабатқа көтерілгенде ентігіп қалатын, ұйқысы да бұзыла бастады.
Осыдан кейін ол тәжірибенің екінші аптасында тек ет, сүт және қақталған құс етімен қоректенуді ұйғарды.
Құс етінің тез қорытылатын, өте жеңіл тамақ екені белгілі. Бірақ сол құстың тұтынушыға қалай келіп жететіне мән бере бермейміз.
Ал, құс өсірушілер балапандардың екі ай ішінде тез оңалып, салмақ құрауы үшін жемге түрлі дәрумендер мен ағзаның өсуін күшейтетін натрий глутаматы бар жасанды қоздырғыштар қосады. Мұндай гормондық дәрумендер мен антибиотиктердің адам ағзасына да зиянды әсері өте көп. Оған қоса, құс етін дайындауда көбінесе санитарлық-гигиеналық талаптар сақталмайды. Етті қақтайтын, яғни пісіретін ыдыстар мен жабдықтар жиі тазаланып тұрмайды. Ал, бірнеше рет қолданылған май оны қыздырған кезде канцерогенді заттар пайда болып, адам ағзасына өте зиянды затқа айналады. Дәмдегіш заттардың құрамындағы химиялық элементтер де ыстықтың салдарынан құрамын өзгертіп, залалды нәрселер бөліп шығарады.
Міне, Фаст фуд тамақтарының адам денсаулығы мен жүйкесіне кері әсер етіп, Фаст фуд өнімдеріне деген тәуелділік пайда болады. Ал, артық салмақ ағзаға қосымша жүк түсіреді.
Бүгінгі таңда дамыған елдердің экономикасы, негізінен, фармацевтика саласына, косметология өндірісіне және Фаст фуд тағамдарын шығаруға тікелей тәуелді. Бұл компанияларға бүкіл адамзаттың аш, ауру, әрі шектен тыс семіз болғаны керек. Өйткені жүйкесі нашар семіз адам тек құлқынның қамын ойлап, қарын тойғызуды ғана біледі. Ауыра қалса, дәріханаларда түрлі дәрі-дәрмек толып тұр. Ал, бет-аузындағы кемшіліктерді косметиканың көмегімен әрлеп, жөнге келтіреді. Осылайша дүниежүзілік алпауыт компаниялардың ақша жасау диірмені тоқтаусыз айналып тұрады.
Малдың немесе құстың тамағына қосылатын антибиотиктер мен етті өңдеуде қолданылатын химикаттар оның құрамында сақталып қалады. Соңғы кездері ет өнімдерінен уланудың көбейіп кеткені содан. Ресейдің өзінде 2006 жылы жүздеген адам ет өнімдерінен уланып, ауруханаға жатып шықты.
Фаст фуд өнімдерін жиі пайдаланатын адам артық салмақ қосып, соның салдарынан ағзасы күйзеліске ұшырап, депрессияға түседі. Мұндай кезде одан құтылудың жалғыз жолы - антидепрессанттар. Стресс кезінде ағза энергияны есепсіз шығындайды. Оның орынын тек қана Фаст фуд өнімдері толтырады. Осылайша жүйкесі бұзылған, өз-өзіне сенімсіз тұлға қалыптасады.
Ал, қазіргі шұжық өнімдері бұрынғыдан мүлдем басқаша. Кеңес уақытында азық-түлік өнімдеріне ГОСТ жүйесі енгізілетін. Бүгінде бұл өнімдер техникалық шарттарға (ТУ) сәйкес шығарылып жатыр. Мәселен, ГОСТ талаптары бойынша, еттен жасалатын өнімдерге азықтық қоспалар қосуға мүлдем тыйым салынған еді. Ал, техникалық шарттарға сәйкес, мұндай нұсқаулар алынып тасталып, сапасыз етке соя ақуызын, өнімнің сапасын жасанды түрде арттыратын басқа да химиялық заттар қосуға шектеу қойылмады. Сенсеңіз, қазір дүкенде тұрған шұжықтың құрамында ет жоқ. Дайын өнім дам ағзасына өте зиянды соя концентратынан, дәмдегіш, салмақ көбейткіш, ет дәмін беретін түрлі химиялық қоспалардан тұрады. Солай бола тұра, ет өнімін шығарушылар тұтынушыны өнімнің құрамындағы химиялық қоспалар өте аз мөлшерде, еш зиянсыз деп сендіреді. Бірақ химиялық заттар жылдар бойы ағзамызға шөгіп, ішкі мүшелерімізді зияндап жатыр. Шын мәнісінде, мұндай шөгінділер адам ағзасында тіптен болмауы керек. Ал, Фаст фудты пайдаланған сайын ағзаның өзін өзі тазалау қабілеті жоғала береді.
Ал, сіз өзіңіз жақсы көретін жіңішке шұжықтың (сосиска) құрамында не бар екенін білесіз бе? Оның 25 пайызы - соя ақуызынан, 15 % - құс етінен, 7 % - мал етінен, 5 % - крахмал ұнынан, ал 45 % - малдың терісінен, тарамыс-тамырлары мен бүйрек-бауырларынан жасалған эмульсиядан тұрады. Міне, сүйіп жейтін тағамның сиқы осындай.
Ең сорақысы - өтпей қалған шұжық өнімдері ет комбинатында қайта өңдеуден өтіп, сауда нүктелеріне қайта әкелінеді. Мұндайда бұрынғысы аздай, оның құрамына қайтадан азықтық қоспалар қосылады.
Химиялық азықтық қоспалармен сауда жасайтын компаниялардың өз жарнамаларынан мынадай ұсыныстарды көптеп кездестіруге болады:
Біздің өнімдеріміз бизнесіңіздің алға ілгерілеуіне көмектеседі, шұжық, тағы басқа ет өнімдерінің құрамындағы етті жасанды жолмен 10%-ға көбейтеді. Мұндайда өндірісті дамыту үшін қосымша қаражат талап етілмейді, жаңа технологияларды енгізудің қажеті жоқ. Жартылай ысталған шұжық өнімдерін 8-10%-ға көбейту үшін азықтық қоспаның 400 грамын ғана 100 кг фаршқа қоссаңыз жеткілікті. Өнімнің тартымдылығы, дәмінің ерекшелігі ойдағыдай болады. Мұндай жарнамаға пікір айтудың өзі - ағат.
Азық-түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцерогендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр. Жылдар бойы улы заттар жиналған ағза генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кока кола
Фаст - фуд өнімі
Жылдам қызмет көрсету мейрамханалары және қызмет көрсету ерекшеліктері
Зиянды тағамдық заттар қоспалары
Тағамдық бояғыштардың жіктелуі
Жылдам тамақтандыру мейрамхана желілері
Қазақ тіліне ағылшын тілінен енген сөздер
Еліміздің Бейбітшілік қаласы Нұр - Сұлтан қаласының қонақжайлылық инфрақұрылымы
Туркияда жарнаманың балалар психологиясына әсері
Тауарлық франчайзинг
Пәндер