Қазақстан Республикасының банк жүйесі және банк жүйесінің сенімділігі


Мазмұны
Кіріспе . . . 5-6
1 Баніктің пайда болу тарихы . . . 7-10
2 Банк жүйесінің құрылымы . . . 10-17
3 Қазақстан Республикасының банк жүйесі және банк жүйесінің сенімділігі . . . 18-27
Қорытынды . . . 28
Әдебиеттер тізімі . . . 30
Кіріспе
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды жэне т. б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болалды. Алайда, банктің мәнін терең зерделеген И. О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік шындыққа толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
- банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;
- оның мәнін әр түрі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;
- банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажететеді;
- банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажететеді.
Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша қызметін қарастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты клиентке қатынасы бойынша бірқатар өз қызметін орындауы мүмкін, бірақ бұған қарап оны банк деп ұғуға болмайды. Нақты клиентке банк көрсететін 100-120 қызмет түрлерінің бәрі бірдей қажет бола бермейді. Сол себепті де банктің мәнін тал-дағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау керек. Бұл мағынада оның мәні дерексіз ұғымға айналып шыга келеді, ол нақты банк кызметінің бүкіл сипаттамасып біртұтас ретінде қарастыруы мүмкім
Банктер - несие беруге, ақша есептері мен құнды қағаздар операцияларында делдалдыққа маман-дандырылған экономикалық мекеме. Меншік түріне қарай банктер акционерлік, серіктестік, дербес, кооперативтік, муниципалдық (коммуналдық), мемлекеттік (ұлттық), мемлекеттің қатысуымен құрылған мемлекетаралық болып бөлінеді. Банк қызіметінде үш түрлі операция жүзеге асырылады: паюсивті, активті және делдалдық (комиссиялық) операциялар.
Паситвті операциялардың көмегімен Банк. өз қызметіне қажетті ақша қаржысын - өз қаржысын, сондай-ақ өзіне түскен және айналымға қосылған қаржыларды шоғырландырады. Өз қаржысы, кұрылтайшылар жарнасы (ұзақ мерзімді несие болуы да мүмкін), акциялар мен облигациялардан түскен қаржы, күнделікті пайдадан, резерв қорына бөлінетін аударылым, бөлінбейтін пайдадан құралады. Түісетін және айналымға қосылатын қаржы клиенттердің ағымдық, мерзімдік және жинақ есептеріне салатын ақшаларынаң сондай-ақ айналымға қосылатын несие ақшадан түседі. Бұған қоса ақша түсіруде банкаралық қарыз (ссудалар), вексельдерді есептеу және қайта есептеу маңызды роль атқарады.
Банктің өз қаржысы мұндағы бар қордың аз бөлігін ғана құрайды. Әдетте, ірі банктерде өз қорының үлесі 10 проценттен аспайды және банік неғүрлым . ірі болған сайын оның өз капиталының үлес салмағы да солғұрлым аз болады.
Активті операциялар пайда алу мақсатымен құралған ақша қорын пайдалануға бағытталған. Ол несие (есепті қарыз) және инвестициялық болып бөлінеді. Өз кезегінде кредит операцияларын түрлі өлшемдерге қарап топтастыруға болады: а) мерзімділігі бойынша талап етілетін қарыз, қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан да әрі) ; ә) қамтамасыз ету сипаты бойынша вексельді есепке алу, вексель кепілдігі, тауар және тауар құжаттары кепілдігі, қозғалмайтын мүліктер, құнды қағаздар арқылы және қамтамасыз етілмейтін (бланкілер) қарыздар. Өтеу тәсіліне қарай несие бірден өтелетін және бөліп-бөліп өтелетін болып бөлінеді. Процентті төлеу несие беру кезінде бірден немесе бүкіл мерзім ішінде бөліп-бөліп, я болмаса оны өтейтін сәтте жүзеге асырылуы мүмкін.
Несие оның кімдерге берілетініне қарай да бөлінеді, мәселен, лкәсііпкерлерге, мемлекетке, халыққа,, қор биржалары делдалдарына, банктерге беріледі
Инвестициялық банк операциялары құнды қағаз-дарды сатып алудан тұрады. Құнды қағаздарды иемдену банкті- қор биржасында алыпсатарлыққа итермелеп, банк активтерінің өтімділігін төмендетеді, бірқатар елдерде депозиттік-қарыз және инвестициялық қызметті қатар атқаруға шек қойылған.
Активті және пассивті операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл, әсіресе «алдамшы ақша» мысалынан айқын көрінеді. Ол банктің клиентке бөлген қарыз ақшасы оньщ есебінен осы банкке салынған жағдайда болады, сөйтіп активті операция пассивті операцияға жоқ жерден айналады.
1. Баніктің пайда болу тарихы
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т. б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады., Бұл аталган банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да І және т. б. бір-бірінен езгеше болады, бірақ бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз қалады жэне олардың барлығыма бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әр түрлілігін көрсетеді.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда баиктің мәні туралы мәселе оны басқа экономикалық институттардан айрықшалайтын өзіндік ерекшеліктерін анықтауды қажет етеді. Мәселе мынада: осы заманғы банктер орындайтын көптеген каржылық, кеңес беру және т. б. кызмет түрлерін (200-ден астам) басқа экономикалық институттар, оның ішінде, банк институты оз клиенттеріие көрсете алады. Оның үстіне, банк атқаратын жұмыстардың көбісін басқа институттар да орындайды. Мұндай ахуалдан шығу үшін опера-циялардың ішінен тек банктің өзіне ғана тән операциялар мен кызметтерді бөліп көрсету керек.
Банк езіндік ерекшелігі бар кэсіпорын ретінде материалдық өндіріс саласындагы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана тауарды емес, ақша жэне төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді. Қолма-қол акшаны шығару - бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс, тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады. Әріберіден соң несие қандай да бір соманы білдіріп коймайды, ол ссудалық пайыз түрінде пайда әкелетін капитал ретінде анықталады.
Банктің уақытша пайдаланылмайтын, шоғырланған бос (еркін) ресурстары ұдайы өндіріс пайызында өнімді пайдаланылады.
Банк өнеркәсіп және сауда кәсіпорыидарынан өз өнімінің өзіндік ерекшелігі імен айрықшаламса да ол мекеме меи үйымға қараганда кәсіпорынға ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымен алға шығады.
Несие ісі - банк негізі, бұл оның негізгі ісі болып табылады. Әріберіден соң, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің және жеке тұлғалардың төлем айналымыи қолма-қол ақша формасында және қолма-қол акшасыз формада реттейтін аса ірі несие ииституты болып табылады.
Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын (ииститут) ретінде жұмыс істеріне мүмкіндік беретіп құрылуы оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк құрылғысы төрт міндетті блокты қамтиды. Банк 6ұл блоктарсыз банк ретінде болмайды әрі дамымайды:
- банк капиталы сауда және өнеркәсіп капиталынан босаған өзіндік ерекшелігі бар капитал ретінде, сондай-ақ карыз формасында артықшылыққа ие капитал ретінде болады әрі ұдайы қозғалыста болады;
- өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорыидар мен институттардың кызметінен айрықшаланатын банк қызметі;
- банк ісі мен банкті басқару саласында өзіндік ерекшелігі бар жұмыспен айналысатын адамдардың айрықша тобы;
- банк техникасын, үй ғимаратын, байланыс және коммуникаиия кұралын, кұрылғыларын, ішкі және сырткы ақпаратып, өндірістік материалдардың белғілі бір түрлерін қамтитын өндірістік блогы.
Банктің өзіндік ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк кұрылымына жүргізілген талдаудың негізінде омы колма-кол ақша формасындагы жеке қолма-қол акша формасындағы және қолма-кол акшасыз формадағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе акша-несие ииституты ретінде анықтауға болады.
Банк оның (банк) жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл оның мынадай болуы керектігін ұйғарады:
- оған біртұтастың органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын ережесі бойынша әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешелікке ие болуы керек;
- бірыңғай заң аясында, қоғамның заң нормалары шегіндежұмыс істеуі қажет;
- өзін-өзі реттеуге, банк жүйесінің баска элементтеріне(банктік емес институттармен) өзара әрекеттесуге икемдіболуы керек.
Банк теориясынын маңызды мәселесіне оның кызмет ету аясы туралы мәселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік тәсілдемелердің көмегімен анықтау керек. Банктің кызмет ету аясы - бұл басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән қызметі.
О. И. Лаврушин банктің 3 кызмет ету аясын былайша анықтап берді. Оның біріншісі - ақшалай қаражатты шоғырландыратын кызметі. Уақытша сақтауга құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі банк операцияларының бірі болып табылады. Мәселенің мәні мынада.
Кейін пайдаланылуы үшін қаражатты жинау процесі тек банктерге ғана тән емес. Алайда уакытша бос ақшаны шоғырландырудағы банктің бірқатар ерекшеліктері болады:
- шоғырландырылған уакытша бос бөтен қаражат банктінөз кажеттілігіне емес, басқалардың қажеттілігіне кайтабөлу тәртібімен пайдаланылады;
- шоғырландырылатын және кайта бөлінетін каражаттыңменшік иесі - бастапқы несие беруші (банк клиенті) ;
- қаражатты шоғырландыру тек арнайы ұлғайтумен (лицен-зия) жүзеге асырылады әрі банктің негізгі қызмет түрінеайналады.
Екінші кызмет - ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несие беруші мен карыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк несие беруші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушынын арасындагы делдал болып табылады. Банк арқылы - үлкен мөлшерде контрагенттердің арасындағы есеп айырысулар, айырбас, ақшалай каражат айналымы, капитал жүзеге асырылады. Ақшалай каражат айналымы экономиканы жэне халықты несиелеу, төлем құралдарын шығару арқылы реттеледі.
Үшінші қызмет - делдалдық қызмет. Бұл арада банктің делдалдық қызметін тек төлемдегі делдалдық ретінде ұқпау керек. ;
Оған тереңірек үнілуі кажет. Банктер арқылы акшалай каражат пен капитал бір субъектіден екіншісіне, экономиканың бір саласынан екіншісіне кұйылады (ағылады) . Банк шоты бойынша жүзеге асырылатын операциялармен капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі, ягни оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, баска салалар мен аймақтарға қайта бөледі. Қайта бөлінетін банк ресурстары жұмыс істеу саласы бойынша да, мерзімі бойынша да, мөлшері бойынша да бір-бірімен сәйкес келмейді. Бүкіл экономикалық өмірдің ортасында болатын банк капиталдың мөлшерің, мерзімін және бағытын шаруашылықтың кажеттіліктеріне қарай түрлендіру (өзгерту) мүмкіндігіне ие. Сонымен, делдалдық қызмет - бұл тәуекелдікті (қатерді) азайтатын әрі ұдайы өндіріс субъектілерінің арасындагы қатынасты кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін қызмет.
Қатысушының кез келген уақытта корреспонденттік шоттың жағдайы туралы ақпаратты, күнделікті шыққан барлық төлемдерді қарап алу үшін, басқа коммерциялық банкілерден оның атына келген төлемдерді қарау үшін сүрауы да мүмкін. Жүйенің қатысушыларына өздерінің төлемдерінің кезектілігін реттеуге мүмкіндік беріледі. Есеп айыру арқылы өтпеген төлемдер қатысушыға қабыл алмаған, қамсыздандырылмаған төлемдер қүны түрінде қайтарылады.
Төлем жүйесінің реформасы шегінде екінші деңгейлі банктер операциондық күнді және біртүтас корреспонденттік шотты өңдеумен айналысады. Біртұтас корреспонденттік шотқа өту екі кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде біртұтас корреспонденттік шотқа өту облыс деңгейінде, ал екінші кезеңде - республика деңгейінде өту қарастырылған.
2. Банк жүйесінің құрылымы
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері "Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы" Заңы және "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақгық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы сызбада көрсетілген.
Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына - Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламет пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:
- мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
- Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нор-мативтік актілерді бекітеді;
- Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттармен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
- Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Респуб-ликасының бюджетімен операциялар бойынша пайыз-дық мөлшерлемесін бекітеді;
- Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;
- сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
- Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдықжиынтық балансты қарастырады;
- Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
- банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі (сурет-1) .
ҚР Ұлттық банкнің басқару құрылымы
Басқарма
Директорлар кеңесі
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республиқасында ақша банкноталарын өндіру жәңе коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумең байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейіңгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, соңымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріңдегі эмиссия - айналысқа банкноталар мен моиеталардың қосымша щығарылуын сипттайды.
Қазақстанда теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі - кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың поцесінде іске асады. Банкідегі депозиттер сомасы несие акшаны құру үшін қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл репрециялардың сызба келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі мүмкін.
Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл - сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативті көбеюі орын алады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы - бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер - бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады.
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
Бұл - айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс (болғанда) орналасқанда байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі арқылы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлее салмағы-мен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.
Ақша айналысының жылдамды экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация денгейі жоғарылайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz