Фонетика


Фонетика
Дауысты дыбыстарға байланысты фонетикалық ерекшеліктер
Тәжік қазақтары тіліне тән лексикалық, грамматикалық ерекшеліктермен қатар фонетикалық ерекшеліктер де кездеседі. Зерттеліп отырған тұрғындар тілінде кездесетін дауысты дыбыстарға байланысты ерекшеліктер дауыстылардың бірінің орнына екіншісінің қолданылып, алмасуымен және кейбір дифтонг дыбыстың ықшамдалып, әдеби тілдің өзгешеленіп келуімен сипатталады. Дыбыс алмасу құбылысы тек қана қазақ тілінің жергілікті сөйленісіне тән құбылыс емес екендігі баршаға аян. Сөйленістердегі байқалып жүрген алмасудың түп-төркіні бүкіл түркі тілдерінің фонетикалық жүйесімен байланысты, тамырын кең жайған құбылыс екені мәлім. Өйткені тіліміздегі қандай да бір дыбыс алмасуы түркі тектес тілдердің арасындағы дыбыстық алмасулардан айырмашылығы жоқ десек те болғандай. Біз бұл зерттеуімізде осы өңірге тән дыбыстық өзгешеліктердің ішінен басты құбылыс ретінде дауысты дыбыстардың алмасуын тілге тиек етіп отырмыз.
Дауыстылардың алмасуы Ә-А Зерттеліп отырған тұрғындар тілінен жиналған материалдардың ішінде көзге түсетіні, жиірек кездесіп, саны жағынан молырақ сөздерді қамтитын құбылыс ретінде едәуір сөздердің жіңішкеріп айтылуын атауға болады. Әдеби тілімізде және қазақ тілінің басқа говорларының көпшілігінде жуан а қолданылатын сөздерде Тәжік қазақтары тілінде жіңішке ә жұмсалады. Мысалы һәфтә - апта, әшәр -асар, сәәт -сағат, һәрә - ара, һәйран -қайран, тәмәмләш - тамамдау, чәнчу - шаншу, әшәніп -жасанып, чәрвә -шаруа т. б.
Диалектология жөніндегі зерттеулерге қарағанда сөздердің жіңішкеріп айтылуы қазақ тілінің басқа говорларында да кездеседі. Әсіресе бұл құбылыс қазақ тілінің оңтүстік говорларына (Шу, Шымкент, Тәжік) тән ерекшеліктердің бірі болып саналады. Сонымен бірге бұл өзгешелік Қарақалпақ пен Түркменістандағы қазақтар говорында, бір-екі сөз көлемінде болса да, Қостанай қазақтары тілінде кездесіп қалады. Зерттеліп отыран өңірде сөздердің жіңішкеріп айтылуы басқа говорларда жоқ сөздерді қамтиды. Сөздердің жіңішкеріп айтылуы қазақ тілінен басқа өзбек, түрікмен тілдерінің кейбір говорларында да кездеседі, Тәжік қазақтары тіліндегі сөздерінің жіңішкеріп айтылу құбылысы жағынан казақ тілінің оңтүстік говорлар тобына жақын екенін аңғартады.
А-Ә Жоғарыда аталған құбылысқа керісінше жіңішке ә қолданылатын сөздерде жуан а дауысты дыбысы жұмсалады. Мысалы адат - әдет, аял -әйел, акә -әке, алам -әлем, аста-аста - әсте-әсте, бары - бәрі, бекар - бекер, даража - дәреже, дастүр - дәстүр, салам - сәлем, хакім - әкім, палакәт - пәлекет, асал- әсел, адайы -әдейі, адат -әдет, тарат -дәрет, чаугум - шәугүм, палан -пәлен т. б.
Бұл дыбыстық алмасу қазақ тілінің басқа говорларында бой көрсетіп қалып отырады. Карақалпақ қазақтарының оңтүстігінде (аура, маз, ары, забыр), Семей облысының Мақаншы, Ұржар ауданарында (жардам, аял, тарбия) бірер сөздерде ә орнына жуан а дыбысы қолданылып айтылады.
Тәжік қазақтары тілінен жоғарыда келтірілген сөздерде ә орнына жуан а-ның қолданылуы негізінен араб-иран тілдерімен бірдей. Ол тілдерде де жуан айтылады.
Ә - Е Әдеби тілде е дауысты дыбысы айтылатын кейбір сөздерде Тәжік қазақтары тілінде ә қолданылады. Мысалы: әгәр -егер, бекәр -бекер, пәндә -пенде, бәрәкә -береке, дәрт -дерт, зәргәр -зергер, кәсәл -кесел, кәм -кем, мәкән -мекен, рахмәт -рахмет, сәбәп -себеп, шәкәр -шекер, шәрбәт -шербет, чіллә -шілде, біләузік -білезік, әтәк -етек, әнә -әне, кәлін -келін, мәктәп -мектеп, әгу -егу, ән -ен, әркә -ерке, кәләжәк -келешек, кәрәк -керек, күндә -күнде, әртәк -ертек, өпкә -өпке, бәтігә -бетіне, ләгән -леген, әпчіл -епшіл, тәнә -дене, рәнжу -ренжу, өгәй -өгей, кәсәк -кесек, әллік -елу, мәмләкәт -мемлекет, тәріс -теріс, дәфтәр -дәптер, сәллә -сәлде, жөгәрі -жүгері т. б.
Бұл алмасу қазақ говорының Шу говорында бір-екі сөз төңірегінде (нәсеп, нәгез) Түрікменістандағы қазақтар тілінде және Семей, Шығыс Казақстан облыстарындағы тұрғындар тілінде кездесіп қалады.
Тәжік қазақтары тілінде е орнына ә дыбысының молырақ қолданылуы да сондағы аралас отырып, қарым-қатынас жасаған тәжік тілінің әсері деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
А - Ы Говордағы а, ы дауыстыларының алмасу реттері де жоғарыда сөз болған дыбыстық алмасуларға ұқсас. Мұнда да бірқатар сөздердегі ашық а дауысты орнына қысаң ы дауыстысы жұмсалады. Мысалы : разы - риза, тоғры - тура, ықпыл-ықпал т. б.
Бұл дауыстылардың алмасуы негізінен қазақ тілінің батыс говорлар тобына тән құбылыс болып саналады. Ғылыми зерттеулер және экспедициялық материалдар бұл пікірді қуаттай түседі. Оған Орда говорын зерттеген Д. Бөрібаевтың және қазақ тілінің батыс говорлар тобы жөнінде жарық көрген Ә. Нұрмағамбетовтың еңбектері дәлел /16. 48/.
Жалпы а, ы дыбыстарының бірінің орнына бірінің айтылуы жалғыз қазақ тілі говорларына ғана тән емес, басқа да бірқатар түркі тілдерінің фонетикалық жүйесіне тән құбылыс. Мысалы : саха, тува, чуваш тілдерінде түркі тілдерінде ашық а дауыстысы айтылатын жерде ол дыбыстың орнына әрдайым ы дауыстысы жұмсалады. Өзбек тілінің құрама говоры мен түрікмен тілінде бұл алмасулар бар.
Е-I Зерттеліп отырған өңірдегі тұрғындар тілінде езу дыбыстардың ашық, қысаң дауыстылары біраз сөздерде алмасып айтылады. Әдеби тілдегі ашық дауысты е қолданылатын кейбір сөзде Тәжік қазақтарында қысаң і жұмсалады. Мысалы: ісім - есім, ічкім - ешкім, ігіліп -егіліп, сәскі -сәске т. б.
Қазақ тілінің ерекшеліктері жайында жарық көрген зерттеулерге зер салсақ, е і дыбыстарының алмасуы да кездеседі.
Я-Е. Бұл құбылыс қазақ тілінің басқа говорларында кездесе бермейтін, тек осы зерттеліп отырған Тәжік қазақтары тіліне тән ерекшелік деп санауымызға болады. Қосалқы е дыбысының орнына езулік я дауыстысының қолданылуы мына сөздерде кездеседі : сүяк - сүйек, дуния - дүние, Дарие - Дария, жиян - жиен, жияк - жиек, түя -түйе т. б.
Ү-О Тәжік қазақгары тілінде ашық еріндік о дыбысы орнына қысаң
оның, у -ол, кәртүшкә -картоп, ұнча -онша т. б.
Енді бірқатар сөздерде керісінше құбылыс ұ дыбысының о дыбысына алмасуы байқалады : оғырлаш - ұрлау, сорау - сұрау, оқшаш - ұқсас, сорақ - сұрақ, тоғылдым - туылдым, чоқыр - шұңқыр т. б.
Ү-Ө. Санаулы сөздер болса да Тәжік қазактары тілінде ү орнына ө дыбысы айтылады : өргәту - үйрету, өзәңгі - үзеңгі, ой - үй т. б.
И-Ы. Ы-И. Дыбыс алмасулары әдеби тілде қысаң ы дыбысы қолданылатын жерлерде говорда и жұмсалады. Мысалы : миң - мың, идиш -ыдыс, тиш -тыс, киз -қыз т. б.
Кейбір түркі тілдерінде (өзбек, ұйғыр т. б), қазақ тілінде бар қысаң ы, і дауыстыларының орнына и дыбысы жұмсалады. Жоғарыда алмасып келген сөздер өзбек тілімен бірдей. Бұл құбылысты да өзбек тілінің әсерінен деуге болады.
Е-Ө Зерттеліп отырған өңірдегі тұрғындар тілінде езу дыбыстары кейбір сөздерде алмасып айтылады. Мысалы : өшкі - ешкі, өтік - етік.
І-И Тәжік қазақтары тіліне тән өзгешеліктердің бірі - әдеби тілде қысаң і, ы дауыстысы қолданылатын сөздерде қосалқы и дыбысының жұмасалуында. Мысалы : бирі - біреуі, иш - іс, сир - сиыр, иккииз - екіжүз, биз - біз, инім - інім, ким - кім, иккинчі - екінші, иңичкә- жіңішке, чигіт -шиіт т. б.
Жоғарыдағы дауысты дыбыстардың алмасу ерекшелігінен басқа а, ы, й дыбыстарының түсіріліп айтылуы тәрізді элизиялық, метатезалық және апакопалық сияқты құбылыстар байқалады. Мұндай өзгеріске ұшыраған сөздер санаулы ғана.
И дифтонг дыбысының монотонгіге айналу прцесі байқалады. Тәжік қазақтарының тілінде ый, ій қосарлы дыбыстарының ы, і түрінде кездесетіні де байқалады. Мысалы: қымыл-қ имыл, һәрқылы- әрқилы, інабат- инабат, ұқла- ұйықта, пығыл- пиғыл.
Ұ дыбысы өғ, уғ, ығ дыбыс тіркестеріне сәйкес айтылады. Мысалы: оғлан- ұлан, оғыл- ұл, оғыры- ұры т. б.
Көне түркі жазбаларының ішінде оғша , оқша (Манихей ескерткіші) мағыналас сөздері кездеседі. Қазақ тілінде соның екеуі де сақталған сиякты ұқса, оқса. Алдыңғысы әдеби тіл болса, соңғысы диалектілік ерекшелік. Бұл фактілер көне түркілік о қазақ тілінде кейбір реттерде ұ-ға сәйкес келгендігін көрсетеді. Көне түркілік кейбір ашық дауыстылардың қысаңдануы қыпшақ тілдерінің біразына тән құбылыс.
Сөз ортасында айтылатын ғ дыбысы қазақ тілінде у -ға айналады. Мысалы: ағыр- ауыр, ағыз- ауыз, тоғылды-туылды, багыр- бауыр т. б.
Әдеби тілде ауыр, бауыр, ауыз ауна сияқты сөздерінде ғ дыбысының и- ге ауысуы да кездеседі. Мысалы: бағла -байла, бұғдай- бидай т. б.
Дауысты дыбыстар жөнінде Тәжік қазақтары тіліне тән мынандай фонетикалық ерекшеліктерді бөліп айтуға болады.
1. Үндестік заңы сақталмайды. Бұл әсіресе а - е, е - а дыбыстарының алмасуында жиі кездеседі. (дүкән - дүкен, бекар - бекер) .
2. Сөз соңында қосалқы я орнына е жұмсалады. (жиян - жиен, тұя - түйе, сүяқ - сүйек, дүния - дүние)
3. Ы - I. Дыбыстарының орнына и қолданылады (иш- іс, бир- бір, миң - мың, бирі - біреуі)
Зерттеліп отырған говордағы дыбыстық айырмашылықтардың ең бастысы - дыбыс алмасулары. Сол сияқты дауысты, дауыссыз дыбыстардың белгілі бір сөздерге түсірілуі (аферезис, синкопа), кейбір дыбыстардың қосылуы, орын алмасуы (эпентеза, метатеза) тәрізді ерекшеліктер.
Дауыссыз дыбыстарға байланысты фонетикалық ерекшеліктер.
Тәжік қазақтары тіл ерекшеліктерін бізден бұрын зерттеуге ұйымдастырылған экспедициялардың материалдарына О. Нақысбековтың еңбегін Тәжікстаннан көшіп келген қазақтар тіліндегі дыбыстық ерекшеліктер жиналған материалдарға сүйенсек, мұндағы дыбыстық ерекшеліктердің дені онтүстік говорлар тобымен ұштасып жатады. Аталған өңірдегі фонетикалық айырмашылықтар өзбек қазақтары тілімен жақын екенін аңғартады. Осы жиылған деректерге қарағанда, тәжік қазақтары тілінде жиі ұшырайтын мынадай ерекшеліктерді бөліп айтуға болады.
П-Б Бұл говорға тән басты дыбыстық құбылыстың бірі көпшілік қазақ говорларындағы ұяң б орнына қатаң п-ның өте жиі қолданылады. Оңтүстік говорлар тобында бұл құбылыс бар болғанымен, тәжік қазақтары тілінде өте жиірек. Мысалы, пайғазы -байғазы, пайпақ -байпақ, пайтесе -байтесе, пал -бал, палапан -балапан, палгер -балгер, палуан -балуан, палшы -балшы, пата -бата, пәйге -байге, пәле -бәле, пәте -бата, пейнет -бейнет, пейіл -бейіл, пешмент -бешмент, пешін -бесін, полат -болат, пор -бор, пөпе -бөпе, пөтелке -бөтелке, пұл -бұл, пұтақ -бұтақ, пүтін -бүтін, пілте -білте, пітіру -бітіру.
Зерттеліп отырған өңірден жиналған сөздерді өзбек, қарақалпақ тілдерімен салыстырып көрсек, тәжік қазақтары қолданатын біраз сөздердің айтылуы осы тілдермен ұқсас болып келеді. Мысалы:
Тәжік қазақтары өзбек тілінде қарақалпақ тілінде қазақ әдеби тілінде
пайпақ пайпақ байбақ байпақ
пайтаба пайтава пайтоба байтаба
пайқау пайқамақ байқау байқау
пақыр/бақ пақир бақыр бақыр
пешін пешин песин бесін
пешмет пешмат бешпет
пимек пимек пимек білік(шамның)
пәйге пойға бәйге бәйге
Жиналған диалектологиялық материалдарға қарағанда, б/п дыбыстарының алмасуы тек осы зерттеліп отырған сөйленіске ғана тән емес. Мұндай құбылыс Қазақстанның Оңтүстік, Жамбыл және басқа облыстарында да кездеседі. Сонымен қатар, Қазақстаннан тыс жерлерде, әсіресе, қарақалпақ, түрікмен, тәжік қазақтарында да көбірек ұшырайды. Қазақ тілінің басқа жерлерінде б-ның орнына қашан қатаң қолданылуын аралас отырған өзбек халқының әсері деп айтуға болады.
п/б дыбыстарының түркі тілдерінде қолданылуы жайында түркологтардың назарынан тыс қалған емес. Тіл мамандарының топшылауынша, осы жұп дауыссыздардың сөз басында қатаң сыңарының молырақ қолданылуына, сондай-ақ өңкей ұяң сыңарының молырақ қолданылуына қарай топтастыруға болатынын айтады. Оларға сөз басында ұяң дыбыстар айтылмайтын шуваш, хакас тілдерімен қатар, түркі тілдерінің ішінде сөз басында бұл дыбыстардың ұяң сыңарларынан гөрі қатаң сыңары молырақ қолданылатын шор, тува, алтай, сары ұйғыр тәрізді тілдер бар екенін айтады. Бұдан басқа түркі тілдерінде бұл дауыссыз жұптың қатаң, ұяң сыңарлары көбінесе аралас қолданылатынына назар аударады. Оған мысал ретінде қазақ тілі мен қырғыз тілінде ұяң б дауыссызы оның қатаң сыңары п-ға қарағанда сөз басында анағұрлым жиі ұшырайды. М. К. Дмитриев осы екі тілдегі п дауыссызынан басталатын сөздердің өзі - басқа тілден ауысқан кірме сөздер. Бұдан басқа жерлерде п-ның қазақ тілі мен қырғыз тілінде сөз басында кездесетін жері - дыбыстық еліктеуден туған сөзде деп қарайды. С. Омарбеков өз зерттеуінде қазақ тілі сөйленістерінде сөз басында п-ның қолданылуы көбінесе өзбек, түркмен, қарақалпақпен аралас жердегі қазақтар тілінде, яғни кірме сөздерде кездеседі. Оның өзі осы тілдермен қарым-қатынас нәтижесінде туған құбылыстар деп санайды.
Ш-С Тәжік қазақтары көзге түсетін тағы бір дыбыстық өзгешеліктің бірі- әдеби тілде с қолданылатын біраз сөздерде оның орнына ш дыбысының айтылуына байланысты. Сан жағынан бұл құбылыс біраз сөздерді қамтиды. Мысалы, аш -ас, ешек -есек, қашық -қасық, қыш қауын -қыс қауын, қыштау -қыстау, шүйінші -сүйінші, шамал -самал, алмашу -алмасу, шұ -сол, тиш -тіс.
Бұл келтірілген мысалдарға қарағанда, с орнына ш дбысының алмасуы тек сөз басында ғана емес, сөз ортасы, сөз аяғында да кездеседі екен.
Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін зерттеген диалектологтардың еңбектеріне қарағанда, с/ш дыбыстарының алмасуы қазақ тілі сөйленістеріне жат құбылыс емес. Оңтүстік Қазақстандағы Түлкібас, Сайрам тұрғындары тілін зерттеген Ж. Досқараев (бет, машқар, ешек) Ұзынағаш тұрғындары тілін жөнінде мақала жазған Ж. Болатов (шамал, оқымышты, байғұш, тұмамыш, айырбаш, әшкер т. б. ) еңбектерінде біраз мысалдар келтірілген. С орнына ш дауыссызының қолданылуына байланысты сөздердің молырақ қамтылуы қазақ тілінің Орта Азия халықтарымен шектес жерлердегі қазақтар тілінде кездеседі. Бір айта кететін жай тіл ерекшелігіне келтірілген сөздер Қазақстанның әр жерінен келтірілгенімен, олар бірін-бірі көп қайталай бермейді, әр түрлі сөздерді қамтиды. Сондай-ақ тәжік қазақтары с/ш алмасып келген сөздердің кейбірі өзбек, қырғыз, қарақалпақ тілдерімен ұқсас болып келеді. Мысалы, шамал, шорпа, аш, мүйіш, төшек т. б. сөздердің бірдей айтылуын айтсақ та болады. мұндай ұқсас сөздердің тізімі С. Омарбеков еңбегінде бай материалға негізделіп берілген.
Қазақ тілінің оңтүстік өңірінде жиі кездесетін с орнына ш-ның қолданылу ерекшеліктерін Ж. Досқараевтың еңбегінде бұл көрші халықтардың әсері деген пікірге саяды. Бұл құбылыс та көрші өзбек тілінің әсерінен болып отыр. Өзбек тілінде келтірілген мысалдардың көбінде ш қолданылады.
Ш-Ч Тәжік қазақтары тілінде кездесетін дауыссыз дыбыстарға байланысты басты ерекшеліктердің біріне аффрикат ч дыбысының қолданылуын жатқызуға болады. Әдеби тіддегі ызың ш айтылатын орындарда зерттеліп отырған өңірдегі тұрғындар тілінде үнемі шұғыл ч жұмсалады. Ондай айтылу сөздің басында да (чарча - шарша, чөп - шөп, чәнчу - шаншу, чапчаң - шапшан, чәку - шегу, чәугүм - шәугім), ортасында да (ұнча - онша, қанча - қанша, қайчі - қайшы, қиынчылық -қиыншылық) ашылып, кейде сөздің соңында да (һич-еш, чач-шаш, гүріч- күріш) кездеседі. Бұл құбылыс Тәжік қазақтары тілін ерекшелеп тұрады.
Осы құбылыстың қазақ тілі говорларында сақталуы жайында қазақ тілі зерттеушілердің арасында екі түрлі пікір бар. Біріншісі - бұл құбылыс көнеден сақталған ерекшелік десе, екінші - көне тілде айтылғанымен осындай аффрикат түрінде айтылуына көрші өзбек, ұйғыр, қырғыз, түркімен тілдерінің әсері болған деп есептейді.
фонемалар
мысалдар
ч
чарьяк, бечора, чург
ч
чарәк, бичарә, муч
ч
чаррак, бечора, мурч
ч
чәрден, бичәре, бурч
ш
ширек, бишара, бұрыш
ш
чейрек, бічара, мүрч
ч
шерек, бишара, бұрыш
Ж-Й Тәжік қазақтарында дауыссыз дыбыстарға байланысты ерекшеліктердің бірі - тіл алды ж-ның жартылай дауысты й-мен алмасуы. Бұл құбылыс, негізінен, бір сөз ішінде емес, екі сөз аралығында да кездесетін өзгешелік. Яғни қай, ол, бұл, сол, мына тәрізді есімдіктерден соң жақ, жер сөздері келгенде және бара, келе, әкеле етістіктерімен тіркескен жатыр көмекші етістігінің басында ж дауыссызы й-ге алмасады: бүйер -бұл жер, ойер-ол жер, сөйер -сол жер, ойер//өйер -ол жер, анайер -ана жер, қайер -қай жер, мынайер -мына жер; ойақ /ұйақ -ол жақ, бұйақ -бұл жақ, сойақ -сол жақ, қайақ -қай жақ, мынайақ//мінайақ -мына жақ; барайатыр -бара жатыр, келейатыр -келе жатыр, әкелейатыр -әкеле жатыр.
Диалектологиялық зерттеулерге қарағанда, ж дауыссызының й-ге алмасуы жоғарыда келтірілген мысалдарда екі сөз арасында кездесетін құбылыс екен. Бұл ерекшелік көбінесе Қазақстанның оңтүстік өңірінде кездеседі. С. Аманжолов, Ж. Досқараев еңбектерінде ж-й дыбыстарының алмасуын өзбек тілінің әсері деп қарайды.
Кейінгі жазылған еңбектерде ж мен й дыбыстарының сөз басында жиі кездесетін жерлер анықталып отыр. Басқа түркі тілдеріне қарағанда, қазақ тілінде сөз басында жүйелі түрде ж қолданылуы деп танығанымызбен, бұл жүйелілік кейбір жергілікті жерлерде бұзылатыны, яғни сөз басында ж орнына й-дың қолданылатыны анықталып отыр. Тәжік қазақтарының ж орнына й болып (йақшы-жақсы, йатта-жатта, йағдай-жағдай, йат-жас т. б. ) айтылуы осыны дәлелдейді. Орта Азиядағы өзбек, тәжік, қарақалпақтармен аралас, тығыз қарым-қатынаста отырған қазақтар тілінде сөз басында ж-й дыбыстарының алмасуын осы көрші тілдердің әсерінен деп қарайтын пікір де бар.
Ғ-Қ, Бұл өңірдегі тұрғындар тіліндегі дауыссыз дыбыстарға қатысты ерекшеліктердің бірі - әдеби тілдегі және қазақ тілінің басқа сөйленістерінде кейбір сөздерде қатаң қ, к айтылатын жерде оның ұяң жұптары ғ, г-нің қолданылуында қамтитын сөздерінің саны аз болса да, бұл - айтуға тұрарлық өзгешелік. Мысалы, ғұю -құю, ғыш -қыш, ғай жыл -қай жыл, неғылсын -не қылсын.
Г-К Гезлеме -кездеме, есег -есек, гөң -көң, гезек -кезек, гілем -кілем, гүпті -күпті, әнеугүнгі - анаукүнгі, гүнақ -күнә, гәраң - керең, гедей - кедей,
Бұл дауыссыздардың, яғни қатаң қ, к дыбыстарының орнына ұяң ғ, г-нің жұмсалуы қазақ тілінің кейбір сөйленістерінде де ұшырайды. Бұл құбылыс өзбек, түрікмен халықтарымен шектес аралас отырған қазақтар тілінде жиі ұшырайды. Олар қазақ тілінің қарақалпақ, тәжік сөйленістері жайындағы Ә. Құрышжанов, Н. Жүнісов, Б. Бекетов және Ю. Авдувалиев еңбектерінен анық байқалады.
Түркі тілдерінің ішіндегі оғыз тобына жататын тілдерде қыпшақ тіліндегі қатаң қ мен к дауыссызының орнына сөз басында ұяң ғ, г қолданылатыны баршамызға аян. Қазақ сөйленістері ішінде сөз басындағы ұяң дыбыстардың кең тараған аймақ негізінен Орта Азия республикаларымен шектес Қазақстанның аудандары. Осындай ерекшеліктерін ескеріп, С. Омарбеков сөз басында қ к-нің ұяңданып, ғ, г болып айтылуы осы тілдердің әсері деп қарайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz