М. В. Ломоносовтың өмірі мен қызметі


М. В. ЛОМОНОСОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҢЫЗМЕТІ
М. В. Ломоносов Россияның солтүстігінде, Двина өзенінің Ақ теңізге құяр сағасына жүз елу кйлометрдей таяу жерде туды.
XVIII ғасырдық бірінші жартысында орыс халқьша құйрықты жұлдыздай болып көрінген Ломоносовтың азаматтық емірі мен туған жері кептеген ұрпақтың на-зарын аударды. Сонау Карамзиннен Плехановке дейін Ломоносовтың әлеуметтік өмірге келуі жөнінде әралуан пікірлер айтылды. Солардын, ішінде бірсыдырғы дұрысы Г. В. Плехановтыц пікірі болды. «Архангельск мұжығы-ның ақылды, данышпан болуы, - деп жазды Г. В. Пле-ханов, - тек қана өзінің немесе қүдайдың құдіретімен болғ^ан құбылыс емес, онын, сол Архангельск мұжығы болуының өзі, крепостной шаруаның бұғалығын мойнына кимеген Ақ теңіз мұжығы болуы оған өте-мөте қолайлы жағдай жасады». Плеханов бұл пікірін XVIII ғасырдың бас кезінде солтүстік Россияның тарихи-әлеуметтік жағ-дайына сүйеніп айтқан еді. Мұның тарий-і себептері де жоқ емсс-ті.
Орыс халқы сонау көне заманда Мүзды мұхит жаға-лауларын мекендеп келді. Орталық Россиямен екі ара-дағы мүлгіген ормандар мен шексіз батпақтар Ақ теңіз жағасындағы елдің Москва, Киев сияқты ірі мәдени орталықтарымен экономикалық байланыс жасауына XVIII ғасырға дейін мүмкіндік бермеді. Осының нәти-жееінде Ақ теңіз жағалауындағы халықтар баяғы татар езушілігінен до аман калды. Қарамағындағы елдердің қоғамдық дамуына көп жылдар бойы кедергі жасап келген татар шапқыншылығы солтүстік өлкенің саяси-әлеуметтік еміріне зиянды әсеріи тигізе алмады. Елдің коғамдық тұрмысындағы үлкен өзгеш-еліктердің бірі осы болса, екіншіден, крепостнойлық право бұл өлкеде Орталық Россиядағыдай тағылық түріне жеткен жоқ. Халықтың басым көпшілігі шаруа болды да, олар түгел дерлік өз еқбегімен тіршілік етіп келді. Сөйтіп XVIII ға-сырда Россиянық орталығы мен оңтүстігінде кең етек алған крепостнойлық право солтүстікке сол күйінде та-рай алмады. Бұл екі жағдайдың қайсысы да теңіз жа-ғалауларындағы елдердің қоғамдық дамуына едәуір жағдай жасап, пайдалы әсерін тигізді.
Ақ теңіз XVIII ғасырдьщ соңғы кезіңен бастап Рос-сияның солтүстігіндегі үлкен сауда жолы болды. Орта-лық Россияға дейін баратын сауда кемелері Холмогор, Архангельск қалалары арқылы өтті. Мұның өзі солтүс-тік аудандардың шет елдермен, сондай-ақ ішкі Россия-мен де байланысын күшейте түсті, бүл олардың эконо-микалық және мәдени тұрмысынын, жақсаруңна қолай-лы жағдай жасады. Архангельск каласын шетелдіктер «Орыс мемлекетінің бірінші қақпасы» деп дәл осы кезде атаған-л, ы.
Орыс мәдениетінің тарихындағы Новгород мәдение-ті де Ақ теңіз жағалауындағы елдерге ғасырлар бойы ықпалын тигізіп келді. Соның нәтижесінде мүнда мүсін-деу өнері, ағаштан әртүрлі бұйымдар жасау, зергерлік, тігіншілік т. б. қоленерлері кең өріс алды.
Россияньщ солтүстік елкесінде орыстың ауыз әдеби-еті де кеңінен сақталып, халық емірінде ерекше орын алды. Монғол басқыншыларына қарсы соғыста орыс г батырларының көрсеткен ерлік қимылдарын жырлау, мадақтау терістіктегі орыс деревнялары емірінің дәстүрі болды. Бүл ойда мекендеген халықтардың отанын сүю, ерлік сезімдерімен үштасып жатты.
Бұдан Ақ теңіз жағалауындағы халықтардың XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың бас кезінде мәдени-ет пен экономиканың барлық саласы женінен Орталық Россиядан едәуір озық болғанын көреміз. Әрине, үлы ғалымның әлеуметтік өмірге келу себебін Архангельск өңірінің экономикалық озықтығынан ғана десек, біржақ-ты қорытынды жасаған болар едік. Демек, сол кездің бүкіл объективтік жағдайын ескермеске болмайды. Ло-моносовты кернекті қоғам қайраткері және үлы ғалым ретінде алып қарасақ, оны орыс халқының тарихи даму қарқыны, үлттық кемеңгерлігі мен алып таланты туғыз-ды деп білеміз.
Михаил Васильевич Ломоносов 1711 жылы 8(19) но-ябрьде солтүстік Двина езенінің бойындағы Мишанинск деревнясында туды. Бұл деревня Холмогор қаласына жақын жердегі Куростров аралында болатын. Болашақ ғалымның әкесі Василий Дорофеевич өз тұстасының ал-дыңғы қатарлы, ауқатты адамы болу дәрежесіне кешігіп, өз сөзімен айтқанда, «қанды терін сыпырумен» жетті. Жасынан көрген жоқшылық оның 27'-28 жасқа дейін қолын байлап, семья құруына да мумкіндік бермеді. Ол 1707 жылы ғана Иван Сивков дегеннің қызы - Елена Ивановнаға үйленді. Жасынан жетім болып өскен Елена Ивановна да Василий Дорофеевичке мол жасаумен кел-меді. Бірақ әрі еңбек"сүйгіш, әрі шебер Елена Ивановна ерінің жақсы шаруашылық қүрауына кеп көмек берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz