Педагогикалық шеберлік негіздері



1Тақырып: Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұны
2Тақырып: Педагогикалық шеберліктің негізі . кәсіби іс.әрекет
Тақырып: Педагогикалық техника . педагогикалық шеберліктің элементі ретінде
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік - белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман. Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгеруімен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре аламыз ба? Жоқ , себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелілікті жеткізе білуі керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни нақты бір адамның-педагогтық өмірге көзқарасы, қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: «егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсыздықтың үлкен күнәсы. Бұл материалмен алдын ала не істейтінді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек»- дейді.
Н.К.Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан «Мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерилі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола білуі қажет.
Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың (1988) пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы». Бұл жөнінде ол: «Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім» дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру - өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілуі, күлу бәрі-өнер болып табылады. Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мында кел» деген сөзді 15-20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана дейді.
В.А.Сухомлинский (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді дегенмен ол педагог тұлғасы тәрбиеленуші тәнті ететін, өзіне тарта білетін рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол идеалдар мен қағидалардың көзқарастары мен талғамының симпатия мен антипатияның моральдық әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы міне. Осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.
Негізгі:
1. Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989
2. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003
3. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.
Қосымша:
1. Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
2. Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.
3. Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990
4. Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М., 1989.
5. Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М., 1990.
6. Коджаспирова Г.М. ПЕдагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М., 1994.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
1 Модуль. Педагогикалық шеберлік негіздері.
1Тақырып: Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің
компоненттерінің мәні мен мазмұны

Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі
түсінік педагогикалық шеберлік болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде
шеберлік - белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз
ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман. Педагогикалық шеберлікті
адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы
ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан
өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгеруімен шеберлікке қол
жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре
аламыз ба? Жоқ , себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді,
жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен
тәрбиелілікті жеткізе білуі керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы
сөз болып отырғанын, яғни нақты бір адамның-педагогтық өмірге көзқарасы,
қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі
мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық
комиссары А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған
сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің
мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін
атап айтқан: егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға
болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор
баға жетпес гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе
күнәсыздықтың үлкен күнәсы. Бұл материалмен алдын ала не істейтінді
анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек- дейді.
Н.К.Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан Мұғалім туралы деген
мақаласында үлгілі мұғалімнің мерилі ретінде төмендегі критерийлерді
анықтады: мұғалім өз пәнін әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми
негіздерін білуі керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие
жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола
білуі қажет.
Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың (1988)
пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл тәрбие
процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы. Бұл жөнінде ол:
Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз
тәжірибемде көз жеткіздім дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік
туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, дауысты келтіру -
өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілуі, күлу бәрі-
өнер болып табылады. Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек
мында кел деген сөзді 15-20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме
шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей
дәрежеге жеткенде ғана дейді.
В.А.Сухомлинский (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді дегенмен
ол педагог тұлғасы тәрбиеленуші тәнті ететін, өзіне тарта білетін
рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол идеалдар мен қағидалардың
көзқарастары мен талғамының симпатия мен антипатияның моральдық әдептілік
қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы міне.
Осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз
болады дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі
ретінде өте маңызды әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын онсыз
елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.
А.И.Щербаков (1968) педагогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми,
әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп,
үйлесуі - деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек
шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты -
өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю.П.Азаров (1971) тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп,
оның мәнін төмендегіше ашады педагогикалық шеберліктің негізі бала
тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады дейді. Одан әрі шеберлікті
құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке
берген анықтамасын дамыта түседі сезім мен техниканың өзара әрекеті
педагогтың жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал
жасауына әкелетінін айтады.
Міне, шеберліктің құдыреті - осындай тұтасқан үйлесімде Ю.П.Азаров
(1989) қалың оқырман қауымына арнаған публицистикалық басылымында: мен
шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні
технология, қарым-қатынас, тұлға сияқты үштікте дейді. Шеберлік істейтін
ісіміздің материалдық жағында болуы керек.Бұл технологияны кешіктірмей іске
асырсақ, соның арқасында қарым-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мәні
және балаларды қалыптастырады деген екен.
Н.В.Кузьмина (1972,1980) шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп,
зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті,
дағды мен білікті меңгеруі деп анықтайды.
Н.В.Кузьминаның пікірінше (1980) педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе
мен оқу міндеттерін оңтайлы шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бұл жалпы
еңбек пен жалпы интелектуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті биік
дәрежеге ие болады, (талдау синтездеу,жалпылау, ауыстыру, нақтылау
саласында).
Ю.К.Бабанский (1989) мұғалім – кәсіби технологияны еркін меңгеруімен,
шығармашылығымен бала оқытуда және тәрбиелеуде ерекше шебер деп көрсетеді.
Сондай-ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және
педагогтық оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге
тоқталады.
Н.В.Кухарев (1990) мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық шеберлігін
қарастырудың дұрыстығын айта келіп, оның шеберлігі психологиялық-педагогтік
дайындығының жоғары деңгейіне негізделуі шарт дейді.
Павлютенкованың ойынша (1990) мұғалімнің кәсіби шеберлігін төмендегі
компоненттер құрайды: а) тұлғаның қажеттілік мотивациялық саласы, б)
операциялық-техникалық саласы (интегралдық бірігу, жалпы арнайы білім
мәнділігімен сипатталады) в) тұлғаның өзін-өзі тануы.
В.А.Сластениннің (1998) педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы
Ю.П.Азаровтың (1989) пікіріне жақын, ол педагогтік шеберлікті педагогикалық
технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен ол тек операциялық
компоненттермен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында
педагогтік процестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып
жатуы керек деген пікір айтады.
И.П.Андриади (1999) педагогикалық шеберлікті жеке тұлғаның рухани-әдеп
және интелектуалдық дайындылығы, қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын
шығармашылықпен ұғындыратын қасиеті деп қарастырады. Және де теориялық
білімді тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, дағдының болуы маңызды деп
атап көрсетеді.
В.А.Мижериков и М.И.Ермоленко (1999) педагогикалық шеберлік педагогтік
қызметін дамуының биік сатысын жасай отырып, педагогтың педагогикалық
технологияны игеруін, кәсіби және азаматтық бағытын тәжірибесін бүтіндей
тұлғасын көрсете алатынын айтады. Педагогтік шеберліктің мәні жоғары
нәтижеге қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге
асқан қызметтің деңгейімен анықталады.
В.П.Куравлеваның (2000) анықтамасында педагогтік шеберлік ...
теориялық негіздемелер және мұғалім мен оқушының арасын жоғары ақпараттық
дәрежеде байланыстыратын педагогикалық іс-тәжірибелер мен операциялардың
тұрақты жүйесі делінген. Осы анықтаманы өрбіте отырып, автор теориялық
білім мен жоғары дамыған практикалық біліктің үйлесіп біртұтас болуы
шығармашылықпен бекітіледі деп ой қосады. Шеберліктің нақты көрсеткіштері
оқытушының ісінде, оқу-тәрбие жұмыстарында, еңбек сапасында, міндеттерін
жауапкершілікпен орындау кезінде көрінеді.
А.А.Сидоров, М.В.Прохорова и Б.Д. Синюхин (2000) педагогтік шеберлік
педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді және шеберлік сан
алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде педагогтың
жеке басының қасиеттерімен қоса оның песихологиялық-педагогикалық ойлауы,
кәсіби білігі,дағдысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері
деп анықтайды.
Л.А.Байкова, Л.К.Гребенкиннің (2000) дәлелдеулерінше педагогикалық
шеберлік – бұл мұғалімнің шығармашылығымен оқыту өнерін үздіксіз
жетілдірумен пайда болатын педагогикалық шеберліктің жоғары дейгейі деседі.
Алғашқы анықтаманы нақтылай келе, олар педагогикалық жеке тұлғасына жеке
басының қасиеттеріне байланысты, оның бұл қасиеттері кәсіптік қызметін өз
бетінше ұйымдастырудың жоғары сатысына қол жеткізуіне жол ашады дейді. Яғни
шебер-педагог бойындағы жеке қасиеттер жиынтығы, оның оған оқу-тәрбие
жұмысын жақсы жүргізуіне септігін молынан тигізбек.Олардың ішіндегі ең
маңыздылары азаматтық және патриотизм,гуманизм және зиялылық жоғары рухтағы
мәдениеттілік пен жауапкершілік. Өте маңызды деп адамсүйгіштік және
адамдармен тіл табысу атап айтылған.
Қазіргі әлемде шығармашылық әлеуметті тану әрі дамудың жоғары деңгейіне
көтерілу үшін тұлғаға өмір бойы оқу қажеттілігін сезіне отырып, өзін-өзі
дамыту үлкен мәселе болып табылады. Нәтижесінде жаңа құндылықтар пайда
болды: өзін-өзі дамыту, өзін-өзі білімдендіру, өзін-өзі таныту. Олар
тұлғаға бағытталған білім беру парадигмасының негізіне айналды.
Білім беру талаптарын өзгерту біліктілікті арттыру жүйесін жаңашаландыру
міндетін қояды, ал оның мақсаты – кадрлардың кәсіптік жеке дамуына арналған
жағдай туғызу, бұл - өзіне-өзі дамыту, бойындағы кәсіптік қасиеттерін
жетілдіру үшін қайта білім алу, барлық білім беру үрдісі субъектілерінің
ұстанымдары мен іс-әрекеттерінің құндылық-мәндік келісімдер механизмін
меңгеру деген сөз.
Білім беру қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін арттыру және қайта
даярлау үздіксіз үрдіс болып табылады.
Педагогика саласында біліктілік термині әр түрлі аспектіде, соның ішінде
кәсіби даярлық, кәсіби шеберлік мәселелеріне жақын қарастырылады.
Н.Кузьмина кәсіби біліктілік – іс-әрекеттің сапалылығының сипаттамасы және
еңбектің ең жоғарғы бағасы, ал іс-әрекеттегі кәсіби біліктілік – бұл
маманның кәсіби міндеттерді шешуде бүгінгі заманға сай мазмұн мен жаңа әдіс-
құралдарды, оларды жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін меңгеру дәрежесімен
сараланатын, іс-әрекеттің субъектісіне, нақты мамандық өкіліне, сапалы
мінездеме мен баға беру деп атап көрсетті.
o Кәсіби біліктілік – бұл кәсіби іс-әрекеттегі субъекттің үнемі өсу үстінде
болатынын өзін-өзі дамыту үрдісі. Осыдан келіп кәсіби біліктілікті іс-
әрекеттегі субъекттің жеке интегративті қасиеттерінің мінездемесі ретінде
қарастырудың өзектілігі туындайды.
o Оқытушының кәсіби біліктілігіне сипаттама жасағанда, педагог тұлғасына
тән педагогикалық міндеттерді тиімді түрде шешуге себепкер болатын немесе
керісінше кедергі келтіруі мүмкін қасиеттерді ерекше атап көрсеткен жөн.
Тұлғаның кәсіби шеберлігінің негізі іс жүзінде педагогиканың барысында
қаланып, нақты бір педагогтың іс-тәжірибе барысында байқалады.
o Біздің ойымызша, мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның оқушыларға білім
беру мен тәрбиелеу ісінде биік нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік
беретін, әрі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерін жарыққа шығарып,
педагогикалық қарым-қатынасы мен педагогикалық іс-тәжірибесін жоғары
деңгейде жүзеге асыратын еңбегі болып табылады. Онымен қатар мұғалімнің
біліктілігі, бір жағынан, оның кәсіби білімі мен біліктілігін, екінші
жағынан, кәсіби ұстанымдары мен психологиялық қасиеттерінің, яғни оның
шынайы еңбегіндегі арақатынасымен өлшенеді.
o ХХІ ғасыр маманның кәсіби шеберлігіне өте жоғары талаптар қойып отыр.
Қазіргі қазақстандық қоғам жаңа мыңжылдықта білім беру нарығы жағдайында
жеке тұлғаның кәсіби қызметі мен детерминацияланған талаптарымен
өлшенетін оның өн бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың танудың
қажеттілігін айқындап берді. Бұл жерде нақты айтып өтетін болсақ, қазіргі
таңда қоғам өзгеріске түсіп, адам саласы да өзгерді, қоғамдағы өзекті
деген мәселелерді шешудің жаңа жолдары табылады. Бұл шешімдердің қатарына
жаңа технологиялар арқылы білім беру идеяларын жүзеге асыруға, оқу-тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялауға, оның сапасы мен
тиімділігін көтеруге арналған жаңа ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар мүмкіндігін қолдану жолдарын ұсынуда.
o Кәсіби білім беруде қашанда мұғалімдерді қалай дайындау керек деген сұрақ
тұрды және ол маңызды мәселенің бірі болып саналады.
o Қоғамда болып жатқан әр түрлі өзгерістерге байланысты мұғалімдерді
даярлауға қойылатын талаптарды жаңарту көкейтесті мәселелердің бірі.
o Мұғалімнің кәсіби қалыптасуын бейнелейтін – білім стандарты.
o Соңғы жылдары мұғалімдердің біліктілігі едәуір арттырылды, қазір олардың
көпшілігінде жоғары педагогикалық білім бар.
o Ең бастысы, білім беру қызметкерлерінің кәсіби деңгейіндегі біліктілікті
арттыру жүйесінің сапалы өзгерістеріне қол жеткізу үшін әдістемелік-
ұйымдастырушылық іс-әрекеттен зерттеу-әдістемелік іс-әрекетіне көшу
қажеттігі туындап отыр.
o Қоғам жоғары білімді, рухани адамгершілігі мол, өзгермелі өмір жағдайында
өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа қабілетті,
бейімділігімен, жылдамдығымен, ой-өрісінің нақтылығымен ерекшеленген, көп
мәдениеттілікке едәуір жауапкершілік сезімі жоғары адамдарды қамтамасыз
ете бастады.
o Тұлғаны жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруда мұғалімнің
біліктілігі, яғни оның оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс жүргізуде болып отыр.
o Біліктілік - меңгерілген білім, дағды және тәжірибе негізінде
практикалық және теориялық іс-әрекеттерді нақты және саналы түрде
орындауға дайындық арқылы анықталады.
o Тұлғаның, шынын айтқанда, адамзаттық позициясын, жетістіктері мен
кемшіліктерін байқау, бағалау өте қиын. Тұлға көбінесе ұжымда, еңбекте іс-
әрекет барысында өмірдің қиын-қыстау сәттерінде ашылады. Десекте, адамның
шын бет-бейнесін көру барлық уақытта мүмкін де емес. Тұлғаны зерделей
отырып, біріншіден оның психологиялық ерекшеліктерін: бағыттылығы,
мінезіндегі басты ерекшелігі – табандылығын, қабілетін, идеялық және
практикалық ұстанымын анықтап алу керек.
o Тұлғаны тану-білу біліктілігі, оны өз орнына қоюдағы іс-әрекеті -
педагог, ұстаз, ұйымдастырушы маманның басты таланты.
o Білік - әйтеуір бір ережеге және нақты міндеттерді шешу барысында лайықты
пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті әрекет
іс-әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана таңдай білуден
емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Біліктілік тәсілдерін таңдай
білуден басқа мақсатқа жету үшін қажетті шарттарды білуді қажет етеді.
Біліктің қалыптасуының және дамуының ең тиімділігін қамтамасыз ететін
жалпы шарттар:
o тұжырымдалған ережені түсіну;
o орындайтын, қажет әрекет бейнесін қалыптастыру;
o жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті орындаудың нәтижелілігі жөнінде
хабар алып отыру болады. Бұлар педагог, студенттердің т.б., оқу-тәрбие
процесіндегі біліктілігі негіздерін құрайды.
o Күрделі біліктіліктер қатарына педагогтың тек атқаратын негізгі
функциясына қатысты іс-әрекеттерден де басқа әр түрлі іс-шараларды
ұйымдастырушылығы да жатады.
o Қандай да болмасын іс-шаралар жоспарлы, күн тәртібіне негізделеді.
Сондықтан да мұндай іс-шаралардың күн-тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы,
босқа уақыт өткізуден, жаңалықтан, формалдықтан сақтандырады. Мұндай іс-
шараларда сөз өнерінің, тілдің маңызы зор.
o Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашпас үшін, сөз сөйлей
білушілікті алдымен саналыққа бастайтынын, тіршілікке өмірлік мән
әкелетінін, өзара қарым-қатынасымыздың жанды көпірі, - деп түсінген жөн.
Дәмді сөйлеп дәйекті бол! – дейтін қағиданың да астарында қарапайым
өмірлік сыр-сабақ жатыр. Сөздің қадір-қасиетінің мәнін жоймау себебін
адам жаратылысының ұдайы саналылыққа ұмтылуымен ғана түсіндіруге болады.
Ал сөзбен іс сана мен ақылдан нәр алады.
o Мұндай тіл тазалығына мән берген дұрыс, өйткені, тіл – халықтың сонау
ғасырлық сана мен зердесінен сүзіліп өтіп, шыңдалудан танбаған, тарихтың
мұратты болуы мүмкін, бірақ та табандылық көрсете алмаса оның аталмыш
қасиетінің практикалық құны бола алмайды. Сонымен қатар табандылық,
атаққұмарлық менмендікпен ұштасып, қалыптасқан бір қатар қайраткерлерде
белгілі, оның ішінде, саяси аренада көрініп жүргендері де аз емес және
олардың көбі зияннан басқа келтірері шамалы. Сондықтан, жігерлік пен
табандылықты зерделеуде, тұлғаның моралдық бағыттылығы қасиеттерін есепке
алу керек. Оның ішінде ең құндысы тұлғаның табандылығының қоғамдық
бағыттылығымен ұштасуы құнды.
o Халықтардың рухани мәдениеті артқан сайын тәрбиеленушілердің мінез-
құлқына талдау жасауды олардың интеллектуалдық және эмоционалдық
(сезімталдық) ерекшеліктерін зерделеу және есепке алып отыру қажет.
o Психологтар адамның интеллектуалдық ерекшеліктеріне - ой, сана сапасы
көрсеткіштерін: талғампаздығы, икемділік, өзін-өзі мінеушілігі т.б.
жатқызады. Сезімталдық ерекшеліктері жанжақты болуы мүмкін. Ең жоғары
сезім - өмірлік белсенділік ұстанымы арқылы Отанға сүйіспеншілігі, оның
алдындағы парызы. Көптеген басшыларға, педагогтарға адамдармен тәрбие
жұмысы барысында, сол сияқты өзінің әрекетіне баға беруде, жаңалықты
сезіну, әзіл-оспақты мысқылды түсіне білу жетісе бермейді.
o Абайдың: адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша
бітіргендігенен емес..., адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман
болса, замандастарының бәрі виноват, А.Байтұрсыновтың : ...адамның
мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді -
деген сөздерін тіршілік қағидасына айналдырған жөн.
o Әрине, әр адамның өз өмірін құруда тәрбиенің рөлі ерекше, тәрбиесіз адам
қанша білімді болғанымен, оған тәрбие керек, тәрбиені дұрыс жеткізу үшін
педагогтың біліктілігі керек.
o Бүгінгі қоғам адамдық ресурстарды, яғни экологиялық, демографиялық және
әлеуметтік сияқты жаһандық дағдарыстарды негізгі фактор ретінде
қарастырады. Психологтар да, педагогтарда адамның рухани
интеллектуальдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр
кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы: әрбір маман иесі өз мамандығына
сәйкес шығармашылық жолдарда өзін-өзі анықтаудан кәсіби әрекет негіздерін
меңгеріп, кәсіби шеберліктің баспалдақтарымен өту арқылы кәсіби
шығармашылықты жетілдірудің шыңына көтеріледі. Мұнда адамдағы
шығармашылық кәсіби шыңына жетеді. Бұл ретте адам шығармашылығының даму
заңдылықтарын зерттейтін жаңа интерактивті-кешенді ғылым акмеологияның
алар орны ерекше. Адамтану саласының педагогика ғылымы мен практикасы
үшін аса маңызды Кәсіби білім беруде қашанда мұғалімдерді қалай дайындау
керек деген сұрақ тұрды және ол маңызды мәселенің бірі болып саналады.
o Қоғамда болып жатқан басылымдылықтары мен стратегиялық бағыттары да осы
акмеология болып табылады.
• Халықаралық акмеология академиясының президенті Н.В. Кузмина
акмеологияны адам дамуының заңдылықтары, шығармашылық әлеуетті
жасампаздықпен жүзеге асыруда жетістіктерге жету туралы ғылым -
ретінде тануды ұсынады. Ал, белгілі ғалым В.Н. Андреев педагогикалық
акмеология деп аталатын ғылымда адамның өмірінде жеткен табыстары мен
оған бастап апаратын ішкі мүмкіндіктер мәселесі қарастырылатындығы
атап өтіледі. Сонымен қатар, мұғалімнің шығармашылық шыңға көтерілуі
шеберлік пен кәсібилік сияқты сатылардан тұратындығына тоқталады.
• Кәсіби шеберліктің шыңына шығу туралы ғылым Акмеология грек тілінен
аударғанда шың, биіктік деген мағынаны береді. Демек акмеология -
шың туралы ғылым, кемел адамның дамуы мен өмірлік әрекеті барысындағы
биіктерге шығуы туралы ілім. Акмеологияда адам өзін-өзі дамыту мен
шығармашылыққа қабілетті өзінің өмірі мен кәсіби әрекетін ұйымдастыра
алатын өз әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.
• Мұғалім өзінің педагогикалық әрекетінде акме жағдайға:


o Шеберлік кәсібилік құзырлылық
• сияқты сатылардан өтуі қажет.Мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы,
адамның жан дүниесі, рухани әлеміне байлай алу өнері деп түсінген ұлы
педагогтар А.Дистервег, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.С.
Сухомлинский т.б. педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан.
Мысалы: А.С. Макаренко мұғалім өзінің кәсіби-шығармашылығын жүзеге
асыру жолында алдымен шеберлікке жетуі тиіс деп, шеберлік ұғымын
педагогикаға қатыстыра ең алғаш қолданған және бұл сапа жайлы
Тәрбиешінің шеберлігі - айрықша талантты қажет ететін ерекше өнер,
ол дәрігер немесе музыкантты шеберлікке үйреткендей үйрететін мамандық
деген.
• Педагогикалық шеберлік сан-салалы кәсіби әрекетті жүзеге асыруды
нәтижелі ету үшін еңбексүйгіштік, балаға деген сүйіспеншілік, олардың
ішкі дүниесін түсіну, жобалай алу сияқты қасиеттердің болуын талап
етеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік – кәсіби
әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның
білімі мен білігінің жүйесі.
• Осы мәселеге қатысты ғалымдар Ю.Б. Иванов пен Т.В. Сорокина
педагогикалық шеберліктің құрамаларына гуманистік бағыттылық, кәсіби
білімдер, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника,
педагогикалық психологияны білуді жатқызады.
• Педагогикалық әрекеттің коэффициентін арттыру көп жағдайда оған өзінің
ішкі күштерін жұмылдыра алуға, өзінің психикасына әсер ете алуына
байланысты.
• Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын келесі баспалдақ – кәсібилік.
Қоғамның жаңаруы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы
кәсібилігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К. Маркова
мүғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық
критерийлерін анықтаған.
• Объективті критерийлер.
• Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге
қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі
мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері т.б. жататындығын атап
өтеді.
• Субъективті критерийлер.
• Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен
қызығушылықтарына сәйкес, қаншалықты ол өз ісінен қанағат
табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субъективті
критерийлерге кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын,
оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың
болуын жатқызады.
• Нәтижелі критерийлер.
• Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп
отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады. Біреулер нәтиже ретінде
оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер
олардың қарым-қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың
өмірге дайындығын басты назарда ұстайды.
• Осы тұста өз көзқарасымызды білдіре кетсек, оқыту нәтижесі біз үшін
баланың психологиялық функцияларының жетіліп, өзінің педагогикалық
әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана
алуы. Мүны қазір құзыреттіліктер деп атап жүрміз. Тек сонда ғана
мектеп бітіруші мына өзгермелі қоғамда өзін-өзі дамытуға, өз бетінше
өмір сүруге дайын болады.
• Шығармашылық критерийлер.
• Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін,
еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.
• Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз
жаңалықтарын білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алудың
шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Тек сонда ғана ол өз
оқушыларының дамуына қол жеткізіп, өзінің кәсіп иесі ретінде
ішкі сұраныстарына жауап бере алады.
• Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме
кеш пе меңгеруі тиіс. Ал, А.К. Маркова оның кезеңдерін төмендегідей
етіп бөледі:

• Мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі
• і т
• Мамандықта өзін-өзі актуалдандыру кезеңі
• і Т
• ерекше меңгерген кезең
• Мамандықты
1
Мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең.

Ғалым кәсіби кұзіреттіліктің сипаттамасын шебер-мұғалімнің, жаңашыл-
мұғалімнің, зерттеуші-мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген
мұғалімдердің жиынтық образы ретінде қарастырады.

Кәсіби құзіреттіліктің деңгейлерінің сипаттамалары
Ғылым мен практикаға белгілі тәсілдердің
үлгілерін
Шебер-мұғалім жоғары деңгейде меңгерген. Қалыптасқан тыс
педагогикалық міндеттерді шеше алады.
Оқушылардың дамуын ескеруге талпынады.
Тұрақты жоғары тиімділікті көрсетеді. Басқа
мұғалімдерге өз тәжірибесін таныта алады.
Жаңашыл мұғалім Тұтас ұжымды педагогикалық жүйелер немесе жеке
тапқыр тәсілдер таба, қолдана біледі.
ІПығармашылық көрсете алады. Еңбектің негізгі
нәтижесІ ретінде оқушылардың психологиялық
дамуына бағыт ұстайды. Жаңалықты іздеуде
тиімділік көрсетеді. Жеке тұлға.
Зерттеуші -мұғалімӨзінің тапқыр мәнділігін зерттеп, оған баға
беруге
ұмтылады, басқа мұғалімдердің жаңа идеяларының
тиімділігіне баға береді
Кәсібилік Психикалық жағынан өзін-өзі дамытуға ұмтылады.
деңгейіндегі Жаңаны іздеуде оқушыдан әрі қарай жүріп, оқушы
мұғалім үшін оны жүзеге асырады. Зерттеушіге тән
қасиеттер иесі, жаңаның жаңашылдығын анықтай
алады.

Мұғалімнің акме жағдайына жетудегі тағы бір басқыш - оның кәсіби
қызығушылық деңгейі. Қызығушылық ұғымының қазақ тіліндегі түсіндірмесі
жасай алу деген мағынаны білдіреді.
Кәсіби құзіреттілік:

психология әлеуметтану педагогика
ғылымдарының түйісу нүктесінде пайда болады.
Белгілі ғалым М.М. Чошанов құзырлылықты білім, білік дағдысының өзара
байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады:
білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің орамдылығы + ойлаудың
сынаулығы.
Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша бұл ұғым педагогтың басқа бір адамды
дамытуында негіз болатын білімділігі мен абыройлылығы.
Қазіргі уақытта екі типтегі мұғалімдерді бөліп қарауға болады.
Біріншілері: жаңалыққа жаны құмар, тиімді тәсілдерді таңдай алатын,
еңбекке деген жоғары мотивтері бар мұғалімдер. Олар акме жағдайға жақын
тұрғандар.
Екіншілері: оқыту мен тәрбиелеуге бір ғана өзінше дұрыс көзқарасы
қалыптасқан, оқушылармен олардың ата-аналарына әсер ете алмайтын,
психологиялық білімі төмен, өзін-өзі дамытуға қызығушылығы төмендер.
Білім беру жүйесіндегі қазіргі субъект-субъектілік жағдай басқа адамға
кәсіби құзырлылық деңгейі жоғары адам ғана әсер ете алатындығын көрсетіп
отыр. Ал мұғалімнің сапасы, тұлғаның сапасын дайындайтын кәсіби құзіретті
әрекеттің сапасы. Мұндай сапа білімнің сапасын қамтамасыз етеді деп айтуға
болады.
Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп, мамандығы бойынша
өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына
жағдай жасай алатын, тұлғалық-гумандық бағыттылығы жоғары, педагогикалық
ақиқат пен ондағы өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті
оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде
ақпараттарды таба, таңдай, сараптай алатын, отандық және шетелдік
тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін маман болуы тиіс деген
тұжырым жасалды.
Ондай мұғалім өз мамандығына жаңалық енгізеді, сол арқылы өзін жаңа
сападағы адамға айналдырады, инновациялық үрдістің алдыңғы қатарында бола
отырып, эксперимент жағдайда зерттеу жүргізеді, авторлық бағдарламалар,
технологиялар ойлап табады, оқулық жазуға қатысады.
Дегенмен, ізденімпаз өзіне талап қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары,
рухы биік, даралық сапалары жетілген мұғалімнің кәсіби құзырлана алуына
толығымен мүмкіндігі бар.

Негізгі:
1. Педагогикалық шеберлік негіздері И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989
2. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов
на Дону, 2003.
3. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.

Қосымша:
1. Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы
мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
2. Педагогикалық мәдениетке кіріспе Е.В.Бондареваның түзетуімен –
Ростов на дону, 1995.
3. Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990.
4. Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М.,
1989.
5. Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М.,
1990.
6. Коджаспирова Г.М. ПЕдагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М.,
1994.

2Тақырып: Педагогикалық шеберліктің негізі – кәсіби іс-әрекет
Шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде
істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді
жүзеге асырушылық. [1]
• жұмысқа, ісәрекетке байланысты: белгілі бір көзқарас бойынша жұмыс пен
қойылатын талап сапалары; іс-әрекеттің еркіндік деңгейі, жұмыс қалай
іске асып жатыр екенін бақылау; оны зерттеуге жұмсалатын уақыт;
тәжірибе мен білім деңгейі;
• адамға қатысты: білім барысында және тәжірибе іс-әрекетінде ашылатын
адамның қабілеттілігі;
• әлеуметтік құрылыс: әдеттер мен тәжірибе, кәсіподақтар келіссөзі,
енбекті Реттеуге байланысты енбектің немесе жұмысбастылықтың кейбір
түрлеріне басылатын таңба. Мұның бәрі ақы мен статустың жіктелген
нормаларын шақырады. Әдетте істің ресми біліктілігінде бейнеленеді:
білікті, жартылай білікті, төмен білікті;
• кең әлеуметтік мағынада: әлеуметтік факторлардың ең жалпы
кабілеттіліктері мен кұзіреттілігі, яғни әлеуметтік өмірге араласу
әрқашан білікті орындау болып табылады.[2]

Педагогикалық шеберлік

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту
мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс
істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері,
жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті
салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне
қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.[1]
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту
мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс
істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері,
жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті
салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне
қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Педагогикалық шеберлік негізі неде?
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты
дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ
көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал
сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы-
ұстаз тұрады. Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз
келсе, ең сынампаз бөлігі болып табылады, – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев
бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті
маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды
жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы
қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар
жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер
ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп
есептейміз.
Тәуелсіз елге – білікті маман демекші, педагогикалық шеберліктің негізі,
өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен
қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз
тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, технология
ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған
педагогикалық өндіріс деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан
сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте педагогикалық
технологияны оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны
дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық
технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-
әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид
ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар
қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол
жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние
сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін
жан болуы қажет.
Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу
құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға
көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының
өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады.
Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық
әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын
қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді
пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-
тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық
тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала
отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа
шығармаймыз.
Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен
жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды.
Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін
жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген
құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын,
сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық
қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің
өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.
Талант деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын –
жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, мұғалім болу –
талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме? – деген сұрақ туады.
Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта –
ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе,
идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы
білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе,
педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету
қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық
әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский:
Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр –
сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін, – айтады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және
әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу,
олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге
көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2)
пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп,
әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен
тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды
өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана
шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп
аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы
тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі
болмайтындай дәрежеде болуы керек.
Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу,
оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс
атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен
сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып
табылады.
Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты
ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы
зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге
бөлінеді:
- педагогикалық іс – әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;
- педагогикалық кәсіби білгірлігі;
- педагогикалық іс- әрекеттеке бейімділігі;
- педагогикалық техникасы.
Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста
жүзеге асады.
Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі
ғылыми – зерттеу пайымдаулар мыналар:
- пеадагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;
- тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;
- әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;
- іс – әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.
Сонымен қатар әлеуметтік – қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік
педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік
шеберлікті дамыту міндеттер:
1. Педагогикалық білім бірлігі;
2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі;
3. Ситуацияларды меңгеру;
4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.
Педагогикалық шеберлік негізі туа біткен талант па, әлде тәжірибе ме?
тақырыбында ток-шоу түріндегі ашық сабақ жүргізілу қажет Ток-шоуға
педагогикалық мамандықтағы 1,2,3 курс студенттері (тарих, педагогика
және психология, шет тілі, екі шет тілі мамандықтары) және қаламыздың
озат педагогтары мен университет оқытушылары, қызметкерлері қатылуы тиіс
.Ток-шоу мақcаты педагогикалық шеберліктің мәнін ашу және оны қалыптастыру
мен дамытудың жодарын анықтауға бағытталды. Ток-шоу барысында бүгінгі күні
мұғалімдердің шеберлігі өзекті мәселелердің қатарына жататындығы және оның
педагогикалық іс-әрекеттегі үшін маңызы талқыланды. Студенттер талқылауға
белсенді қатысып, пікірлерімен бөлісіп, қонақтарға сұрақтарын қойып,
тәжірибе алмасты. Ток-шоу барысында педагогикалық шеберлік мұғалімнің өз іс-
әрекетін сәтті, әрі тиімді, сапалы орындауға негіз болады деген тұжырым
жасалды. Студенттер, яғни болашақ мұғалімдер шеберлікті дамытудың негізгі
оқу орнында басталатындықтан оны бүгінгі күннен қолға алу керек деген
шешімге келді.
Негізгі:
4. Педагогикалық шеберлік негіздері И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989
5. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов
на Дону, 2003.
6. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.

Қосымша:
7. Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы
мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
8. Педагогикалық мәдениетке кіріспе Е.В.Бондареваның түзетуімен –
Ростов на дону, 1995.
9. Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990.
10. Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М.,
1989.
11. Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М.,
1990.
12. Коджаспирова Г.М. ПЕдагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М.,
1994.

Тақырып: Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің элементі
ретінде

1. Педагогикалық техника ұғымы.

2. Жас мұғалімнің типтік қателері.

Әдебиеттер
Негізгі:
1. Педагогикалық шеберлік негіздері И.А.Зязюнаның түзетуінде –
М., 1989
2. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері –
Ростов на Дону, 2003
3. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону,
2002.
Қосымша:
1. Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы
мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
2. Педагогикалық мәдениетке кіріспе Е.В.Бондареваның түзетуімен
– Ростов на дону, 1995.
3. Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990
4. Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері –
М., 1989.
5. Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық –
М., 1990.
6. Коджаспирова Г.М. ПЕдагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті –
М., 1994.

Лекция мәтіні:
Жаңашыл мұғалімдердің табыстарының құпияларының астарына үңіле отырып,
шебер қойылым және әр түрлі практикалық міндеттерді шешуде педагогикалық
ықпал ету тәсілдерінің дәлділігін аңғарамыз. Мұнда маңызды рөл кәсіби
біліктіліктің үлесіне тимек, олар: интенсивті танымдық іс-әрекетке
оқушыларды жегу, сұрақтар қою, жеке тұлғамен және ұжыммен қарым – қатынас
орнату, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысыңды,
мимикаңды, қимыл-қозғалысыңды меңгеру.

“Тәрбиеленуші сіздің жан-дүниеңізді сізді көріп, сізді тыңдап барып
қабылдайды” – дейді А.С.Макаренко.

Педагогикалық техника мұғалімнің іс - әрекетінің ішкі мазмұны мен оның
сыртқы әлпетінің үйлесімділік бірлігін сәйкестендіреді (способствует).

Педагог шеберлігі – рухани мәдениет пен педагогикалық мақсатқа сәйкес
сыртқы мәнерлілік бірлігінде.

Олай болса, техника – тәсілдердің жиынтығы. Оның құралы – сөйлеу және
невербальные средства общения.

“Педагогикалық техника” ұғымына екі компоненттердің тобын енгізу
келісілген:

Бірінші топ компоненттері мұғалімнің өз мінез-құлқын басқара білу
біліктілігімен байланысты:

- өз дене қимылдарын басқара білу (мимика, пантомимика);
- көңіл – күйімен эмоцияларын басқара білу (артық психикалық қысымды
болдырмау, шығармашылық көңіл-күй орната білу);
- әлеуметтік-перцептивтік қабілеттер (зейін, байқағыштық, қиял);
- сөйлеу техникасы (тыныс алу, дауысты қоя білу, дикция, сөйлеу екпіні).
Педагогикалық техниканың екінші тобы жеке тұлға мен ұжымға әсер ете білу
және оқыту мен тәрбие үрдісінің технологиялық жағын аша білу
біліктілігімен байланысты:

- дидактикалық;
- ұйымдастырушылық;
- конструктивтік;
- коммуникативтік біліктілік;
- талап қоюдағы технологиялық тәсілдер;
- педагогикалық қарым-қатынасты басқару;
- ұжымдық және шығармашылық істерді және т.б.
ұйымдастыру.

Жас мұғалімнің типтік қателері.

Педагогтардың бір қатарына жүргізілген зерттеулер, мұғалімдік жұмысты
енді бастағандардың педагогикалық техникасындағы типтік қателердің
болатындығын көрсетті. Мұндай педагогтардың басым көпшілігі
біліктілігінің жетімсіздігінен оқушылармен, олардың ата-анасымен
жақынырақ әңгімелесе алмайтындықтары белгілі болған, кек сақтап қалу
керісінше ашу-ызасын тудыру, сенімсіздік көрсету белең алған.
Практиканттар алғашқы сабақтары туралы шығармаларында былай деп жазады:
сөйлеу мәнеріне көңілдері толмау, шектен тыс қаталдықта болуы, жай
сөйлеуге қорқуы басынып кетеді деген оймен, қорқыныш сезімін бастарынан
өткізуі, артық қылықтар көрсетуі немесе тұруы, тас сияқты қатып қалу және
қолдарын қоярға жер таппауы. Студенттердің көпшілігі өздерінің сыртқы
тұлғаларының еңкіштігіне, бастарының төмен түсіп кетпеуіне, дәрменсіз
қолдарының қимылына зейін аударады.

Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктері бір қалыптылық, сөйлеудегі
мәнсіздік, мәнерлеп оқу дағдыларының жоқтығы.

Сөйлеудегі көптеген жеке дара кемшіліктері – дикцияларының айқын, анық
еместігі, дауыстап сөйлеудің оптималдық вариантын табудағы икемсіздігі.

Педагогтың оқушыларға нәтижелі ықпал етуіне осы айтылған кемшіліктердің
барлығы кедергі келтіреді. Сондықтан жоғары оқу орындарында оларды оқу-
тәрбие үрдісін басқара алатындай етіп тәрбиелеуіміз керек және соған баса
көңіл аударылғаны жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Г.Пазылова Кәсіби біліктілікке – кең өріс Қазақстан
мектебі, №7-8, 2006 ж., 11-13 бет .
2. Ш.Кубенова Кәсіптік біліктілікті арттыру – басты мақсат
Қазақстан мектебі, №7-8, 2007 ж., 13-14 бет .
А.Байбакова Педагогтың біліктілігі Қазақстан мектебі, №5, 2008 ж., 8
бет

121 Тәрбиешінің шеберлігі өнер ме?
# ол мамандық
# ол шеберлік
# ол өнер
# ол мұғалім
# ол сынып жетекшісі
@
122 Педагогикалық шеберліктің негізгі мақсаты.
# педагогикалық іс-әрекеті деңгейіне жеткізу нәтижесі.
# балаға білім-тәрбие беру
# педагогикалық іс-әрекеттің қорытындысы
# педагогикалық жұмыстың мазмұны
# педагогикалық білім беру
@
123 Педагогикалық шеберліктің сипаты неде?
# жаңа жұмыс әдіс-тәсілдерін жандандыра түсу.
# балаға білім-тәрбие беру
# педагогикалық іс-әрекеттің қорытындысы
# педагогикалық жұмыстың мазмұны
# тәрбие беруде
@
124 Мұғалімнің шеберлігі неде?
# оқу-тәрбие істерін нәтижелі ұйымдастырып, басқара білуінде
# баланы басқара білуінде
# мектептің жұмыстарын орындауында
# мектеп пен жанұяның байланыстылығында
# жоспарлы жұмыс құрыуында
@
125 Мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушы тұлға кім?
# мұғалімдер
# мектеп ұжымы
# оқушылар
# сынып жетекшісі
# директор
@
126 Шебер педагогтар дегеніміз кім?
# адамгершілік-ізгілік қасиеттері мол тәжірибелі педагогтар
# өз пәнін білетін мұғалімдер
# ата-аналармен жұмыс істейтін мұғалім
# оқушылармен қарым-қатынас жасайтындар
# оқушылар мен ата-анлар
@
127 Педагогикалық іс-әрекет құралдарына не жатады?
# оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас
# оқу, үй жаттығуы, ойын
# қарым-қатынас
# еңбек, ойын, қарым-қатынас
# оқу, қарым-қатынас
@
128 Педагогикалық іс-әрекет құралдарына кім басшылық жасайды?
# педагогтар
# директорлар
# мұғалімдер
#оқушылар
# директор орынбасарлары
@
129 А.С.Макаренко тәрбие құралына нені қолданған?
#еңбекті
# оқуды
# ойынды
# ата-аналармен жұмысты
# қарым-қатынасты
@
130 “ Педагогикалық шеберлік негіздері” оқулығының авторы кім?
# Сағытаев Т.
# Қоянбаев Р,
# Абиев Ж
# Савин Р
# Коменский Я.А.
9-апта
Тақырып №17-18. Менталитетті дамыту-білім беру жүйксінің жетекші идеясы.
Педагогикалық этика мен әдеп –қарым-қатынас стилі.
@
131 Педагогикалық шеберлік жүйесінің бөліктерін атаңыз.
# бағыттылық, білгірлік, бейімділік, техника
# бірізділік, саналылық, көрнекілік,белсенділік
# бағыттылық, саналылық, көрнекілік
# техника, ғылымилық
# барлығы дұрыс
@
132 Педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық ... .
# ынтымақтастық, демократтық қатынас орнату
# әлеуметтік қатынас орнату
# қоғамдық-әлеуметтік қатынас орнату
# ынтымақтастық қатынас орнату
# демократтық қатынас орнату
@
133 Гуманистік бағыттылықтың негізгі бағдары ... .
# балалар ұжымына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Педагогикалық шеберлік” пәніне типтік оқу жоспары
Педагогикалық шеберлік түсінігі туралы
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Педагогикалық әдептің негіздері
Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұны
Педагогикалық шеберлік туралы ақпарат
Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің элементтерінде
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Бастауыш сынып мұғалімнің педагогикалық шеберліктің көрсеткіштері
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
Пәндер