Көне түркі жазуы туралы



1 Жазу әдісі
2 Көне Түркі жазуларының зерттелуі
3 Дала жазуларының тарихы
4 Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы
5 Көне Түркі жазуларының мазмұны
6 Көне түркі жазба ескерткіштері
6.1 Табылған аймақтары
6.2 Қазақстан жерінде
Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесай жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. Орта Асия түркі тайпалары қолданған жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында және Енесей өзенінің жоғарғы ағысында.
Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым табып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын).


Көне Түркі жазбасымен жазылған Теңрі сөзі
Жазу әдісі
«Алтын ғасыр» кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Жазу бағысы дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген.Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды.
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинскаймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Көне түркі жазуы.

Жоспар
1 Жазу әдісі
2 Көне Түркі жазуларының зерттелуі
3 Дала жазуларының тарихы
4 Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы
5 Көне Түркі жазуларының мазмұны
6 Көне түркі жазба ескерткіштері
6.1 Табылған аймақтары
6.2 Қазақстан жерінде

Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесай жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з.
Орта Асия түркі тайпалары қолданған жазуы. Бірінші табылғаны Орхон
өзенінің бойында және Енесей өзенінің жоғарғы ағысында.
Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым табып (кейбір
нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын).

Көне Түркі жазбасымен жазылған Теңрі сөзі
Жазу әдісі

Алтын ғасыр кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу
нышаны кіреді. Жазу бағысы дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан
дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке
не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген.Сөз бөлу нышаны сөз
арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды.

Көне Түркі жазуларының зерттелуі

Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі
туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды Руна жазулары, яғни
скандинавия тілдерінен алғанда құпия, сыры ашылмаған таңбалар деп
атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор
тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.
Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының
экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г.
Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген
материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З.
Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының
жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу
нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің
қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі
жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі
аздау болатын, себебі Минусинскаймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік
және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым
қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.

1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне
жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді
бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты
жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В.
Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В.
Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей
жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.

жазуларының тарихы

Б.з.б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары
таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа
жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы шаньюй (Моде шаньюй) деген
сөздің Ғұн тілінде Сеңгір деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл – биік,
асқақ, жоғары деген мағына береді де қазіргі Түркі тілдерінде, мысалы
Қазақ тілінде Сеңгір таулар, Заңғар көк сияқты тіркестерде кездесіп
отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі Хунну жазуы деп отырғаны
осы жазу. Кейін б.з.б. 3 ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары
тарады. Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3 және б.з. 5 ғасырлары
аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның өңтүстігінен
табылып отырған Күлтөбе жазулары б.з.б. 2-1 ғасырларға жатады.

Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы
және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығыкезінде қолданылған. Таралу аймағы
Моңғолия-Сібір далаларынан ТИбет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия,
Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына
далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары
деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін
бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып
шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын
және Кирилл әліпбилерін қолданады.

[өңдеу]Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы

Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни
сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа
таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:

1. Енисей ескерткіштері.
2. Талас ескерткіштері.
3. Орхон ескерткіштері.
Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және
жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда
Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена
бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан
Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын
көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы
біркелкі.

1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай
республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары)
аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір
(Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның
қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан
табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі
кезде шамамен 150-дей.
2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан,
Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде
көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі
бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.
3. Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің
бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер
жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны
30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады.
Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан Құтлығ қаған, Білге қаған,
Күлтегін, Тоныкөк, Күлі Чор және Мойын Чор ескерткіштерінің
орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір,
Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде
кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп
отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы
Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш,
Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы)
мемлекеттерінің аумаы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан
басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және
Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі.

[өңдеу]Көне Түркі жазуларының мазмұны

Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын
(1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған
20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ,
Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп
аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір
қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда
ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет
"Түрк" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен.

Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі
кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар,
сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-
дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары
жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан
көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне
Түркілер мен Көк Түркілер діуіріндегі болған оқиғалар сипатталып,
жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен оналасу, таралу
аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр
қағандығы кезінде аяусыз қиратылған.

Жазбаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар
көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары,
композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ –
жылнама не шежіреден гөрі, бұлар – тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі
тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨНЕ ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫ МЕН ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСІМДІЛІК
Қазақстан жеріндегі эпиграфикалық ескерткіштер
Сақтар жазуы
Енисей жазба мұралары
Көне жазулар
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері
Көне түркі жазуы - түркі халықтарының тұңғыш әріптік жазуы
Көне түркі жазуы
Дала жазуларының тарихы
Пәндер