Дамыған елдердің жоғары педагогикалық білім беру жүйелеріндегі инновациялық үдерістеріне салыстырма-лы педагогикалық талдау


ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІНЕ САЛЫСТЫРМА-ЛЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 6 б
1. Жоғары білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау жасаудың теориялық-әдіснамалық негізі
- Дамыған елдердегі жоғары білім беру жүйелерінің негізгі мәселелері мен жайы туралы 10
- Салыстырмалы-педагогикалық зерттеудің ұғымдық-түсініктік аппараты
21
- Дамыған мемлекеттердегі кәсіби педагогикалық білім беру жүйесіне салыстырмалы-педагогикалық талдау жасаудың әдіснамалық қатыстары, принциптері мен әдістері 31
Бірінші бөлім бойынша қорытынды 45
2. Дамыған елдердегі жоғары кәсіби педагогикалық білім беру жүйесінің инновациялық үдерістерге жасалынған талдау нәтижелері мен оны реформалауға бағыт болатын жаңа тенденциялар
2. 1 Дамыған елдердегі жоғары кәсіби педагогикалық білім беруге қойылатын мемлекеттік және қоғамдық талаптарға талдау жасау 46
2. 2 Болашақ педагог кадрларын даярлауға қойылатын инновациялық талаптар мен жетекші тенденцияларға салыстырмалы талдау 55
2. 3 Дамыған елдердің жоғары педагогикалық білім беру тәжірибелерін Қазақстандық жоғары білім беру жүйесінде қолдану мүмкіндігін талдау 63
Екінші бөлім бойынша қорытынды 75
Қорытынды 76
Пайдаланған әдебиеттер 78
Қосымшалар 83
КІРІСПЕ
Қазақстан мемлекетінің, оның экономикалық қуаттылығы мен қауіпсіздігі көп жағдайда халықтың білім деңгейімен айқындалады, әсіресе жоғары білімді болашақ мамандардың кәсіби дайындығының сапасына тікелей тәуелді болады.
Қазақстанда білім беру жүйесінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы, оның жоғары білім беру жүйесінде дамыған елдердегі кәсіби маман даярлау жетістіктеріне терең ғылыми талдау қажеттігін талап етіп отыр. Еліміздің Европалық білім беру жүйесі аймағына ену мақсатының нақты жүзеге асу мүмкіндігі айқындалған соң (2012 жылы Болон декларация-сына қол қойылды), дамыған елдердегі білім беру жүйесінің сапалылығын анықтау мақсатында салыстырмалы-педагогикалық талддау жасау қажеттілігі күн тәртібіне қойылды[2] .
Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі сияқгы, Қазақстан Республика-сында да қазіргі кезде білім беру жүйесін реформалау жүзеге асырылуда, ЮНЕСКО-ның жүйелеуі бойынша бұл реформа екінші типті реформалар қатарына жатады.
Өйткені, екінші типті реформалар тікелей білім беру жүйесіне катысты болады және олар осы жүйеден тыс болып жатқан әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты білім берудің мақсаты мен міндеттерінің де өзгерісін туғызады. Алдымен, бұл реформалар білім жүйесінің, ақпарат және компьютер жүйесі мен технологиясының тез қарқынмен дамуы, білім берудің барлық саласында мәліметтердің дүниежүзілік және аймақтық ақпарат банктерінің пайда болуы мен оқытудың дәстүрлі әдістері арасыңдағы қайшылықтарды жоюға бағытталған.
Дүние жүзінің барша дамыған мемлекеттеріңде салыстырмалы педагогика саласыңда қарқынды да мақсатты зерттеу жұмыстары жүргізілу-де. Әр елде білім беру саласындағы ең соңғы жаңалықгарды салыстыра отырып жариялайтын арнаулы журналдар саны үздіксіз өсуде. Дүние жүзі ғалымдарының салыстырмалы педагогика саласыңда жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарын аймақтық (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Азия, Латын Америкасы, Африка) және дүниежүзілік (БҰҰ, ЮНЕСКО) орта-лықтар, сондай-ақ салыстырмалы педагогика жөніндегі халықаралық және аймақтық қоғамдар үйлестіріп отырады.
Қазіргі таңда дүниежүзілік салыстырмалы педагогиканың дамуында үш негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады: салыстырмалы педагогикалық зерттеулер методологиясы; дүние жүзінің түрлі елдерінде білім беру саласы бойынша мәліметтердің дүниежүзілік және аймақтық ақпараттық компьютерлік банктерін құру; дамушы елдердің ұлттық білім беру жүйесін реформалаудың бағдарламаларын жасау және нақты көмек беру.
Сол себепті қазіргі кезеңде салыстырмалы педагогикаға, әсіресе білім беру жүйесін реформалау жөніндегі болжамдық ұсыныстарға ерекше ден қойылуда. Кәсіби маман мұғалімдерді даярлауда "Салыстырмалы педаго-гика" курсын оқыту міндетті болып саналатын елдер саны өсуде[3] . Соның өзіңде салыстырмалы педагогиканың методологиялық мәселелеріне басты назар аударылады. Осыған орай Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі басшыларының, ғалымдардың, оқытушылардың, мұғалімдер мен калың жұртшылықтың шетелдердегі, әсіресе дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі өзгерістерді білуге ерекше мән беруі түсінікті. Салыстырмалы педагогика бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына, докторлық және каңдидаттық диссертацияларға жасалған талдау ол жұмыстардың көбінесе елтанушылық, баяндау, суреттеу сипатында екендігін көрсетеді, салыстыр- малы педагогика мен салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің методоло-гиясы бойынша жұмыстар өте аз екенін көрсетіп отыр. Бұл жағдайға сәйкес шетелдердегі білім беру жөніндегі әр түрлі мәліметтерге деген талаптың күрт өсуі мен салыстырмалы педагогикадан орыс тіліңде, әсіресе қазақ тіліңде жазылған ғылыми жұмыстардың, оқулық пен оқу құралдарының тапшылығы арасындағы қайшылықтан туындап отырғаны мәлім болды.
Сондықтан да дүниежүзілік педагогикалық қауымдастықтың әлемдегі мемлекеттердің немесе халықтардың және жеке тұлғалардың жан-жақты даму талабына сай білім беруді жетілдірудің ұтымды жолдарын болжау мақсатымен білім берудің жүйелерін тарихи-салыстырмалы типологиялық тұрғыдан зерттеп, соның нәтижесінде оның даму заңдылықтарын, жалпы және аймақтық тенденциялары мен арнайы ерекшеліктерін анықтау бағытында салыстырмалы-педагогикалық талдау әдісі өзекті мәселе болып табылады.
Ғылыми-педагогикалық білімдердің сапалылық дәрежесін көрсететін салыстырмалы-педагогикалық талдау әдісі мынадай міндеттерді шешуде жетекші қызмет атқара алады: басқа елдердің білім беруді реформалау тәжірибесін зерттеу; білім берудің шетелдік тәжірибесін өз еліндегі тәжірибемен салыстырып, айырмашылықтарьша педагогикалық баға беру; Қазақстан Республикасында білім берудің тәжірибесін зерттеген шетелдік зерттеушілердің материалдарын талдау; шетел тәжірибесінің элементтерін еліміздің білім беру жүйесіне тасымалдаудың мүмкіндіктері мен жолдарын анықтау; қазақстандық білім беру жүйесін дүниежүзілік және еуро-азиялық білім беру жүйелерімен ұштастыру шараларын қарастыру; білім беру проблемалары жөнінде халықаралық зерттеулерге қатынасу.
Дүние жүзіндегі білім беру жүйесінің сан алуандығы, педагогикалық тәжірибенің қарама-қайшылығы, тәрбие және білім беру мәселелері жөнінде ғылыми мектеп тұжырымдамасы теориясы, әр түрлі бағыттарының көптігі салыстырмалы педагогикалық зерттеулер жүргізуде толып жатқан методо-логиялық тәсідцердің қолданылуына негіз болып отыр. Оның үстіне әр зерттеуші зерттелетін мәселеге өз еліндегі білім беру ісінің және салыстырмалы педагогиканың даму дәрежесіне сай өз көзқарасын енгізуге тырысады[14] .
Сол себепті де салыстырмалы педагогиканы зерттеушілердің алдында тұрған мақсат, міндеттерінің және методологиялық тесілдердің алуан түрлі болуы салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің құрылымына да әсер етпей қойған жоқ.
Күні бүгінге дейін салыстырмалы педагогиканың теориясы мен практикасының тарихи дамуы барысында әр түрлі елдердің зерттеушілері салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің төмендегідей құрылымын жасай алды.
Ағылшын педагогы Дж. Бередей салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің индуктивтік әдіс құрылымын ұсынса, Ресей ғалымдары Б. Наврочинский, Т. Вилех, М. Пенхерский салыстырмалы педагогикалық зерттеулерді жүргізудің кезеңдік құрылымын ұсынады. Ал А. Векслиар, М. Дебесс "Салыстырмалы педагогикалық зерттеулерді басқа схемамен жүргізген тиімді деп есептейді, яғни: білім берудің маңызды мәселелерін жалпы түрде анықтау және белгілеу; әр мәселенің зерттелу дәрежесін анықтау; жалпы проблеманы жеке мәселелерге бөлшектеу арқылы[39] .
Ал Қазақстандық ғалымдар: А. Құсайынов, Г. Нұрғалиева, Қ. Мусин, т. б. салыстырмалы педагогиканың толып жатқан ғылыми мәселелерін шешуге, құбылыстарды зерттеуге бағытталған тәсіл мен амалдардың жиынтығы салыстырмалы-педагогикалық зерттеулердің әдістері болып табылады[3, 63] . Олардың ұсыныстары бойынша салыстырмалы-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерінің жіктелісі төмендегідей мазмұнмен беріледі: салыстыр-малы-педагогикалық зерттеу "практикалық әрекет жөніңде шешім қабылдау, пікір түю немесе баға беру үшін белгілі білім, ереже не анықтама негізінде ойлау процесі ретінде" дәлелдеуден басталады".
Қазақстандық жоғары мектеп осы уақытқа дейін Ресейдің классикалық университеттерінің дәстүрі негізінде құрылып келді, тіпті ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарына дейін сол дәстүрдің сыртқы түрін өзгертіп, «ұлттық» сипат берудің түрлі жолдарын іздеуде. Осы мәселе қазақстандық интелегенциясының үлкен наразылығын тудырып, 2005 жылдан бері әлемдік озат тәжірибеге сүйенетін, сонымен бірге, өзіндік ұлттық мазмұнды қамтамасыз ететін жоғары білім беру жүйесін жасау негізгі ұлттық және мемлекеттік құндылықтар қатарына енгізілді. Сол себепті қазақстандық педагог-ғалымдар алдына жоғары кәсіби білім берудің тиімді жүйелерін зерттеу, оның әлемдік тәжірибесіне салыстырмалы-педагогикалық талдау жасау міндеті қойылды. Бұл мәселені жүзеге асыру жолдары мен механизмдері елімізде қабылданған «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама-сында» және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» жан жақты қарастырылған болатын[1] .
Осы тұрғыдан дамыған елдердің жоғары білім беру жүйесіне салыстырмалы-педагогикалық зерттеу еліміздегі білім беру жүйесінің аса маңызды үш мәселесін шешіп беруге үлкен үлес қосады деп санаймыз. Біріншіден, еліміз үшін жаңа болып табылатын жоғары білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың әлемдік үлгісі ретінде қолдануға болатындығында; екіншіден, салыстырмалы-педагогикалық талдау нәтижелері жоғары білім берудің ғылыми-кәсіптік, педагогикалық және мәдени базасын күшейтетін қызмет көздерін айқындауға мүмкіндік беретіндігінде; үшіншіден, үшіншіден, бұл зерттеулер студенттер мен жас мамандардың халықаралық академиялық ұтқырлығын дамытудың негізін қалауға жағдай жасайды.
Ал бұл міндеттердің жүзеге асырылуы еліміздің білім беру саласындағы саясатының жетістіктерін көрсету үшін ғана емес, сонымен бірге оқытушы-профессорлардың, мамандардың, студенттердің халықаралық қарым-қатынас деңгейінде байланыста болуына және мамандық саласы бойынша тәжірибе алмасуына, шетелдерде білімін жалғастыруға кедергісіз баруына жағдай жасары сөзсіз.
Шетелдік білім беру жүйелері бойынша жасалынатын салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер қазіргі таңда Қазақстанда көкейкесті мәселелердің ең бастыларының қатарына жатады. Оның өзектілігін төмендегідей бірнеше ой-тұжырымдармен айқындауға болады: біріншіден, Қазақстанда жоғары білім мен ғылыми зерттеулерге сұраныстың артуы, жоғары білімсіз және ғылыми зерттеулерсіз жаңа технологиялардың әлемдік нарықта өз позицияларын сақтап қала алмауы мен әлемдік экономикалық жүйеде өз орнын сақтап қалу мүмкіндігі тек жоғары білім сапасына тәуелді екендігі айқындалды; екіншіден, зерттеу тақырыбының өзектілігі жоғары білімді кәсіби мамандарды дайындаудың жаңа формалары мен әдістерін іздеудің қажеттілігімен негізделеді. Өйткені, мамандардың жалпы және кәсіби білімдерінің деңгейлеріне қойылатын объективті талаптар тез көтерілуде, әлемде және Қазақстанда болып жатқан түбегейлі өзгерістер жоғары оқу орындарында кәсіби мамандар даярлау жүйесіне деген қатынастарды түбегейлі өзгертуді талап етуде, әсіресе даярлау мақсатына, білім беру мазмұнына және дидактикалық аппаратты дұрыс ұйымдастыруға қатты көңіл бөлінуде. Осы мақсатта дәстүрлі жоғары мектеп педагогикасын қайта қарау, яғни жалпы білім беретін мектеп көрсеткіштері негізінде маман даярлаудың үнемі сенімді ақтай бермейтінін есепке алу қажеттігі ескерілгені жөн. Сондықтан дамыған елдердің жоғары білім беру саласындағы оң тәжірибелерін салыстырмалы зерттеу ЖОО болашақ мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп санауға лайық. Үшіншіден, жоғары білімді мамандарды кәсіби даярлау бағытында салыстырмалы-педагогикалық зерттеулерге деген қажеттілік пен сұраныс қазақстандық білім беру жүйесінің барлық құрылымдарында жүйелі дағдарыс туғызып отырған үрдіске айналып отыр. Бұл мәселенің тіпті еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына да теріс ықпал етіп отырған жағдайы бар. ҚР Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұловтың ЖОО санын сапалық деңгейлеріне бпйланысты оңтайландыру саясатының күшеюі көтеріліп отырған мәселенің өзектілігін растап отыр[1] .
Осы тұрғыдан, Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында « . . . біз қалыптасқан мемлекет деңгейіне көтерілдік, сондықтан әлемнің білімі мен ғылымы дамыған мемлекеттеріне сәйкес білім беру жүйесін орнатуымыз керек» деген сөздері біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін көрсетсе керек. Отандық білім беру жүйесінің әлемдік деңгейіне көтерілу біз сияқты өз кемшіліктерін жеңе білген мемлекеттердің тәжірибелерінің құндылығын есепке алмай жүзеге аспайды. Қазақстанда дамыған елдердің жоғары білім беру жүйесін зерттеуге арналған жұмыстар саусақпен санарлық. Академик А. Құсайыновтың (Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президенті) басшылығымен жасалынған жұмыстарда салыстырмалы педагогика ғылымының мақсат міндеттері мен құрылымы зерттелінгенімен, олардың қоғамның әлеуметтік-экономикалық шарттарға тәуелділігі мен педагогикалық ЖОО білім беру сапасын бағалаудың салыстырмалы-педагогикалық талдау жұмыстары жеткіліксіз[3] .
Осындай маңызды міндеттердің туындауына байланысты педагогикалық ЖОО кәсіби білімді мамандарды даярлаудың жаңа, жүйелі-педагогикалық жолдарын айқындауда әдемдік тәжірибені пайдаланудың салыстырмалылығын қамтамасыз ету өзекті болып отыр.
Жоғарыда айтылғандар мен негіздеулер дамыған елдердің жоғары кәсіби педагогикалық білім беру жүйелеріндегі инновациялық үдерістерге салыстырмалы-педагогикалық талдау жасаудың өзектілігін дәйектеп беріп отыр және зерттеу тақырыбын « Дамыған елдердің педагогикалық білім беру жүйелеріндегі инновациялық үдерістеріне салыстырмалы-педагогикалық талдау жасау» деп таңдауға мүмкіндік берді.
Зерттеу мақсаты: дамыған елдердің педагогикалық білім беру жүйелеріндегі озат инновациялық тәжірибелерін Қазақстандық болашақ педагогтарды даярлау жүйесінде қолдану мүмкіндігін анықтау.
Зерттеу объектісі : әлемдік педагогикалық жоғары білім беру процесі.
Зерттеу пәні: дамыған елдердің жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің заңдылықтары, принциптері, саясаты, мазмұны және технологиясы.
Зерттеу міндеттері:
- жоғары білім беру жүйесіне салыстырмалы-педагогикалық талдаудың теориялық-әдіснамалық негізін айқындаушы талаптарды әзірлеу және оны негіздеу;
- салыстырмалы-педагогикалық талдау негізінде дамыған елдердегі жоғары білім беру жүйесінің қызметін, мақсаты мен ерекшеліктерін, маман даярлаудың инновациялық бағыттарының тиімділігін талқылап, қорытындылау және жүйелеу;
- зерттеуге алынған елдердегі жоғары педагогикалық білім берудің инновациялық үдерісінің жетекші тенденцияларын айқындау;
- дамыған елдердегі жоғары педагогикалық білім берудің озат инновациялық тәжірибелерін Қазақстанда жоғары білімді педагог кадрларды даярлайтын оқу орындарында қолдану мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Жоғарыда қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін дамыған елдердегі жоғары кәсіби педагогикалық білім беру жүйесіне жасалынған салыстырмалы-педагогикалық талдау процесі қазақстандық білім беру жүйесін сапалық жаңғыртуда инновациялық үдерістерді кеңінен қолдануға бағыттаушы қызмет атқаруы мүмкін. Соның негізінде салыстырмалы-педагогикалық талдау әдісі қазіргі заманғы педагогикалық-инновациялық үдерісті әлемдік талапқа сай жетілдірудің жетекші құралы бола алатындығы туралы функциональды нобай жасалынады. Салыстырмалы-педагогикалық талдау процесінің жетекші әдісі эмпирикалық әдіс болып табылады, сондықтан білім беру жүйесін ұйымдастырудың әлеуметтік-үйренушілік функциясының инвариантты элементтері айқындалады.
Зерттеудің әдіснамасы: ол білім беру философиясы мен социология ғылымының, мәдениеттанудың, жалпы, кәсіби және салыстырмалы педагогиканың басты ұстанымдарына сүйенеді. Оның пәні ретінде тұлғаның әлеуметтенуі, дамуы және тәрбиелену факторлары қарастырылады.
Зерттеудің теориялық базасын педагогика, психология және салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер бойынша төмендегі ғалымдардың еңбектері құрайды: Ю. К. Бабанский, С. И. Архангельский, Я. П. Гальперин, В. И. Загвязинский, В. С. Леднев, Н. Ф. Талызина, М. Н. Скаткин, М. А. Ананьев, А. Малькова, Г. Нұрғалиева, А. Құсайынов, Қ. Мусин, т. б. Шетелдік ғалымдардың публикациялық материалдарынан: Беланже Поль, Бенавидес Луи, Арредондо Висенте, Вайлер Ганс Н., Гарридо Хосе Луис Гарсиа, Кинг Эдмунд, Тейнман Алъберт, Холмс Брайен, т. б.
Зерттеу әдістері: зерттеуге қойылған міндеттерді орындау барысында салыстырмалы-сұрыптау, контент-талдау, құрылымдық-функциональды талдау, статистикалық әдістер кешенді түрде қолданылды.
Зерттеу кезеңдері: зерттеу жұмысы бірнеше кезеңнен және төмендегідей мазмұнда орындалды:
Бірінші кезеңде (2011-2012жж. ) - дамыған шетелдердегі жоғары білім беру жүйесі туралы статистикалық материалдарға щолу және талдау жасалынды.
Екінші кезеңде (2012-2013жж. ) - талдау материалдарын өңдеу, жүйелеу және қорытындылау, қорғауға ұсынылатын қағидаларды растау, диссертацияда қолданылған әдебиеттерді рәсімдеу.
Зерттеу барысында алынған нәтижелер, олардың ғылыми жаңалылығы мен теориялық мәнділігі: зерттеу бойынша әзірленген теориялық ұстанымдар мен қорытындылар дамыған елдердің жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің салыстырмалы-педагогикалық сипаттамасының маңызды ғылыми мәселе ретіндегі орнын анықтап берді. Зерттеу жұмысында дамыған елдердегі ЖОО болашақ мамандарды кәсіби даярлау жүйесін салыстырмалы-педагогикалық талдаудың теориялық-әдіснамалық негізі әзірленді; олардың қазіргі жайы туралы түсініктер берілді; жоғары педагогикалық мамандар даярлайтын мемлекеттік және қоғамдық оқу орындарына қойылатын талаптарға талдау жасалынды; дамыған елдерде педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқу мақсаттары мен олардың мазмұны, даярлау жүйесіндегі тнновациялық үдерістің ерекшелігі мен сапасына талдау жасалынып, сараптаудан өткізілді; дамыған елдердегі жоғары педагогикалық білім берудің жүзеге асырылуы мен, оларды реформалаудың жетекші тенденциялары көрсетілді, елімізде дамыған шетел тәжірибелерін қолдану мүмкіндіктері айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: диссертацияда дамыған елдердің жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің салыстырмалы-педагогикалық талдауы бойынша әзірленген теориялық-әдіснамалық қатынастың тиімділіг туралы ұстанымдар мен қорытындылар және ұсыныстар Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беруді жетілдіруде инновациялық мазмұнды қамтамасыз етуге алғы шарт бола алады. Салыстырмалы-педагогикалық талдау нәтижелерін еліміздегі педагогикалық ЖОО басқару жұмыстарында және болашақ мамандарды даярлау қызметін жетілдіруде қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі мен нанымдылығы: диссертацияда алынған ғылыми нәтижелер зерттеудің негізге алған параметрлерін әдіснамалық тұрғыдан толық негізделініп, объективтілік, жүйелілік принциптерімен байланыстылығы расталған. Зерттеу ғылыми аппаратында көрсетілген параметрлер мен талаптарға сәйкестігі расталған. Зерттеу нәтижелеріндегі статистикалық және эксперттік көрсеткіштер ғылыми мәліметтермен бекітілген.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- Дамыған елдердегі жоғары білім беру жүйелерінің негізгі мәселелері мен жайы туралы статистикалық мәліметтер;
- Дамыған мемлекеттердегі кәсіби педагогикалық білім беру жүйесіне салыстырмалы-педагогикалық талдау жасаудың теориялық-әдіснамалық негіздері;
3. Дамыған елдердің жоғары педагогикалық білім беру тәжірибелерін Қазақстандық жоғары білім беру жүйесінде қолдану мүмкіндігін айқындау
1. ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Дамыған елдердегі жоғары білім беру жүйелерінің негізгі мәселелері мен жайы туралы
Дамыған елдердегі (Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, Франция, т. б. ) жоғары білім беру жүйелерінің салыстырмалы-педагогикалық талдау жасау негізінен әдіснамалық мәселе болып табылады. Ең басты мәселе жоғары кәсіби білім беру, оның ішінде жоғары педагогикалық білім берудің сол елдердің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесте алатын орнын нақты анықтау болып отыр. Осы тұрғыдан дамыған елдердегі жоғары білім беру жүйесінің қазіргі күйі мен жайын жүйелілік қатысы негізінде қарастыру маңызды[17] .
Әлемдік нарықтағы бәсекелестік, объективті шарттар, ғылыми прогрестің талаптары дамыған мемлекеттерде жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлаудың тиімді механизмдерін үздіксіз іздестіруге мәжбүрлейді. Сол себепті қазіргі уақытта дамыған елдерде жоғары білім беру саласында аса қызық процестер байқалуда, атап айтқанда олар мынадай мәселелерге ерекше назар аударады:
- «ғылым-өндіріс» макроқұрылымында жоғары кәсіби білім беру жүйесін дамыту;
- таңдалған мамандық нобайы негізінде түрлі оқу орындарының функцияларын диверсификациялау;
- көпдеңгейлі маман даярлау құрылымын жетілдіру;
- жекеленген оқу орындарында жоғары білікті маман даярлау жұмыстарын шоғарландыру;
- үздіксіз білім беруді қарқынды дамыту;
- диплом алғаннан кейінгі оқытуды дамытудың түрлі формаларын жетілдіру;
- жоғары білім беру жүйесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Жоғары кәсіби білім беру саласында әсіресе жоғары педагогикғалық білім беру мәселесінің маңыздылығына ерекше назар аударып, оның мынадай бағыт-бағдарларын өзекті мәселелер ретінде қарастырады:
- дамыған елдердің көпшілігінде студенттердің өзіндік жұмыстарына басымдылық беру арқылы оқу-тәрбие процесін интенсификацилауға;
- жоғары кәсіби педагогикалық білімді мамандарды даярлау бағдарламаларын әзірлеуге;
- оқытудың жеке-дара формаларының қызметін күшейтуге;
- оқытудың белсенді әдістері мен техниалық оқу құралдарын енгізуге.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz