Бақша дақылдарының зиянкестері және олармен биологиялық күрес шаралары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТІРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Биология және БОӘ» кафедрасы
Тақырыбы: Бақша дақылдарының зиянкестері және олармен биологиялық күрес шаралары
Білімгер: Мукушева Шаризат Маратқызы
Жетекші: Шолпанқұлова Гауһар Амангелдиевна
Тараз 2012 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Әдеби деректерге шолу . . .
І Жамбыл облысында өсірілетін бақша дақылдарының биологиясы . . .
1. 1 Қиярдың биологиясы . . .
1. 2 Асқабақтың биологиясы . . .
1. 3 Қарбыздың биологиясы . . .
1. 4 Қауынның биологиясы . . .
ІІ Жамбыл облысында өсірілетін бақша дақылдарының зиянкестерінің биологиясы . . .
2. 1 Асқабақтың зиянкестері . . .
2. 2 Қиярдың зиянкестері . . .
2. 3 Қауынның зиянкестері . . .
ІІІ Бақа дақылдарының зиянкестері мен күрес шараларын жүргізу
3. 1 Зерттеу әдістері, құралдары, материалдары . . .
3. 2 Зиянкестермен биологиялық күрес шаралары . . .
ІV Бақша дақылдары зиянкестерінің таралуына ауа - райы жағдайларының әсері
4. 1 2007-2011 жылдар аралығында Жамбыл облысы бойынша ауа райы жағдайы және оның ауыл шаруашылық зиянкестеріне әсері . . .
4. 2 2007 - 2011 жылдар аралығындағы Жамбыл облысы бойынша бақша дақылдарының зиянкестерінің таралуына сараптама . . .
4. 3 Зиянкестерге жүргізілген жеке бақылаулар . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстанда бақша дақылдары тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1995 жылдардан бастап әр облстарда өсіріле бастады. Бастапқы кезеңде 280 сорт үлгі жинақталса, 2000 жылдарда 3260 бақша сорт үлгілері жоғарғы көрсеткішке ие болды. Қазіргі уақытта Қазақстанымыздың әр өңірлерінде 70 - ке жуық бақша дақылдарының сорттары аудандастырылды.
2011 жылы бақша дақылдарының көлемі 1, 7 мың гектарға ұлғайды. 2010 жылмен салыстырғанда 6, 9 мың тоннаға артық алынды. Бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайтылмағанмен игерілген жердің өнімділігін көбейтуге ерекше мән берілді. Егістіктің 70, 6% жоғары репродукциялы тұқыммен себіліп, (2010 жылғы 65 % қарсы) жоғары өнім алуға қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылы облыс тарапынан берілген ұсыныстарымызды ескеріп, субсидия төленетін басым дақылдар тізіміне бақша дақылдарын енгізіп, сол жылдан бастап, бұл дақылдардың егіс көлеміне субсидия төленіп келеді. Үстіміздегі жылы 1 гектар егіске төленетін субсидия мөлшерін айтатын болсақ, бақша дақылдары үшін 9000 теңгеден төленді.
Адам денсаулығына пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге аса бай. Оның құрамында адам ағзасына қажетті С, В1, В2, В5, В6, Е, РР, ағзадағы зат алмасу процесін жеделдететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, калий, кальций және темір бар. Құрамында дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем боларлық көкөніс деп есептеледі. Асқабақтың шипалық қасиеттеріне тоқталсақ, жүрек әлсіздігінен жүдегендерге ем ретінде қолданылатын асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» дәрігерлер отқа немесе суға күйген науқастарға жарасын таңуға кеңес береді. Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге, артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем. Ол ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Тіпті, оның дәнін (ұрығын) ішек құртын түсіруде де пайдаланатын көрінеді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты - оларды бір-бірінен ажырата білу. Онан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Зиянкестермен күресудің бірнеше түрлері бар. Оларға: агротехникалық, генетикалық, механикалық, химиялық, физикалық және биологиялық күрес түрлері жатады. Соның ішінде энтомофагтардың көмегімен жүзеге асатын биологиялық күрес әдісіне тоқталатын болсақ. Биологиялық күрес әдісі - зиянкестермен күресу үшін паразиттерді, жыртқыштарды және ауру қоздырғыш организмдерді пайдалану. Табиғатта көптеген организмдердің өсіп-көбеюін басқа бір организмдер (потогендік микроорганизмдер, паразиттер, жыртқыштар) тежеп реттеп отырады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен күресудің биологиялық әдісі зиянкестерге қарсы пайдалы насекомдар, микроорганизмдер, бақаларды т. с. с., тірі организмдерді пайдалануға негізделген. Бұл тәсілдің аса құнды ерекшелігі айналадағы қоршаған ортаға ешқандай зиянын тигізбейді. Адамға, пайдалы жануарлар мен жәндіктерге әсер етпейді және зиянкестермен күрестің басқа тәсілімен салыстырғанда арзанға түседі. Биологиялық күрес үшін пайдаланылатын насекомдар зиянкестердің жаппай өсіп, көбейіп кетуіне жол бермейді, олардың мөлшерін тежеп, табиғи тепе-теңдік заңына да пайдалы әсерін тигізеді. Шаруаның егіндікке орасан зор зиян келтіретін өсімдік зиянкестерімен күресуге күші жете бермейді. Егіндікке келтірілетін шығын экономикалық факторға жатады, сондықтан да ол ауыл шаруашылық өндірісінің тұрақты дамуына өз әсерін тигізіп отырады. Қазақстанда ерекше қауіпті зиянды организмдермен күресу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен жыл сайын 3 млрдқа (25 млн АҚШ доллары) дейін қаражат бөлінеді. Соңғы алты жыл ішінде зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің пайда болуы, дамуы және таралуы 8 есе азайған. Өткен жылы зиянкестермен күрес 1, 1 млн гектар алаңда жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан егін шаруашылығын өркендетіп келе жатқан мемлекет болып табылады. Ауыл шаруашылығын дамытып мол өнім алу бағытында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Егістік өнімдерін молайтуда түрлі кедергілер алда тұрады. Солардын бірі зиянкестердің шабуылынан өнімнің ысырап болуы. Зиянкестермен күрестің көбінесе химиялық түрі жиі қолданылады. Бұл жеріміздің экологиясына, өнімнің сапасына және адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан зиянкестермен күрестің тиімді жолы биологиялық күреске мемлекет тарапынан көңіл бөлінуі маңызды мәселе болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Бақша дақылдарының түрлері мен танысып, олардың зиянкестерін анықтап және олармен биологиялық күрес тәсілдерін жүргізу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Жамбыл облысында өсірілетін бақша дақылдарынң түрлері мен танысу;
- Бақша дақыларының зиянкестерін анықтау;
- Бақа дақылдарының зиянкестерімен күрес шараларын жүргізу;
- Зиянкестерге қолданылатын материалдар және құралармен танысу;
- Бақша дақылдары зиянкестерінің таралуына ауа - райы жағдайларын бақылау;
- Биологиялық күрес түрлерінің ерекшеліктерін анықтау;
- Жамбыл облысында қолдануға болатын биологиялық күрес түрлерін жүргізу;
- Жамбыл облысы бойынша бақша дақылдарының зиянкестерінің түрлері мен тансу;
Зерттеу нысаны: Жамбыл облыс аумағында кездесетін зиянкестер: бұзау бас, құмысқа, бақша биті, өрмекші кене, қара қоңыз, кеміргіш көбелек, шыртылдақ қоңыз, жасыл бит және тағы басқалар.
Зерттеу әдістері: бақылау, салыстыру, зоологиялық әдістер.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Бақша дақылдарының зиянкестермен күресте жәндіктердің тиімділігін анықтап . . .
Практикалық маңызы: Ауыл шаруашығында зиянкестермен химиялық күрес жұмыстарын азайтып, адам денсаулығына зиянсыз өнім алу. Бақша дақылдарының түрлерін нақты анықтай білу арқасындажәндіктерді қолдан өсіріп, егістікке жіберу арқылы зиянкестерді жойып, өнімділікті артыру алға қойылса, пестициттерге көп қаржы жұмсалмай, экономикалық жағынан да тиімді болып табылады.
Әдеби деректерге шолу
Бақша дақылдарның жалпы сипаттамасы туралы Қ. Қ. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев, Н. А. Серекпаев,, Н. А. Шестакова, С. С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы», Алматы, 2011 жыл, 581 - 596 бет кітабында жазылған.
Бақша дақылдарының сипаттамасы туралы Ж. Ж. Жатқанбаев, «Биология» жоғары сатыдағы өсімдіктер биологиясы систематикасы экологиясы, ІІ том, Алматы 2009 жыл, 182 - 185 беттерінде және Ә. Ә. Әметов «Ботаника» Ы. Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясының республикалық баспа кабинеті», Алматы 2000 жыл, 412 414 беттерінде көрсетілген.
К. Аяпов, О. Үкібасов, М. Есеналиев, «Жеміс, көкөніс шаруашылығы», Фолиант баспасы, Астана 2009 жылғы және Д. Әбілов «Өсімдіктердің түрі мен көктеуі», Ы. Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2000 жылғы кітаптарында бақша дақылдарының өсіру технологиясы жазылған.
Амангелді Кәрентаев, Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналады, «Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы 1991 - 2006 жылдарда» Тараз қаласы 2006 жылғы кітабында Жамбыл облысындағы бақша дақылдарының кездесетіндігі және олардың зиянкестері туралы жазылған. Мысалы, Жамбыл облысы Республиканың оңтүстік аймағында орналасқан. Облыс 1939 жылы 14 қазанда құрылған, орталығы - Тараз қаласы. Облыс көлемінде үш қала бар: Қаратау, Жаңатас, Шу. Облыс құрамында 154 ауылдық округ бар. Жалпы жер көлемі 14, 426 млн га құрайды, оның ішінде ауылшаруашылық егістіктерге қолданылатыны 10, 1 млн. га болып табылады. Жамбыл облысы бойынша Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Сарысу, Меркі, Қордай, Т. Рысқұлов, Шу, Мойынқұм аудандарында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесінің аудандық филиалдары бар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге уақытылы ерекше қауіпті зиянды және зиянды организімдердің зияндылығын бағдарлап және дамып таралуын болжамдап отырады.
Бақша дақылдарына жататын асқабақтың биологиясы және оның зиянкестері, олармен күресу шаралары туралы Алманиязов, Д. Әбілов «Асқабақ», Алматы «Қайнар» 1971 жыл, 59 - 64 аралығында көрсетілген.
Д. Әбілов, «Помидор мен қияр өсіру», «Қайнар» баспасы, Алматы 1971 жыл.
Г. Шек «Өсімдікті зиянды жәндіктерден қорғау календары» «Қайнар» баспасы, Алматы 1971 жылғы кітабында бақша дақылдарының зиянкестері және олармен күресу шаралары туралы жазылған. Мысалы, зиянкестермен биологиялық күрес әдiсiнiң жақсы жағы олардың белгiлi бiр агроценоздардағы зиянды түрлерге таңдап әсер ететiнi болып табылады. Нәтижесiнде улыхимикаттар қажет болмай қалады, ортаның ластануын болдырмайды және пайдалы фауна - тозаңдандырушылар, жыртқыштар мен паразиттер сақталады. Биоәдiстi қолданғанда жаңа жыртқыштар мен паразит-зиянкестердi ендiру мен акклиматизациялау, жергiлiктi түрлердiң көбеюiне қолайлы жағдайлар жасау, және бақтар мен егiндiктерге зиянды жәндiктердiң жауларын өсiрiп, жiберу жүргiзiледi. Мысалы, бiздiң елде майда жарғаққанаттылар - трихограммдарды өсiредi, олардың дернәсiлдерi басқа жәндiктердiң жұмыртқасында паразиттеледi. Трихограммдарды қыстық зиянкестiң көбеюiмен күресуде жемiстi қолданды, бұл жәндiк - егiн өсiмдiктерiнiң қауiптi зиянкесi. Жапырақкемiргiш жәндiктердiң аз мөлшерi мәдени өсiмдiктерге пайдалы. Олардың қызметi жапырақ бетiн жарықтандырып, фотосинтез үшiн жарықтың түсуiн жақсартады. Аз зардап шеккенде өсiмдiктер желiнген жапырақты, жалпы өнiмдi жоғалтпай, қалыпқа келтiредi. Мәдени өсiмдiктер мен қоректенетiн жәндiктер түрi олардың саны артып, олардың қызметi өнiмдi төмендеткенде зиянкестер деп есептеледi. Бұл деңгейдi “зиянкелтiру шегi” деп атайды. Егер түр бұл шектен өтпесе, ол зиянкес деп есептелмейдi. Бiр түрге зиян, арамшөптер мүшесi, екiншiсiне әсер етпейдi. Егер таза егiндегi өнiмдi бiрлiк деп алсақ, онда өте қатты ластанған ауданда ол бидай үшiн - 0, 75, картоп үшiн - 0, 65, жүгерi - 0, 56, зығыр - 0, 42, қант қызылшасы - 0, 23, мақта үшiн - 0, 12. Сонымен, бидай - ластануға өте төзiмдi мәдени өсiмдiк. Топырақтың 10-15% арамшөптермен жабылуы бидай егiндерiнде химиялық қопару шығынын өнiмдi қосумен орнын толтырмайды және улыхимикаттарды қолданбай-ақ қоюға болады.
Б. Б. Матпаева «Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен биологиялық күрес тәсілдері», Алматы «қайнар» баспасы 1983 жылғы кітабында бақша дақылдарынмен күресте алтынкөзілерді қолдану туралы жазған. Мысалы, тор қанаттылар отряды ( neuroptera) . Тор қанаттылар негізінен ірі насекомдар қатарына жатады. Ауыз қуысы кеміргіш. Мұртшалары көп буынды. Тор тәрізді жүйкеленіп, біркелкі дамыған екі жұп қанаты бар. Сыртқы пішіні жағынан инеліктерге уқсайды. Бірақ олардан ажырату оңай. Тор қанаттылар қонып отырған кезде қанаттарын үй шатыры тәрізді етіп екі бүйіріне жинап алады. Жұмыртқалары сопақша, ақшыл, жасыл, сары түсті. Алтынкөз деп аталатын тұқымдастардың өкілдері жұмыртқаларын жіңішке сабақшаларға орналастырады. Личинкалары ұзынша, камподео тәрізді, үш жүп аяғы, бір жүп мұртшалары бар. Ауыз аппараттары түйреп сорғыш: астыңғы және үстүңгі жақтары ұзарып, орақ ұқсап иілген өте үшкір келеді де, соның арқасында жыртқыштық өмір сүреді. Личинкалары екі рет түлеп, үш жасқа толады. Қуыршақтары ашық, дамуының аяқ кезінде қозғалып жүреді. Пілләлары негізінен жұмсақ, киіз тәрізді жұмыр болады. Алтынкөзілерден тұрақты мөлшерде жұмыртқалар жинап тұру үшін алдыңғы партияның жұмыртқалау мерзімінің соңы, келесі жаңадан ұшып жатқан насекомдар партиясының жұмыртқалауға кіріскен мерзімінде дәл келуі керек. Лабораторияда қолайлы жағдай сақталса, алғашқы рет салынған жұмыртқалардан жаңа ұрпақтың ұрғашылары ұшып шыққанға дейін орта есеппен 28 күн өтеді. Сондықтан жаңа партияның жұмыртқаларын инкубациялауды алғы насекомдар партиясының жұмыртқа салуының аяқталуына бір ай қалғанда бастау керек. Алтынкөзілерді жаппай өсіріп - өндіру белгілі бір уақыттың ішінде қайталанып, үздіксіз жүріп отыратын өндірістік процесс болуға тиіс. Ол уақыттың жалпы ұзақтығы 13 аптаға созылып, негізінен екі кезеңнен тұрады: 1 - кезең - жыртқыштардың жұмыртқалауға кіріскен күнінен бастап, олардан ұшып шыққан ересек насекомдардың жұмыртқалауына дейін; 2 кезең - энтомофагтардың жаппай жұмыртқалауы және оларды жинау.
Зиянкестер және олармен кұрес шараларын жүргізу туралы Х. Қ. Торыбаев, Б. Б. Бектұрғанов «Ауылшаруашылық зиянкес насекомдар атаулары», Алматы 2010 жылғы және Х. Торыбаев, Н. Ашықбаев «Өсімдік карантині» Алматы 2007 жыл, 126 беттерінде көрсетілген.
І Жамбыл облысында өсірілетін бақша дақылдарының биологиясы
Жамбыл облысы Республиканың оңтүстік аймағында орналасқан. Облыс 1939 жылы 14 қазанда құрылған, орталығы - Тараз қаласы. Облыс көлемінде үш қала бар: Қаратау, Жаңатас, Шу. Облыс құрамында 154 ауылдық округ бар. Жалпы жер көлемі 14, 426 млн га құрайды, оның ішінде ауылшаруашылық егістіктерге қолданылатыны 10, 1 млн. га болып табылады.
Жамбыл облысы аудан орталықтарының тізімі.
Кесте -1
Қызмет көрсететін
аудандар
Орталық аттары
аттары
Жамбыл облысы 4 агроклиматтық белдеуге орналасқан:
1) орташа құрғақ және орташа ыстық;
2) тау бөктеріндегі құрғақ ыстық белдеу;
3) өте ыстық құрғақ дала белдеуі;
4) ыстық құрғақ белдеуі.
Жамбыл облысы бойынша Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Сарысу, Меркі, Қордай, Т. Рысқұлов, Шу, Мойынқұм аудандарында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесінің аудандық филиалдары бар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге уақытылы ерекше қауіпті зиянды және зиянды организімдердің зияндылығын бағдарлап және дамып таралуын болжамдап отырады. [1]
Штаттық кестеге сәйкес облыстық филиалда 12 жұмыскер, аудандық филиалдарда 69 жұмыскер жұмыс атқарады. Биылғы жылы карантиндік нысандарды анықтау үшін жазғы маусымда 12 жұмыскер маусымдық жұмысқа анықтаушы алынды. Барлық филиалдар керекті құрал-жабдықтармен қамтамассыз етілген (арнайы автокөлік, компьютер жүйесі, оргтехника, байланыс, лабараториялық құралдар) .
Облыс аумағында 2011 жылдың қыркүйек айының бірінші жұлдызына 12470 агроқұрылым, оның ішінде 12244 шаруа қожалығы тіркелген. Аталған құрылымдарда 81 зиянкестер, 75 аурулары, 108 арамшөптің түрлерінің зияндылығы тіркелген. Облыстың 11 әр-түрлі табиғи белдеуге орналасқан тұрақты шаруашылықтарында (стационарные хозяйства) ауыл шаруашылық дақылдарының облыста кездесетін барлық түрлеріне фенологиялық бақылау жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес өнім өндірушілерге хабарлама беріледі. Хабарламалар міндетті түрде ауылшаруашылық министрлігінің аумақтық басқармасының бастығына, облыстық ауыл шаруашылық департаментінің бастығына, ауылдық әкімдерге жеткізіліп тұрады. Жыл басынан бері облыстық, аудандық басылымдарда 48 мақала басылып, 325 объект бойынша 3156 дана сигналдық хабарлама (зиянды организмдерге, ауруларға, арамшөптерге) берілді. [1 - 10]
Жамбыл облыстық филиалдарының стационарлық шаруашылықтарының тізімі.
Кесте -2
Қызмет көрсететін
аудандар
Шаруашылық
аттары
«Гогосян» ш/қ
Мемлекеттік сорт. уч.
Ш/Қ «Ескандіров»
«Қызыл-Дихан»
ЖШС «Орталық»
«Орақ балға» ш/қ
ЖШС«Ноғайбай»
ЖШС Сарыбұлақ
ЖШС «Талапты» «Қызылгур» ш/қ
«Жылы бұлақ» ЖШС
«Сыпатай батыр» ЖШС
«Абай» ш/қ
«Қайнар-Агро» ЖШС
«Белбасар-Шу» ЖШС
«Кербұлақ-3» ЖШС
Биылғы жылы 1511, 8 мың гектар егістік алқапқа зерттеу жұмыстары жүргізілді оның ішінде ерекше қауіптілерге мониторингтік бақылау бойыншы және зиянды зиянкестерге 737, 715 мың га, аса қауіпті және зиянды ауруларға 300, 0 мың га, систематикалық бақылау бойынша 3 507, 8мың га, арамшөптерге 179, 959 мың га.
Облыстағы ауыл шаруашылығына байланысты мекемелердің барлығына 2011 жылы ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері мен ауруларының таралуы мен дамуына шолу және 2012 жылға болжам таратылды. [12 -13]
- Қиярдың биологиясы
Қиардың морфологиялық - ботаникалық белгілері. Тамыр жүйесі. Тұқымдары егіліп, тұқым жарнақтары топырақ бетіне шығып болғанша тамыр жүйелері қалыптасады. Осы тамыр жүйелері тігінен және жан - жағына көптеп таралып, топырақ қабатына жайылып өсе бастайды. Негізгі бастапқы тамыры 1 метрге дейін болады, осы тік тамырдан жайылып таралған көптеген жанама тамырлары топырақтаң физиологиялық функцясы қоректік қажеті ерітінділерді көптеген ұсақ тамырша түрлерімен өзіне сорып, топырақ бетіндегі вегетативтік және генеративтік мүшелерін . [15 - 16]
Егістік жерде және парник ішінде себілген тұқымдардың тамыры алғашқы тұқым жарнағы тегіс шыққаннан кейін анықталды. Ал топырақ ішіне таралып өскен жас тамырлар 5 - 7 см тереңдікте келбей жайлып өсетіні байқалды. Топырақ ішіндегі тамыр мен лаборотория жағдайында өсірілген тамыр саны да ұзындығы да бірдей болмайды. Егістік жерде өскен тамыр саны артық болғанмен, ұзындығы қысқа болады. Атап айтқанда егістік жердегі тамыр саны лабораториядағыдан 4 - 6 түйір артық өскенмен, ұзындығы 0, 9 - 1, 1 см қысқа болады. Бұл кезде шыққан тамырлар бойындағы 4 - 5 майда тамыр талшықтарының ұзындығы 0, 3 - 0, 4 см еді. Қияр тұқымының жарнағы егістік жерде көктеп шыққан кезде бастап, тамырдың өсуі үшін, егістік жердің топырағы бос, борпылдақ болуы керек. Егістік жерге тұқым себілгенде топырақ ылғалды жеткілікті болғаны дұрыс. Қияр тұқымының жарнағы егістік жерге көктеп шыққан кезден бастап, тамырдың өсуі үшін, егістік жердің топырағы бос, борпылдақ болуы керек. Егістік жерге тұқым себілгенде топырақ ылғалды жеткілікті болғаны дұрыс. Қияр сорттарның топырақ ішіндегі тамыры мен жер бетіндегі мүшелерінің ойдағыдай өсіп, дамуы үшін органикалық, минералдық тыңайтқышты тиісті мөлшерде және дер кезінде қолданып отыру керек. Мәселен, бір гектар жерге үшінші категориядағы көңнен 10 тонна және 80 кг минералдық тыңайтқыш беліген жерге, сондай - ақ үшінші категориядағы көңнен және жерде қиярдан мол өнім алуға болатыны анықталды. [17]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz