Педагогика саласы бойынша мақалалар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі заманғы отбасы

Құрманбаева. Б № 78 орта мектеп педагог-психолог, Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, Сарыбұлақ ауылы
Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды. Сол өзгерістер туғызған соңғы жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Бала тәрбиесінің өзекті проблемаларын шешуге тәрбиенің уақыты өткен әдістерін ауыстыратын, тәрбиенің жаңа технологияларын қолданудың қажеттігі, ел ертеңі, ұлт болашағы үшін этнопедагогика мен этнопсихология ілімдерінің жетістігін әр отбасының тәрбие құралына айналдыру-бүгінгі күннің сұранысы. Алайда, соңғы уақытта еліміздегі нарықтық экономиканы қарқынына ілесу қиыншылығынан, көптеген отбасыларында бала тәрбиесі әлсіреп, тіпті ерікіз қолдан шығып, орны толмас олқылықтарға келіп соғуда. Ата-ана өз міндетін орындау барысында жіберілген кемшілігін қоғамға, білім беру мекемелеріндегі мұғалімдерге арта бастады. Кейінгі уақытта ата-аналар қауымының абыржы, өз балаларын тәрбиелеуде «бара жатқанның балтасын ал, келе жатқанның кетпенін ал» деген ұстанымды ұстанып, қандай жолмен болсада ақша табуға ұмтылуы, от басы тәрбиесінің құны төмендеуі ата-ана үлгісмінің әлсіреуімен, ұлттық құндылықтарды ата-аналардың нашар білуі, жастар арасындағы адамгершілік, ізгілік, мейірім, ар-ұят, қанағат, намыс секілді құндылықтардың бағаланбауы етек алуда. Біздің қазақта «Кісілік » деген ұғым бар. Кісілік-әр адамның әлеуметтік ортадағы бет- келбеті. Адамның жасаған іс- әрекетімен, мінез- құлқы, ар ожданның өлшемі. Ал, ол кісіліктен айрылған ата-анадан қандай ұрпақ күтуге болады.

Сонымен бірге қазіргі заман отбасы құрылымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны кем бола түсуде. Қоғамдағы әлеуметтік - мәдени, экономикалық жаңарулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік ақпарат алмасуы, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етіп отыр. Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкенді «Апа, аға» деп сыйлау дәстүрі жоғалмағанымен әлсіреп барады. Сондай-ақ, отбасын асыраушы әке жауапкершілігі әлсіреп, ана жауапкершілігі арта түскендей. Мәселен, қазіргі заман отбасы тәрбиесіне кері әсер бірнеше факторларды қарастырып өтейік.



Жасөспірімдер үлкендердің ақылын тыңдамауы қазіргі кездегі әртүрлі интернет арқылы барлық нәрсені білемін деп ойлауынан.

Бала психолгиясына теледидардағы көрсетілетін қатыгездік, қаталдық, жағымсыз фильмдер қатты әсер етеді. Мультфильмдер, экрандағы күш көрсетулер балалардың мінезіне агрессия пайда болуына әкеп соғады. Бала ойын кезінде осы істегендерін қайталағысы келеді. Агрессия қауіпті жағдайда адамға бейімдеу мен қорғанудан басталады. Бала тәртібі өзіне көңіл бөлгізуге тырысуы өкпеге қарсы қимыл жасауынан өзіне назар аудару үшін, кек қайтару үшін сәтсіздіктен қашуды байқайды. Егер баланы үнемі сынап отырса ол жек көріп өседі, егер кінәләсә ол өзін кінәлі сезініп өседі мысқылдап отырса ол тұйықталады.

Еш уақытта баланы салыстыруға болмайды. Бұл жерде ең басты нәрсе жетістік емес сәттілік ішкі сезім бостандығы, қимылдан мимикадан бөлінеді. Балаға мынадай психологиялық кеңес беріледі. Егер балаңыз агрессиясыз өссін десіңіз.

-Өз проблемаңызды балаға артпаңыз

-Егер ашулы болсаңыз онымен қарым-қатынаста аулақ болыңыз

-Егер бала сіз айтқан ережеге сай көнгісі келмесе, күштемеңіз

-Күш көрсету-түзеу орнына бала қарсылығын арттыра түседі.

-Мәселені өзіңіз жеке емес, баламен бірігіп шешіңіз

-Егер бала сізбен араласуды қош көрмесе, күшпен көндірмеңіз.

Балаңыз байсалды, сабырлы болып өссін десеңіз, оған ылғи көңіл бөліңіз, жақсы қылығы үшін мақтап, қиын ситуация кезінде көмек көрсету қажет. Әр табысын дәріптеп, мақтап отырыңыз. Ұлы ұстаз В. А. Сухомлинский тілімен айтқанда тәрбиені мұғалім ең қарапайым нәрседен бастауы керек. Балаларға дұрыс өсуі үшін сүйіспеншілік, біз үшін, үлкендер үшін өзінің қажетті бағалы екенін сезіну керек.

Әрбір оқушының жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білі үшін сынып жетекшісі тек қана оның күшті және әлсіз жақтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар оның барлық жақтарын жан-жақты білу қажет. Ол үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы ата-аналармен тығыз байланыста болу керек, әңгімелесу, ата-аналар жиналысы, анкеталық сұрақтар қою, ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімдерінің деңгейімен танысу. Бұл мақсаттарға жету үшін мына тақырыптарда әңгіме жүргізуге болады.

«Мен қандаймын?», «Мен кіммін?», «Өзіңді таны және жетілдір!», «Жалқаулықпен қалай күресуге болады?» дөңгелек стол, диспут, т ренингтер өту қажет. Ежелден келе жатқан қағида-адам бойындағы қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдың алар орны ерекше.

Отбасының рухани тірегі-ата-ана. Кейде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой-өрісі шамалары жетпейтін ата-аналар да кездесіп жатады.

Баланың тұрақты, жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптасуы үшін мына шарттар орындауға болады.

1. Баланың өз қолынан келетін іске ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз

қолынан келетін іске ғана ата-ана көмек берсе.

2. Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны

шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ, қорқақ

етеді. Ал тізгінсіз қоя берсе, оның бар айтқанын орындаса баланы байбастық, ессіз, тентек

етіп шығарады.

Соңғы кездегі статистикалық мәліметтерге сүйенсек балалардың теріс қылықтар мен жаман әдеттерге құмартуы күннен- күнге артуда . Кейбір ата-аналардың өз ұрпақ тәрбиесіне жауапсыздықпен қарауын, тіпті ұл-қызынан безген безбүйректердің өз міндеттерін қоғамға жүктеу салдарынан пайда болған «тәрбиесі қиын» балалар проблемасы-мәселе болып отыр. Қазіргі кездегі бала психологиясына әсер ететін аспектілер мыналар:

Дифференция (қоғамның әлеуметтік бөлінуі:бай мен кедей және т. б) ;
Әлеуметтік психологиялық қиындықтар (адамның шаршауы, өмірден түңілуі, өз-өзіне қол жұмсауы, т. б) ;
Дизорентация (отбасындағы адамның өміріне бейімделе алмауы) ;
4. Өзін-өзі қорғау құқығының төмен болуы;

5. Әлеуметтік психологиялық бөлімнің төмендегі (компромиска баруы, адамдармен дұрыс

қатынас жасай алмауы)

Отбасылық ажырасудың көбеюі
Ішімдікке салынуы;
Мәдени және рухани жағынан төмендеуі.
Қорытынды ретінде айтарымыз адам баласын тәрбиелеуде қазіргі таңда қолға алынып отырған психодиагностика, психокоррекция, психологиялық ағартушылық бағыттағы жұмыстарын жүйелі түрде негізге алу арқылы ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс жүргізуде де ата-аналардың өзінің де қосары деп есептейміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Жантану оқулығы. Алматы 2008 жыл
Қазақтың психологиялық ой-пікірлері Алматы 2006 ж
Қазақтың психологиялық ой-пікірлері Алматы 2006 ж№10
Этнопсихология ұлт тәрбиесінің өзегі Алматы 2005 ж
Ақылдың кенті Ана тілі Алматы 2008 ж
Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. Алматы 2006ж
Ж. Аймауытов Жалпы психология
Мектептегі психология Алматы 2010 №1
Мектептегі психология Алматы 2009 №2
Мектептегі психология №6 Алматы 2009ж


Білім беру жүйесінде ақпараттық технологияны қолданудың маңызы

Иманалиева Гүлмира, Аудандық оқушылар үйі.

Информатика үйірмесінің жетекшісі, Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті

Біз жаңа мыңжылдыққа, ақпараттандыру ғасырына аяқ бастық. Бұл - алдыңғы қатарлы елдер қатарында табиғи байлығы мен шығарған өнімі мол елдер емес, ғылымға негізделген техникасы дамыған, жастары білімді елдер тұратынын білдіреді. Ќазіргі кезде ең бағалы тауар - ақпарат болып саналады. Сондықтан қай елдің тұрғындары ақпарат алуға кең мүмкіндік алса, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны пайдаланып терең білім алса сол ел алдыңғы қатарлы болып саналмақ. Елдің болашағы осы мүмкіндікті қалай пайдаланып, қоғамды ақпаттандыруды қалай жүзеге асыруда болмақ. Оның жолдарының бірі білім алуды ақпараттандыру болып саналады. Алдарына өресі мол мақсаттар қойып, соған жетуде ғылым мен техниканың қазіргі замандағы озық үлгілерін пайдаланып, әлемдік ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды қажетіне жарата білуі керек. Бұл тұрғыда мектепте компьютерлік технологияны кеңінен пайдаланудың маңызы ерекше.

Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Бұл ақпараттарды білімге айналдырудың көптеген педагогикалық технологиялары да жетерлік. Соның ішінде компьютерлік технологияны қоладнудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы, оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс істеуді игеруімен тығыз байланыстыЕгер оқыту процесінде компьютер қолданылса, ол өзінің диалогты жұмыс істеуімен оқушыны белсенді жұмыс істеуге итермелейді және жұмыс нәтижесін бақылай алады Компьютерлік оқыту бағдарламалары жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаларда оқушы деңгейіне байланысты теориялық материалдар, сұрақтар мен есептер, сонымен қатар бағыт беруші мағлұматтар мен анықтамалар беріліп, оқушының толыққанды білім алуы мен білім мен біліктілік деңгейін көтеруді жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар оқушының ой - өрісін дамыту мақсатында деңгейі қиындатылған материалдар мен логикалық есептер, оқушының шығармашылығы мен интуициясын есепке алатын творчестволық тапсырмалар оқытуды онан әрі қызықты да мазмұнды ете түседі. Компьютердің осы мүмкіндіктерін оқыту процесінде пайдалану дара тұлғаны қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

Ақпараттық технологияның ерекшеліктерін атай келе, осы технологияны меңгерудегі мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ақпараттық технологияны дұрыс және ұтымды пайдалана білуі басты мәселе болып саналады. Ақпараттық технология қана білім мен тәрбие беру процесіндегі мұғалімнің қосымша құралы ретінде ғана қолданылады. “Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет”- деп ел Президенті атап көрсеткендей, орыс мектептерінде қазақ тілінен ақпаратты-қатынастық технологияларды қолдана отырып сабақ беру - жаңа білім берудің бірден-бір шарты .

Қазақ тілін оқытудағы жалпы мақсат - оқушыларға ана тіліміздің ғасырлар бойғы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсем өрнегін, лексикалық байлығын таныту, қазақ тілінің қуатын, құдіретін, шешендігін жас ұрпақтың бойына дарыту, ана тілімізді қуатты әдеби тіл қатарынан түсірмей, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру ісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу міндетін қояды. Білім мазмұнын жүзеге асыру үшін дәстүрлі оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерін түбегейлі өзгерту негізгі мәселенің бірі болады. Бірақ ақпараттық технологияларды дамыту мен оларды пайдалану тек алдыңғы қатарлы техникалық деңгейді талап етіп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдануға қажет білім мен оны қолдану аясын, яғни қоғамның интеллектуалдық (зерделік) потенциалы болуын керек етеді. Мұндай талап алдымен білім беру жүйесін күшейтуді қажет етіп, оның қоғамдағы рөлін міндетті түрде жоғары дәрежеге көтереді.

Оқыту үрдісіндегі оқушының белсенділігі дидактиканың негізгі талаптарының біріне саналады. Оқушылардың мұндай белсенділігі мақсатты бағытталған басқарушылық педагогикалық іс-әрекеттердің және сабақтарда қолданылатын педагогикалық технологиялардың тікелей салдарынан келіп туындайды. Оқушы оқып үйренетін материалды жақсы және барынша терең түсінеді және алған білімі неғұрлым ұзақ уақыт жадында қалады. Оқушы, мұғалім және АҚТ сызба түрінде кескіндесек:


Оқушы АҚТ Мұғалім

Білім қорын жинаушы Ұйымдастырушы

Өз бетімен әрекеттенуші Саралаушы

Кеңесші

Өңдеуші

Ақпаратты-қатынастық технология көптеген оқу бағдарламаларының тууына, дамуына ықпал етеді. Қазақ тілін және қазақ әдебиетін оқыту - оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі. Оқушыларға алтын уақытыңды орынды пайдаланып, оларға тың мағұлмат, тың дүние беру - жаңа технологиялардың, АҚТ - дың жетістігі. Сабақтарда аталған технологияларды қолдану диапазоны шексіз және және мұғалімнің арнайы дайындығын қажет етеді. Мысалы, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуда мультимедиа бағдарламасы тыңдау арқылы мәнерлеп оқытуды, эстетикалық тәрбиені қалыптастырып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерінің дамуына да молынан әсерін тигізеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті жайында
Көркемдік білім туралы түсінік
Қазақстандағы сауатсыздықты жою мәселесі
Қазақ тіл білімінің морфология саласы
Салыстырмалы педагогиканың функциялары мен міндеттері
Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер дамуының бастапқы кезеңі
Этнопедагогикалық білімдер
Мектепке дейінгі педагогика
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz