Экстремизммен күресу жолдары


Экстремизммен күресу жолдары.
Әр халықтың қайталанбас, тек өзіне ғана тән дәстүрлері, тарихы, ойлау қабілеті бар. Әркім адамзаттық сан әуезді рухани мәдениетіне өзінің айрықша әуенін қосады.
Біз 2003 жылдан бастап әр үш жыл сайын «әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін» өткізіп келеміз.
Барлық әлемдік, дәстүрлі-ұлтттық діндер үшін ортақ болып табылатын ізгілік қағидаттарының өшпес өзектілігібіздің бәріміз үшін барған сайын айқын бола түсуде. Келіңіздер, сол съезде түрлі тілде естілген және түрлі дін қайраткерлері айтқан ақиқаттарды еске түсірейікші:
- «барша адамға ортақ болмыс бір ғана Хаққа бастайды» - ислам өкілінің сөзінен;
- «біздің ортақ бабамыз - Ыбырайым» - иудаизмнен;
- «өз жақыныңды өлтірме» - деді буддизм өкілі;
- «өзіңмен және табиғатпен үйлесім арқылы бейбітшілік пен келісімде бол» - Дао дінінен;
- «өзге адам басқа дінді ұстанушы немесе тіпті діндар болмаса да, оған көмектес» - деді православиелік христиандар;
- «бейбітшілік - Құдайдың сыйы, біздің кездесуіміз де Құдайдың сыйы секілді» - деп атап өтті Ватиканның дін қызметшісі.
Яғни біз барлық конфессиялар дін арқылы бейбітшілікті, төзімділікті, шыдамдылықты, келісім мен адам сүйгіштікті уағыздайтынына тағы да бір көз жеткіздік.
Тек қана әр алуандылыққа, көпұлттылыққа, көпдінділікке негізделген бірлік формуласы ғана дұрыс.
Ешкімнен кем түспейтін терең әрі елеулі тарихы, өз нышаны мен ділі бар басқа да өркениеттердің, мәдениеттердің, діндердің бар екенін ұғыну жіне мұнымен санасу қажет.
Тек қана төзімділік пен серіктестік арқылы біз лаңкестікке қарсы күресе аламыз.
Біріншіден, экстремистік әрекеттер рухани азғындықтан туындап жатыр. Өз ұлтымыздың қаракөздері өзге ағымдар жетегіне еріп, өзіміздің өзегімізден теуіп жатыр. Мұның басты себептерінің сол жастарда бірі ұлттық патриотизмның жоқтығы, рухани жұтаңдық, рухани байлықтың жоқтығынан. Адамзатты басқа бүкіл тіршілік иелерінен ажыратып тұратын нәрсе -руханият. Ал халықтың рухани болмысын қалыптастыруда бірінші кезекте, діннің рөлі үлкен. Сол үшін дәстүрлі ислам дінімізді кеңінен насихаттауымыз қажет.
Экстремистік әрекеттер дінді терең түсінбегендіктен, яғни діни білімнің аздығынан. Діни және дінтанулық білім беруді мешіт пен медреселерге, шіркеулер мен діни оқу орындарына ысырып қоймауымыз керек. Қазақ халқымызда, «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Біз дінтанулық білім беруді жас буындардан, яғни орта мектептерден бастап діни білімді тереңдетуіміз қажет.
Қазіргі күнде орта ммектептерде 9-сыныптарда дінтану пәні тек қосымша пән ретінде ғана оқытылуда. Әрине бұл өте аз. Тіпті кейбір мектептерде бұл пән оқытылмайтын болып шықты. Себебі бұны оқытатын кәсіби мамандар мен оқулық жетіспей жатыр.
Дін - руханияттың, мәдениеттің бір бөлшегі және оның қозғаушы күші. Сонымен қатар тіл мен тарих та руханиятымыздың бір бөлшегі. Сондықтан руханиятымыз толығу үшін орта мектептерде дінтану пәнін 5-сыныптан бастап оқытуды жүзеге асыруымыз керек. Уақыт өте келе сапалы мамандар мен оқулықтар жеткілікті дәрежеге жеткенде дінтанулық білім беруді бастауыш сыныптардан бастап оқытуға тиіспіз.
Кешегі атейзмнің желі есіп тұрған Кеңес үкіметі кезінде де «Оқы, оқы және оқы» деп, мектептерде Құран сөзін ту етіп ұстады. Әрине ол кезде ол сөздің Құраннан алынғанын ешкім біле қойған жоқ. Бірақ сол кездің өзінде Құран аяаттары ұран етіліп айтылған болса, бүгін тәуелсіз ел болдық, енді неге мектептерімізге исламтану сабақтарын енгізбеске.
Екіншіден, әрине рухани байлық тек дінмен ғана шектелмейді. Қазақ халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан, тереңдерде жатқан тарихы, қайталанбас бай мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет ғұрыптары бар. Біз өзіміздің ұлттық дәстүрімізді кеңінен насихаттауға тиіспіз. Әр ұлтты өзге ұлттан ерекшелеп тұратын құрал бұл - өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері. Ислам діні шариғатқа қайшы келмейтін салт-дәстүрге қарсы емес. Сондықтан терең мәдениетімізді, бай салт-дәстүрімізді дәстүрлі ислам дінімізбен ұштастырып насихаттауға міндеттіміз.
Шындығына келгенде, қазақ халқымыздың мәдениеті ислам дінімен біте қайнаған, ислам діні шариғаты негізіндегі қалыптасқан десек қате айтпаған боламыз. Сол бай мәдениетімізді кітап бетінде ғана қалдырмай ғаламтор беттерінде, көгілдір экран беттерінде, сонымен қатар БАҚ-та кеңінен көрсетілуі тиіс.
Еже Шацкий былай дейді: «Ағашқа тамыр қандай керек болса, дәстүр де халыққа солай керек, онсыз халық халық емес, жай тобыр ғана»
Антон Салмин: «Халықтың өмір сүруінің ұзақтығы оның діни мәдениетінің өмір сүру ұзақтығынамен тең. Дәстүр жоғалса - дін де жоғалады, ал өз діні мен мәдениеті болмаған халық тарих сахнасынан кетеді» - деген.
Елімізде тұратын халықтың жетпіс пайызы - мұсылмандар. Олар Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады. Онда жергілікті халықтың шариғатқа қайшы келмейтін әдет-ғұрпы қуатталады. Өз мәзһабымыздан айнымай, ұлттық озық әдет-ғұрпымызды сақтай отырып, өркениетті жолмен дінімізді көркейту - бүгінгінің басты міндеті. Олай болса, үнқатысу, діндер, ұлттар мен ұлысаралық сыйластыққа кең жол аша отырып, өз дініміз - исламның беделін көтеру, насихаттау, абыройын арттыру сынды мұраттарды дәстүрлі діндер съезі сынды жиындардың темірқазығы ету ләзім.
Үшіншіден, ұлы даламызды мекендеген ұлы тұлғалардың еңбектерін де біз кеңінен насихаттауға міндеттіміз. Әуелі Әбу Ханифа мәзһабына қатысты нақты ғылыми базалар әзірлеу керек. Қазақ елінің мың жылдар бойы осы бағытты ұстанғанын дәлелдеуі керек. Біздің қазақ дала жұлдыздары атанған Әбу Насыр әл-Фараби, Ж. Баласағұни, Қ. А. Ясауи, А. Құнанбайұлы, М. Ж. Көпейұлы, Ш. Құдайбердіұлы, әт-Таразилар тек біздің ғана емес мың жылдар бойы күллі Ислам әлеміне жұлдыз болғанында дау жоқ. Ендеше біз солардың аттарын, қолжазбаларын тауып оны қазақ тіліне аударып мектеп пен жоғарғы оқу орындарына енгізіуіміз қажет. Оны діни мәселелердің фәтуасын беретін және соны халықтың мойындайтын деңгейге көтеру керек.
Әрине ол еңбектерді кітап сөрелерінде қалдырмай, оңтайлы пайдалануымыз керек. Оқулық ретінде басып шығарылып, орта мектептерге пән ретінде енгізуді қолға алуымыз қажет.
ХХІ ғасыр қарулы қақтығыстар ғасыры емес, білім мен ғылымның, техника мен технологияның бәсекелестік ғасыры. Біз жастар арасындағы экстремизмнің алдын терең дінтанулық білім беру арқылы ала аламыз. Рухани бай мәдениеттен сусындап өскен жас білімді ұрпақтың теріс әрекетке бармайтындығы анық.
Төртіншіден, экстремистік әрекеттер тек ислам діні үшін қауіпті болып тұрған жоқ. Экстремизм өзге де әлемдік және ұлттық діндер үшін қауіпті болып тұр. Сондықтан барлық әлімдік және ұлттық діндердегі ортақ құндылықтар бейбітшілік, төзімділік, бірлік пен ынтымақ, адалдық пен достық, тыныштықты насихаттайтынын ұғындыруымыз қажет. Ұлт пен өзге ұлттың, дін мен өзге діннің өкілі бір-біріне жау емес, қайта дос, туыс екендігін түсіндіруге тиіспіз.
Ешбір діндердің негізінде лаңкестік, экстремистік, террорлық әрекеттер жоқ екендігін насихаттауымыз керек. Діни насихаттағы ең басты күшіміздің бірі БАҚ. Оның ішінде телеарналар. Телеарналарда Жапонның хандар тарихи, Корея мәдениеті, Түркияның дінсіз режиссер түсірген тіпті балапандарға арналған Қытайдың мәдениеті мен тілін ашықтан ашық үйреткен мултьфилмдер мен телесериялдар көрсетіліп, жас ұрпақтың күннен күнге діннен де өз тарихынан да аластатылуға жағдай жасалады, ал дін мен ділге жақсы жағдай жасалмайды. Олардың басым көпшілігі діни насихатты емес, көбінесе өз беделін көтеру мақсатымен тек діни шиеленістерді ғана елге көрсетеді.
Атақты тарихшы Л. Гумилев: «Бір халықты идеологиялық тұрғыда жаулап алу, қару қолданып, күш жұмсаудан арзан, әрі анағұрлым тиімді» - екенін айтқан. Осы күні алпауыт мемлекеттер әскери күшпен жаулап алудан гөрі ұлтты пассивтендіру (самарқауландыру) әдісін де кең қолдануда. Қазір болып жатқан дәуір идеологиялық күрес дәуірі, саяси тактикалар дәуірі. Оның нақты айғақтары - біз жоғарыда атап өткен нәрселер. Тұтас бір халықтың ішіне іріткі салу, халқын фатализмге сүйреу.
Бесіншіден, «ақтың ақ екенін білмейсің, егер қара түстің не екенін білмесең» - демекші, дәстүрлі және ұлттық діндерді дәстүрлі емес діндерден ажырата алатындай дінтанулық білім берілуі керек. Ол үшін біз жоғарыда санамалап өткен жолдардың мемлекеттік бағдарламасы жасалуы тиіс. Бір жағынан осылай насихат жасалса екінші жағынан елдегі діни ағымдардың, әсіресе соның ішінде христиан миссионерлерін ел ішіндегі іс-әрекеттерін тоқтатуға да күш салуымыз қажет. Проваслиялық шіркеуді де осыған шақыру қажет. Олардың бәрі адал жолмен емес адамдарды арбаумен, дүниемен т. б. жолдармен өздеріне тартуда. Осылардың осы арам қылықтарын әшкерелеп елге таныту қажет.
Алтыншыдан, Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз «мен тәртіпті тәртіпсіз адамдардың іс-әрекеттерінен сабақ алу арқылы үйрендім» - деген екен. Сол сияқты экстремистік әрекет жасаған адамдардың ісінің соңы неге әкелеп соғатынын, сонымен қатар дәстүр мен дінді ұштастырып ұстап жүрген қоғамдағы беделді тұлғалардың өмірімен салыстыра отырып бағдарламалар жүзеге асырылу керек. Яғни қоғамдағы беделді тұлғалар, өнер жұлдыздары мен спортшылар, ғалымдар мен кәсіпкерлерді, шенеуніктердің өмірінде дәстүрлі дінді ұстанатыны жайлы бағдарлама керек-ақ.
Елбасы дәстүрлі дініміздің жағдайына тоқтала келе, бүгінде біздің халқымыз үшін экстремизм, радикализм, фундаментализм, терроризм сынды сұмдық мәселелер және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұрғанын қадап айтты . «Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз» екендігін алға тартты. Сондай-ақ, «Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек» деп ескертті.
Осы тұста қоғам қайраткері, белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбековтің «Дін ұстай білсең - қасиетің, ұстай білмесең - қасіретің» деген мәні мен мазмұны терең өсиеті еске түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz