Геология пәні, оның міндеттері және геологиялық ғылымдар саласы



I. Кіріспе
1.Геология пәні, оның міндеттері және геологиялық
ғылымдар саласы.
2. Геологияның даму тарихы туралы қысқаша
мәліметтер.
II. Негізгі бөлім
1. Геологиялық зерттеу әдістері.
III. Қорытынды
1. Геологияның халық шаруашылығындағы маңызы.
Жер туралы ғылым (грекше «гео» — жер, «логос» —ғылым). Жер планетасы ғарыш әлемінде белгілі бір орнымен анықталатын, өзіндік физикалық және химиялық қасиеттерінін. ерекшеліктерімен сипат:-талатын, әр уақытта дамып, өзгеріп отыратын күрделі дене.
Жерді зйрттейтің ғылымдардың қатарына геология-мен қатар астрономия, физикалық география, геофизика,. геохимия жәнс т. б. ғылым салаларын да жатқызуға болады. Олардың әрқайсысының өзіндік зерттеу әдістері мен ғылыми мақсаттары бар. Олар жерді әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастырады.
Астрономия — жерді ғарыш кеңістігінде кездесетін планеталардың бірі ретінде қарастыра отырып, оның жаратылысын, құрылымын және қозғалыс заңдылыктарын зерттейді.
Физикалық география — жердің сыртқы пішіні мен жалпы мөлшерін, жер бедерінің басты элементтерін және климат жағдайының ерекшеліктерін зерттейді.
Геофизика — жерді құрайтын тау жыныстарының физикалық қасиетін және оның терең ішкі қабаттарында тоқтаусыз жүріп жатқан физикалық процестердің ерек-шеліктерін қарастырады.
Геохимия — жер қойнауында кездесетін әр түрлі химиялық элементтердің орналасу немесе таралу (бір жерге жинақталып шоғырлануын немесе сейіліп орын ауыс-тыруын) зандылықтарын зерттейді.
Геология — жер қыртысының құрамы мен құрылысын және оның терең қойнауында жүріп жатқан эндогендік процестердің өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып, жердің өткен тарихын қалпына келтіру
1. Н. Тұяқбаев Жалпы геология курсы. Алматы «Білім»1993ж.
2. К. Арыстанов Геология Алматы «Білім»1993ж.
3. Б. Әбішев Гелолгия курсы. Алматы «Білім»1993ж.

Геология пәні, оның міндеттері және геологиялық ғылымдар саласы

— Жер туралы ғылым (грекше гео — жер, логос —ғылым). Жер планетасы
ғарыш әлемінде белгілі бір орнымен анықталатын, өзіндік физикалық және
химиялық қасиеттерінін. ерекшеліктерімен сипат:-талатын, әр уақытта дамып,
өзгеріп отыратын күрделі дене.
Жерді зйрттейтің ғылымдардың қатарына геология-мен қатар астрономия,
физикалық география, геофизика,. геохимия жәнс т. б. ғылым салаларын да
жатқызуға болады. Олардың әрқайсысының өзіндік зерттеу әдістері мен ғылыми
мақсаттары бар. Олар жерді әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастырады.
Астрономия — жерді ғарыш кеңістігінде кездесетін планеталардың бірі
ретінде қарастыра отырып, оның жаратылысын, құрылымын және қозғалыс
заңдылыктарын зерттейді.
Физикалық география — жердің сыртқы пішіні мен жалпы мөлшерін, жер
бедерінің басты элементтерін және климат жағдайының ерекшеліктерін
зерттейді.
Геофизика — жерді құрайтын тау жыныстарының физикалық қасиетін және
оның терең ішкі қабаттарында тоқтаусыз жүріп жатқан физикалық процестердің
ерек-шеліктерін қарастырады.
Геохимия — жер қойнауында кездесетін әр түрлі химиялық элементтердің
орналасу немесе таралу (бір жерге жинақталып шоғырлануын немесе сейіліп
орын ауыс-тыруын) зандылықтарын зерттейді.
Геология — жер қыртысының құрамы мен құрылысын және оның терең
қойнауында жүріп жатқан эндогендік процестердің өзіндік ерекшеліктерін
зерттей отырып, жердің өткен тарихын қалпына келтіру
(реконетрукция арқылы, оның даму заңдылықтарын анықтай- Қысқаша айтқанда,
геология жердін, жаратылы- құрылысын, құрамын және оның эволюциялық дамуын
зерттейді. Сонымен қатар, ол жер адйнауында кездесетін алуан түрлі пайдалы
қазбалардың құралу және орналасу заңдылықтарын да анықтайды. Бірақ, жердің
ішкі терең қабаттарын зерттеу әдістерініқ бүгінгі күн тұрғысынан
жеткіліксіздігі мен жетілмегендігін ескерсек, әзірше геология жердің ең
жоғарғы (беткі) қабаттарын (жер қыртысын) зерттеумен ғана шектеліп келеді
деуге болады.
Геология қазіргі кезде дәл ғылымдар жетістіктеріне (физика, химия,
математика) көбірек сүйенеді. Олардын зерттеу әдістерін пайдаланады. Сонық
нәтижесінде соңғы кездері геофизика және геохимия ғылымдары ерекше дамып
келеді. Ал жердің жаратылысыи түсіндіруде және оның ғарыш кеңістігіндегі
алатын орнын анык,-тауда геология ғылымы астрономия және қосмология
ғылымдарына сүйенеді. Соңғы жылдары басқа планеталарды жермен салыстыра
отырып жүргізілген ғарыштық зерттеу жұмыстарынын, нәтижесінде салыстырмалы
планетология атты ғылым сал,асы қалыптасып келеді.
География мен геология ғылымдарынын, арасындағы тығыз қарым-қатынас
ерте кезденақ белгілі. Әсіресе, эндогендік (жерастылық) және экзогендік
(жерүстілік) процестердің нәтижесінде пайда болатын бедер пішіндері соның
дәлелі. Жер бетінің бедерін зерттейтін ғылым— геоморфология геология мен
географияның екеуіне де бірдей ортақ.
Қазіргі кезде геологияның өзі көптеген ғылыми пән-дер салаларына
жіктеледі. Жер қыртысының құрамын зерттейтін ғылыми пәндер — минералогия,
петрография, литология болып саналады.
Минералогия (ескі латын тілінде минера—руда) — минералдардың
(химиялық табиғи қосындылардың) саны мен сапасын, жаратылысын (генезисін),
құрамы мен құрылысын және физикалық-химиялык қасиеттерін зерттейді.
Петрография немесе петрология (грекше петрос— жартас) — тау
жыныстарының құрамы мен кұрылысын және олардың пайда болу (генезис)
жолдарын анықтайды.
Литология (грекше литос — тас) — шөгінді тау жыныстарынын, құралу
және өзгеру зандылықтарын зерттейді. Жер бетінде және жердін, ішкі
қабаттарында жүріп жататын әр түрлі геологиялық әрекеттерді қозға-лыс
тұрғысыаан зерттейтін ғылым — динамикалык, геология деп аталады.
Дицамикалық геология жеке ғылым тармақтарына (геотектоника, сейомология,
вулканология) ажыратылады.
Геотектоника (грекше тектоника — құрылымдық архитектура) — жер
қыртысынық құрылымдық әлементтерін және онын. деформациялык қозғалыс
зандылықтарын қарастырлды. Тау жыныстарының орналасу зандылықтарын және
олардың жатыс пішіндері мен құрылымдық элементтерін зерттейтін
гсотектониканьщ бір бөлімі — құрылымдық геология деп аталады.
Сейсмология (грекше сейсмос — сілкіну) — жер сілкінудің қандай
себептерден болатындығын зерттейтін ғылым.
Вулканология — вулкандық 'Құрылымдар мен вул--кандық атқылау
кезінде пайда болған тау жыныстарын зерттеу арқылы Магмалық әрекеттердің
даму заңдылықтарын анықтайтын ғылым.
Жердің даму тарихын тарихи геология және құрлықтағы теңіздің өзгеруін
палеогеография ғылымдары зерттейді.
Тарихи геология — жер қыртысының жалпы даму
Кезеңдерін зерттейтін ғылым.
Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының қабат-қабат болып орналасу
тәртібін немесе реттілігін және олардың құралу уақытьн анықтайтын тарихи
геологияның бір бөлімі — стратиграфия (лат. стратум — қабат) деп
аталады.
Стратиграфиялық зерттеу жұмыстары палеонтологиямен (грекше палеос —
ескі, онтос — өмір, тіршілік) тығыз байланыста жүргізіледі. Палеонтология
— ескі органикалық қалдықтардын, (фауна, флора) сақ-талған түрлерін зерттей
отырьш, олардың өмір сүрген дәуірлерін анықтайды. Соған сәйкес тау
жыныстарының салыстырмалы пайда болу уақыты аиқындалады.
Палеогеография — өткен геологиялық дәуірлерде болған жер бетінің
физикалық-географиялық өзгеру жағдайларын зерттейді.
Жердің іжеке аймақтарьның даму жолдарын және олардың геологиялық
құрылым ерекшеліктерін зерттейтін геологияның үлкен бір бөлімі — аймақтық
геологиядеп аталады
Практикалық мақсатта қолданылатын ілімдердің ішінде пайдалы ,қазбалар
туралы ілімнің гидрогеология және инженерлік геология ғылымдарының маңызы
өте зор.
Пайдалы қазбалар туралы ілім — әр түрлі (рудалы, рудасыз) кен
орындарының жаратылысын (генезис), орналасу заңдылықтарын, өзіндік
формаларын, өндірістік қажеттілігін зерттейді.
Гидрогеология — жер асты суларының пайда болуын, химялық кұрамын және
олардың динамикалық қозғалысын, ал инженерлік геология — әр түрлі құрылыс
объектілерін салу барысында жер қыртысының жоғарғы қабаттарының құрылымдық
ерекшеліктерін (қатты-жұмсақтығын, сейсмикалық орнықтылығын) зерттейтін
ғылым.
Методикалық және экономикалық геология ғылымдары қатарында:
геологиялық картаға түсіру, барлау-іздеу жұмыстарын жүргізу, рудалық,
шахталық және өндірістік геология салаларын атап өтуге болады.
Геологиялық картаға тусіру бағыты — геологиялық карталар жасау
әдістерін жетілдіру және оларды іс жүзінде пайдалану жолдарын қарастырады.
Атап айтқанда, белгілі бір аймақтарда кездесетін тау жыныста-рының жатыс
пішіндерін, геологиялық кұрылысын, құрамын және пайдалы қазбаларын жан-
жақты зерттеу арқылы, көзделген масштаб бойынша геологиялық карта жасау
жұмыстарымен айналысады.
Барлау-іздеу жұмыстарының негізгі мақсаты ашылған кен орнынның
жаратылысын, геологиялық орналасу жағдайын толығырақ зерттеу, сонымен қатар
пайдалы қазбалардың қорын анықтап, толығымен игеру мақсатында оның
экономикалық тиімділігін арттырудың жолдарын қарастыру. Ең соңғы мақсат —
кен орнын пайда-лануға эксплуатацияға) беру болып саналады.
Рудалық, шахталық және кәсіпкерлік геология салаларында (руда, көмір,
мұнай мен газ өндіретін) геологиялық міндеттерді атқаратын қызмет орындары
ұйымдастырылады.
Ал жалпы геология дегеніміз, ғылыми бағыт емес, окулық курс болып
саналады. Жалпы геология курсының негізі — динамикалық геология болғанымен,
бұл курста геологияның басқа салаларының да басты-басты ұғымдары мен
түсініктері қысқаша баяндалады. Жалпы геология курсында жер және жер
қыртысы жөніндегі
ғылыми мәліметтер бір-бірімен тығыз байланысты түрде қарастырылады.
Сонық нәтижесінде жер және жер қыртысы туралы жалпы ұғым алғашқы
курстан бастап қалыптасады.
Жалпы геология курсында алғашқы қалыптасқан білім, студенттер үшін
кейінгі курстарда оқытлатын геологияның басқа салаларын дұрыс түсінудің
негізі болып қаланады.

Геологияның даму тарихы туралы
ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТТЕР
Геология ерте кезден-ақ белгілі болды. Адамдар біздің
эрамызға дейін де металл қорытып, минералдық суларды пайдалана білген.
Табиғи құбылыстардың кейбір сырлары туралы сол кездің өзінде-ақ дұрыс тұжы-
рымдар жасалынған. Орта ғасырларда Шығыс ғалымдарының арасында
прогрессивтік бағыттағы көзқарас қалыптаса бастайды. Мысалы, Абу Рейхан
аль-Бируни (973—1048), Абу Али Ибн Сина (Авицена, 980—1037), Мухаммед
Насирэддин (Туси, 1201 —1274) сол кездің өзінде-ақ, жер уақыт өткен
сайын өзгеріп, дамып отырады деп түсінген. Авицена (Аурудан айықтыру
кітабьшда): Қазіргі құрлық бір кездерде теніз түбі болған, ал теңіз
түбі бұрын құрлық болған, олардың дәлелі ретінде шөгінді тау жыныстарын
мысалға келтіруге болады — деп, жазады. Аль-Бирунидық Асыл
тастарды анықтаушы мәліметтер жинағы атты кітабында 100-ден аса
минералдардың физикалық қасиеттері сипатталады. Бұл еңбек орта
ғасырларда минералогиялық сөздік ретінде пайдаланылады.
Қайта өрлеу заманында геология жылдам қарқынмен дами бастайды. Бірақ,
алғашқы ірі ғылыми түжырымдар XVIII ғасырдың екінші жартысында ғана
жасалынды. Сондықтан болар, геологияның ғылым ретінде қалыптасуы XVIII
ғасырдың екінші жартысы деп есептелінеді.
Россияда геологиялық білімнің негізін қалаған М. В. Ломоносов (1711
—1765), ал Батыс Европада — Д. Геттон (1726—1797) мен Вернер (1750—1817)
болды.
М. В. Ломоносов алғаш рет жер бетінің бедер пішіндерінің қалыптасу
жолдарын (ішкі және сыртқы күштердің өзара әрекеттесуі негізінде) өзінше
түсіндірді; жер қыртысының қалыңдығын есептеп шығарды; көптеген минералдар
мен тау жыныстарының пайда болу жолдарын қарастырды; актуализм принципінің
негізін қалады; Жер қабаттары туралы еңбегінде (1759) эволюциялық
геологияның негізін анықтады. Кейінірек, М. В. Ломоносовтың алғашқы ойлары
ағылшын ғалымы Ч. Лайельдің еңбектерімен жалғасып, одан әрі дамытылды.
Геологиялық алғашқы идеялардың одан әрі дамуынаНептунистер (А.
Г. Вернер) мен Плутонистер (Д. Геттон) арасындағы үлкен айтыс
зор әсерін тигізеді. Нептунистер тобы барлық геологиялық процестер
судың қатысуымен ғана жүреді, ал тау жыныстарының барлық турлері сулы
ортада пайда болады деп санаса, ал плутонистер барлық жыныстар жердің
ішкі терең қабатында ғана болатын ыстық энергия көзімен тікелей байланысты
деп есептейді. Екі топтың арасындағы ғылыми талас плутонистердің
жеңісімен аяқталды деуге болады.
Кейіиірек (XVIII—XIX ғ. ғ. аралығында) эволюцпонистер мен
катастрофистердің (Ж. Кювье, Л. Бух, Элп де Бомон) арасындағы пікір
таласының нәтижесінде тарихи геология мен динамикалық геология негіздері
қалыптасты.
XIX ғ. екінші жартысында жүргізілген геологиялық картаға түсіру
жұмыстарының нәтижесінде жеке аудандар мен аймақтарды, тіпті бүкіл
континентті қамтитын геологиялық ірі тұжырымдар мен қорытындылар жа-сауға
мүмкіндік туа бастайды. Жер қыртысының қозғалмалы (геосинклинальдық) және
тұрақты аймақтары (платформалық) айқындалып, оларды жан-жақты зерттеу
жұмыстарының нәтижесінде геосинклинальдық-платформалық ілім негіздері
қалыптаса бастады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геология пәні, оның міндеттері және геологиялың ғылымдар саласы
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бір сырлы,мың қырлы азамат
Академик Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезендері
Экономика, геология-экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру мен жобалау
1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Геодезияның даму тарихы жайлы
Стратиграфия
Қ.И.Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі мен Қазақстан Өндірісінің дамуына қосқан үлесі
Қазақстан картографиясын дамытудың перспективасы
Геология
Пәндер