ХХ ғ. басындағы ресей


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ХХ ғ басындағы ресей

Экономикалық жағдайы. XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында Ресей экономикасы күшті қарқынмен дамыды. Бұл елде 60-70 жж. іске асырылған реформалардың нәтижесі еді. Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі жөнінен Ресей дүние жузінде бесінші орынға шықты.

Ресейдегі монополистік капитализмнің ерекшелігі сол, өнеркәсіп пен қаржы-банктік жүйенің жоғарғы қарқынмен дамығанына қарамастан, ол жалпы алғанда артта қалған ауыл шаруашылықты ел болып қала берді.

Елдің ауыл шаруашылығында халықтың 78% жұмыс істеді. Ресей ауыл шаруашылығы Батыстың басқа алдыңғы қатарлы елдеріндегідей капиталистік жолмен жедел дамып кете алмады, оған деревняда орын алып отырған помещиктік жер иелену және шаруалардың жерді қауымдасып пайдалану жүйелері кедергі болды. Шаруалардың басым көпшілігі жердің жетімсіздігінен азап шекті. Бұл олардың күшті қарсылық тудырып, революция лагеріне қосылуына себеп болды,

1905-1907 жж. бірінші орыс революциясынан соң патша үкіметі бірсыпыра реформалар жасауға мөжбүр болды. Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалар Министрлер кеңесінің төрағасы А. П. Столыпиннің атымен байланысты. Бірнеше патша жарлықтарына сәйкес шаруалардан алынатын жер сатып алу төлемдері жойылды. Оларға қауымнан шығуға рұқсат берілді, мұндай жағдайда оның қауымдық жерлерден тиесілі үлесі сақ-талып қалды. Жарлық тиімді әрі өнімді жеке шаруа қожалықтарын құрып, оларға әртүрлі қолдау көрсетіп, патша үкіметінің сенімді тірегіне айналдыруды көздеді. Столыпин реформаларының негізінде іске асырылған көші-қон саясатының барысында Сібір мен Орта Азияға 1906-1914 жж. арасында 3 млн шаруалар қонысаударып, оларға жергілікті халықтардың ең шұрайлы жерлері тартып алынып берілді.

ХIХғ. 90-жж. Ресей өзінің сыртқы саясат бағытын өзгертті. Германияның дүние жүзін қайта бөлуге бағытталған экспансиялық әрекеттеріне қарсы тұру мақсатымен ол Англия және Франциямен жақындасты. Құрамында Германия, Австро-Венгрия және Италия бар Үштік Одаққа қарсы бағытталған, кейіннен Антанта деп аталған бұл мемлекеттердің болашақ одағының негізі осылай қаланған болатын.

Балқанда Германия мен Австро-Венгрияның ықпалының артуына байланысты Ресей өз назарын енді Қиыр Шығысқа аударуға мәжбүр болды. Ресейдің Қытайдағы әрекеттерінің белсенділігінің артуы (Порт-Артурды жалға алу, орыс әскерлерін Маньчжурияға енгізу, Қытай- Шығыс темір жолын салу) осы аймақта жетекшілік рөл атқарудан үміткер Жапония тарапынан наразылық туғызды. Батыс елдердің қолдауына арқа сүйеген Жапония 1904 ж. 27 қаңтарында Порт-Артурда тұрған орыс кемелеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. 1905 ж. Қыс-көктем айларында жапондықтар Кореяға басып кіріп, Маньчжурияда шабуылға шықты, Порт-Артурды қоршауға алды. 1904 ж. тамызында Ляолян түбіндегі Шайқаста орыс әскерлері жеңіліс тапты. Порт-Артурды қоршау 1904 ж. жазынан 1905 ж. қысына дейін созылды. Қорғаушылардың ерлігіне қарамастан, 1905 ж. 2 қаңтарында Порт-Артур берілуге мәжбүр болды. 1905 ж. ақпаң-наурыз айларында Мүкден түбінде шешуші шайқас болып, оған екі жақтан 600 мыңнан аса адам қатысты. Шайқас орыс әскерінің жеңілісімен аяқталды. 1905 ж. маусымда. Цусима аралының маңында жапондықтар вице-адмирал рождественский бастаған орыс эскадрасын талқандады. Цусима шайқасы соғыстың аяқталғандығын білдірді. Россия онда жеңіліс тапты.

Жұмысшы және социалистік қозғалыс. Жаңа саяси партиялардың құрылуы. XIX ғ. аяғында Ресейде жұмысшы қозғалысы күш ала бастады. Шерулер, ереуілдер жиілеп, оларға қатысушылар экономикалық талаптар қойды. Әртүрлі бағыттары социал-демократиялық үйірмелер пайда бола бастады, олардың ішінде В. И. Ульянов (Ленин) және оның жақтастары ұйымдастырған "Жұмысшы табын азат ету одағы" (Петербург) көзге түсті.

Шаруалар қозғалысы да жиіледі, оған қатысушылар помещиктердің иеліктерін өртеді, олардың жерлерін айдады, малдардың кұып кетті т. б. Ірі буржуазияның, либералдық көзқарастағы помещиктердің, зиялы қауымның мүлделерін білдіруші либералдыққозғалыста белсендірілді.

Алғашқы саяси партиялар да пайда бола бастады. 1901-1902 жж. кұрылған социалист-эсерлер партиясы патша үкметіне қарсы күресте үкімет мүшелеріне, губернаторларға және басқа да ірі шенеуніктерге қарсы бағытталған жеке террорды саяси күрестің негізгі түрі мен әдісіне айналдырды.

1898ж. социал-демократтардың I съезінде Ресейдің социал-демократиялық жұмысшы партиясын құру туралы шешім қабылданды. Партияның екінтші съезінде (1903 ж. ) социал-демократтар арасында жік шығып, олар большевиктер және меньшевиктер болып екіге бөлінді. Біріншілерінің басшысы В. И. Ульянов (Ленин), екіншілерінікі - Ю. О. Мартов болды.

Ресейде революцйяның жақыңдап калғанын сезген буржуазия жағы да өз саяси партияларын құра бастады. Алғашқы құрылған буржуазиялық партиялардың бірі - «17 қазан одағы» немесе октябристер буржуазиялық монархияны, демократиялық бостандықтарды енгізуді жақтады. 1905ж. құрылған Конституциялық-демократиялық партия- кадеттер өздерінің конститудиялық құрылысты, аграрлық реформаның жүргізілуін жақтайтындықтарын мөлімдеді.

Монархияшыл партиялар лагерінің негізгі саяси күші "Орыс халқының одағы. " болды. Бұл партияның идеялық негізі православиялық бастаулардың мызғымастығы және Ресей империясының тұтастығы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамындағы жаңа сословиелік құрылымның қалыптасуы
Қазақтың зиялылары өкілдерінің Жалпы ресейлік мұсылман съездеріне қатысуы
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
Басқа ұлттық қозғалыстардан алған үлгі
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Қазақ қоғамының мұсылмандық қозғалысқа тартылу себептері
Қоныстандыру саясаты және оның діни жағдайға әсері
Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің, интеллигенцияның қалыптасуы
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі қазақ әдебиетінің тарихы, журналистика бойынша монографиялар және оқулықтар
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz