Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы жайында мағлұмат



1. Қазақстан тәуелсіздік жолында
2. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.
3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы
80-жж. ақырында Кеңес мемлекеті ыдырай бастады. Халық депутаттары бірінші сьезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілеттікті бөлісу, жаңа Одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады. Демократиялық қайта құрылыстардың және үлттық сананың ояну процестерінің дамуы, уақиғалардың даму барысы партиялық және мемлекеттік басшылык тарапынан осыған сай орталық пен одақтас республикалардың қарым-қатынасын үйлестіретін шаралар қолдануды талап етті.
Жаңа шындық жагдайды есепке ала отырып, Одақты қайта қүру идеясы кеңінен қолдау тапты және ол "төменнен" - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиги байлықтар мсп өндіріс қүрал-жабдықтарына, оның ішінде өнеркәсіптің негізі болып табылатын салалық кәсіпорындарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңғыртуға бағытғалған қозғалысты Н.Ә. Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі проблемалардың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысады. Оңшыл және солшыл радикализмге қарама-қарсы Н. Ә. Назарбаев табанды, демократиялық реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс барлық қазақстандықтардың теңдігіне негізделген үлтаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың түбегейлі принципі ретінде саясн түрақтылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын жүргізіп келеді.
Бірақ Қазақстанда басталған әміршіл-әкімшілдік жүйені сындыруға мемлекеттік басқару қүрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң билігі кедергі жасады.
Жекелеген партия үйымдарының өз жүмыстарын жаңа талаптарға сай қайта қүруға бағытталған талпыныстары елсулі нәтиже бермеді.
1. Абилев А. Казахстан в древности. - Караганда, 1991.
2. Абдакимов А. История Казахстана. - Астана, 1999.
3. Артыкбаев Ж. История Казахстана. 12 лекций. - Алматы, 1997.
4. Артыкбаев Ж. История Казахстана: Учебник – хрестоматия, Астана, 1999.
5. БарманкуловМ.. Тюркская вселенная. - Алматы, 1996.
6. ГумилевЛ. Древние тюрки. М., 1993.
7. История Казахстана: белые пятна. - Алма-Ата, 1991.
8. История Казахстана. Очерк. - Алматы, 1993.
9. История Казахстана в 5-ти томах. - Алматы, 1996.
10. Казахи. Историко-этнографическое исследование. - Алматы, 1995.
11. Кан Г.В. История Казахстана. - Алматы, 2001.
12. А. Кузембайулы, Еркин Абил. История Республики Казахстан. - Алматы, 1998.
13. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алма-Ата, 1992.
14. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. - Алматы, 1995.
15. Момынова Ш.Р. Материалы по истории Казахстана (ХІІІ-ХVІІІ вв.).
16. Назарбаев Н.А. «На пороге ХХІ века». - Алматы, 1996.
17. Назарбаев Н.А. «В потоке истории». - Алматы, 1989.
18. Назарбаев Н.А. «Эпицентр мира». - Алматы, 2001.
19. Назарбаев Н.А. «Критическое десятилетие». - Алматы, 2002.
20. Тожутов А. Куманы, половцы, кипчаки и казахи. - Алматы, 1998.
21. Нұғман Б.Ғ., Абдрахманова А.А., Жетписбаев А.О. Көшпелі өркениет тарихындағы Қазақстан: Оқу құралы. - Қарағанды, 2008.
22. Нұғман Б.Ғ., Шаймуханова С.Д. Ұлы Дала өркениеті: Оқу құралы. - Қарағанды, 2009.
Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Агапов П., Кадырбаев А. Сокровища древнего Казахстана. - Алма-Ата, 1979.
2. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. - Алма-Ата, 1973.
3. Акишев К.А. Курган Иссык. М., 1978.
4. Акишев К.А. Древнее золото Казахстана. - Алма-Ата, 1983.
5. Акишев К.А. Искусство и мифология саков. - Алма-Ата, 1984.
6. Акишев К.А. Древние кочевники и мировая цивилизация: генезис, проблемы, перспективы// Вестник АН КазССР. 1991. № 10.
7. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. - Алма-Ата, 1963.
8. АргынбаевX.А. Этнографические очерки по скотоводству. - Алма-Ата,1969.
9. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. - Алма-Ата, 1989.
10. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХV-ХVII вв.: история,политика, дипломатия. - Алматы, 1998.
11. Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. - Алматы, 1994.
12. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Сочинения.Т. 1-2, М., 1963.
13. Бартольд В.В. Чингизхан. Сочинения. Т. 5. М., 1968.
14. Байпаков К.М. История древнего Казахстана. - Алматы, 1996.
15. Бичурин НЛ. Сборник сведений о народах, обитавших в Средней Азии вдревние времена. М.-Л., 1950.
16. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. В 5-ти томах. - Алма-Ата,1961-1968.
17. Галиев В.З. Анырахайская битва/Вестник Военной АкадемииВооруженных сил Республики Казахстан. 1999. №4.
18. Галиев В.З. Битва при Буланты // Мысль. 2000. № 6.
19. Де Оссон К. От Чингизхана до Тамерлана. - Алматы, 1996.
20. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. -
Алматы, 1999.
21. Загадки древнего Туркестана / Сост. СмагуловЕ. Алматы, 1998.
22. Златкин И.Л. История Джунгарского ханства (1633-1758 гг.). М., 1983.
23. Исмагулов О.И. Этническая антропология Казахстана. - Алма-Ата, 1982.
24. Кадырбаев А.Ш. История Казахстана: первобытный мир и древность. -Алматы, 1998.
25. Касымбаев Ж.К. Кенесары хан. - Алматы, 1996.
26. Кенесарин А. Кенесары и Садык. - Ташкент, 1988.
27. Козыбаев М.К. История и современность. - Алма-Ата, 1991.
28. Кычанов Е. Жизнь Темучжина, думавшего покорить мир. - Алма-Ата,1992.
29. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких ордистепей / Сост. И.В.Ерофеева. - Алматы, 1996.
30. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняякультура Центрального Казахстана. - Алма-Ата, 1966.
31. Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в ХVII-ХVIII вв. - Алма-Ата, 1991.
32. Рашид-ад-Дин. Сборник летописей. Т. 1. Кн. 1,2. М.-Л., 1952.
33. Хара-Даван Э. Чингисхан как полководец и его наследие. - Алма-Ата,1992.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
* Тақырыбы:Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы Мақсаты:Тәуелсіздік ұғымының мәнін ашу. Осы жолдағы басты міндеттерді
саралау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын, оның
мәнің маңызын түсіндіру. Қазақстан қоғамын тәуелсіздікке қарай
ұмылдыратын әрі топтастыратын факторларды көрсету.
* Дәріс жоспары:
1. Қазақстан тәуелсіздік жолында
2. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.
3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы

* Тезистер:
* Дәріс тезистері.
80-жж. ақырында Кеңес мемлекеті ыдырай бастады. Халық депутаттары бірінші сьезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілеттікті бөлісу, жаңа Одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады. Демократиялық қайта құрылыстардың және үлттық сананың ояну процестерінің дамуы, уақиғалардың даму барысы партиялық және мемлекеттік басшылык тарапынан осыған сай орталық пен одақтас республикалардың қарым-қатынасын үйлестіретін шаралар қолдануды талап етті.
Жаңа шындық жагдайды есепке ала отырып, Одақты қайта қүру идеясы кеңінен қолдау тапты және ол "төменнен" - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиги байлықтар мсп өндіріс қүрал-жабдықтарына, оның ішінде өнеркәсіптің негізі болып табылатын салалық кәсіпорындарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңғыртуға бағытғалған қозғалысты Н.Ә. Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі проблемалардың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысады. Оңшыл және солшыл радикализмге қарама-қарсы Н. Ә. Назарбаев табанды, демократиялық реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс барлық қазақстандықтардың теңдігіне негізделген үлтаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың түбегейлі принципі ретінде саясн түрақтылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын жүргізіп келеді.
Бірақ Қазақстанда басталған әміршіл-әкімшілдік жүйені сындыруға мемлекеттік басқару қүрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң билігі кедергі жасады.
Жекелеген партия үйымдарының өз жүмыстарын жаңа талаптарға сай қайта қүруға бағытталған талпыныстары елсулі нәтиже бермеді.
1988 ж. бастап жаңа туып келе жатқан оппоненттер тарапынан Қазақстан Компартиясына сын айтыла бастады, мүның өзі коммунистер партиясының іргесі шайқала бастаған, бірақ әлі де белгілі дәрежеде сақталып отырған беделіне қатты соққы болды.
Ресми емес қозғалыстардың дамуы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі занды қүбылыс еді, оның бастама негізі экономикалық қозғалыс, сондай-ақ Алматыдағы желтоқсан (1986 ж.) уақиғалаларынан кейін республикада туған қоғамдық-саяси ақуал болды
1987 ж. тамызда тұңғыш тәуелсіз ұйым - әлеуметтік-экологиялық "инициатива" бірлестігі құрылып, ол өзінің алдына соғысқа қарсы тұру, экологиялық, адамгершілік және бейбітшілікті қоргау идеяларын, жариялылық, демократияландыру, әлеуметтік теңдік және әділеттік принциптері негізінде халықтың әлеуметтік белсенділігін көтеруге кемектесу, жұртшылықтың, еңбек ұжымдары мен азаматтардың бастамаларына моральдық және ұйымдық, құқықтық, консультациялык, информациялық, эксперттік қолдау көрсету мақсатын қойды. Қейінірек бұл бірлестіктен басқа саяси ұйымдар, оның ішінде "жасыл майдан", Қазақстанның социал-демократиялық партиясы бөлініп шықты. Ядролық қаруға қарсы "Невада - Семей" қозғалысы және Арал, Балхаш, Қазақстан экологиясының проблемалары жөніндегі қоғамдық комитет республика, мұнан кейін халықаралық көлемдегі экологиялық ұйымдарға айналды.
Жұмысшы қозғалысы елеулі саяси күшке айналды. Оның қатарында Қарағанды көмір бассейні шахтерлері ерекше роль атқарды, олардың қимылдары тегеуріні жөнінен Кеңес Одағының басқа комірлі аудандарының ереуілдерімен сай келіп жатты. Таза эконо-микалық талаптан басталған олар шапшаң-ақ саяси сипат алды. Жүмысшылардың облыстық ереуіл комитеті 1989 ж. бастап қызмет істейді, ол Қараганды облысы еңбекшілерінің одағына үжымдық мүше ретінде кіреді. Жаңа Өзендегі уақига (1989 ж.) әлеуметтік-экономикалық саладағы көкейтесті проблемаларды жалғанның жарығына шығарды, ол инфрақүрылымның мешеулігінен, өндіргіш күштерді орналастырудағы қателіктердің салдарынан жергілікті халық жүмыссыз жүргенде вахталық әдісті қолдану практикасының берік орын алуынан туды.
Әйелдер кеңесіне балама үйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мүсылман әйелдерінің лигасы, көп балалы аналар, жаңұялар одағы, "Айша", "Ақ отау" және басқа іскер әйелдер ассоциациясы құрылды. Республикадағы күштердің саяси орналасуында жастар қозғалысы елеулі орын алды. 1991 ж. күзге дейін оның қатарында республика жастар үйымдарының комитеті, Қазақстан ЛКЖО және басқа 48 қүрылымдар мен ұйымдар болды.
1990 ж. ортасында "Азат" қозғалысы және "Азат" саяси партиясы пайда болды. "Азат" өзінің басты мақсатын тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберінде Қазақстанның мемлекеттік егемендігі үшін күрес деп белгіледі.
Бүл аталғандардан басқа да саяси партиялар мен қ озғалыстар әрекет етті, республикада 1991 ж. барлығы 120-дан астам дербес бірлестіктер болды.
Қазақстан халқының елеулі дәрежеде саясаттануы жүртшылықтың республикадағы істің жағдайына қанағаттанбайтындығының, олардың дағдарыстан шыгудың жолын ортақтасып іздеуінің көрінісі еді.
Қазақстанда көп партиялылықтың калыптасу процесіне талдау жасай келіп, мұны тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезеңнің бастамасы ғана деп санау керек. Көп партиялылықтың тарихи дәстүрінің, республика халқының дамыған саяси мәдениетінің жоқтығы кең және берік саяси базасы жоқ, саяси көзқарасының біржақтылығымен көрінетін саяси бірлестіктердің пайда болуына әкеліп соқтыруда. Бүл бағаны "Алаш" және "Желтоқсан ", Қазақстанның социалистік, социал-демократиялық, коммунистік партияларына беруге болады. Осыған қарамай "дөңгелек стол" басында тұжырымдалған ортақ идеяларды қорғайтын саяси күштердің күш-жігерін біріктіру үшін алғышарттар бар, мұның өзі партияаралық қарым-қатынасқа цивилизациялық және оң сипат берер еді. Мысалы, Қазақстан халық конгресі партиясы және Қазақстан халық бірлігі одағы азаматтық бірлікке және үлтаралық татулыққа шақырып, бір-біріне жақын жарғы ұсынады.
Қоғамдық демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару қызметі маңызды рөль атқарды. Бұл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуірден) жетекші орын алды. 1990-1991 жж. қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған, құқықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген бсстандықтары мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетгі жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан шындық жағдайдың талаптарьща сай республика зандарын жаңарту қүқықтық мемлекет күру жолындағы елеулі қадам болды. Зандар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуга, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға тиіс еді. Олар азаматтардың қүқықтарын едәуір кеңейтті, республиканы мекендейтін барлық үлттар адамдарының талап-тілегіне жауап беретін болды. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген "Қазақ КСР-нің тіл туралы" заңын қабылдауы тарихи уақиға болды.
Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді түрақтандыруга комектесетін президенттік басқарудың енгізілуі занды еді. 1990 ж. 24 сәуірде республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің Президенті лауазымын белгіледі, парламент сессиясында жасырын дауыс беру нәтижесінде оған Н. Ә. Назарбаев сайланды. Президенттің Семей полигонында ядролық сынаққа тиым салу, 1 Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстанда демократиялық қайта қүрылыстар жүргізудің өзіндік бір белесі болды. Республика Жоғарғы Кеңесінің төралқасы 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Алматыда болған уақиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнаулы комиссия құрды. 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ ҚСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шап-шандатты, мүның өзі елдегі больіп жатқан уақиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 ж. ортасында-ақ Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белорусиямен, Украңнамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экоңомикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды. 1990 ж. желтоқсанда төрт республика -- Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива жасады, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды.
1991 ж. тамыздагы уақиға бұл жұмысты үзіп жіберді, КСРО-ның күйреуін және бүрынғы одактас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. ҚОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.
Міне осындай күрделі жагдайда Қазақ мемлекеттігі шеңберінде Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ ҚСР-ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мүндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ КСР-нын Қазақ КСР-да мемлекетгік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Заңы бойынша берілді.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында түңғыш рет республика Президентін жалпы халықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен ез еркін білдіруі арқасында Н. Ә. Назарбаев Президент болды.
Республикада төмендегідей өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды; Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991- ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде түңғыш рет онан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ
Т. О. Әубәкіров үшты.
1991 ж. 10 желтоқсанда түңғыш бүкіл халық сайлаған Президент қызметіне кірісті, ал 1991 ж. 16 желтоқсанда қазақтың Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы болып аталды. Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының өз терри-ториясындағы бүкіл өкімет билігі өз қолында, ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін демократиялық мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Республика тарихында жаңа кезең басталды.
Орта Азия мен Қазақстан республикаларының басшылары Ашғабадта кездесіп, Беловеж келісіміне, оның қүқықтық жақтарына талдау жасады, жаңа достастықты қалыптастыруға толық құқықтық негізде қатысуға әзірліктерін білдірді. 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда бүрынғы Кеңес одағының құрамына кірген тәуелсіз мемлекет басшыларының кеңесінде ТМД-ны құру туралы келісімнің хаттамасына қол қойылды.
Қазақстанда егемен мемлекеттік дамуының қарқынды процесі басталды.
Саяси салада күшті президенттік республика құруга, кейінірек парламенттік билікке реформа жасап, маман жоғаргы Кеңес құруы бағыт ұсталды. Республиканың жаңа конституциясының жобасы талқыланды. Жергілікті өзін өзі басқару заңы негізінде облыстарда, қалаларда және аудандарда атқарушы өкімет билігіне реформа жасалды. Өтпелі кезенге әкімдер лауазымы енгізіліп, оларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Қазақ тілі бағдарламасы, оның оқулықпен байланысы
Адам табиғат, қоғам - біртұтас дүние
Орхон-енисей жазуының зерттелуі
Географиялық карта
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Қонақ үй шипажайлары
Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда елжандылыққа тәрбиелеу әдістері
«Alem Sauda.Ltd» ЖШС
Пәндер