Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері



І Кіріспе
1. Шағын кәсіпорындағы экономикада алатын орны мен ролі.
2. Бизнес инкубаторлары және технопарктер.
3. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес жағдайын талдау
және тұрақтандыру.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықгық экономикаға өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметгері нарықтық қайта құруларды іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметгі қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні - экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.
Бұл зерттеудің өзектілігі соңғы уақытта көптеген ТМД елдерінде кәсіпкерлік белсенділіктің төмеңдеп кетуінен туындап отыр. Қайта құрылған кәсіпорындардың көбісі барлық мүмкін болатын нұсқауларға, салықтарға, шектеулерге шыдай алмай жабылып қалды. Тек шағын фирмалар ғана емес, сондай-ақ ірі өндірістік алыптардың да жабылу қаупі бар. Кәсіпкерлік өзірге экономиканың белсенді қоректендірушісі бола қойған жоқ, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Мұндай жағдайлардың себептерінің бірі фирманы тікелей басқару деңгейі мен аймақтық басқару деңгейінің және мемлекеттік деңгейде қамтыған кәсіпкерлікті басқарудың тұтас жүйесінің жоқтығы, сондай-ақ жеке салаларда кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ететін тиімді механизмнің жоқтығы болып табылады. Қазіргі мол шетелдік кәсіпкерлік тәжірибеге қарамастан, транзиттік экономикасы бар елдердің ерекшеліктерін есепке ала отырып, шағын фирмаларды құру және жұмыс істеудің тәжірибелік мәселелерін зерттеуге, шағын және орта бизнесті анықтауға, кәсіпкерліктің теориялық аспектілерін, сонымен қатар, кәсіпкерлік феноменінің маңыздылығын зерттеуге арналған бірқатар нақты зерттеулер жасау қажеттілігі бар.
Кәсіпкерлікті дамыту саласыңда методологиялық дәрежеде шетелдік, атап айтқавда, американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бұл осы еддің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін көрсетеді. Бүгінгі танда АҚШ-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және олардың 6%-і шағын және орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл осы шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытуға Д.Лонгенеко (Longenecker Justin G.) У. Петти (J.William Petty), K. Moop (Carlos W.Moore) сияқты американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты.
1. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму
стратегиясы.» — Алматы, 1997. 25-31 бет.
2. Назарбаев Н. Ә. «Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі
бағыттары туралы: Жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру,
экономикалық және саяси реформа. ҚР Президентінің қазақстан
халқына жолдауы.» — Алматы, 1998. 17-28 бет.
3. Аубакиров Я. Ә. «Экономикалық теория негіздері» -Алматы, 1998.
152-157 бет.
4. Брю С. Л. «Экономикс» - Бишкек, 1998. 1 том, 78-81 бет.
5. Жүнісов Б. А. «Нарықтық экономика негіздері» -Ақтобе, 1993. 92-101
бет.
6. Иманғазин О. Қ. «Экономикалық саясат» - Алматы, 2002. 105-110 бет.
7. Көшенова Б. А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» -
Алматы, 2002. 75-79 бет.
8. Мақыш С. Б. «Ақша айналысы және несие» -Алматы, 2000. 84-89 бет.
9. Осипова Т. М. «Экономикалық теория негіздері» -Алматы, 2002. 203-
209 бет.
10. Шеденов «Жалпы экономикалық теория» - Алматы, 2002. 215-219
бет.
11. Құлпыбаев С. «Қаржы» - Алматы, 2003. 426-440 бет.
12. «Инфляция — хроническая болезнь бумажных валют» - Журнал:
Финансы Казахстана, 1995. 13-17 бет.
13. Қожахметов А. «Инфляция и ее последствия» -Журнал: Экономика и
статистика, 2001. 25-29 бет.
14. Райымқұлов С. «Экономикалық теория негіздері». Шымкент 2005 ж.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І Кіріспе
1. Шағын кәсіпорындағы экономикада алатын орны мен ролі.
2. Бизнес инкубаторлары және технопарктер.
3. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес жағдайын талдау
және тұрақтандыру.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе

Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықгық экономикаға
өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметгері нарықтық қайта
құруларды іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда -
мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды
қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек
күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметгі қолдау, шағын және орта
бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық
даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні - экономика
жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы
бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті
ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы
тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі
жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу
жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.
Бұл зерттеудің өзектілігі соңғы уақытта көптеген ТМД елдерінде
кәсіпкерлік белсенділіктің төмеңдеп кетуінен туындап отыр. Қайта құрылған
кәсіпорындардың көбісі барлық мүмкін болатын нұсқауларға, салықтарға,
шектеулерге шыдай алмай жабылып қалды. Тек шағын фирмалар ғана емес, сондай-
ақ ірі өндірістік алыптардың да жабылу қаупі бар. Кәсіпкерлік өзірге
экономиканың белсенді қоректендірушісі бола қойған жоқ, дамыған нарықтық
экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда.
Мұндай жағдайлардың себептерінің бірі фирманы тікелей басқару деңгейі мен
аймақтық басқару деңгейінің және мемлекеттік деңгейде қамтыған
кәсіпкерлікті басқарудың тұтас жүйесінің жоқтығы, сондай-ақ жеке салаларда
кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ететін тиімді механизмнің жоқтығы болып
табылады. Қазіргі мол шетелдік кәсіпкерлік тәжірибеге қарамастан,
транзиттік экономикасы бар елдердің ерекшеліктерін есепке ала отырып, шағын
фирмаларды құру және жұмыс істеудің тәжірибелік мәселелерін зерттеуге,
шағын және орта бизнесті анықтауға, кәсіпкерліктің теориялық аспектілерін,
сонымен қатар, кәсіпкерлік феноменінің маңыздылығын зерттеуге арналған
бірқатар нақты зерттеулер жасау қажеттілігі бар.
Кәсіпкерлікті дамыту саласыңда методологиялық дәрежеде шетелдік, атап
айтқавда, американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бұл осы
еддің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін
көрсетеді. Бүгінгі танда АҚШ-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және
олардың 6%-і шағын және орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл осы
шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытуға Д.Лонгенеко (Longenecker
Justin G.) У. Петти (J.William Petty), K. Moop (Carlos W.Moore) сияқты
американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты.
Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері
отандық, сондай-ақ, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты.
Дегенмен бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол
жұмыстарда негізінен, кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы экономикалық
көзқарастары ғана қарастырылғандығын айтуымыз керек. XIX ғасыр басында-ақ
Жан Батист Сэй кәсіпкерлікгі жер, еңбек және капиталмен бірге негізгі
өндіріс факторларының бірі ретінде қарастырған. Көптеген жылдар бойы
экономист ғалымдар еңбек, жер және қаржы ресурстарын басқару
проблемаларымен шұғылдануда. Бірақ, кәсіпкерлікті басқару мәселесі негізгі
өңдіріс факторы ретінде әлі күнге дейін бірінші орынға қойылған жоқ. Бұл
зерттеуде менеджмент (басқару) тұрғысынан кәсіпкерлікті дамытудың
концепциялық әдісі талданады. Кітапта ұсынылған концепция бүгінгі таңда аз
зерттелген және мүлдем әзірленбеген дерлік.
Кітап авторлары Көкшетау экономика және менеджмент институтының
экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Нұрпейсова Жанат
Нұрпейісқызына 3, 4, 5 бөлімдерін біріге отырып әзірлегені үшін, сондай-ақ
1.1., 1.2. және 2.2. бөлімдерін біріге отырып әзірлеген Сәбденова Жанар
Оразалықызына өз алғыстарын білдіреді.

Кәсіпкерліктің экономикалық мәні
Кәсіпкерлік процесін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге бірінші
кезекте, фирманы құрушы және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің
өзі, бизнесті (Opportunity) жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті
қор жатады (сурет. 1).

Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері

Тағы да ескеретін маңызды фактор, ол - кәсіпорынның болжамсыздықпен,
қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір
сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік процес — бұл технологиядағы, маркетингтегі,
менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және
қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық шешімдерді итеративті іздестіру
процесі. Жаңа фирманың шешуші мезеттері (кәсіпкер, табыскерлігіне қолайлы
мүмкіндік және қорлар) тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар бір-
біріне де бейімделген болулары қажет. Кәсіпкер тек жаңа бизнес
мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, сондай-ақ осы мүкіндіктерді іс-жүзінде
қалай жүзеге асыруды білетін, жаттыққан пікірлестер командасына ие болуы
тиіс. Соңында олардың бәрі фирма жұмысын бірге бастау үшін және оның әрі
қарай жұмыс істеуін жалғастыра беру үшін жеткілікті қорларға ие болулары
керек.
Жоғарыда кестеленіп көрсетілген кәсіпкерлік процесінің негізгі қозғаушы
күштерінің ішінде кәсіпкерлер (құрылтайшылар, негізін салушылар) негізгі
орын алады. Венчурлік кәсіпкерлер мен өте тәжірибелі кәсіпкерлерден,
кәсіпкерлік табысты алдын-ала анықтайтын 5 аса маңызды факторларды түгендеп
беруді сұрағанда олар мұны тағы да растады. Олар: 4 рет кәсіпкер және оның
білікті командасы содан соң барып маркетингтік әлеует деп, қарапайым жауап
берді. Кәсіпкер — бастамашыл негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен
қорықпай тәуекелге баратын және келешекте табыс өкелетіндей етіп басқа
өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірістің
субъективті факторы.
Қазіргі нарықгың қиын жағдайында, жақсы жинақталған жоғары білікті
командасы бар фирмалар, кәсіпкері жеке жұмыс істейтін фирмаларға қарағанда
бәсекеге анағұрлым қабілетті болып табылады. Менеджерлер командасына келесі
анықтаманы беруге болады. Менеджерлер командасы деп тек қорларды таба
алатын ғана емес, сонымен қатар оны тиімді пайдалана алатын, бәсекелік
күрестегі өзгерістерге тез жауап беруге қабілетті, мақсаты тек кәсіпорынды
дамыту және тиімді өндіріспен қамтамасыз ету болып табылатын жоғары білікті
мамандар тобын айтамыз.
Команда негізді және жетілген саласына сәйкес еңбек тәжірибесіне
машықтанған болуы керек. Сөйте тұра кәсіпкер негізгі жауапкершілікті өз
мойнына алуы керек және жақсы ойластырылған нарыққа кіру стратегиясына ие
болуы керек. Кәсіпкерлік процесінің екінші қозғаушы күші - бизнесті іске
асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпкерлік жарылыс
нәтижесінде пайда болған "үнсіз" төңкеріс жайлы айтуда. Шет елдік ғалымдар
кәсіпкерлік түсінігіндегі негізгі орынды ой (Idea) және оларды іске асыру
мүмкіндіктері сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру мүмкіндіктері
деп, ойдың жүзеге асу дәрежесі мен ойды іске асыру нарығының ашық
тауашасының бар болуын айтуға болады. Дегенмен осы жерде ойлар оларды іске
асыру үшін қолайлы мүмкіндіктерге қарағанда анағұрлым көп. Сонымен жаңа
қуаттарға, объектілерге деген қажеттілік пайда болғанда, құрылыстар мен
ғимараттарды қайта құру қажеттілігі пайда болғанда, тапсырыс берушілердің
жаңадан туындаған қажеттіліктерін қанағаттандыруда тапшылық пайда болғанда
немесе тапсырыс берушілердің бар қажеттіліктерін бәсекелестердің ұсынған
қызметтеріне қарағанда толығырақ қанағаттандыру мүмкіндігі туғанда құрылыс
бизнесі үшін де мүмкіндік пайда болады. Кәсіпкер үшін осы мүмкіндікті
уақытысында байқау ғана емес, сондай-ақ оны дұрыс пайдалану да маңызды.
Ұзақ уақыт аралығы бойында пайда және табыспен қамтамасыз ететін ашылып
келе жатқан нарық тауашасын таба білу қабілетіне ие кәсіпкерлер, табысты
кәсіпкерлер болып саналады. Кәсіпкердің қызмет саласын таңдауына тура
келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметтің
жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен өзгешеленеді.
Кәсіпкерлік шеберлік дегеніміз — бұл басқаларға әлі көріне қоймаған,
көрінсе де не өте ерте, не өте кеш көрінген жерде кәсіпорын құру және
дамыту мүмкіндігін бірінші болып көру.
Кәсіпкерлік процесінің үшінші қозғаушы күші - бұл қажетті қорлардың
болуы. Қорларды басқаруда келесі көзқарасты ұстану ұсынылады: Шағын
фирмалардың негізгі өндіріс қорларының үлкен бөлігінің сатып алынуымен
емес, ал жалға алынуымен қамтамасыз етілетін ең аз мөлшердегі қорлармен
жоғары нәтижелілікке жету.
Осындай көзқарастардың арқасында қаржылық қорлардың қажеттілігін
қысқартып, тәуекелді елеулі түрде азайтуға болады.
Шындығына келгеңде, табыс кәсіпкерлердің кәсіпкерлік процестің барлық
қалған элементтерін қозғалысқа келтіре білуі мен дарындылығынан басталады.
Қазіргі заманғы теорияларда кәсіпкерліктің 7 концепциясы бөліп
көрсетіледі, олардың әрқайсысы өз алдына мектеп болып табылады және
кәсіпкерлік пен кәсілкерлік процеске өздерінің түсініктемелерін береді.
Оларға жататындар:
1. Кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымындағы
мектебі.
2. Кәсіпкерліктің психологиялық мектебі.
3. Кәсіпкерліктің классикалық мектебі.
4. Кәсіпкерліктің жетекші ұстанымындағы мектебі.
5. Кәсіпкерліктің ішкі мектебі.
6. Кәсіпкерліктің маркетингтік ұстанымындағы мектебі
7. Кәсіпкерліктің менеджменттік ұстанымындағы мектебі.
Кәсіпорынның дамуының әртүрлі сатылары: бастама, бизнестің пайда болуы,
кемелдену мен өсу сатылары кәсіпкердің мінез-құлқы мен қасиеттеріне әртүрлі
талап қояды.
Кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерін бағалау ұстанымындағы мектебі:
Кәсіпкер болып туыла ма жүре келе әлде, бола ма? Адамды менеджерлік,
жетекшілік және кәсіпкерлік жұмысқа үйретуге бола ма, әлде адам бұл
қызметтерді жүзеге асыруда табиғи қасиеттерге ие болу керек пе? деген
сұрақтарға жауап табуға тырысуда. Кәсіпкерліктің осындай мектебі табысты
кәсіпкер болу үшін белгілі бір жеке қасиеттерге ие болу қажеттілігіне
ерекше көңіл аударады. Басқаларды рухтандыру және қызықтыру үшін кәсіпкер
өз ойының немесе бизнес концепциясының өмір сүргіштігін дәлелдеп қана
қоймай, қойылған мақсатқа жету үшін басқаларды да қызықтырып, сендіруі
керек. Басқаларға осындай ықпал ету үшін, кәсіпкердің басқа кәсіпкерлерден
де табысты болуына мүмкіндік беретін белгілі бір қасиеттерге ие болуы шарт.
Кәсіпкерліктің осы мектебіне сәйкес кәсіпкерлер тиісті шешім қабылдауда
және бизнесті іске асыру мүмкіндіктерін табуда сезімдік қабілеттерге ие
болады. Басқа мектептердің өкілдері нарықты болжау мен талдауға айрықша
көңіл бөлсе, кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттері ұстанымындағы мектеп
кәсіпкердің табиғи сезіміне ерекше көңіл аударады. Ли Якокканың түсіндіруі
бойынша, бұл — проблеманы сезіну және шешім қабылдау ал басқалар алдымен
талдау жасау үшін мәліметтер мен деректерді жинап, талдап, қорытады және
шешім қабылдаудың тым нысандандырылған әдістерін қолданады.
Бұл мектепке сәйкес табысты кәсіпкер тәуелсіздік пен жетістікке
ұмтылады және жұмыс істеу қабілеттілігі мен табындылығы жоғарғы дәрежеде
болады, тек қана өз қабілетіне сенеді. Мектеп ішінде жігерлік, қажырлық,
көрегендік, дербес шешім қабылдай білу және аянбаушылық сияқты қасиеттерге
ерекше көңіл бөлінеді. Бұдан басқа кейбір физикалық (бойы, салмағы)
әйгілілік, білімділік, кең өрістілік, байланыс жасауға бейімділік,
парасаттылық, шешендік өнер, әдептілік, батылдық және дипломатиялық сияқты
біршама сипаттамалар да аталады.
Мұндай көзкзрастың негізгі қарсыластары — кәсіпкерліктің көбінесе
жағдаймен анықталатын әр алуандылығын мінез-құлық белгілері арқылы сипаттау
мүмкін емес дейтін жағдайлық көзкарастың жақтастары болып табылады. Қазіргі
менеджмент теорияларында жағдайлық көзқарастың мықты ұстанымды жеңіп алуына
қарамастан, кәсіпкерліктің жеке қасиет ұстанымындағы теория басқа жасалып
жатқан концепцияларға қарағанда өзінің жекелілігі мен қарапайымдылығының
және де кәсіпкердің жеке қасиеттерін бағалау мүмкіндігінің арқасында
кеңінен тарады.
Бұдан басқа жеке қасиет ұстанымындағы мектепке жақын тұрған мектеп ол –
кәсіпкерліктің психологиялық мектебі. Ол кәсіпкерлерді жұмысқа және өмірге
деген өте сирек кездесетін көзқарастар мен құндылықтарға ие деп санайды.
Психологиялық мектеп те жеке қасиет ұстанымындағы кәсіпкерлік мектебі
сияқты кәсіпкер басқалардан айрықшаланатын айқын белгілермен сипатталады
деп санайды. Жоғарыда атап өткен мектепке қарағанда психологиялық мектеп
кәсіпкер қасиеттерінің келесі 3 тобын бөліп көрсетеді: 1) көзқарастар мен
құндылықтардың жеке тұлғалық жүйесі, оларға адалдық, жауапкершілік және
әдепті тәртіп жатады; 2) тәуекелге бейімділік; 3) жетістіктерге деген
құштарлық. Құндылықтардың жеке тұлғалық жүйесі жайлы, атап айтқанда әдепті
тәртіп жайлы айтар болсақ, бірден "шынында да ол осылай ма"? деген сұрақ
туындауы мүмкін. Тәртібі әдеп нормаларынан әлдеқайда алыс қаншама
кәсіпкерлерді білеміз. Солай бола тұра бұл саладағы қазіргі зерттеулер
кәсіпкерлердің негізгі көпшілігінің әдептілік пен адалдық стандарттарына
жауап беретіндігін растайды. Сондай-ақ мектеп іліміне сәйкес кәсіпкерлік
шеберлікке дәрісханаларда оқыту мүмін емес, кәсіпкерлік қасиеттердің көбісі
жеке тұлғаның сонау алғашқы қалыптасу сатыларында негізін қалайды.
Осы мектептегі бір автордың пікірінше, теуекелге бейімділік кәсіпкерді
менеджерден айрықшалайтын, үстемдік етуші фактор болып табылады (Mill,
1984). Кейбіреулер кәсіпкерлік қызметті ең алдымен теуекелді өз мойнына алу
деп санайды (Palmer, 1971). Бірақ тәуекелге бейімділік тек қаржылық саланы
ғана емес, сондай-ақ жеке мансап пен жанұялық қарым-қатынас саласын да
қамтиды (Liles, 1974, Sarachek, 1978). Қазіргі заманғы сөздіктердің
барлығында кәсіпкерлікке берілген анықтамада теуекелді өз мойнына алу
сияқты қасиеттер аталады (Random Hous, 1967, Webster"s, 1966, Wagnalls,
1968). Әрине сөз кәсіпкердің барлық мал-мүлкін тігуімен байланысты тәуекел
жөнінде емес, орташа, қадағаланатын тәуекел жөнінде болып отыр.
Жетістікке деген құштарлық, еңбекқорлық және қажырлық кәсіпкер үшін
таптырмас қасиеттер болып табылады. Адамгершілік фактор, былайша айтқанда
сәйкес қасиеттердің жинақталуымен сипатталатын кәсіпкердің жеке тұлғасы,
оған тек кәсіпорын қаруға ғана емес, сондай-ақ бизнесте сәтті жұмыс істеуге
де мүмкіндік береді. Жетістіктерге деген құлшыныс көптеген болашақ
кәсіпкерлер үшін ірі ұйымдардағы бюрократия жағдайында жұмыс істеуден бас
тартуға және өзінің жеке кәсіпорнын құру жолдарын іздестіруге итермелейтін
күшті ынталандыру көзі болып табылады.
Осы мектептің ілімін қарастыра келе, психологиялық мектеп кәсіпкердің
бастапқыда айқын қасиеттер мен құндылықтар жүйесіне ие болуы керектігімен
сәйкестендірілген концепцияны ұстанады деген қорытынды жасауға болады.
Әйтсе де, бұл қасиеттерге жас күнінен ие болып, жеке өмір сүре бастағанға
дейін жақсы қалыптасқан болуы керек, себебі бұл қасиеттер мен қабілеттерді
дәрісханада оқыту мүмкін емес. Қазіргі заманғы кәсіпкердің негізгі қажетті
сипаттамаларына мыналарды жатқызамыз: жетістіктерге деген құштарлық,
тәуекелге бейімділік және құндылық жүйесі, соның ішінде адалдық,
жауапкершілік және әдепті тәртіп (Bedley and Boyd, 1987, Brockhaus, Sr. And
Hortiniz, 1986).
Кәсіпкерліктің классикалық мектеп ілімдері, кәсіпкерлік процесінің
құрамы жаңартпашылық және жасампаздық қызметінен тұрады, сонымен қатар
кәсіпкердің өз кәсіпорнының меншіктенушісі болуы міндетті емес деп санаған
Шумпетер (1934) ілімімен үндеседі. Жоғарыда аталып өткендей кәсіпкер сөзі
француздың "entreprendre" деген сөзінен шыққан, оның мәні "бірнәрсе істеу",
жауапкершілікті өз мойнына алуды білдіреді. XVIII ғасырдың басында
кәсіпкерлер деп әскери қаржы жұмсауды жүзеге асыратын адамдарды атаған.
1700 жылы бұл терминнің мәні кеңейе түсіп, ол өз мойнына көпір, кемежай,
заставалар және басқа әскери объектілерді салу міндетін жүктейтін
мердігерлерді де қамтитын болды (de Farcy, 1973; Berthold, 1957).

Шағын бизнестің құрылуы және тіркелуі
Әрбір американдықтың аңсаған арманы өз кәсіпорнын құру екендігі
күнделікті қолданылатын сөз болып қалды. Бұл сөздердің дұрыстығын
фактілерде куәландыруда. Бүгінгі таңда АҚШ-та 21 млн. жуық кәсіпорын бар,
олардың 16 млн. жеке кәсіпорындар. Шағын бизнес әкімшілігінің мәліметтері
бойынша жыл сайын 600 мыңнан 1 млн-ға дейін кәсіпорындар құрылады. Сондай-
ақ Қазақстанда да кәсіпкерлік белсенділік үрдісі байқалуда, әсіресе бұдан 5-
6 жыл бұрын. Жас адамдар өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін және тек
өзіне ғана емес, сондай-ақ басқалардың да жұмыс орындарын ашу мүмкіндігін
сезінді. Адамдардың тұрақты еңбек ақы төленетін жұмыс орындарын тастап,
тәуекелмен және өте үлкен өмірлік энергия, жұмсаумен байланысты жеке бизнес
деп аталатын белгісіз саяхатқа шығуларына мәжбүрлейтін қозғаушы күштер
қандай болады?
Адамдардың көбісі бизнесті өздерін жаңа өнім мен қызмет түрін өндіру
идеясы жаулап алу нәтижесінде бастады. Кейбіреулер өздерінің әл-ауқатын
жаңа кәсіпорын ашу есебінен жақсартуға тырысады. Көптеген адамдар біреу
үшін жұмыс істеуге қанағаттанбайды, сүйтіп теуелсіздік алуды қалайды.
Болашақ кәсіпкердің өз ісін бастамас бұрын қандай дилемманы шешу қажеттігін
қарастырайық. Таразының бір басында артықшылық, ал екінші басында жеке
бизнес кемшіліктері тұр. Алдымен кемшіліктеріне тоқталайық.
Жаңа кәсіпорын құру жоғары дәрежелі тәуекелмен байланысты. Көптеген
кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырауда, сонымен бірге олар көбінесе тек бастапқы
инвестицияларынан ғана емес, сондай-ақ жеке салымдары мен жинақтарынан да
айырылуда. Егер қаржыландыру көзі ретінде туыстар мен жолдастардың
қаражаттары және банк несиелері пайдаланылған болса, жағдай қиындай түседі.
Жеке кәсіпорын құру кезінде кәсіпкер өзінің қызмет орнын тастауға мәжбүр
болады, сондықтан тек қаржылық тәуекел ғана емес сондай-ақ өмір сүру
көзінен айырылып қалу қаупі бар.
Жаңа кәсіпорын құру қиыншылықтарға, кездесуі мүмкін барлық кедергілерге
толы, соның ішінде бюрократиялық сипаттағылары да бар. Бизнес қаншалықты
үлкен және табысты болатын болса, салықтар, реттеуші нұсқаулар, лицензиялар
және басқа құжаттармен жұмыс істеу соншалықты көп уақытты талап етеді.
Жаңа кәсіпорын құру түңілу жағдайларына байланысты. Кәсіпкер пайда
болатын проблемаларға қарай оңай емес шешімдер қабылдауға, жауапкершілік
пен тәуекелді өз мойнына алуға мәжбүр болады. Зорланып жұмыс істеу, жоғары
дәрежедегі тәуекел және белгісіздік жағдайы - мұның барлығы психологиялық
және физиологиялық қажудың классикалық негіздері. Шағын бизнестің, әсіресе
алғашқы уақытта жұмысшылар штатын көбейту үшін жеткілікті пайда әкелмеуіне
байланысты барлық ауыртпалық бір ғана адамның мойнына — кәсіпкердің өзіне
түседі.
Жаңа кәсіпорын құру сырттан ықпал ететін қысымдардың астында болады.
Заң әрдайым салық салу жүйесін қайта қарастырып отырады және кейде
бизнестен алынатын салықты көбейту жағына да бұрады. Бәсекелес фирмалар да
кез-келген әдіспен кәсіпорынның нарықтағы үлесін жаулап алуға тырысуда. Әр
түрлі реттеуші органдар кәсіпорынға шексіз тексерулер жүргізуде. Осындай
толып жатқан кемшіліктердің орнына біз қандай артықшылықтарға ие боламыз?
Жеке бизнес оның негізін салушыға әрекет ету еркіндігін береді. Қандай
күн тәртібін таңдау керек екенін, өзінің уақытын қалай пайдаланатындығын
және қандай жобалар бойынша жұмыс істейтіндігін кәсіпкер өзі шешеді.
Жеке бизнес — өзінің әл-ауқатын жақсартудың сенімді әдістерінің бірі.
Көптеген адамдар мұны жаңа кәсіпорын құрудың басты себебі деп есептеуде.
Қанша қарама-қайшы болып көрінсе де, ең табысты кәсіпорындардың негізін
қалаушылар өнім мен қызмет көрсетудің жаңа түрлерін өндіру идеясына
берілгендер болып табылады. Олар үшін - материалдық ынталандыру 2-ші орында
тұрады.
Жеке бизнес дамуға және қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіңдік береді.
Кәсіпорынның қатардағы жұмысшысының кәсіпорында жүргізілетін саясатқа
қайшы келетін маңызды бір нәрсе енгізу мүмкіндігі шектеулі. Жетекшілер
көбіне жаңа енгізілімдерге бейім болмайды жене әр түрлі идеяларға құлықсыз
қарайды, ал инновациялық көзқарастары бар адамдар жарамсыз разрядына
түседі. Шағын бизнестің анағұрлым маңызды артықшылығы - бұл тәуелсіздік
алу. Тәуелсіздік тек жұмыс түрін таңдау мүмкіндігінде ғана емес, сондай-ақ
қызметкерлерді таңдауда да орын алады. Кәсіпорын жұмысшысы оның
квалификацшісы мен біліміне сәйкес келмейтін жұмысқа үміт ете алмайды.
Кәсіпкер өзі үшін кез-келген қызмет саласын таңдай алады. Өз бетінше шешім
қабылдау және жеке стратегия мен тактикасын дайындау – осының барлығы
кәсіпкер өзіне-өзі қожайын болған кезде ғана жүзеге асатын іс.
Соңғы жылдары Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділік үрдісі байқалуда.
Бірақ өкінішке орай кәсіпорын құру жылдамдығы шамамен әр түрлі себептерден
банкротқа ұшыраған немесе жай жабылып қалған кәсіпорындардың санына тең
келуде. Сондай-ақ кәсіпкерлердің сәтсіздікке ұшырауларының себептерін
сұрастырған кезде бәсекелестіктің жоғары дәрежелігі, банктің процент
ставкасының жоғары деңгейлігі, мемлекеттік реттеудің шектен тыс болуы,
инфляция деңгейі және жалпы экономикалық дағдарыс атап көрсетілуде.
Шындығына келгенде сәтсіздікке ұшыраудың негізгі себептері — бұл
менеджменттің тиімсіз болуында. Дамыған нарықтық экономикасы бар
шетелдердің өзінде кәсіпкерлерді даярлау деңгейі бізге қарағанда
айтарлықтай жоғары бола тұрса да, бизнестегі сәтсіздіктердің 90% менеджмент
саласында тәжірибе мен білімнің жетіспеушілігінен деп түсіндіріледі. Дәл
осы менеджмент саласындағы білімнің жетіспеушілігі кәсіпкерлердің
төмендегідей қателіктер жіберулеріне алып келеді:
• өткір бәсекелік күрес жүріп жатқан нарықты таңдайды;
• адамдардың не сатып алуды қалайтындықтары туралы нақты мәліметтері
жоқ;
• нарықтағы сұраныс өзгерістеріне жауап қайтармайды;
• маркетинг, өнім, қаржы және басқа стратегия түрлерін дұрыс таңдау
үшін жеткілікті тәжірибелері мен білімдері жоқ;
Осыны ескере отырып, фирманы құрар алдында кәсіпкер белгілі бір
дайындық жұмысын жүргізуі қажет. Кәсіпорынды құру және бастау — бұл жай
ақылға келген бір идея деп санау дұрыс емес. Бизнес құру мүмкіндігі туралы
идеяның пайда болу кезі мен жаңа кәсіпорынның ашылуы арасында айтарлықтай,
кейбір зерттеулер бойынша 1 жылға дейін уақыт өтеді. Дайындық жұмысының
барлық кезеңінен өтпей жатып, бұл істі тездетуге тырысу, кәсіпорынның о
баста-ақ сәтсіздікке ұшырауына алып келеді. Бірақ кәсіпкер бұл жұмысты
бастамас бұрын өзінің қабілеттері мен бизнестің қыр-сырын өзінше зерделеп,
бағалай білуі тиіс.
Кәсіпорынның атын таңдау мен оны тіркеу бизнестің өмір сүруі үшін
міндетті және қажетті шарт болып табылады. Кәсіпорынның атын таңдаған кезде
оның қайталанбауы өте маңызды. Осы мақсатпен кәсіпорын тіркеуге алынады.
Бұдан басқа кәсіпорынның тіркеуге алынуының маңызды себептері – кәсіпорын
атын басқа кәсіпорындардың пайдаланылуынан қорғау және кәсіпорынға жеке
кәсіпорын, серіктестік немесе акционерлік қоғам деген заңды мәртебе беру.
Егер өнімнің сауда маркасы бар болатын болса, онда ол соңдай-ақ тиісті
органдарда тіркеуге алынуы тиіс.
АҚШ-та фирманың тіркеуге алынуына 1 күн кетеді және тіркеу төлемі 5-тен
10 долларға дейін болады. Қазақстандағы фирманы тіркеуге алуды салыстыратын
болсаң ол 4-тен 6 аптаға дейін уақыт қажет етеді, ал тіркеуге 50-ден 70 мың
теңгеге дейін (300-ден 500 долларға дейін) шығын кетеді. АҚШ-та фирманы
тіркеуге алудың мәні оны тіркеуге алу тізіміне енгізу, нәтижесінде
кәсіпорынның аты жазылып, көрсетілген аймақта бизнеспен айналысу құқығын
куәландыратын сертификат беріледі. Қазіргі заманғы компыотер технологиясын
пайдалану, кәсіпорын атының қайталанбайтындығын тексеруді айтарлықтай
жеңілдетеді, әйтседе кәсіпорын аттары жазылған кітап та пайдаланылады.
Фирманың аты 10 жыл бойына жарамды болып табылады. 10 жылдан соң кәсіпорын
қайта тіркелуден өтуі қажет. Өкінішке орай бізде бұл қайта тіркелу үрдісі
жиірек. Бұл -жарым-жартылай заңдағы жиі болатын өзгерістер мен, жарым-
жартылай реттеуші органдарының артық құжат жұмыстарын шығаруларының
салдары. Қалай болғанда да, қайта тіркеулердің жиі болуы кәсіпкерлерді
негізгі қызметтерінен алаңдатары сөзсіз.
Кәсіпорындардың аттары жазылған кітапта аттардың бірінші екі әрпіне
сәйкес келетін индекстер бар, бұл жаңа аттың қайталанбауын тексеру мен
іздеуді айтарлықтай жеңілдетеді. Әрбір индекске кітаптың белгілі бір беті
сәйкес келеді. Егер ат әлдеқашан пайдаланылған болса, онда ескертулерге
көңіл аудару керек, ол жерде осы аттың қазіргі уақытта жарамды не жарамды
еместігі көрсетіледі. Егер кәсіпорынның таңдаған аты қайталанбайтын болса,
онда кәсіпорынға осы атты беру формасы толтырылады, ол қалалық немесе
облыстық басқармалардағы тіркеу бөлімінің қызметкерлерімен нотариалды түрде
куәландырылып, тіркеуге алынады. Форманың түпнұсқасы қызметкерлерде қалады
да, – бірі банкке ұсыну үшін, ал екіншісі кәсіпкер үшін тағы 2 көшірмесі
жасалады. Форманы толтыру мен тіркеуге алу 2 доллар тұрады және кәсіпорынға
индекс беру қызметі - 50 цент. Кәсіпорынның тіркелуі міндетті болып
табылады, АҚШ-та банктердің көбісі тіркелгендігі туралы куәлігі жоқ
кәсіпорындарға шот ашуға рұқсат етпейді. Тіркеу үлгісінде келесі мәліметтер
қамтылады:
- кәсіпорыының аты, мекен-жайы, қаласы, облысы, мемлекеті және пошта
индексі;
- бизнестің осы атты пайдалану мерзімі.
Жоғарыда айтылғандай АҚШ-та аттың жарамды болып есептелетін ең ұзақ
мерзімі 10 жыл. Сондай-ақ бұл осы аттың одан аз уақыт пайдаланылуы мүмкін
екендігін білдіреді:
- бизнестің типі — бизнестің ұйымдық нысаны көрсетіледі (жеке
кәсіпорын, серіктестік, акционерлік қоғам);
- бизнестің негізін қалаушылар туралы мәлімет — бұл иеленушілердің
аттарын, үй адрестерін және жеке қолтаңбаларын қамтиды. Қолдары нотариалды
түрде куәландырылған болуы кepeк. Кейде бұл жұмысты тіркеу бөлімінің
қызметкері атқарады. Барлық иеленушілердің қолдары нотариалдық түрде
куәландырылмағанынша форма тіркеуге алынбайды. Әлдеқашан бар атты пайдалану
жағдайында сот ісі көтеріледі. Сондықтан қауіпті қайталанушылықтан құтылу
үшін егжей-тегжейлік пен мұқияттылық қажет.
Тіркелу кезіндегі артық бюрократиялық созушылықтар мен тіркеуге алу
төлемдерінің шектен тыс жоғары құны кәсіпорын құру кезінде жиі кедергі
болады. Тіркелу жұмысын оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасының Заң
Министрлігі органдары "Занды тұлғалардың тіркеуге алыну тәртібі туралы"
жаңа ереже бекітті, соған сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
мақсаттары мыналар:
- заңды тұлғаны құру, тіркеу немесе жою фактісін куәландыру;
- Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және
өз қызметін тоқтатқан заңды тұлғаларды есепке алу және олардың құрылу
құжатгарының Республика зандарына сәйкестігін бақылау;
- заңды тұлғалар бойынша мемлекеттік тіркеу жүргізу — қызығушылық
танытушы тұлғаларға келісім-шарт негізінде заңды тұлғалар мен олардың
филиалдары және өкілдіктері туралы ақпараттар беру (қызмет және
коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттардан басқа).

Бизнес-инкубаторлар және технопарктер
"Бизнес-инкубатор" сөзі біздің тұрмысымызға "bisness", "incubator"
деген ағылшынның 2 сөзінен келген. Бізде инкубатор түсінігі дәстүрлі түрде
құс өсіру және жылы жерде балапан өсірумен байланыстырылады. Жаңадан
бастаушы кәсіпорындармен үйлестірсек, бұл сөз жаңадан құрылушы
кәсіпорындардың тәжірибе алатын және одан әрі өсуі мен нарықтағы өз
ұстанымдарын нығайтуға көмек алатын орнын сипаттайды.
Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен соң, әдетте үш жылдан соң фирма
бизнес-инкубатордан шығады және дербес өмір сүре бастайды, Бұл кезде оның
қолында бар айтарлықтай тәжірибесі мен әлеуеті бірінші кезенде өте жиі орын
алатын банкротқа ұшыраудан құтылуға ғана емес, сонымен бірге әрі қарай
дамуына да мүмкіндік береді. Ал оның босаған орнына бизнесті нөлден
бастайтын жақа фирмалар келеді.
Бизнес-инкубатордың әр түрлі мағынасы бар. Біреулер бизнес-инкубаторды
шағын кәсіпорындарға төмен бағада жалға берілетін ғимарат деп есептеуді
ұсынады. Басқалар оны шағын бизнесті дамыту мен кәсіпкерлікті белсендетуді
негізгі мақсат етіп ұстанатын құрал ретінде қарастырады. Біздің ойымызша
бизнес-инкубаторды ғимараттың жай ғана бірлесе пайдаланылуы деп түсіну
теріс болады. Ол кәсіпкерлерге тек алғашқы жылдары кездесетін қиындықтарды
жеңуге ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның әрі карай сәтті жұмыс істеуіне
мүмкіндік беретін менеджмент пен қаржы саласында жақсы тәртіпке келтірілген
қолдау көрсетеді.
"Бизнес-инкубатор" сөзі кәсіпорын құрудың икемді әдістер жүйесі деген
мағынаны білдіреді. Бизнес-инкубаторлар тек АҚШ-та ғана емес, сондай-ақ
Франция, Гремания, Швеция, Англия, Япония, Қытай сияқты елдерде де кеңінен
тараған. Әр түрлі елдерде бизнес – инкубаторлар инновациялық орталық,
кәсіпкерлік орталық, технология және бизнес орталығы деп әр түрлі аталады.
АҚШ-тағы бизнес – инкубаторлар саны соңғы жылдары теңдесі жоқ қарқынмен
көбейді: 1980 жылы 10-нан 1994 жылы 500-ге дейін, әр аптада бір бизнес-
инкубаторы пайда болады. Ұлттық бизнес – инкубаторлар Ассоциациясының
мәліметтері бойынша бизнес – инкубаторлардың арқасында 82000-ға жуық жұмыс
орындары құрылған, яғни бір бизнес – инкубаторға орташа 140 дейін жұмыс
орны келеді екен. Бизнес – инкубаторлардың арқасында банкротқа ұшырайтын
кәсіпорындар санын азайту мүмкіндігі пайда болды. АҚШ-тың Адвокаттық
Кеңесінің мәліметтері бойынша алғашқы 4-6 жылда 55%-дан 65%-ға дейін
кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырайды екен. Бұл көрсеткіш барлық әр түрлі
бизнес – инкубаторларда 20%-ға дейін төмендетіледі.
Бизнес – инкубаторлар – кәсіпкерлерді қажетті кеңес берулермен және
қолдау көрсетулермен қамтамасыз ететін бизнеске көмек көрсету бағдарламасы.
Әдетте бизнес – инкубаторлар арнайы жерлерде орналасады және оларға бірнеше
жаңадан бастаушы фирмалар орналастырылады. Олар жай мен құрал-жабдықтарды
тек бірлесе пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге бизнестің әр түрлі
бағыттары бойынша, кеңес беруді қоса алғанда бизнес – инкубатор тарапынан
көрсетілетін барлық қызметтерді тең дәрежеде пайдалану мүмкінідігіне ие
болады. Кейбір қызмет көрсетулердің құны жалға беру құнына қосылған,
көрсетілетін қызметтің басқа түрлерінің бағасы айтарлықтай төмен. Бизнес –
инкубаторлар келесі қызмет түрлерін көрсетеді: қаржылай көмек көрсету
бойынша кеңестер беру; менеджментте көмек көрсету; жалпы сипаттағы көмек
көрсетулер; кәсіби сипаттағы көмек көрсетулер; жеңілдетілген бағада жай
және құрал-жабдықпен қамтамасыз ету.(1 кесте).
Бизнес-инкубатордың негізгі ресурстарына мыналар жатады:
- бизнес – инкубатор қызметкерлері, оның ішінде кеңес берумен қамтамысз
ететін қызметкерлер;
- құрал-жабдықтар, оның ішінде оргтехника (көшіруші машиналар,
факсималды аппараттар, компьютер және т.б.);
- бір ай мерзімге жалға берілетін жайлар мен жиһаздар. Қажет болған
жағдайда жалға беру шарты ұзартылады.
Бизнес – инкубаторлардың тиімді жұмыс істеуі келесі адамдар тобының
қызметіне тәуелді: демеушілер, кеңес берушілер, басқару аппараты, басындағы
басшы, бизнес-инкубатор қызметкерлері және бизнес – инкубатордың тұтынушы-
кәсіпорындары.
Демеушілер – бұл дербес бизнес ретінде бизнес – инкубаторларын қолдауда
қаржы ресурстарын салатын жеке адамдар мен ұйымдар. Демеушілік көмек кейде
бизнес – инкубаторына салынған барлық салымдардың 13 дейін құрайды. Кейбір
ұйымдар немесе университеттер қаржы салмастан бизнес – инкубаторын дамытуға
ресурстар тарту мақсатында басқаларға әсер ете алады. Ондай жағдайларда бұл
ұйымдар да демеушіге жатады.
Кеңес берушілер – оларға әр түрлі бағыттардағы сараптаушылар жатады,
соның ішінде тегін және төмен бағада кеңес берулермен қамтамасыз ететін
ғалымдар, заңгерлер, банкирлер, технологтар және т.б.

1 – кесте.
Бизнес – инкубаторлар көрсететін қызметтердің түрлері

№ Көрсетілетін қызметтердің сипаты Көрсетілетін қызмет түрлері
1 Қаржылық көмек көрсету бойынша • Мемлекеттік гранттар мен несиелер
кеңестер беру • Коммерциялық несиелер алуға көмек
көрсету
• Мемлекеттік сатып алу жүйесі
• Мемлекетпен келісім-шартқа отыруға

көмек көрсету
• Тәуекелді басқару және сақтандыру
• Кәсіпорыңдарға салық салу
• Өнім мен қызметтердің экспортын
дамытуға көмек көрсету
2 Менеджмент саласында көмек көрсету • Бизнес-жоспарларын дайындау.
• Еңбек заңдары бойынша кеңестер
беру
№ Көрсетілетін қызметтердің сипаты Көрсетілетін қызмет түрлері
• Жарнама қызметі
мен маркетингі
саласында көмек көрсету
• Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан
реттеу
• Кәсіпорынның орналасатын орнын
таңдауға көмек көрсету
• Ғылыми–зерттеу жұмыстарын
жүргізуге көмек көрсету
3 Жалпы сипаттағы қызмет көрсетулер • Аудио және видео құрал жабдықтары
• Пошталық қызмет көрсетулер
• Көшірмелер даярлау бойынша қызмет
көрсетулер
• Хатшылық қызмет көрсетулер
• Кеңселік қызмет керсетулер
• Материалды–техникалармен
жабдықтауға көмек көрсету
• Факс, телекс
4 Кәсіби сипаттағы қызмет көрсетулер • Заң кеңестері
• Кәсіпорынды тіркеуге қызмет көрсету
• Патент алуға көмек көрсету
• Бухгалтерлік есеп жүйесін дайындауға
көмек көрсету
• Ақпараттық – есептеу қызметтері
• Инвестициялық қорлармен жұмыс
істеуге көмек көрсету
5 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Кәсіпкерліктің қажеттілігі және экономикалық мәні
Мемлекеттік биліктің институттары туралы
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Шағын кәсіпкерлікті басқару жүйесі
Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
Кәсіпкерліктің теориялық негіздері
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты
Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
Шағын бизнесті қалыптастыру
Пәндер