Сәкен Сейфуллин (1894-1938) туралы ақпарат
1 Өмір жолы
2 Шығармашылығы
3 Сәкен поэзиясының кейбір ерекшеліктері туралы

XX ғасырда қазақтың ұлттық әдебиетінің жаңа жолмен дамуына үлкен үлес қосқан қаламгердің бірі — Сәкен Сейфуллин. Ол әлеуметтік төңкерістер тұсындағы жолайрықта большевиктер партиясы сапына қосылды да, әдебиеттің бетін соған бұруға себепші болды. Ақын халықтың азаттығы мен тәуелсіздігі мәселесін жаңа өкімет саясатымен байланыстыра қарады. "Езілгендер мен қаналғандарды қатарға қосамыз, коғамның қожасы етеміз" деген идеяға сеніп, қызмет етті. Сондықтан ол өзінің қоғамдық қызметімен де, шығармашылық еңбегімен де Қазақстандағы социалистік құрылыс ісіне берілгендік танытты және оны батыл жырлаушы болды. Сөйтіп, кеңестік әдебиеттің негізін салушы ретінде тарихқа кірді.
Өмір мен күрес мектебі. Сәкен (Садуақас) Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысына қарасты Ақмола уезіндегі Нілді болысының І-ші ауылында (қазіргі Қарағанды облысының Жаңарқа ауданы) туған. Сәкеннің әкесі Сейфолла орта шаруалы, өз еңбегімен күн көрген адам болған. Сәкен өзі: "Әкем саятшы, аң аулағыш, домбырашы, ақ жарқын адам, шешем әңгімеші еді",— дейді. Сәкен жасынан ел ішінде ақын-жыршылардың, әншілердің өлең-жырларын қызыға тыңдап, соған құмартып өскен.
Сәкен әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1905 жылы ол Нілді мыс қорыту зауытына келіп, кісі қолында жұмыс істеп жүріп орысша үйренеді. Келесі жылы (1906) осындағы орыс-казақ мектебіне түсіп, екі жылдай оқиды. 1905 жылы желтоқсанда болған Нілді мыс қорыту зауытындағы жұмысшылардың патша өкіметіне қарсы ереуілін көреді. Жұмысшылар ереуіл кезінде жалақыны арттыруды, еңбек пен жұмыс жағдайларын жақсартуды талап етеді. Жұмысшылар ереуілі болашақ жазушының ой дүниесінде із калдырады.
1908 жылы С.Сейфуллин Ақмола (казіргі Астана) қаласына барып, Приходская школаға түсіп оқиды. Онда екі жыл оқып, кейін үш сыныптық училищеге түседі. Мұны ол 1913 жылы бітіреді. Бұл жылдары Сәкен орысша білімін жетілдіре түсіп, орыс әдебиеті кітаптарымен танысады. Алыс аудандардан келіп оқып жаткан қазақ балаларына біраз уақыт орыс тілінен сабақ та береді.
1913—1916 жылдары С.Сейфуллин Омбы қаласындағы оқытушылар семинариясында оқиды. Бұл кезде болашақ ақынның саяси-қоғамдық көзқарасы қалыптаса бастайды. Ол қараңғы халық ішіне мәдениет тарату мақсатын көздейтін студенттердің "Бірлік" атты үйірмесінің жұмысына белсене қатысады. Үйірме мүшелері саясат мәселелеріне де араласып отырған. Осы үйірменің көмегімен 1914 жылы Қазан каласында Сәкеннің "Өткен күндер" атты алғашқы өлеңдер жинағы басылады.

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН (1894-1938)
Оның шыншылдығы — қызып, жанып отыратын, бұл білініп тұратын, барынша шын
сезім, шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан бұның жолы—әр адымын санап басқан
кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар — өмір жолы, ыстық канды нағыз ақын
жолы.
Мұхтар Әуезов
XX ғасырда қазақтың ұлттық әдебиетінің жаңа жолмен дамуына үлкен үлес
қосқан қаламгердің бірі — Сәкен Сейфуллин. Ол әлеуметтік төңкерістер
тұсындағы жолайрықта большевиктер партиясы сапына қосылды да, әдебиеттің
бетін соған бұруға себепші болды. Ақын халықтың азаттығы мен тәуелсіздігі
мәселесін жаңа өкімет саясатымен байланыстыра қарады. "Езілгендер мен
қаналғандарды қатарға қосамыз, коғамның қожасы етеміз" деген идеяға сеніп,
қызмет етті. Сондықтан ол өзінің қоғамдық қызметімен де, шығармашылық
еңбегімен де Қазақстандағы социалистік құрылыс ісіне берілгендік танытты
және оны батыл жырлаушы болды. Сөйтіп, кеңестік әдебиеттің негізін салушы
ретінде тарихқа кірді.
Өмір мен күрес мектебі. Сәкен (Садуақас) Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы
Ақмола облысына қарасты Ақмола уезіндегі Нілді болысының І-ші ауылында
(қазіргі Қарағанды облысының Жаңарқа ауданы) туған. Сәкеннің әкесі Сейфолла
орта шаруалы, өз еңбегімен күн көрген адам болған. Сәкен өзі: "Әкем саятшы,
аң аулағыш, домбырашы, ақ жарқын адам, шешем әңгімеші еді",— дейді. Сәкен
жасынан ел ішінде ақын-жыршылардың, әншілердің өлең-жырларын қызыға тыңдап,
соған құмартып өскен.
Сәкен әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1905 жылы ол Нілді мыс
қорыту зауытына келіп, кісі қолында жұмыс істеп жүріп орысша үйренеді.
Келесі жылы (1906) осындағы орыс-казақ мектебіне түсіп, екі жылдай оқиды.
1905 жылы желтоқсанда болған Нілді мыс қорыту зауытындағы жұмысшылардың
патша өкіметіне қарсы ереуілін көреді. Жұмысшылар ереуіл кезінде жалақыны
арттыруды, еңбек пен жұмыс жағдайларын жақсартуды талап етеді. Жұмысшылар
ереуілі болашақ жазушының ой дүниесінде із калдырады.
1908 жылы С.Сейфуллин Ақмола (казіргі Астана) қаласына барып, Приходская
школаға түсіп оқиды. Онда екі жыл оқып, кейін үш сыныптық училищеге түседі.
Мұны ол 1913 жылы бітіреді. Бұл жылдары Сәкен орысша білімін жетілдіре
түсіп, орыс әдебиеті кітаптарымен танысады. Алыс аудандардан келіп оқып
жаткан қазақ балаларына біраз уақыт орыс тілінен сабақ та береді.
1913—1916 жылдары С.Сейфуллин Омбы қаласындағы оқытушылар семинариясында
оқиды. Бұл кезде болашақ ақынның саяси-қоғамдық көзқарасы қалыптаса
бастайды. Ол қараңғы халық ішіне мәдениет тарату мақсатын көздейтін
студенттердің "Бірлік" атты үйірмесінің жұмысына белсене қатысады. Үйірме
мүшелері саясат мәселелеріне де араласып отырған. Осы үйірменің көмегімен
1914 жылы Қазан каласында Сәкеннің "Өткен күндер" атты алғашқы өлеңдер
жинағы басылады.
1916 жылы жазда Сәкен Ақмола маңында халықтың патша өкіметіне қарсы ұлт-
азаттық көтерілісін карсы алады. Көтерілісті қуаттап өлең жазады. Сол жылы
күзден 1917 жылдың ақпанына дейін ол Ақмола уезіндегі Сілеті-Бұғылы деген
жерде ауылдық мектепте мұғалім болып қызмет істейді.
Сәкеннің қоғамдық, шығармашылық қызметінің жаңа дәуірі 1917 жылдан
басталады. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін, ол Ақмола қаласына келіп,
қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ақмолада ұйымдасқан Совдептің
(депутаттар кеңесі) оқу-ағарту комиссары және президиумының мүшесі болып
сайланады. "Тіршілік" атты алғашқы уездік газет ұйымдастыруға және шығаруға
қатысады. Осы дәуірде Ақмола уезінде жүргізілген жаңашыл шараларды іске
асыруға С.Сейфуллин белсенді араласқан.
1918 жылы маусым айындағы ақ қазақтар мен контр-революцияшыл
чехословактардың көтерілісі кезінде Ақмолада Кеңес өкіметі құлап, Сәкен бір
топ жолдастарымен революция дұшпандарының қолына түседі. Ол Ақмола,
Петропавл түрмелерінде, атаман Анненковтың "Азап вагонында", Колчактың Омбы
лагерінде ауыр азаптар шегеді. Оған "қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне
қатерлі адам" деген айып тағылады. Осы азаптан Сәкен 1919 жылы жазғытұрым
қашып шығып, "Дүйсенбі" деген жалған ат жазылған құжатпен жаяу Павлодар,
Баянауыл арқылы туған еліне жетеді. Одан кейін Әулиеата (қазіргі Тараз)
қаласына келіп, Совдептің көмегімен Сарысу, Шу өзенінің бойындағы елдерде
советтендіру (кеңестендіру) жұмысын жүргізеді. Бұдан кейінгі дәуірде ол
елді Колчак үстемдігіне қарсы көтеріліске ұйымдастырып, Ақмола уезінде
Кеңес өкіметін орнатуға қатысады. 1920 жылы көктемнен бастап, Ақмола уездік
атқару комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет істейді.
1920 жылдың қазан айында Қазақ Автономиялық Республикасы құрылған съезде
Сәкен Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің Төралқа мүшесі болып сайланады.
1922 жылы Қазакстан халық-ағарту комиссарының орынбасары, "Еңбекші қазақ"
(қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің редакторы болып істейді. 1922 жылдың
қазан айында Кеңестердің қазақстандық III съезінде Қазақстан Халық
Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып тағайындалады. 1923 жылы қаңтарда
Кеңестердің X съезінде Бүкілодақтық Атқару Комитетінің мүшелігіне
сайланады.
1925-1937 жылдары С.Сейфуллин Қазақстандағы әр түрлі мәдени-ағарту
орындарында-Жазушылар одағында, "Әдебиет майданы" (қазіргі "Жұлдыз")
журналының редакцияларында басшы қызметтерде болады. 1930-1937 жылдары
Қазақтың Абай атындағы педагогикалык институтында қазақ әдебиеті тарихынан
дәріс оқиды.
Үлкен қоғамдық-саяси жұмыс пен әдеби шығармашылығын қатар жүргізе отырып,
С.Сейфуллин жиырмасыншы жылдардың өзінде көрнекті ақын болып қалыптасты.
1922 жылы оның "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы, "Бақыт жолына", "Қызыл
сұңқарлар" атты пьесалары жеке кітап болып басылды. Кейін ақынның "Домбыра"
(1924), "Экспресс" (1926), "Тұрмыс толқынында" (1928), "Көкшетау" (1929),
"Альбатрос" (1933), "Қызыл ат" (1934), "Социалистан" (1935) атты өлең-
поэмалары жарық көреді.
Проза жанрында Сәкен Сейфуллин "Тар жол, тайғақ кешу" (1927) романын,
"Жер қазғандар" (1928), "Айша" (1922 жылы жазылып, 1935 жылы өңделіп
басылған), "Жемістер" (1935) атты повестер мен көптеген әңгімелер
жариялайды.
С.Сейфуллин қазақ әдебиеті нұсқаларын жинаушы және зерттеуші есебінде де
елеулі қызмет атқарады. Орта және жоғары мектепке арнап әдебиеттен
оқулықтар жазуға қатысты.
1936 жылы Қазақстан жұртшылығы Сәкен Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20
жылдығын атап өтті. Жазушы көркем әдебиетті дамытуда сіңірген еңбектері
үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Коммунистік партия мен Кеңес өкіметіне сеніп, оның жолын әділдік, теңдік
жолы деп ұққан Сәкен ұлт саясатын бұрмалау, халық мүддесінен бұра тарту
фактілерін көрген кезде, әрқашан қарсы шығып, өз пікірін білдіріп отырған.
20-жылдар ішінде ол бұрын "қырғыз" аталып келген ұлттың "қазақ" аталынуы,
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы мен іс-қағаздарының қазақ тілінде
жүруі үшін күрескен. Большевиктердің патшашыл отаршылдықты жалғастыруына
наразылық білдірген. Қазақстанды 1925—1933 жылдары басқарған Голощекин
саясатына ашық қарсы шыққан. Шындықты бұрмалаушылық жайларды ол кейбір
көркем шығармаларында ("Совет баласы", "Отарбаның жұмсақ вагонында", "Қызыл
ат", "Біздің тұрмыс", т.б.) да суреттеп жазған. Сондықтан мемлекеттік
басқарушы аппарат С.Сейфуллинді ұната қоймады. Оны әрдайым сынап, партиялық
тазалаудан өткізіп отырған. Ақын 1937 жылы "халық жауы" есебінде
тұтқындалды. Ол 1938 жылы 25 ақпаңда түрмеде, өзі орнатысқан өкіметтің
қолынан атылды.
Алғашқы шығармалары. "Өткен күндер". Сәкен Сейфуллин өлеңді 1910
жылдардан жаза бастаған. Оның алғашқы өлеңдер жинағы 1914 жылы "Өткен
күндер" деген атпен басылған. "Өткен күндерден" кейін де Сәкен көптеген
шығармалар жазған. Бірақ сол кездегі саяси жағдайдың ауырлығынан ақынның
өлеңдері жиналып кітап болып басылмаған. Сәкеннің бірқатар өлеңдері мен
мақалалары "Айқап" журналында, "Тіршілік" газетінде, т.б. баспасөз
беттерінде жарияланған. Олардьщ бірқатарьш ақын 1922 жылы шыққан "Асау
тұлпар" деген жинағына кіргізген.
Сәкеннің алғашқы шығармалары, негізінен, сол дәуірде өмір сүрген демократ
ақын-жазушылар ой-пікірімен үндес келеді. Ақын надандық пен ескі феодалдық
әдет-ғұрып заңдары езіп, тоздырған караңғы қазақ қауымының күн көрісін
суреттейді. Халықтың тағдыры туралы ойланады. "Түс" деген өлеңінде ескі
өмірді қорғансыз бақша күйінде, қазақ халқын сол бақшадағы кураған ағаштар
түрінде бейнелейді. Елді болашаққа сүйрер күшті жастар бойынан танып,
оларды сол бакшадағы көк шыбыққа теңейді.
Көк шыбықтар көбейсе, тал боп жетіп,
Көркейер соңда бақша қайғы кетіп, —
дейді.
Қазақ халқының қараңғылықта қамалып отырғанының бір себебін XX ғасыр бас
кезіндегі демократ ақын-жазушылардың көбі оларды ілгері бастар басшысының
жоқтығынан көрді. Сәкен де өзінің "Кім басшы аға халыққа?" деген өлеңінде
осы тақырыпқа үн қосады. Ақын жөн білмей адасып, надандыққа қалып отырған
халыққа басшы болар адал, ардагер ұлдарды аңсайды.
Сәкен жинағындағы өлеңдердің мазмұны ақынның ол кезде ағартушылық бағыт
ұстанғанын байқатады. Ол "Қазақ сабағы", "Надан бай", "Оқымаған қазақ",
"Інішегіме" атты өлеңдерде халықты өнер-білім үйренуге, мәдениетті болуға
шақырады.
Жас ұрпақтың өкілі — інішегіне, ауылдың надан байларына тікелей үн қатып,
оқу, өнердің пайдасы туралы айтады.
Ойыңды қой, інішегім, алға бас.
Жарқыраған ақ нұрменен көңілді аш.
Балалыққа жас миыңды алдатпа,
Ғылым үйрен, нұрға толсын, кеудең жас, —
дейді інішегіне. Ақын қазіргі қазақтың халін қараңғы үйде отырған адамға
теңейді. Оларды басқа жұрттар сияқты жарыққа шығып, қараңғы үйге шырақ
жағуға үндейді. Надан байдың малына өнерді қарсы қояды.
Бірқатар өлеңдерде жастай білім қуып елден алыс жүрген жас адамның елге,
туған жерге деген сағынышы, ауыл тұрмыс-тіршілігінің суреттері беріледі.
("Туған ел", "Нұра", "Жайлауға көшу", т.б.).
Сәкен Абайдың ақындық өнерінен үйренген, соны үлгі тұтқан. "Ақын" деген
өлеңінде ол Абайды "Сөздің нақышын киыннан қиыстырған" ұлы ақын деп
бағалайды. Абайдың ақындық стилі Сәкеннің жастық-махаббат жырларына да
әсерін тигізген.
Әлеуметтік көзқарасының айқындылығымен, халықтық ой-пікірді көтере
білуімен, өлең өрнегі саласындағы ізденістерімен "Өткен күндер" Сәкеннің
болашағын айқындайды.
Сәкеннің бүдан кейін (1915—1916 жылдары) жазған өлеңдері де оның іздену,
өсу жолы халық өмірімен тығыз байланыста өткенін дәлелдейді. Халық мұңын
айту мен азаттықты аңсау тақырыбы бұл кезде ақын шығармаларынан мол орын
алады. "Көңіл" деген өлеңде ол төңкеріс алдындағы халық көңіліндегі толқуды
аңғартады. Лирикалық кейіпкерде іздену, жан-жақты шарқ ұрып, талпыну бар.
Сәкен алғашкы өлеңдерімен-ақ өзі өмір сүрген дәуірдің талаптарына жауап
беруге тырысты. Сонымен бірге ақын ағартушылықтың тар шеңберінде қалып
қоймай, күрес дәуірінің от-жалының кеше, жаңа әдебиетке өтті. Халықтың
азаттық жолындағы күресі мен ерлік жорығын шығармаларына арқау ете білді.
"Әділдік, теңдік іздеген". "Асау тұлпар" жинағына (1922) жазған
"Арнауында" Сәкен өз туындыларын қоғамның жас күштеріне бағыштап:
Дүниенің құлдық шыңжырын қиратып,
Әділдік, теңдік іздеген,
Тұрмыстың таршылык зынданын бұзып,
Еркіндік, кеңдік іздеген, жастар!
Сендерге арналды бұл әндер!
Шақырыңдар арттағы үйықтаған, именшек,
Бакқыт жолын білмейтін бауырларыңды!
Шақырыңдар арттағы құлдықта жүрген
бауырларыңды!
Қосыңдар дауыстарыңды!
Күшті дауыстар мен қызу ән
Жаңғыртсын дүниені!
Жаңғыртыңдар, жаңғыртыңдар
Ескі дүниені,
Қайратты, ер жастар! —
деп жазған еді.
Осы өлеңде ақынның сол тұста ұстаған жолы, шығармаларының идеялық-
эстетикалық мұраты айқын көрінеді. Оның күрескер жырлары "Өділдік, теңдік
іздеуге" арналды. Ол халық азаттығы жолындағы күреске ақьш болып қана емес,
солдат болып та қатысты.
1917 жылы жазған Сәкеннің "Асығып тез аттандық", "Кел, жігіттер" атты
өлеңдері Кеңес дәуіріндегі азаматтык, саяси лириканың басы болып табылады.
Бүл өлеңдерде ақын патша өкіметінің құлағанына қуана отырып, еңбекші
халықты бостандық таңының атуымен кұттықтады, өзі оны карсы алуға аттанды.
Күнге жайып құшақты,
Шақырып бері шаттандық.
Қуантуға ел-жұртты,
Асығып тез аттандық.
"Тұлпарым", "Қамаудан", "Сағындым", "Қамыққан көңілге", т.б. Өлеңдерінде
Сәкен күрес шындығының сұсты келбетін аша отырып, сол жолда шынықкан
күрескер тұлғасын бейнеледі. Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері бостандық
жолына жанын қиған, жау қолыңда да жасымаған жан.
Темір торлы тас үйде,
Көкірегім толды шерменен.
Қанатты, тағы тұлпарым,
Арқырап келші кермеден ...
Құтқарып мені қамаудан,
Шынжырлап ерік бермеген.
Мініп ап "шу" деп кетейік,
Жарысып соққан желменнен. ...
Өңкей сорлы езілген,
Көрісейін елменен, —
дейді ол.
Ақынның "Жас қазақ марсельезасы", "Жолдастар" өлеңдері төңкеріс жылдары
халық арасына кең тараған. Сәкен оларда патшаның әділетсіз болғанын,
үлықтардың парақорлығын, байлардың мейірімсіздігін өшкерелеп, кедейлерді
кол үстасып, теңдік үранын көтеруге шақырады.
Азамат, жүнжіме, жүрме бос.
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Ту ұстап дұпшанға барайық,
Тендіктің ұранын салайық.
Тізесін батырған залымнан
Күн туды — біз теңдік алайық!
Күрес дәуірінің рухын сездіру, жаңашыл күштің басымдығын аңғарту, күреске
үндеу ұраны бұл өлеңдерді дүние жүзін төңкеріс ән-ұрандарымен
("Марсельеза", "Интернационал") туыстырады.
Жаңа заман жырлары. Қоғамдық дамудың өзгешеліктерін бейнелеу, оны бұрынғы
өмірдің мешеу көріністеріне қарсы қою — Сәкен Сейфуллин поэзиясының ең бір
өзекті такырыбы. Төңкеріс тудырған қоғамдық өмірдегі қарқынды өзгерістер
ақын шығармаларына негіз болған. 1922 жылы басылып шыққан өлеңдерінің
жинағына Сәкен "Асау тұлпар" деген атты тегін таңдамаған. Асау тұлпар —
мешеулік пен меңіреу тыныштық басқан қазақ даласын ұйқыдан оятқан, оған
жаңа дүниенің дүбірін жеткізген өзгеріс үні.
Сол тұстағы Сәкен жырларының барлығында да астына асау тұлпар мініп
жорыққа аттанған, кең даланы дүбірлетіп ән шырқаған күрескер адам бар.
Тұлпар үні ескі өмірдің тыныштығын бұзып, жаңа дәуірдің ұранын таратады.
Асау тұлпарды жаңа өмірдің айбынды асаулығын, ерлігін танытарлық образ
есебінде пайдалана отырьш, ақын оған жаңаша сипат береді. "Қызыл шашақ оқа
ұстап, айдарына қызыл шоқ" тағады. Бұл арқылы ақын қазақтың халықтық
әдебиетіндегі дәстүрлі тұлпар образына жаңа заман өзгерістерін танытар тың
мазмұн береді.
Жиырмасыншы жылдар ішінде іске асқан қоғамдық өмірдегі өзгерістер, жаңа
заман дамуының қарқындылығы, тарихи оқиғалардың жедел ауысып отыруы Сәкен
поэзиясында жаңа заман бейнесін берерлік екінші образ — жүйрік поезд-
экспресті тудырды. Ақын "Біздің тұрмыс-экспресс" деп жырлады.
Қоғамдық құрылыстың даму қарқынына көз жібере отырып, Сәкен қанша ұшқыр
болғанмен, тұлпардың бүгінгі заман бейнесін таныта алмайтынын түсінді.
Сондықтан да ол:
Бұрын атым тұлпар еді — бәйге көк,
Енді, міне, поезд болды, тұлпар жоқ.
Ұзақ жолға
Тұлпар қол ма?
Мейлі жорға,
Тұлпар міну — Сарыарқада жүрсең тек.
...Ісі ерен
Ұқсас көрем
Отарбаны біздің осы тұрмысқа! —
деп жазды. Жаңа елді болашаққа қарай тоқтамай зырлап бара жатқан экспресс
образында бейнелеу ақынның "Советстан" поэмасында кең орын алды. Сәкен
халық жаңа қоғам орната алады деп сенді. Өйткені, оның бойында күш мол.
Кімде-кімнің тасқын судай қайраты,
Күркіреген бұлтты аспандай айдары.
Екпін күші асау, тағы тұлпардай,
Серпіндісі тас түлекті сұңқардай.
"Осындай күш қана заманға лайық" деп түсінді ол. Соңдықтан да:
Қиырсыздың қырына жетейік,
Өлшеуі жоқ көк мұхиттан өтейік.
Аспандағы алыс қызыл жұлдызды
Жерге әкеліп, жердің көркі етейік.
Асуы жоқ асулардан асайық,
Ашылмаған тас қақпаны ашайық.
Болмағанды болдырайық дүниеге,
Жаңа тұрмыс жаңа жерге жасайық.
Жаңа заманды қиялдаған, өмірді романтика көзімен көріп бейнелеген Сәкен
жаңа күштің бәрінен өмірді өзгертушілік сипат табады. "Қара айғыр",
"Аспанда" өлеңдерінде "дауылмен ойнап", "бұлттан асып, қызыл күйге" қол
созады. Осы биіктіктен өлемге ерлік пен енбек ұранын таратады. "Бұлшық ет"
өлеңі еңбекте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz